«Тіл достықтың айнасы» сыныптан тыс іс шара Мақсаты



Дата17.06.2018
өлшемі53 Kb.
#43005
«Тіл достықтың айнасы» сыныптан тыс іс шара
Мақсаты:

1.     Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2.     Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушылар дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3.     Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушылар бойына сіңіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.



Міндеттері: оқушыларды  туған тілін сүюге, тез ойланып, жауаптарын тиянақты жеткізуге, жүйелі еркін сөйлеуге баулу, таза сөйлеуге тәрбиелеу.

Оқытушының  кіріспе сөзі:

-         Құрметті оқытушылар мен оқушылар!

Біздің мектебімізде  Тілдер мерекесі өтуде.

Міне, бүгінгі «Туған тілім тірлігімнің айғағы!» тақырыбындағы зияткерлік сайысымыз да, осы мерекенің  құрметіне байланысты болмақшы.

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.

Біздің Қазақстан Республикасында қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілімізді дамытуға күш салғанымыз жөн.

 

1 – жүргізуші:

 —  Армысыздар  оқытушылар мен оқушылар! Бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Тіл мәртебесін ұлықтайық!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.



2 – жүргізуші: «Тіл туралы тұңғыш Заң» 1989 жылы 22 қыркүйекте жоғары кеңестің сессиясында қабылданған болатын.

1 – жүргізуші:

Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20қаңтардағы Жарлығына сәйкес

«22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді.

1 – жүргізуші:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

(С.Торайғыров)



2 – жүргізуші:

Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім

Ана тілім, туған тілім, бал тілім.

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім.

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

(Ш.Айтматов)

 

1 – жүргізуші:

- Құрметті оқушылар, бүгін біз 2 топ, яғни «Алғырлар » мен «Тапқырлар» Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері



«Қазақ тілі елінің құрметті азаматтары»атағын жеңіп алады.

2 – жүргізуші:

-         Рахмет!

-         Бүгінгі біздің бағдарлама 6 кезеңнен тұрады. Олар:

 

1.     Таныстыру (топтың аты, топ басшысы, ұраны)



2.     Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)

3.     Өнерліге өріс кең (2 топ оқушыларының өнерлерін тамашалау)

4.     Мақал – сөздің мәйегі (мақалдарды жалғастыру)

5.     Жеті жұрттың тілін біл (жұмбақты шешіп, жауабын 2  тілде айту)

6.     Сұраққа жазбаша жауап беру.

 

 Дұрыс берілген әрбір жауап балдық жүйемен есептелінеді.



 

1 – жүргізуші:

-         Енді 1 кезең бойынша таныстыруға берсек. Әр топ өздерін таныстырып өтсе.



«Алғырлар» тобы

Топ басшысы – ____________

Топ мүшелері –

Ұраны – Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр

              Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр

 

 «Тапқырлар» тобы



Топ басшысы – ____________

Топ мүшелері — 

Ұраны – Белгісі болса – жолдан жаңылмас,

              Білімі болса – сөзден жаңылмас.

 

2 – жүргізуші:

-         Рахмет! Әрі қарай 2 ші кезең бойынша берілген сұрақтарға жауап береміз.



Сұрақ «Алғырлар» тобына

Ата Заңға қай жылы қол қойылды? (1995 жылы, 30 тамызда)

 

2 – жүргізуші:

Сұрақ «Тапқырлар» тобына

Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1989 жылы). 



1 – жүргізуші:

Сұрақ «Алғырлар» тобына

Қазақ тілінде неше септік бар, оларды атап шығыңыздар?

(7септік: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)

 

2 – жүргізуші:



Сұрақ «Тапқырлар» тобына

Көптік жалғауларын атаңыздар? (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер)

 

1 – жүргізуші:

Сұрақ  «Алғырлар» тобына

Бес асыл істі атаңыз. (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

 

2 – жүргізуші:

Сұрақ «Тапқырлар» тобына

Бес дұшпанды атаңыз. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ).

 

1 – жүргізуші:

Сұрақ  «Алғырлар  тобына

Қазақтың үш бәйтерегі  кім?

(Сәкен Сейфуллин, Ілияс Есенберлин, Бейімбет Майлин).

 

2 – жүргізуші:



Сұрақ «Тапқырлар» тобына

Қазақтың үш данасы кім?

(Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай  Алтынсарин).

 

1 – жүргізуші:



Сұрақ  «Алғырлар» тобына

Республикамыздың рәміздері  (Ту, Елтаңба, Әнұран)

 

2 – жүргізуші:

Сұрақ «Тапқырлар» тобына

Төрт  түлікті ата (Түйе пірі -Ойсылқара, Жылқы пірі -Қамбар ата, Сиыр пірі- Зеңгі баба, Қой, ешкі пірі- Шопан ата, шекшек ата)

 

 

 



2 – жүргізуші:

-         Келесі сайысымыз 2 топ мүшелерінің  өнерлерін тамашалайық.

«Алғырлар» тобының атынан 1 өлең, 1көрініс.

-         Қабыл алыңыздар!

 

 

 



2 – жүргізуші:

-         Рахмет. Енді «Тапқырлар» тобынан 1 өлең, 1көрініс.

-         Қабыл алыңыздар!

 

2 – жүргізуші:

-         Рахмет.

Келесі «Мақал-сөздің мәйегі» дегендей, бұл бөлімде берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табуы керек.

 

Сұрақ  «Алғырлар» тобына

Тіл жүйріктен де ………………… (озады).

 

Сұрақ «Тапқырлар»» тобына

Тіл жүйрік емес,………………(ой жүйрік).

 

Сұрақ  «Алғырлар» тобына

Шебердің қолы ортақ,………….(Шешеннің тілі ортақ).

 

Сұрақ «Тапқырлар»» тобына

Басқа бәле ………………….. (Тілден)

 

Сұрақ  «Алғырлар» тобына

Піл көтермегенді, …………….(Тіл көтереді).

 

Сұрақ «Тапқырлар»» тобына

Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,………… (Тілімнен сүріндірме).

 

Сұрақ  «Алғырлар» тобына

Бал тамған тілден ……….. да тамар. (у)

 

Сұрақ «Тапқырлар»» тобына

Тілдің көркі — ……………….. (Сөз)

 

Сұрақ  «Алғырлар  тобына

Ойнап сөйлесең де, …………………….. (Ойлап сөйле)

 

Сұрақ «Тапқырлар»» тобына

Соз тапқанға ..............................жоқ. (Қолқа)

 

1 – жүргізуші

Еркін сұрақ:

Кім айтады?

О жағы мәрмәр,

Бұл жағы  мәрмәр.

Ортасында,

Сандуғашсарнар. (Тістержәнетіл)



2 – жүргізуші:

Қызыл түлкі   інінен шықпайды.   (Тіл)

 

1 – жүргізуші:

Абайдың неше қара сөзі бар?    (45)

 

2 – жүргізуші:

Ұр тоқпақ ертегісіндегі үш қасиетті затты атаңдар (Піс қазан, Құс есек, Ұр, тоқпақ)

 

1 – жүргізуші:

Әдет ғұрып жырларын атаңдар (Жар жар, сыңсу, беташар, жоқтау)

 

-         Көп рахмет!



 

2 – жүргізуші:

-         Келесі «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы. Бұл сайыстың шарты: жұмбақты шешіп, жауабын үш тілде айту: қазақша, орысша, ағылшынша.

 

Сұрақ  «Алғырлар» тобына

Жүз теңгең болғанша,

Жүз …………. болсын.         (Дос – Друг – Friend)

 

Сұрақ «Тапқырлар» тобына

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама.       (Кітап – Книга – Book)

 

Сұрақ  «Алғырлар» тобына

Көз қорқақ, ……….. батыр.    (Қол – Рука – Hand)

 

Сұрақ «Тапқырлар» тобына

Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы.  (Ит – Собака – Dog)

 

Сұрақ  «Алғырлар» тобына

…………….. алма, білім ал.    (Алтын – Золото — Gold)

 

Сұрақ «Тапқырлар» тобына

Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп-шығар сапары жоқ.               (Мысық – Кошка – Cat)

 

Сұрақ  «Алғырлар» тобына

Көңіл сырын ………………. білдіреді.     (Көз – Глаза – Eye)

 

Сұрақ «Тапқырлар» тобына

……………… дос  үшін жан пида.        (Жақсы – Хорошо – Good)

 

Сұрақ  «Алғырлар» тобына

…………… басы – бұлақ, сөздің басы – құлақ.   (Су – Вода – Water)

 

Сұрақ «Тапқырлар» тобына

Айдың он бесі …………….. , он бесі қараңғы.  (Жарық – Свет – Light)

 

Енді 2 топқа жазбаша сұрақтар беріледі. Жазбаша түрде 2 минутта жауап жазып оқып  берулері  керек



 

2 – жүргізуші:

-         Көп рахмет!

 

1 – жүргізуші:

Біздің Республикамызда мемлекеттік тілді үйрену – барлық ұлт өкілдеріне ортақ мәселе деп білеміз. Ал ұлтымыздың мемлекеттілігін мәңгілікке айғақтайтын тарих болса, тарихты мәңгілікке жеткізуші – кітап, ал тілдің мәңгілік ғұмыры – осы кітапта жатыр. Тіл мен кітап сайып келгенде ел үшін бірі – тірек, бірі – білек, білік, күш-қуат. Тәуелсіздікті ту еткен, табан жолынан айнымайтын, қандай кезде де құбылмайтын тек осы тіл мен кітап қана.

 

2 – жүргізуші:

Халық бар жерде тіл де бар. Ендеше тіл проблемасы – халықтың проблемасы. Біздің қазақ тілі өсу үстіндегі, адам баласының кез келген қиын да күрделі ойын бейнелеуіндегі мүмкіндігі зор, аса бай тіл. Сондықтан да оны көзіміздің қарашығындай қастерлейік.

  

1 – жүргізуші:

Жеңімпаз топ анықталды. Рахмет достар! Бүгін тілдер туралы біршама деректер алдық деп ойлаймын.

Ана тіліміз қазірде үлкен өріске жол тартты. Дегенмен «Ана тілі – қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес көкірегімізге жазып алайық.

Олай болса, біздің мақсатымыз – Ана тілімізді қадірлеу!

Мемлекеттік Тіл мәртебесін көтеру!

  Атамекен әні  (барлығы)



 Жаңажол ауылы
Каталог: uploads -> doc -> 058f
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
058f -> Сабақ жоспары Мектеп: №89 мектеп-лицейі Мерзім: 12. 11. 15ж Пән мұғалімі: Борашова Ғалия
058f -> Сабақтың тақырыбы: Калькулятор. Блокнот. Мақсаты: Білімділігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет