Талантты және дарынды балаларды анықтау ерекшеліктері



Дата09.04.2020
өлшемі16,88 Kb.
#62014
Байланысты:
эссе Балгожин А.Х
Абайтану 7, Абайтану 7, Социограмма17.11.2018
Балгожин Асылхан Хасенович

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Еуразия гуманитарлық институты

Астана қ-сы, Алматы ауданы, М.Жұмабаев даңғылы, 4

d.a.e_95@mail.ru

Талантты және дарынды балаларды анықтау ерекшеліктері
"Дарынды тұлға - халқымыздың ең қымбат байлығы".

Н.Ә.Назарбаев

Бүгінгі күні талантты және дарынды балаларды іздеу, оқыту және тәрбиелеу басты мақсатқа қойылған. Себебі, талантты және дарынды балалардан көп жетістіктер күтеміз. Талантты және дарынды балалардың қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдай жасалу қажет. Балаларға талант пен дарындылық табиғатынан беріледі. Тұла бойдағы жақсы қасиеттерді уақытында байқап, оның алдын ала білу қажет.

Ғалымдар бала бойындағы талант пен дарындылықты анықтаудың бірнеше түрін атап өткен. Солардың бірі Фриман (1998) ғылыми негізделген критерийлерді дарынды және талантты балаларды анықтауда оңтайлы қолдануға болады деп санаған:

- олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары;

- олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;

- олар оқу үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады;

- олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады;

- олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;

- олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;

- басқаларға қарағанда олардың тәртібі жақсы;

- қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойындар мен тапсырмаларға ұмтылады;

- ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырландыра алады;

- олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды.

Аталған критерийлер арқылы баланың бойындағы дарын мен талантты оңай анықтауға болады. Оқу барысында оқушыларды мұқият қадағалауды талап етеді. Қазақ елінде өсіп келе жатқан жеткіншектеріміздің қабілетін уақытылы анықтай отырып, таланты мен дарындылығын одан әрі шыңдауға жол аша білуіміз керек. Мұғалімдер тарапынан дарынды және талантты оқушыларға қолдау қажет. Сонымен қатар, дарынды балаларды анықтау тез өрбитін процесс емес, яғни, оны оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет.



Мысалы, өзімізге Қазақ Британ техникалық университетінің студенті Абзал Мырзаштың аты мәлім. Яғни, бұл бала зеріктігінің арқасында аса көлемді оқу материалдарын тез игеріп алуымен ерекшеленеді. Білімге деген құштарлығының нәтижесінде ол 3 жасында әріп танып, кітап оқыса, 4 жасында көбейту кестесін жатқа айтқан. Бойындағы таланты мен дарындылығының арқасында небәрі 12 жасында студент атанып отыр. Университет өкілдерінің айтуына қарағанда, қазіргі таңда оқу орнында Абзал үшін бар жағдай жасалған. Менің ойымша, бұл дұрыс іс-әрекет. Баланың бойындағы талант пен дарынның өшпеуіне жол бермеуіміз керек.

Қорыта келгенде, "Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады" демекші, қазіргі кезде еліміз дарынды балаларға мұқтаж. Себебі, біздің уақыт жаңа технологиялардың нағыз дамып жатқан кезі. Болашақта сол технологиялардың тілін талантты және дарынды жастарымыз тез меңгеріп алады деген сенімдеміз. Қазақ елін әлемге әйгілі етер дарынды балаларымыздың қатары арта берсін! Өз үлесімізді қосуға атсалысайық, ұстаздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет