Тарау Пән бойынша глоссарий Тарау Лекциялардың қысқаша конспектісі Тарау соөЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау Бақылау – тексеру құралдары. Тарау Пән бойынша глоссарий

бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі0,69 Mb.
#30170
  1   2   3
Оқу-әдістемелік кешені.

«Массаж: түрлері және әдістері»

пәні бойынша

5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы

4-ші курс студенттеріне арналған

Семей – 2012 ж.

Мазмұны

Тарау 1. Пән бойынша глоссарий

Тарау 2. Лекциялардың қысқаша конспектісі

Тарау 3. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар

Тарау 4. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар

Тарау 5. Бақылау – тексеру құралдары.

Тарау 1. Пән бойынша глоссарий
Өзіне массаж жасау денені -баптау деген сөз.

Сипау – массаждың басында, аяғында, басқа тәсілдің арасында қолданылады. Егер тірекбуын зақымданса (сіңір созылып, тарамыс тартылып, буын шығып), онда сипаудан басқа еш тәсіл қолданылмайды. Оны бір немесе екі қолмен бірдей орындайды. Негізінде алақан әйтпесе саусақтың жұмсақ ұшымен сипайды. Қозғалыс жеңіл ырғақпен без түйіндеріне қарай бағытталады.

Ысқылау – бір қолмен, екі қолмен, бас бармақтың тоқпақ етімен, алақанның ті

Жұмсарту – ең күшті тәсіл. Оны көбінде екі қолмен орындайды. Ұлшық еттерді қапсыра уыстап алып жоғары-төмен, көлденең бағытта қозғап жұмсартады (мыжиды). Ол тек алақанмен орындалады. Массаж жасағанда сол аймақты мейлінше осаңсыту үшін жақсылап тірек қою керек.

Дірілдету(вибрация) – массаж жасайтын аймақт саусақ ұшымен, алақанмен, жұдырқпен жиі-жиі түіп дірілдетеді. Оның үзіліспен жасайтын түрінде қолды әр қимылдан соң жұлып алып отырады. Ал үздіксіз дірілдеткен кезде қол денеден алынбай бір орында қозғалыс жасап тұра береді.

Плеврит – көкіректің ішкі бетін, өкпенің сыртын астарлап тұратын сірі қабықтын қабынуы Пневмония – өкпенің қабынуы. Денеге микроб, вирус түскенде болады. Індет жедел, созылмалы түрде өтеді

Омыртқа остехондрозы-омыртқа аралық дискіерде жұйкенің жаншылуы.

Күйымшақ неврологиясы-жұйке ауруы.

Плексит, асықты жіліктің жүйке неврологиясы- шеткері жүйке-жүйесінің ауруы.

Сегментарлы-рефлекторлы массаж-сезімтал аймақтарға уқалау жасау.

Захарьин-Гед атты сезімтап рефлекторлы аймактары-жұкелердің терімен байланысы бар .

Бел, мойын, иықұсты-арнайы сезімтап белдеулер-жұлын жұйкелерінің таралуы.

Сүйек қабыршағына массаж-тері арқылы уқалап әсер етү..

Дәнекерлі тканьдерге жасалатын массаж- тарамыстар, шандырлар, тыртықтарға жасалады.

Арнайы белдеулер (аймақ) туралы уғым-жұйкеге байланысты аймақтар.

Биологиялық активті нуктелерге аңықтама-терінің жоғары сезімтал аймақтары..

Нуктелі массаж-сезімтал аймақтар.

Миозит, миалгия, невромиозит-бұлшық еттің жедел жиірылу қабынуы.

тендовагинит -сіңір,тарамыс дерттері

Биомеханика-булшықет жиырылу негізіндедененің кеңістіктегі орын ауыстыру.

Спорттық тейп туралы үғым-сіңір созылғанда, жарақаттарды лейкопластір арқылы бекітү..

Тарау 2. Лекциялардың қысқаша конспектісі.

Тақырып 1 Кіріспе. Массаждың жүйесі, әдістер және түрлері.
Мақсаты: Массаждың даму тарихына қысқаша мағлумат.

Массаждың жүйесі, әдіс түрлеріне анықтама берү.

Дәріс тезистері: Массаж жасағанда қойылатын гигиеналық талаптар.

Курстың мазмұны.

Массаждың даму тарихы қысқаша мағлумат.

Массаждың жүйесі, әдіс түрлері.

Жалпы және жеке массаж.

Массаждың гигиеналық негізі.

Пәннің мақсаты:

Массаж пәнінің бағдарламасы 080501 " Дене тәрбие мәдениеті және спорт" мамандығы бойынша КР жоғары оқу орындары студенттеріне арналған.

Пәннің мақсаты - дене жаттығулары мен емдік және профилактика (сауыктыру) мақсатында, массаж жасауға практика жүзінде дағдылануы, дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдардың жұмыс істеу қабілетінің жоғарлауы туралы студенттерді кажетті біліммен қаруландыру.

Массажды спортық және педагогикалық практикаға көбірек жақындату.

Бағдарламада дене шынықтырумен спортпен айналысатындарға, патологиялық жағдайда қолданатын массаждың әдістерін менгеруі қарастырылған.

Пәннің міндеті:

  • кең таралған ауруларың сипаттау;

  • массаждың ағзаға әсерін білу;

  • массаждың қоғамдағы орнын, ролін маңызын аныңтау;

  • массаждың негізгі тәсілдерін, техникасын игеру, практикада қолдана білу;

  • массаждың тәсілдерін игеру.

  • Бұл пәнді менгеру үшін кажет пәндер тізімі:

  • Анатомия, физиология, биомеханика, биология.

Массаж пәні- болашақ мамандарды дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт қуралдары мен тәсілдерін дұрыс қолдану арқылы жаттығушының денсаулығын нығайтып, жұмыс қабілетін арттырып, белсенді ұзақ өмір сүруіне бағытталған жағдайлар жасап және осы дағдыларды қалыптастыру.

Массаж пәнінің негізгі міндеттері:

  • дене тәрбие және спортпен шұғылданатын адамдардың ағзаларындағы қурылымдық және қызметтік өзгерістерді анықтау;

  • сауықтыру және машықтандыру әсерлерін қамтамасыз етугеарналған жаттығуларды ұйымдастыру әдістерін және жаттығуларды дұрыс ұйымдастырмаудан пайда болатын ауру-сырқат пен жарақаттардан сақтандыруға үйрету.

Массаж пәнінің-дене шынықтыру институттарында міндетті түрде өтілетін анатомия, морфология, биомеханика, физиология, гигиена, емдік гимнастика сияқты медициналық-биологиялықпәндер топтамасының қисынды қортындысы.

Массаж пәні 5В010800-«Дене шынықтыру және спорт»саласы мамандарын медициналық-биологиялық турғыдан дайындау аяқталады.

Болашақ мамандардың міндетті түрде білулері қажет:

-сырттай көзбен көру арқылы жаттығушылардың дене мүсінін, пішінін және тірек- қозғалыс аппараттарының ерекшеліктерін,

-тамыр соғу жиілігін және қан қысымын өлшеп, өзгеруін бағалау;

-сынымаларды жүргізіп, қызметтік мүмкіншілігін зерттеу,

-дәрігерлік-ұстаздық бақылау жүргізу;

-жедел медициналық көмек көрсету.

" Массаж" - пәнінің жұмыс бағдарламасы, мамандығы 050108 " Дене тәрбие мәдениеті және спорт", жоғары оқу орындарына арналған жаратылыстану және ғылыми пәндер циклі бойынша типтін оқу бағдарламасының жинағы, Алматы, 2002 жылғы, авторы В.Ш. Мансуров, Г.К. Икиманов негізінде қурастырылған.

Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Массаждың жүйесі, әдістер және түрлері.

2.Массаж жасағанда қойылатын гигиеналық талаптар.

3.Курстың мазмұны.

4.Массаждың даму тарихы қысқаша

мағлумат.

5.Массаждың жүйесі, әдіс түрлері.

6.Жалпы және жеке массаж.

7.Массаждың гигиеналық негізі.

Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер.

1.Икиманова Г. Массаж.

Алматы, 2002 ж.

2.Икиманова Г. Саулық пен

сымбат. Алматы, 1991 ж.

3.Икиманова Г. Массаж туралы үғым (оқу қурал)
Тақырып 2. Массаждың денеге тигізетін әсері.

Мақсаты: Массаждың теріге әсері ету механизмдерін менгерү.

Массаждың қан және лимфа айналымына әсерін анықтау.

Дәріс тезистері: Массаждың теріге әсері ету

механизмдері.

Массаждың қан және лимфа айналымына әсер.

Массаждың булшын етке, буындарға әсері.

Массаждың жүйке-жүйесіне әсерету механизмдері.

Классикалық массаж

Массаждың осы түрін біз арнайы ең ақырына келтіріп отырмыз. Өйткені оқырман қауым алдымен массаждың негізін, қасиетін, тәсілдерін, орындау әдісін зейін қойып шықса, өзіне-өзі массаж жасау аса қиындыққа түспейді деген ниеттеміз. Ал оған көңіл аудармай бірден өзін сипаттап мыжғылай бастаса, пайданың орнына зиян табады.

Ең негізгі тілек – өз-өзіне массаж жасау үшін де дәрігермен ақылдасқан жөн. Дәрігер айтқан нұсқаулардың бәрі бірдей есте қала бермейді. Сондықтан осы кітаптың арнаулы бөлігінде берілген массаж жасауға болатын және болмайтын жағдайларды есіне сақтаса адамға көмегі көп.

Өзіне массаж жасау денені баптау деген сөз. Ертемен жасалған массаж күні бойы атқарылатын жұмысқа, қызметке организмді дайындау. Ол ертеңгі дене тәрбиесінің алдында өткізіледі. Сонда адам денесі сергек, бойына күш, ойына рухани азық толғандай болады. Жұмысқа да жадыраңқы көңіл-күймен аттанады.

Бұл массаждың ерекшелігі – оны барлық жерде жасай беруге болады. Мәселен, ұйқыдан оянған бойдакереуетте(төсекте), жазу жазатын стол басында (қызмет арасында), жазатын стол басында (қызмет арасында), тоғайда, моншада, далада, үйде, ванна ішінде – қысқасы барлық жерде адам өзіне-өзі массаж жасай алады.

Оның тағы бір ерекшелігі – әркім қай жерінің қалай ауыратынын да жақсы біледі. Міне сол жерлерге көңіл бөліп, массаждың ең қолайлы тәсілдерін қандай жылдамдықпен орындау керек екенін анық сезеді.

Егер жыл мерзімінің суық кезінде дене тез тоңатын болса, онда жеңіл спорт киімдерінің сыртынан массаждайды. Адам қатты қалжырап шаршап тұрса, барлық денеге массаж жасаудың керегі жоқ. Басты, мойын мен иық үстін массаждаса жеткілікті.

Массаж жасаудың алдында денені тазалап жуады. Әсіресе, қолды сабындап, тырнақты жөкемен ысқылап тазалайды. Тырнақ денені сызып кетпес үшін өте қысқа етіп алып тастайды. Алақан мүйізі, сызаты жоқ, жарылмаған, құрғақ, жұмсақ болғаны абзал.

Денеде алақан жақсы сырғанау үшін әр түрлі заттармен сылап алады. Оған бордың ұнтағы, тальк, балалар опасы қолданылады. Егер адам серуенге, не шаңғы тебуге дайындалса, онда денені қыздыратын «Эфкамон» не «Тигровая мазь» майларымен ысқылайды. Егде тартқан адамдарға сұйық өсімдік майларын қолданған дұрыс. Өйткені тальк т.б. ұсақ ұнтақтар теріні құрғатыпжібереді, ал вазелин сияқты зат тері түтіктерін бітеп тастайды. Эквалипт және зәйтүн майы да өте пайдалы. Оларды алдын ала қайнатып алады. Шама келсе тіпті ешбір майды қолданбаған дұрыс. Мұндай жағдайларда қан тамырлары кеңейіп, массаж жасаған аймаққа қан екпінмен құйылады. Тек мұндай массаж қысқа уақыт жасалады.

Адам өзіне-өзі массаж жасау үшін де анатомия мен физиологиядан мағлұматты болу керек. Бұлшық ет талшықтарын, қан тамырлары мен лимфа түйіндерін, нерв жүйесін айыра білу өте қажет.

Массажға қажет негізгі қағидалар

  1. Массаж жасаған қолдың қимылы жұмсақ, жеңіл, теріде қызарған не көгерген із қалдырмауға тиіс. Дұрыс жасалған массаж сол аймақты жылытып, адамның көңіл күйін көтереді.

  2. Белгілі бір жерге массаж жасау қажет болса, алдымен одан жоғарғы аймақты, тек содан соң ғана жарақаттанған бөлікке тікелей кіріседі(мысалы сіңір созылғанда, буын тайғанда, сүйек сынғанда т.б.).

  3. Массаждың тәсілі, ұзақтығы, күші әр адамның алдына қойған мақсатына тікелей байланысты.

Массажға дайындық

Әркім өзіне массаж жасарда денені мейлінше босаңсытып дайындау керек. Аяқ-қолды массаждағанда ең ыңғайлы жағдай – орташа физиологиялық қолайлы тыныштық – немесн аяқ-қолдың сіресіп немесе бүктеліп, бүгіліп қалмай орташа қалыпта болуын айтады. Осындай қалыпты массаж біткенше сақтайды. Әсіресе, бұл қағида бұлшық еттері жақсы жетілген аяқтың қоң еттерін массаждауға тікелей қатысты.

Аяқ талып кетпес үшінтақымның астына бүктелген көрпе не жастық салып, аяқты кішкене орындыққа қояды. Сонда бұлшық еттері де мейлінше босаңсиды.

Қолға массаж жасағанда сәл бүгіңкіреп, стол үстіне салып қояды. Ішке массаж жасау үшін тізені бүгіп шалқасынан жатады, әйтпесе, орындыққа жайланып отырады.

Теріде кішкене сызат алған не тырналған жер болмаса, ол массажға кедергі келтірмейді. Тек айналасы қабынып, талаурап тұрмаса болғаны. Массаж жасаған кезде ол жерге тиіспесе болғаны. Массаж жасаған жерде алақан астынан шошынған без не түйілген бұлшық ет аңғарылса, ол бөлікке тиіспейді. Тер қалың түкпен жабылып кетсе, ол жерді массаждау қиынға түседі және түк түбнің қабынуына әкеп соғады. Сондықтан мұндай жерді мақта-матадан тгілген киімнің сыртынан массаждаған ыңғайлы. Түк басып кеткен жерге жылжытатын заттарды, майларды қолданбайды.

Массаждың тәсілдері белгілі кезкпен қолданыла береді. Мүмкіндік болса тәсілдедің бәрі пайдаланылады. Мәселен, сипау, ысқылау, жұмсарту, сол сияқты дірілдету, қағу. Олардың бәрін бірнеше рет қайталап орындаған соң есте сақталып қалады.

Өзін өзі массаждап отырған кезде тыныс алуды естен шығармау керек. Демді іште ұстап қалу, басты салбыратып, денені иіп бүгіліп кеткен дұрыс емес. Осының бәрін қадағалау керек.

Күнделікті жасаған массаж кейбір аурудың бетін қайтаруға үлкен көмек көрсетеді. Әсіресе, гипертония ауруында өз жағдайына лайықты қолданған масаж тәсілдері қан қысымын әжептәуір төмендетіп, тіпті қалпына келтіруі де ықтимал. Бас қатты ауырғанда жеңіл, үстіртін ғана алақанмен желкені, мойын, маңдайды сипайды. Қандай қимыл болмасын – барлығы да денеге жағымды, жұмсақ болғаны абзал.

Өз-өзіне жасалатын массаж тәілдері классикалық массаж тәсілдерінен еш айырмашылығы жоқ. Ел арасына кең тараған және кітаптың арнаулы тарауында тәптіштеп жазылған тәсілдердің әр түріне тоқталмай үстіртін суреттеп кетуді жөн көрдік.

Сипау – массаждың басында, аяғында, басқа тәсілдің арасында қолданылады. Егер тірекбуын зақымданса (сіңір созылып, тарамыс тартылып, буын шығып), онда сипаудан басқа еш тәсіл қолданылмайды. Оны бір немесе екі қолмен бірдей орындайды. Негізінде алақан әйтпесе саусақтың жұмсақ ұшымен сипайды. Қозғалыс жеңіл ырғақпен без түйіндеріне қарай бағытталады. Орындау тәртібіне байланысты ол үзіліссіз және үзіліспен, үстіртін және қапсыра уыстап ұстап терең жасалатын болып бөлінеді. Тері тым сезімтал болса қолдың сыртымен сипайды.

Ысқылау – бір қолмен, екі қолмен, бас бармақтың тоқпақ етімен, алақанның тірек бездерімен т.б. орындалады. Оны орындағанда теріні жиыра жан-жаққа ысыруға болады. Бұл тәсілді моншада немесе ыстық ваннаға түсіп шыққан соң қолданса, шипасы артады.

Жұмсарту – ең күшті тәсіл. Оны көбінде екі қолмен орындайды. Ұлшық еттерді қапсыра уыстап алып жоғары-төмен, көлденең бағытта қозғап жұмсартады (мыжиды). Ол тек алақанмен орындалады. Массаж жасағанда сол аймақты мейлінше осаңсыту үшін жақсылап тірек қою керек.

Дірілдету(вибрация) – массаж жасайтын аймақт саусақ ұшымен, алақанмен, жұдырқпен жиі-жиі түіп дірілдетеді. Оның үзіліспен жасайтын түрінде қолды әр қимылдан соң жұлып алып отырады. Ал үздіксіз дірілдеткен кезде қол денеден алынбай бір орында қозғалыс жасап тұра береді.

Осы көрсетілген тәсілдерге қолдың ұшымен соққылау, қағу, шапқтау, сыдыру сияқты массаж түрлері қосылады.

Өз-өзіне массажды бір белгілі бөлікке жасағанда 3 – 5 минут, ал барлық денеге жасағанда 15 – 25 минут қажет болады.

Әр массаждың арасында үзіліс керек. Ал барлық жерді массаждап болған соң жатып біршама тынығу пайдалы. Массаж жасар алдында қандай мақсатпен, не үшін, оның қандай әсері болатынын болжап білген жөн.

Бас пен бетке массаж жасау. Басты алға иіп, орындыққа жайланып отырады. Саусақтың ұштарымен мадайдан бастап тура сызықпен немесе шеңбер жасай желкеге дейін ысқылайды. Маңдайдың ортасынан екі самайға қарай қолдың ұштарымен не алақанмен сылап-сипап, ысқылайды. Екі қолмен алма –кезек орындауға да болады. Осылай қастың үстін, кейін көздің айналасын, жоғарғы жағын самайға қарай, ал төменгі жағын мұрынға қарай бағыттайды. Толқындата сипап болған соң, еріннің айналасына көшеді. Сұқ және ортаңғы саусақ еріннің үстінде, үшінші және төртінші саусақ еріннің астында, толқындата сипап шығады. Осыдан соң маңдай, бет терілері мен бұлшық еттерін ысқылайды. Ал үшкіл нерв талшықтары шықан нүктелерді бір немесе екі саусақтың ұшымен дірілдетеді. Массаж беттің барлық жерн сипап аяқталады. Ең ақырында басты оңға-солға, алға-артқа бұрып, егер қан қысымы жоғарыласа айналдыруға болады.

Бетке массажды аптасына екі-үш рет жасаса жеткілікті.

Мойын және трапеция тәрізді бұлшық етке массаж жасау. Желкені массаждау үшінотырып не түрегеліп тұрып орындайды. Екі қолды желкеге қойып, алақанмен жоғарыдан төменқарай трапеция тәрізді еттің бойымен, омыртқа жотасының екі жағынан сипап шығады. Ысқыла саусақтардың ұшын мойын етке тік қойып жылдам қимылмен орындалады. Ал жұмсарту алақанмен қамтып ұстап орындалады, екі қолмен бірдей не оң қолмен сол жақты және керісінше сол қолмен оң жақты массаждайды. Немесе сасақтардың басымен мойын еттерін басып, батыра жаншиды. Осыдан кейін бір сипап алып, екі қолдың саусақтарын шүйдеге тірейді., сәл бүгілген алақан бастың екі жағынан ұстап тұрғандай болады. Міне, осы қалыпта саусақтарды сәл батырып жан-жаққа шеңбер жасай ысқылайды. Қажет болса желкенің үлкен нервісі шыққан нүктені дірілдетіп массаждайды. Одан кейін сол желкеден бастап жауырын бұрышна дейін екі қолмен немесе алма-кезек бір қолмен жайлап сипайды.

Ал мойын, бұғақ өте нәзік, сондықтан оны иектен төмен алқымға дейін алақанмен сипайды. Жұмсарту тек бұғана-төс-емізікше бұлшық етіне ғана орындалады. Онда да төрт саусақтың ұшымен бұлшық ет боймен бастыра жылжытады. Дәл сол аймақтан өтетін күре тамыр мен венаға тиіспейді.

Арқа, бел және бөксеге массаж жасау. Арқа, бел, бөксені массаждағанда отыруға да, түрегеліп тұруға да болады. Ең алдымен екі алақанды омыртқа жотасының екі жағына қойып екі бүйірге қарай, одан соң белден бастап жауырынға дейін сипайды. Кейін осы бағытта мейлінше қатты ысқылайды.

Енді орындыққа отырып бір аяқты екнші аяқтың үстіне айқастыра салып арқа бұлшық еттерін босаңсытады. Осы кезде, оң қолмен сол жақ қапталдағы еттерді қапсыра ұстап, жоғары қарай жылжыта отырып жұмсартады және керісінше екінші қолмен қайталайды.

Белді екі қолмен бірдей массаждайды. Мұнда саусақтарды тырма секілді бір-біріне қапсыра ұстатып, белдің тұсын жоғары-төмен, оңға-солға ысқылайды.әрқолмен жеке массаж жасауға да болады. Артынан омыртқадан бүйірге және жоғары қарай алақанмен сипайды.

Арқа, бел тұсына массаж жасағанда адам өзіне соққылау, қағу, ұрғылау тәсілдерін де қолдана алады.

Бөксені массаждау үшін түрегеліп тұрып, массаж жасайтын аяқты кішкене (аласа) орындыққа қояды, не бір аяққа салмақ түсіріп, екіншіаяқты ұшынан созады, сол кезде бұлшық еті босаңсиды. Немесе бір қырынан жатуға да болады. Оң жақ бөксені оң қолмен, ал сол жақ өксені сол қолмен массаждайды. Алдымен бөксе қатпарынан бастап белге дейін бірнеше рет сипайды, одан соң алақанмен қапсыра ұстап, бас бармақпен төрт саусақтың арасында мейлінше дірілдетеді, шайқайды. Жұдырықпен әр түрлі із қалдыра ысқылайды, уыстап жұмсартады, артынан тағы сипайды. Осылай екінші бөксені де массаждап шығады.

Санға массаж жасау. Әркім өз санына массаж жасағанда орындыққа не төсекке отырады, бір аяқты төмен түсіріп, екінші аяқты төсекке созып жібереді. Осы қалыпта санның үстіңгі бұлшық еттеріне массаж жасайды, ал артқы бұлшық еттерін массаждау үшін қырындап жатып аяқты тізеден бүгеді. Осы қалыпта тақымнан екі қолмен алма-кезек бөксеге дейін сипайды. Алдыңғы бұлшық еттерді тізеден жоғары сипайды. Осылай алма-кезек орындаған соң саусақтың ұшымен не алақанмен ысқылайды. Екі қолмен бірдей бұлшық етті сүйекке жете жұмсартады. Массаждың соңында жақсылап сипайды. Сол сияқты осындай қалың сан етіне дірілдету, соққылау, шапалақтау тәсілдерін кеңінен қолданады. Мұнда қимыл тізеден шапқа дейін жасалады.

Тізеге сол отырған қалыпта массаж жасалады. Негізінде саусақтың ұшымен немесе алақанның қырымен ысқылайды. Мұнда түзу сызық, шеңбер жасай ысқылау тәсілінің барлық түрлерін қолдануға болады. Артынан алақанмен бірнеше рет сипап және тізе буынын бүгіп-жазып, қозғалтады.

Жіліншік пен аяқтың басына массаж жасау. Ағаш төсектің үстіне бір аяқты бүгіп, табанды тіреп отырады. Тақымның астындағы жастықты алып тастайды. Балтыр етін мүлде босаңсыту үшін кейде аяқтың сырт тарамысынан бастап тақымға дейін бір қолмен сипап, екінші қолмен бұлшық етті қыса ұстап жұмсартып жоғары-төмен жзылжытады. Осылай бірнеше қайталайды. Мұнда бір қолмен, қос қолмен, қос шеңберлі жұмсарту әдістерін қолданады.

Өкше тарамысын екі саусақпен шымши ұстап ысқылайды.

Жіліншіктің алдыңғы еттеріне массаж жасағанда, алғашқы қалыпта тізені бүге ұстап, алақанмен аяқтың қшынан тізеге дейін екі қолмен алма-кезек сипап шығады. Жұдырық не саусақтың қшы, алақанның білезік тірегімен ысқылайды. Массаждың ақырында алды-артын толығымен сипап шығады.

Аяқтың ұшына массажды отырып жасайды. Үстін бір не екі қолмен массаждайды. Мұнда сипау, ысқылау тәсілдері ғана қолданылады. Ал табанды қолдың сыртымен, жұмылған жұдырыпен тырма секілді ысқылайды. Екі қырын қысқыш секілдендіріп ұстап сипайды, ысқылайды. Сыдыра ысқылауды да қолданады. Ең соңында үздіксіз және үзіліспен дірілдету, қозғау шапалақтау тәсілдерін қолданады. Аяқ саусақтарына массаж жасау үшін бір қолмен аяқтың басын тіреп отырады, ал екінші қолмен саусақты жеке-жеке сипап, ысқылап шығады.

Кеудеге массаж жасау. Оны түрегеп тұрып, отырып не жатқан бойда орындауға болады. Орындыққа отырып аяқты айқастырып бірінің үстіне бірін қояды, ал қолды столға созып жібереді. Екінші қолдың алаұанымен төстен қолтық астына дейін сипап алып алып, артынан қапсыра ұстап жұмсартады. Ал қабырға аралық бұлшық еттерді саусақтардың ұшымен ысқылайды. Осылай оң жақ кеудені сол қолмен, сол жақ кеудені оң қолмен массаждап шығады.

Қарынға (ішке) массаж жасау. Шалқая орындыққа отырып не тізені бүгіп жатқанда ішке
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Массаждың теріге әсері ету механизмдері.

2.Массаждың қан және лимфа айналымына әсер.

3.Массаждың булшын етке, буындарға әсері.

4.Массаждың жүйке-жүйесіне әсерету механизмдері.

Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер.

1.Икиманова Г. Массаж.

Алматы, 2002 ж.

2.Икиманова Г. Саулық пен

сымбат. Алматы, 1991 ж.

9. Видеофильм "Массаж"
Тақырып 3. Массаждың негізгі тәсілдері.

Мақсаты: Машықтандыру массажы физиологиялық әсеріне байланысты ұғым алу. Қалпына келтіру массажы, ұзақтығы, тәсілдері.

Алдын-алу массажы тәсілдерін менгерұ. Спортпен айналасу кезінде болатын жаракаттану, зақымдануда қолданатын массаж түрлері. Дәрілік майлар туралы үғым алу..

Дәріс тезистері: Машықтандыру массажы физиологиялық әсері.

Қалпына келтіру массажы, ұзақтығы, тәсілдері.

Алдын-алу массажы.

Спортпен айналасу кезінде болатын

жаракаттану, зақымдануда қолданатын массаж түрлері.

Дәрілік майлар туралы үғым.

Ұстап екөру немес шымшу.Бас бармақпен және сұқтсаусақпен атқарылады.Массаж жасалатын жерді ұстап тартады да ,қайтадан босатып жібереді.Бұл тәсілді беттің мимикалық бұлшық етің жұмысын жақсарту үшін,дененің басқа жерлерінің терісі құрғағанда,сондай-ақ тыртық пен жарақат жазылғанда қолданады.

Сығымдау саусақтың ұшымен тез-тез жасалады.Сығымдағанда ткань бір қысылып,бір босатылады.Тканьнің қоректенуін,қан мен лимфа айналасын жақсарту үшін беттің,кеуденің және аяқ-қолдың бұлшық еттерін сығыымдайды.

Созу тканьды ұстап,бір бағытқа тарту арқылы жасалады.Арқаның,санның,бөксенің және басқа жердің үлкен бұлшық еттерін алақанмен уыстай ұстап көтереді,ал шағын бұлшық етті екі саусақпен қысып тартады.Мәселен,теріні екі қолдың саусақтарымен екі жаққа қарай созады.Мұның негізінен жарақаттанып жазылған жерге жасайды.

Салмақ салып басуды саусақ ұшының жұмсақ етімен,саусақтың ішкі және сыртқы бетімен жүзеге асырады.Оны қолды бір көтеріп,бір түсіріп,тканьге салмақ салу арқылы орындайды.Бетке массажды саусақ ұштарының жұмсақ етімен арасын ашып,не бәрін біріктіріп,ішкі-сыртқы жақтарымен салмақ түсіре жасайды.Басқа массаж саусақтардың жұмсақ ұштарын тырма секілдендіріп алшақ ұстап,сүйкей жасалады.Кеуде мен аяқ-қолға массаж салмақ сала саусақтың ішкі және сыртқы бетімен жасалады.Омыртқаның екі жағына жасағанда нерв талшықтарының аяқталған жеріне салмақ түсіреді.Салмақ түсіріп массаж жасағанда саусақты саусақпен басуға да болады.Массаждың бұл тәсілі тереңге орналасқан тканьге,сүйекке әсер етеді,олардың қоректенуі мен өсуін жақсартады.Бұл тәсіл бұлшық еттің тонусын,ішектің жиырылуы қабілетін арттырады.

Дірілдету.Бұл тәсіл кезінде масаж жасайтын тканьге қозғалатындай дірілдететіндей әсер етеді.Дірілдетуді вибрацияны бір саусақпен немесе бірнеше саусақпен бір орынға қадап жасайды.Кейде алақамен дененің едәуір бөлігін дірілдетуге болады.Діріл үздіксіз және үздік-үздік болып екіге бөлінеді.Үзіліссіз дірілдеткен кезде массаж жасаушы адам қолын тканьнен бір сәтке де ажыратпайды,ал үздік-үздік дірілдетіу кезінде қолын денеден бір мезгіл ажыратып тынықтырып отрады.Бұл тәсілді массаж жасап отырған қолды бір орыннан ауыстырмай немесе бұлшық ет талшықтарының таралу бағытымен тік не көлденең бағытта қозғалта отырып орындауға болады.Тканьнің жоғарғы бетін ғана немесе оның тереңірек жатқан жерін дірілдетеді.Бұл тәсіл адам организіміне әр түрлі әсер етеді.Мәселен,жеңіл ғана дірілдету бұлшық еттің тонусын және нервтердің қозуын арттырады,ал күштірек жасалған дірілдету нервтің қозуын баяулатып,ауырғанды басады.Дірілдетудің әсерінен қарынның,ішектің жиырылуы, тканьдердің қоректенуі жақсара түсетіндігі,жарақаттың тезірек жазылатындығы,сынған сүйектің жылдам бітетіндігі белгілі.Дірілдету жиілігін минутына 100-ден 300-ге дейн жеткізуге болады.Процедураны баяу дірілдетуден бастайды әрі солай аяқтайды.Дірілдетуді саусақтың ұшымен,алақамен немесе қолдың сыртымен,жұдырықпен,қолдың қырымен жасайды.Бұл тәсілді бір қолмен немесе екі қолмен орындауға да болады.

Үздіксз дірілдетудің қосалқы тәслдері де бар.Оларға қағу,сілкілеу,жұлмалау және жұлқып итеру жатады.Ал үздік-үздік дірілдетудің қосалқы тәсілдері әр жерден бір жасау,соққылау,ұрғылау,шапақтау,ысқылау,қағу болып табылады.

Қозғау.Бұл тәсілді қайсы бір бұлшық етке немесе қалың етке массаж жасағанда қолданады.Оны орындау үшін массаж жасаушы адам бір ғана бір ғана бұлшық етті немесе бірнеше бұлшық етті қосып ұстап,ары-бері,жоғары-төмен және көлденең бағытта қозғайды.Бұл лимфа сұйығының тез жиырылуына жағдай туғызады,ауырғанын басады.

Сілкілеу.Мұның ішкі органдарға: қарынға,ішекке,бауырға,өтке,кеуде органдарына және жамбасқа әсер ету үшін жасайды. Сілкілеуді өңешке,жұтқыншаққа,мұрынға массаж жасағанда да пайдаланады.Массаж жасаушы адам екі қолымен сілкілейтін жерді қапсыра ұстайды.Сонан соң қолды ұн еленгендей етіп ары-бері қозғалтады.Бұл тәсіл қан айналысын тездетеді,лимфа сұйыгының ағысын жақсартады,ішкі органадардың қызметін реттейді,бұлшық ет пен органдарды байланыстырып тұратын тканьдерді нығайтады,түйндердің пайда болуына жол бермейді,ісіктерді басады.

Жұлмалау.Бұл тәсілді қолға немесе аяққа массаж жасағанда пайдаланады.Ол үшін массаж жасаушы адам ауру адамның қолынқекі қолымен ұстап бірқалыппен бірнеше рет жоғары-төмен сілкілейді.Аяқты да осылай сілкілейді.

Сілкілегенде қатайған бұлшық ет жұмсарады,қан айналысы жақсарады,буындардың иілгіштігі қалпына келеді,органдарды байланыстырып тұратын тканьдер мен бұлшық еттерді нығайтады,аяқ-қол терілерінің созылғыштығын арттыра түседі.

Жұлқып итеру ішкі органдарға:қарынға,ішекке және т.б.массаж жасағанда қолданылады.Массаж жасаушы адам бір қолын жеңіл салмақ түсіре органның үстіне қояды, ал екінші қолымен көршілес тканьді бірінші қолына қарай итереді. Жұлқып итеру-ішкі қуыс органдардың жұмысын жақсартады.

Соққылау бүгілмеген бір немесе бірнеше саусақпен және жұдырықпен жасалады. Бірнеше саусақпен соққылағанда органға олардың ұшымен ғана әсер етеді, ал бір саусақпен соққылау сұқ қолдың ұшымен атқаралады. Соққылағанда қолды қатты жұмбайды. Соққылаған кезде денеге саусақтардың сырты тиеді, сонда ұру күші әлсіздеу әрі жұмсақтау болады.

Кейде жұдырықтың қырымен де ұрғылайды. Соққылағанда қол денеден 5-10 см көтеріледі, ал ұру жиілігі минутына 100-ден 300-ге дейін жетеді.

Шағын бұлшық еттерді ғана, мәселен бетті, бастың шаш өскен жерін ғана саусақтармен соққылайды. Үлкен қос еттерін, қалын бұлшық еттерді жұдырықпен соққылау ұрғылайды.

Бұл тәсіл бұлшық еттерді тонусын көтереді. Ал бұлшық етінің тонусы жоғары адамдарға оны қолданабайды.

Шапақтауды саусақтарды сәл бүгіп жасайды. Сонда массаж жасатушы адамның денесіне массаж жасаушы адамның алақаны жұмсақтау тиеді. Тәсілді бір қолмен немесе екі қолмен кезек жасауға болады. Саусақтар бұлшық ет талшықтарына көлденең бағытта тиюі керек. Шапақтауды санның, балтырдың, жамбастың, арқаның, иықтың, кеуденің, қарының кесек қалың бұлшық еттеріне массаж жасағанда қолданылады.

Жеңіл ғана шапақтау тамырларды тарылтады,олардың соғуын баяулатады,ал күштірек шапақтау тамырларды кеңейтеді,шапақталған жердің температурасын көтереді,ауыр,анды басады.

Ысқылауды саусақтардың қырымен жүзеге асырады.Бұл тәсіл кезінде саусақтар бір-бірінен сәл алшақ әрі ботаңдау ұсталады.Сонда соққының күшті азайып,саусақтар денеге жұмсақтау тиеді.Көбіне екі қолмен ысқылайды.Алақандар бір-біріне қарсы бағытта қозғалады.Бұлшық ет талшықтарының таралу бағытымен минутына 30 рет ысқылайды.Алақандардың ара қашықтығы 2-4 см болуы керек Мұны арқаға,санға,балтырға,жамбасқа және басқа жалпақтау жерлерге массаж жасағанда пайдаланады.

Ысқылау бұлшық еттің алдымен жиырылуын,соңынан босаңсуын қамтамасыз ететін массаждың бір түрі болып табылады.Ол процедура жасалған жерге қанның,оттегі мен қоректік заттардың көбірек келуне мүмкіндік береді,сондай-ақ лимфа ағынын арттырып,май және тер бездерінің қызметін жақсартады,зат алмасуын күшейтеді.

Қағу бір немесе бірнеше саусақпен жасалады.Көбіне алақанмен жүзеге асырылады.Алақанды көлбеуірек ұстайды,яғни,сипаған кездегідей жанамалап қағады.Бұл тәсілді бұлшық еттің тонусы төмендегенде,семіргенде,косметикалық мақсатқа қолданады.Қағу терідегі,тканьдердің жоғары қабатындағы қан айналысын күшейтеді,терінің созылғыштығын арттырады,ондағы зат алмасуын жақсартады,сондай-ақ май және тер бездерінің қызметін реттейді.

Біз массаждың негізгі және көмекші тәсілдеріне тоқталдық.Массаж жасаушы адам процедура кезінде жеке бір тәсілмен ғана шектеліп қалмайды.Бар тәсілді үйлестіре отырып жасайды.Өйткеі тек бір ғана тәсілді қолданудың әсері аздық етеді.Массажды дәрігер ғана белгілейді.Массаж тимді болуы үшін дәрігер алдымен ауырған адаммен әнгімелеседі.

Тамақ іше салып процедура қабылдауға болмайды.Массаж тамақтан кейн 1-2 сағаттан соң барып қана жасалады.Процедурадан кейн ауру адам 20-30 минут демалу керек.Массаж жасаған кезде сөйлесуге,кітап оқуға т.б.бөгде нәрсемен айналысуға болмайды.Сондай-ақ тазалық сақтаған да жөн.

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет