Тексерген: Арбабаева А. Т



Дата07.02.2022
өлшемі29,37 Kb.
#92216
Байланысты:
3-РЕФЕРАТ ИНКЛ


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Математика және Ақпараттық технологиялар факультетті
“Математика және информатика оқыту әдістемесі” кафедрасы
Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету мәселелері

Орындаған:Серік А.А.


Тобы: МиИ-321
Тексерген: Арбабаева А.Т.

Қарағанды 2020


Жоспар
Кіріспе


I.Инклюзивті білім беру жүйесіндегі мәселелер және оны шешу жолдары
II.Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе


Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды және білім үрдісінде толық енгізу әлеуметтік бейімдеуге жынысына, шығу тегіне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдану, қоршаған ортаның балалардың жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімдеріне жағдай туғызу, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат.


Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр. Бала – біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз. Ата-аналардың басым бөлігі балаларының оқу-тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттығы, салғырттығы басым. Көптеген ата-аналар балаларының тілі жай шыққанына, есте сақтау қабілетінің нашарлығына дер кезінде мән бермейді, білікті маманға апарып көрсетпейді. Тіпті баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып қозғала қоймайды. Олардың көбі психологиялық-медициналық-педагогикалық көмектің қызметі тегін екенін логопедтен, дефектологтан, психологтан тегін кеңес алуға болатынын білмейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар деңгейде екенін мектепке барғанда белгілі болады. Елімізде инклюзивті білімнің нашар дамуы ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекттік білім бағдарламасында сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және екі кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ҚР-да 2015 жылға қарай инклюзивті білім беру мен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25% қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасау 30%, 2020 жылға қарай 70% ұлғаяды. Инклюзивті біліммен қамтылған балалар үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың 50% құрайтын болады.

I.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанды бүкіл ел тануы үшін, ең алдымен бізге білімді ұрпақ қажет...» деген. Ал білімді ұрпақ болу үшін біз балаларымыздың денсаулығына да назар аударуымыз қажет. Адамзат баласының денсаулығындағы кемістіктер, ауытқулар, бұзылыстар бұл ғасыр дерті. Біріккен ұлттар ұйымының деректері бойынша әлемдегі әр оныншы отбасы мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелейді. Бұл мәселел әлі күнге дейін зерттелмеген көпдеген факторларға байланысты. Атап айтсақ, экологиялық, әлеметтік және экономикалық алауыздық, медицинаның төмен деңгейі және т.б. Қазір 21 ғасыр болғанымен бұл міселелер әлі күнге дейін шешемін таппады. Осы мақсатта Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі жолға қойылды. Инклюзивті білім беру дегеніміз мүгедек пен дамуында ауытқулары бар балаларды дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті білім беру негізіне балалардың кез келген кемістігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады. Ерекше балаларды сау балалармен бірге оқыту бағдарламасын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ Конвенциясында 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын. Ал біздің елімізде білім беру жүйесінің дамуы ресми деректер бойынша Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасвнда алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы» заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте жастан білім беру мәселесіне мін берілген. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде, педагогтардың 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007 жылы 49 пайызы ғана қолдамаған. Яғни педагогтардың басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдауға дайын болды. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей, «неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды. Ерекше балаларды Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық медицина-педагогикалық кеңестің қорытындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген.


Атап айтсақ мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы Қазақстан Республикасының инклюзивті білім берудегі дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдардағы арналған мемлекеттік бағдарламасына атауға болады. Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі – еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.
Бірақ инклюзивті білім беруді ұйымдастыру барысында жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар түрлі қиыншылықтарға тап болатындығы анық. Біріншіден, баланың отбасы жағдайындағы хал-ахуалы. Ата-ананың инклюзивті білім беру туралы түсінігінің алуан түрлілігі, баланың бұзылысына көз жұма қарауы, баланың денсаулығындағы түрлі ауытқулар мен бұзылыстарды мойындамауынан қиыншылықтар туындайды. Себебі ата-ана жалпы білім беретін мектепте оқығандықтан ұстаздардан және түзету сабақтарын жүргізетін мамандардан (логопед, дефектолог, психолог) тек қана сабақ үлгерімін талап етеді. Көп ата-ананың ұғымында бірінші орында баланың білім деңгейі тұрады. Ол үшін мамандармен бірлесе отырып, ата-анаға ағарту жұмыстарын жүргізу қажет. Ата-анаға инклюзивті білім туралы түсінік беру керек. Педагогтар арнайы мамандар бірлесе, ерекше балалар үшін қызмет жасағанда ғана «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші сонда ғана баланың сабаққа деген құлшынысы, қызығушылығы арта түседі. Екіншіден, ұстаздар тарапынан жіберетін кемшіліктер. Инклюзивті білім кіріктірілгеннен кейін әр ұстаз инклюзивті білім жүйесін ең әуелі өзі түсінуі керек. Жылдар бойы ұстаздардың түсінігінде жақсы және нашар оқитын оқушы деген түсінік қалыптасқан. Денсаулығында ақауы бар баланың сабаққа деген қызығушылығы бола бермейді. Сондықтан үлгерім деңгейі нашар болуы да заңды. Сол себепті нашар оқитын оқушы деп есептеп, назардан тыс қалдыру біздің ортада көптеп кездеседі. Ұстаздың ойында «Баланың бәрі бірдей» деген ұғым болу керек. Дені сау балалға қарағанда мұндай балаға көп көңіл бөліп, ол бала үшін арнайы қолайлы орта қалыптастыру қажет. Сонымен қатар бұл тұста төмендегідей мәселелерді атап кетуімізге болады: Білім беру стандартының икемсіз болуы; Жалпы білім беретін мекеменің оқу жоспарлары мен оқыту мазмұнының ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сәйкес келмеуі. Жалпы үлгідегі білім мекемесінің педагогикалық ұжымында арнайы даярлықтың болмауы және педагогтардың коррекциялық педагогика мен арнайы психология негіздерін білмеуі.
Педагогтардың мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктері туралы түсініктерінің, білім еру мен түзету жұмыстарында әдістемелер мен технологиялырдың болмауы.
Жалпы білім беретін мекемеде мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттіліктеріне материалдық-техникалық жабдықтардың жеткіліксіз болуы (пандустар, лифтілер, арнайы оқу, оңалту, медициналық жабдықтар, арнайы жабдықталған оқу орындары және т.б. болмауы).
Бұл мәселелер айтарлықтай шартты түрде сау және мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделуін қиындатады. Осыған орай балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту процесінде педагогтар жеке жұмысында қосымша қиындықтар туындайды. Бұл қиындықтарды шешу және алдын алу үшін жалпы білім беретін мекеме қазірден бастап келесі міндеттерді оырндауы қажет: Жалпы білім беру жүйеіндегі инклюзивті білім беру процесінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдірілуін қамтамасыз ету. Жалпы білім беру мекемесіндегі инклюзивті білім беруге қабілетті кәсіби даярланған педагогтар мен мамандардың білім беру процесін қамтамасыз ету. Инклюзивті білім беру жүйесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын әр түрлі мамандардың кешенді модель қызметін құру. Инклюзивті білім беруде бағдарламалық-әдістемелік құралдар әзірлеу (оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, қажет болған жағдайда – арнайы оқулықтар және жұмыс діптерлері) Қашықтықтан оқытуды білім берудің құзыретті құралы ретінде жүзеге асыруды белсенді қолдану.
Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасы мен білім беретін мекеме арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Үшіншіден, балалар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыра білетін мұғалімнің шеберлігіне және жетелеуші тәрбиешінің көмегі мен қолдауына байланысты болады. Орталарына келген ерекше баланы дұрыс қабылдап, мазақтау, кемсіту сияқты түрлі келеңсіздіктерге жол бермеулері керек. Денсаулығындағы түрлі ақауы бар баланың жан-дүниесі де нәзік келеді. Білім мен тәрбиені, екі түрлі танымды бір арнаға тоғыстыру көп еңбекті, мұғалім мен жетелеуші тәрбиешінің бірлесе жұмыс жасауын қажет етеді. Әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму мүмкіндігі әртүрлі деңгейде екенін естен шығармау керек. Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі оқу материалдарын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, аранйы коррекциялық түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болды. Бұл тақырып аясында «Нұр Отан» партиясында жиын ұйымдастырылып, инклюзивті білім берудегі проблемалар талқыланды. «Арнайы даярлықтан өткен ұстаздардың жоқтығынан кемтар балаларды оқыту қиындық туғызуда. Мектептер тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеген әрі оқу құралдары жоқ» деп депутаттар осылай дабыл қағып отыр. Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі: Кейбір қала орталығынан жырақ жерлерде бір компьютерге телмірген жүз бала болса, мүмкіндігі шектеулі ұл-қызға тиер үлестің аздығы бар. Оқу стандарттарын айтпағанның өзінде, қарапайым оқу құралынан табылатын қателікке көзді жұмдық.
Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы: Елімізде 145 мыңдай адам ерекше білім беруді қажет етеді. Оның 49 мыңы – мектепке дейінгі жастағы балалар. "Нұр Отан" партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсарту көзделген. Бұған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ерекше атсалысып келеді.
Депутаттың айтуынша, ұстаздарды арнайы курстардан өткізіп, балаларды біріктіріп оқыту мен қашықтықтан білім беруді жүзеге асыру керек. Бұл оқушылардың мектеп өміріне белсене атсалысуына мүмкіндік береді. Президент 2015 жылы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау» құжатына қол қойған. Осы ретте кемтар жандардың қоғамдық өмірге араласуы мен білім алуына, жұмыспен қамту мәселесіне көңіл бөлініп келеді.
Қорыта келе айтарым, қандай бала болмасын қоғамымыздың ең құнды бір бөлшегі. Әрбір бала бақытты өмір сүруге, білім алуға құқылы. Инклюзивті білім берудің пайдасы балаларымыздың өзін қоғамның толыққанды бір мүшесі екенін сезінуге үйретеді. Басқа балалармен тең дәрежеде білім алуға мүмкіндік береді. Барлық балаларды білім үрдісіне толық енгізу, жағдайына, жынысына, дініне, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. «Қалауын тапса қар жанар» демекші инклюзивті білм беру жүйесіндегі әр мәселе өз шешімін тапса, ерекше балалар болашағына жол ашқанымыз деп білемін.

II.Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы.


Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату.
Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.
Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы;
Инклюзивті білім берудің көпаспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу.
Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика қызметкерлерін даярлау;
Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.
Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастықта жұмыс жасау.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.
Кіші жастағы балаларды дамыту қызметі жүйесінің жұмысының нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау.
Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту үрдісінің мониторингін жасау.
Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата - анасын қатыстыру, өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым - қатынас қалыптастыру.
Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты факторлар: объективті және субъективті қиындықтар болып бөлінеді.
Субъективті қиындықтар: стандарттық процедуралардың әзірленбегендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу дәрежесін үнемі қадағалау мақсатында білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың жоқтығы және қазақ тілінде оқу әдістемелік құралдардың аздығы. Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымға келетін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы көліктің болмауы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке проблемаларының болуы, яғни олардың ауырып қалуы, мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қатыспауы.
Объективті қиындықтар: материалдық техникалық базаның төмен болуы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесінде жеке дара тіл табудың қиындығы. Мамандарға арналған кабинеттердің жетіспеушілігі. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі. Қазақ тілінде оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда арнайы мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып қалады.
Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары.Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте тексеру және түзету- педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы;
балаға міндетті психологтық- педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпы білім беру үрдісімен кіріктіру;
Әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау.
Даму мүмкіндігі шектеулі жандарды ерте анықтап, кешенді көмек көрсету.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау.
Ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы типте білім беру мекемелерін техникалық құрал- жабдықтармен толықтыру.
Инклюзивті білім беруді дамыту үрдісінде қоғамдық мекемелерде ата- аналарды қатыстыру.Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы баланың білім беру үрдісіне қосылуын және әр тәрбиеленушінің мүмкіндігіне қарай пайдалы таңдауына мүмкіндік жасайды.
1 нұсқау: Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т.б.). және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады.
ІІ нұсқау: Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатынасып «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша білім алады.
ІІІ нұсқау: Даму мүмкіндігі шектеулі балалар бөбекжайдың өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы,ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайы мереке. Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады. Бөбектерге тәрбие алу үшін, еліктейтін дұрыс үлгі қажет.Бір нәрсені дұрыс жасау үшін, бірнеше рет қайталап көрсетуге болады,бірақ ол мұны өзімен жасты балалар жасағанын бір рет көріп, есіне сақтап, көргенін қайталап жасай алады.Өмірдегі түрлі жағдайларға даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың физикалық және әлеуметтік бейімделуіне, өмірге деген құштарлығы және дертпен күресуі - қоршаған ортаға меншікті қажеттілік түйсігімен байланысты.Балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету- әлеммен байланыстағы бөгеттердің жойылуына және қоғамда шоғырлануына себепкер болады. Мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты біріншіден, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың түрлі бағдарламаларына тең рұқсат алуын қамтамасыз ету, екіншіден, даму мүмкіндіктері шектелген балаларға тең қол жетімділігіне жағдайлар жасау.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру;
- Мектепке дейінгі ұйымға қатынасуға мүмкіндігі шектеулі балаларды жеткізетін көліктің болмауы;
- Оларға оқыту мен тәрбие беру үрдісі арқылы қол жетімді білім берілуде, алайда мемлекеттік тілде оқу әдістемелік құралдардың жетіспейтіндігі өзекті мәселелердің бірі болып отыр;
Біздің мүмкіндігі шектеулі балалар да өзге балалардай балабақшаларға қатысуы керектігіне көзіміз жетті. Олар өзге балалардай балабақшаға толығымен төселіп кетуі мүмкін емес шығар. Ол оқып немесе санап үйренбес, дегенмен ол өмірдегі басқа да маңызды дербес дағдыларды иемденеді. Біз, балалар үшін, бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей, жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес. Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл? Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан - дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу - белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы.
Қорытынды
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен, әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әртүрлі. Мұны кез-келген педагог дәл ажырата аларлықтай біліммен қаруланған ба? Дәл қазіргі жағдайда педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген студент мектеп қабырғасында түрлі ауытқуы бар балалармен жұмыс жасауға қабілетті ме? деген сауалдар көкейде қордаланып тұр. Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде білім алған болашақ кәсіби маман сол саланың бакалавры біліктілігін алады. Мектепке дейінгі ұйымдар мен орта мектепте қалыпты білім алушылармен жұмыс жасауға бейімделеді. Бірақ бұл ұстаздар түрлі ауытқуы бар балармен жұмыс жасауға машықтанбаған, қарым-қатынас типтерін меңгермеген. Сондықтан болашақ кәсіби маманның мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс жасай алуына мүмкіндік беретіндей инклюзивті білім берудің қарапайым түсініктерін қалыптастыру мақсатында барлық мамандық даярлау бағыттарындағы оқу жоспарларына «Инклюзивті білім» курсы енгізілуде. Бұл қуана құптарлық жай. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы ретінде арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формалармен сабақтасады. Жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Білім беретін мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды бірлесіп оқуын ұйымдастырады. Әрбір педагог адам жанының инженері десек, бұл қадам кез-келген жағдаяттан, тығырықтан жол тауып шыға алатындай, инклюзивті білім негіздерімен қаруланған кәсіби маман даярлауға жол ашар еді. Әйтсе де қобалжу тудыратындығы да жасырын емес. Оқу орындарында педагогикалық-психологиялық кеңес беретін орталықтар ашып, дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог және т.б. мамандарды тартып, бірлесе жұмыс жасау қажет.. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз
Қолданылған әдебиеттер:
Электронды ресурс - http://wikipedia.org
Электронды ресурс- https://yandex.kz
ҚР Инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы. Алматы, 2009.
ҚР «Білімтуралы» Заңы. Астана, 2012.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет