Тақырыбы: суфизм (әл-ғазали қожа ахмет ясауи)



Дата08.05.2020
өлшемі22,18 Kb.
#66733
Байланысты:
.130-18 тобы Закиржанұлы Шахрух эссе бөт
акушерство-300 каз, 65291

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университеті

«БӨЖ»

Тақырыбы: суфизм (әл-ғазали қожа ахмет ясауи)

Тобы: 130-18

Орындаған: Закиржанұлы Шахрух

Шымкннт 2020 ж.ж

Суфизм (сопылық) — исламдағы "құпия" ағым, классикалық араб-мұсылмандық пәлсапасының негізгі жолдарының бірі. Бұл жол рухты бөгде кері әсерлерден (нәпсі) алшақ болуды және өзіне жақсы жақтарды тарта білуді үйретеді. Ғазали Сопылыққа философия мен қаламдық ойлау әдістерін енгізді. Үш түрлі сопылық филос. ағым пайда болды. Олар: Уахдат ул-Вужуд (болмыстың бірлігі), Уахдат уш-Шухуд (әр нәрседе тек Алланың болмысын көру) және Уахдат ул-Қусуд (Алланың ерік пен мақсат бірлігі). Уахдат ул Вужуд түсінігін жүйелі ағымдық мәнге айналдырған Мухи-уд Дин Ибн ул-Араби деп танылады. Ибн-ул Арабидің түсінігінде болмыс бір ғана ақиқаттан тұрады. Түрлену, көбею құбылыстары сыртқы сезімдердің қабылдауына қатысты көрініс беретін нәрсе. Алла ғана абсолюттік ақиқат. Оның болмысының, барлығының себебі жоқ. Алла әуелден бар, ал одан басқа “еш нәрсе” жоқ болатын. Алла бізді осы формаларда жарататынын “әуелден” білетін. Оның бұл әлемдерді жаратудағы мақсаты да Өзінің “есімдерін, істерін, сипаттарын” көрсету, яғни Өзін таныту еді. Жаратылғандар да Оны осы есім, сипат, істер арқылы тану (Мағрифатуллаї) үшін жаратылғанланды. Міне, осындай түсінікке қарсы ислам әлемінде 16 ғасырда ислам философиясы тарихында “уахдат уш-шухуд” деп аталатын Имам Раббани (1563 – 1624) тарапынан қалыптасқан сопылық философия пайда болды. Алланың “жақындығы” субстанция тұрғыдан емес, ілімі арқылы ғана мүмкін болады. Алланың ешқандай сандық (камииат) және сапалық (кайфийат) сипаты жоқ, ал әлем болса толығымен сан және сападан тұрады. Барлық жаратылған әлем Жаратушының есім және сипаттарының көріну, шағылысу құралдары. Сондықтан уажд (экстаз) және сакр (мағынауи елту) халдері кезіндегі жаратылғандар мен Алланың “Бір болып көрінуін уахдат-ул вужуд емес, уахдат уш-шухуд деген дұрыс”. Өйткені бұл хал ілімі тұрақты емес, өткінші. Ислам сопылық философия тарихында ерекше маңызы бар Уахдат ул-қусуд, яғни ерік пен мақсат бірлігіне негізделген моральдық-этикалық түсінік кең тараған. Адамның өз еркін тек Құран мен аяндағы құдайлық бұйрықтармен ғана үйлестіру емес, сонымен қатар адамның еркін Алланың еркімен үйлестіру арқылы оны кемелдендіруге бағытталған философия. Діни терминологияда шариғат – дін, тариқат – хақ пен ақиқатқа жету жолындағы діндегі арнаулы жол, түсінік деген сөз. Суфидің тәжірибесі ол жеке хәл, оның басқаларға түсіндірілуі, жеткізілуі мүмкін емес. Бұл хәл-трансцендентті табиғатта болғандықтан, сөзбен айшықтау, бұл хәлді басынан өткізбеген адамға түсіндіру тағы мүмкін емес. Суфилердің “лам йазуқ уа лам йагриф”, яғни “татпаған білмейді” сөзі осы хәлді анықтау үшін айтылған. Сондықтан суфилер хәлдерін түсіндіру үшін символдарға, антропоморфты ұғымдарға, метафораға, теңеу сияқты символдық-образды терминдер қолданады. Суфидің өзін физиол. әрі психол. бақылау процестері – аз ұйқы, аз ас ішу, ораза тұту сияқты риязат-жаттығулар, адамдармен белгілі уақыт аралығында байланысын үзу, (қылует немесе узлатке түсу) бүкіл сезім мүшелерін сыртқы байланыстардан үзіп, ішкі әлеміндегі құбылыстардан, қиялдардан арылту арқылы бүкіл қиялдау-ойлау қабілетін бақылауға алып, назарын тек “Тәңірдің үйі – қалбке” аудару. Сопылықтағы зікір осы муракабаның өзіне сыни көзбен қараудың жүзеге асуына көмекші құрал. Сол арқылы дүниелік құмарлықтардан алыстап, илаїи ақиқаттарды тікелей қабылдауға дайын бір айна немесе таза рух хәліне келеді. “Мен – сен” хәлінен жеткен суфи, өзін “Ана-ал-Хақ” деп есептеу арқылы бүкіл болмыстарды “Бір” деп таниды. Өзін де сол бүтіннің сынығы ретінде көреді. Соңында суфи рухани тыныштық, кемелдік ішінде ғаламмен үйлесімділікті сезінеді, Тәңірдің жаратқан құлы екендігінің сырына, мәніне жетеді. Бұл – адамның рухани кемелдік хәлі. Қорыта айтқанда сопылық – ислам дінінің ішкі мәні, мазмұны, оның негізгі мақсаты – адамдық ар, рухани кемелдік.

Тасаууф ілімі

Тасаууф ілімінде жүрек – иманның тұрағы, ұлы Жаратушыға деген сүйіспеншіліктің мекені болып табылады. Өйткені адамның өзегі, дәні, дененің патшасы болып табылатын жүрек немесе көкірек көзі иманмен оянып, мағрифатпен қанағаттанып, махаббатпен шабыттанып шекара танымай, заттың ішкі мәніне бойлай алады, тылсымды түсініп, ғайыпқа құлаш ұрады. Фахреддин Рази, имам Ғазали сияқты ғұлама ғалымдар мен Бейбарыс, Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулат сияқты мемлекет басшылары зуїд, яғни сопылық жолында болған. Ал Мухасиби, Келебази, Кушейри, Араби, Иасауи, Руми, Раббани, Жами сынды мутасаууфтар исламның қайнар бастауларына сүйене отырып сопылық жолдың әдебі мен тәртібін қалыптастырып, орнықтырған еңбектер жазды. Жалпы Абай, Шәкерім және қазақтың жыраулық поэзиясында сопылық сарынның басым екені белгілі. Мысалы, жыраулық поэзияның көрнекті өкілі Дулат ақынның: “Күнәм – жойқын, тәубам – аз, Тіршіліктен не таптым? Дүние – жемтік, мен – төбет, Соны бақпай, не бақтым?” – дейтін өлең жолдары бар. Расында, сопылық – Тәңір алдында тізе бүгіп, қатесін ұғып, тәубаға келіп, Абайша айтқанда “ынталы жүрек, шын көңілмен” егіліп, Жаратқанға жалбарынып, Құдайға құлшылық қылу. Міне, сол үшін сопылық жолды ұстану жеңіл емес. Сондықтан болса керек, Кердері Әбубәкір: “Сопылық деген ауыр жол, Ұстап жүрсе – тәуір жол. Сопылықты іздесең, Оқыған көп ғалым бол” – дейді. Мұнда ақын бабамыз сопылық жолға түсу үшін захир ілімін, Құран хадисті және шариғат негіздерін жетік меңгерген ғалым болу керек екенін ерекше ескертеді. Кемел адам, Абайша айтқанда “толық адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл адам. Ол – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан дүниесі ағарып, рухани қасиетке ие болған адам”. Ұлы Абай кемел адамның сипаттары ретінде сыддық, кәрам, ғақылды көрсетеді. Мұнда сыддық – әділетпен, кәрам – шапағатпен, ғақыл – ғылыммен астасып кетеді. Сопылық ілімнің негізгі қағидаларының бірі зікір салу болып табылады. Тасаууф ілімінде Зікір – Алла тағаланы еске алу. Зікірдің жария және құпия түрі, “ара зікірі” атымен белгілі түрі бар. Қазақ даласына ислам дінінің енуінде сопылықтың үлкен әсері бар екені белгілі. Осылайша бар ғұмырын дінге арнаған тақуа жандардың себеп болуымен ислам діні қазақ халқының күнделікті өмір салтында берік орын алды. Оның дәлелі ретінде Қ.А. Иасауи жырларынан бастау алатын абыздар мен жыраулар поэзиясы және Қорқыттан бергі ән-күйімізде сопылықтың сарыны бар екенін айтуға болады. Ислам дінінің қазақ даласында орнығуына үлкен ықпалы болған сопылық жол – тасаууф ілімі қазақтың дәстүрлі қоғамының рухани құндылықтары қалыптасып, мәдениеті мен өркениетінің дамуына зор ықпалы болды.[3]

Сопылықтың қалыптасу кезеңдері



Сопылық ойлаудың негізгі кезеңдері бар. Олар дегдарлық (зухд) тасауф (суфи) және тариқат кезеңі деп шартты түрде бөлінеді. Кезеңдер сопылықтың тарих ішінде дамып, өзгерістерге ұшырауының ерекшелігіне қарай жіктелген. Ислам философия тарихында Абу Зар әл-Гифари сияқты сахабалардан бастап Хасан ал-Басриге (728 ж.ш.ө.) дейінгі аралықты суфизмнің алғашқы зухд, тақуалар дәуірі деп атайды. Бұл дәуірле сопылық мақсаты жағынан философиялық, метафизикалық мәселелерге қарағанда парасатты іс пен көркем ахлақты адам болуға бағытталған практикалық мәндігі қозғалыс болатын. Сопылар әуелгіде, яғни табиғин кезеңінде өздерін заһидтер, яғни зуһд жолын ұстанушылар деп атаған. Ал, сопылық ілімнің бастапқы әрі негізгі ұғымдарының бірі зуһд - Аллаһ Тағаладан басқа барлық нәрседен (ма сиуа Аллаһ) бас тарту болып табылады. Сонымен бірге зуһд дүниені түгелдей керексіз қылып, тәрк ету емес, ол Хақ Тағаланың үйі - жүректі таза ұстау, Аллаһ ризалығын басты нысана етіп алып, сол үшін өмір сүру. Басқаша айтқанда, тасаууф ілімі - дүниені қолдан шығарып, тәрк ету емес, жүрекке дүние сүйіспеншілігін орнықтырмау. Себебі, тасаууф ілімінде жүрек - иманның тұрағы, ұлы Жаратушыға деген сүйіспеншіліктің мекені. Өйткені, адамның өзегі, дәні, дененің патшасы болып табылатын жүрек немесе көкірек көзі иманмен оянып, мағрифатпен қанаттанып, махаббатпен шабыттанып, шекара таныма л заттың ішкі мәніне бойлай алады, тылсымды түсініп, ғайыпқа құлаш ұрады. Сонымен қатар Аллаһ Тағаланың берген сыйы мен нығыметіне шүкірлік ету, қысылып тарына н шақта азға қанағат қылып, сабырлы болу. Мақам, мансап, атақ, дәрежеге көңіл аудармай, одан аулақ болу да зуһд болып табылады. Құран ілімі, хадис ілімі және фикһ ілімі сияқты Ислам дінінің негіздері жинақталып, жүйеленіп жатқанда, Ислам-ның ішкі, рухани мазмұнына тереңірек үңілген тақуалар да Құран мен хадиске және Пайғамбар сүннетіне сүйене отырып, тасаууф ілімнің негізін қадаған еді. Иман тақырыбына терең бойлай, амалдың тұңғиығына сүңғіген алғашқы сопылар жаратылыстың таңғажайып сырлары мен Құранның ішкі мәнін және адамның болмысын ұғынуға талпыныс жасады. Осылайша, жүрек пен көңілге негізделген Исламның рухани өмірі кемелдене түсті. Қасаңдыққа бой алдырмай, шынайы ықыласпен жасалған бұл талпыныс кезінде сопылар Құран мен тафсирге, хадис пен сүннетке және шариғаттың қағидаларына сүйеніп отырды. Ертедегі сопылардың, әсіресе тақуалардың дағдыларындағы дәстүрлі белгілері: Құран сөздерінің мағынасына ой толғау, онда жазылғандар мен Пайғамбарлық (с.а.у.) жолын күнделікті тіршілікте қатаң сақтау, қосымша намаз оқу, түн күзету, ораза ұстау, бұл дүниеге тән қызықтық бәрінен бас тарту, күнделікті өмірде күнәға батпау, рұқсат етілген және тыйым салынғанның ара жігін айыра білу, ақсүйектер мен әскери басшыларға қызмет жасамау, өздерін Құдайлық билігіне беру, т.б. Кедейлікті әсірелеу, дүниенің өтпелілігімен өкінішті көңіл-күй, бұл дүниедегі үлесіне шүкіршілік жасау, қайғы мен қасіретке шыдам мен сабыр қылу жүйелерін де жатқызуға болады. Алғашқы дәуірдегі сопыларды: хадистерді жинаушылардың тобынан шыққандар, жиһангер жыршылар мен дін уағыздаушылары, Құранды нақыштап оқушылар, әділет шеруіне қатысушылар, діндар қолөнершілер мен саудагерлер құрады. Исламдағы тақуалық-мистик. жүйенің шығуы мен дамуы себептерінің қатарына мұсылман қауымы өмір сүрген алғашқы екі ғасырдағы қоғамдық-саяси жағдайларды жатқызуға болады. Бұл кезде дұниеден баз кешушілік құлқы туды. Рухани әрі идеялық терең ізденістермен көрінген діни өмірдің жаппай күрделенуі басталады. Бұл кезеңдерде сопылық дүниетаным мен ас-суфи дүниеге кең тарай қоймаған. Дегдарлық (зухд) кезеңнің тарихи өкілдері Хасан әл-Басри, Уәйс әл-Карани, Рабиға әл-Адауийа, Малик бин Динар, т.б.

Сопылықтың екінші кезеңі



Хасан ал-Басридин (728 ж.ө.) басталып,Газалиге(1055 - ІНІ ) дейінгі аралықты қамтиды. Тасауф кезеңінің ең басты ерекшелігі ғылым, таным және экстазға ден қойды. Бұрынғы амалды, тағатта, дегдарлық сол қалпында сақтай алмады. Өкілдері Мағруф Кархи (815), Бишр Хафи (841), Әбу Сүлеймен Дарани "(НЗО)гЗуннун Мысри (859), Баязит Бистами (874), Жунайд Бағдади (909), Әбу Саид Харраз (885), Сарп Сақати (870), Хамдун Қассар (884), Хаким Тирмизм (898), Сахл Тустари (886), Әбу Хусайн Нури (907), Әбу Хафс Хаддад, т.б. Бұл кезеңде С. дүниетаным тәжірибелік мәндік деңгейден теориялық-филос. және спекулятивтік доктриналарға көтерілді деуге болады. Сопылықтың бұл деңгейге көтерілуіне Ислам философияның әсері күшті болды. Сопылық философиялық Хасан әл-Басри пікірлері негізінде бірте-бірте дами бастады. Кейінгі дәуірлерде сопылық ағымдар теориялық тұрғыдан Маламатийа және Исбатийа болып екі жікке айрыла бастады. Сопылықтың доктриналық және теориялық негіздеуге деген ұмтылысы IX ғ-дың бас кезінде басталды. Осы кездей бастап тасаууф теориясы қызу өңделуден өтті. Көптеген сопылық мектептер ашылып, олардың айырықша беделділері басрилықтар ғана емес, бағдадтық, хорасандықтар да болды. Сопылық ілім әуелден-ақ дүниенің тетігін адамға тән деп таныды: оларға адамның жан дүниесінің нәзік құбылыстарын талдау жасау, адам әрекеттерінің құпия себептеріне, өз басының қайғысына назар аудару, діни шындыққа іштей барлау жасау сияқты ерекшеліктер тән. Сопылық ілім мұратгары мұсылмандар арасында өте тез қолдау тауып, қарқынды дамыды. Сопылықтың Исламның өзге ағымдарынан бөлек, тек өзіне ғана тән ортақ белгілері мен үрдістері қалыптасты.  

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет