Тарих сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі1.08 Mb.
1   2

ІІІ . Жаңа сабақ

  1. Абылай аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері .

  2. Абылайдың ішкі саясаты

  3. Абылайдың сыртқы саясаты

  4. Абылайдың қазақ жерін біріктіру жолындағы күресі

  5. Абылай хан саясатының бүгінгі күнмен сабақтастығы

  6. Топтастыру

Абылай – қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, өз хандығы кезінде елдің саяси - экономикалық дамуына түбірлі өзгерістер енгізген атақты мемлекет қайраткері.

Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы Абылай (Әбілмансұр) 1711жылы дүниеге келген. Атасы Түркістан қаласының билеушісі (оның да есімі Абылай) кейбір озбырлық әрекеттерінің нәтижесінде “қанішер” деген жағымсыз атқа ие болған.

Абылайдың он үш жасында ауылын жау шауып, әке-шеше, туыстарынан айырылған бала, әкесінің қызметшісінің көмегімен жаудан қашып құтылған. Ол Сабалақ деген жасырын атпен жүруге мәжбүр болды.

Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алды. Ол Шығыстың жеті тілін білді. Он бес жасқа келгенде жоңғар қалмақтарының атақты батыры Шарышты жекпе-жек ұрыс үстінде өлтіреді, оған “Абылайлап” ұран тастап “Абылай ” деген жаңа атқа ие болады. Оған орта жүздегі Арғын тайпасының Атығай атты ірі руына басшылық ету сеніп тапсырылады.


Абылайдың сыртқы саясаты өзінің икемділігі әрі алыстан болжайтын көрегенділігімен ерекшеленеді. 1740 жылы тамыз айында Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай Орскіге келіп,Ресей империясының билігін мойындады.

Абылай өзінің негізгі күшін Жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады. Қалдан Церен қайтыс болғаннан кейін мұрагерлер арасындағы тақ таласын тиімді пайдаланып,олардан қазақ жерін қайтарып алды.

Жоңғар мемлекеті жойыла сала қазақ билеушілері мен Қытай үкіметі билігі арасында жер қатынастарына байланысты дау туды. Қазақ басшылары Жоңғария басып алған жердің өздеріне қайтарылуын талап етті.



Бірақ Қытай үзілді-кесілді бас тартты. 1761 жылы Қытай боғды ханы Аягөз өзенінің оңтүстік бөлігіне көшіп-қонуға тиым салды. Абылай қытайлықтар мен келіссөз жүргізуді күшейте түсті. Соның нәтижесінде 1767ж Қытай Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайылымдарды қайтарып беруге мәжбүр болды.

Абылайдың қырғыздар мен де қарым-қатынасы күрделі болды. Қырғыз жасақтары Жетісу жеріндегі қазақтардың малын барымталап, тыныштықтарын алды.

Абылай екі рет шабуыл жасап, үшіншісінде келісімге келіп,қырғыз манаптарының балаларын аманатқа алып,көптеген қырғыздарды айдап алып келеді. Олардан екі болыс ел құрап,атығай руының арасына қоныстандырады. Абылай ханның бұл шаралары қазақ –қырғыз шекарасында тыныштық орнауына үлкен себепкер болды. Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын алады.

Абылайдың күш-жігері ең алдымен күшті және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсады.

Топтастыру: ол қазақ даласында темір ұстаханаларын салудың бастамасы болды.

Абылай хан ақын-жырау,әнші – күйшілер мен діни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды. Қазақ халқының мерейі тасып, рухы көтерілді. 1781 жылы Абылай хан Түркістанда қайтыс болды,оның денесі қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.



ІV.Қорытындылау: Қазақстан қалаларының басты-басты көшелері Абылай ханның атымен аталады. Алматыда Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне Абылай ханның есімі берілген. Алматы мен Көкшетаудың етегінде Абылай ханның құрметіне алып ескерткіш стелла орнатылған. Бұл – халқының ұлы ханына берген әділ бағасы және көрсеткен құрметі.

V. Жаңа сабақты бекіту.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша әр түрлі тапсырмалар:



І.Міндетті деңгейі: Проблемалық сұрақтар.

1. Қалдан Церен қай жылы қайтыс болды?

2.Қытай империясының билеушісі?

3.Жоңғария қай жылы талқандалды?

4.Абылай хан қай жылы жоңғарлардың қолында тұтқында болды?

5.Үш жүздің басын қосқан хан?

6.Жоңғар шапқыншылығы неше жылға созылды?

7.Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы?

8.Абылай хан кезіндегі қазақ батырлары?

9.Абылай қайтыс болғаннан кейін хан тағына отырған ұлы?



10.Абылай хан атындағы республикамыздағы оқу орындары?
ІІ. Алгоритмдік деңгейі: Сандар сөйлейді (есептер шығару)

  1. 808+903=

  2. 535+536+70*10=

  3. 500*2+70*10+40=

  4. 500*2+391+390=

ІІІ. Эвристикалық деңгейі: Криптограмма шешу.

  1. (Абылай хан – Жошы ханның ұрпағы)

1*3*37*16*1*13*30*1*18*10*20*34*37*30*1*18*18*37*19*27*23*22*1* 6*37

  1. (Абылайдың бала кездегі лақап аты - Сабалақ)

1*3*37*16*1*13*7*37*19*3*1*16*1*14*8*11*7*8*5*38*16*1*15*1*22*1*25*37*24*1*3*1*16*1*15

  1. (Абылай ханның кеңесшісі- Бұқар жырау)

1*3*37*16*1*3*30*1*18*18*37*19*14*8*19*8*24*34*38*3*8*24*38*3*27**15*1*23*10*37*23*1*26
ІV.Шығармашылық деңгейі: Көрініс көрсету.

Сөзжұмбақ:Абылай
1. Абылай ханның шын есімі?

2. Абылай бала кезінде кімнің түйесін бақты?

3 Абылайдың баласы, Хан Кененің әкесі?

4 Жоңғарияға елшілікке барған батыр?

5 Абылай тұсындағы қазақ хандығының ордасы?

6 Абылайдың атасының аты кім?

7 Абылайдың кеңесшісі?

8Абылай 15 жасында Жоңғардың қай батырын жеңді?

9 Жоңғар нойоны, Давацидің бақталасы?

















А






















































Б
























Ы












Л










































А





















Й









Х












А




































Н





Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы.
Сабақтың мақсаты:
Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, тарихи тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, баяндау, сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Ы. Алтынсариннің портреті, нақыл сөздері, кестелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы.


Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа әзірлеу, оқу құрал – жабдықтарын тексеру, бір – біріне жақсы тілектер айту.
Үй тапсырмасын сұрау: «Білім аукционы».


Жаңа сабақ: Ыбырай Алтынсарин (1841 – 1889)

Зерттеушілер тобы: ағартушының өмір жолына зерттеу жасау.


Баяндаушылар тобы: педагогикалық қызметін баяндау.

Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген.



Өз әкесі Алтынсары 4 – жасар кезінде қайтыс болады да, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балқожа би осы ашылмақ мектепке 1846 жылы бес жасар немересі Ыбырайды жазғызып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс – қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай болады.Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша шенеуктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан – жақты білім алуға пайдаланған.Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.

Хронологиялық кесте: “Жылдар сөйлейді” 2 - топ тапсырма беріледі.

1-топ
1841 жыл
1860 жыл
1880 жыл
1879 жыл
Сергіту сәті.
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі.
Шығармашылық тапсырма.
Зерттеушілер тобы: Ы. Алтынсаринге ескерткіш орнату.
Баяндаушылар тобы: Тілшімен сұхбат.
Ыбырай Алтынсарин өз өмірінің бәрін келешек ұрпақ үшін арнады. Балаларға арнап жазған өлеңдері, әңгімелері және орыс әдебиеттерінен аударған балаларға лайықты көркем шығармалар да бар. Ыбырай – халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бар өнерін сол жолға арнаған адам.
Ыбырай Алтынсариннің ең алғаш шыққан кітабы «Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылы Орынборда жарық көрген.
Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен шығармалары: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер – білім бар жұрттар», «Қыпшақ Сейітқұл», «Асан мен Үсен», «Ағаш үй мен киіз үй», «Әй, жігіттер», «Залым төреге», «Өзен», «Жаз». т. б.
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы шілде айының 30 – ы күні Қостанайда дүние салады.
Сабақты қорытындылау: Қазақ халқының ұлы мақтанышы, ұлы ұстазы, тұңғыш ағартушы – ғалым, шебер жазушы Ыбырай Алтынсарин қаламынан көптеген маңызды көркем шығармалар туды. Қазақ даласына тұңғыш рет мектеп ашқан Ыбырай Алтынсариннің келешек ұрпақ үшін атқарған еңбегі күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Ыбырай Алтынсарин кім?

  • Атасының аты кім?

  • Ыбырайды атасы бауырына неліктен басты, атасының тәрбиесінде болудың себебі.

  • Ыбырай алғашқы қазақ даласында ашылған мектепте неше бала оқытты?
    Үйге тапсырма: Ыбырайдың өлеңдерінің мазмұнын түсініп келу. Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып келіңдер. «Өзен» атты өлеңін жатқа, мәнерлеп айту. «Даланың дара ұстазы» атты тақырыпта шағын шығарма жазып келу.



Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Ресей құрамында

Сабақтың мақсаты: «Қазақстан Ресей құрамында» тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін бекіту, сол тақырыпты еркін меңгергенін байқау.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білімін толықтыру, тереңдету, материалды жүйелей алу, алған білімін пайдалана алу біліктіліктерін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, ұжымшылдыққа икемдеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Оқулық, электрондық оқулық, кесте тапсырмалары, плакаттар, маркерлер.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: Семинар сабағы.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс.
Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа жұмыс істеуге дайындау, олардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды екі топқа бөліп,



1-топқа – «Саясаттанушылар»

2-топқа – «Әлеуметтанушылар» деп ат қойып, топ басшыларын сайлау.

ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысынан ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан жеріне ойша саяхат жасайтын бұл топтар бес бекеттен өтуі тиіс. Ол үшін олар әр бекеттегі кассадан сұрақтар және қосымша тапсырмалар алады. Бесінші бекетте саяхатты қорытындылайды. Топтардың жауаптары тақтадағы плакат – мониторингте 10 балдық жүйемен бағаланады. Бекеттерден сүрінбей өткен топ жеңіске жетеді.



ІІ. Сабақтың негізгі бөлімі.

Саяхаттың жоспары:

1-бекет. Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы.

2-бекет. Қазақстанның Ресейге қосылуы.

3-бекет. Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесінің еңгізілуі.

4-бекет. Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты.

5-бекет. Саяхатты қорытындылау.

Саяхатқа кіріспе: «Қазақстан Ресей құрамында» атты ролик көру.



Топпен жұмыс.

1-бекет. «Саясаттанушылар» тобының тапсырмасы:

Ресейге қосылу қарсаңындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы қандай болды?



Қосымша тапсырма: Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайларға ықпал етуші факторларды ата.

«Әлеуметтанушылар» тобының тапсырмасы.

ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақтардың әлеуметтік жағдайына Қазақ-жоңғар арасындағы қатынастардың әсері.

Қосымша тапсырма: Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайлар қандай саяси-әлеуметтік проблемаларға алып келді.
2-бекет. «Саясаттанушылар» тобының тапсырмасы:

Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі үрдісіне Әбілқайыр хан саясатының әсері.



Қосымша тапсырма: Қазақстанның Ресейге қосылуына ықпал етуші факторларды ата.

«Әлеуметтанушылар» тобының тапсырмасы.

Ресей империясына қосылу қарсаңында Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы әлеуметтік ахуал қандай болды?

Қосымша тапсырма: Қазақстанның Ресейге қосылуы барысы қандай проблемаларға алып келді?
3-бекет. «Саясаттанушылар» тобының тапсырмасы:

1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы, 1867-1868 жылдардағы реформалардың мәні мен мақсатын түсіндір.



Қосымша тапсырма: Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесінің еңгізілуіне ықпал етуші факторларды ата.

«Әлеуметтанушылар» тобының тапсырмасы.

ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы Патша үкіметінің қазақ жеріне жүргізген әкімшілік реформаларының қазақтардың әлеуметтік жағдайына тигізген әсері.

Қосымша тапсырма: Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесінің еңгізілуі барысында қандай проблемалар туындады?
4-бекет. «Саясаттанушылар» тобының тапсырмасы:

Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты және оның іске асу кезеңдерін түсіндір.



Қосымша тапсырма: (топтастыру стратегиясы).



Патша үкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясатына ықпал етуші факторлар


«Әлеуметтанушылар» тобының тапсырмасы.

Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясатының қазақтарға тигізген әлеуметтік әсері қандай?



Қосымша тапсырма: (топтастыру стратегиясы).


5-бекет. Саяхатты қорытындылау.

«Саясаттанушылар» тобының тапсырмасы:

Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру үрдісінің жағымды (позитив), жағымсыз (негатив) жақтарын анықта.

«Әлеуметтанушылар» тобының тапсырмасы:

Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру үрдісінің әлеуметтік астарының жағымды, жағымсыз жақтарын анықта.

Әр топтартың бекеттерде жинаған балдарының көрсеткіші плакатқа жазылып, жеңімпаз топ анықталады.




Топтардың аттары

1-бекет

2-бекет

3-бекет

4-бекет

5-бекет

Қоры

тынды

1-топ: «Саясаттанушылар»



















2-топ: «Әлеуметтанушылар»



















ІІІ. Бағалау. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру мақсатымен тест алу, қорытындысын шығару.

ІV. Қорытындылау.

Сабақты қорытындылай келе, оқушылардың сабақта көрсеткен білім деңгейлерінің, қай топтың ұпайы жоғары болғандығының қорытындысы шығарылады.



V. Үйге тапсырма беру: «Қазақстанның Ресей империясына қосылуы» тақырыбына арналған эссе жазу. (ой-түйіндеме).

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы экономикалық жағдайы.

Сабақтың мақсаты:: Қазақ хандығы халқының негізгі кәсібі мал өсіру болғанын, оның күнделікті тұрмыста пайдасын түсіндіру, сонымен қатар егіншілік пен қолөнер кәсібінің даму ерекшеліктерін көрсету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өз ойларын қорытып айтуға, өздігінен талдауға, салыстырып айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Өз халқын сүйіп, салт-дәстүрлерін танып қадірлеуге, адамгершілікке, ұлттық сезімге тәрбиелеп, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Ойын элементтерін пайдаланған дәріс сабақ.

Көрнекілігі: Карта, карточкалар, перфокарталар, суреттер, плакаттар, схема, буклет, техникалық құралдар.

Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, көріністер арқылы көрсету, ұлттық ойындарға саяхат, оқулықпен жұмыс.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. а) «Бәйге» - Үй тапсырмасын сұрауды қазақтың «Бәйге» ойынымен бастаймыз. Қазақ хандығының басқару жүйесі туралы сұрақтар қойылады. Қойылатын сұрақтар:

  1. Қазақ хандығының құрылысы бастапқы кезде (ХV-ХVІ) қанша сатыдан тұрды?

  2. Ауыл деген не?

  3. Ата-аймақ деген не?

  4. Ру

  5. Арыс

  6. Ұлыс

  7. Жүз

  8. Хандық

а) Жамбы ату. Тақтаға: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деген сөздер жазылады. Оқушылардың әрқайсысында сигналды карточкалар – а,ә,б. Берілген сұраққа сәйкес жауаптың белгісін көтереді.

ә) Жалайыр, албан, суан, дулат, сары үйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары қай жүзге енеді?

б) Адай, алшын, жаппас, беріш, табын, тама, керей, жағалбайлы, телеу, рамадан ше?

«Пиктограмма» ойыны. Карточкалық жұмбақ бейнелер. Карточкаға асықтың, ханның, жиналған халықтың суреті жапсырылғанда, сұрақ белгісі қойылады.



  1. Бірінші карточкада қандай дәстүр жұмбақ түрінде көрсетілген?

  2. Екінші карточкадағы хан бейнесі арқылы не көрсетілген? – Оқушы жауабы: Менің ойымша, бұл жұмбақта қазақ ханы болып малы көп шонжар-сұлтандар сайланатыны, т.б. әңгімеленген.

  3. Үшінші карточкада не жұмбақталған? – Оқушы жауабы: Мұнда меніңше, ХVІ-ХVІІ ғ. Қазақ хандығындағы халықтың әлеуметтік құрамы көрсетілген.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақ жоспары.

  1. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы қазақтардағы шаруашылық

  2. Көш

  3. Қалалардың жағдайы

ХVІ-ХVІІ ғасырларда Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшіп-қону жайылымдарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік берді. Рулардың өзінің көші-қон жолдары болды. Маусымды жайылым төрт кезеңге бөлінді. Олар қыста –қыстауға, жазда-жайлауға, көктемде-көктеуге, күзде-күздеуге қоныс аударды. Мұның бәрі халық тәжірибесінен туды.

ІV. Тірек-схемамен- көрсету.




Көшпелі Қазақстанның оңтүстігі,оңтүстік-батыс,оңтүстік-шығыс,орталық Қазақстан аймағында

Отырықшы (егіншілікпен айналысатын).Оңтүстік Сырдария,Ертіс,Талас, Шу, Іле өзендерінің бойы

Жартылай көшпелі(аздап егін шаруашылығымен айналысатын)


Дүние жүзінде ең көп тараған малдың бірі-қой, себебі тек пайдалы жүн, ет, тері беретінінен бұрын ол көнбіс, табиғаттың түрлі талқысына шыдамды. Ғалымдар шөптің 800-ге тарта түрі бар десе, соның қой малы 520-сын жейді екен.



V. Дәптермен жұмыс.

Жер-судың ыңғайына қарай жайлау мен қыстаудың ара қашықтығы әр түрлі келеді. Таулы жерлерде жайлау жақын болады. 100 шақырымнан аспайды. Жартылай көшпелі немесе отырықшы шаруашылықтың көші-қоны 20-30 шақырымдай. Ал тегіс даланы мекендеген қазақтардың жайлауы мен қыстауының арасы 600-700 шақырымнан асады.

Көктеу – көктемгі көш, малдың төлдеу мерзіміне сәйкес келеді.

Жайлау – жазғы көш, мамыр айының басында басталады. Күніне 15 шақырымнан жүріп, жайлауға айдан астам уақыт жүріп жетеді.

Күздеу – күзгі көш, суық басталысымен көшеді. Көзгі көш күніне 25-30 шақырым жол жүреді.

Қыстау – қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауып, мұз қата бастағанда көшеді.



VІ. Суретпен жұмыс.

«Көктемгі көш». Суретті әңгімелей отырып, қой мен ешкіден – жүн, түбіт, жылқыдан-қыл, түйеден – шуда алынатынын айту.

Көктемгі көш – наурыз айының аяғында қазақ ауылы қыстаудан көктеуге келеді. Қойдың қозыларын аман сақтап қалу-малшы ауылдардың тіршілігіндегі ең жауапты кезең. Мал төлдегенде ауыл адамдары шаруаға түгел жұмылады.

Көген – ешкі мен қой жүнінен жылқы қылын араластырып ескен желі арқан, ұзындығы 25-30 метрдей болады.

Неге қой-ешкі сөз тіркесінде ешкі екінші орында?

Төрт түлікке байланысты қандай мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш білесіңдер?

Қой қырқу, текемет басу туралы әңгімелеу.


VІІ. Видеотаспа.

«Жазғы көш». Жайлауға келгесін маусым айының аяғында қозы бірінші рет қырқылады. Қозыны қырқудың алдында барлық қоймен бірге бір-екі рет суға тоқытып алады. Қой тоғыту малдың денсаулығын күшейтуге, тәбетінің артуына, денесіндегі жарақаттың тез жазылуына, жүннің жақсы өсуіне дұрыс әсер етеді.

Қозы күзем, тоғыту туралы әңгімелеу.

VІІІ. Оқулықпен жұмыс.

«Күзгі көш».

Мәтіннен не ұғындың?

Қарашаның аяғында суық түсісімен соғым сойылады. Солтүстікте соғымды көбірек, ал оңтүстікте азырақ сояды, бірақ көбінесе соғым отбасының дәулетіне, ауқаттылығына байланысты. Соғымға малдың барлық түрінен сояды. Ірі байлар10-15 жылқы, 2-3 түйе, 30-35 қой-ешкі сойған. Ірі малды сойғасын етін сүйегінен бөліп алады, етін сақтап, қалған сүйекті сабын қайнатуға пайдаланған.

ІХ. Театрландырылған қойылым.

«Қысқы көш»

Х. «Көш» ойыны.

Тақтаға жүк артқан 5 түйенің көші ілінеді. Бірінші түйенің жүк салған қомында мынадай тапсырма бар:



  • Сығанақ, Иасы (Түркістан), Сауран, Сайрам, Отырар, (Фараб) қалалары туралы өткен тақырыптардан не білесіңдер? Мына суреттерден осы қалаларды табыңдар.


Оқушылар жауабы:

1-оқушы.Сауран – ХVІ ғ. Мұнаралы биік қамал қабырғалы, терең ор қазылған қорғаныс жүйесі. Оның тербеліп тұратын мұнаралары болған. Сауран қаласы үшін өзбек пен қазақ хандығының арасында 1 ғасырға созылған қанды шайқастар болған. ХVІ ғ. Сауран Қазақ хандығына түпкілікті өтті.

2-оқушы. Сайрам-мықты бекініс, ірі сауда-өнеркәсіп орталығы. Мәуреннахрдан Түркістан мен Жетісуға шығатын сауда және әскери жолдардың торабына орналасқан қала. Бұл қала ХVІ- ХVІІ ғ. Қазақ хандығының қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық өмірінде басты орын алады.

3-оқушы. Сығанақ – алғашқы қазақ билеушілерінің астанасы. ХVІ- ХVІІғ қазақ хандығының астанасы, діни орталығы.

4-оқушы.Иасы – ХІVғ бастап Түркістан атанды. Қала ХVІІ ғасырдың ІІ жартысында Қазақ хандығына өтті.

5-оқушы.Отырар – Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі сауда-өнеркәсіп орталығы. Тарихи деректерде 8 ғасырдан бастап Тарбанд атауымен белгілі. Деректемелерде Тұрар, Фараб, Тұрарбанд деп бірнеше атпен белгілі.

Сабақты қорыту:

Бүгінгі сабақтан қандай қорытынды жасайсыңдар?

Өздеріңе қажетті ақпарат алдыңдар ма?

Оқушылар өз ойларын айтып шығады.



Үйге тапсырма:

«Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері» тақырыбына эссе жазу.



Сабақтың тақырыбы: XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер.
Сабақтың мақсаты: Осы тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін бекіту, тиянақтау.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білімін пайдалана алу біліктерін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, ұжымшылдыққа икемдеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, карта, суреттер, сызбалар, әдеби оқулықтар, ватман, стикер, маркер, т.б.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс. СТО технологиясының элементтерін қолдану (сұрақ-жауап, постер қорғау, мәтін мен жұмыс, кластер жасау, деректер мен жұмыс).

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.


Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа жұмыс істеуге дайындау, олардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды 3 топқа бөліп, оларға әр-түрлі тапсырмалар беріледі. Әр топ өздерінің топтарының атын қояды.


Сабақтың жоспары: І. «Өткел».

(Шарты: топтық сұрақтарға жауап беру).



ІІ. «Самғау».

(Шарты: көтерілістің алғы шарты, сипаты қозғаушы күші, мақсаты туралы) Постер қорғау.



ІІІ. «Тарихи тұлғалар сөйлейді».

(Шарты: тұлғалардың өмірі туралы айтып беру).



ІV. «Шарықтау кезеңі».

(Шарты: Шарты: ұлт-азаттық көтерілістің негізгі оқиғалар туралы) Кластер қорғау.



V. Ситуациялық сұрақтар.

(Шарты: ауызша сұрақтарға жауап беру).


І. «Өткел».

(Шарты: топтық сұрақтарға жауап беру)


«Тарихшылар» тобы:

  1. Бөкей Ордасы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

  2. 1836-1838 жж Бөкей Ордасындағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші қандай әлеуметтік топ болды?

  3. К.Қасымұлы туралы еңбегі үшін 25 жылғы сотталған тарихшы ғалым кім?

  4. «Абылай атам қоныс еткен жерлер үшін күресемін» деп ашық айтқан кім еді?

  5. Кенесары туылған жер?

  6. Бөкей Ордасының ханы?

  7. Исатай қаза болған шайқас?

  8. Ұлы жүзбен орта жүздің бір бөлігі Кенесары тұсында қай хандыққа қарады?

  9. Кенесарының көтерілісі қамтыған аймақ?

10.С.Датұлы көтерілісіне қатысқан рулар?

«Тапқырлар тобы».

  1. Нұралыны хан тағынан айырған кезең?

  2. Нұралы қай жылы дүние салды?

  3. 1802 ж дүние салған қолбасшы, батыр?

  4. Сырым әрі батыр, ....

  5. 1836-1838 жж көтеріліске қатысқан рулар?

  6. Жәңгір ханның ордасы орналасқан жер?

  7. Сырымды қуғындаған сұлтан?

  8. Сырым қай хандыққа өтіп кетті?

  9. Кенесары көтерілісіне қанша би қатысты?

  10. Кенесары көтерілісінің қозғаушы күші?


«Зерттеушілер тобы».

  1. Қазақтың соңғы ханы?

  2. Кенесары қолдаған батырлар?

  3. Бөкей хандығы қай жылға дейін сақталды?

  4. Кіші жүздің иеленген жері қанша шақырымға созылды?

  5. Жәңгір хан қандай тілдерді меңгерген?

  6. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан рулар?

  7. Жәңгір ханның қайын атасы?

  8. Әрі батыр, әрі ақын?

  9. Махамбетті ұстап беруге, басына тіккен сйыақы мөлшері?

  10. Кенесары хандығының ішкі құрылысы қандай болған?


ІІ. «Самғау».

(Шарты: көтерілістің алғы шарты, сипаты қозғаушы күші, мақсаты туралы) Постер қорғау.







ІІІ. «Тарихи тұлғалар сөйлейді».

(Шарты: тұлғалардың өмірі туралы айтып беру).


1.Сұлтан Кенесары 1802 ж Көкшетау дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен танылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. Л.Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды. Кенесары сұлтан дәулетті: оның жеке иелігінде 6 мыңға дейін жылқысы мен 2 мыңдай ұсақ малы болған. Замандастырының сипаттауына қарағанда, ол ашаң жүзді, орта бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзін-өзі аса байсалды ұстай білетін. Әңгімелескен адамының пікіріне әрқашан мұқият назар аударатын. Қонақжай қасиеті ерекше күшті еді. Әкесімен және ағаларымен бірге жүрген кездерінде олардан қолбасылық тәжірибесін едәуір үйреніп алған болатын.

2. Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) басқарды. Оның екеуі де беріш руының Жайық атасынан болатын. Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы қолайлы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының Жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.



3.Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында тұрған.

Махамбеттің патша әкімшілігінің қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа таныс.

«Өздеріңдей хандардың, Қарны жуан билердің Атандай даусын ақыртып, Лауазымын көкке шақыртып, Басын кессем деп едім, Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім, Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім!», -

деп Махамбет халық-азаттық күрестің мақсаты туралы шабыттана жырлады.



  1. Көтерілістің басшысы Сырым Датұлы 1742-1802 жылдар аралығында өмір сүрген. Зерттеулерге қарағанда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында дүниеге келген. Қазақ халқының өте тапқыр, көрнекті шешендерінің бірі. Сырым Датұлы Ресей патшасының, оның осы өңірдегі хандары мен сұлтандарының қарапайым халыққа көрсетіп отырған озбырлығына наразы болды. Орынбор генерал-губернаторына жазған бір хатында: «Сіздер түрлі әдіспен қолға түсірген ноғай, башқұрт халықтары секілді бізді де езбекші екендеріңіз белгілі». Сондықтан да мен патша үкіметімен, хан-сұлтандарға наразы шаруаларды төңірегіме топтастырдым. Салық бермесін, ханға сенбесін, сұлтандарға ермесін халық өзін-өзі қорғасын деген ұранмен патша үкіметіне қарсы шықтым.

ІV. «Шарықтау кезеңі». (Шарты: ұлт-азаттық көтерілістің негізгі оқиғалар туралы) Кластер қорғау.

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

V. Ситуациялық сұрақтар. (Шарты: ауызша сұрақтарға жауап беру).

1.Ұлт-азаттық көтеріс дегеніміз не?

2.Соғыс деп нені айтамыз?

1.Кенесары туралы ақын-жазушылардың еңбектері туралы не білесің?

2.Ұлт азаттық көтерілістердің жеңілу себебі?

1.Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістерді ата?

2.Кенесарының атақты батырлары.



Бағалау. «Шыңға шығу». Жеңімпаз топтар марапатталады.

Үйге тапсырма: «Сырым, Махамбет пен Исатай, Кенесары батырлары» туралы реферат жазу.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет