Тегі, аты Утепова Салиха Қамбарқызы



Дата11.09.2017
өлшемі87,44 Kb.
#32005



Тегі, аты

Утепова Салиха Қамбарқызы

1

Ұйымның аты

Астана қаласы №8 орта мектеп

2

Қызметі, ғылыми дәрежесі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

3

Баяндаманың тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы-ұлт жанашыры

4

Мекен –жай, телефон

Асанқайғы, 56 87025576655


Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт жанашыры

«Ломоносовтың бойында екі түрлі қабілет бар-

ақындық пен ғалымдық, оның соңғысы алғашқысына

қарағанда күштірек»-деген еді В.Белинский.

Соған ұқсас жайды Ахмет бойынан да көреміз.

Оның ақындығын ғалымдығы жеңіп кетті.

Серік Қирабаев

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды

1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар , өзге түркі халықтары да пайдаланып отырғандықтан, туыстық жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады.Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, «төте жазу» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті.

А.Байтұрсынұлы өз жазған «Өмірбаянында» «... Орынборға келгеннен кейін , ең алдымен , қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім, одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға синтаксистік құрылысын өзге тілдерден жат әсерінен тазартуға әрекеттендім, төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби тілден арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым»деп жазған еді [1-2 бет]. 1910 жылдан қолға алынған жұмыс 1912 жылдан қолданысқа енеді. Ғалым бір халықтың әліпби жүйесін екінші бір халық қабылдағанда, оны өз тіліне икемдеп үйлестіру қажеттігін, олай етпеген жағдайда әріп мәселесінің дұрыс шешім таппайтынын 1924 жылы өткен «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде » ашық түрде айтып өтеді. Ғалым съезде сөйлеген сөзінде «Осы күнгі жұрттардың бәрі де өзі шығарған әліпбиін тұтынып отырған жоқ. Бәрінікі де өзгеден алған әліпби. Еуропа жұрттарының тұтынған әліпбиінің түбі көне семит әліпбиі. Көне семит әліпбиін өз тіліне үйлестіріп финикий жұрты алған, онан грек алған, гректен латын , Еуропа жұрттары алған. Түркі әліпбиінің түбі де көне семит әліпбиі. Олардан куфалықтар алған. Куфалықтардан араб өз тіліне үйлестіріп алған. Арабтан Иран, Түрік және басқа мұсылмандар алған. Солардың қайсысы да бірінің әліпбиін бірі алғанда сол қалпында алмаған. Өз тілдерінің дыбыстарына қарай өзгеріс кіргізіп алған»,-дейді[2-56 бет]Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуына өзгеріс енгізгенде «ежелеусіз төте» оқу қағидасын басты принцип ретінде ұстанып оны қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарына икемдеді. Ғалым қазақша оқу мен мұсылманша оқудың айырмашылығын «Айқап» журналының №4-5 санында «қазақша оқу», «мұсылманша оқудың» екі түрлі екендігін ескертсе, 1911 жылғы «Айқап» журналының 2 санында жарияланған «Қазақ өкпесі » деген мақаласында жазудың адам өміріндегі маңыздылығын, сондықтан оқу-білімі жоқ, жазу-сызуы жоқ қоғамның надандық құрсауында болатынын ашық жазып «олжалы жерден үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерден жолдан қағылғанымыз-бәрі надандық кесапаты» деп өз халқын ағартушылыққа шақырды.Ағартушылыққа шақыра отырып қазақ қоғамын «қараңғылықтан оятуды» сауаттандыру ісінен бастады, ал сауатсыздықты жою үшін әліпби , әріп, жазу, оқу мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізді. Яғни Ахаңның алдына қойған мақсаты «ауызекі сөйлеу тілінің » жазба тілдегі формасын жасап шығару болды да, осының негізінде қарапайым сөйлеу тілінің дыбыстық заңдылықтарына сай «ұлттық әліпби »құрастырды. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын өзгерткенде төмендегі мәселелерді басты назарда ұстады:

Біріншіден, араб әліпбиін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қосымша таңбалар ендіру;

Екіншіден, араб әліпбиіндегі қазақ тіліне сәйкес келмейтін басы артық әріптерді қолданыстан шығару;

Үшіншіден, араб жазу заңдылығына тән харакат, ташдид, сукун,тануин сияқты диакритикалық белгілерді қолданбау;

Төртіншіден, үш дауыстыға ғана негізделген араб әліпбиіндегі дауыстылар жүйесін қазақ тілінің үндестік заңына сәйкестендіріп дәйекше арқылы беру;

Бесіншіден, ұзақ ғасырлар бойы «ескі тілде» қызмет етіп, «бөтендік сипатта» болған жазу жүйесін барша қазақтың түсінікті сөйлеу тіліне бейімдеп негіздеу.

А.Байтұрсынұлы араб жазуында дауыссыз дыбыстардың бір емес, бірнеше таңбасы барлығын, олардың жуан және жіңішке болып бөлінетінін, ал қазақ тілінде дауыссыз емес бірнеше дауысты дыбыстардың ғана жуан және жіңішке болатынын, сондықтан артық таңбаларды алып тастағанын нақты мысалдар арқылы дәлелдей келе «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар, оның 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты» дейді. 1912 жылы қолданысқа еніп кеткен Ахмет Байтұрсынұлының алфавиті 1924 жылы Орынбор қаласында өткен съезде ғана ресми түрде бекітіледі. Бұл қазақ халқы үшін,халық үшін істелінген игі істің биік шыңы болып табылды. Сол кездегі баспасөз беттерінде де «Бұл жиылыс-еріккенің ермегі емес, топалаң уақытындағы той емес, мектептерде оқу ана тілінде жүргізіліп, кітаптар жанданып, мекемелерде іс қазақ тіліне көшіп жатқан дәуірде, жобалар майданы ашылған дәуірде, өмір тілегімен болып жатқан жиылыс, Бұл жиылыс-ой, сөз жиылысы» деп съездің маңыздылығы туралы баспасөз беттерінде халықты алдын-ала құлақтандырады.[3 -23 бет] Жиында Нәзір Төреқұлұлы араб әрібін тастап латын әрібіне көшуді ұсынады. Алайда Ахаң араб жазуынан бас тартып «әріп өзгертудің» қажет еместігін дәлелдеп береді. Ғалым баяндамасында «Жақсы әліпби тілге шақ болуы керек. Жақсы әліпби жазуға жеңіл болуға тиіс, әліпбидің әріп суреттері қиын болса, мүшелері көп болса, жазуды ұзақтатып уақытты көп алады. Әліпбидің жақсысы баспа ісіне қолайлы болуы тиіс... Жақсы әліпби үйренуге де жеңіл болады. Жақсы әліпбиге лайық бұл төрт сипатқа келмейтін әліпбидің бәрі де кемшілікті әліпби болмақ» деп латын әріптеріне қызықпауға шақырады.[1-4бет] Ахаң ұсынған жазу жүйесімен сол кезде «Қазақ» газеті де жарыққа шығып тұрғаны бізге мәлім. Ұлы ғалым өз әліпбиінің балалардың ана тілінде сауат ашуына лайықты «ұлттық жазу» екендігін Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде де (1924 ж. Орынбор),Түркітанушылардың құрылтайында да (1926 ж. Баку) жасаған баяндамаларында ғылыми жақтан негіздеп толығымен дәлелдеп береді. Сол кезде әліпби тартысы мен айтысы төрт түрлі бағытта жүргізілген болатын:

Бірінші, бұрыннан қолданылып келе жатқан араб жазуын өзгертпей сол қалпында қолдау;

Екінші,керісінше, араб жазуына өзгерістеренгізіп, тілімізге икемдеу;

Үшінші, араб әліпбиін тастап, латынға көшу;

Төртінші,миссионерлердің орыс әліпбиін өндіруге деген талпынысы.

Ұлттың болашағы-оның жазуына байланысты екенін білген қазақ зиялылары өз ойларын ашық түрде білдіріп отырды, алайда қазақ халқы үш әліпби жүйесін басынан өткерудің өзіндік себептері болды. Мәселен, шоқындыру арқылыт орыстандыруды қарқынды дамыту үшін миссионерлер «ислам дінін» жоймайынша саяси әрекеттері жүзеге аспайтынын түсініп, бұл үшін ең бірінші араб жазуын қолданыстан шығарып тастау қажет деп табады. Алайда ғасырлар бойы пайдаланып келген араб әліпбиін жою қолдан келмейді. Бірден орыс әліпбиіне көшірсе «жәдидшілердің» қолдауымен халық арасында жаппай көтеріліс болып кетуінен қауіптеніп, 1929 жылы зорлықпен латын әліпбиін қабылдап, он жылдан кейін жаппай түркі халқын орыс жазуына көшіреді.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әліпбиінің төңірегінде талай тартыс, талас керіс бірнеше жылға созылды. Ғалым қазақ әліпбиінің тиімділігі туралы жан-жақты түсініктеме бере білді. Ол туралы Алаш азаматтарының бірі М.Дулатов Ахаңның әліпби жасау шеберлігіне былай баға береді: «Араб әріптерінің өзгеріп отырғаны рас. Араб әріптерінің 14-і ғана бұрынғыша болса, өзгесі жұртқа жат болу керек қой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп, оқытып жату керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ, ендеше бұны өзгертушінің шеберлігі деп біліңдер. Мұны өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын жоймай, өзгерткенін сездіртпей хат танитын адам бөгелместен өзгерткен »

Бірақ саясаттың ықпалынан шыға алмағандар латын әліпбиіне өту туралы қайта-қайта өз пікірлерін айтып жатқанд, Ахмет Байтұрсынұлы латын әліпбиіне өтудің мұқтаждығы жоқтығын және әліпбиді өзгертудің зияны мен қиындығын түсіндіріп өтеді: «Түркі халқының араб әрпі негізінде жүргізген жазу мәдениеті бар. Жазу мәдениеті бар жұрттарға бір әріптен екінші әріпке көшу оңай жұмыс емес. Жайлап көшуге көп қаржы, уақыт, көп күш керек, өйткені екі әріппен іс жүргізуге екі есе қаржы, екі есе күш керек болады.Ондай қуат түркі жұртының бірінде де жоқ. Өнерлі жұрттың ортақ әрпі екен деп орыстар алмай отырғанда, ортағынан дәмелі болып, біз аламыз деуге болмас» деп ескертеді («Еңбекші қазақ»,1926,№282.19 желтоқсан) [2,60-бет].Ахмет Байтұрсынұлының латын жазуына қарсы шыққандағы негізгі ойлағаны-елдің мәдениеті мен экономикалық жағдайы еді. Ахаң латынға көшу арқылы бүкіл қазақ халқы біріншіден, рухани-мәдени дүниесінен айрылатыны, екіншіден, оқулық шығару, баспа ісі т.б. латындару үшін орасан көп қаржы керек болатындығын қатты ескертумен болды. Қазақты шоқындырып, қазаққа әліппе жасап бермек болғандардың қолынан келмеген бұл іс қазақтың болашағы мен еркіндігін ойлаған Ахмет Байтұрсынұлының ғана келген болатын. «Байтұрсынұлының жазуы» ең оңтайлы әліпби болып табылғанымен, «озбыр» саясат латын әрібіне көшіруді жүзеге асырып тынды. Қазақ халқы өзнің сан ғасырлық мұрасымен танысатын жазуынан айырыла бастады. Төте жазуды жақтағандар мен латын жазуын мойындағысы келмегендер қудалауға ұшырады. Ахмет Байтұрсынұлы Кеңес үкіметінің «араб жазуынан айыру арқылы тұтас бір халыққа өткенін ұмыттырып,ұлттық игіліктерді саналарынан өшіру» әрекетін жасап отырғанын түсінді. 1937 жылы ұлт қамын ойлаған ұлы тұлғаларды қудалап, көзін құртқаннан кейін, ұлт болашағы үшін жанын берген азаматтарды құрбандық етіп жойғаннан кейін , орыс жазуын «көптің қалауы бойынша» деп қабылдата салды. Ахаң жазып кеткен төте жазудың да тағдыра осылай оңайлықпен шешіле салды.

Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсауының арқасында 1912 жылы Орынборда « Оқу құралы » басылып шығады. Бұл оқулық 1912-1925 жылдар аралығында 9 рет қайта басылса, оқулықтың жалғасы «Оқу құралы 2» кітабы 1913 жылы жарық көріп, 1924 жылға дейін 4 рет басылып шығады. Ал ғалымның «Тіл-құрал» атты үш кітаптан тұратын еңбегі қазақ мәдениетінің асқар шыңы болды. Қазіргі қазақ қауымы білім алып жатқан бұл оқулықтың фонетика бөлімі 1914 жылы, морфология бөлімі 1915 жылы, синтаксис бөлімі 1916 жылдары жарық көріп, 1928 жылға дейін бірнеше рет жарыққа шыққан.



1914 жылы «Қазақ» газетінде «Хұкметке керегі- мемлекеттегі жұрттың бәрі де бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу,ал халыққа керегі –өз діні,тілі, жазуының сақталуы» деген жанайқайында азаттық идеясы, еркіндіктің рухы байқалады [3- 35-бет]. Халқының болашағы мен мәдениеті үшін қыруар тер төккен Ахмет Байтұрсынұлының ерен еңбегі мәңгілік қазақ халқының жүрегінде орын алып, ұлтының жанашыры болған арыстың есімі ұрпақтар есімінде сақталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ғаламтор Гүлфар Мамырбекованың еңбегі

  2. Машқанова Н.Т. Ахмет Байтұрсынов –қазақ жазуының реформаторы.

Алматы, 1994 ж.

  1. «Аңыз адам» журналы 2010 ж. №11 желтоқсан.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет