Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін



Дата15.09.2017
өлшемі51,25 Kb.
#33888


Ақтөбе облысы әкімдігінің

2015 жылғы ________ №____ қаулысымен бекітілді



«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін

ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



                  1. Жалпы ережелер

1.  «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің берілуі техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейін білім беру ұйымдарының базасында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі : қағаз түрінде

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартына 1- қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) құжаттар қабылдау туралы қолхат.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі (өзара іс-әрекет) әрекет тәртібін сипаттау
4. Қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімінің басталуы үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі процестің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтылығы:

1) қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдауды, тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. 5 (бес) минуттан артық емес;

2) қызмет берушінің жауапты орындаушысы «Оқуға түсушілер санын тіркеу кітабына» өтінішті тіркейді, оқуға түсушінің жеке іс қағазын қалыптастыра отырып құжаттарды тігеді және стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдау туралы қолхат береді 10 (он) минуттан артық емес.



  1. Қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-әрекет тәртібін сипаттау
6. Қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) қызмет берушінің жауапты орындаушысы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау.

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы нұсқаумен көрсетілетін рәсімдердің (іс-әрекеттердің) ұзақтығы.

1) қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдауды, тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. 5 (бес) минуттан артық емес;

2) қызмет берушінің жауапты орындаушысы «Оқуға түсушілер санын тіркеу кітабына» өтінішті тіркейді, оқуға түсушінің жеке іс қағазын қалыптастыра отырып құжаттарды тігеді және стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдау туралы қолхат береді 10 (он) минуттан артық емес.

8. Қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін жан-жақты сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес процесінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес процесінің анықтамалығы қызмет берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.

«Техникалық және кәсіптік,

орта білімнен кейін білім беру

ұйымдарына құжаттар қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне қосымша


«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес процесінің

анықтамалығы



Қызмет алушы

ҚФБ - 1

Қызмет берушінің жауапты орындаушысы







Тексеру, құжаттарды қабылдау

5(бес) минуттан артық емес




ия жоқ



Қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі беріледі

Өтініштерді қабылдау, жеке іс қағаздарын қалыптастыру

Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады

10 (он) минуттан артық емес



ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеті;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;





  • көрсетілген қызметті алушы рәсімінің (іс-әрекеттерінің) және (немесе) ҚФБ

атауы;

- таңдау нұсқасы;



- келесі рәсімге (іс-әрекетке) өту.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет