Тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтық тәрбие берудің мән-мағынасы



бет1/3
Дата25.01.2017
өлшемі0,55 Mb.
#7793
  1   2   3
Тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтық тәрбие берудің мән-мағынасы
МАЗМҰНЫ  

     Кіріспе                 

1     Оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру     

1.1  Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру          

1.2  Жеке тұлға қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі       

1.3  Музыка мен әдебиеттің байланысы                                                 

2     Тәжірибелік жұмыстағы әдістер

2.1 Музыка сабағындағы шығармашылық қабілетті  дамытуда тәжірибелік жұмыстар

2.2  Музыканы тыңдай, қабылдай білуге тәрбиелеу әдістері         

2.2.1  Музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеттері  

2.2.2 Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін   тәрбиелеудің негізгі шарттары

2.3  Шығармашылық тапсырмалар

3    Жас ұрпақты музыка арқылы тәрбиелеу  

3.1  Музыка пәні мұғалімінің музыка сабағында оқушыларды ұлттық тағылым арқылы өнерге баулуындағы  кәсіптік       шеберлігі

Қорытынды   

Қолданылған әдебиеттер тізімі  

Кіріспе

Тәуелсіз елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілесу саясатты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласын, соның ішінде өнер саласында мәдениет пен білімді дамытуда аса маңызды рөл атқарды. Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында (1996): "Тәрбиенің түп мақсаты -  коғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, білікті, жанжақты мәдениетті жеке түлғаны тәрбиелеу" - деп өнер мен мәдеиетті дамытуға ерекше мән берілген. Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени - рухани мұраның жетістіктерін келешек үрпаққа қалдырудың үлесі зор. Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі халықтық тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін балалардың сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге деген эстетикалық көзқарасы оның қызметінің барлық саласында көрініп түрады. «Ата-бабаларымыздың рухани мәдени мұраларының тарихи ескерткіштермен ғана шектелмейтіні мәлім. Аязды, аңызақ желді, қақаған қысы мен аптап ыстығы жеткілікті ұлан-ғайыр кеңістіктегі шаруашылық ұйымдастыру мен күнкөріске байланысты қалыптасқан қазақтың қол өнері, әуез аспаптары, тіпті қырыққа тарта жанрлары мен қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиеті белгілі бір мазмұнға құрылатын күйлері, ақындық шешендік өнері, халық әуендері мен билері, ұлттық әдет-ғұрып, ізгілік, имандылық дәстүрлері қазақ ұлтының ақжанын сезілтіп оятатын құбылыстар». Музыка пәні арқылы тәрбие беру тек қана жекеленген нысандарды елестете ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге деген эстетикалық қатынасқа тығысатын барлық үйреншікті заттарға, дағдылы әлемге жаңа қатынас орнатады.       

Жоғарғы оқу орнының болашақ түлектеріне: «Ұстаздық  еткен   жалықпас,   үйретуден   балаға», - деп, ұлы Абай айтқандай, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие  беріп,  жан-жақты  дамыған тұлғаны қалыптастыруға  үлес   қосатын   ұстаз  орны  әрқашан ерекше. Сондықтан да бүгінгі өмір талабы ұстаздарға қажымай-талмай жемісті еңбек етіп, ыждағаттылықпен, шығармашылық ізденімпаздықпен жұмыс істеуді міндеттейді. Ұрпақ тәрбиесі ісіне жете көңіл бөліп, жас жеткіншектерге музыка әлемінің қыр-сырын үйретуде талапқа сай ұзтаздарымыз еңбек етіп жүр.



Курстық жобада- халықтың дәстүрлері арқылы оқушыларда халықтық музыка өнеріне деген дүниетанымын қалыптастыру жұмыстары қарастырылады. Мұғалім үшін бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқыту процесіне мынадай міндет қойылады: оқушылардың музыка ұлттық қазына арқылы қызығушылығын ояту, шығармашылық қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру және халықтық мұра-орындаушылықты насихаттау. Музыкадағы оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі басты мақсат - әрбір жас адамды қоғамның тірегі, рухани бай, мәдениетті, эстетикалық талғамы зор, өз Отанының елжанды азаматы етіп тәрбиелеу болып табылады. а) музыканы тыңдау және ән салу, күй, жыр сияқты музыкалық шығармалардан үзінділер орындау (кез-келген музыкалық аспапта); ә) музыкалық шығарламалардың мазмұны мен үлгісіне қатысты төл ерекшеліктері және қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениеті туралы білім қалыптастыру; б) ән мен күйдің идеялық, эстетикалық мәнін түсіну, олардың сезім тербер дүниелі мазмұнын болжау; в) оқу барысында (оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы) еркін шығармашылық ахуал орнықтыру мақсат тұтылады. Ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін музыка мұғалімі ұдайы өзін-өзі шындап, дамытып отыру керек, жаңаша ізденіс үстінде болуы қажет; г) басқа пәндермен байланыс жасау, шешендік өнерін дамытуға ден қою, тіл ұстарту мәселесіне көңіл бөлінеді. «Әлемнің басты өлшеушісі – ол Адам». XXI ғасыр табалдырығын аттау сәтінде тұрып, жан-жақты дамыған қоғам ретінде адамгершілік қасиетті жоғары сақтауды талап етеді. Көпқырлы қоғам бағытын жетілдіру процесінде, ой-өрісі жоғары, мәдени тәрбиелі, сезінуі, эмоциялылығы, өмірдің бағасын сезіне, болжай білуіне үйретеді. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан қорытынды, әдебиет тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, маңызы, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері анықталып, жұмыстың тәжірибелік мәні жарықтандырылады. Бірінші тарау оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту қарастырылады. Екінші тарауында теория мен тәжрибе ұштастырылып халық музыкасы арқылы оқушыларды тәрбиелеу жолдары қарастырылады.

  1. Тарау. Оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру.

1.1.Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру.

Біздің қоғамымыздың жас мүшені нағыз адамзаттық көзқарасын дәйекті көзқарасының қалыптасуын тек білімге ғана негізделмейді, оған қоса өзінің сезім түйсігінен, ар-ожданның елегінен өткен ақыл-ой қызметі қажет. Бұл жерде өнердің алатын орны ерекше, себебі біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың музыка және өнер әлеміндегі ірі-ірі тұлғалардың ғасырлар бойы жинаған бай тәжірибесінің арнасын одан әрі кеңітіп дамытуымыз керек. Оқытушылардың музыкалық тәрбиесінің тәжірибелік нәтижелілігі жоғары көтерілуінің қажеттілігінің алғы-шарттары олардың білімі мен музыкалық дамуы болып саналады. Жастардың жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың өнер жолында ең жақсы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуде мүмкіндік туғызады. Бұл мәселелерді көптеген ғалымдарымыз зерттеді. Қазақстандағы музыкалық сын саласында әр кезеңдерде белгілі музыка танушылары – Б.Ерзакович, М.Ахметова, А.Темірбеков, Л.И.Гончаров, З.Қоспақов, Б.Қарақұлов және А.С. Райымбергеновтар. Музыканы қабылдау, әрине күрделі процесс, осыған орай Д. Кабалевский былай деп жазды: «Музыкаға деген қызығушылық музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды»   Әрбір оқушының сана- сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, музыкалық қабілеті бірдей болып келе бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі- тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Демек, оқытушы өзінің тәрбие жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады. Адамның тұлға болып қалыптасуы жолында халық музыкасының әсері ұлан-ғайыр. Музыка өнері тек эстетикалық құрал ғана емес, оның өзге сипаттары да бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Бұл турасында, орта мектеп бағдарламаларында осы тұрғыдан да зер салып, әдістемелік тәсілдеріміздің  мазмұнын байыта түсуіміз керек-ақ. Сондықтанда жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек сияқты. Байқасақ, әрбір жүргізілген музыка сабағының тәрбиелік мәні өте зор. Мектепке мұғалімдерді кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі нысана музыка болуы керек. Бастауыш сынып оқушыларының әсемдікті көре, түсіне, жасай білуі мен рухани өмірін байыту,  туған еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін және ұлтымыздың бай қазынасы - қазақ фольклорына қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойында эстетикалық  мәдениетті тәрбиелеу – бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. Оқушының әсемдікпен әрсіздікті, жақсы мен жаманды, мейірімділік пен  зұлымдықты, қуаныш пен қайғыны түсініп ажырата білуіне байланысты оның эстетикалық мәдениеті мен мінез-құлық дағдылары айқындалады. «Жаратылыстың, һәм өнердің сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін  оятады. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, сұлу суреттен, біреудің поэмадан. Тәрбиешінің міндеті балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету», - деп А. Жұбанов айтқандай, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетінің дамуы сынып жетекшілерінің және пән мұғалімдерінің шеберлігі мен тәрбие құралдары қазақ фольклор жанрларын тиімді қолдана алуына, әдіс-тәсілдеріне байланысты. Оқушылардың музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістері алуан түрлі және ол оқушының жас мөлшеріне тәуелді. Музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады. Педагогикалық ғылым мен практика оқушының  шығармашылық қабілетінің неғұрлым тиімді әдістерін анықтап отыр. Олар: оқушылардың музыканы қабылдауы мен эстетикалық мәдениетінің бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдістері: а) қоршаған  ортаны жасампаздандыруға және мінез-құлық мәдениеті  дағдыларын  қалыптастыруға арналған практикалық іс-әрекеттерге үйрету, жаттықтыру әдістері; ә) шығармашылық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін  проблемалық жағдайлар сияқты әдістер жатады. Шығармашылық қабілетті қалыптастыруда қолданатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайдалану керек екендігі. Оқушыда эмоциялық үн қосу өнер шығармаларымен тікелей ұшырасқанда пайда болады. Бұл әдісті көрнекілік, сондай-ақ ауызша әдіс деп те санауға болады. Үйрету - жаттықтыру әдісінің мәні - оқушыны тыңдай, көре бағалай білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекет етуге үйрету. Үйрету, жаттықтыру әдісі көп қайталауды талап етеді және түрлі жағдайларда қолданылады. Аталған әдістерді кешенді пайдалана отырып оқушының қабылдау белсенділігін тәрбиелеу керек. Оқушылар әдебиетті оқуға, музыканы тыңдауға ынталы келеді. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін оқушыларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздың міндеті. Оқушылардың шығармашылық қабілеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы шығармашылық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік  элементтерін енгізе алады. Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие беру саласында көп өзгерістер жаңалықтар болып жатыр. Бүгінгі күнде негізгі мақсат жан-жақты дамыған білімді тұлғаны тәрбиелеу. Өзгерістер өнер саласын да қамтыды. Тәрбиелеудің бір құралы кең сан қырлы ұғымды қамтитын музыкалық өнер. Халық тағлымының байлығын өн бойына жинақтаған ертеден қалыптасқан педагогикалық тәжірибеде, тәлім-тәрбиеде оқу-ағарту мәселелері әлі де жетерлік. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Қазақ халқы құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күйді ұнатқан. Домбыра сөйлейді, қобыз жеткізеді, сыбызғы білдіреді деген сөз тіркестері қазақ мәдениетінде кездейсоқ кездеспейді. Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда музыка мұғалімінің негізгі міндеті толықтырылған кеңейтілген бағдарлама негізінде оқу-тәрбие үрдісін және ұстаздың педагогикалық шеберлігін дамыту. Жас өспірімнің бойында талғампаздық эмоциялық сезімпаздық қалыптастыруында, оның мәдениетті болып өсуінде музыка әлемін түсінуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Әр түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды тану, музыкадағы түрлі кезеңдермен көңілді ажыратуда оқушының музыкалық шығармашылығын дамытады. Жас өспірім – тыңдаушы, орындаушы музыкаға деген өзінің ой-пікірін көрсететін, түсінетін оқушы. Сондықтан музыкалық шығармашылық қабілеттің басты саласының бірі ол музыка арқылы тәрбие. Эстетика мен музыкалық шығармашылық қабілеттің ортақ мәселесі адамның табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту. Мұғалімнің міндеті оқушының жай ғана музыкалық икемін дамытып, оған музыка білім ғана беру емес, оған музыкаға күнделікті байланыс керектігін таныту арқылы оның шығармашылық белсенділігін арттыру. Музыкалық тәрбие әдебиет бейнелеу өнері, тіл, тарих тағы басқа пәндермен байланысты. Сонда ғана біз оқушының мәдениетті жан дүниесі бай ой-парасаты кемелденген білімді оқушы етіп тәрбиелей аламыз. Музыка тіл айтып жеткізе алмайтын адамның киелі нәзік сезімі. Музыка бұл сезім тілі, адам жанын баурап алатын, моральдық сезімдік эстетикалық бірлігі болып табылады. Мектептегі музыка пәні оқушыларға басты тәрбие құралы болып есептеледі. Олардың рухани өмірі мен тәжірибенің музыка әлемін түсініп қабылдауы. Оқушының талғампаздығы, эмоциялық сезімталдығы, білімділігі, мәдениеттілігі, жас өспірімге ақыл-ой, сана-сезімдігі жақсы мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Музыканың қажеттілігі – ол музыка өнерінің негізімен оның өмірі мен байланысы жайлы түсінігін жетілдіру, баянды меңгеруіне көмектесу. Музыкалық тәжірибелік іскерліктерін дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқушының бойында рухани мәдениеттің маңызы мен ажырамас келбетін байытатын музыканың әсері мол. Олардың бойында түсінігі, сезімдік қабілеттілігінің тұрақтылығы музыка тілінің ерекшелігін меңгеру. Музыка сабағында, сыныптан тыс уақыттарда бастауыш сынып оқушыларымен музыкалық тәрбие жұмысын жүргізе білуге, күнделікті өмірге музыка өнерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңірек пайдалана білуге даярлау. Негізгі мақсаты: оқушының бойында рухани мәдениеттің аса маңызды ажырамас бөлігі музыкалық мәдениетті қалыптастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру. Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, халық музыкасына, өз халқының рухани мәдени мұрасына, салт-дәстүріне сезімдерін оятады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген достық, ұлт аралық бірлікке сезімдерін ояту, оны жетілдіру. Балалардың музыка арқылы түсінігін сезіну қабілетін музыка ерекшелігін меңгеру. Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу музыкалық тәрбие арқылы жаңа тұлғаны, жаңа адамды тәрбиелеп қалыптастыру. Сухомлинский былай деді: «музыка адамның табиғаттың әсемдігінен, еңбекке деген құлшынысын арттырады, музыканың арқасында адамның айналаға, өмірге, тіпті өзіне деген көзқарасты өзгертеді.» Оқушыларға музыкалық тәрбие беру олардың өнерге деген сезімін ояту, таңдаулы халықтың шетелдік және классикалық музыкасын, Қазақстан композиторларының шығармаларын сүйіп тыңдай білуге дағдыландырып үйрету негізінен музыка сабағында, іске асырылады.   1.2. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде  өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен  көрінуге тырысып бағады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі  мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше дараланған жеке тұлға. Адамдар жеке тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Жеке тұлға дегеніміз адамның мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындығы ерекшелігімен даралануы . Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай болуына қарамастан, өзін қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, ал енді біреулер сын көзімен қарап ой қорытуы, сыни пікірлер айтуы мүмкін. Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі де әр түрлі. Ол адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктермен тығыз байланысты. Мәселен біреулердің бір нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті болса, ал екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреу бір айтқаннан білімді тез қабылдаса, ал екінші бір адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулердің сурет салуға, ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктер адамдардың басқалармен ұжымдық қарым-қатынасында байқалады. Сонымен бірге адам баласы өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатынын ескеруге де тура келді. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толығуымен байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, оның жаңаруы мүмкін. Бұған қоса әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары мен достарының  да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалы зор. Сондай-ақ басқалардың көзқарасын, ой-пікірлерін қабылдау дәрежесі де түрліше болады. Сондықтан да әр адамды бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігімен дараланған тұлға дейміз. Жеке тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың іс-әрекетімен салыстырып байқауға, басқалардың бойындағы артықшылық қасиеттерді көре, тани білуге, соған теңелсем, сондай болсам  деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті. Жеке тұлғаға тән қасиет – ақыл, ес, яғни олар өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұрады. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. «Тұлға» дегеніміз адамның келешек өмірдегі жобасының келбеті. Яғни адам өз бейнесін өзі жасаушы. Тұлға-жеке адамның өзін өмірде көрсетудегі мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы. Яғни өзі жөніндегі ойын еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі, көрінісі. Сонымен бірге, тұлға дегеніміз сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден –оның  ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден-адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден-жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент органикалық бірлікте қызмет етеді. Баланың тұлғасын жан-жақты дамытуды қаншалықты ерте бастау керек. Туған күннен-ақ бастап, балаларға әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Үй тұрмысы, үлкендердің сөзі, қарапайым балалық өлеңдер, теледидар бағдарламалары және тағы да басқа әр түрлі жағдайлар баланың білімі мен сезіміне жастайынан айрықша әсер етеді. Үлкендердің сөйлегендері баланың тұлғасына  тек жағымды әсер еткен жағдай қазіргі уақытта қол жетпейін арман.  Бірақ баламен қарым-қатынаста болатын адамдар оның  рухани байлығы өте төмен екенін жақсы түсінеді. Сондықтан да әрбір мектеп баланың сана-сезімін байыту мақсатымен ән-күй пәндерін кешіктірмей беру керек. Кейбір кезде балалар музыкалық білімді алмай барлық пәндерден өте төмен балды алып жүрген жағдайлар да аз емес. Оқушыларға өнер саласын ашқаннан кейін, баланың дамуына үлкен әсер етеді. Музыкалық тәрбиені беру үшін алдымен оның мақсаты мен мүмкіндіктерін бөліп шығару қажет.

Музыка ең алдымен эмоционалдық қанағаттандыруды береді. Екіншіден, музыкалық тәрбиенің негіз - ақыл-ойды ғылымның көмегімен жетілдіру. Үшіншіден - бұл эмоционалдық тәрбие. Ең алдымен балалардың қызығушылықтарын ескеріп, мектепте және оны бітіргеннен кейін толық музыкалық білімді алуды қамтамасыз ету керек. Әрбір әдістің негізін музыканың теориясы емес, практикалық жұмыстары қарайды. Балалар музыкаға қызығып кеткеннен кейін ол туралы көбірек білгісі келеді: музыкалық ноталардың белгілерін жазып үйрену, оларды әнге ауыстыру және тағы басқа. Музыка пәніне қызыққан бала кейін музыкалық теорияны да оқуға  талпынады. Музыкалық практика тек қана өлең айту мен аспапта ойнаумен шектелмейді, сонымен бірге әнді тыңдауда практиканы құрайды. Әндер жеңіл, аспаптар–элементарлы, ал әуендер қарапайым болуы мүмкін бірақ қаншалықты құралдар мен материалдар жеңіл болғанмен, олардың көркемдік сапасы жоғарғы сатыда болуы ықтимал. Әрине дамудың ең бірінші сатысында музыкаға деген сүйіспеншілік фундаменті қаланады. Келесі сатыда балалар меңгерген білімін музыканы тереңдетіп тануға жұмсағылары келеді. Міне, дәл осы уақытта баланы әр түрлі кезеңдердегі музыкамен, оның бағыттарымен, стильдерімен таныстыру қажет. Сондай-ақ классикалық шығармалармен қатар жаңа заман шығармаларын беру қажеттілігін ұмытпау керек. Тұлғаны тәрбиелеу – бұл қарым-қатынастың барлық түрлерін сатылы әрі үздіксіз дайындау және іске асыру деген сөз. Бұның нәтижесінде тұлға қоғамдық және мектеп құндылықтарын, әлеуметтік рәсімдерді, нормаларды, ұйымдастырушылық қабілетін және т.б. игереді. Білім беру және тәрбиелеу процессі кезінде тұлғаның әлеуметтендірілуін қамтамасыздандыру қажет. Бұл жаңа ашылыстарды игеруді, өзіндік күн көруді үйренуді, мәдениеттің минимумдық негізін салуды білдіреді. Музыка туралы білім біздің заманымызда күннен күнге үлкен рөль атқарады. Егерде бұндай жұмыс нәтижесінде оқушылар музыка пәнінде эмоционалдық қанағаттанса, онда олар музыкаға деген сүйіспеншілікті бүкіл өмір бойы өткізе алады. Солардың біреулері болашақта композитор, біреулері - әнші, тағы біреулері – жақсы, музыканы сүйсіне тыңдайтын тындарман болуы мүмкін. Музыкалық тәрбиешілер жастарды осы екінші, үшінші топқа қосылып кетулеріне себеп болу керек.  



1.3.Музыка мен әдебиеттің байланысы.

Бұл - музыка пәні сабақтарының ішіндегі аса маңызды тақырыптардың бірі. Мұғалім тақырып ауқымының молдығына байланысты бұған өз жоспарлауымен бірнеше сабақ өткізгені жөн. Сабақ өткізген кезде оқулықтағы материалдарды негізге ала отырып, мұғалімнің қосымша мына жайларға да оқушылардың көңілін аударғаны пайдалы болмақ. Музыка мен әдебиеттің байланысы әртүрлі музыкалық және әдебиет жанрларының арақатынасы шеңберінде алып, енді олардың өрісін ұлғайта отырып, кең, үлкен ауқымда қарастыру керек. Бұл туралы мұғалім алдымен оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдеріне назар аударып, олардың әдебиет сабақтарында өткен халықтық және әдеби ертегілерден, әңгімелерден, прозалық, поэзиялық көркем шығармалардың тілдік ерекшеліктерінен, ырғағынан, ұйқасынан нені байқағандықтарын, алған әсерлері мен тұспал түсініктері жайында сұрап біледі. Музыка пәні сабағында әдебиет пәні бағдарламасындағы шығармаларды пайдалану және аралық байланыстың орнығып, нығая түсуіне көмектеседі. “Музыка және әдебиет” тақырыбында үйірме ретінде жиын өткізіп, онда бәрі бірге музыка тыңдап, әдеби-музыкалық бағдарлама жасап, концерт ұйымдастырудың да маңызы зор. Әрине мұндайда музыка мен әдебиет пәндері мұғалімдері шығармашылық тығыз байланыста болуы қажет. Жүзеге асырылған мұндай шаралар оқушылардың музыка мен әдебиеттің байланысын жете түсінулеріне көмегін тигізетіні сөзсіз. Музыка мен әдебиеттің байланысының ән жанрындағы бірлігі мен тұтастығы, бірінсіз-бірі олқы соғып тұратыны, бірін-бірі толықтырғанда ғана әннің мазмұны мен мағынасы тереңдей түсіп, маңызы артатыны жайлы түсінік орныққан соң, мұғалім біртіндеп оқушылар назарын күрделі жанрларға қарай бұрып, музыка мен әдебиеттің, әсіресе операда, одан соң балетте (музыка мен либретто), опереттада драмалық қойылымдар мен кино өнеріндегі байланыстарына жеке-жеке арнайы тоқталуы тиіс. Мысалы, опера жанрында музыка мен сөз, яғни әдебиет бірдей тепе-теңдікте қызмет атқаратыны, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтындығы дәлелдене ұғындырылғаннан кейін мұғалім оқушылардан: «Тағы қандай музыкалық жанр әдебиетпен тығыз байланысты?»- деп сұрайды. Бұл сұрақтың жауабы «музыкалық - әдеби жанр-балет болуы тиіс» дегенді балалардың өздері-ақ ойлап таба алады. Мұнда музыка сөзсіз орындалғанымен, кейіпкерлердің айшықты образын, мінез-құлқын, іс-әрекеттерін айқындау арқылы әдебиеттегі, спектакльдегі либретто желісі бойынша алға қойған мақсатты орындау міндетін атқарысады. Осылайша мұнда да музыка мен әдебиеттің байланысы анық байқалады. Сондай-ақ оператта жанрында да музыка  мен әдебиет арасы ажырамас бірлікте, тығыз байланыста болады. Ал сахналарда қойылатын драмалық спектакльдер мен кино өнерінде де музыка әдебиеттің көмекші құралы ретінде пайдаланылады. Мұғалім хор, поэма, контата, оратория тағы басқа жанрлардағы музыка мен әдебиеттің байланысы жөнінде тоқталуына болады. Ақырында «Музыкасыз әдебиет, әдебиетсіз музыка жанрлары қандай күйде болар еді? Бір-бірінсіз өмір сүре алар ма еді?» деген сұрақ төңірегінде қорытынды сабақ өткізген орынды. Мұны адам үшін мидың, жүректің немесе ақыл мен сезімнің қандай рөл атқаратынымен, қалай бағаланатынымен салыстыруға болады. Сөйтіп, музыка мен әдебиеттің ажырағысыз бірлігі мен байланысын бекіту қажет. Музыка мен әдебиет әр түрлі көркемдік-образдық құралдар арқылы бір-бірін толықтыра байытып, өмір құбылыстарының күрделі әлемінің сырын ашуға, адамдардың оған және өзара қатынастарына, қуаныштары мен жан күйзелістеріне байланысты іс-әрекеттерін көрсетуге өзара бірлікте қызмет ететіндігі жөніндегі ұғымды орнықтырудың мәні зор. Мұғалім тақырып саясында сабақ өткізу барысында бұрында өткен, тыңдаған, жаттап үйренген шығармалардан мысалдар келтіре отырып түсіндіруі тиіс. Сонымен бірге “музыкалық сауат” тақырыбына байланысты оқулықта өтілген материалдар негізінде лад, тоналдық, интервал, акцент сияқты терминдеріне тиісті түсініктемелерді де нақтылы шығарма мысалдары арқылы беріп отырған орынды. Адам сезімін тәрбиелеу проблемасы бірқатар факторлармен шешіледі, оның ішінде өнер басты роль атқарады. Өнер арқылы адам өзінің шын мәніндегі өз ішкі көңіл-күйін білдіреді. Олай болса, бүгінгі мектепте өнердің басты бір мақсаты - ол адам баласының барлық әрекетіндегі сезімталдықты тәрбиелеу. Адамның рухани дамуы белгілі дәрежеде сұлулықты қажетсінуінің пайда болуымен байланысты. Ал, рухани қажетсіну практикалық іске тікелей белсенді араласу нәтижесінде туады. Сондықтан жаңа қоғамның азаматын  тәрбиелеуде партикалық іске қатыстырудың өзі адамның дұрыс шын мәніндегі әдемілікке, әсемдікке деген көзқарасын қалыптастырады. Бұл жерде, себеп пен салдардың өзара ықпал етуі пайда болып, өнерді қабылдауда шығармашылық процесс белгілі дәрежеде практикалық әрекеттен тауып, ал практикалық әрекет өнерді шығармашылықпен қабылдап, оның сұлулыққа деген қатынасының өзгеруін туғызады. Педагог-ғалымдардың бірқатар жеке адамды өнер арқылы тәрбиелеуде мектептің рөліне ерекше мән береді. Өнер табиғатының өзі адамды саяси-идеялық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиелеріне, жасөспірімдердің рухани өсуінің үйлесімді даму мәселелеріне комплексті тұрғыдан қарауды көздейді. Оның әсер ету мүмкіндігін оқу-тәрбие процесінде ескеріп отырғанда ғана іске асады. Өнердің әлеуметтік-адамгершілік, эстетикалық табиғатын ескерудің зор тәрбиелік маңызы бар. Өнер арқылы адамды әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеуде оның педа- гогикалық негізімен қатар психологиялық аспектілерін де ескеру керек. Өнер – адамның айнала қоршаған ортамен көңіл-күй қатынасымен ғана жүзеге асатын бейнелі, образды, эмоционалды ұғымдардың синтезі. Мұнда эмоциялық таным жан-жақты дамып, субъективтік сезімталдық интеллект-парасатын айқындайды. Жас өспірімдердің өнерге деген жоғары талғамы біріншіден, мазмұны терең және көркемдік формасы жоғары өнер шығармаларын қабылдау арқылы; екіншіден, өнер түрлерінің біреуінен жоғары қабілеттің болуы арқылы қалыптасады. Адамда мұндай қасиеттер болмаса, әсемдік қабылдауда, өнер шығармаларын таңдауда талғамы төмен, идеялық-эмоциялық бағалауы нашар болады. Осыған орай адамның үш типін анықтауға болады:

1) өнер шығармаларын дербес, өздігінен бағалай білетін қабылдауы мен эмоциялық сезімдері дамығандар; 2) айналадағы әсемдік пен әдемілікті қабылдауы мен эмоциялық сезімі онша жетілмеген, өнердің ықпалына түсе қоймайтындар; 3) эстетикалық жағынан дамымаған, өнер шығармаларынан ешқандай әсер ала алмайтындар. Өнер арқылы тәрбие беру жүйесінде музыка мен театр ерекше орын алады. Музыка жөнінде ертеде өткен ұлы адамдар оның үнінде адамның әрекеті мен сезіміне әсер ететін құдіреті керемет күш жатқанын айтқан. Музыканың мұндай қасиетін қазақ халқы да жоғары бағалаған. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қанатты сөздерінде бұл пікір жиі ұшырасады. Мысалы, «Тіл жеткізбегенді-үн жеткізеді», «Жақсы ән-жан азығы» т. б. Шынында да, музыка тілімен жеткізе алмайтын адамның тереңде жатқан нәзік сезімінің қылын шертеді. Атамыз Абай: «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй», - десе, Л. Н. Толстой: «Жақсы музыка көңіл-күйдің, жан сезімінің шежіресі», - деген. Музыканың  осындай құдіретті қасиетінің өзі-адамды барлық сұлулықты қабылдауға, оны жан-тәнімен сезінуге, адамды сүюге, құрметтей білуге, рухани байытуға арналған. Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық музыкасы бар. Оның дамуы ұлттық мәдениетінің деңгейіне байланысты. Қазақ халқының да ғасырлар бойы қалыптасқан өзінің тәжірибесі, білімі, көркемдік пен сұлулыққа деген көзқарасы, рухани өмір байлығы болып табылатын бай тарихи өмір жолымен тығыз байланысты.

Ана әлдиі, бесік жыры, қыз ұзату, келін түсіру, мереке, салтанат кештері, ақыр соңында, адамның дүниемен қоштасуы – бәрі-бәрі көз алдыңыздан өтеді. Мұның бірі - қуанышты, бірі мұңды болып келгеніне қарамастан, бәрі адамның жүрек тебіренісі мен сезім-түйсіктерінің оянуы мен байланысты. Бұрын қазақтың көшпелі дәуірінде ауыл-ауыл болып жиылып, ел мақтанышы болған ақындарды, жыршыларды, әншілерді қонақ қылып, айлап жібермей өнерін тамашалаған. Елдің қабілдетті жастары хат танып, қағазға түсіре білмесе де, өлең-жырларды, термелерді қағып алып, кейіннен өздері нақышына келтіріп айтып жүрген. Ақын-жыраулар қабілетті жастарды қастарына ертіп, үлкен өнерге баулыған. Сонау ежелден келе жатқан өлең-жырлар мен шешендік сөздердің, ән-күйлердің қазақ елінің барлық түкпіріне кеңінен таралуы халқымыздың өнерге деген ерекше сүйіспеншілігінен екені белгілі. Мұндай ұлы дәстүрді біз күй атасы Құрманғазының, Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің, Сүгір күйшінің, ән атасы Біржан салдың, Қанапияның, Ақан Серінің, Үкілі Ыбырайдың, Балуан Шолақтың, Естай ақынның, Жаяу Мұсаның, Мұхит әншінің, Жамбылдың, Кененнің, Исаның, Әсеттің, Мәдидің тағы басқа қазақ халқының ақын-компазиторларының, өнер мектебінен өткен ұлы адамдар шығармаларының халық ішіне кеңінен таралуынан көреміз.

Лириканың бірнеше атауы - көңіл сазы, табиғат сазы, махаббат сазы, азаматтық әуен болып тарамдалғаны сияқты, күйді де шалқыма, жайылма, ілме, ақпа, төкпе, шертпе деп бөлуге болады. Осы айтылған қасиеттерді меңгерген дарынды күйшілер халқымызда көп болған. Мысалы, Тәттімбет, Құрманғазы. Ал Сүгір шалқыма, шертпе күйдің шебері болған. Мысалы, оның «Шалқымасы» ілік-шалыс тартылып, жөргемделіп, аяғы «аһ» ұрған арманға айналады. Ықыластың ауызданған ол тіпті қобыздың сарынын да домбыраға түсірген. Ол осы екі аспаптың сарынын ұштастырғанда - бірде қамығады, бірде сағынады, бірде төгіледі, бірде сөгіледі. Музыканы түсінген адам оны сыйламай тұра алмайды. Қуғындағы ақын Плещеевке қамқорлық жасаған Перовский тұтқындағы Құрманғазыны да құтқарады. Омбының жандаралынан көреді. Атбасар-Қараөткелдің дуанбасы Ерден баласы өліп аза тұтқанда, Ықыластың күйінен қуаныш табады.

Абай атамыз: «Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй», - деп адамның рухын көтеретін, жан сарайын жаңартатын, шабытына шабыт, жігеріне жігер қосатын ән мен күйдің құдіретін қалай дәл берген. Ал, қазақ халқы- қашаннан ән мен жырдың отаны. Туған өлкеміз бүгінде даму, өсу, түлеу, жаңару үстінде. Білімді де зерделі, парасатты да инабатты ұрпақ өсіп келеді. Қазіргі жыр арқауы да осылар болуы тиіс. Жырларда, шырқалған әсем әндерде, қосыла шерткен күйлерде замана үні, кешегі-бүгінгі ұрпақтар дауысы дабыл қағады. Өйткені, халқымыздың тыныс-тіршілігінде, өнер мәдениетінің қалыптасуында музыкалық шығармалардың ролі ерекше. Мұны мынадай екі жағдайдан байқауға болады:  қазақ халқының өнер шығармасының барлығы музыкамен беріледі; 2) әрбір музыкалық шығарма халық өмірінің нақты бір кезеңін, дәстүрі мен салтын, қоғамдық талғамын, халықтың сол өнерге деген көзқарасын т. б. білдіреді. Сондықтан да қазақтың музыкасы мен күйі түсінікті, әсерлі, тез үйретуге болатын, жанға жақын келеді. Мысалы, халқымыз әнді, күйді тыңдап, кейіннен бірден домбырамен айтып кете берген. Тіпті, қазақ сахарасын, жазира даласын зерттеуге келген саяхатшылар қазақ халқының бұл қасиеті жөнінде «Әрбір екінші қазақ өлең шығарады, жыр жырлайды, өлең айтады»,-деп таңданған. Ол халық творчествасында халқымыздың ұлттық небір ұнамды жақтары, жоғары ой-өрісі, мәдениеті жарасымды көрініс табуынан еді. Яғни, халқымыздың тамаша әндері мен күйлеріне еңбекші бұқараның жарқын болашаққа ұмтылған ой-арманы, ел басынан өткен тарихи кезеңдері, туған елдің табиғаты, мөлдір махаббаты т. б. жайлар көрініс тапқан.

Мысалы:                                

  «Жан ана, жарық күн-жанарың,                                  

Бір сенде кеңдігі даланың,                                 

 Балаңды құшақтап сүйгенде,                                 

 Сеземін көктемнің самалын», - деп анаға деген махаббат арқылы, ананың балаға деген махаббаты арқылы бүкіл әлемде достық орнасын деген халқымыздың ізгі тілегі жатыр.

Ал, Сәкен Сейфуллин туған жер табиғатын былай деп жырлайды:                                «Ауасы дертке дауа, жұпар иісі, -                                

 Көкірек қанша жұтсаң, - тоясың ба?» Ия, қандай тамаша, туған өлкенің сұлу табиғат көріністері көз ал- дыңызда тұра қалады. Бір сәтке көзіңізді жұмсаңыз, даланың ермен-жусан аралас жұпар атқан иісі танауыңызға келеді. Әрине, қандай өнер туындылары болмасын жас ұрпақтың эстетикалық талғамының аясын кеңейтуде, оларға тәрбие беруде маңызы зор.


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет