Тақырыбы: Түркі әлеміндегі есімі жұмбақ



Дата11.01.2017
өлшемі379,13 Kb.
#6866
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжі






Тақырыбы:

Түркі әлеміндегі есімі жұмбақ -

Мұстафа

Авторы: Әбішева Күнсұлу ОП-19о оқу тобы


Ғылыми бағыты: тарих секциясы
Жетекшісі: Нұрпейісова Әлия
Кеңесшісі:

Қызылорда қаласы



Мазмұны

1. Кіріспе.........................................................................

2. Текті қазақ...................................................................6 бет

2.1. Мұстафа елін сатты ма?........................................12 бет

2.2. Мұстафа әулетінің қуғынға ұшырауы.................16бет



  1. Қорытынды.................................................................23бет

Пайдалынған әдебиеттер тізімі......................................24бет



Аннотация
(И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің «Теміржол мамандықтары» бөлімінің ОП-19о оқу тобының оқушысы Әбішева Күнсұлудың "Түркі әлеміндегі есімі жұмбақ- Мұстафа" тақырыбындағы ғылыми жобасы)

Қазақ халқы өзінің өткен өмір жолында талай-талай тар жол, тайғақ кешу кезеңдерін басынан өткерген. Тәуелсіздік пен теңдікке жету жолында ауырпалық пен азапқа, талай қиындық пен мехнатқа қабырғасы қайыса тұрып төтеп берді. Атап айтқанда, XVIII-XIX ғасырлардағы Сырым Датұлы, Исатай - Махамбет, Кенесары – Наурызбай және басқа да өжет ұлдар бастаған ұлт азаттық қозғалыстары халқымызға жеңіс әкелмеді. Әйтсе де, тұтас халықтың еркін ел болуға деген ізгі ниеті мен талпынысын тұншықтыра алмады. Бұны дәлелдейтін ғылымда да көптеген дәлелдер жетерлік. Сол себептен жұмысымыздың құндылығы да осында. Жұмыстың мақсаты: елім деп еңіреп өткен бабаларымыздың өнегесін үлгі ете отырып бүгінгі ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру және тәуелсіз Қазақстанға деген патриоттық сезімін дамыту болып табылады.



Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, өмірі жұмбаққа толы, бүгінгі ұрпақ біле бермейтін қалтарысы мен құпиясы көп, ұлт-азаттық күрес тарихындағы аса көрнекті тұлға - Мұстафа Шоқай туралы ескерткіштер мен құнды деректерді іріктеп, тарихи шындыққа лайық тәлімдік мүмкіндіктерін анықтай отырып, әдістемелік ұсыныстар жасалса, онда мектеп қабырғасында – ақ рухани құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптасады.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Мұстафа Шоқай туралы тарихи, қоғамдық пікірлерді тарих және филология, педагогика ғылымдары тұрғысынан алғаш рет кіріктіре қарастырдық.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Өшпес-өлмес Мұстафа бейнесін қайта жаңғырту жөнінде тың деректер Облыстық «Сыр бойы» газетіне ұсынылды.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

  • Мұстафа Шоқай туралы қоғамдық және тәлімдік тарихи көзқарастарға талдау жасалынды;

  • Жинақталған мағлұматтардағы тәрбиелік мәселелердің бүгінгі күн тәрбие мақсаттарымен үндестігі айқындалды;

  • Мұстафа Шоқай туралы мектепте оқытудың тиімді жолдары мен әдістері анықталды;

Жұмыстың орындалу әдістері: тарихи түпдеректермен танысу, жинақтау, қорыту, жүйелеу және салыстырмалы талдау жасау;

  • тарихи, педагогикалық еңбектерді талдау, іріктеу, тұжырымдау.


Түркі әлеміндегі есімі жұмбақ – Мұстафа


Әбішева Күнсұлу

ғыл. жетекшісі:

И.Әбдікәрімов атындағы

Қызылорда аграрлық-

техникалық колледжінің

«Теміржол мамандықтары»

бөлімінің ОП-19о оқу тобының

оқушысы

секция: Тарих

Қазақ халқының өткен тарихына зер салсақ, оның бұрмаланбаған беттері кемде-кем. Сондықтан да болар, кей тарихи шындықты қиялдан ажыратып алу қиынға соғады. Кім батыр, кім сатқын? Кім халық үшін қам жеді, кім жеке басының пайдасын ойлады? Кім өз өмірін елі үшін қиды? Кім тарихи жолда шын қателесті, кім қасақана халқының қанын төкті? Иә, бұл сауалдарға жауап беру де оңай емес. Әділдігі сол, тарихта із қалдырған белгілі қайраткелердің қызметтерін, тіршіліктерін, іс-әрекеттерін олардың өмір сүрген уақытына, заманына, сол кездердегі тарихи кезеңдерге сай бағалау қажет. Уақытты өзгертуге қақымыз жоқ, оны таңдауға да болмайды. Тек әр адамның қилы-қилы кезеңде өз жолын таңдауға құқы бар.

Орта Азия мен Қазақстан халқының тағдыры кімді ойландырмады? Түрлі-түрлі партия мен топтардың билік үшін күрескені де рас. Қалай болғанда да шындығы сол. Қазақстан КСРО-ның бір республикасы болып шыға келді. Жеңіске жеткендер биледі, ал жеңілгендер жаппай жазаланды, қуғын-сүргінге ұшырады.

Мұстафа Шоқай солардың кебін киді, ерікіз туған жерін тастап,шет елге

кетті. Бірақ ол әдепкі тандаған өмірлік жолынан бас тартқан жоқ. Шетелде өткен жиырма жылдан астам ғұмырында туған елінің азаттығы үшін күресті. Оның айғағы- Батыс елдерінде бастырып шығарған кітаптары

мен журналдары, саяси-қоғамдық, публицистикалық мақалалары. Бұл еңбектерінде ол Кеңес үкіметінің Орта Азия мен Қазақстандағы отаршыл саясатын үздіксіз әшкерелеп, оған әділ бағасын беріп отырды.

Мұстафа Шоқайдың өмірі Түркістан халықтарының кеңес билігіне қарсы жүргізген демократиялық тарихының маңызды бір бөлігі болып табылады. Халқының өз тағдырын өзі белгілеу құқығын иелену барысында саясаткер болу Шоқайдың тағдырына жастық шағынан бастап-ақ жазылған секілді.

Студенттік жылдарының өзінде ол саясаттың бел ортасында жүрді. Петербург университетінің заң факультетінде оқып жүргенде Ресей мемлекеттік Думасының жұмысына қатысты. Мұсылман депутаттардың Түркістан мәселелерін Думаның күн тәртібіне енгізуінде маңызды рөл атқарды.

Нацистермен ынтымақтасудан бас тартып, опат болған Шоқайға кеңестердің сатқын ретінде ат қойып, айдар тағып, ұзақ жылдар үгіт-насихат жүргізуі тағдырдың тәлкегі болды.

Кеңестік кезеңде жаппай жүргізілген осы үгіт-насихаттың әсері соңғы жылдарға дейін жалғасты. КСРО-ның соңғы кезеңінде барлық шындықтын бетін ашуға жариялылық саясатының арқасында Қазақстан тарихына қатысты мәселелер қайта қаралды. Кеңестік идеялогияны әділетсіз түрде айыптап, тыйым салған қазақ зиялыларының барлығы 1989 ж ақталды. Олардың арасында Алашорда ұлттық қозғалысының жетекші қайраткерлері Ә.Бөкейханов, М.Дулат және А.Байтұсынов болды. Бірақ Шоқайдың да нақақтан-нақақ «халық жауы» деп жарияланып, тыйым салынғанын тілге тиек етіп, мәселе көтеруге бастапқыда ешкім батылдық таныта алмады.

Қазақтың соңғы шыңдығы болып табылатын Шоқай тағдырының қилы беті өзге «ақтандақтар» ашылғаннан бір жыл өткеннен кейін ғана күн тәртібіне енгізілді. Оның «халық жауы» емес, нағыз халық қаhарманы екені айтылды. 1991 ж тәуелсіздігін жариялағаннан соң Қазақстанның тәуелсіздік символына айналды.

Шоқайды қазақ тарихының көрнекті тұлғаларынан Кенесары Қасымовпен салыстыруға болады. Белгілі болғанындай, Кенесары патшалық Ресей 1822 жылы таратқан Қазақ хандығын қайтадан жандандыру үшін күрескен көрнекті тарихи тұлға. Осы орайда патша әскелеріне қарсы белгілі бір уақытқа дейін табандылық көрсетті. Тіпті хан болып та сайланды. Бірақ, Кенесары мақсатына жете алмай опат болды. Солай болса да, Кенесары патшалық дәуірдегі ең маңызды ұлт-азаттық қозғалысын басқарғаны үшін тәуелсіздік күресінің жарқын символы болды. Зерттеушілер Кенесары туралы тарихи зерттеулер мен әдеби шығармалар жазып, жас ұрпақтың бойында азаттық күресінің рухын асқақтатуға күш жұмсады. Осы тәрізді Шоқайдың да Түркістандағы Кеңес билігіне қарсы жүргізген еңбегі еленіп, оның мұрасын жарыққа шығару, ескерткіш орнатып, қоғамдық орындарға атын беру, тарихи тұлғасына құрмет көрсету іс-қимылдары жалғасуда. Кенесарының кеңес дәуіріндегі ұлт-азаттық рухты бейнелеген тұлғасы сияқты Шоқайда Қазақстанның тәуелсіздігінің мәңгілік екенін бейнелейтін ұлттық тұлға. Мұстафа Шоқайдың өнегелі еңбегімен Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы мазмұны тереңдей түсері анық.

Ұсыныс:


  • Мұстафа Шоқай туралы зерттелген тарихи материалдарды сабақ барысында қолданысқа енгізу.

Мұстафаның руы – Қыпшақ. Жалпы Сыр өңірін мекендеген қыпшақтар беске бөлінеді: олар- Бұлтың, Торы, Көлденең, Ұзын, Қарбалық. Оның ішінде Торыдан Шашты, Шаштыдан Бошай, Бошайдан Арыс, Арыстан Қалдау, Қалдаудан Кілт, Кілттен Жанай, Жанайдан Темір, Темірден Қуатбай, Қуатбайдан Торғай, Торғайдан Шоқай, Шоқайдан Мұстафа туады.

Мұстафаның ұлы атасы Торғай Сыр өңірінде өте беделді, еліне айтқанын тыңдата алатын сыйлы кісі болған. Айтушылардың бізге жеткен әңгімесінен Әмударияның бойындағы Жұмық бидің қызы Баршагүлден туған Торғай өз заманының озық ойлы, парасаты мен пайымы мол, аузы дуалы, ел арасындағы үлкен бедел иесі болғандығын аңғарады.

Ал, Сары қыпшақтан шыққан Жұмақ, би Хиуа ханның ең жақын туысқаны болатын. Атақты бидің жиені боп саналатын Торғай екі әйел алған кісі. Оның бірінші әйелі - Жайсаңнан төрт ұл: Шоқай ( азан шақырып қойған аты- Шоқмұхаммед), Қалмұхаммед, Әліш (Әлмұхаммед), Оспан дүниеге келеді, екінші әйелі – Тәжігүлден екі ер бала, бір қыз болған. Ер балалары жастай өліп, ұрпақ қалмаған. Одан кейінгі қыз алпысыншы жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Қазақ КСР-ның депутаты болған, Социалистік Еңбек ері, атақты шопан Айша Меңлібаеваның үлкен шешесі.

Халқының қалаулы, еліне елеулі болған Торғай Сыр бойында «датқа» деген құрметті атақты иеленген төрт кісінің бірі. Олар: Торғай (Торы қыпшақ), Тұрсынбай (Досан қыпшақ), Балаби (Бұлтың қыпшақ), Досбол (Көзей қыпшақ). Торғайдың тұсында Сыр өңірін Қоқан хандығы билеген. Даткалар дербес билік иелері. Олар басқарған елдер басқаларға қарағанда алым-салықты кем төлеген, датқалар күнделікті күйбең тірліктен жоғары тұрған ел басшылары.

Мұстафаның өз әкесі Шоқай ( Шоқмұхаммед- Торғай датқаның ең үлкен ұлы) 1916 жылы сексен жасында дүние салған. Демек, ол кісі 1836 жылы дүниеге келген. Кезінде би атанған, он екі жыл болыс болып, ел басқарған Шоқай бидің асы 1917 жылдың тамыз айында берілген. Бірақ, ол кісінің қашан болыс болғаны, қандай істерге араласқаны туралы нақты деректер жоқтың қасы.

Мұстафа 1890 жылы 7 қаңтарда қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, «Бірінші мамыр» (қазіргі Мұстафа Шоқай атында) кеңшарының Әулие тораңғыл (Наршоқы деп те аталады) деген жерінде дүниеге кенлген. Ол Шоқайдан туған үш баланың (Сыздық, Мұстафа, Нұртаза) ортаншысы. Олармен аталас ұл балалардан соң дүниеге келген Әтіркүл және Фатима есімді екі қыз бар.

Мұстафа жастайынан өзін қоршаған дүние сырын меңгеруге деген құштарлығымен, естіген әңгімелерін есінде сақтау қабілетіменен ерекшеленген. Оқуға зерек жас алты жасында әкесінің інісі Әліш салдырған бастауыш білім беретін діни мектептің табалдырығын аттайды.

Алты жасар Мұстафа төрт жылдық мектепті екі жылда үздік бітіріпті. Ол шәкірттердің ішіндегі ең бірінші болып әптиектен құранға шыққан екен. Оның зеректігін білген молданың айтуымен Шоқай атамыз баласына тіл көзден сақтасын деп үкі таққан бөрік кигізген көрінеді.

Ауылдағы бастауыш білім беретін діни мектепті үздік бітірген Мұстафаның оқуын одан әрі жалғастыруына Әліштің көп көмегі тиген. Мұстафаның болашағынан көп үміт күткен ол ел ақсақалдарының айтуымен інісін одан әрі оқытудың өзінің азаматтық әрі ағалық парызы санаған. Сол мақсаттың жетегімен жасы сегізге қараған шағында ауыл мектебін екі жылда тәмамдаған алғыр жасты Ташкент қаласындағы гимназияда оқытуды ойға алады.

Гимназияға Мұстафаны алғаш апарған жылы оқуға орналастыра алмайды. Гимназиядағы патша шенеуніктері Мұстафаны бұратана ұлт өкілі санап, әрі оның ыс тілін білмейтіндігін сылтауратып, оқуға қабылдаудан бас тартады. Інісін гимназияға алдыра алмағанына қаты өкініп, ондағы мұғалімдерден беті қайтқан Әліш баланы ауылға алып кеткісі келеді. Оған бала көнбейді, өлсе де қайтпайтынын, биыл түспесе, ендігі жылы түсетінін айтып, жылап-еңіреп отырып алады.

«Үмітсіз шайтан» демекші, алған бетінен, қайтпайтын қайсар Мұстафа оқуға алынбағанына мойымайды, қайта жігерін жани түседі. Ташкент қаласында қалып, орысша үйренгісі келетінін айтады. Заман ағымының бірте – бірте өзгеріп, билік басындағы орыс тілін білмейтіндердің ығыстырылып, орыс тілін біліетіндердің наны жүре бастағанын аңғарған Әліш «інім орыс тілін білсе, тілмаш болса да қалам ұшымен нанын тауып жер» деген оймен Ташкенде қалып, оқытушы жалдап, Мұстафаға бір қыс бойы орыс тілінен дәріс алғызады. Зерек жас бірнеше айда басқа тілді де бір кісідей үйреніп шығады. Келер жылы гимназияға қайта барады. Тағы да жолы болмайды. Гимназия басшылары «оқушылар жасақталып қойды, оқу басталып кетті» деп қара аспанды жаудырып маңайлатпай қойды.

Бұл күндері есіл-дерті оқу боп жүген Мұстафа күнде таңертен шыттай киініп, гимназияға барып оның ашық тұрған терезесінің түбінде тұрып дәріс тындап тұрады. Оны ондағы мұғалімдер де байқайды. Бір күні бір мұғалім терезенің алдында тұған Мұстафаны шақырып алып, сынап көрейін деп бір-екі сауал қойса, қара бала орысша сайрай жөнеледі. Мұғалім аң-таң. Бала өткен сабақтардың бәрін жақсы меңгерген. Содан сол кісінің көмегімен оқуға қабылданды.

Өкінішке орай; жас желектей өсіп келе жатқан, келешекте халқының қамын ойлайтын үлкен саясаткер болар қазақтың қара баласына әкелік жанашырлық танытып, оны оқуға алдыртуға себепші болған сол бір ізгі ниетті орыс зиялысының есімі біз үшін жұмбақ.

Гимназияда өте жақсы оқыған Мұстафа мұнда да ұстаздарын алғырлығымен тәнті етті. Оқып жүріп, түрлі қоғамдық қызметтерге де белсене араласады. Гимназияда дәріс алып жүріп, шығыс тілдерін үйренуге, Шығыстың тарихы мен мәдениетін білуге құмартады. Түрік, парсы тілдерін жете меңгеруге шындап ден қоя бастайды.

Мұстафаның дүниетанымдық қабілеті өте-мөте күшті болған. Оның өз еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігі гимназияда оқып жүргеннен бастап-ақ оянған. Ол туралы мына бір естеліктен білуге болады:

«Екінші бір хатында Мария Яковлевна (Мұстафаның зайыбы) сегіз жасар Мұстафа Ташкенттегі орыс гимназиясының алғашқа класында оқып жүрген кезінде ,- дейді жазушы Хамза Абдуллин. Петербордан үлкен бір поп келіп, гимназия алаңында шәкірттермен кездесу жасағанын жазды. Осы кездесудің алдында кішкентай Мұстафа сол гимназияда оқитын он шақты қазақ баласын жинап алып: «Поппен амандасқанда кім де кім шоқынса, ол мұсылман емес, ондайларға арамызда орын жоқ болуы керек,- деп үрейлі уағыз айтады. Балалар: « Жоқ, Мұстафа, біз ешуақытта да шоқынбаймыз, біз кәпір емес, мұсылманбыз! » - деп ант ішеді.

Сөйтіп, Ресей дінінің өкілі келеді. Гимназияның бастығы балалардың барлығын алаңға шығарып, тәртіппен тізіп қояды. Поп тізілген балалардың бір шетінен бастап амандасып, екінші шетіне қарай ақырын жылжып отырады. Сонда әрбір бала, поп өзіне жақын келгенде оң қолымен екі иығы мен маңдайын сипап, шоқынып салем беуге тиісті. Қазақ балаларының қатарына келгенде Мұстафаның сол жағында тұрған бір қазақ баласы шоқынып қалады. Сол кезде Мұстафа бір тас алып әлгі баланың маңдайынан періп жібергенде, ол өкіріп, жерге сылқ ете түседі. Гимназияның директоры жаман сасады. «Бұл не сұмдық?» деп поп директорға қарайды. Директор: «Бұның не?» деп Мұстафаға ақырады. Сонда Мұстафа: «Мына мұсылман туған иттің баласы бір секундтың ішінде шоқынып, кәпір болып кетті ғой! Сол үшін жазаладым!» деп жауап беріпті.

Осы бір естеліктен жас Мұстафаның бар болмыс бітімі, оның өмірге деген көзқарасының қалай қалыптасып келе жатқаны аңғарылғандай. Мұстафа гимназияны үздік алтын медальмен бітіріп шығады.Оқуын одан әрі жалғастыруға бел буады. Ал ағасы Әліш елде лауазымды қызмет істеу үшін осы білімінің жеткілікті екенін айтқанымен інісі ол білімді місе тұтпайтынын білдіреді. Жатпай-тұрмай жоғарғы оқу орнынга түсу үшін өз бетінше дайындала бастайды.

Мұстафаның одан әрі оқуына ат салысқан Әліш патша үкіметіне інісі арқылы қайта-қайта хат жаздырып, кедей шаруаның баласы ретінде оқуына арнайы қаржы бөлдіреді. Оның одан әрі оқуына Ташкент гимназиясындағы ұстаздарының да көп көмегі тиеді. Елінде абыройлы, атақты Шоқай би де баласының оқығаның құптап, оны қаржыдан тарықтымауды өз мойнына алады. Мұстафаның алғырлығы мен зеректігіне тәнті болып, оның келешегінен үлкен үміт артқан ауылдастары мен аталас ағайындары да орталай жылу жинап, ақшалай жәрдем көрсетеді. Білім нәрімен мейіі қанғанша сусындауды аңсаған жас ағасымен бірге Петерборды бетке алып жолға шығады. Әліш ағасының да еңбегі қайтып, талапты жас Петербордағы императорлық университеттің заң факультетіне оқуға түседі.

Мұстафа университетін оқып жүрегенде де қоғамдық қызметтің қайнаған ортасында жүрді. Табиғатында дарынды әрі еңбексүйгіш ол қайбір істі қолына алса да мүлтіксіз атқарып, шығатын. Сол кездегі түркі елдерін отарлаушы Ресейдің астанасы болып табылатын Петерборға хиуалық және хорезмдік хан ордасының өкілдері келгенде олармен қоян-қолтық араласып, тілмаштық қызмет атқаратын. Келген кісілердің өтініштері мен мұң-мұқтаждарын хатқа түсіріп, патша шенеуніктеріне жеткізетін. Осы қызметі арқылы оның есімі патша сарайының төңірегіндегілерге де жете таныла бастады.

Студент кезінде түрлі қоғамдық қызметтермен қатар ағылшын, француз, неміс тілдерін мақсат тұтады. Өзінің тәржімашылық жұмыспен айналасуын одан әрі жалғастырады.Зиялы қауыммен тонның ішкі бауындай араласып, білімділігі мен алғырлығының арқасында үлкен бедел мен абыройға бөленеді.

Петербор қауымындағы көрнекі тұлғаға айнала бастаған Мұстафа, ғылыми мәселелермен катар саясатқа да ден қоя бастайды. Әсіресе, оны ұлттық сипаттағы азаттық жолындағы күрес, халқына тәуелсіздік әкелу мәселелері қызықтырды.

Петерборда оқып жүрген кезінде қазақтың оқымысты азаматтарымен жақын араласады. Ұлт теңдігі мен тәуелсіздігі туралы мәселелер төңірегінде А.Байтұсынов, Ә. Бөкейханов (IV мемлекеттік Думанын сол кездегі мүшесі), С.Лапин, Махмуд-Ходжа Вехбуди, Мунесары секілді азаматтармен ниеттес әрі пікірлес болды. Олар бірге бас қосқан жиындарда Ресей отарлығында тұншыққан түкі тектес мұсылман халықтарының болашағы, кандастарын отарлық езгіден алып шығу жолдары туралы мәселелерді жиі талқылайтын, Ресейдегі сол кездегі партиялардың бағдарламаларына талдау жасап, пікір таластыратын.

Мұстафаның саясаткер ретінде көрінуі- 1912 жылы. Сол жылғы қазан айында түркі-балқан соғысы бұрқ ете қалды. Оған саясаткерлер мерзімді басылым беттерінде өз ойларын білдіріп жатты. Пікірталасқа Мұстафа да қатысып, жазықсыз құрбан болған қандас бауырларына жаны ашитындығын, патшалық Ресей саясатының отарлық бағыт ұстанғаның айтып, ол саясатты қолдамайтының сездіртті.

Мұстафаның студент шағындағы елеулі оқиғаларының бірі- оның 1914 жылдан бастап IV-Мемлекеттік Думаның мүшесі Әлихан Бөкейханов басқарған Мұсылмандар фракциясында хатшылық қызмет атқаруы. Бұл дүние астан-кестен болып жатқан шақ еді. Осы жылы 19 шілде де (1 тамызда) бірінші дүниежүзілік соғыстың алауы бірнеше мемлекетті шарпып өтті. «Антанта» одағындағы Ресей Германиямен соғыс бастады. Бір миллиардтан астам халқы бар 38 елді шапыған алапат шайқасқа 74 миллионға жуық адам қатысты.

Патшалық Ресейдің 1916 жылғы көтеріліске жауап ретінде күш жұмсаушылық әрекеті оның қырып-жоюға бағытталған саясатында өзінің ең биік шыңына дейін жетті. Осындай зорлық-зомбылық қолданудан Түркістан халқын қорғап қалу үшін тиісті тәсілдер іздестіру мен шаралар қолдану мәселесінде жас Мұстафа Шоқай өте үлкен әрі табысты роль атқарды.

Ел мүддесін ойлаған жалын жүректі жас саясаткер халқының басына қиын-қыстау күн туып, туған даласының аспаның қара бұлт торлағанда «жаным-арымның садағасы» деп шыбын жанын шүберекке түйіп озбырлыққа қарсы күреске шықты. Ғасырлар бойы халқын жаншып, еңсесін көтертпей езіп келген отарлық бұғауды быт-шыт қып үзуге әрекеттенді.Мұстафаның бұл ойын қолдаушылар да табылды. Олар «Үлкен Түркістан одағын» құруға кірісті.

Мұстафа Петербор университетін бітіре сала (кейбір деректерге Мұстафа университетті 1917 жылы бітірген деп жансақ жазылып жүр) 1916 жылы Қазан қаласына келіп, «Түркістан бірлестігі» деп аталатын құпия ұйым ашқан,- деп жазады Хамза Абдуллин,-Бұл ұйымның әуелгі басшылары бес кісіден тұрады: екі татар, екі қазақ және бір башқұрт. Екі татардың біреуі кім екенін ұмыттым, екіншісі- Сұлтанғалиев. Екі қазақтың бірі- Мұстафа Шоқайұлы, екіншісі- Мұхаммеджан Тынышбайұлы. Ал, башқұртқа келетін болсақ ол профессор Зәки Уәли. Ұйым мүшелері бір ауыздан өздерінің көсемі ретінде Мұстафаны тандайды. Бұл ұйымның іс-жұмысы патшалық Ресейдің «қырағы» көзінен тысқары, құпия жүргізіледі. Омбы қаласының бір банкісінде бұлардың сақталған қаржысы да болған...»

Ресей тарихында 1917 жыл мемлекеттік төңкерісте жылы болып өтті. Петерборда ақпан айының соңғы күндерінде басталған халықтың толқуы ақыры қарулы көтеріліске ұласып, екінші Николай патшаны өз еркімен тақтан бас тартуға мәжбүр етті. Сөйтіп, Ресейде қос үкімет: Уақытша өкімет және жұмысшы-солдат депутаттарының Кеңесі құрылды. Оның бірі буржуазиялық, екіншісі-жұмысшы табының мұңын мұңдап, жоғын жоқтады да, екі үкіметтің екеуі де мәселе түркі мұсылмандарына тәуелсіздік беруге келіп тірелгенде жұмған ауыздарын ашпастан қалды. Олардың жүргізген саясаты көңілінен шықпаған Мұстафа қос үкімет басшыларына ренжіп, олардан бір жолата түңілді. Олар мұсылмандар қауымына дербес автономия береді деген сенімін жойды. Төңкерістен кейін «Ресейдегі монархияны құлатсақ, барлық езілген ұлт автономиялық тәуелсіздік алады» деп көпірген орыс саясаткерлері өкімет билігін қолдарына тиісімен бұрынғы берген уәделерін «ұмытып кетті».

Түрік мұсылмандарының тәуелсіздік жаршысы іспетті болған үнқағаз маңына қазақтың сол кездегі ірі саяси қайраткелері мен зиялы қауым өкілдері тығыз топтаса түсті. Олардың қатарындағы А.Байтұсынов, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев секілді азаттық ансаған арыстар үні айқын естілетін. Олар кең байтақ қазақ даласын ұзаққа созылған мәңгүрттік ұйқыдан оятып, мұсылман қауымын бір тудың астына біріктіруді армандаған нағыз ұлт жанашырлары еді.

Сол жылы Мұстафаның ауылындағы туған –туысқандары 1916 жылы сексен жасында дүние салған Шоқай бидің асын беруге дайындалып жатты. Шоқай дүниеден өткен соң келіндері атасына арнап ұзақ жоқтау жыр шығарған.

Ауыл қариялары Шоқайдың ортаншы ұлы- Мұстафадан келешекте ел қамын ойлайтын үлкен жүректі азамат шығатына сенген. Оның болашағына үміт күтіп, оқуға алғытр жастың қайда жүрсе аман жүруіне тілектестік білдіріп, оны тіл мен көздің сұғынан сақтай көр деп аллаға мінәжат ететін болған. Бірде ауыл ақсақалдарының сондай бір игі тілек мінәжаты үстінде ойға батып отырған Шоқай би:


  • халқым-ау, тілегің де, ниетің де дұрыс-ау, бірақ кәрі жүрегі түскі білімдер Мұстафаның рахатын көру сендердің пешенелеріңе жазылмаған шығар деп қорқа береді.,- деген екен дейді.

Ол ксінің бізге дейін жеткен осы бір сөзіне «өмірден көрген түйгені мол, заман ағымын пайымдағыш ақсақал өз баласының болашағын ішкі түйсігімен сезді ме екен» дегенде ой келеді.

Қоқан қаласында 1917 жылғы 27 қарашада құрылған автономиялық үкіметтің басшылығына Мұхаммеджан Тынышбаев, мүшелігіне Мұстафа Шоқай сайланады.

Екі ғасырдай дербес мемлекет болу хұқынан айырылып қалған қазақ халқы патша тағынан түскенде «Ресейдің қол астындағы халықта бостандық алады, енді өз алдымызға ел боламыз» деген тәтті қиялға берілді. Сол арманды жүзеге асыру қазақ зиялылары Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы, М.Шоқайұлы, М.Тынышбайұлы, Х.Ғаббасұлы, Ж. Досмұхамбетұлы, Х.Досмұхамбетұлы 1917 жылы Ақпан революциясы жеңіске жетіп, патша үкіметі құлатылғаннан кейін сәуір айында Орынборда тұңғыш қазақ сиезін шақырды. Оған Ақмола, Семей, Сырдария облысарынан, Бөкей ордасынан, Қазан мен Уфадан , Орынбордан бас аяғы үш жүздей адам қатысты. Онда облыстық және уездік Қазақ комитеттері құрылып, «Жалпы қазақ сиезі өткізілсін» деген қаулы қабылдады.

«Бірінші жалпы қазақ сиезі» Орынбор қаласында,1917 жылғы шілденің 21-26 күндері өткізілді. Онда қаралған он төрт мәселенің бірі- қазақтың саяси партиясын құру еді. Сиезде партияның атын «Алаш» деп атауға ұйғарым жасалды. Партияның бағдарламасын жасау және қазақ автономиясын құру мәселесіне даярлық жұмысының жоспары белгіленді.

Екінші жалпы қазақ-қырғыз сиезі 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 күндері Орынбор қаласында өткізілді. Оған Түркістан автономиясының министі Мұстафа Шоқайұлы да қатысып, Түркістан автономиясы туралы баяндама жасады.

Алайда, Кеңес өкіметінің Қарулы Күштері қыспаққа алған Түркістан автономиясының өмірі ұзаққа бармады.Автономия 1918 жылғы қаңтар айының аяқ кезінде большевиктердің Қоқан қаласын алуына байланысты өмір сүруін тоқтатып, оның басшылары балапан басына, тұрымдай тұсына кетіп, бас сауғалауға мәжбүр болады.



Ел тәуелсіздігі, бас азаттығы үшін күрескен көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары санаулы еді. Олардың санаулы болса да, атқармақ шаруалары асқақ, биік болатын. Бірақ, өкінішке қарай, ол мақсаттарға басталмай жатып балта шабылды. Айтулы азаматтар айдаһарқоғамның аузында кетті. Мұстафа Шоқай да сол құрбандардың бірі еді... «Әділеттілік үстемдік құратын кез келеді, бірақ, ол 50 жылға кешігіп жетеді» деген халық батыры Бауыржан Момышұлының сөзі бар-ды. Мұстафа ақиқатының айтылар күні де енді ғана туғандай. Бүгін де алаштың ардақты ұлы –  Мұстафа Шоқайдың Еуропада жерленген сүйегін елге әкелу туралы пікірлер айтылып жүр. Қалай десек те, бізге ұлағаты мол ұлы тұлғаның өмірлік ұстанымы мен ұрпақ алдындағы ұмытылмас ерлігі – құнды.  

Мұстафа Шоқайдың бүкіл түркі ха­лықтарының басын біріктіретін бір мемлекет құрғысы келгенін тарихтан білеміз. Ол бейбіт саясатты қолдады. Бүкіл іс-әрекеті, өмір жолы оның бейбіт те азат азамат болғанын көрсетеді. Халқын да сондай кейіпте көргісі келді. Шындығында, қазақтар сол кезде түркі халықтарының ішінде жетекші рөлге ие болатын. Бірақ, ол осы жетекшілігін сол кезде Мұстафа армандағандай пайдаға асыра алмады. Бәлкім, сол кездегі саяси жағдай осы арнамен кеткенде қазақ одан кейінгі жылдардағы неше түрлі зобалаңдардан аман қалар ма еді, кім біледі?

1916 жылы мұсылман саясаткерлерімен Қазан қаласында бірлесіп құрған «Түркістан бірлестігі» құпия ұйымының Омбы қалалық банкісіндегі қаржысын алу үшін жасырын түрде Сібірге келеді. Сол сапарында банк қызметкелерінің көрсетуімен Сібірде аласұрған Колчак әскерінің қолына түседі. Оны олар Ресей империясының қас жауы ретінде абақтыға отырғызып, өлім жазасына кеседі.

Әйтсе де олардан құтылудың ойда-жоқта сәті түседі. Колчак баскесерлері қамалған адамдарды Шадринск қаласының түрмесіне апара жатқанда, тұтқындар жол-жөнекей өздері қамалған пойыз вагондарын қиратып, бет-бетіне қашып кетеді. Солармен бірге Мұстафа да бостандыққа шығып, туған жерге қайта оралады.

- Мұстафа ағамызды ең соңғы рет көген кісі шешеміздің жеңгесі, Асан деген кісінің зайыбы екен, -дейді Әбдікәрім Аманқұлұлы. – Ол кісі ашаршылық жылдары бала-шағасын асырау үшін Ақтөбе возалына барып, жолаушыларға талқан сатып, ақша табады екен. Сөйтіп жүріп, ойда жоқта Мұстафаны жолықтырады.

Әбекеңнің айтуы бойынша оқиға былай суреттеледі.

...Қоңыр күз, Жағадай вокзал. Ашаршылықтан есілі-қарсылы жосып жүрген халық, Күздің өкпек желінің өтінде етегі елпі, жеңіл желпі талқан сатып тұрған жұпыны киінген әйел. Пойыздар бірінен соң бірі ағылып өтіп жатыр.

Кезекті пойыз келіп тоқтағанда, одан өзбектің ала тақиясы мен желбегей шапанын киген екі кісі түсіп, талқан сатып тұрған әйелдің жанына келеді. Сауданың қызығына түскен әйел алғашыпда қасына кімдердің келіп тұрғанына онша назар аудармайды. Бір кезде ала тақиялы бірі:



  • Апа-ау , шыныменен-ақ танымадыңыз ба, мен Мұстафамын ғой,-дейді.

Әйел жалт қарайды. Қараса, қарсы алдында күлімсіреп інісі Мұстафа тұр. Әйел дауыстап жібереді.

- Айналайын-ау, сені де көретін күн бар екен-ау, жасаған мұныңа да шүкір.

Көзге жас үйірген ауылдастар амандық-саулық сұрасып, сол жерде мәре-сәре болып қалады.


  • Жақында бір жерге топтасып, артель боласыздар,-дейді Мұстафа. –Енді тездетіп елге қайтыңыз, мынаны балаларға нан пұл қылыңыз,-деп әйелдің қолына бір бума ақша ұстатады. – Елдің еңбектеген баласынан, еңкейген кәрісіне дейін менен тегіс салем айтыңыз. Үкіметтің айтқаның істеп өз шаруаларына өте мұқият болсын, мен алыс сапарға бет алып барамын, енді бізге о дүниеде болмаса, бұл дүниеде қайта қауышу жоқ шығар.

Мұстафа қош-қош айтып кете барды. Бұл кездесуді қолда бар деректермен салыстыру арқылы 1921 жылдың күзі болар деген болжамға келдік. Туған жер топырағын соңғы рет басқан есіл ер сол кеткеннен мол кетті.

Тарихи деректер бойынша сол жолы Мұстафа Красноводскіге келіп, кемеге отырып, Бакуге барады да Грузияға өтіп кетеді. Ол 1922 жылы большевиктер Грузияны басып алысымен Батум ақылы Петербордағы университетте бірге оқыған жолдасы осетин жігіті Кантемирмен екеуі стамбулдан бір-ақ шығады. Одан Батыс Еуропаға өтіп, Париж қаласында мекен тебеді. Сонда тұрып- 1927-31 жылдары «Жаңа Түркістан», 1929-39 жылдары «Жас Түркістан » журналдарын шығарады.



Мұстафаның өмірлік серігі Ма­рия Шоқай бір естелігінде: «Орыс ұлт­шылдары орыс империясының ішін­де Түркістан мен өзге орыс емес ха­лық­тар­ды мойындағысы келмейтін. Орыс де­мократиясындағы осы көзқарас Мұс­тафа­ның намысына тиетін. Осы себепті де ол 1923 жылы орыс демократиясынан мүл­дем теріс айналып, орыс баспасөзінен де қол үзді», – деп жазды. Міне, осы кезден бастап Мұстафа Шоқай ұлт сатқыны, халық жауы есебінің алдыңғы сапында тұрды. Ол амалсыз шетел асуға мәжбүр болды. Бірақ, ұлы мұраттар соңында кеткен арыс елінен жырақтаса да, өзінің қайраткерлігін тежеген жоқ, қайта сәл де болса еркін әрекеттер жасауға мүм­кіндік алды. Бірақ, қолдаушысының да, қолының да қысқалығы ол армандаған биік Түркістанның еңсесін аласарта берді. Ағылышын, француз, неміс және түркі тектес халықтардың тілдерінде (сегіз тілде) еркін сөйлеп, жаза алатын Мұстафаның беделі зор болды. Фашистер Францияны басып алғаннан кейін неміс армиясының саяси барлау орталығы (Гиммлер, Розенберг, Грефе) Азия халқының өкілі, ірі публицист-қайраткер, білімі терең Мұстафаны өз мүддесіне пайдалануды ойластырды. Оған Англияның «Интеллиджес Сервис» барлау орталығының тыңшысы деген айып тағылады да тұтқынға алынады. Неміс барлау орталығының басшылары тұтқынға түскен Кеңес әскерлерінің арасындағы мұсылмандардан арнайы легион (жасақ, армия) құруға Мұстафаны қолдануды көздеді. Ол нацистердің ұсынысына алдымен тұтқындар лагерін аралап, қандастарымен жүздескеннен кейін жауап беретінін айтты. Оның талабы қанағаттандырылды. Лагерьлерді аралағанда ол тұтқындардың жан төзгісіз ахуалын көрді. Оларды тозақ отынан аман алып қалудың бірден бір жолы уақытша болса да «Түркістан легионын» ұйымдастыру қажеттігін ойлады. (1941ж тамыз) Оның ішкі мақсатынан бейхабар Розенберг Мұстафаның «армияны құру, үйрету істері біраз уақыт алады. Герман армиясы Түркістанға кіргенге дейін менің армиям соғысқа қатыспай тұра тұрса » деген пікірін қабылдады. Германияда жүргенде Шоқай Гитлерге «қолға түскен тұтқындар арасында үгіт-насихаттар жүргізу» мәселесіне жәр­дем­десуге келіседі. Бірақ, ондағы ұлт қай­раткерінің мақсаты да, көздеген мін­дет­тері де басқа болатын. Өзінің бұл ше­шімінің еш нәтиже бермесіне көзі жеткен ол дереу алғашқы ойнынан айнып, неміс билігіне төмендегідей хат жолдайды: «Сіздер, немістер, өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті адамдармыз деп санайсыздар. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз менің көріп жүргендерім болса, онда мен сіздерге де тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін. Сіздер XX ғасырда өмір сүре отырып, зұлымдықты XIII ғасырда Шыңғыс ханның жасаған зұлымдығынан асырып жібердіңіздер. Сөйте тұра, енді сіздердің күллі әлем алдында мәдениетті халық екендіктеріңізді айтуға хақыларыңыз жоқ». Мұстафаның жары өз естелігінде: «Мұстафа  өз хатында соғыс тұтқындарының шегіп жат­қан азабы мен жан қиярлық халде­рін жіктеп, суреттеп жазған болатын. Бұл бейшара, бейбақ жандардың ма­заққа ұшырап, ату жазасына кесіліп жатқандықтарын, оларға жаны ашитынын, оларды құтқару үшін басшылыққа жалынғанын айтады. 35 мұсылманды сүндеттелгені үшін өлімге бұйырылған жерінен аман алып қалғанын, аштықтан тұтқындар өз жолдастарының жүрегі мен өкпесін жегенін, жаңбыр мен қарда суық құдықтың айналасын жалаң қолдарымен қазғандарын көріп шыдай алмағанын, оларға көмектесе алмайтын болғандықтан, одан да өлімді артық санайтынын жазады. 

Мұстафаның немістер арасында бедел алып бара жатқаның және тұтқындағы мұсылмандардың оған деген құрметін аңғарған барлау орталығының тыңшысы өзбек Вали Каюм (ол фашистерге 1930 жылдан бері қызмет еткен) қатты мазасызданды. Немістер кеңестер одағын жеңіп, Түркістан өлкесіне кірсе Мұстафаның қан тағына отырары айдан анық қой. Сондықтан «оның көзін жою керек» деді ол. Осы мақсатын орындау үшін тыңшы Мұстафаның сеніміне кіруге тырысып бақты. Оның әрбір қадамын басшыларға теріс түсіндіріп бақты. Көп ұзамай ол қапысын тауып есіл азаматты өлімге қиды.

Вали Каюм шет жерде жүрген мұсылман саясатшыларының қатарына кездейсоқ еніп кеткен алаяқ- Ташкенттің өзбегі 1922 жылы он сегіз жасында жетпіс шақты жас балалармен бірге пантуркист Идрисов Ғалымжанның басшылығымен Германияға оқуға келген. Берлиннің заң институтына түспек болады. Бірақ емтиханда құлап институтқа түсе алмайды. Осыдан кейін жанталасып жүріп Берлин университетінің ауылшауашылық факультетіне түседі.

1926-1927 жылдары оқуларын бітірген соң, Каюммен бірге келген жігіттердің бірсыпырасы еліне қайтып кетеді, ал кейбіреулері, соның ішінде Каюм да, еліне қайтудан бас тартып, Берлинде қалып қояды. Сөйтіп Германияның азаматы болады. Осы жерде Каюм Мұстафамен танысып, оның «Яш Түркістан» журналын шығару жұмысына көмек көрсетеді.

Елінің тәуелсіздігі мен теңдігі, бостандығы мен бақыты үшін бас тіккен, бүкіл ғұмыры айтыс-тартыспен өткен түрік мұсылмандарынан шыққан ірі тұлға- Мұстафа Шоқайұлы тумысынан аярлықтың арам жолынан түскен қара көкірек арсыз алаяқтың қолынан ажал тапты. Көк түріктің көсемі елу екі жасына қараған шағында қапыл болды. Бастаған ісін аяқтай алмай кеткен Мұстафадай данышпанның беймезгіл шақта дүниеден өтуі бүкіл түрік тектес мұсылман қауымын бір басқа төмендетіп кеткендей болды. Бұл- 1941 жылдың желтоқсан айының 27 күні болатын.

«Бір қарын майды бір құмалақ шірітер» дегендей, бар жақсылығы өз басынан артылмаған, қу мансаптың құлына айналған пенденің пендешілігі ұлы Мұстафаның да түбіне жетті. Көсемінен айырылып, қан жұтқан болашақ Түркістанның азаткерлеріне осы бір жұмбақ өлім төбелеріне жай түскендей әсер етті.

Мұстафаның үзеңкілес досы әрі оның алған үлкен мақсатын іске асыруға жәрдемдесуші, үлкен Түркістанның азаттығын аңсаушы азаматтардың бірі- Жұмаев «Ешкімге белгісіз және біз үшін де түсініксіз жағдайда, Берлинде, 1941 жылғы 27 желтоқсанның 18 сағат 30 минутында мемлекетіміздің басшысы Мұстафа Шоқай Бей, қайтыс болды... » деп жазды.

«Үлкен Түркістанның күйреуінде» Мұстафаның ажалы неміс тыңшысы Валиден болғандығын баяндаған бетте «Содан бері жарты жылдай уақыт өтті. Қазір 1942 жылдың март айы » деген сөйлемдер еріксіз назар аудартқызады. Автор 1941 жылғы желтоқсан айының аяғында бұ дүниеден кешіп, о дүниелік болған кісіні келер жылдың наурыз айына дейін сөзбен сүйрелеп жеткізген.

Туған елінің теңдігі жолына бүкіл ғұмырын арнаған М. Шоқмұхаммед ұлы осылайша 52 жасында дүние салды.

Мұстафаның зайыбы Мария Шоқай Парижде тұрып, сонда қайтыс болған. Ол ерінің алдына қойған мақсатын әр кезде ерекше бағалап отыратын есті кісі еді. Кейін қадірлі азаматының өмірі туралы бірнеше естелік жазды. Кітаптары шет елдерінде басылып шықты. Мұстафаның қызы да шет елде тұрып, өмірінің соңғы кезіне дейін әкесінің мұрасын халықтың құлағына жеткізуге талаптанды.

Ұлт тәуелсіздігінің жаршысы болған Мұстафа Кеңес үкіметі билік басына келісімен шет елге кетіп қалмғаныңда алтынның сынығындай асылдарымыз кешегі Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Тұрар, Сәкен, Ілияс, Бейімбет сияқты адам құқын аяққа таптаған кеңестік коммунистік саясаттың құрбаны болып, көрінген бұтаның түбінде кеңестік қарақшылардың қолынан қара жер жастанары ақиқат еді. Ақылды азамат Кеңес өкіметінің қазақ халқына нәубет әкелетінің сезгендей шет елге кетіп,еріксіз бас сауғалауға мәжбүр болды.

Бүгінде Мұстафаның шет елде жүріп, қаны сорғалаған шындықты сол кездің өзінде алдымызға кесе-көлденең тартқан еңбектері болмаса, көп жәйттің беті ашылмай, уақыт тозаңымен көмулі қалар еді-ау. Кеңес Одағаның ұлт саясатын өрескел бұрмалап, қолдан ашаршылық ұйымдастырып қазақты миллиондап аштан қырғанын, одан қалды халыққа ешқандай залалы жоқ ұлттың сорпаға шығар майындай болымды азаматтарын «халық жауы» деп атып асқанын айтқан Мұстафа- халқының шексіз құрметіне лайық ұлы тұлға.

Кеңес өкіметінің қуғын-сүргіннен Мұстафаның ағайын-туыстары мен жора-жолдастары да аман қала алмады. Олардың әрқайсысының әлгі айта беретін социалистік қоғамда көрген қорлығы мен зорлығы, тартқан азабы мен мехнаты айтып тауса алмастай өзінше бір жыр. Сондағы олардың бар жазығы- Мұстафаға туысқан, тіпті ауылдас болғандығы еді.

Кезінде жетпіс жылдан астам уақыт бойы адамзаттың жарқын болашағы- коммунистік қоғамға жол салушы, жер жүзіндегі тұңғыш социалистік мемлекет деп жер-көкке сыйғызбастай мақтап келген Кеңес өкіметінің халықтар түрмесіне айналған империя екендігін де өз азаматтарын атып-асу мен қырып-жоюдан гитлерлік фашистік режимнен де асып түскен мемлекет екендігін де айта алмадық. Жер шарының алтыдан бір бөлігін темір құрсаулап тастаған тоталитарлық жүйе айтамын дегендерді алты қабат темір тордың ар жағынан бір-ақ шығарды. Сөйтіп жүріп, өз басын өзі жұтты. Ендігі жерде еркін елдің ертеңгі ұрпағы ұмытпас үшін Кеңес өкіметінің «арқасында» халқымыздың қандай сұмдықтарды басынан өткізгенін айту- азаматтық парызымыз.

Ұлт тәуелсіздігі жолындағы күреске өз басын тіккен Мұстафа бұл істе туған-туыстарын араластырмаған. Қайта 1917 жылы Ташкенде «Бірлік туы» атты үнқағаз шығарып тұрған кезде еті тірі немере інісі Қалмұхаммедұлы Мырзекені шақыртып алып «заман ағымы өзгеріп бара жатыр, мына аумалы-төкпелі аласапыран шақта бір-бірінен көз жазып қалмаңдар, саясат сендерге қол емес, одан өздеріңді аулақ ұстандар. Мен болса да қиын жолға о бастан бас тіккен адаммын, сендерге менен қайран жоқ, өз шауаларыңа ықтият болындар» деп ескертеді. Оның айтқанына орай бошайлар әулеті де саясаттан аулақ болуға тырысты. Олардың көпшілігі шаруа күйттеп, Кеңес өкіметіне адал қызмет етті.

Антикеңестік ұйымға кіріп, эмиграцияда жүрген ұлтшылдармен байланысып, солардың ықпалымен ел арасында үгіт-насихат жүгізіп жүрген «халық жаулары» бізге сеніп тапсырылған ауданда да жеткілікті. Солардың қатарында Сұлутөбе тұрғындары Нұртаза Шоқаев, Мырзеке Қалмұхамедов, Фазылбек Құлтасов және басқалары бар. Міне, бірінші кезекте есімдері аталған кісілерді дереу қамауға алып, тергеу амалдарын жүргізу керек,-деп Свинаренко сөзін қорытындылады.

Бірінші болып Кеңес өкіметінің қас жауы Мұстафа Шоқаевтың інісі Нұртаза Шоқаев тұтқындалып, абақтыға жатқызылды. Нұртазаның әкесі Шоқай оң жыл болыс болып, патшадан сыйлық алған кісі. Нұртазаның өзі де 1930 жылға дейін ауылдағы атқамінерлердің бірі болған. 1931 жылы мемлекетке салық төлемегені үшін еңбек түзеу жұмыстарына сотталған. Бірақ жазасын өтемей Өзбекістанға қашып кетіп, 1936 жылы ауылына оралған. Әйелі Зульфия 42 жаста, қызы Мадина 13 жаста, ұлы Мадияр 10 жаста, қызы Жәмиля 5 жста, ұлы Мырқыайдар 1 жаста. Кеңес өкіметіне қастандықпен қарайды, өткізіп жатқан іс-шаралаына, колхоз құрылысына қасы үгіт-насихат жүгізіп келеді. Сонымен қата, Отанына опасыздық жасап Францияға эмиграцияға кеткен ағасы Мұстафа Шоқаймен бір кездері хат жазысып тұрған.

Отызыншы жылдары Мұстафаның тетелес інісі Нұртаза бір рет ұсталып жазықсыз болған соң қайта босап шығады. Ол енді колхоздастыру науқанына белсене араласып, диқаншылық кәсіппен айналысады. Алайда, саясаттан тысқары, шаруа күйттеп жүрген Мұстафаның туған-туысқандары да сталиндік зұлматтың ұзын құрығынан құтыла алмай қалды.

Отыз жетінші жылы Шоқайұлы Нұртаза мен Қалмұхаммедұлы Мырзеке ұсталып, содан хабар-ошарсыз кеткен. Оларға байланысты құжаттар жарты ғасырдан астам уақыттан соң жарыққа шықты.

Қызылодадағы Мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің подполковнигі Ә. Бәкіров құжаттардың Шымкент қаласындағы МҚҚ архивінен табылғанын, онда Нұтаза Шоқайұлының РКДСР Қылмыстық Кодексі 58 бабының 10 және 11 баптарымен айыпталғанын айтады. Ол баптар өкіметке қарсы қылмыс жасағандарға қолданылады, Қылмыстық іс бойынша 6 адам: Нұтаза Шоқаев, Мырзеке Қалмұхамедов, Сыздық Дүйсенбаев, Қарым Әлімбаев, Досқұл Бәліасаров, Фазылбек Құлтасовтар жауапқа тартылған. Олар 1937 жылғы қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының НКВД басқармасының «үштігінің» шешімімен әртүрлі жазаға кесілген.

Қылмыстық құжат бойынша Нұртаза Шоқайұлы бірінші болып айыпталады. Тергеу анкетасында ол туралы 1890 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарайтын Қызылорда ауданындағы № 14 ауылда туып өскендігі, кедей шаруа болғанымен бұрынғы бидің баласы екендігі айтылады.

Осы жерде кезінде Нұртазаның хат танымаған нағыз шаруа адамы екендігін, өмірде біреудің ала жібін атамаған момын кісі болғандығын айта кеткен жөн. Оның жоғарғы құжатта туған жылының 1890 жыл деп көрсетілуінің өзі де көп жайды аңғартады. Біріншіден-бұл оның ағасы Мұстафаның туған жылы, екіншіден- оның өз туған жылы 1985 жыл. Өз туған жылын да дұрыс білмейтін, күнделікті шаруа қамынан басқаны ойламайтын адамды Кеңес өкіметін құлатуға әрекет жасады дегенге кім сенеді? Ал, сол кездегі ша ал десе бас алатын жан алғыш әзірейілдер құжатты өздері толтырып,сауаты жоқ сорлыларды «қылмысын мойындады»деп бармағын бастырып, көз көрмес, құлақ естімес жаққа аттандыра берген.

Тергеу барысында Нұртазадан 1937 жылғы 10 тамызда Қызылорда аудандық НКВД бөлімінің бастығы, мемлекет қауіпсіздігінің кіші лейтенанты Свинаренко бір-ақ рет жауап алған. Ол жауап төмендегідей тәртіппен жүргізілген.

Сұрақ: Сіз шет елде тұратын Мұстафа Шоқаевпен қалай байланысып тұрдыңыз?

Жауап: Мен өзімнің ағам Мұстафа Шоқаевпен 1934 жылға дейін хат арқылы байланысып тұрдым. (Бұл хат танымайтын адамның айтып тұрған сөзі)

Сұрақ: Кім арқылы және қалай байланыстыңыздар?

Жауап: Мен Мұстафа Шоқаевпен 1922 жылы Қожанов Сұлтанбек арқылы байланыстым. (Бұл жерде Нұтазаның сөзі арқылы Сұлтанбекке де жала жаптырып тұр)

Сұрақ: Қандай жағдайда Қожанов сізді шет елде тұратын ағаңыз Мұстафа Шоқаевпен байланыстырды?

Жауап: 1922 жылы қыркүйек айының 1 де №14 ауылға шабарман келіп, құпия түрде Ташкенге мені Қожанов Сұлтанбек шақырып жатыр деді. Келген кісінің аты-жөні Юсупназаров Абдулла екен. Ол Мұстафадан менің атыма хат келгенін хабарлап, оны Қожановтан алуға болатындығын айтты. Мен кешікпей Ташкенге жүріп кеттім. Сондағы Қожанов Сұлтанбектің үйін тауып, онымен жолықтым. Ол маған Дулатов арқылы келіп түскен Мұстафаның хатын берді. Содан бастап мен онымен хат арқылы тұрақты байланысып тұрдым.

Сұрақ: Қожанов Сұлтанбектің үйінде қандай тақыыпта әңгіме айттыныздар?

Жауап: Қожанов маған Ташкенде бірнеше күн қалып демалуды ұсынды. Әңгіме үстінде ол Мұстафа жайында біраз жақсы сөздер айтты. Олар екеуі бір кездері бірге оқып, дос болған екен. Оның ерекше қабілеттерін айта келіп, шет елге кетіп қалғаны- оның көрегендігі деді. Ол шет елде жүріп қазақ халқына көп көмек көрсетті. Ұлттық мәселеге деген көзқарасы өте дұрыс деп мақтады. Өзінің сол Мұстафаның пікіріне қосылатының білдірді. Әңгіменің ең соңында ол бірігіп контрреволюциялық-ұлтшыл жұмыстарды ел арасында жүргізіп Кеңс өкіметін құлатуға шақырды. Мен оған өз келісімімді бердім. Осыдан кейін Қожанов менің хал-жадайымды сұрап көмек көсетуге әзі екенін айтты. Бірақ, көп ұзамай мен науқастанып ауылға қайтып кеттім.

Сұрақ: Сонымен Қожанов Сұлтанбек 1922 жылы қыркүйек айында сізді Ташкен қаласына шақырып, Мұстафа Шоқаевтың хатын беріп екеуі бірге құрған контрреволюциялық-ұлтшыл ұйымына сізді тартқан болды ғой?

Жауап: Осы жерде мен бойымдағы барлық күш жігерімді жинап контрреволюциялық ұйымға 1922 жылы кіргенімді мойындауым керек. Сол жылы Ташкенге барғанымда Қожанов Сұлтанбек мені осы ұйымға тартты. Ол Мұстафа Шоқаевпен бірігіп Кеңес өкіметіне қарсы әрекеттер жасап құлатуға шақырған болатын. Осындай жұмыс менің де ойымда жүр еді. Сондықтан да мен оған келісімімді бердім.

Сұрақ: Бұл контрреволюциялық-ұлтшыл ұйымға тағы кімде кірді? Олардың аты-жөндері кім?

Жауап: 1922 жылы менің байқауымша бұл ұйымға Қожанов Сұлтанбек, Мұрзалиев Сейтназар, Мұсаев Ғалымжан, Иса деген кісі және Франция елінде тұратын Мұстафа Шоқаев кірген. Кейіннен бұл ұйымға Қайыпназаров Сәден, Досқұл Шардар кірген. Кейіннен бұл Өзбекістандағы түйешілердің артелінің адамдары кірді. (Басқасы басқа, бірақ айдалада шаруа күйттеп жүрген түйешілердің шыбын жандарын шүберекке түйіп, Кеңес өкіметіне қарсы күрес жүргізетін артельге кірулері күлкілі емес пе?)

Сұрақ: Сіз кірген контрреволюциялық-ұлтшыл ұйым қандай жұмыстармен айналысты?

Жауап: Бұл ұйымның барлық жұмысы Қожанов Сұлтанбектің басқаруымен жүргізілді. Оның нұсқауы бойынша біз ел арасында Кеңес өкіметіне қарсы үгіт жүргізіп отырдық.

Сұрақ: Сізден басқа тағы кім Мұстафа Шоқаевпен хат арқылы байланысып тұрды?

Жауап: Меніңше, Мұстафа Шоқаев пен Қожанов Сұлтанбектің өзі байланысып отырды..?

Сұрақ: Сіз кінәңізді мойындайсыз ба?

Жауап: Иә, мен Кеңес өкіметіне қарсы қалыптасқан контреволюциялық-ұлтшыл ұйымға кіргенімді мойындаймын.

Жауап берген: Нұртаза Шоқаев

Жазып алған: Свинаренко

Сұақ-жауап түріндегі әңгіменің желісі осындай. Осы жауаптың негізінде ешқандай дәлел-дерексіз 1937 жылы 1 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының НКВД басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Кальнинг айыптау қорытындысын екіткен. Онда «Контрреволюциялық ұлтшыл ұйымға байланысты қозғалған қылмыстық істің алдын ала тергеу кезінде анықталғаны: Шет елде Шоқаев Мұстафа басқарған контрреволюциялық-ұлтшыл Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан жерінде ұлтшыл-фашистер Қожанов, ысқұлв, Жандосов, және басқаларының басшылығымен құрылған контрреволюциялық-ұлтшыл ұйым болған. Бұл ұйым Кеңес өкіметін құлатып, Қазақстандағы буржуазияшыл-ұлтшыл мемлекет құруға бағытталған. Осы ұйымға Шоқаев Нұртаза және басқалары белсенді қатысқан деп тұжырымдалған. Осы «айыптарлың» негізінде Нұртаза Шоқаев та, Мырзеке Қалымбетов те (дұрысы Қалмұхамедов –автор) атылған.

Олар арада жиырма жылға жуық уақыт өткенде 1956 жылғы 30 желтоқсанда қылмыстары дәлелденбегендіктен ақталды.

Мырзеке мен Нұртаза «халық жауы» деп ұстап кеткен соң ендігі кезек өздеріне келетінінсезген Шаймерден Оспанұлы мен Бәкір Әлішұлы бір түнде үй ішімен жасырын көшіп, Қоқан қаласына барып бас сауғалайды.



  • Туысқан өзбек халқына мың да бір рахмет. Бізді шетқақпай қылған жоқ. Өзбек ағайындарымен бірге егін ектік, мал бақтық, сөйтіп күнімізді көрдік кой. Бірақ, туған жерге не жетсің,-дейді өткен күндерді қинала есіне алған Ғани Бәкірұлы. – Ер азаматқа кісі елінде сұлтан болғанша өз елімде ұлтан болған жақсы екен, Несін жасырамыз, кісі елінде жасырынып жүріп, өнер-білімнен де мақұрым қалдық. Әкеміз Бәкір «Бошайлар оқудың зардабын тартқанан басқа рахатын көрген » деп менің оқуыма да қарсы болды.

Жасымнан қой бақтым, егін ектім қолымнан келшен ше шаруа күйттедім.

Көп жылдар бойы Өзбекістан жерін пана тұтқан ағайынды Сейдуәли мен Ғани Бәкірұлы кейіннен туған ауылымен қайта қауышып, туған ауылы- бұрынғы «Бірінші мамыр» (қазіргі Мұстафа Шоқай ) кеңшарында Шопан болып еңбек етті. Олардың еңбек жолдары кейінгі жастар үлкен мектеп. Қазір ағайындылардың екеуі де құрметті еңбек демалысында. Ал, кешегі елуінші жылдардың зобалаңында жазықсыз жазықсыз қуғына ұшыраған Нұртазаның жалғыз ұлы Мадиярдың тағдыры өте аянышты.

Сталиндік нәубет ешкімді де аямаған. Оның тозақ оты үлкендермен қата енді енді желкілдей өсіп, бой түзеп келе жатқан жасөспірімдер тағдырын да шарпып кеткен. Ол туралы қазіргі көзі тірі қариялардың әңгімесін тебіренбей тыңдамау мүмкін емес.

Жастайынан мен де молданың үрім-бұтағы ретінде қуғын-сүгінді көп көрген жанмын,-дейді қазіргі зейнеткер Әбдулатиф Әбдіқайымұлы. -Өзім әкеден ес білер –білеместе жетім қалып, әкемнің ағасы Омар молданың қолында тәрбиелендім. Ол кісі де молда болғаныүшін 1917 жылдн бастап қуғынға ұшырап, талай мәрте тас үйде отырып шықты. Өз басым 1942 жылы сол кездегі «Қызылту» колхозындағы (қазіргі Амангелді атындағы кеңшар) жеті жылдық мектепте оқып жүрген кезімнен НКВД нің қудалауына түстім.

Алайда, оның да көз тірісінде көрмеген құдайы жоқ. Ақыры қуғын-сүргінге шыдай алмаған Мадияр 1952 жылы туған жерінен кетіп, туысқан Өзбекістан жеріне қашып кетуге мәжбүр болған. Бірақ, шаш ал десе бас алатын қызыл жағалылардың қуғынынан қашса да құтыла алмаған. Коммунистік идеялогияның сойылын соққан әпербақанда Мадиярды «халық жауының тұқымы» деп тас үйге де қамаған, институттан да шығатқан мұғалімдік қызметтен де қудырған.

Тағдардың қатал соққысына ұшырап, шөре-шөре тірлік кешкен жоғарғы білімді оқытушының ақыр соңында от жағушы болып жұмыс істеп, күн көріп, күек ашуынан басқа амалы қалмаған. Шектен тыс әділетсіздәкке төтеп бере алмай, ішкілік ішіп кеткен кездері де болған. Өмірден күде үзгені соншалық өз-өзіне қол салмақ болған.

Иә, бәрі де болған. Оның бәрін айта бесек, таусылмас жыр. Бүгінгі ұрпаққа ертегі сияқты. Кейде сол азапқа аыстаымыз қалай төтеп бергеніне таң қаласың.

Ғани Бәкірұлының айтуы бойынша Мадиярды Өзбекістанда жүргенде (1953-54 жылдары болуы керек) жергілікті МҚК қызметкерлеі шақыртып алып, Мұстафаның шет елде тұратын қызының сұрау салуы бойынша Гермения Федеративті Республикасынан хат келгендігін айтқан көрінеді. Бұл хаба Мадиярға тосыннан жай түскендей әсер етеді. Қуғын-сүгіннен әбден зәезап болған ол өзінің әлгі хат иесін «туысқаным еді» дейтін болса баса тарп беріп, мүлде күн көсетпейтінін ойлап үзілді-кесілі бас татып, қолхат жазып береді.

Көзі тірісінде өз жеріне, өз еліне сия алмаған атақты тұқымнан шыққан асыл тұйяқтың бірі- Мадияр Нұртазаұлы алпысқа толар толмаста көршілес Өзбекстан жерінде дүние салады. Бүгінде оның Ғалым атты ұлы ырдаия ауданының орталығы – Тасбөгет қалашығында тұрады.

Мұстафа туысқандарының ішінде көп қудалауға ұшырағандардың бірі- Торғай датканың немересі – Оспанұлы Шаймеден. Отыз жетінің нәу бетінен көп азап тартып, көршілес өзбек халқының арасына сіңісіп кеткен оны аталас інісі Әбдікәрім Аманқұлұлы алпысыншы жылдары туған елге көшіріп әкеледі. Шаймеден 84 жасында 1968 жылы дүние салады. Оның үрім-бұтағы да Өзбекстан елінде.

Орыс отарында болған ойранды жылдары, тұтас бір ұрпақ ғұмырына созылған кезеңде Кеңес өкіметіндегі коммунистік саясаттың құбаны болған Торғай датқа ұрпағының көрген азабы мен тартқан бейнетін тілмен айтып жеткізу қиын.Ол туралы сөз қозғағанда еріксіз еңсең түседі. Еріксізден еріксіз «осы біздің әкелеріміз қандай қоғамда өмір сүрген фашистік пе, алде орта ғасылық реквизиторлық қоғамда ма» деп ойлайсың. Қудаланғандар тіпті беріге дейін қит етсе кім көінгеннен «ойбай, мынау елін сатқан Мұстафаның туысқаны, бұл бізге де, халыққа да жау» деген қараптан қарап естіген жанның төбе құйқасынг шымырлатар ауыр сөздеріне де шыдап келген. Не деген шыдам, не деген төзім? Ондаған жылдар бойы өз деріне, өз еліне сыймай, шетқақапай көріп, шеттен жүріп, тағдырдың ауыр тауқыметін көтере білген сол бір жазықсыз жандардың соншалықты шыдамдылығы мен төзімділігіне қалайша тәнті болып, қалайша қайран қалмассың?

Бүгінде біздер, сол бір тар заманда запыран құсумен өткен, нахақтан жалалы болып сотталған, айдалған, атылған, көпшілігіне туған жердің топырағы бұйырмай сүйегі жат жерде қалған қазақ ұлтының мыңдаған боздақтарымен бірге Торғай датқаның жұрағаттарын, оның немересі ұлтымыздың нарқасқа ұлы, көп түріктің көсемі- Мұстафаны еске алып, рухына бас иеміз!

Мұстафа біз үшін жан дүниесі беймәлім, құпиясы мен қалтарысы көп шешуі қиын жұмбақ жан болып келді. Енді сол жұмбақты шешетін уақытта жетті. Мұстафаның еңбектерін қайта-қайта саралай оқып, оны ой елегінен өткізген сайын тәуелсіздік жаршысы болған бітім болмысы қара бұлтты жарып шыққан алтын шапақты күндей жарқырап ашыла түседі. Оның бұлтартпас дәйектемелер мен делелдерге негізделген ой маржандары көрегендігі мен көсемдігі еріксіз таң қалдырып, таңдай қақтыртады.

Адамзат тарихында ХХ ғасы ұлы-төңкерістер кезеңі болды; оның бірі – зорлық-зомбылық төңкерісінің Ресейдегі данышпаны – Владимир Ильич Ленин,екіншісі- зорлық-зомбылықсыз төңкерістің данышпаны Махатма Ганди еді.Сонкау ХХ ғасыдың жиырмасыншы жылдары айтқан академик Ванадскийдің осы бір тұжырымының пайғамбарлық болжам екенін кейінгі өмірдің-өзі дәлелдеп шықты.

Владимир Ленин де, Махатма Ганди де ойға алғанын орындаған данышпандар еді. Ал, ойға алғанын орындайалмай бұл дүниеден қапыда кеткен ғасыр басындағы үшінші данышпан түрік тектес халықтардан шыққан Мұстафа Шоқайұлы болатын.

Ол кезінде халқын ұлттық тәуелсіздік жолындаы ұлы күеске көтерген С.Датұлы, Кенесары-Наурызбай,Исатай-Махамет,Садық секілді ұлы тұлғалардың ісін жалғастыушы еді.

Мұстафаның ұстаған жолы- халықты тәуелсіздікті қантөгіс арқылы емес, керісінше, дүниежүзіндегі демократиялық күштерді араластыру арқылы бейбіт жолмен алу болатын.

Ол үшін халықтың ұлттық санасын ояту қажет болды. Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпайтынын жете білген ол Кеңес өкіметінің қол астындағы мұсылмандар қауымының де жеке дара күесі ақылы тәуелсіздік ала алмайтынын нық болжай алды. Ұлы күреске бүкіл түркі тектес иісі мұсылман қауымын түгел көтеруді мұрат тұтты.

Қыр баласы Мұстафаның әлемдік биіктегі тұлғалар қатарынан көрініп, алған асулары мен халқы үшін жасаған жанқиярлық еңбектері ұлтын сүйер бүгінгі азат ұрпақ үшін ауадай қажет. Тәлімі мол, тағылымды күн кешкен Мұстафа әлемінің ашылмаған сыры, айтылмаған ақиқаты көп.

Тарихты құрметтеп, ұлт ұлыларын ұлықтау – ұрпақ парызы. Ендеше, біздің бұл тамшыдай ғана танымымызды тарихты парақтағандағы пайым деп ұғыңыз.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Ермек Тұрсынов Мұстафа Шоқай. «Балалар әдебиеті»,2008

  2. Әмірхан Бәкірұлы Франц операциясы, Тұмар,2010

  3. Сарбұлақ Ибрашұлы Мұстафа Шоқай, Тасбөгет,1993

  4. Ғаламтор сайттары мен баспа сөз құралдары






Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет