Талдықорған қаласы №12орта мектеп- гимназиясының қазақ



Дата28.01.2018
өлшемі66,46 Kb.
#34576
Талдықорған қаласы №12орта

мектеп- гимназиясының қазақ

тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Қабылқызы Сымбат


Өз мотивацияңызды сынап көріңіз...
Жас ұрпаққа сапалы білім беру үшін ерінбей еңбектену керектігі айдан анық. Сапалы білім алуда оқушының қызығушылығын ояту-басты мақсаттардың бірі. Қазіргі заман тілімен айтқанда оқушының оқу мотивациясын арттыру. Оқу мотивациясы- (латын тілінен ‘moveo’-қозғалтамын)-белсенді әрекет жасауға итермелейтін ішкі қозғалтқыш күш. Менің түсінігімше, бұл қазақша шабыт сөзімен мәндес келетін сияқты.Яғни, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығын арттырып,шабытын , қызығушылығын ояту. Әр ұстаз өз білімін үнемі ұштап, өз мотивациясын жетілдіріп отырса, өзі де , шәкірті де жетістіктерге жетіп, биіктен көрінері хақ. Оқушының оқу үрдісінде жетістікке жету мотивациясын жетілдіру жұмысына кіріспес бұрын өздеріңізге сын көзбен қарап, өзіңізді сынақтан өткізіп алсаңыздар дұрыс болар деп ойлаймын.
Енді сіздерге Т. Элерстің жетістікке жету мотивациясын зерттеу әдістемесін ұсынамын.

Нұсқау: Қазір сіздерге 41 сұрақ беріледі, оның әрқайсысына «иә» немесе «жоқ» деп жауап берулеріңіз қажет.


Мақсаты: тұлғаның жетістікке жетуге деген құлшынысын анықтау.

1. Егер сізге екі жауаптың бірін таңдау керек болса, көп уақыт өткізбей бірден шешім қабылдайсыз ба?

2. Өзіңізге берілген тапсырманы 100% орындай алмаған жағдайда қобалжисыз ба?

3. Сіз жұмысты бастар кезде бәрін алдын ала жоспарлап аласыз ба?

4. Қиын жағдай пайда болған кезде, сіз үнемі соңғы жауаптардың бірін қабылдайсыз ба?

5. Екі күндей ешқандай жұмыссыз жүрсеңіз, үшінші күні мазаңыз кете бастай ма?

6. Кей кездері сіздің жетістіктеріңіз ойлағаныңыздан төмен бола ма?

7. Өзгелерге қарағанда, сіз өзіңізге қаталырақ қарайсыз ба?

8. Сіз басқаларға қарағанда қайырымдысыз ба?

9. Кейбір қиын тапсырмалардан бас тартқан кезде, сіз «Бәлкім сол тапсырмалардан мен белгілі бір жетістікке жетер едім» деп ойланасыз ба?

10. Жұмыс жасаған кезде сіз түрлі демалысты қажет етесіз бе?

11. «Талпыныс»- сіздің мінезіңіздегі басты қасиет пе?

12. Сіз үнемі еңбегіңіздің жетістігін көресіз бе? бірдей бола ма?

13. Өзіңіздің жұмыстарыңыздан гөрі басқа жұмыстар сізді әлдеқайда қызықтырады ма?

14. Сізді мақтағаннан гөрі, өз еңбегіңізбен биіктегенді қалайсыз ба?

15. Әріптестеріңіз сізді іскер адам деп есептей ме?

16. Кейбір қиындықтар сіздің жауабыңызды нақтыландыра түсе ме?

17. Сіздің бойыңызда шыншылдық қасиеті басым ба?

18. Сіздің демалыссыз жұмыс жасағаныңыз білініп тұра ма?

19. Жұмыс жасаған кезде өзгелердің көмегіне сүйенесіз бе?

20. Сіз кей кезде қазір жасау керек жұмысты кейінге қалдырасыз ба?

21. Әрдайым өз күшіңізге сенесіз бе?

22. Өмірде ақшадан маңызды заттар бар ма?

23. Маңызды тапсырманы орындар кезде, ештеңе ойлай алмайсыз ба?

24. Басқаларға қарағанда аздап шыншылдаусыз ба?

25. Демалысыңыз аяқталғанда, сіз жұмысқа шығуға асығасыз ба?

26. Өзгелерге қарағанда сіз жұмысқа бейімдісіз бе?

27. Жұмысқа құлшынысы жоқ адамдармен қарым қатынасқа оңай түсесіз бе?

28. Жұмыссыз болған кезде сіз өзіңізді қызық сезінесіз бе?

29. Жауапты жұмыста сіз басқаларға қарағанда көп орындайсыз ба?

30. Шешім қабылдар кезде оның тиімді жағын қарастырасыз ба?

31. Кейбір достарыңыз сізді еріншектеу деп ойлай ма?

32. Сіздің табысыңыз әріптестеріңізге байланысты ма?

33. Басшының қалауына қарсы тұра алмайсыз ба?

34. Кей кезде қандай жұмыс істейтініңізді білмейсіз бе?

35. Жұмысыңыз өз мақсатына жетпей жатса, сіз шыдамсыздық танытасыз ба?

36. Сіз өз жетістіктеріңізге көп көңіл бөле бермейсіз бе?

37. Басқаларға қарағанда сіздің жұмысыңыз нәтижелі бола ма?

38. Бастаған ісіңізді аяғына дейін жеткізбейсіз бе?

39. Жұмысы аз адамдарға сіз қызығасыз ба?

40. Билік пен дәрежеге таласқан адамдарға қызықпайсыз ба?

41. Дұрыс жолда екеніңізге сенімді болған кезде, соңына дейін өзіңіздің адалдығыңызды дәлелдейсіз бе?



Кілті: сіз «иә» деген жауаптар үшін 1 балдан аласыз: 2, 3, 4, 5, 7, 8, 9, 10, 14, 15, 16, 17, 21, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 30, 32, 37, 41. Сіз «жоқ» деген мына жауаптар үшін 1балдан аласыз: 6, 13, 18, 20, 24, 31, 36, 38, 39.

Ал мына сұрақтардың жауаптары есептелмейді: 1, 11, 12, 19, 33, 34, 35,40.

Енді жинаған балдарыңызды есептеңіз.

Қорытынды:

1-10 балға дейін жинағандар: Жетістікке деген құлшынысы төмен адамдар.

11-16 балға дейін жинағандар: Жетістікке деген құлшынысы орташа адамдар.

17-20 балға дейін жинағандар: Жетістікке деген құлшынысы жоғары адамдар.

21балдан жоғары жинағандар: Жетістікке деген құлшынысы өте жоғары адамдар.




Өз-өзімізге мотивация жасаудың 15 қағидасы

Өз-өзімізге қалай шабыт бере аламыз? Бізге басқа біреу емес, өз-өзімізге қалай мотивация береміз? Осы сұрақтарға жауапты оқыңыздар.

1. Визуализацияны, яғни көзбен шолуды қолданыңыз

Бұл қағида жетістікке тиімді, әрі тез жетуге ықпал етеді. Себебі визуализация арқылы сіздер тамаша өмірді көре аласыздар. Бір-екі минуттық бұл көріністерден кейін жерге түскенде, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болып, одан сайын көп жұмыс істегіңіз келе береді.

2. Ешқашан өзіңізге шектеу қоймаңыз.Есте сақтаңыз: өзінің дегеніне жете алмағандар, өздері кінәлі. Алдындағы мақсаттарына аз жұмыс істегені немесе ынтасын аз салғаны үшін кінәлі емес, өздеріне шектеу қойғандары үшін кінәлі.

Шектеу қою арқылы, өздеріңізді тоқтатасыздар, өйткені адам баласы алмайтын қамал жоқ. Ол үшін өзіңізді дайындау керек, бастысы сан емес, сапа ғой!

3. Есте сақтаңыздар: өмір бойы оқу керек

Сіздер білесіздер, жекелеген дағдыны меңгеру арқылы жақсы жұмыс көрсете аласыздар. Ал егер мансап қуғыларыңыз келсе, өмір бойы оқу шарт. Кейде, қажетті білімді жұмыс барысында аласыздар, бұл да жақсы. Кейде жұмыстарыңызда ондай мүмкіндіктер жоқ, сондықтан уақыт бөліп білімді шыңдау керек.

4. Өз-өзіңізді ұйымдастыра алудың маңыздылығы

Егер сіздер өз уақыттарыңызды, демалысыңызды, жұмысыңызды, әр күніңізді дұрыс ұйымдастыра алсаңыздар, онда уақытты тиімді түрде жұмсап, қалаған нәрселеріңізге тез арада қол жеткізесіздер.

5. Ескертпелер жасаңыздар

Ескертпе – сіз жасау керек немесе жасайтын іс-әрекеттерді ескертеді. Жанұялық суретті де ескертпе қатарына жатқызса болады, өйткені оған қарап сол кездер еске түсіп, көңіліңіз көтеріледі.

Қолдан жазып көрінетін жерге ескертпелерді тізіп қойған жөн. Бұл мақсаттарыңызды дұрыс қоюға және орындауға көмектеседі.

6. Өзге адамдарға көмектесіңіздер

Сіздер басқа бір жандарға көмектескенде, көңіліңіз жай табады, әйтпесе ешкімге керексізбін деген сезім бойды билейді. Басқа адамдарға нәтижеге қол жеткізу үшін көмектесе аласыздар, біреулер сіздің көмегіңізге мұқтаж екенін ұмытпағайсыздар.

7. Балалармен жиі араласуға тырысыңыздар

Егер сіздердің балаларыңыз болса, бұл жақсы. Болмаса ол проблема емес. Жай ғана таныстарыңыздын үйіне кіріп, балаларымен араласуға болады. Себебі балалар үлкендерге қарағанда әлемді қарапайым түрде көреді. Кейде олармен араласу арқылы мәселелерді бір-ақ сәтте шеше аласыздар. Балалар көмегімен жаһандық мәселелер де шешілген кездер болған!!!

8. Сіздер сияқты үлкен жетістікке жеткісі келетін адамдармен араласыңыздар

Табысқа жетуде сіздің әдісіңізге ұқсас әрекет ететін адамдармен қарым-қатынаста болыңыз. Бұл көмектеседі, сіздер бір-біріңізбен тәжірибе алмасып, бірге мәселелеріңізді шеше аласыздар, қолдау көрсете аласыздар.

9. Демалуды ұмытпаңыздар

Демалысты әрдайым есте ұстаңыздар, демалыс уақытын орынды пайдаланыңыздар. Ұйықтар алдында қыдыруды әдетке айналдырыңыздар. Жұмыстан шаршағанда, жарты сағат тынығып алу керек. Егер қыдыратын уақыт болмай жатса, жақсы көретін музыкаңызды тыңдау да жақсы әсерін береді.

10. Басқа адамның тәжірибесі туралы ұмытпаңыздар

Брайан Трейси беделді адамдар туралы көп оқып, олардың жетістіктерін, кемшіліктерін, қылықтарын зерттеп, барлығын өзіне керекті түрде пайдаланды.

11. Әр кез ақпаратпен сусындап отырыңыздар

Мотивация туралы бір мақала немесе бір кітап оқу әр кез оң нәтижеге апармайды. Өйткені бірдеңені ұмытып, түсінбеуіміз әбден мүмкін. Осы тақырыпқа байланысты ой-өрісіңізді кеңейтіп отырған жөн.

12. Өзіңізді мақтауды ұмытпау

Иә, мақтауды ұмытпау. Кез-келген мақсатқа жеткенде, мейлі, болмашы нәрсе болсын, өзіңізді мақтауды ұмытпаңыздар. Егер сіздерді өзіңіздің көрсеткен нәтижеңіз қанағаттандырса, ары қарай биік шыңдарға да шыға аласыздар.

13. Оптимист болыңыздар

Кез-келген нәрсеге позитивті көзқараспен қараңыз. Тіпті сізде проблема болса да, осы жағдайдан жақсы нәрсе көре біліңіз.

14. Тәжірибелі адамның сөздеріне құлақ салыңыздар

Біз жиі өзімізді үлкен санап, ақыл-кеңес тыңдаудан бас тартамыз. Егер ақыл-кеңес беруші бізден жасы кіші болса, намысымыз тіпті жібермейді. Ол дұрыс емес. Өзгенің тәжірибесін пайдалана отырып, уақыт пен күшімізді үнемдей аламыз. Біздің өміріміз аға буынның тәжірибесін үйренуден құралады.

15. Өзіңіздің күшіңізді және уақытыңызды үнемдеңіз.

Бос уақыттарыңызды алып қоятын адамдармен көп араласпаңыз, олар өзінің де, өзгенің де уақытын сарп етеді. Нәтижесінде не бітірген шаруа жоқ, не дем алып үлгермейсіздер.

Жоғарыдағы қағидаларды ұстану арқылы өзіңізді мотивациялай аласыздар. Барлығы өз жөнімен жүзеге асатын болады.



Өмірде жолыңыз болып, сәттіліктерге жете беріңіз!
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет