8-сынып
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқылым
Тапсырма
Мәтіндермен танысыңыз. [10]
Көне түркі жазуы
Көне түркі жазуы (басқаша Орхон-Енисей жазуы) – V ғ. б.з.б. – X ғ. б.з. түркі тайпаларының жазуы. Бірінші рет Орхон өзенінің бойынан (Екінші түркіт қағандығы) және Енисей өзенінің жоғарғы ағысынан (Қырғыз қағандығы) табылды. Кейде руника жазбасы дейді, алман руналарымен жанасым табады (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі онда негізгі велярлық және палатальдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.
Ортақ жазу – түркі бірлігінің бастауы
Уақыт өте келе қай халық болсын өзінің тегін іздеп, төл тарихын түгендері сөзсіз. Мұны табиғаттың бұлжымас заңы деуге де болады. Соңғы жылдары ұлы дала төсінде өшпес із қалдырып, әлемдік өркениетте ойып орын алған Көк Түріктің ұрпағының бірін- бірі іздей бастауы осыған дәлел болса керек. Тағдырдың жазуымен сан тарам жолға түсіп, өзінше бағыт алған бөрілі байрақты түркінің мемлекеттік дербестігі бар бүгінгі ұрпақтары түптің-түбінде тамырлас екенін түсініп, ынтымағы ұйысқан тұтастыққа ұмтылуда.
Былтыр ғана құрылған Түркі тілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесі ортақ әліпби туралы бастама көтергенін білеміз. Бұл жалпы түркі халықтары бірлігінің кепілі өзара ортақ әрі түсінікті жазу мен тіл екенін білдірсе керек. Алайда бұл қаншалықты өміршең ұсыныс және оған қашан қол жеткізе аламыз?..
P.S.
Түркі халықтарының тілін, ділін, жалпы, ортақ құндылығын жақындастыруды сонау Алаш арыстары да арман еткені белгілі. Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жылы Бакуде сөйлеген сөзінде түркі әлемін жақындастыру үшін ортақ әліпби қолдану туралы мәселе қозғағаны осының дәлелі болса керек. Бірақ бұл мәселе қашан шешімін табады, ол – болашақтың еншісіндегі шаруа.
18 жылға созылған идея тағы ондаған, тіпті жүздеген жылға созылып кетпесе болғаны...
1-мәтін
|
2-мәтін
|
Тақырыбы
|
|
|
Тірек сөздер
|
|
|
Жанры, жанрлық ерекшеліктері неде?
|
|
|
Құрылымы қандай мәтін бөлімдерінен тұрады?
|
|
|
Мәтіндер қалай ресімделген? Стилі
|
|
|
Жазылым
Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орфографиялық нормаға сай
орындаңыз. [10]
1. Жергілікті газетке «Оқушы бойында адамзаттық құндылықтарды қалай қалыптастырамыз?» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.
2. Сіз тәрбие сағатында «Жалпыадамзаттық құндылықтар дегеніміз не?» тақырыбында баяндама оқығалы отырсыз. Баяндамаңыздың жалпы мазмұны бойынша жазба жұмысын жазыңыз.
Балл қою кестесі
Оқылым
Балл
|
Сипаттамасы
|
9-10
|
Мәтінде көтерілген мәселені, жанрлық, құрылымдық, ерекшеліктерін, ресімделуін, стиль түрлерін өте жақсы түсініп талдайды, тірек сөздерді табады.
|
7-8
|
Мәтінде көтерілген мәселені, жанрлық, құрылымдық, ерекшеліктерін, ресімделуін жақсы түсініп талдайды.
|
5-6
|
Мәтінде көтерілген мәселені, жанрлық, құрылымдық, ерекшеліктерін, ресімделуін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.
|
3-4
|
Мәтінде көтерілген мәселені, жанрлық, құрылымдық, ерекшеліктерін, ресімделуін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.
|
1-2
|
Мәтінде көтерілген мәселені, жанрлық, құрылымдық, ерекшеліктерін, ресімделуін өте шектеулі деңгейде түсінеді.
|
0
|
Мәтінде көтерілген мәселені, жанрлық, құрылымдық, ерекшеліктерін, ресімделуін түсінбейді.
|
Жазылым
Балл
|
Сипаттамасы
|
9-10
|
Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын барынша (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.
|
7-8
|
Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.
|
5-6
|
Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.
|
3-4
|
Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділік жоқ.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.
|
1-2
|
Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Жанрға сәйкес тіл құралдарын қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтамайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |