Тасарық ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары тасарық ауылы, 2018 жыл Кіріспе



бет1/2
Дата19.05.2018
өлшемі295,97 Kb.
#40528
  1   2
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы

Тасарық ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫ



Тасарық ауылы, 2018 жыл
Кіріспе

Қызылорда облысы Қазалы ауданының Тасарық ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары халыққа қолайлы тұрмыс жағдайын жақсарту бағытында жасалды.

Тасарық ауылдық округі аудан орталығы Әйтеке би кентінен

97 шақырымда орналасқан. Округ бойынша елді мекендерде жалпы халық саны 1011 адам.

Тасарық ауылдық округі егін шаруашылығымен айналысады.

Кешенді даму жоспары арқылы елді мекеннің әлеуметтік экономикалық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның, елді мекенде өндірілген егін шаруашылығы өнімдерінің облыс орталығына және басқа елді мекендегі тұтынушыларға жеткізу, жаңа жұмыс орындарын ашып жұмыссыздық деңгейін азайтуға қол жеткізуге мүмкіндік туады.


І. Тасарық ауылдық округінің ағымдағы даму жағдайын талдау.



Тасарық ауылдық округі 2005 жылы құрылған. Округтегі Тасарық, Лақалы ауылы және Отгон елді мекендерінде 167 отбасы, 1011 халық тұрады. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 534, яғни 52,8% -ды құрайды. Ауылдық округтегі 18 бен 29 жасқа дейінгі жастар саны – 178. Жұмыссыздар саны – 18. Жұмыссыздық деңгейі 3%. Өзін-өзі қамтушылар саны – 266, оның ішінде өнімдісі – 195, өнімсізі – 71.

Тасарық ауылдық округінің аудан орталығынан қашықтығы 97 шақырым, облыс орталығынан қашықтығы 457 шақырымды құрайды. Округ көлемінде 3 шаруа қожалығы, 18 жеке кәсіпкерлік, 2 орта мектеп, 2 клуб, 2 кітапхана, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медициналық пункт, 3 ауыз су айдау бекеті, 1 почта байланыс бөлімшесі, ауыл әкімшілігі халыққа қызмет көрсетеді. Жеке кәсіпкерлік бойынша 6 дүкен, 3 жолаушылар тасымалдаушы, 4 балық аулау және балық алып сатумен, 3 әртүрлі кәсіппен және №238 орта мектеп жанынан 1 адам буфет ашып жұмыс жасайды.

Ауылдық округ көлемі 14206 гектар. Оның ішінде жайлымдық – 8876 гектар, шабындық - 649 гектар.

Ауылішілік жол ұзындығы Тасарық ауылы бойынша 8, Лақалы ауылы 5, Отгон елді мекені бойынша 2, барлығы: 15 шақырым, электр желісі Тасарық ауылы бойынша 10,5, Лақалы ауылы 7,8, Отгон елді мекені бойынша 0,5 барлығы: 18,8 шақырым.

Округ бойынша 2016-2017 жылы 1138,2 мың теңге, 2017 жылы 1404,6 мың тенге түсім түсіп, барлығы 2542,8 мың теңге қаржы жиналды. Осы аталған қаржының 1134,8 мың тенге қаржыға Тасарық ауылынан екі қорым және Лақалы ауылынан бір қорым қоршау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Лақалы ауылынан Социолистік Еңбек Ері Алимаев Кәрібоз ағамыздың атындағы бақ қоршалды.


Каталог: bugingroup zend -> kazaly -> public -> admin
admin -> Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
admin -> Қазалы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
admin -> Жылдарға арналған Қазалы ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджет
admin -> АТҚарылған жұмыстар мен жаңа міндеттер
admin -> Жылдарға арналған Қазалы ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджет
admin -> БАҒдарламасы бозкөл ауылы, 2018 жыл Кіріспе
admin -> БАҒдарламасы 1 сурет: ауыл картасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет