Тест жауабы: ешнәрседен қорықпайтын, батыл мінезді адамдар №1, 3, 6, позицияларды таңдайды. Қандай жағдай болмасын достарынан қолұшын аямайтын, ақкөңіл адамдар №2, 11, 12, 18 және 19 позицияларды таңдайды



Дата25.12.2021
өлшемі13,99 Kb.
#105262
Байланысты:
Ағаш адистемесі
ContentServer, ContentServer, orys tili, шартсыз.р Сман А, шартсыз.р Сман А, prezentatsiya-matematika-kvadrat-үshmүshe-8-klass, Қмж, 2-дәріс.Эл.техн.материалдар.ЭТИ, Қорытынды

«Ағаш» әдісі

Бұл тестінің авторы - әйгілі британдық психолог Пип Уилсон. Ол оқушылардың жаңадан ауысып келген мектебіне қаншалықты үйренгенін анықтау үшін жасалған. Артынша жасы үлкендерге де жарайтыны анықталған. Тест адамның болмысын, оның эмоционалдық жай-күйін, қоғамдағы орнын анықтауға көмектеседі. Ағаштағы адамдардың көңіл-күйі әртүрлі және әрқайсысының өзіне ғана тән орны бар. Ең алдымен, өзіңізге қайсысы көбірек ұқсайтынын анықтаңыз. Артынша ұқсағыңыз келетін адамды таңдаңыз.



Тест жауабы: 1) Ешнәрседен қорықпайтын, батыл мінезді адамдар №1, 3, 6, 7 позицияларды таңдайды. 2) Қандай жағдай болмасын достарынан қолұшын аямайтын, ақкөңіл адамдар №2, 11, 12, 18 және 19 позицияларды таңдайды. 3) Кез келген қиындықты оңай өткеріп отыратын адамдар №4 позицияны таңдайды. 4) Шаршаңқы, көңілсіз жүретін адамдар №5 позицияны таңдайды. 5) Көңіл көтеруді ұнатып, той-томалақтан қалмайтын адамдар №9 позицияны таңдайды. 6) Іштей қапаланып, үнемі уайымдап жүретін, көпшіліктің ортасында жүруді ұнатпайтын адамдар № 13, 21 позицияны таңдайды. 7) Өзімен сырласып, өзі ғана білетін әлемде өмір сүретін жандар №8 позицияны таңдайды. 8) Өмірдің әр сәтін бағалап, жан тыныштығын қалайтын адамдар №10, 15 позицияларды таңдайды. 9) Бақытсыз, тағдырына лағнет айтып жүретін жандар №14 позицияны таңдайды. 10) Айналасындағыларды өзіне бағындырып, мүмкіндіктерін асыра сілтейтін адам №20 позицияны таңдайды. 11) Көпшіліктің ықыласына бөленгенді ұнататын, өзгелердің пікіріне толықтай тәуелді жандар №16 позицияны таңдайды. Көп жағдайда №17 позициядағы адамнан қолдау күтеді. Ал сіз қай орынды таңдадыңыз?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет