Тіл кемістігі бар балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту



Дата27.12.2016
өлшемі165,99 Kb.
#5773
Тіл кемістігі бар балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету.

  1. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту

Баланы әңгімелеуге үйрету- оның сөздерді байланыстыруын жақсы қалыптастырады. Баланың сөйлеуі оның ойлауымен бірқалыпты дамиды. Мектепке дейінгі балалардың ойлауында маңызды өзгерістер орын алады: ой-өрісі жетіледі, ойлау қабілеті дамиды, білімі ұлғаяды, сөздік қоры молаяды. Алайда, балалар ойлау және тілдік дағдыларын айналасымен қарым-қатынас жасанғаннан кейін ғана иемденеді. Бұл жерде балаға эмоционалдық қарым- қатынасы өзіне жақын ересек адам маңызға ие.

Балаға туғаннан бастап жылу, сезім, махаббаттың жеткіліксіздігі де , баланың тіл дамуына жағымсыз әсер етеді. Мұндай жағдай көбіне отбасылық жағдайы төмен, ата – аналары ішімдікке салынған жағдайда, анасының жоқтығы, дүниеге келген күнінен бастап балалар үйінде тәрбиеленгендіктен, оларға жеткілікті түрде назар аударылмағандықтан туындайды.

Я.С. Выготский алғаш рет баланың психикалық дамуын оқыту туралы ереже қабылдады, бұл зерттеу өзінің дамуын жалғастыруда.

Неғұрлым қарқынды және алуан түрлі ақпарат ағыны түскен сайын, баланың миы тезірек дамиды, функционалдық және анатомиялық жетілу орталық жүйке жүйесі күшейе түседі, бірақ келіп түскен ақпараттар жас және психикалық ерекшелігіне сай болуы тиіс екендігі анықталды.

Психологиялық принциптердің бірі, балармен тілдік қатынаста болу, дамытушылық принципі болып табылады. Психологиялық дамуда сензитивтік кезең басым орын алады, бұл кезеңде бала қоршаған ортадағы жағдайға ерекше әсермен қарайды. Тіл дамуына қажетті жас 1,5-3 болып табылады.

Бұл неғұрлым қолайлы, даму кезінде бала сөйлеуді жақсы меңгеріп алады, өзгелермен қарым-қатынасы жақсара түседі. Сензитивті кезеңде сөйлеу мінез-құлқы қалыптасады, ерекше сөйлеу сезімі пайда болады.

«Оқыту – дамудан бір қадам алда болса ғана жақсы»- деген Я. С. Выготский. Ол сол кезде ғана жандана түсіп өмірге бірқатар функцияларды әкеледі.Осы жағдайда ғана оқыту маңызды орын алады.


  1. Жабық типтегі мекемеде тәрбиеленетін балалардың сөйлеу ерекшеліктері (мамандандырылған балалар үйі, мектепке дейінгі балалар үйі)

Сәбилер үйінде бала 3 жасқа дейін ғана тәрбиеленеді. Балалар үйіне 3 жастан, 7 жасқа дейін қабылданады.

Баланың сөйлеуі әр түрлі себептерге байланысты, әр түрлі кезеңде дамиды. Сөйлеу деңгейіне байланысты логопед дамытуды жүзеге асырады.

Көптеген балалар үшін тілдік қатынас шектеулі. Соның әсерінен олар өз құрдастарынан шамамен 2 жылға артта қалып дамып келеді. Сондай-ақ, айтарлықтай артта қалуы сөйлеудегі дамуында есту қабілеті қалыпты мөлшердегі және бастапқы интеллектісіне байланысты, оның ішінде органикалық зақымданулары да бар. Сондықтан да біз сөйлеудің дамуы жайлы ғана емес, оның түзетілуі туралы айтамыз. Кешенді оқыту және тәрбиелеу үшін балалар үйінде оңтайлы жағдайлар жасалуда. Бір сабақтың ішінде дамыту және түзету міндеттері шешіледі. Сөйлеу тек қана қарым-қатынас арқылы ғана емес, ойындар, сурет салу, жапсыру, құрастыру және басқа да істер арқылы жүзеге асады.


  1. Сөйлеудің даму заңдылықтары мен оның бұзылу шарттары.

Балалардың жалпы сөйлеу тілі дамымаған. Оқыту жүйесінде арнайы ерекшеліктер ескеріледі,балаларда тілдік қарым-қатынас ойын арқылы дамиды. Оқыту жүйесі тіл заңдылықтарына ғана байланысты емес. Қалыпты даму кезінде 2-3 жылда балалардың үздіксіз ұлғайту процесі жүреді. Пассивті және белсенді сөздік қоры молаяды. Төрт жастағы баланың сөздік қорында зат есім, етістік, сын есім, үстеу, сан есім, одағай, шылау болады. Балалар 3-4 жастан бастап ауызекі сөйлеу тілін жақсы түсінеді, қоршаған ортадағы адамдармен тілдесіп, шағын өлеңдерді есте сақтайды, айтар әңгімесін айтып сұрағысы келгенің сұрайды, есте сақтап алу қабілеті жақсы болады. Олар грамматикалық құрылымы бар сөздерді айтып, қарапайым және күрделі сөйлемдерді құрып жеткізеді, сөздерді дұрыс байланыстып, өзгертіп айтады. Қалыпты даму кезінде балалар төрт жасында барлық сөздер қорын біліп оларды тиімді пайдаланады. Білетін сұрақтарға жауап бере алады, естіген ертегілер мен әңгімелерің айтып жеткізеді. Көп сұрақтар қояды, сол сұрақтарға жауап алады. Сұрақтарға жауап алулары олардың ой-өрісінің тезірек дамуына көмектеседі .

Жас ерекшелігіне тән сөйлеу тілі дамымаса онда олардың сөздік қоры да төмен болады. Сөйлеу тілін түсінуі жақсы болса да, ойлауы шектеулі. Мұндай балаларда сөйлеу тілі басқа балаларға қарағанда кешірек шығады. Бұл уақытта сөйлеу белсендігі арта түседі, сөздік қоры көбейеді, бірақ балалар буындарға бөлгенде, сөздерді айтқанда әріптерді шатастыруда қиналады. Сондықтан да олардың сөйлеген сөздері қоршаған ортадағыларға түсініксіз болып келеді.

Сөйлеу тәжірибесі өте шектелген, олар қоршаған ортадағы адамдарға қимыл арқылы ғана түсіндіреді, немесе сұрағысы, алғысы келетін заттарды қол қимылымен көрсетіп қана қол жеткізеді.

Грамматикалық формаларды ажыратуы дамымаған, сөйлуі жетілмегендіктен ересектердің айтқаның түсінбеуі осыдан. Мысалы логопед орындыққа отыр десе, бала орындықты алып келеді, ойыншықтың орнына диванды әкеледі т.б

Айтылған сөзді балалар тек қана қарым-қатынас орныққаннан кейін ғана түсінеді. Бала түсінбеген жағдайда ғана ересектер қимылмен көрсетеді. Осындай балалар үшін аграмматизм қаситеті тән.

Уақыт өте келе, бала өзінің тілі қоршаған ортаға түсініксіз екендігін ұғынады. Бұл оның мінезінің дұрыс қалыптасуына теріс әсер етеді. Осының әсерінен оларда тұйық мінезділік, қырсықтық, қоршаған ортамен араласпау деген мінез құлық пайда болады.Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар өз құрдастарынан сөйлеуінің даму деңгейінен ғана емес, сонымен қатар психикалық ауытқуымен де ерекшеленеді. Олар үшін тұрақсыздық, бір істен екінші іске көшу, әлсірегіш қаситтер басым. Балалар ересектерді тыңдамайды, соның салдарынан қашама қателіктер туындайды.

Кейбір аталған жағдайлар қалыпты сөйлеуі жақсы балалар да кездеседі. Жоғарыда айтылған ауытқуларды болдырмау үшін түзету жұмыстарын жүргізу керек.


  1. Монологтік сөлеудің әдістері мен тәсілдері, реті.

Ерте жастағы балаланың сөйлеу тілінде өзіне тән сипаты болады. Бастауыш топтарда сөйлеу белсенділігі мен іскерлігі өмірлік жағдайлармен байланысты.

2-сәбилер тобының сөйлеу тілің үйретудің негізгі міндеті активті және пассивті түрде сөздік қорын молайту.

Неғұрлым тиімді оқытудың тәсілдері мыналар болып табылады:

-көрсету және қарау нысанасы;

-іс-әрекеттерді орындау;

-өтініштер, тапсырмалар;

-сөздерді, сөз тіркестерін қайталау;

-сұрақтар, жауаптар;

-қуыршақтар арқылы жанама қарым-қатынас (ойыншық);

-сөйлеу материалдарын бірнеше рет қайталау;

-түсіндірмелер жазу.

Сөздік жұмыс нақтылау, жандандыру, кеңейту мағынасында ғана емес, ол әртүрлі коммуникативтік жағдайларда қолданылады.

Көбіне ауызекі сөйлеу жаттығуларына көп көңіл бөлінеді. Бір сұрақ қойылып сол сұраққа жауап таңдалады. Жауапта балалардың дербес пікірлеріне, ойларына көңіл аударылады. Баланың неғұрлым тез сөйлеуі диалог арқылы жақсы дамиды. Бақылау, танысу, жаңа пәндер бұлардың барлығы тілдің қарқынды дамуына жақсы жетелейді. Түстерді ажыратып, көлем, жаңа сөздер, сөзжасам ұғымдарымен танысады.

Пассивті және белсенді сөздік қорын құру үшін алғы шарттарды дамыту, сөздік қорын байытуға арналған тапсырмалар, түсіну, сөйлеу, есте сақтау, ойлау жұмыстары жүргізіледі.

Ал орта топтарда балардың сөз тіркестерін құрауға, сөз бен сөзді байланыстыруға көп көңіл аударылады. Бұл жаста балалар ертегінің жалғасын өздері құрастырып біледі. Белгілі бір тақырыптың мағынасын аша алады. Осыдан түсінігін айту ұғымы қалыптасқан.Көркем туындыны мазмұндау баланың есте сақтау қабілетін жақсы дамытады.

("Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту", М., 1976).

Бұл жастағы балардың тілдері жеткілікті мөлшерде дамымағандықтан, түсінінгін айтуға жеңіл және балаларға таныс екінші топта танысқан ертегілерден бастайды, содан кейін ғана жаңа әңгімелердің мазмұның айтады.

Мазмұндау­­- монологтік оқытудың алғашқы сатысы. Сондықтан оқыту жеңіл болатын әдістерді пайдалану керек.

Әдістемелік әдебиетте толық ащылған нұсқаулар мыналар:

-бірлескен және шағылысқан мазмұндау;

-бөлімдер бойынша мазмұндау;

-рөлге бөліп оқыту;

-ойын-драматизации.

Ересек топтағы балалар сабақта айтылған әңгіменің мағынасын толық ашып жеткізеді. Әңгімелеу барысында лексикалық мағынасы бар сөздерді пайдаланады, білетін материалдарын еске түсіруге тырысады.

Баланың сөйлеу тілінің дамуына оның толық жетілген есту қабілеті шешуші қызмет атқарады. Бала ересек адамдардың сөздерін естиді, тыңдайды, соларға еліктейді, сосын өздігінен сөйлеуге үйренеді. Саңырау балалар арнайы оқытудың өтпейінше сөйлеу тілін меңгермейді. Нашар еститін балалардың сөйлеу тілдері өрескел бұзылады. Есту қабілеті баланың ой өрісінің дамуына да үлкен қызмет атқарады. Ересек адамдардың түсіндірулерінен бала айналасындағы өмір тіршілігімен танысады және шындықтың күрделі мағлұматтарын меңгереді.Балалар сөйлеу тілі шыққанға дейін-ақ көп сөздердің мағыналарымен таныс болады.Есту қабілетінің тағы бір үлкен қызметі, ол естудің жәрдемімен өзінің сөйлеу тілін бақылап қана қоймай оны айналасындағылардың сөйлеу тілімен салыстыруға да мүмкіншілігі болады. Шынында, ол дыбыстардың дұрыс айтылуын меңгеріп қана қоймайды, сонымен бірге сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық құрлысын да меңгереді. Есту қабілеті жақсы сақталған балалар келешекте жазуы мен оқуын ойдағыдай меңгереді.

Баланың есту қабілеті бірқалыпты даму барысын бірнеше кезеңге бөлуге болады:

а) жаңа туылған баланың алғашқы сағаттарында-ақ дыбысты қабылдайтын ең қарапайым реакциясы пайда болады. Қатты тықылдан, соққыдан, шуылдан дыбысқа жауабы ретінде соғуындағы, тамырларының соғуындағы, тыныс алдындағы қимыл-қозғалыстарында өзгеріс болатындығы байқалады;

б) баланың үш айлығында дыбыстың жоғарлығын тембрін және айыру қабілеті қалыптастырады;

в) әуезін жеке сөздерді және сөз тіркестерін сарыны мен ырғағы бойынша айыру қабілеті қалыптасады;

г) сөйлеу тілінің бұдан былайғы кезеңдерінде есту қабілетінің біртіндеп толық жетілуінің арқасында тілдің дыбыстық құрамын түсіну артады, ана тілінің ьарлық дыбыстарын есту арқылы айыру қабілеті қалыптасады. Бұл балалардың сөйлеу тілдерінің ойдағыдай қалыптасуы үшін ең қажетті алғы шарттың бірі болып есептеледі.

 


  1. Бала тілінің дамуына көрнекілік пен дәстүрлі оқытудың рөлі

Көрнекілік- оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипатын сезім мүшелері арқылы  көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға болмайтын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануға ғылымдар, ұлы ойшылдар мен атақты педагогтар зор көңіл бөлген. Қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин: «Қазақ жастары ғылымды, оқу мен өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп, қолымен ұстап ажырата білулері керек», -деген.

Мектеп ж. д. бала көзбен көріп таныған затты дұрыс қабылдап, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда оларға суреттеп көрсетіп әңгімелеу өте әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардын іс - әрекетіне өмір мен табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана сезіміне, жүйелі сөйлеуіне әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады. Мектеп жасына дейінгі бала көзбен көріп, таныған заттарды дұрыс қабыл, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда, оларға суреттер көрсетіп, әңгімелесу әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс - әрекетіне, өмір табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана - сезіміне, жүйелі сөйлеуге әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады. Бала оқыған әңгіме, ертегі мазмұнын сурет арқылы тез қабылдап түсінеді. Сондықтан ертегі, әңгімелердің суреті айқын, шығарма мазмұнына сай болуын ескерген жөн. Баланың тілін, сана - сезімін жетілдіру, эстетикалық талғамын байытуда теледидар арқылы берілетін мультипликациялық фильмдерді көрсетіп әңгімелесу, оқылған шығармаға байланысты диафильмдер, компьютер қолдану пайдалы. Балаға диафильм немесе теледидардан әр түрлі қызықты көрсетілімдерді көрсету қазіргі заманда өте қажет. Бала теледидар көріп отырғанда жан - жағындағылар дауыстап сөйлеп, әңгімелесу болмауын ескерген жөн. Көріп не тыңдап отырғанда бала жақсы түсініп, қабылдайтын болуы керек. Сонымен бірге баладан алған әсерін айтып беруге үйретіп отыру қажет.

  1. Ұсақ және жалпы моториканы дамыту, баланың жан-жақты дамуына әсері


Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан

активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және

мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.

Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.



Сабақ жоспары. 2-кіші топ тақырыбы:

"Мысықпен танысу"

Мақсаты:Өмір сүру салтына тоқталу. Сөздік қорын молайту. Жаттығу, білім беру және бұрын қолданыста болған сөздерді еске түсіру, зейінін дамыту.

Құрал-жабдықтар: Мысық (тірі), табақша, азық – түлік, сүт тілімдері, шұжықтар және ет, шар.

Өту барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: Қорап әкелінеді, логопед балаларға жүгінеді:

-Балалар, қараңыздаршы, менің қорабым қандай әдемі. Бәлкім, онда біреу бар шығар. Қарағыларын келеді ме?



2.Мысықпен танысу.

а)Логопед: Иә, бұл мысық. Міне, ол қандай әдемі. Әдемі мысық. Мысықтың есімі Мурка. Оның жүні үлпек, жұмсақ. Мысық бізге қонаққа келді. Ал мысықтың құйрығы ұзын. Аяқтары да жұмсақ, , бірақ тырнақтары өткір. Қараңыздаршы, қандай өткір.

-Мысықты сипағыларың келе ме?Мысықтың жүні жұмсақ пе екен? Ал құйрығы қандай? Тырнақтарына қараңдар?



Б) Никита маған ыдысты әкелші. Мен Муркаға сүт құямын.Кел мысығым сүтіңді іш. Зина мысық не істеп жатыр? Дұрыс, сүт ішіп жатыр.

Біздің мысығымыздың қарны ашқан болар тамақтандырайық. Біз оған ет береміз. Мурка жей ғой етті. Мурка етті жеді ме? Сонымен қатар мурка шұжықты да жейді.

Біздің мысығымыз тойды енді онымен ойнауға болады.


  • Қараңдаршы Мурка не істеп жатыр? (қарайды, жүреді, жүгіреді, секіреді).

в)Ал сендер мысық қандай дыбыс шығаратының білесіңдер ме? Иә, мяу-мяу.Көрсетіңдерші, дұрыс ... тыныш, мысығымызды шошытып алармыз . Қашып кетіп қалды әнекей...Келіңдер шақырайық "Кис-кис...". Никита шақыршы, Зина енді сен шақыр...

3.Қорытынды бөлім: Рахмет саған, мысық, бізге қонаққа келгенің үшін, біз сен біраз мәлімет білдік.

Ал енді тыңдандар, мен сендерге мысық туралы өлең оқып берейін.

Өлең "Мысық" Найденованікі.

-Мысықтар қалай айқалады? Ақырын-ақырын айқайлайды...

Жүріңдер ойнайық...

Байланыстырып сөйлеуді дамыту бойынша сабақ жоспары, даярлық топ "Сызбаларды пайдаланып, әңгіме құрастыру"

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыруды жалғастыру. Сөздік қорын, грмматикалық сөйлеуін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Құрал-жабдықтар: Фланелеграф, кесте, жолақ –сөздер.

Өту барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. "Жұмбақ, бұл қай кезде болады?"

"Қар егістікте,

Өзендерде мұз,

Жел қыдырып жүреді

Бұл қай кезде болады?"

3. "Қыс біздің терезеде" – қыс белгілерін терезе арқылы көруге, белгілерін атауға , анықтауға, салыстыруға болады.

4. Қыс суретін фланенграфта салуға болады. Қыстың әрбір белгісі жазылады–ол әртүрлі сипатта болады:

Зимушка,


Қонақ,

Сиқыршы,


Бұрқасын және т. б.

5. "Кірістіру" өзі туралы айту .

6.Мақсатты орнату, кесте бойынша әңгіме құру.

7.Балалрмен әңгіме құрастыру.

8. Сергіту сәті: "Балалар-мұздар" – қатқан...

9.Әңгімелерді талдау,ең әдемі сөйлемдерді қайталау.

10.Дидактикалық ойын: «Тірі сөздер»

  • Білімдерін бекіту.

Байланыстырып сөйлеуін дамыту бойынша даярлық тобына сабақ жоспары

Тақырыбы: «Түлкі» әңгімесін еске алу

Мақсаты: Өткен тақырыпты еске түсіру арқылы мәтін құрастыруға үйрету. Саусақ ұш моторикасын дамыту.

Құрал-жабдықтар: Қысқы ормандағы қоян, түлкі, қора-тауық, қаз-ойыншық.

Өту барысы:



1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар, сендер қандай ертегі жақсы көресіңдер? Қалың орманға барғыларың келе ме?

Ендеше кілемге отырыңдар, кеттік ұшып.



2.а)Міне жаттік. Қараңыздаршы, орман әдемі. Анау інде қоян отыр... Меніңше, біреу келе жатқан сияқты...

б)Түлкі жүгіріп шықты....

3. Топқа оралу. Сабақтың тақырыбын хабарлау:

-Балалар,бүгін біз сендермен түлкі туралы мәтін құрастырамыз.

Әңгіменің жоспары:

а)Бұл кім, сыртқы көрінісін сипаттау;

б)Қыста қайда мекендейді, немен қоректенеді;

в)Өз жауынан қалай құтқарылады.

-Қалай, қандай ретпен әңгіме құрастыру керек?



4.Әңгіме құрастыру. Талдау.

5.Сергіу сәті: "Түлкінің бүгінгі түскі асы қандай?"-тышқанның суретін бояуды аяқтау, қоянды-құйрықты, құлақшалар, аяқтар.

6.Әңгімені талдауды жалғастырамыз.

7. "Орманда тағы кімдер тұрады екен?" - жабайы жануарлар туралы жұмбақ жасыру: қасқыр, аю,тиін.

-Қыстыгүні аяздан олар қалай қорғанады екен?



8.Логикалық тапсырма: "Айтыр көрші неге?".

Тиін достарына тағам дайындады:

Қоянға-сәбізді,

Түлкіге-тышқанды,

Өзіне - жаңғақты, ал аюға-балды.

Қуанып аңдар « рахмет», - деді. Тек бал ғана желінбей қалды. Аю неге балды жемеді?



9.Қорытынды бөлім:

  • Бүгінгі сабақьа неге үйрендік?

  • Сабақ ұнады ма?


Байланыстырып сөйлеуін дамыту бойынша даярлық тобына сабақ жоспары

«Сурет бойынша әңгіме құрастыру»

Мақсаты:Балаларды суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, сөйлемдерінің өзара байланысты болуына үйрету. Грмматикалық жағын қадағалау.

Құрал-жабдықтар: Суреттер, карточкалар, ойын: "Не жетіспейді", көйлек.

Сабақтың барысы:

1.Ұйыдастыру кезеңі:

  • Суретте қандай жыл мезгілі салынған?

  • Суретте адамдар не істеп жатыр, тіршілік қалай жандануда, бақта нелер бар?

2.Сабақтың тақырыбын хабарлау:

-Балалар, бүгін біз сіздермен тағы да кеш келген көктем туралы айтамыз. Бүгін біз сендермен өзіміз салған суреттен әңгіме құрауды үйренемізн Тыңдандар, қандай тәрттіппен құрастыру керек:



а)Жылдың қай мезгілі.

б)Неге сіз олай ойлайсыз, яғни суретте ненің салынғаның айту.

в)Осы жыл мезгілі несімен ұнайды, сол туралы әңгіме құрастыру.

3. Әңгіме бойынша жұмыс:

а)Балалардың назарын жұмысқа аудару:

-Балалар, әңгімені әртүрлі бастауға болады, бір-бірлеріңді мұқият тыңдандар ұқсамасын.



б)Әңгімені құрастыру.

4.Жазылған әңгімелерді мазмұндау.

а)Бір оқушының мәтінің талдау.

5.Динамикалық пауза: "Қайың". (Сауса ұштарымен қимыл жасау)

6.Басқа балалардың әңгімесін тыңдау,қысқаша талдау.

7.Ойын жаттығу "Не жетіспейді?"

-Ал қазір біз сіздермен ойналық. Ойын "Не жетіспейді?" деп аталады. Мсыалы "Бұл үйеңкі. Оған жетіспейді жапырақ".



8.Балалар қане табыңдаршы қайсы ағаш бізге қонаққа келді?

а)Қайың туралы жұмбақ.

"Орыстың сұлуы

Тұр алаңқайда,

Жасыл күртеде



Ақ сарафанда" (Қайың боп киінген қыз кіреді)

б) Қайыңға біз саған өлең айтып берейік. Тақпақтар

9.Қорытынды бөлім:

  • Сабақта нені үйрендік?

  • Қй бөлім көбіре ұнады?

Каталог: uploads -> doc -> 12f5
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12f5 -> Сабақтың тақырыбы: Уақыт. Менің күнтәртібім. Лексика: Күнтәртібім. Не істеймін (- міз; сің)? Грамматика
12f5 -> Шежіре тілі (лекс,фраз)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет