Тіл үйретудегі дәСТҮрлі емес сабақ ТҮрлері



Дата21.07.2017
өлшемі66,8 Kb.
#21504
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚ ТҮРЛЕРІ

Ахметова Т.Ә.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
Бүгінгі таңда, білім беру жүйесінің жаңартылуы кезінде, жаңа технологияларды пайдалану өзекті болып табылады. Бүгінгі ұстаздың алдында жаңа талаптар қойылады. Әсіресе, тіл үйрену барысында оқытудың жаңа технологияларын пайдалану білім алушылардың шығармашылық қабілетін ашуға, олардың оқу әрекетін белсендіруге зор мүмкіндік туғызады. Осы міндетті жүзеге асыру үшін «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жасалып, орындалуда. Бағдарламада Қазақстанда мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру және стандарттау, инфрақұрылымын дамыту, үдерісін ынталандыру жүйесін құру; мемлекеттік тілді насихаттау және қолдану аясын кеңейту, дәрежесін арттыру; қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйеге келтіру сияқты міндеттер көзделеді.

Сабақтың нәтижелілігі оқытушының шеберлігі, оның шығармашылық әрекетіне байланысты. Сол себептен, барлық оқытушылар өз сабақтарында әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланады. Соның ішінде дәстүрлі емес сабақ түрлері ерекше орын алады.

Дәстүрлі емес сабақ түрлері білім алушылардың белсенділігін артттыру, саналы түрде білім алу, өз бетімен білім алуды қамтамасыз етеді. Осындай сабақ түрлері білім алушылардың жалпы оқу және көшбасшылық дағдыларын қалыптастырып, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

Дәстүрлі емес сабақ түрлері : іскерлік ойындар, бинарлық сабақтар, КТК- сабақ, театр-сабақ, жарыс-сабақ, концерт-сабақ, практикум-сабақ, пресс-конференция, консультация –сабақ, диспут-сабақ, жобаны қорғау сабағы, семинар-сабақ және т.б.

Дәстүрлі емес сабақ түрлерін қарастырайық.

Іскерлік ойын ең белсенді сабақтардың бір түрі. Оның барысында проблемалық жағдаят, рөлдер мен рөлдік мақсат, ұжымдық әрекет, кәсіби әрекеттің имитациясы көзделеді. Іскерлік ойын оқу процесін белсендіреді, пәнге деген білім алушылардың қызығушылығын тудырады, олардың материалды игеру деңгейін арттырады, командада жұмыс істеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, ынталары мен жадын дамытады, өз пікірлерін дәлелдеп, қорғай білуге үйретеді. Ойын әрбір білім алушыға өзіндік шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен, іскерлік ойындар қысқа мерзімде оқыту мақсаттарына жетуге зор әсер етеді.



Бинарлық сабақ — пәнаралық байланыстарды нығайтуға жол ашатын дәстүрлі емес сабақ түрі, оны екі оқытушы жүргізеді. Бұл екі оқытушының шығармашылық процесі, ол білім алушылардың шығармашылық процесіне айналады, өйткені екі ғылым түйісінде кез келген проблеманы зерттеу әрқашанда үлкен қызығушылық, жоғары уәж тудырып, шығармашылық ізденіске жол ашады.

КТК- сабақ жарыс-сабақ түріне жатады, ол білім алушылардың бойында көрермендердің танымал және сүйікті бағдарламасына ұқсайды. КТК- сабақ түрін тақырыпты қайталау, қорытындылау барысында пайдалануға болады. Оның барысында материалды еске түсіру, міндеттерді шешу, шығармашылық тапсырмалар түрлері ұсынылады. Топ екі командаға бөлінеді. Олардың білімін әділ қазылар алқасы (білім алушылар қатарынан) бағалайды. Тақтада олардың алған ұпайлары жазылып отырады.

Театр-сабақ түрі белгілі сценарий, театр атрибуттарының (актерлер, көрермендер, сахна, декорация) болуын талап етеді. Осындай сабақ түрі білім алушыларды халық шығармашылығына тартып, жеке тұлғаның эмоциялық қасиеттерін дамытады, тамаша сезімін тәрбиелейді.



Жарыс-сабақ түрі ұжымдық әрекетке негізделеді, осында білім алушыларды ұжымдық тәрбиелеу, команда алдындағы жауапкершілік сезімін ояту мақсаттары жүзеге аысырылады. Жарыс –сабақтар мазмұны, құрылымы, ұймдастырылу формасы жағынан әр түрлі болады. оның барысында күрделілігі алуан түрлі тапсырмалар ұсынылады.

Концерт – сабақ түрі қарапайым және қызықты емес болып көрінеді. Білім алушылары оқылған тақырып бойынша топ алдында өздерінің дайындаған нөмірлерін көрсетеді. Оның барысында музыкалық фрагменттерді немесе көрнекілерді (сурет, слайд) пайдалана алады. Осындай сабақтың негізгі мақсаты - білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді пайдаланған жөн.

Ізденіс - сабақ түрі білім алушылардың әр түрлі көздерден өз бетімен білім ала білу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Осындай сабақтарда олар әр түрлі анықтамалық құралдарды, энциклопедияларды, оқулықтарды, көркем әдебиетті пайдаланып, сұрақтарға жауап ала алады. Сабаққа дайындалу барысында және сабақ үстінде білім алушылар «сарапшыларды» немесе Интернетті пайдалана алады. Бұл сабақ түрі білім алушылардың өзін-өзі бақылауға үйретеді.

Практикум –сабақ түрі білім алушылардың алған білімдерін, дағдыларын таныс және таныс емес оқу жағдаяты барысында пайдалануға мүмкіндік береді, оларды алған ақпараты бойынша өз пікірлерін қалыптастыруға, кез келген мәселенің себеп-салдарын дұрыс анықтауға, материалдын маңыздылығын түсінуге, алдыңғы сабақтарда алған білімдерінің нәтижелілігін бағалауға үйретеді.

Пресс-конференция сабағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады. Білім алушыларды белгілі бір мақсатты шешуге үйретеді. Конференция барысында білім алушылар шығармашылық талқылауға қатысып, мәселенің шешу жолдарын табуға дағдыланады. Тақырыптық конференция белгілі бір өзекті мәселе бойынша жүргізіледі. Осындай сабақтарда пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. Тақырыпты білім алушылардың өздері белгілеп алғандары дұрыс болады. Ол үшін сауалнама жүргізу немесе ауызша сұрақтартар қою әдісін пайдалануға болады.

Консультация –сабақ түрі материалды жақсы игермеген, тапсырманы дұрыс орындай алмаған, сабақты босатқан, өздік жұмысты орындай алмаған, білімін тереңдеткісі келген білім алушыларға көмек көрсету үшін өткізіледі. Консультацияларды уақытында, жоспарлы түрде өткізіп отыру керек, сонда ғана олар нәтижелі болады. Тұрақты түрде өткізіліп отыратын консультация-сабақтары білім алушылардың өз бетімен жұмыс істей алу қабілетін дамытып, олардың ой-өрісін кеңейтеді, оқу процесін жүйелі басқаруға мүмкіндік береді.

Диспут – сабақ түрі - пікір талас түрі. Бір тақырып бойынша білім алушылардың әр түрлі пікірлері ортаға салынады. Осындай сабақтарда білім алушылардың ойлау қабілеттері қалыптасады. Олар педагогикалық мақсаттарды да шешуге мүмкіндік туғызады. Сабақ барысында білім алушылар әңгімеге қатысып, өз пікірлерін білдіріп, дәлелдеуге, диалогке қатысып, қажетті сұрақтарын қоюға, келісу-келіспеушілік білдіруге үйренеді. Диспутке қатысу үшін тақырып материалын жақсы білу керек. Ол үшін қосымша әдебиетті пайдаланған жөн. Диспут-сабағында оқытушы үйлестірушінің рөлін атқарады, ол пікір-таластың дұрыс бағытта жүруін бақылап отырады.

Жобаларды қорғау сабағының мақсаты — білім алушылардың сабақта алған білімін бекіту, оларды жоба арқылы қорғау, қорытындылауға үйрету. Жобаны қорғау барысында білім алушылардың эстетикалық талғамы, еңбек мәдениеті, логикалық ойлау қабілеттері дамиды. Білім алушылар өз еңбегін қорғауға ұсынып, оқытушы мен топтастарының сұрақтарын ажауап береді, өз пікірлерін дәлелдейді.

Семинар-сабақ үстінде тақырып бойынша алған білімдері тексеріледі. Семинарға алдын ала дайындалу керек. Оқытушы әрбір білім алушының білім деңгейі және қабілеттері бойынша тапсырмалар дайындайды. Семинар –сабақққа барлық білім алушылар дайындалады. Осында жалпы тапсырмалар (жоспар құру, анықтамалық әдебиетті оқу), топтық тапсырмалар ( баяндама жасау, презентация жасау, әдебиетті іздестіру, интервью алу), жеке тапсырмалар (мәнерлеп оқу, қорытынды жасау, талдау жасау, баяндама жасау) көзделеді. Семинарда әрбір білім алушының өз міндеті белгіленеді. Негізгі мақсат – өз бетімен еңбек ету, проблеманы шешу жолдарын табу.

Сөйтіп, дәстүрлі емес сабақ түрлері дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде тіл үйренушілердің қазақ тілін оқытуда тіл мен ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туады.



Қорыта келгенде, қазақ тілін оқыту барысында сатылы, жүйелі жұмыс жүргізілуі үшін дәстүрлі емес сабақ түрлерінің маңызы зор. Өйткені жалғыздың аты шықпас, жаяудың шаңы шықпас дегендей, игілікті істің нәтижелі болуы үшін мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, абыройын асқақтату жолында еңбек ету бәрімізге мәртебелі міндет.

Аннотация

В данной статье предсталены виды нетрадиционных уроков, способствующие эффективному обучению язику.
Annotation

The types of nonconventional lessons promoting effective training in language are presented in this article.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», 1-бет.

  2. Аяжанова Ж.Х., Әзімбаева Р.О. және т.б. «Мемлекеттік тілі жеделдетіп оқыту бағдарламасы, Петропавл, 2005ж.

  3. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Оқу құралы. Алматы, 2005 ж.

  4. Оралбаева Н., Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1996ж.

  5. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2005ж.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет