Тест «Кванттық физика». 1-нұсқа



Дата20.03.2020
өлшемі15,46 Kb.
#60388
Байланысты:
тест Квуант
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант
Тест «Кванттық физика».

1-нұсқа.

1. Кванттык теорияны ашқан

А) А.Г.Столетов; В) М.Планк; С) П.Н.Лебедев; Д) Дж.Максвелл; Е) А.Эйнштейн.

2. Фотон дегеніміз не?

А) Массасы электрон массасына тең заряды қарама-қарсы бөлшек;

В) Электромагниттік сәуле кванты;

С) Электрон:

Д) Протон;

Е) α-бөлшегі.

3. Өзіне келген әр түрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын дене

А) айна;

В) линза;

С) абсолют қара дене;

Д) қар;


Е) шар.

4. Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі қандай заңның негізінде алынған?

А) энергияның сақталу заңы;

В) импульстің сақталу заңы;

С) энергия мен массаның өзара байланыс заңы;

Д) Ньютонның бірінші заңы;

Е) Ньютонның екінші заңы.

5. Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын ... деп атайды

А) сәулелену ;

В) рентген;

С) инфрақызыл сәулелер;

Д) ультракүлгін сәулелер;

Е) жылулық сәулелену.

6. Атомның құрылысы қандай?

А) протон мен нейтроны бар оң зарядталған бөлшек;

В) оң зарядталған ядромен электроннан тұратын бейтарап жүйе;

С) реттік номері элемент санын көрсететін электрондар жүйесі;

Д) ішінде электрондары бар оң зарядталған көлем, ондағы барлық электрон зарядымен оң зарядтардың санына тең;

Е) тек электрондардан тұратын бейтарап жүйе.

7. Вакуумдық фотоэлементке жарық түсіргенде, онымен жалғасқан сыртқы тізбекте электр тогы пайда болады. токтың пайда болуына себепкер

А) фотосинтез; В) электрлену; С) рекомбинация; Д) электролиз; Е) фотоэффект.

8. Эйнштейннің фотоэффект құбылысына арналған формуласы қандай?

А) hν=А+mυ /2; В) h ν=A-mυ²/2; С) ν/һ=А-mυ²/2; Д) һ/ν=А+mυ²/2; Е) һ/ν=А- mυ²/2.

9.Төменде келтірілген құбылыстардың қайсысы алғаш рет жарықтың кванттық теориясы негізінде түсіндіріледі? 1-интерференция, 2-дифракция, 3-фотоэффект, 4- поляризация.

А) 1,2,4; В) тек 3; С) 3және4; Д) 1 және 2; Е) тек 1.

10. Энергиясы Е фотонның жиілігі неге тең?

А) Еһ; В) Е/һ; С) Е/с; Д) Е/с²; Е) 2Еһ².

11. Жиілігі ν жарық фотонының энергиясы неге тең?

А) Е=һν; В) Е=һс / ν; С) Е=mс²; Д) Е=һ / ν; Е) Е=һс².

12. α-, β-, γ-сәуле шығару түрлерінің қайсысының өтімділік қасиеті ең жоғары

А) α-бөлшектер;

В) β-бөлшектер;

С) γ-бөлшектер;

Д) үшеуінің де бірдей;

Е) дұрыс жауап жоқ

13. Толқын ұзындығы 6·10 м болатын жарық квантының энергиясы неге тең? ( һ=6,62·10 Дж·с, 3·10 м/с )

А) 6·10 Дж; В) 3·10  Дж; С) 4·10 Дж; Д)5·10 Дж; Е) 7·10 Дж.
14. Толқын ұзындығы 1,6·10 м сәуле фотонының импульсі (һ=6,62·10 Дж с)

А)0,414·10 кг·м/с; В)41,4·10 кг·м/с; С)4,14·10 кг·м/с; Д)414·10 кг·м/с; Е)4140·10 кг·м/с.

15. Қандай прибордың әсері сыртқы фотоэффект құбылысына ғана негізделген?

А)фотодиод; В)фотокедергі; С)электрондық шам; Д)фотоэлемент; Е)дұрысы жоқ.

16. Егер электронның металдан шығу жұмысы 3,3*10 Дж болса, фотоэффект тудыратын ең аз жарық жиілігі қандай болады? ( һ=6,62*10 Дж· с )

А) 3·10 Гц; В) 2·10 Гц; С) 5·10 Гц; Д) 4,5·10 Гц; Е)6·10 Гц.

17. α-бөлшектің құрамы қандай?

А) 2 протон және 2 нейтрон;

В) 2 протон және 2 электрон;

С) протон және нейтрон;

Д) протон және 2 нейтрон;

Е) протон және электрон;

18. Жарықтың металл бетінен 1с ішінде ыршытып шығаратын электрондарының мөлшері сол уақыт ішінде жұтылатын жарық қандай шамаға тура пропорционал

А) толқынның жиілігіне;

В) тежеуші кернеуге;

С) толқынының энергиясына;

Д) толқының жылдамдығына;

Е) интенсивтігіне.

19. Абсолют қара дененің температурасы 2 есе артса, оның сәуле шығару қабілеті қалай өзгереді?

А)2 есе кемиді; В)2 есе артады; С)16 есе артады; Д)16 есе кемиді; Е)4 есе артады.

20. Сыртқы фотоэффект дегеніміз не?

А) жарықтың әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысы;

В) атом ядросының гамма- кванттарды жүтқанда нуклондардың ядродан ыршып шығуы;

С) шалаөткізгіш және металлдардың контактілеріне сәуле түсіргенде ЭҚК-тің пайда болуы;

Д) жарықтың әсерінен қатты денелердің электр өткізгіштігінің өзгерісі;

Е) дұрыс жауап жоқ.

21. Өз-өзінен ерекше сәуле шығарып тұратын химиялық элементерді қалай айтады?

А) атомдық;

В) электромагниттік;

С) электрлі;

Д) радиактивті;

Е) полярлі.

22. Егер сутек атомындағы электрон спектрдің көрінетін облысында жиілігі ең кіші толқын шығарса, онда ол қай стационар күйден қай стационар күйге ауысқан?

А) екіншіден біріншіге;

В) үшіншіден біріншіге;

С) үшіншіден екіншіге;

Д) төртіншіден біріншіге;

Е) төртіншіден екіншіге.

23. Электрондардың платинадан шығу жұмысы 9,1·10 Дж. Толқын ұзындығы 0,5мкм жарық платинадан жұлып шығарған электрондарының максимал кинетикалық энергиясы қандай?

(һ=6,62·10 Дж·с, 3·10 м/с)

А) 4,2·10 Дж; В) 2,1·10 Дж; С) 7,4·10 Дж; Д) 1,1·10 Дж;

Е) мұндай жарық платинадан электрондарды жұлып шығара алмайды.

24. Көмір  С изотобының ядросындағы Ζ протопдар саны мен Ν нетрондар саны:

А) Ζ=14, Ν=6; В) Ζ=6, Ν=6; С) Ζ=8, Ν=6; Д) Ζ=6, Ν=8; Е) Ζ=6, Ν=14.



25. Электрондардың вольфрамнан шығу жұмысы 4,5эВ. Фотоэлектрондардың ең үлкен жылдамдығы 1000км/с болу үшін вольфрам бетіне түсірілетін жарықтың жиілігі (1эВ=1,6·10 Дж, 9,1·10 кг, һ=6,62·10 Дж·с)

А)1,8·10 Гц; В)7,5·10 Гц; С)18·10 Гц; С)15·10 Гц; Д)7,5·10 Гц;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет