Тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар. Сабақтың мақсаты



Дата27.08.2017
өлшемі58,91 Kb.
#29817
түріСабақ
Тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар.

Сабақтың мақсаты: сыбайлас және вертикаль бұрыштар ұғымы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту, олардың қасиеттерін түсіндіру және оларды есептер шығаруда қолдануды үйрету, меңгерту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамасын, қасиеттерін білу және олардың градустық өлшемдерін табу білімдерін, сызбаларын салу және ажырату бейімділіктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: жүйелі ойлау, салыстыру және ақпараттардан негізгіні даралау немесе жалпылау қабілеттерін дамыту, сызбаларды салуға дағдыландыру. Пәнге қызығушылықтарын туғызу, арттыру.

Тәрбиелілік: тыңдай білу және өз ойын жеткізе білуге, жеке және жұппен жұмыс істей білуге, ұқыптылық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ – жауап, жұппен жұмыс, өздік жұмыс, тірек сөздер стратегиясы.

Сабақтың көрнекіліктері: сызбалар салынған плакаттар, тірек сөздер және оларға сәйкес суреттер, тест тапсырмалары жазылған парақтар.
Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Білімді жандандыру немесе фронтальды сұрау.

  3. Жаңа тақырыпты беру.

  4. Білімді бекіту. Есептер шығару.

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Қорытындылау. Бағалау.

Сабақ барысы:

Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

- Балалар, алдымызда жатқан дөңгелекті нүкте деп, ал кеспе қағаздарды түзу деп алып, бір нүктеден өтетін түзулердің пішінін жасайық. Енді өздерің жасаған макеттеріңді көтеріп қараңдаршы. Қандай табиғат кереметін еске түсіріп, көзге нені елестеді?

- Дұрыс айтасыңдар! Мен сендерге осы күннен қуат, жылу алып; сабақ барысында жақсы көңіл – күй мен білімдеріңізді күн шуағындай жарқырата көрсетулеріңізді тілеймін.

І. Тақтаға «Бөлме», «Тағамдық дәмдеуіш»және «Геометриялық фигура» деген тірек сөздер ілінеді де, төмендегі сұрақ қойылады:


  • Осы сөздерді байланыстырып тұрған қандай сөз?

Байланыстырушы сөзді тапқан оқушы ортаға салады. Байланыстырушы сөз – бұрыш сөзі.

Бұрыш ұғымына байланысты сұрақтар (білімді жандандыру):

  1. Геометриялық фигура – бұрыштың анықтамасы.

  2. Бұрыштың қандай түрлері бар?

  3. Сүйір бұрыш деп қандай бұрышты айтады?

  4. Қандай бұрышты доғал бұрыш деп айтады?

  5. Қандай бұрышты тік бұрыш деп айтады?

  6. Тік бұрыш деп қандай бұрышты айтады?

  7. Толық бұрыш дегеніміз қандай бұрыш?

  8. Бұрышты өлшем бірлігі.

  9. Бұрышты қандай құралмен өлшейді?

  10. Бұрышты өлшеу қасиеттері (аксиомалар).

  11. Қандай бұрыштарды тең бұрыштар деп айтамыз?

ІІ. Жаңа тақырыпты беру.А

- Балалар, бәріміз дәптерімізге сүйір бұрыш салайық.

Осы сүйір бұрыштың бір қабырғасын

жазыңқы бұрышқа дейін толықтырайық.

Сонда неше бұрыш пайда болды? DО В

Осы пайда болған бұрыштарды сыбайлас

бұрыштар деп атайды.

Қане, балалар салған сызбаға қарап

отырып осы бұрыштардың анықтамасын тұжырымдайық.



Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғалары толықтауыш сәулелер болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады.

О – бас нүкте, ОА – ортақ қабырға.

ОВ, ОD қабырғалары – бір –біріне толықтауыш сәулелер.

Теорема: Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180º- қа тең.

Дәлелдеуі: ІІІ4 аксиомасы негізінде: АОD +DОВ = АОВ.

АОВ – жазыңқы бұрыш, АОВ = 180º.

Ендеше, АОD +DОВ = 180º. Д.к.о.

О нүктесінде қиылысқан а және b түзулері

берілсін.

a∩b =О. а А 1 В

1, 3 және 2, 4 – вертикаль бұрыштар. 4 2

Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыш- вO

тың қабырғаларының созындысы болып С 3D

келетін екі бұрышты – вертикаль бұрыштар

деп атайды.

ОС, ОВ және ОА, ОD сәулелері бір –бірінің созындысы.

Теорема: Вертикаль бұрыштар тең болады.

Дәлелдеуі: a∩b =О. 1, 3 вертикаль бұрыштар.

1 + 2 = АОD;

3 + 2 = ВОС.

АОD = 180º → 1 +2 =180º , 1 = 180º - 2 (1)

ВОС = 180º → 3 +2 =180º; 3 = 180º - 2 (2)

(1), (2) 1=3. Д.к.о.

ІІІ. Бекіту: Плакаттағы сызбамен жұмыс.

ІV. Есептер шығару: №75; №77; №79; №82.

V. Сергіту сәті. Ойын «Көршіңді тап».

Ойын шарты: оқушылар шеңбер жасап тұрады. Оқушыларға бұрыштардың сан мәнімен берілген градустық өлшемі жазылған дөңгелек үлестірмелер таратылады. әр екі дөңгелек үлестірмедегі бұрыштардың өлшемдерінің қосындысы жазыңқы бұрышқа, яғни 180º - қа тең. Оқушылар өздеріндегі дөңгелектегі көрсеткішке байланысты сыбайлас бұрыштың екінші бұрышының өлшемін тез табуы керек. Көршісін тапқан кезде қол шапалақтап білдіруі керек.

VІ. Өздік жұмыс. Тест (2 нұсқалы)



Қорытындылау сұрақтары:

  1. Сыбайлас бұрыштар деп қандай бұрыштарды айтамыз?

  2. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең?

  3. Егер сыбайлас бұрыштардың біреуі сүйір бұрыш болса, онда екінші бұрыш қандай болады?

  4. Егер сыбайлас бұрыштардың біреуі доғал бұрыш болса, онда екінші бұрыш қандай болады?

  5. Егер сыбайлас бұрыштардың біреуі тік бұрыш болса, онда екінші бұрыш қандай болады?

  6. Вертикаль бұрыштар деп қандай бұрыштарды айтамыз?

  7. Вертикаль бұрыштардың қасиеті?

  8. Вертикаль бұрыштардың бір жұбы тік бұрыштар болса, екінші вертикаль бұрыштар жұбының градустық өлшемі неге тең болады?

VІІ. Үйге берілетін тапсырма: §6 – мәтінді оқу (27-28 беттер).
Есептер: №83, №84 (30 бет)
Т е с т к і л т і:

Нұсқа

1.

2.

3.

4.

5.

І

В

С

В

С

Д

ІІ

А

Д

А

В

С



Каталог: uploads -> doc -> 0ced
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ced -> КМҚК «Дәншік» балабақшасы Ойын тәрбие құралы
0ced -> Коучинг сабағының тақырыбы: Оқушыларды Ұбт-ға дайындаудың тиімді жолдары. Жалпы мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет