Тыныс алу жүйесі Ағыбаева Бағила



бет1/4
Дата10.03.2017
өлшемі0,76 Mb.
#11291
түріЛекция
  1   2   3   4
Шиелі аудандық білім бөлімі

№148 қазақ орта мектебі



Тыныс алу жүйесі

Ағыбаева Бағила

2011жыл
Қызылорда облысы, Шиелі аудандық білім бөлімі

әдістемелік кеңесінде қаралып, басып шығаруға ұсынылды

№148 қазақ орта мектебінің биология пәнінің

мұғалімі Ағыбаева Бағиланың

іс-тәжірибесінен әдістемелік құрал ретінде шығарылды.

Бұл әдістемелік құралда жалпы білім беретін мектептегі 8 сыныптарда

биология пәнінен модульдік оқыту технологиясы бойынша

мұғалімнің сабақ өткізу технологиясы жазылған.

Тыныс алу жүйесі


Құрылымы

Сабақ саны

Сабақ түрі мен мазмұны





Кіріспе


1- сабақ

Модуль құрылымымен мақсатымен міндетімен таныстыру.

Лекция көрнекіліктер мен тірек схемасымен таныстыру.

Тірек-сызбаны көшіру дәптерімен жұмыс.

Үйге тапсырма.



5
20

15

5



Диалог

2 - сабақ

Материлды меңгерту ,дамыту.

Оқулықпен жұмыс

Үйге тапсырма

40

5



3 - сабақ

Материалды пысықтау., бекіту

Жұбымен жұмыс.

Қорытындылау. Үйге тапсырма.

40

5



Қорытынды

4 - сабақ

Тест.

Сынақ.


15

30



Оқушы нені білу керек:

Тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылысы,қызметі

Тыныс алу механизмін, өкпедегі, ұлпадағы газ алмасу, жүйкелі, гуморальді реттеу.

Темекінің тыныс алуға зияны, тыныс мүшелерінің аурулары

Алғашқы көмек көрсету
Оқушы нені істей білу керек:
Тыныс алу мен тыныс шығарудың механизмін көрсете білуі.

Таблицадан тыныс алу мүшелерін көрсете білу, атай білуі.



Негізгі терминдер мен түсініктер
Мұрын қуысы, кеңірдек, кеңсірік, ауатамыры, дыбыс сіңірлері, дыбыс саңлауы, өкпе сіріқауызы , өкпенің тіршілік сыйымдылығы, спирометр, газ алмасу, туберкулез, өкпе көпіршіктері.
Тыныс алау тарауы бойынша шығармашылық жұмыс тақырыптары.


  1. Темекінің тыныс алу жүйесіне тигізетін әсері.

  2. Ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар .

КІРІСПЕ БӨЛІМІ.

1 сабақ

Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады яғни оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі.. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет.Ағзада оттектің қоры болмайды. Ағза тыныс алғанда оттекті қабылдайды, ыдырау өнімдері ағзадан сыртқа шығарылады. Тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасында газ алмасуды қамта-масыз етеді.

Тынысалу мүшелерінің құрылысы. Тынысалу жүйесіне – мұрын қуысы ,кеңсірік, жұтқын-шақ, көмей, кеңірдек, бронхылар, өкпелер жатады

 Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады..Кеңсіріктегі ауаны кілегейлі қабық-шадан бөлінген заттар ылғалдандырады; капилляр қантамырлары ауаны жылытады; лейкоциттер микробтарды жояды. 

. Мұрын қуысы ішкі танау тесігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тынысалу мү-шелер жүйесіне жатады.

Көмей – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген.. Көмекейдің артқы жағында 3 жұп майда шеміршектер болады. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. шеміршектерге бұлшық-еттер бекінеді. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бе-кінеді. Дыбыс сіңірлері бір-біріне қатарлас жатқан иілгіш, серпімді талшықтардан түзілген. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.Адам дем шығарғанда дыбыс саңылауы тарылып дыбыс шығады. Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм, әйелдердікі 36 мм. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға тіл, ерін, жақ сүйектері қатысады.

Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9–12 см, диаметрі 15–18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бір-бірімен сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады.

Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады. Бронхылар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары брон-хиолдар деп аталады. Бронхиолдардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалармен) аяқталады. диаметрі 0,2–0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасуша-ларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас капилляр қантамырлары торлап жатады.  



Өкпе – кеуде қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпінді, борпылдақ мүше . Оң жақ өкпе3 бөлікке, сол жақ өкпе 2 бөлікте тұрады..Өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша – өкпе плеврасы қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да плеврамен қапталған. Плевра қабаттарының арасында плевра қуысы болады, онда ауа болмайды. Плевра қуысында үйкелісті азайтатын сұйықтық болады.

      


 

 

Тынысалу қозғалыстары. Тынысалу қозғалыстары – тынысалу және тыныс шығару арқылы жүзеге асады. Жаңа туған нәрестенің тынысалу қозғалыстары минутына 60 рет, ересек адамдарда 16–18 рет.Демді ішке алғанда қабырғалар сәл көтеріліп, көкет тегістеледі. Кеуде қуысы кеңейеді Көкет – диафрагма кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұл-шықетті перде. . Тынысалуға көкет пен қабырғааралық бұлшықеттерден басқа кеңірдек пен бронхылардың шеміршек арасындағы бұлшықеттер де қатысады..



Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу. Өкпедегі газ алмасу – тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында 79% – азот, 21% – оттек, 0,03% – көмірқышқыл газы және т. б. болады. Тыныс шығарғанда оттектің мөлшері азайып (16%), көмірқышқыл газы (4%) көбейеді . Тыныс алу мен тыныс шығару кезінде азоттың мөлшері өзгермейді. Тыныс алу актысы кезінде өкпе көпіршіктерінен оттек қанға, көмірқышқыл газы өкпеге өтеді.Оттекті тасушы – гемоглобин. Өкпеде қан көмірқышқыл газынан тазарып, оттекке қанығады. Оттекке қаныққан қан үлкен қанайналым шеңберімен ағзаның барлық ұлпаларына таралады.

Ұлпалардағы газ алмасу. Ұлпа жасушаларындағы оттектен артерия қанындағы оттектің мөлшері көп болады. Оттек капиллярлардың қабырғаларынан жасушаларға өтеді де, олардың тіршілік әрекеттеріне жұмсалады. Артерия қанымен жасушалардың газ алмасуы диффузия жолымен жүреді. Түзілген көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан қанға өтіп, артерия қаны вена қанына айналады. Ұлпаларда қан оттекті беріп, көмірқышқыл газына қанығады.

Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – сыртқы (өкпелік), екіншісі – газдардың қан арқылы тасымалдануы, үшіншісі – ішкі (ұлпалық) газ алмасу деп аталады 



Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең дем алып, терең дем шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл+1500 мл+1500 мл=3500 мл

Қаншама терең дем шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылығы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады.

Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі.. Сопақша мида тынысалу, тыныс шығару орталығы орналасады Тынысалу орталығы жөтелу, түшкіру сияқты қорғаныш рефлекстерін тудырады.

Гуморальдық реттелу. Адреналин мен тироксин гормондары да тыныс алуды жиілетеді.

Жасанды тыныс алу жолдары. Адам суға кеткенде, ток соққанда, газбен уланғанда есінен танып қалуы мүмкін. 5–7 минут ішінде жүрек пен өкпенің жұмысын қалпына келтіру керек. Жедел жасанды тыныс алдырып, жүрекке массаж жасау қажет

Тынысалу мүшелерінің аурулары және оның гигиенасы. Өкпені жарақаттайтын ауру – туберкулез. Ауырған адам терлегіш, әлсіз, дене қызуы көтеріңкі болады. Тамаққа тәбеті тартпайды, жөтеледі, қан түкіреді.Күтіну шаралары: витаминді, қуатты тамақ ішу; бойды таза ұстау; таза ауада көп серуендеу; дәрігер белгілеген дәрілерді уақытында ішу.

Тұмау – бүкіл ағзаны әлсірететін өте кең тараған қауіпті жұқпалы

Темекі шегудің тыныс мүшелеріне зияны. Темекі түтінінде адам ағзасына зиянды 200-ден астам улы заттар болады.. Темекі түтінінде болатын күйе (сажа) мен қара май (деготь) ұсақ брон-хиолалар мен өкпе көпіршіктерін бітеп тастайды. Темекінің түтініндегі радиоактивті заттар ағзаға жиналады. адамның өкпес. Темекі құрамындағы улы зат – никотин. Ол орталық жүйке жүйесін зақымдайды.

 3. Тірек сызбаны дәптерге жазу. Тірек-сызбаны мұғалім түсіндіреді, оқушылар жазып алады. (5 мин). Содан соң мұғалім тірек-сызбаны түсініп қарауға 3 минут уақыт беріп, 1-2 оқушы қайталайды.

Үйге тапсырма. §41- 43 қайталау тірек-сызбаны жаттау.

Тыныс алу жүйесіне тірек-сызбанұсқа



Тынысалу жолдары .Өкпе мен бронхылардың құрылысы:





1 – мұрын қуысы; 2 – кеңірдек; 3 – оң жақ және сол жақ өкпе; 4 – бронхылар; 5 – көмекей; 6 – бронхиолалар мен өкпе көпіршіктері; 7 – өкпе көпіршігінің құрылысы; 8 – қантамырлар; 9 – өкпе көпіршіктері; 10 – жарып көрсетілген өкпе көпіршіктері; 11 – көпіршіктердегі капиллярлар торы


Каталог: bake portfolio -> jana tehnologia
jana tehnologia -> Организмнің ішкі ортасы
bake portfolio -> §48. Мәдени өсімдіктердің және үй хайуанаттарының пайда болу орталықтары. Саңырауқұлақтардыжәне ұсақ ағзаларды
jana tehnologia -> Сабақтың мазмұны Уақыты Кіріспе бөлімі 1 сабақ Модуль құрылысымен таныстыру
bake portfolio -> Шиелі аудандық білім бөлімінің Әдістемелік кабинеті
jana tehnologia -> Биология 8 – сынып Ас қорыту жүйесі
bake portfolio -> Аудандық білім бөлімінің Әдістемелік кабинеті әдіскер Әбішев Бауыржан Әлтайұлының 2010-2011 оқу жылына арналған әдістемелік жұмыс
bake portfolio -> Білімі: жоғары Санаты: ІІ еңбек өтілі: 10 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет