Теңдеулер мен оның жүйелерін құруға берілген есептер



Дата07.02.2022
өлшемі16,36 Kb.
#88347
Байланысты:
7-8 лекция
1-2 лекция (1)

Теңдеулер мен оның жүйелерін құруға берілген есептер.

Теңдеулер (немесе жүйесін ) құруға берілген есептерді шешу бірінші кеезеңнен тұрады:



  1. Есептің шартын талдау. Егер есепте параметрлер болса, олардың бір – біріне тәуелді немесе тәуелсіз есепте сипатталып отырған құбылыс, процесс, оқиға іске асуы үшін олар қандай мәндер қабылдай алады, тәуелді параметрлер арасында қандай байланыс болуы керек. Есепте қанша және қандай белгісіздер бар.Сипатталып отыған құбылыс іске асуы үшін белгісіздер қандай мәндер қабылдай алады, белгісіздер мен параметрлер арасында қандай байланыс болуы керек?

  2. Теңдеулер (немесе жүйесін ) құру. Теңдеуді құру үшін негізгі белгісізді (немесе жүйе құру керек болған жағдайда негізгі белгісіздерді )таңдап алу және белгілеу.

Қандай белгісіздерді таңдап алынған параметрлар арқылы өрнектеу.Теңдеуді(немесе жүйені)құруды толық түсіндіру.Құрылған теңдеуді (немесе жүйені) шешу.
Зерттеу.
Әр теңдеуді (немесе жүйенің) табылған шешімінің белгісіздің мүмкін мәндер облысында жататын,жатпайтынын анықтау керек.Егер шешім белгісіздің мүмкін мәндер облысында жатса,параметрлердің барлық мәндері үшін жата ма,барлық мәндері үшін орындалмаса,параметрлердің қандай мәндері үшін әр шешім белгісіздің мүмкін мәндер облысында жататындығын , қандай мәндері үшін мүмкін мәндер облысында жатпайтындығын табу.
Зерттеу қорытындысында теңдеудің (немесе жүйенің) табылған шешімдерінің қандай жағдайларда есеп сұрағына жауап болатындығын көрсету керек.
5)Тексеру (міндетті емес)
6)Жауап
Әр уақытта көрсетілген схемаға сүйену міндетті емес,пайда кезеңдердің орнын ауыстырған қолайлы болады.Мысалы ,тәжірибеде бірінші кезеңді екінші кезеңнен кейін ,тіпті кейде оны үшінші кезеңнен кейін орындайды.
Сандық қатыстарға берілген есептер мазмұнына теориялық арифметика материалдары енетін есептер жатады.Бірлік ,ондық,жүздік,т.с.с. разрядтар белгісіз ретінде алынып ,сол арқылы көп таңбалы сандар табылады.
Арифметикалық ,геометриялық прогрессияға берілген есептер.Негізінен осы прогрессиялардың анықтамасына,қасиеттеріне ,n-ші мүшесін , қосындысын т.б.табуға араласқан есептер болып келеді.
Бірлесіп істелетін жұмысқа берілген есептердің мазмұны,негізгі компаненттері жұмыс (орындалатын жұмыс көлемі ),уақыт (барлық жұмысты орындауға кететін уақытты -(t)-мен,бірлік уақытта орындалатын жұмыс шамасы ) болып табылады.
Мұндай есепте барлық орындайтын жұмыс көлемін 1 деп есептейді.Барлық жұмысты орындауға кететін уақытты -(t)-мен ,бірлік уақытта орындалатын жұмыс өнімділігін V-t/1түрінде жазамыз.
Қорытпа мен қоспаға берілген есептер шартында құрамында екі немесе бірнеше заттардың қорытпасы немесе қоспалары туралы айтылады.Осындай есептерді шешу аралас қоспа,қорытпа,процентті мазмұнды,"сынама"т.б ұғымдармен байланысты және келесі жорамалға негізделген:
1.Қарастырылатын қоспа (қорытпа,ерітінді)біртекті.
2.Сиымдылық бірлігі ретінде алынған литр мен масса бірлігі арасындағы айырмашылық жасалмайды,яғни көлемдері V1 және V2 екі ерітіндінің қосындысы қоспа болады,көлемі V1+V2-тең.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет