Тақырыбы: спид – ХХІ ғасыр індеті. Сабақтың мақсаты



Дата20.06.2018
өлшемі23,86 Kb.
#43497
Тақырыбы: СПИД – ХХІ ғасыр індеті.
Сабақтың мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет-журнал деректері, пікірталас, мақал-мәтелдер.
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Түгелдеу.
Кіріспе сөз:


Мұғалім сөзі: Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатына жиналған қауым! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізгелі отырған 8-9 сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «ЖИТС – ғасыр дерті» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр.Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД-ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.

Асыл:
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды.Осының әсерінен клетка жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып,өткен процестерді қайталайдыЛимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады.Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін.Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді.Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді.
СПИД құрбаны (монолог).
Гүлим :

- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі!Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай,арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!


Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)

Бердібек
-Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім.Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ.Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім.ір сөзбен айтқанда,өте ерке болып өстім. әке-шешем бар дегенімді жасады.анда-санда әкем мен тентек болған кезде,айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай,жалғыз балада нең бар?»-деп ара түсетін.
(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)
Алдияр

Әлпештеп алды анам алдымнан шығып,


Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.
Ата-ана перуана боп перзенті үшін,

Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.


Ақтамай-ақ кетіп барам арманың,


«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі,аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борыщым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ,онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Азалы да ащы әуен қайта ойнады.Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп,жерге құлайды.
Назерке

СПИД-наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД-тен сақтану үшін не істеу керек?Мысалы: ішімдікке әуестік,токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп,өмір жасыңды қысқартады.Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ.Байлық та, бақыт та сол емес пе?


Ализа

ВИЧ, қазақша АИТВ-адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД –пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде.Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.


Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД-тен қайтыс болған ата-аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл-қыздарының саны 9 млн-ға жеткен.

Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900-ге жетті.Оның ішінде СПИД-пен ауыратындар саны-25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны-38.Қостанайда -



Айдар

СПИД ауруын тудыратын вирус-ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы,емізгенде жұғады.


Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін.

Бердібек

Бұл тірлікте не тыңдырдың, не көрдің?


Құрбанысың СПИД деген кеселдің.
Ақталмай-ақ кетіп барады арманы
Жалғыз бала деп өсірген әкенің.
Кім кінәлі аялаған анаң ба,
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Гүлім:

Адам!
Адам!


Бөлісіп уайымды –
Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!
Бір-біріңе болыңдар мейірімді,
Бір-біріңе болыңдар қайырымды,
Дерт шалмасын,
Ешқашан өрт шалмасын,
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.
Бір-біріңе болыңдар қайырымды.

Асыл:

СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,


Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!

Коркем:


Ардақтап ата-анаңды сол секілді,
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.
Түседі еске кей кез бала кезім,
Бала кезім... кетуші ем дала кезіп.
Ақ қайынға шайқалған қараушы едім,
Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.
Бердібек

- Иә, ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті.Жетінші сыныпқа жеткенше екі-үш мектепке ауысып үлгердім.Неге дейсіз ғой.Тәртіпсіздігім үшін.Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді ұлы бар екен.Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей,екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды.Оның менен айырмашылығы наша «дегшен» пәленің дәмін ерте татқан екен.Енді мен де шеге бастадым.Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген?



Ақерке

Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!


Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын,
Ғаламат қымбат жемістің.
Инемен таза денеңді,
Тесуге неге келісті?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру аеңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
Бердібек


(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып,сөйлеп кетті.)
- Содан арада екі-үш жыл өтті.Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім.Өзім секілді достарым да көбейді.Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды.Не құдіреті барын,сол инені көрсем аузымнан суым шығып,есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды.Жалғыз анамның жиған-тергені есірткінің айырбасына кетті.Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім.Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім.Дәрігерлер менің СПИД-пен ауыратынымды анықтапты.Төрт-бес жыл білмей жүріппін.
Айдар

Таусылмақ дәм.Бітпек өмір-өзенім.


Менің-дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптен тарқамаған қайғы мен
Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.
«Өлермін» - деп күңірінем,күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман-көлде жүзе алмай,
Қанатымнан жараланған күйде мен.
Бердібек

-Соңғы кезде өмір-тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым.О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой.Бір-ақ өмір! Осы бір-ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді,өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады.Бәрі кеш енді.


О, Жаратқан!
Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы,құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.
(Мұңлы ащы әуен ойналады.)

Көркем

Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,


Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!

Ербол: СПИД – ғасыр обасы. СПИД – Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі, яғни ЖҚТБ. Адам денесінде Т – лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының саны күрт төмендейді. Қазақстнда 4,5 мыңнан астам жүре пайда болған. Иммунитет тапшылығы син дромы , яғни СПИД – ке шалдыққан.



Әлішер : СПИД – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.

Шерхан: ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.



Жанібек : ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 18 мамыр 1998 жылғы жарлығында осы мәселелерге байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да үгіт – насихатты күшейту туралы шараларын міндеттеп берді.

Олай болса

Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

Хор :

Хор : Ализа Жойылсын жалғыз сөз СПИД деген
Жойылсын мәңгілік жойылсын.
Вируспен ауырған адамдарға
Ем – дәрі тезірек табылсын. Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік 2.Есірткі құрысын Мәңгіге
Ішімдік мәңгілік жойылсын
Дені сау қазақтың
Ұл – қызы көбейсін.
Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік 3.Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп.
Қазақтың сымбатты
Ұрпағы көбейсін Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік

ІІ Келесі кезеңіміз. Ситуациялық жағдайды талдау. Ойналуға 2 минут уақыт беріледі. №1

Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД – пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым – қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?



ІІІ кезеңіміз: Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз? Сұрақ –тест тізімі Дұрыс немесе Қате

1

ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті

Қ

2

Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады.

Қ

3

Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті

Д

4

ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес.

Д

5

Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек.

Қ

6

Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады.

Қ

7

Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін мектепте талқылау – дұрыс идея.

Д

8

ЖҚТБ-ны вирус қоздырады.

Д

9

ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды.

Қ

10

ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады.

Қ

11

ЖҚТБ-ға тесттер әдетте сенімді.

Қ

12

ЖҚТБ негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғанда), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде.

Д

13

ЖҚТБ-ның көптеген белгілері басқа аурулардың белгісіне ұқсас.

Д

14

ЖҚТБ-ға байланысты проблемалардың бірі – жұқтыру мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін.

Д

15

Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні – 1 желтоқсан.

Д

Олай болса бүгінгі біздің кешімізге ауылымыздың мед бикесі --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ІY.Келіп отыр екен.Сөз кезегі өзіңізде бізге СПИД туралы тағы не айтар едіңіз

Y.келесі кезеңіміз : Мақалдарды жалғастырайық Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші 1Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде ) 2. Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.) 3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады) 4. Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. ) 5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан ) 6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі)
7.Шылымқор өзін ғана емес, (өзгелерді де улайды) 8)Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)
9)Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста арақ пен шылымды)
10)Ішпеген, шылым тартпаған – (Денсаулығын сақтаған)
11)Жасында темекісін будақтатқан – (Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)
12)Көзге түскен қауыз жаман, (Шылым шеккен ауыз жам
13)Шылымды жерге тастама, (Айналаңды ластама)
14)Түтіні тісіңді сарғайтады, (Уы ерте қартайтады)
15)Темекінің кермегі, (Еріккеннің ермегі)
16)Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
17)Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.) YІ. Қорытындысы сөз Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты. Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар ! – деп жастарды мына отырған бәріңізді салауаттыққа шақырамын
Каталог: uploads -> doc -> 116f
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
116f -> Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктер. Сабақтың мақсаттары
116f -> Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп балабақшасының бастауыш пән бірлестігі
116f -> Сабақтың тақырыбы : Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілісі
116f -> Қадыр Мырза Әли. Етістіктің болымды, болымсыз түрі
116f -> Сабақтың тақырыбы: Абай -дана, Абай дара Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет