Тәрбиеші: Шакерова Гулмира Казымовна 2015-2016 оқу жылы Бәрін білгім келеді Мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі88,15 Kb.
#32687
Қазақстан бастауыш мектебі

«Балауса» шағын орталығы


Балабақшаның ересек топтарына арналған қазақ тілі бойынша дидактикалық ойындар


Тәрбиеші: Шакерова Гулмира Казымовна

2015-2016 оқу жылы



Бәрін білгім келеді
Мақсаты: Антоним сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Қарама-қарсы мағыналы суреттер бейнеленген карточкалары бар ойыншық компьютер.

Ойынның шарты: Түсті карточкаларда бейнеленген қарама-қарсы сөздерді тауып, қазақша атауларын айт. Әр карточкада алты суреттен бейнеленген. Карточкадағы барлық сөздерді тауып. қазақша дұрыс атаған бала, ойынның екінші кезеңіне өтеді. Екінші кезеңде карточкадағы кез-келген сөзге сөйлем құрауы керек. Егер, бала сөйлемді дұрыс құрай білсе, жеңімпаз атанады.

Заттарды ата



Мақсаты: Заттардың қазақша атауларын атай отырып, сөздік қорын молайту.

Көрнекіліктер: Әртүрлі заттар бейнеленген карточкалары бар ойыншық компьютер.

Ойынның шарты: Карточкада көрсетілген заттардың қазақша атауларын дұрыс ата. Әр карточкада алты суреттен бейнеленген. Карточкадағы барлық сөздерді тауып, қазақша дұрыс атаған бала жеңімпаз атанады.

Жабайы аңдарды білесің бе?



Мақсаты: Жабайы аңдар туралы білімдерін арттыру.

Көрнекіліктер:Үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері аралас берілген карточкалары бар ойыншық компьютер.

Ойынның шарты: Карточкадан тек жабайы аңдардың суреттерін тауып, олардың қазақша атауларын ата. Әр карточкада алты суреттен бейнеленген. Карточкадағы барлық жабайы аңдарды тауып. қазақша дұрыс атаған бала, ойынның екінші кезеңіне өтеді. Екінші кезеңде өзіне ұнаған бір сөзге сөйлем құрауы керек. Егер, бала сөйлемді дұрыс құрай білсе, жеңімпаз атанады.

Не қалай дауыстайды?



Мақсаты:Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейте отырып, тіл дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру.

Көрнекіліктер: Үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері аралас берілген карточкалары бар ойыншық компьютер.

Ойынның шарты: Карточкадан тек үй жануарларының суреттерін тауып, олардың қазақша атауларын ата және қалай дыбыстайтынын айт. Әр карточкада алты суреттен бейнеленген. Карточкадағы барлық үй жануарларын тауып, қазақша дұрыс атаған және оның қалай дыбыстайтынын айта білген бала жеңімпаз атанады.


Түстерді ата



Мақсаты:Түстердің қазақша атауларын анық, дұрыс айтуға үйрету.

Көрнекіліктер:Түрлі-түсті даминолар бейнеленген карточкалары бар компьютер.

Ойынның шарты: Кез-келген түстің қазақша атауын атап, карточкадағы осыған сәйкес даминоны көрсет. Карточкада бейнеленген даминолардың барлық түстерін толық атаған бала жеңіске жетеді.

Санап үйренейік.



Мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қазақша дұрыс айтуға үйрету.

Көрнекіліктер: 1-ден 10-ға дейінгі сандар және сол санға сәйкес заттардың суреттері бейнеленген карточкалары бар компьтер.

Ойынның шарты: Карточкадан басып отырып, 1-ден 10-ға дейін қазақша тура және кері санату. Бұл ойында кез-келген санды немесе заттарды өз қалауы бойынша тауып, қазақша қалай аталатынын айтқызуға да болады. 1-ден 10-ға дейін мүдірмей тура және кері қазақша санаған бала жеңіске жетеді.


Геометриялық фигураларды білесің бе?



Мақсаты: Геометриялық фигуралардың қазақша атауларын анық, дұрыс айтуға үйрету.

Көрнекіліктер:Геометриялық фигуралар бейнеленген карточкалары бар компьютер.

Ойынның шарты: Карточкада бейнеленген геометриялық фигураларды тауып, олардың қазақша атауларын ата. Тапсырманы толық орындаған бала жеңімпаз атанады.


Табиғат құбылыстарын білесің бе?



Мақсаты: Жыл мезгілдерін және оған қатысты табиғи құбылыстар атауларын дұрыс айтуға дағдыландыру.

Көрнекіліктер: Жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары бейнеленген карточкалары бар компьютер.

Ойынның шарты: Мұғалімнің сұрауы бойынша жыл мезгілін немесе табиғат құбылысын бейнелейтін суретті карточкадан көрсетіп, оның қазақша аталуын айт. Сұрақтарға дұрыс жауап берген бала жеңімпаз атанады.

Сурет бойынша сөйлем құрастыр.
Мақсаты: Сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрауға дағдыландыру.

Көрнекіліктер: Көпауқымды және көркем шығармаларға байланысты суреттер.

Ойынның шарты: Кез-келген өзіңе ұнаған суретті таңдап алып, сол сурет бойынша сөз тіркестерін немесе сөйлем құра.

Бұл ойынды күрделендіруге де болады. Яғни, сурет бойынша әңіме құра және оған ат қой.




«Тоғызқұмалақ» ойыны
Мақсаты: Төл дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.

Көрнекілік: Қазақ алфавитінің 42 әріпі жазылған дөңгелектер, «тоғызқұмалақ» ойынынының ұяшығы.

Ойынның шарты: Үстелдің үстіне қазақ алфавитінің әріптері жазылған 42 дөңгелектің ішінен негізгі төл дыбыстарды тауып, «тоғызқұмалақ» ұяшығына орналастыр және оларды ата. Төл дыбыстарды дұрыс орналастырып, атай білген бала жеңімпаз атанады.


«Мен қай дыбыспын?» ойыны
Мақсаты: Дауысты (жуан, жіңішке) және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру.

Көрнекілік: Қызыл және көк түсті әріптер жазылған дөңгелектер.

Ойынның шарты: Дөңгелектердің ішінен дауысты дыбыстарды тауып, жоғары көтер.Олардың жуан не месе жіңішке екендігін айт.

Бұл ойынды екі топқа бөліп өткізуге болады. Әр топтың жауаптарын ұсақ ойыншықтармен белгілеп, белсенді жауап берген бала мадақталады.


Буынды жалғастыр, қандай сөз пайда болады?


Мақсаты: Буынға бөлуге, қандай сөз екенін таба білуге үйрету.

Көрнекілік: Жеке-жеке буындар жазылған карточкалар.

Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлініп отырғызылады. Мұғалім сөздің алғашқы буынын айтып, карточканы көрсетеді, балалар буынды жалғастырып, пайда болған сөзді айту керек.Қай қатардағы топ бұрын аяқтаса, сол топқа бір-бірден ойыншық қойылады. Қай топтың жинаған ойыншығы көп болса, сол топ жеңіске жетеді.

«Ұялы телефон» ойыны


Мақсаты:Өзінің аты-жөні, жасы, мекен-жайы, ата-аналары туралы мәліметтері жайлы құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Көрнекіліктер:Екі ұялы телефон.

Ойынның шарты: Ұялы телефон арқылы таныс. Өздеріңнің сөздік қорларыңды пайдалана отырып, бір-біріңмен қарым-қатынас жаса. Әңгімені кім бірінші үзсе, сол бала айып ретінде өлең, жұмбақ, мақал-мәтел айтып береді.

Қармаққа не ілінді?


Мақсаты: Сұраққа жауап бере отырып, тіл байлығын арттыру.

Көрнекілік: Қармақ , балықтар.

Ойынның шарты: Балалар санамақ арқылы ойынға бірінші болып қатысатын баланы анықтап алады. Бала қармақпен балық аулап, ондағы тапсырманы орындауы тиіс. Балықтың екінші жағына сұрақтар жазылады. Мысалы:


  1. Сен бүгін балабақшаға кіммен келдің?

  2. Сен балабақшаға немен келдің?

  3. Бүгін ауа-райы қандай?

  4. Сені балабақшадан кім алып кетеді?

  5. Сенің сүйікті ойыншығың не?

Киіз үй жиһаздарын орналастыр


Мақсаты: Балаларға киіз үйге қажетті жиһаздардың аттарын айтқызып, оларды киіз ұйге орналастыра білуге үйрету.

Көрнекілік: Жарты киіз үйдің макеті, сандық, төсек, бесік дөңгелек үстел т.б.



Ойынның шарты: Киіз үй жиһаздарын атап, оларды өз орындарына орналастыр. Оларға байланысты білетін жұмбақ, тақпақтарыңды айтып бер.
Каталог: uploads -> doc -> 05b8
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05b8 -> Қосымша №3 Нархашова Рабия Нуралбаевна
05b8 -> Сабақтың атауы Тақырыбы: Адамның дене мүшелері Сілтеме Қазақ тілі
05b8 -> Гүлсім Ахметбекова, Қостанай облысы, Меңдықара ауданы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет