Тәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар
Азаттықтың ақ таңы атқалы он бес жылда облысымызда орнатылған ескерткіштер елдік еңсемізді биіктетіп тұр
Лесбек Сайлаубеков
Тәуелсіз ел атануымыздың арқасында өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, жлоғымыз түгенделуде. Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Тұрар, Мұстафа сынды арыстарымызды алыш болып ардақтап, талай тұлғаларымызды тұғырына қондырдық. Хандарымыздың, батыр-билеріміздің қадіріне жетіп, ұлттық салт-санамызды қайта жаңғыртқанымыз – елдігіміздің белгісі. Оған тәубе, десеміз.
Мызғымастай көрінген кеңестік империя күйреп, тіліміз бен дініміз, діліміз есіктен көтеріліп, терге озды. Тарихымыздан ажырап, озгепің жырын жаттап, батырын мақтап, өгей баланын күйін кешіп едік, ол сорақылықтан біржолата құтылдық.
Құдайға шүкір, азаттығын алған қазағымыз қазір өзгелер аддында еңсесін тіктеген іргелі ел. Рухтандырып, намысымызды жанып, айбынымызды асқақтаған ел тұтқаларын қасиеттеп, өрліктері көңілден өшпесін деп бейнесін сомдап орнатудамыз. Елім деп егесіп, тәуелсіздік үшін текетіріскен ерлеріміздің туған топырағымызда жетерлік.
Тәуелсіздік алғалы ұлттық сана-сезімнің, қазақ халқының мемлекеттілігінің жаңғыруына, тарихи оқиғалар мен тұлғаларға қайта баға беруге мүмкіндік туғаны ақиқат. Нәтижесінде, көптеген ескерткіштер тұрғызылып, ұрпақты ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге септігі тиюде. Облысымызда осындай отызға тарта тарихи және монументті өнер туындылары орнатылды. Олардың ішінде ел тәуелсіздігі жолында жан алып, жан беріскен батыр тұлғаларымыз, ғұламаларымыз бен даналарымыз бар. Бүгін біз азаттықтың ақ таңы атқан он бес жылда Жамбыл өңірінде бой көтерген қайраткерлеріміздің бірқатар ескерткіштерін қалың оқырманымызға ұсынып отырмыз.
Мұхамед Хайдар Дулат (1499-1551) – белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын – «Тарих-и Рашидидің», «Джаһаннаме» дастаныңың авторы.
1998 жылы туғанына 500 жыл толуы құрметіне М.Х. Дулат атындағы ТарМу-дің алдына ескерткіші орнатылды.
Қойгелді Сартұлы (1702-1795) – жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте қол бастаған атақты қолбасшылардың бірі. Ол тӨле бидің сенімді серігі, жұмсар батыры болған. Қойгелді түрлі шайқаста жекпе-жекке шыққанда жеңіліс көрмей, жоңғарлардың 9 батырын өлтіріп, қазақ сарбаздарын жеңіске рухтандырған ерлігі ел аузында аңызға айналған. Ол қолбасы ретінде Жетісу жері жаудан азат етілгенше жүргізілген соғыстардың бәріне қатысады. Қойгелді батыр ескерткіші 1998 жылы облыс орталығында Төле би көшесі мен Қойгелді батыр атындағы көше қиылысында орнатылған.
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – қазақ халқының әскери қайраткері, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры. 1941 жылы соғыс басталысымен генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар (8-гвардиялық) дивизиясы құрамында майданға аттанды. Батальон, полк командирі болды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды. «Ұшқан ұя» кітабы үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976) атанды. Тараз қаласының орталығындағы облыстық қазақ драма театрының алдына 2000 жылы қазан айында Б. Момышұлының ескерткіші орнатылды.
Достарыңызбен бөлісу: |