Тексерген: Калиева С. Е. Орындаған: Нұрбек Д. Н тобы



Дата13.10.2019
өлшемі37,4 Kb.
#49802
Байланысты:
Фонетика
Шакарим Багжан, Тілдің таңбалық — копия


Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: «Қазақ тілінің фонетикасы»

Тексерген: Калиева С.Е.

Орындаған: Нұрбек Д.Н

Тобы: КЯ-903С

Семей, 2019



Қазақ тілінің фонетикасы

Жоспар:

І. Вокализм мен консононтизм жүйесі, жіктеу принциптері

ІІ. Фонема теориясының негіздері

ІІІ. Қазақ тілінің фонетика, фонологиялық қоры

ІV. Қазақ тілінің просодикалық қоры
І. Вокализм мен консононтизм жүйесі, жіктеу принциптері

Вокализмдер (дауыстылар жүйесі).

Фонологияның негізгі объектісі – фонема. Фонема (грекше phonema – дыбыс, үн деген сөзден шыққан) – сөздің мағынасы мен тұлғасын түрлендіре алатын, əрі қарай бөлінбейтін тілдегі ең кіші айтылым бірлік.

Фонема туралы ілімнің алғаш негізін (1870) салған орыс жəне поляк тілін зерттеуші И.А.Бодуен де Куртенэ болатын. Ол «Некоторые отделы сравнительной грамматики славянских языков» (1881 ж.) атты еңбегінде фонема сөздің фонетикалық бөліктеріне қарағанда бөлінбейтін бөлшек екенін айтады [1]. Ғалымның пікірінше, морфеманың алмасып отыру заңына байланысты бір фонема болу үшін тек қана тұтас бөлінбейтін дыбыс қана емес, сонымен қатар, дыбыс бөлігі, тіпті, екі не одан да көп дыбыстар да бола алады. Себебі олар морфема төңірегінде ауысып отырады. Демек, Бодуен де Куртенэ фонеманы фонетикалық бірлік ретінде емес, этимология-морфология бірлігі ретінде қарастырады, яғни фонеманың антропофоникалық аспектісін морфемдік аспектісінен ажыратып қарастырған. Ғалым келесі еңбектерінде фонема жайлы түсінігін өзгертіп, таза психологиялық тұжырым жасайды. Мəселен, 1894 жылы поляк тілінде шыққан «Опыт теории фонетических альтернаций» деген еңбегінде: «Фонема – единое представление, принадлежащее миру фонетики, которое возникает в душе посредством слияния впечатлений полученных от произношения одного и того языка», - [2,32-б.] десе, 1917 жылы жарық көрген «Тіл біліміне кіріспесінде»: «... Постоянно в нашей психике существующее представление звука, т.е. одновременного сложного комплекса произносительных работ и получаемых от этого представлений, мы будем называть фонемою», - дейді [2, 32-б.]. Сондай-ақ, ғалым фонемалардың өз беттерінше «өмір сүре» алмайтыны жайында: «Фонемалар ... өздігінен ешқандай мағыналарға ие бола алмайды. Олар əр жақты... тілдік элементтердің (ал ондай элементтер - морфемалар) құрамына енгенде ғана, тілдік мəнге ие болып, лингвистикалық тұрғыдан қаралып таныла алады», - дейді [1, 276-б.].

Фонема теориясы туралы ілімді тереңірек зерттеп, ары қарай дамытқан ғалым Бодуен де Куртенэнің шəкірті Л.В.Щерба болды. Л.В.Щербаның фонема теориясы жайлы алғашқы түсінігі ұстазының көзқарасымен үндес келеді. Оның 1912 жылы шыққан «Русские гласные в качественном и количественном отношении» деген еңбегінде фонемаға берілген анықтама психологиялық түсініктен арылмаған. Солай бола тұрса да, фонема жөнінде функционалдық көзқарастың қалыптасқаны аңғарылады. Ол: «Фонемой называется кратчайшее общее фонетическое представление данного языка, способное ассоцироваться со смысловыми представлениями и дифференцировать слова и могущее быть выделяемого из речи без искажения фонетического состав слова», - дейді [2, 32-33-бб.]. Ал «Фонетика французкого языка» деген еңбегінде: «... в живой речи произносится значительно больше, чем мы обыкновенно думаем, количестворазнообразных звуков, которые в каждом данном языке объединяются в сравнительно небольшое число звуковых типов, способных дифференцировать слова и их форм, т.е. служат целям человеческого общения... Мы будем их называть фонемами», - деп фонеманың мағыналық қызметіне баса назар аударды [2, 33-б.]. Демек, Л.В.Щербаны фонема теориясының негізін қалаушылардың бірі деп толық айтуға болады. Ол фонетика мен фонологияны бір-бірінен бөліп қарастыруға қарсы болды. Л.В.Щербаның айтуынша, сөздің жəне сөз тұлғасын ажырататын дыбыс типі, дыбыстық түрі көп, шегі жоқ, бірақ олар орайласып бір дыбыс типін құрайды, оны фонема деп ұғамыз [3,20-б.]. Ғалым өз еңбегінде сөзді жəне сөз тұлғасын ажырататын дыбыс туралы ғана айтып қоймай, фонема жəне оның реңктері жайында да сөз қозғады. Ол жөнінде М.И.Матусевич «В изучении Щерба особенно важен также и второй момент, а именно связь смыслоразличетельной функции с конкретным звучанием, т.е. учение об оттенках фонем» , - дейді [2, 34-б.].

Л.В.Щерба дыбысты үш аспектісі бойынша қарайды: бірі – социалдық немесе лингвистикалық; екінші – биологиялық немесе артикуляциялық; үшіншісі – физикалық немесе акустикалық аспектілері. Оның ойынша, сөз мағынасын өзгертіп тұратын, акустика-артикуляциялық жағынан түрліше айтылатын дыбыстар өз алдына жеке фонема болады да, ал дыбыстар түрліше айтыла тұрып, сөз мағынасын ажыратушылық қызмет атқармаса, онда олар бір ғана фонема болады. Л.В.Щерба түрліше айтылған дыбыстарды оның реңктері деп есептеді. Демек, ғалым фонеманы лингвистикалық аспектіде қарайды. М.И.Матусевич: «Членение речи на отдельные фонемы происходит только при лингвистическом аспекте, акустический же и артикуляционный аспекты в этом плане беспомощный», - дейді [2, 38-б.]. Л.В.Щерба фонеманың варианттары жөнінде дербес қолданылмайды, тек сөзде ғана қолданылады десе, сөз дыбыс тіркесімінен құралады. Ал сөз ішіндегі орнына тағы басқа мəселелерге байланысты дыбыстың əр түрлі варианттары болатынын айтады [3, 24-б.]. Л.В.Щербаның бұл зерттеуі өз мектебінде (Ленинград мектебі) қолдауын тауып, кең орын алды. Ендеше, осы мектептен тəлім алған шəкірттер тіл дыбыстарын басшылыққа алып отыратыны түсінікті. Сондай идея Ленинград мектебінің түлегі академик Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев зерттеулерінде де ұшырасады.

Ол фонемаға мынадай анықтама береді: «Сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажыратуға себі бар тілдегі ең кішкентай дыбыстық единицаны фонема деп атаймыз» [4, 221-б.].

Ғалымның анықтамасы Л.В.Щербаның түсінігімен үндес, яғни фонема сөз (не фонема) ажыратушылық жəне мағына ажыратушылық қызмет атқарады. Фонема сөзден тыс тұрып ешқандай мағынаға ие бола алмайтыны белгілі. Демек, фонеманың «өмір сүру» ортасы – сөз. Сондықтан қандай сөз болмасын белгілі бір фонемалардан құралады. Сөзде фонеманың саны аз, көп те бола береді. Сөзден сөз өзгеше болу үшін сөздің күллі фонемалар сапасы өзге болуы шарт емес, бір сөзден бір сөз, біріншіден, фонеманың сапасы жағынан (мал, тал, қал), екіншіден, фонеманың саны жағынан (бала, ала, ал), үшіншіден, фонеманың сөздегі орын тəртібі жағынан (тас, сат, қас, сақ) ажыратылып отырады. Бұл жайында ғалым І.Кеңесбаев: «Сөздердің бір-бірінен айырмасы ол сөздердің тек бір дыбысының өзгешелігімен де байланысты; мысалы, Жамбылдың «Алатау» атты өлеңі мынадай болып келеді:

Тізілген таулары бар Жетісудың,

Ішінде орман, тоғай біткен нудың.

Дариядай тулап аққан сол таулардың,

Көресің тамашасын аққан судың.

Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,

Жарлауға қазынасы көп тіл жетпейтін,

Өрік, алма, алмұрт, жиде жемістер көп,

Бір татсаң аузыңнан дəм кетпейтін.
Осындағы нудың деген сөз н дыбысынан басталып тұр да, судың деген с дыбысынан басталып тұр; сол сияқты жетпейтін деген ж дыбысынан, кетпейтін деген к-ден басталып тұр. Мағына ажыратып тұрған осы сөздердің басқы дыбыстары; əр екі сөздің өзге дыбыстары – ортақ (өзінің сапасы мен саны жағынан да, ол дыбыстардың орын тəртібі жағынан да айырма жоқ ). Осы мысалда сөз мағынасының ерекшелігіне ұйытқы болып тұрған басқа дыбыс болғандықтан, оның фонематикалық қасиеті бар. Сөз ішіндегі дыбыстардың саны мен сапасы бір бола тұрып, олардың орын тəртібі ауысса (метатеза болмаған жердің бəрінде ), сөз мағынасы мүлде өзгертіліп кетеді. Сондықтан арнаулы бір мағына туғызу үшін дыбыстардың сапасы, сонымен қатар олардың тіркесу тəртібінің де үлкен рөлі бар. Мысалы, сол «Алатау» өлеңінде былай делінеді:

Қарлы тау басы биік мұнар кетпес,

Сырласып бұлттармен болған кептес.

Аңдар мекен етіп, өніп-өсіп,

Жүреді бір – бірімен боп тілектес.
Осындағы кетпес, кептес сөздеріндегі дыбыстардың сапасы да, саны да бірдей. Солай бола тұрып, дыбыстардың тіркесуі əр түрлі болғандықтан, бұлардың мағынасы да əр түрлі, - дей келіп, - ... фонеманың сапасы өзгерілсе де (нудың – судың, жетпейтін - кетпейтін), саны өзгерілсе де (тегіс - егіс), орын тəртібі өзгерілсе де (кетпес - кептес) сөз мағынасы тиісінше, құлпырып отырады», - деп қорытады [4, 221 – б.].

А.Бақтыгерееваның мына шумағын алайық:

Ұмытсам деп ем мен сені

Жүректе жоқ-ау бағыныш.

Көтертпей қойды еңсені

Билеген бойды сағыныш.


Осындағы бағыныш пен сағыныш сөзіндегі мағына ажыратып тұрған – б мен с фонемалары.

Демек, сөзден сөздің өзгеше болуы үшін оның құрамындағы барлық дыбыстың сапасы өзгеше болуы шарт емес, тек бір дыбысының сапасы өзгеше болуы немесе бір сөз бен екіншісінің құрамындағы дыбыс саны, дыбыстардың тіркесу тəртібі өзгеше болуы жеткілікті. Ал Л.В.Щербаның теориясына салатын болсақ, дауыссыз дыбыстардың жуан – жіңішкелігі бір фонеманың реңктері болмақ. Сөз ішінде кездесетін бір фонеманың түрліше реңкі мағына жəне форма ажыратушылық қызметі жоқ екені айтылған. Бұл жөнінде Р.И.Аванесов: « ... одна разновидность данной фонемы не может отношению к другой разновидности той же фонемы, не может выступать в качестве знака для различия слов. Слова могут различаться только разновидностями одной фонемы по отношению к разновидностям других фонем», - дейді [5, 40 – б.]. Сондықтан жоғарыдағы мысалдағы дауыссыз с, п, л дыбыстарының бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылуында сөз (форма жəне мағына) ажыратушылық қызметі, яғни фонематикалық қасиеті болмайды.

Қазақ тіліндегі сингармонизм теориясы қазақ əдеби тілінің орфографиясына ыңғайлы. Дауысты дыбыстар бір – біріне қарсы қойылады (а - ə, о - ө,ы – і, ұ – ү...) жəне жуан – жіңішке сөздің ішінде мағына ажыратушылық қызмет атқарады, сонымен қатар дауыссыздардың жуан – жіңішкелігін көрсетеді. Мысалы: сал – сəл, сол – сөл, тұр – түр.

Сондықтан түркі фонемасын сингармониялық фонема деп те атайды (Жүсіпов). Қазақ сөздері Махмұдов А. көрсеткендей, бір-бірінен дыбыстық құрамы арқылы ғана емес, сонымен бірге Жүнісбеков пен Жүсіпов көрсеткендей, сингармонизм типі арқылы да ажыратылады, яғни мағына ажыратушылық қызметті барлық дыбыстар ғана емес, сингармонизм типі де атқарады.Сондықтан қазақ тілінде сингармониялық тембрларға назар аударылады. Сөз тану жəне сөз тудыру қызметін де атқарады. Жүнісбеков белгілі төрт сингармониялық тембрді келтіреді:

жуан сингармотембар – тас, ал

жіңішке сингармотембар – сіз, бет

жуан еріндік сингармотембар – дос, тұр

жіңішке еріндік сингармотембар – көл, сүт


Сөйтіп сингармонизм типтері қазақ сөзінің негізін құрайды.

Қазақ тіліндегі дыбыстардың бір-бірімен тіркесуінің де табиғи

заңдылығы бар. Яғни сөздің құрамындағы дыбыстардың барлығының да бірдей тембрлі болуы қажет десек, дыбыстар тіркесі сингармонизмге негізделуі тиіс. Осы бағытта С.Мырзабеков байырғы қазақ тіліне тəн дауыссыз үндеспелердің (фонема) өзара тіркесу мүмкіндігін анықтап, олардың тіркесуінің үш түрлі позициясын көрсетеді. Ғалым қазақ тіліндегі сөздің əр түрлі позициясындағы сегменттерін арнайы кесте арқылы көрсетіп, олардың фонологиялық ерекшеліктеріне назар аударады. Қазақ тілі дыбыс жүйесінің жаңа бағытта зерттелуі тіліміздің фонология ерекшеліктері мен əр түрлі қырларын терең тануға мүмкіндік беріп қана қоймай, жаңа міндеттерді де алға тартып отыр.

Фонетика ғылымында дыбыстарды зерттеу басты орын алады, яғни зерттеуші үшін сөйлеу тілі тасқынының жеке дыбысын анықтау маңызды. Сөйлеу тілінің бөлшектенуі лингвистикалық факторға негізделуі тиіс.

Қазақ тілінде кездесетін сингармониялық əралуандылық, ең алдымен, сөйлеу бөлігінің, яғни сингармониялық дыбыс, сингармониялық буын, сингармониялық сөз үздіксіздік нəтижесі болып табылады.

Сингармонизмді Назбиев Ж. үшке бөледі: дауысты сингармонизм, дауыссыз сингармонизм, буын сингармонизм. Дауысты үндесім бірліктер 3 топқа бөлінеді. Олар – қысаң, ашық, дифтонгтар. Қысаң дауысты топта төрт үндесім тембр бар: Ы,І,Ұ,Ү, яғни жуан, жіңішке, еріндік, езулік. Ал ашық дауысты топта бар болғаны екі үндесім (А,Ə, яғни жуан, жіңішке) тембр болса, дифтонг топта оның үш түрі бар: О,Ө,Е, яғни жуан, жіңішке, еріндік, езулік. Бұдан «дауыстылар үндесімі» жеке құбылыс емес, сингармонизмнің бір түрі екенін байқаймыз. Соңғы кезде дыбыс жүйесін жаңа қырынан қарастырып жүрген ғалым Ə.Жүнісбеков қазақ (түркі) тілінде фонологиялық қызметті буын атқарады деп, фонеманың орнына сингармема терминін қолдануды ұсынды. Ғалым қазақ тілінде сөз ажыратушы мен мағына ажыратушы қызметті сингармонизм атқаратынын дəлелдеді. Ол сингармонизм тек дауысты дыбыстардың ғана гармониясы емес, сондай – ақ дауыссыз дыбыстарға да қатысты екенін, олар (дауысты жəне дуаыссыз дыбыстар) сингармониялық тембрдің (сингармотембр) ықпалына бірдей ұшырайтынын, сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі – қазақ сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің сақталуында екенін, сингармониялық тембр конститутивтік жəне сөз ажыратушы қызмет атқаратынын айтады. Сингармонизмнің конститутивтік қызметі сөзді дұрыс тануды (ажыратуды) қамтамасыз етеді. Мысалы, бас, бес, бос, бөс деген сөздер жуанды – жіңішкелі болып келуімен ғана емес, əр сөздің өзіне тəн бір тембрдің сақталуымен ажыратылады, – дейді.

Қазіргі қазақ тілінде қанша дыбыс бар екенін Ə. Жүнісбек өз еңбегінде дəлелдейді: «Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстарының жүйесі 9 дауысты дыбыстан құралады. Олар: А, Ə, Ы, І, Е, Ұ, Ү, О, Ө»
Консонантизмдер (дауыссыздар жүйесі).

Тіліміз дыбыс жүйесін сингармофонологиялық бағытта зерттеуші ғалымдар Ə.Жүнісбек пен М.Жүсіпұлы қазақ тіліндегі сингармофонеманың ерекшеліктерін жан–жақты қарастырды. Ə.Жүнісбек қазақ тілінде 17 дауыссыз сингармофонема бар деп көрсетеді [6, 22-32-бб.]. Ғалым осы дауыссыз сингармофонемалардың (п,б, т, д, с, ш, з, ж, г-ғ, к-қ, л,м, н,ң,р,й,у) сингармониялық варианттарын зерттеді. Ə.Жүнісбек қазақ фонетикасында фонологиялық статусы жөнінде əр түрлі пікір айтылып жүрген к,қ фонемасы жайында нақты көзқарасын білдіреді. «В силу этого исследователи считали их родными фонемами, что они равноправные сингармонические оттенки одной глухой смычной среднеязычно-увулярной фонемы»,- дейді [6, 25-б.]. дауыссыз г – ғ дыбыстары жөнінде осындай пікір айтады.

Ə.Жүнісбек қазақ тілінде 17 дауыссыз сингармотип 66 сингармодыбыстан құралатындығын анықтады [6, 31-б.]. Яғни, бір дауыссыз сингармотип төрт тең сингармодауыссыздан жасалады деген қорытынды жасайды. Ескеретін жай, дауыссыз у сингармофонемасы екі түрлі, яғни жуан еріндік, жіңішке еріндік үндесім арқылы ғана дыбыстала алады. Езулік үндесімде айтылмайды. М.Жүсіпұлы бұл 66 сингармовариация тек əлді позицияда, ал əлсіз позицияда тағы да 39 сингармовариант бар екенін, барлығы 17 дауыссыз 105 сингармодыбыстан тұратындығын дəлелдеді [7, 116-б.]. Ғалым осы он жеті дауыссыз сингармофонеманың тоғызының (т, ж, ш, м, р, ң, й, л, у ) құрамында сингармовариант жоқ, ал одан басқа сегіз сингармофонема (п, б, д, з, с, г-ғ, к-қ, н) құрамныда сингармовариант та, сингармовариация да бар екенін анықтады [7, 115-б.]. Осы сингармодауыссыздардың əлсіз позициялардағы сингармовариацияларын төмендегі мысалдар арқылы көрсетеді:

[б] - [п] тап барды (таппарды), есеп берді (есепперді);

[з] - [с] жазса (жасса), озса (осса), езсе (ессе);

[з] - [ж] саз жаға (сажжаға), біз жүрдік (біжжүрдүк);

[з] - [ш]қобызшы (қобұшшұ), ізші (ішшү), сөзшең (сөшшөң);

[д] - [т] қаз – дан, қас –тан, көз – ден, ес – тен; [ғ-г]- [қ-к]таға- ға, қат – қа, сөз – ге, ет – ке;

[қ-к]- [ғ], [г] ақ боз (ағбоз), көк жиек (көгжиек);

[н] - [м] қан ба (қамба), он ба (омба), сен бе (сембе);

[н] - [ң] Асанғали (асаңғали), Есенкелді (есеңгелді);

[п] - [б] жап – жарық (жабжарық), көп жерде (көбжерде);



[с] - [ш] басшы (башшы), түсші (түшшү); [8, 115-116-бб.].
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен əріп болып

жазылуындағы түрлі өзгерістер.

Тілде дыбыстар саны көп, олардың барлығы бірдей мағынаға əсер ете алмайды. Осы көп дыбыстар белгілі бір фонеманың құрамына жинақталады. Егер сөз мағынасына əсер ете алатын дыбыс болса, оны фонема деп, ал əсер ете алмайтындары жай дыбыстар деп қана танимыз [8,33-35-бб.]. Мысалы, адыбысын кейбір сөздердің құрамында жіңішке айту кездеседі: шай – шəй, жай – жəй. Бұл жағдайда ə сөз мағынасын өзгерте алмай тұр. Сондықтан ол – осы сөзде фонема емес, а фонемасының құрамындағы көп дыбыстың бірі, дəлірек айтқанда, реңкі болып тұр. Ал қала, дала, сала, бала деген сөздерде алғашқы дыбыс өзгергенде, сөз мағынасы да өзгеріп тұр, сондықтан қ, д, с, б фонема екендігін танимыз. Яғни фонемаларды бір-біріне қарсы қойып, сөз мағынасын ажырататындығын анықтаймыз. Осы мəселені фонология заңдылықтарының бірі ретінде тіл біліміне енгізген, фонема оппозициясы жөніндегі теория Н.С.Трубецкой есімімен тығыз байланысты . Осы орайда, қазақ əліпбиіндегі х дыбысының тіліміздегі фонологиялық қызметі жөнінде айта кеткен жөн. Мысалы, қош – хош, қабар – хабар, т.б. сөздерде х фонема қызметін атқармай тұр. Себебі сөз мағынасына əсері жоқ. Сондықтан бұл дыбыс орыс тілінен енген сөздерде ғана фонемалық мəнге ие болады. Мысалы, химия, цех. Орыс тілінде кейбір дауыссыз дыбыстардың жуан-жіңішкелігі екі фонема болып, фонологиялық қызмет атқарады. Мысалы, мел – мель, угол – уголь; осы сөздер құрамындағы л жуан жəне жіңішке айтылатын екі фонема деп танимыз. Себебі сөз мағынасына əсер ете алады. Сонымен, фонеманың негізгі қызметі сөз мағынасына қатысты. Дəлірек айтқанда, фонема сөз мағынасын ажырату, сөз мағынасын өзгерту қызметтерін атқарады. Қазақ тілінде барлық дауысты фонемаларды қарама – қарсы қойып, олардың мағына айқындау қызметін атқаратындығына көз жеткізуге болады. (Мысалы: жол – жұл, жақ – жық, жөн - жүн). Ал дауыссыз фонемалар өздерінің əр түрлі айырым белгілері арқылы мағына айқындауға қатысады (Мысалы: тал – дал, шақ – жақ, мал - бал ). Дауыссыз дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып бөлінуінің фонематикалық маңызы жоқ, олардың бұлай айтылуы негізгі фонеманың реңктері деп танылады. Демек, фонема туралы айтқанда негзгі фонема, яғни инвариант фонема мен оның реңктері арасындағы айырмашылықтарды білген жөн. Мысалы, т фонемасы сөз құрамында жуан (ты), жіңішке (ті), жуан еріндік (тұ), жіңішке еріндік (тү) түрінде төрт түрлі дыбысталады. Сонда тіліміздегі əр дауыссыз сөз құрамында көрші дыбыстардың, дəлірек айтқанда, дауысты дыбыстардың (буынның) жуан-жіңішкелігіне, еріндік-езулік ерекшелігіне қарай əр түрлі тембрмен айтылады. Бірақ бұл ерекшелігі сөз мағынасын өзгертуге емес, сөздің құрамындағы барлық дыбыстардың бір əуенмен айтылуына қызмет етеді. Осы төрт түрлі дыбысталуын бір дыбыстың, яғни фонеманың реңктері дейміз. Демек, т фонемасының төрт түрлі (ты, ті, тұ, тү) реңкі болады, яғни жуан езу, жіңішке езу, жуан ерін, жіңішке ерін дыбыстарын бір фонеманың құрамына топтасатын реңктері деп есептейміз. Кезінде Қ.Жұбанов: «Ор сөзіндегі о мен р – жуан, ал өр сөзіндегі сол ө мен р дыбыстары жіңішке айтылуы арқылы, басқа айырмашылығы болмаса да, екі сөзді бір – бірінен айырып тұр»,- деп, жуан, жіңішке буындарды қарама-қарсы қойып, тіліміздің фонолгиясы сингармонизмге иек артатындығын тап басып көрсеткен еді [9, 288-289б.].
II. Фонема теориясының негіздері

Фонема туралы. Жалпы тіл біліміндегі фонема, фонема теориясы деген ұғымдар жазу, жазу теориясыдеген ұғымдармен қатар шықты. Жəне ол екі ғалымның - Л.В.Щербаның, Бодуэн де Куртененің есімімен тікелей байланысты болды. Өйткені кез-келген тілдің жазба түрін, əліпбиі мен емле ережелерін қарастыру үшін таңбаланатын дыбыстардың санын білу керек еді. Дыбыстық жазу теориясының ірі өкілі Л.В.Щерба жазу үшін сол тілдің фонетикасын бірінші орынға қойды. Сондықтан жазу фонетика саласында қарастырылып, оқытылуы тиіс деді. Өзі орыс жазуының теориясын орыс тілінің фонологиялық жүйесіне жан-жақты талдау жасау арқылы құрды.

Фонеманың адам санасындағы абстракті бірлік болып табылатынын

қазақ тіл білімінде алғаш айтқан Н.Уəлидің сүйенетін теориялық таянышы да осы Щербаның еңбектері еді. Өйткені Щерба дыбыстар адам ойында елес ретінде ғана өмір сүреді деген, мысалы, адам брат, о брате деген сөздердегі [а]-ның екі түрлі айтылғанын білсе де, неге оны <а> фонемасы деп таниды деп сұрақ қоя отырып, оның себебін адам психикасында <а> фонемасының елесі барлықтан дейді. Бірақ ғалым, елес есту мен көруден пайда болатынын былай түсіндірген: сөздің фонетикалық құрамы адам санасында естілген қалпында сақталады, мысалы, кішкентай бала грит деген сөздің фонетикалық құрамы говорит екенін оған анықтап түсіндермесе, осы қалпы қабылдай береді. Сондықтан айтылу нормасында ешқашан толық форма болмайтындықтан [10, 21] толық форманы жасайтын да, сақтайтын да, жеткізетін де жазу дегенді аңғарамыз. Күнделікті сөйлеу тілінде сөздің идеалды фонетикалық құрамы өте аз айтылады. Толық айтылым сирек кездесетін сөздерді айтқанда жəне бірдемені анықтап, дауыстағанда шығады.

Ғалым ауызша айтылым нормасы бір нəрсеге табан тіреу керектігі айқын, ол жазу екендігі белгілі дейді: «а потому не менее ясно и то, что будущее русское образцовое произношение пойдет по пути сближения ее письмом» [10, 111].

Оқымысты-ғалым ауызша сөзді жазба сөзге айналдырғанда мынадай процестер жүретінін көрсеткен: дыбыс→ фонема → графема →əріп, сөйтіп, акустикалық сигнал→оптикалық сигналға ауысады. Ал əріп → графема → фонема →дыбысқа айналу, оптикалық сигналды → акустикалық сигналға көшіру болып табылады. Зерттеушіні ХХ ғасырдың басында-ақ осы, соңғы, кері процестің неге проблема тудырып отырғаны таң қалдырған. ХХІ ғасырдың басындағы біздерді де əлі таң қалдыруда.

Л.В.Щерба жазу теориясына тікелей қатысты мына мəселелерді анықтап алуды талап етті:

1) сол тілдің дыбыстық қорын түгендеу жəне олардың жазуда таңбаланатындарын анықтау;

2) жазуда таңбаға ие болған мағыналық (смысловые) элементтерді анықтау;

3) жазу элементтерін былай бөлу: 1) дыбыстық мағынасы бар элементтер, яғни əріптер; 2) таза иероглифтік мағынасы немесе аралас-жартылай дыбыстық, жартылай иерогливтік мағынасы бар элементтер.

Яғни, ғалым дыбыс тек салдыр мен үннен тұратын акустикалық белгі емес, мағына жасайтын жəне мағынаға əсер ететін бірлік екенін, сөйтіп фонеманың дыбыстан басты айырмашылығы фонеманың мағына жасайтын басты белгісін атап көрсетті. Л.В.Щерба тіл бірліктерінің семантикалануын былай анықтайды: «является одним из самых основных понятий языкознания: это то, что делает языковыми явления, не имеющие к языку никакого отношения [10, 17]. Бұл - дыбыстың мағынаны өзгерте, не жасай алатын қасиеті.

Ғалым бірінші болып сөйлеу кезіндегі дыбыстық түрленімдерге назар аударған. Та, ту дегенде [т] дыбысы əртүрлі реңке ие болатынын аңдаған. Бірақ та біз ол айырмашылықтарды жай көзге неге байқамаймыз деген сауалға: «ответ очень прост: потому что это различия вовсе не семантизованы, потому что по русский нельзя себе представить двух слов, которые бы отличались друг от друга» деп жауап берген [10, 18]. Жəне «Из всего сказанного явствует всякий практический алфавит должен и может обозначать только фонемы и отнюдь не их варианты и совершенно очевидно, что для быстрейшего восприятия текста важны те звуковые различия, которые способны дифференцировать слова, а не те, которые механически возникают при артикуляции» [10, 19] дейді.

«Неверное понимание вещей коренится, конечно, в смешении звуков с буквами, т.е. в применении к звуком того что справедливо по отношению к буквам. В этом большое, практическое достоинство алфавита, но в этом и его теоретический недостаток, внушающий ложные идеи» [11, 40]. Дыбыс пен əріпті ажыратпаушылық қазіргі тіл білімінде де бар, өте қауіпті жағдай. Қауіпті болатыны Щерба көрсеткен екі жағдайының болғанынан.


III. Қазақ тілінің фонетика, фонологиялық қоры

Қазіргі қазақ тілі фонетикасының «типтік оқу бағдарламасында пәннің бағдарламасы қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен фонетикалық заңдылықтары туралы теориялық білімді жүйелі әрі сапалы меңгертуге негіз болады» делінген. [12] Бағдарлама негізі дұрыс жақта.

1-шіден, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі;

2-шіден, фонетикалық заңдылықтар - деп көрсеткенмен пәннің мақсатында басқаша айтылған: «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» пәнінің мақсаты-сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтарының негізінде студенттерге тілдің дыбыстық жүйесінен, дауысты, дауыссыз дыбыстардан, қазақ тілінің дыбыстық құрамы мен ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан, сонымен қатар қазақ тілінің фонетикалық даму заңдылықтары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру» - деп мақсатын айқындаған. Осы мақсатты бірнеше теориялық қателіктер жіберген. Олардың негізгілері:

1.Маханбет Жүсіпұлының «Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиасы» еңбегінде, [13, 2] оның екінші тарауы «Сингармонизм - қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеу негізі» тақырыппен ашқан, бағдарламада сингармонизм ұғымы атауымен жоқ. Жүйе жоқ жерде нақты ілімде жоқ.

2.Қазақ тілі энциклопедиясында: «Фонетика (грек phonetikis - дыбыстық дауыстын) - тілдің дыбыстық жағын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетика дыбыстардың жасалым (артикулияциялық) айтылым (акустикалык) және естілім (перуепцтикалық) белгілерін зерттейді» - деп [14, 435] нақты көрсеткен. Ал бағдарламада мүлдем көрсетпеген, фонетикалық заңдылықтар деп орфография, орфоэфия, үндестік заңы т.б. алынған. Бұл дыбыс жүйесін бұзу деп ойлаймыз, оны Әлімхан Жүнісбектің «Қазақ фонетикасы» еңбегіндегі. «Қазақ фонетикасында қалыптасқан ұғымдар мен атаулар жүйесіне көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Себебі, осы күнгі ұғым-атаулар, дәстүрлі үнді-еуропа тілтанымына байланып қалғанда, көбінесе қазақ тіл табиғатты не жансақ, не жартылай түсіндіріліп жатады» - деген тұжырымы дәлел.

Қазіргі қазақ тілі дыбыс жүйесінің табиғатын қазақ (түркі) тіл танымына негіз ақиқат дыбыс құрамы мен жүйесін төл теория тұрғысынан анықтаудың түмкіндігі туды. Ол үшін төл құбылыстардың мәні мен табиғи қалпын анықтап алуымыз керек. Төл құбылыстың негізі - фонология. Қазақ тілі энциклопедиясында: «Фонология (грек phone - дыбыс, logos-сөз, ілім) - тілдің дыбыс құбылысы мен ондағы дыбыстардың қызметтін зерттейтін тіл білімінің саласы» - деген [15, 436] анықтамадан көруге болады.

Қазақ тілінің табиғаты бұрын дәстүрлі үнді-еуропа тілтанымына байланып жансақ немесе жартыкеш түсіндіріліп келеді.

Сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ұйыстырып, бас-аяғын бір бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс болады. Ондай құбылыс барлық тілге бірдей ортақ болмайды, бір не туыстас тілдер тобына ғана тән болады. Ә. Жүнісбектің «Қазақ фонетикасы» еңбегінде: «Әлем тілдерінің әзірге белгілі үш туыс тобы бар. Олар – үнді- еуропа, тайланд қытай және орал-алтай тілдері. Оларды топтастырудың жіктеуші белгілері ретінде кейде сөз просодикасын, кейде морфологиялық құрылым желісін алып отырады. Сөз просодикасын (сөз құрауыш) алатын болса, онда: екпін, буын және сингармонизмге сүйенеді, морфологиялық құрылымына қарайтын болса, онда қопарылмалы (флектив), жағдай (изолетив) және жалғалмалы (агглютинатив) сипатына сүйенеді»- деп [4,18], көрсетеді.

Қазақ (түркі) тіліне тән мұндай құбылыс-үндесім (сингармонизм) құбылысы немесе үндесім заңы (сингармонизм заңы).

Үндесім заңы дыбыстарды алдымен буынға біріктіреді (егер сөз бір буынды болса), содан соң буындарды сөзге біріктіреді (егер сөз екі не көп буынды болса).

Үндесім құбылысы төрт әуездік (жуан, жіңішке, еріндік,езулік) араласымынан пайда болады. Араласым төртке жіктеледі.Олар:

1.Жуан- еріндік-езулік;

2.Жуан-езулік;

3.Жіңішке-еріндік-езулік;

4.Жіңішке-еулік.

Қазақ сөздері осы төрт әуездің бірімен айтылады.

Буын не сөз құрамындағы дыбыстардың (дауыстылар мен дауыссыздардың) бір әуезбен айтылуын үндесім құбылысы дейді.

Дәстүрлі қазақ фонетикасы дауысты дыбыстарды үндесім (фонология) тұрғысынан, ал дауыссыздарды «әліпби-дыбыс» (бей үндесім) тұрғысынан қарастырып келеді. Сөйтіп, қазақ дыбыстарының жартысы бір қисынмен, екінші жартысы бір қисынмен түсіндіріледі.

Адамзат тілі - дыбыстық тіл. Осы дыбыстық тілдесімдегі обьектісі - тіл дыбыстары. Қазақ тілі тілтанымының басты мақсаты - тіл дыбыстарының табиғатын ашу.

Тіл дыбысы дегеніміз фоноциялық ауа мен сөйлеу мүшелерінің соқтығысынан пайда болған үн. Сөйлеу мүшелері барлық ұлттарға ортақ болғанымен (биологиялық тұрғыдан), әр тілдің өзіне ғана тән сөйлеу мүшелернің дыбыс жасауға топтала қатысуы әр тілде түрлі болады. Дыбыстық жасалым қорының нүктелері болады. Қазақ тілінде 9 жасалым нүкте бар. Әр дыбыстың жасалуына кемі үш жасалым нүктесі қатысады. Нүктелердің аралысымынан қазақ тіл дыбыстары түгел тізіліп шығады.

Қазақ тіліндегі дыбыстардың саны шектеулі болғанымен, олардың жасалым варианттары көп. Дыбыс пен дыбыс арасындағы ортақ және айырым белгілерінің басын ашып алу керек. Дыбыстардың ақиқат белгілері мен көмескі белгілерінің түрлері ажыратылады, осыдан барып, дыбыстардың ортақ, айырым, көмескі белгілілерінің жүйесі шығады.

Дыбыстардың нақты санын анықтау үшін сөйлеу мүшелерінің қозғалысының әр түлі араласымын есептеп шығару керек. Дыбыстық үйлесім (ассимилятив) және үндесім (сингармонизм) варианттарын тауып, оларды сипаттап шығу және күрделі талдау жүргізу қажет.

Фонетикада дыбыстық жасалым, айтылым, естілім, ол фонологияда дыбыстардың үндесім сипаты анықталады, сондықтан оларды араластырмау және шатастырмау керек.

Сӛзді табиғи есту үшін дыбыс түрленімінің барлығын сақтап сөйлеу (дыбыстық сөз бен сөз тіркесіндегі орны, көрші дыбыс әсері, логика-экспрессив үстемелер және әуен) керек.

Дыбыстардың көмескі белгілері дыбыс пен дыбыс, буын мен буын, сөз бен сөз, сөйлем мен сөйлем арасындағы дәнекер байланыс жасап, сөздің табиғи үлгісін жасап, сөздің табиғи үлгісін, яғни айтылымын сақтау қызметін атқарады.

Үндесім құбылысының орны ерекше.Үндесім адам тілі шыға қалыптасқандықтан, ол жеке дыбыстардың үндесім белгілерін аңғара бермейді. Үндесім варианттары көмескі белгі қатарына жатады. Дыбыстар негізгі (ақиқат) және үстеме (көмескі) жасалымнан тұрады.

Қазақ тілінің фонетикасына арналған зерттеу баршылық. Дәстүрлі фонетикамызда фонетикалық және фонологиялық талдау сипаттамалар жіктелмей, дербес сала ретінде сараланбай, араласып кеткен еді. Тіпті типтік бағдарламада қазақ тілі фонетикасы мен фонологияның обьектілері оқытудан көрінбей, жалпы фонетика мәселелері ғана жарты-жартылай, жүйесіз оқытылып жүр.

Ал, қазір қазақ фонетикасыда алғаш рет қазақ тілінің дыбыс құрамы мен жүйесі жеке-жеке, талданып отыр. Оған ғылыми еңбек жазылып, монографиялар басылып, ғылыми-теориялық негізі қаланып отыр. Негізгілерін атап өтсек, бірі – «Қазақ грамматикасы» - сипаттамалы және нормативті грамматика [15] мен Әлімхан Жүнісбековтың «Қазақ фонетикасы» еңбектерін [13] жатқызуға болады. Бұл еңбектерде қазақ тілінің дыбыс құрамы мен жүйесі:

1.Дыбыстық жасалымы (артикуляциясы), яғни дыбыс жасалуы;

2.Дыбыс айтылымы (акустикасы), яғни дыбыс айтылуы;

3.Дыбыс естілімі (перцепциясы), яғни есітілуі, бұлардың әр қайсысының ӛзіне тән ұғымдары мен атаулары бар. Бұл – фонетикалық талдаудың жолы;

4.Дыбыс үндесімі (сингармонизм), яғни дыбыстардың үндесімі. Дыбыстарды үндесім заңы тұрғысынан талдап, сингорманизм, яғни үндесім заңына лайық фонологиялық талдау жасау фонологиясы ӛз алдына дербес сала ретінде қаралады.

Қазіргі қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі төл құбылыстардың мынандай танымдық ерекшеліктері бар:

1.Әлем тілдері жіктелімі тұрғысынан:

а) географиялықжагынан: орталық-батыс Азия құрлығынан таралған;

ә) ұлы туыстық жағынан: орал-алтай бірлестігінен құралған;

б) орта туыстық жағынан: түркілік негізгі тіл;

е) кіші туыстық жағынан: қазақ тілі жүйесі;

г) морфологиялық жағынан: жалғамалы тілдік құрылым;

д) просодиялық жағынан: үндесімді;

ж) құрылымдық жағынан: көп әуенді;

з) бөлшекті жағынан: сингемдик;

и) түрленім жағынан – аллосингемдік.


Бұдан шығатын қорытынды, қазақ тіліне тән сөз мағынасын өзгертетін немесе түрлендіретін дыбыс бӛлшек сингема, ал түрлендіретін аллосингема болып табылады. Бұл әлемдік фонологиялық құбылыстың негізгі ерекшелігі болып табылады. Орыс тілінде фонема-аллофонема, қытай тілінде тонема-аллотон болады.

2. Жалпы фонетикалық жақтан. Жалпы фонетика екіге бөлінеді:

1. Қалыпты (синхрон) фонетика;

2. Тарихи (диохрон) фонетика.

Жалпы фонетиканың басты салалары іштей тағы жіктеледі. Бұл жерде тарихи фонетика сол күйінде қалады. Ал синхронды фонетика просодология, сегменталогия және интология болып тарамдалады. Қазақ тілінің төл құбылысы осы жалпы фонетикалық құбылысты толығымен игереді.

3.Просодиялық бірліктер жүйесі тұрғысынан. Жалпы фонетикада кіші тіл бірліктерінің басын құрап, көлемді бірліктер құрастыратын лингвистикалық құбылысты (заңдылықты) просодика немесе сөзтаным деп аталады. Ол:

А) дыбыстардан буын құраса - буын просодикасы;

Ә) буындардан сөз құраса - сөз просодикасы;

Б) сӛздерден сөйлем құраса - сөйлем просодикасы болады.
Мұнда тек сөз просодикасы - тілдік құбылыстың негізі болады. Өйткені тілдік дыбыстың жүйесінің құбылысы (фонология) сӛз просодикасынан ғана танылады. Бірақ лингвистикалық сөздіктерде просодика, акцентология, сөз екпінін зерттейтін фонетика саласы дейді. Ал тон мен сингармонизм шеттен тыс қалады. Тағы бір мәселе акцент (екпін), тон, сингармонизм жүйесі нақтыланбай, тіл білімінде жеке-жеке құбылыс ретінде қарастырады. Ә.Жүнісбековтың ұстанымы «акустология, тонология, сингармонологияның

басын біріктіретін атау просодология болу керек» - деген [4,28] ғылыми тұжырымына біз толығымен келісеміз. Яғни сөзтаным жеке бір құбылыс екені даусыз.

4.Сегментология (дыбыстаным) жайынан. Жалпы фонетикалық анықтамада «фонология- фонема жайлы ғылым» - дегенді айтады. Ал тонема, сингема жайлы ғылым айтылмайды. Дегенмен:

1.Фонеманы зерттейтін ғылым – фонемология;

2.Тонеманы зерттейтін ғылым – тонемология;

3.Сингеманы зерттейтін ғылым - сингемология атауларын ғылымда дыбысты зерттейтін фонемологияны аналогия жаймен тонемология және сингемология деп қарастыруға болады. Осы дыбыстанымдық бірліктердің жүйесін Ә.Жүнісбеков «сегментология» деп атауды [13.30] ұсынады. Дыбыстанымның ең кіші бӛліктері болғандықтан солай атаған жӛн деп ойлаймыз.

5. Әуентаным (интология) деңгейінен:

Қазақ мәтінінің әуені күрделі фонетикалық құрылым болып табылады. Оның құрамы:

1. Қарапайым қатысымдық әуенмен;

2. Үстеме әуен, бірліктерінен турады

Қатысым әуен сөйлемнің өне бойына тән болса, үстеме әуен сол сӛйлемнің белгілі бір бөлшегіне ғана тән.

Қорыта келгенде, қазақ тіліне тән үндесім құбылысы: сингема, аллосингема, синхромды фонетика, проседология, сигментология, интология сияқты тілтанымдық ұғымдармен атаулардан құралады. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жайлы қазір ғылыми еңбектер жазылып, толығымен танылуда. Біз осы ұғымдарды жай сипаттамасын беріп отырмыз.


IV. Тіл біліміндегі просодикалық заңдылықтардың орны жəне

сегментология.

Сегмент дегеніміз – сөйлеу тасқынының рет – ретімен ажыратылатын бөлшектері. Сөйлеуде құрақтардың мынадай түрлері бар: аяқ, бас, бастау, бел, езу, ерін, жуан, жіңішке, көмекші, үйлесім, үндесім құрақ. Біз соның ішіндегі үндесім құрақтарға тоқталамыз. Үндес бөлшектерге фонема, буын, сөз, фраза, сөйлем, мəтін жатады. Осы сөйлеудегі үндесім құрақтарды зерттейтін фонетиканың саласы сегментология деп аталады.

2. Акцентуация, тон жəне сингармонизм

Фонетика жəне фонология, сингармонизмнің көптеген аспектілері, сонымен қатар, Н.Авазбаев, М.Исаев, Ж.Əбуов, Н.Айғабылов, С.Мырзабеков, А.Қошқаров жəне басқа түркі тілдерін зерттеген Т.Ахматов, Т.Талипов, Т.Сыдиқов, А.Даулетов, К.Бичельдей сияқты ғалымдардың еңбектерінде айтылады. Просодика (құрау) дегеніміз – тілдегі сөздің айтылуын реттейтін буын құраушы, сөз құраушы фонетикалық бірлік. Просодология – просодиканы зерттейтін фонетиканың саласы. Қазақ тілінің сөз просодикасы үндесімнен туындаса, орыс тілінің просодикасын динамикалық екпін анықтайды.

Сөздің просодикалық белгісі бірбуынды жəне көпбуынды сөздерге тəн болғандықтан, оны бірбуынды түркі сөзіне де жатқызуға болады.

«Сингармонизм» «дауыстылар үндесімі» терминінің синонимі ретінде тек екі не көпбуынды сөздерде көрінеді. «Дауыстылар үндесімі» терминінің өзі жəне онымен байланысты лингвистикалық түсінік барлық түркі сөзінің просодикалық белгісі бола алмайды: ол ең аз дегенде екі буынды шамалайды, ал қазақ тілінде бірбуынды сөздер көп.

Жүнісбек «акцентуация» терминін «просодия» терминімен ауауыстыруды жөн деп есептейді. Акцентуация - екпін арқылы арнайы элементтердің сөзде жəне фразада көрініс табуы, ал просодия фонемадан үлкен бірліктердің фонетикалық белгілері, сөйлеудің жоғары сегментті қасиеттердің жалпы атауы, оған сингармонизм кіреді дейді. Кез келген тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, яғни сөздердің дыбыстарынан ғана (дауысты, дауыссыз) тұрмайды, ол тілдің күрделі суперсегменттік деңгейін, мəтіннің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды.

3. Екпін ұғымы. Сөз екпіні, логикалық жəне фразалық екпін.

Қазақ сөзінің просодикасы үндіевропаның сөз екпініне негізделген. Нəтижесінде сингармонизм фонологиялық жағынан анықталмаған жəне фонетикалық жағынан нақты емес «дауыстылар үндесімі» деген терминмен айтылды, жалпы тіл біліміндегі просодикалық бірліктер жүйесінен түсіп қалды. Бұны Касевич В.Б. екпін мен тонды негізгі «субинтонациялық» просодикалық құралдар деп тұжырымдады. Бұндай қорытынды жасауға түрік фонетиктерінің зерттеулері себеп болды деп болжауға болады, олар басты, негізгі просодикалық бірлік – сөз екпіні деп есептеді. Тонмен салыстырғанда екпін жалпы тіл білімінде кеңірек зерттелген.

Соңғы жылдары түркі сөз екпініне арналған еңбектер көбеюде, алайда екпіннің бар-жоғы күмəнді. Қазақ тіліндегі фонологиялық қызметті сингармонизм мен екпіннің қайсысы атқарады деген мəселені білу керек. Бұл категорияның екеуі де бір тілде бірдей қызмет атқаруы қисынға келмейді. Тілімізді алғашқы зерттеушілер орыс ғалымдары болғандықтан, екпінге көп көңіл бөлінді. Себебі орыс тіліндегі басты заң, яғни фонологиялық қызмет екпін арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан алғашқы зерттеушілер салған жолмен қазақ тілінде екпін басты қызмет атқарады деген түсінік қалыптасып, кейінгі еңбектер де осы бағытта қарастырып келді. Ал соңғы кезде жарияланған зерттеу деректері бұл көзқарас қазақ тілі табиғатына сай емес екендігін дəлелдеді. Қазақ тілінің фонологиялық ерекшелігі сингармонизм заңдылығына тікелей байланысты. Сөз құрамындағы, сөз бен сөз, қосымша аралығындағы дыбыстар өзара үндесіп, үйлесіп айтылады. Ал жазу ыңғайына қарай сөйлеуге болмайды, тіліміздің фонологиялық ерекшелігіне сай орфоэпиялық норманы сақтау керек. Орыс тілінде негізгі фонологиялық қызметті екпін атқаратын болса, қазақ тілінде бұл қызметті сингармонизм атқарады.

Қазақ тілінде сөз екпіні жоқ. «Алма» сөзі етістік не зат есім мағынасында жұмсалғанын жеке тұрғанда байқай алмаймыз. Мысалы, кітапты алма, қызыл алма; Демек қазақ тілінде сөйлем ішіндегі сөздер сингармонизмге арқа сүйеп, бунақ арқылы (ритмическое ударение) ажыратылады. Мысалы, Ат / қора маңында/ жүр. Ат қора / маңында/ жүр. Осы тіркес екпіні шекарасын дұрыс таба білу сөз мағынасын дəл беруге көмектеседі. Ə.Жүнісбеков осы мəселеге қатысты былай дейді: «В заключение можно сказать, что в казахском языке существует ритмическое ударение»[6, 71-б.].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Жүнісбек Ə. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.

2. ХХ ғасырдағы қазақ əдеби тілі. – Астана: Елорда, 2000.

3. Базарбаева З.М. Қазақ фонологиясының негңздері. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2012.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992.

5. Əміржанова Н Қазақстандағы латын жазуының тарихи тағылымы.

6. Досмұхамедов Х. Аламан. А.,1991.

7. Строй казахского языка.

8. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша əтюдтар. А., 1988.

9. Жүнісбеков Ə. Сингармонизм в каз. языке. А.,1980.

10. Л.В.Щерба. Избранные работы по русскому языку. М., 1957.– 189с.

11. Л.В.Щерба Языковая система и речевая деятельность. Л.,

1974. – 426с.

12.Қазіргі қазақ тілі фонетикасы типтік оқу бағдарламасы/ ҚР-ның Білім және ғылым Министірлігінің №283 бұйрығымен шыққан.-Алматы. 2006жыл.

13.Жүсіп ұлы. М. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы.-Алматы. Ғылым. 1998, — 215 бет.

14.Қазақ тілі энциклопедиясы.-Алматы. 199, — 482 бет.



15.Қазақ грамматикасы: сипаттамалы және нормативті грамматика.-Астана 2002,—784 бет




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет