Тарих сабағында инновациялық технологияларды пайдалану



Дата05.06.2017
өлшемі68,77 Kb.
#17747
ӘОЖ 372.891

ТАРИХ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
"Сырдария" университеті, Жетісай қ

"Тарих" мамандығының 4-курс студенті Ұйқас Н.

Ғылыми жетекшісі - аға оқытушы Сырбаева А.А.
Резюме

В статье расмотривается методика использования инновационных технологий на уроках истории.

Summary

The article discusses the technique of using innovative technologies in history lessons.
Оқыту үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды заман талабына сай енгізу білім берушілердің парызы болып саналады.

Білімденуде дидактиканы жетік меңгерген жеке тұлғаның ой-санасы қоғамдық талаптар деңгейінде іс-қимыл көрсетіп, қиындықтар мен бөгеттерден өтуде біліктілік пен табандылықтың үлгісін танытады.

Мемлекет көздеген тактика мен стратегиясына инновациялық технологиямен білім беру мазмұны мен оқыту жолын айқындайтын, ұтымды нәтижеге жедел қол жеткізетін тиімді әдістеме түбегейлі, толыққанды зерттелмеген, жоқтын қасы.

Қазіргі таңда жалпы орта білім беру мақсаты өзгерді. Жаңа үрдістік іс- әрекеттерге негізделген мазмұнымен қатар оқыту нәтижелеріне де талап қойылған білім берудің жаңа концепциялары, стандарттары жасалуда.

Қазіргі таңда көптеген педагогикалық технологиялар қолданылып жүр. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен «инновация», «технология» ұғымдарына тоқталған жөн.

«Инновация» ұғымы туралы ғалымдар әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былай түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея» десе, ал Майлс: «Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», - дейді [1].

«Инновация» термині латын тілінен алынған, ол «жаңару», «жаңалық», «өзгеру» дегенді білдіреді. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада жаңа саласы, жаңашылдық ғылым пайда болып, ал 50-жылы педагогикалық инновация қалыптасты [2].

Ғалымдар Т.И.Шамова, П.И.Третьякова «Инновация» дегенді: «Жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалықты енгізу, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылыс» деп түсіндіреді [3].

Барлық педагогикалық жүйе құрамы бөліктерінде «инновациялық», «жаңалық тану» үрдісі іске асуы үшін төмендегідей жұмыстар істелуі тиіс. Біріншіден, өсіп келе жатқан ұрпақтың білім алуын жаңа бағытқа салу үшін оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс – тәсілдерден қолдану. Екіншіден, жалпы білім беретін мектептегі оқу жүйесінің мазмұнына өзгерістер енгізу. Үшіншіден, білім алушылардың ойлау қабілеті жаңалықтарды тез қабылдауды қалыптастыру және ол жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету. Бірақ оқыту технологиясын енгізу оқытудың дәстүрлі әдістерін алмастыру емес, қатарластырып қолдану, себебі ол да пәннің әдістемелік құрамдас бөлігі болып табылады.

Модульдік технологияның оқыту іс-әрекетіндегі маңыздылығын зерделеген зерттеуші: М.А.Чошанов [4]. Модульдік технологияның оқыту үдерісінде ұтымды қолданылуына салиқалы үлес қосқан ғалым: П.Я. Юцявичене [5]. Бағдарламалық-әдістемелік құжаттамалардың құрылымы мен мазмұнын модульдеу проектісін оқу үдерісіне енгізгендер: П.Н. Новиков, В.А. Ермоленко, Т.Т. Новикова, Н.Е. Эрганова, Н.В. Бородина [6;7].

«Технология» термині шетел әдістемесінен алынған. «Технология - білім алушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан- жақты ойластырылған үлгісі». Педагогикалық технология-практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз- белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.

Оқыту технологиясы – оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесіне қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде нақты жүйе қызметін атқарады.

Технологияның екі түсінігі бар: а) тиімді оқыту әдістемесін жасауды білдіретін оқыту технологиясы; б) оқыту барысында технологияны пайдалану. Соңғы оқыту технологиясы технологиялық құралдарды оқыту үрдесінде пайдалану (компьютер бағдарламалары, оның ішінде географиялық жаңа мультимедиалық оқулықтары және т.б.) деп түсіну керек.

Тарих сабағында жаңа технологияларды қолдануға көптеген мүмкіндіктер бар. Тарихтан сабақ беруде бірнеше негізгі бағытта компьютерлік технологияны және мультимедианы қолдануға болады.

І. Бағыт материалдарды көрсету.

Көрнекі құралдар және кескін карталар. Тарих сабағының көрнекі құралы тарихи карталар болып табылады.

Мультимедиа география пәнінің мұғаліміне экранда әр түрлі статистикалық материалдарды бейнелеуді көрсетуге мүмкіндік береді. Мультимедиа көмегімен бір объектіден басқа кез-келген тізбекке фрагментті үлкейтуге болады. Сонымен қатар бір экранда бірнеше сюжеттерді енгізуге болады. Бұның тарих пәнінің мұғаліміне өте үлкен көмегі тиеді, себебі лекция сабағына бірнеше көрнекі құралды тасып жүрмейді. Сондықтан мультимедиа апараттарының жетістіктері жоғары екенін байқаймыз.

Болашақ педагогтар үшін мультимедианы қолдану көптеген жұмыстар іске асады. Яғни білім алушылардың пәнаралық ойлау қабілеттері артып, дүние жүзінің тарихи жағдайларды біледі. Мұнымен қатар аэрокосмостық және фотосуреттер, арқылы білім алушылардың тарихи ғана емес, географиялық, экологиялық, туристік және өлкетанулық білімі қалыптасады. Міне, осы кезде мультимедиа көмекке келеді [8].

ІІ. Бағыт процесстерді көрсету.

Тарихи процесстерді ұйымдастыру туралы көп және әр түрлі салада түсіну керек. Тарихи процесс, оқиғаның себеп-салдары, алғышарты, хронологиясы жайлы диаграмма арқылы сызып көрсету.

Тарихи оқиғаларды салыстыру. Жоғарыда келтірілгендей визуальды құбылыстарды салыстыруда және көрнекі материалдарды көрсеткенде бір экранда әр түрлі ақпарат жинақталады. Тарихи оқиғаларды салыстыру, яғни кескін карталарда тарихи оқиғаларды белгілейді (хронологиялық кезеңдері көрсетіп, белгілейдә).

ІІІ. Бағыт ақпараттық оқыту.

Жоғары оқу орындарында және жалпы орта білім беретін мектептерде информатика пәні арқылы білім алушылар компьютерлік технологияны игеруге өздері талпынады.

ІҮ. Бағыт білімді тексеру.

Мұнда әр түрлі жолмен білім алушылар информатика кабинетінде ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы: компьютерлік тест, жеке тапсырманы орындай алады.

Әр түрлі пәнге және тақырыпқа тестермен бақылау жұмыстары жүргізілуде. Білімді тексеру үшін компьютерлік технологияны қолдана отырып, сараптама жасайды.

Ү. Бағыт білім алушылардың өз бетінше орындалатын жұмысы.

Білім алушылар мұғалімдердің берген тапсырманы ақпараттық коммуникациялық технологиялар көмегімен орындайды.

Оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу барлық бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен саластырғанда төменгі нәтиже береді. Компьютерді пайдалану білім алушының тарихты терең танып білуіне ғана емес сондай-ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру - уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Тарих сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім алушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді [9].

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда жоғары оқу орнының алатын орны ерекше. Өйткені білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та жоғары оқу орнында қалыптасып, орнығады. Жоғары оқу орнында тарихты оқытуда қарастырылған инновациялық технологиялар сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай жасалса, ол оқыту үдерісін жетілдірудің бірден-бір тиімді жолы.

Қорыта келе, жаңа технологияларды қолдану барысында білім алушылардың оқуға деген белсенділігі артып, ізденімпаздылық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды, ал осының бәрі білім сапасын тереңдей түседі.

Әдебиеттер

1. Роджерс Э. Инновация туралы түсінік. - // Қазақстан мектебі №4, 2006 ж. 

2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясат бойынша/ - Павлодар: «Эко», 2006 ж.

3. Шамова Т. И., Третьяков П. И., Капустин Н. П. Управление образовательными системами: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений / Под ред. Т. И. Шамовой. - М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2001.

4. Чошанов М.А. К вопросу о проблемно-модульном обучении. // Среднее специальное образование. - 1991. - №. 3. - С. 10 - 13.

5. Юцявичене П.А. Теория и практика модульного обучения. - Каунас: Швиеса, - 1989. - 272 с.

6. Ермоленко В.А., Новикова Т.Т., Новиков П.Н. и др . Система разработки вариативно-модульной учебно-программной документации для профессионального обучения безработных граждан, незанятого населения и высвобождаемых работников. - Москва, - 1995. - 50 с.

7. Бородина Н.В., Эрганова Н.Е.. Основы разработки модульной технологии обучения: Учеб. Пособие. - Екатеринбург: Изд-во Урал. гос. проф-пед. ун-та, - 1994. - 88 с.



8. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология- Тараз: ТарМУ. 2003 ж.

9. Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процесса-Волгоград: Перемена,1995 г.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет