Түлкі, Қоян және Әтеш ертегісі


«Ертегілерді сахналау арқылы балалалдың шығармашылық қабілетін дамыту» атты еңбегіне



бет4/5
Дата28.01.2018
өлшемі1,98 Mb.
#34751
1   2   3   4   5

«Ертегілерді сахналау арқылы балалалдың шығармашылық қабілетін дамыту» атты еңбегіне

ПІКІР

Аталған еңбектер мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ертегілердің түрлері ұсынылып оны сабақта және бос уақыттарында пайдалану әдістері қамтылған. Көркемәдебиет сабақтарында ертегілерді сахналауға және ертегіні рөлдерге бөліп ойлау арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін арттыру міндеттері нақты көрсетілген. Балабақшада даярлық тобында сахналық қойылымдардың тиімді жолдарын қарастырған. Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.


Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор екендігін және сахналық қойымдар арқылы ертегі мазмұнын баланың санасына сіңру, түсіндіру, шығармашылықпен әрекет етуге баулу мәселесіне баса назар аударған. Театрландырылған көріністер арқылы бала өзін жан –жақты ашады, іс –әрекетке деген қызығушылығы арта түседі. Материалдың мазмұнында әдіс –тәсілдері түрлі -түсті суреттермен және балалардың іс -әрекет барысындағы фото суреттерінің берілуді еңбектің құндылығын қуаттай түседі. Тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқаудың маңыздылығы тәжірибелік сабақтардың жан –жақты талданып ұсынылуында. Ең бастысы ертегіні сахналау -балалардың кейіптендіру дағдыларын қалыптастыруға, танымдық белсенділігі мен іс –әрекетке қызығушылғын арттыруға ықпал ететіндігімен маңызды.

Аталған еңбекті балабақша тәжірибесінде тәрбиешілер пайдалану үшін басылымнан жариялауға ұсынуға болады.



МАЗМҰНЫ:


  1. Кіріспе:.................................................................................................5

1.1 Қазақ ертегілерінің қалыптасу тарихы......................................8



    1. Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы......................................................................................12

    2. Қазақ халық ертегілері арқылы мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары...................19

2. Қорытынды...............................................................................................24

3. Қолданылған әдебиеттер ........................................................................25



Кіріспе. Көкейтестілігі: Қазіргі ғаламтану заманында еліміздің әлеуметтік –экологиялық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі ,әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруды кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойыне сіңірген азаматтарға қоғамың сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз»- деп атап көрсеткен. Қазақстан халқының іргері дамуын қамтамасыз ететін –білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, біртура ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл,әрине, балалардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы балалардың шығармашылық әрекеті ғылыми –педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Балалар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибелерін» қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары –ақ И.Я. Лернер жазған болатын.

Қазақстанда шығармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог –ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, В. К. Шабельников, Н.Палагина, Қ.Р. Рахымбаев, С. Қ. Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.

«Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын ,әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді.» Ж.Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог А. Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс –әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын тұжырым деп есептейміз.

Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, бала шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар » үлкен рөл атқарады. «Шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі, екі құрамдас бөліктен тұрады:

-біріншіден, бала дербес ,өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады;

-екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы қарастырылады.

Баланың шығармашылығын дамытуда педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты. Шығармашылықты қалыптастыру жолдарын зерттеу тапсырмаларды күрделендірудің үш кезеңін аңықтауға мүмкіндік туғызады.

Ә. Әмірова, Г. Метербаева, А. Меңжанова, Ғ. Таубаева және басқа ғылымдар өз еңбектерінде халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін қарастырып, көркем бейнені қабылдау проблемасына немесе этикалық түсініктер мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың әдістерін анықтау жағына көңіл бөлген. Аталған мәселелерді қарастыруда бірталай қарама – қайшылықтар туындады.

- балалардың ойлау қабілетінің қазақша қалыптаспағандығына сәйкес сөйлеу дағдылары дан жеткіліксіз деңгейде ;

- ертегілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеліп жинақталмағаны ;

- ауыз әдебиеті үлгілерін балаға жеткізуге арналған аудиовизуальді құралдардың тапшылығы;

- оқу –әдістемелік көмекші құралдармен қамтамасыз ету мәселесінің нақты шешілмей келе жатқандығы анықталып, осы олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында біз іс –тәжірибеміздің тақырыбын төмендегідей деп таңдап алуға негіз болады.

Іс –тәжірибенің тақырыбы: «Ертегілерді сахналау арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту ».

Іс – тәжірибенің мақсаты: ертегілерді сахыналау арқылы балалардың сөздік қорын байытып, шығармашылық қабілетін дамыту;

Іс –тәжірибенің міндеті :

- іс –тәжірибені педагогикалық –әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған еңбектерге талдау жасау;

- ертегілерді жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеу;

- ертегілерді сахыналау арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту;

- балабақшада ертегілерді сабақта және бос уақыттарында пайдалануға арналған көмекші құрал дайындау;


Іс –тәжірибенің болжамы: Егер : іс –тәжірибені педагогикалық –әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған еңбектерге талдау жасалса, ертегілер бағдарлама мазмұнына сәйкес жас ерекшеліктеріне қарай арнайы іріктелсе, ертегілерді көркем әдебиет сабақтарында пайдаланудың әдіс –тәсіллері нақтыланса, балабақшада ертегілерді пайдалануға арналған көмекші құрал дайындалса онда біздің жүргізген іс –тәжірибеміз оң нәтиже береді.

Күтілетін нәтиже:

- ертегілерді сахналау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдылары қалыптасады, шығармашылық қабілеттері артады;

- сахналау арқылы таңғажайып ертегі, кейіпкер әрекетінің сиқырлығын түсінеді;

- ертегіні сахналай отырып, балалардың шығармашылық тебіренісі, рөлдерді орындау шеберлігі арта түседі және тәрбиешілерге арналған әдістемелік көмекші құрал дайындалады.



Іс –тәжірибенің жаңалығы:

- іс -тәжірибені педагогикалық- әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған еңбектерге талдау жасалды;

- ертегілер балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеледі;

- ертегілерді сахналау барысында балалардың ертегіні айтуға, тыңдауға қызығушылығы оянды;



- тәрбиешілердің білім беру үдерісінде бағдарламаның мазмұнына сәйкес балаларға арналған ертегілер жинақталып, әдістемелік көмекші құрал дайындалды;

Қазақ ертегілерінің қалыптасу тарихы

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Қазқ ертегілерінің қалыптасуы мақсаты. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ. Құрылымы Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалған, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Түрлері Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді: 1) жануарлар туралы ертегілер; 2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер; 3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер; Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады. Қалыптасу тарихы Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады. Қазaқ ертегілерінің қалыптасуы Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы – 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғыл. мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В.В. Радлов, И.Н.Березин, Ы.Алтынсарин, Г.Н.Потанин, А.В.Васильев, А.Е.Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғыл. пікір айтылды. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғыл. түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегі жарық көрді, ғыл. айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Потаниннің, Радловтың, А.Н.Веселовскийлердің кең масштабты ғыл.- зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта ертегілерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, «[[Дала уәлаятының газеті]]нде» жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы ертегілерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш.Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев,Ә.Бөкейхановтар жалғастырды. Ертегілерді ғылыми әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы 20 ғ-да кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40–50-жылдарына дейін ертегілер, көбінесе оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды. Осы тұста А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамедовтің, М.О.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Е.С.Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы ертегі жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ аталған авторлар ертегіні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті. Әсіресе, ертегіні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. Осы үрдіс 20 ғ-дың 60-жылдарына дейін жалғасып, жарық көрген мәтіндерге таптық сипат берілді, ал зерттеу еңбектер тұрпайы социологиялық бағытта болды. 1960 жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғыл. негізге түсті. Бұл салада Әуезов пен Ысмайыловтың, В.Сидельниковтың, М.Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар ертегілердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Ертегілер 1960 ж. басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» жеке бөлім болып енді (авторы – Әуезов). Ертегі жанрына Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н.С.Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген «История казахской литературы» атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы – Е.Костюхин). ертегіні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С.А.Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е.Д.Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972–1973 ж. баспадан шықты. 1979 ж. хайуанаттар туралы ертегілердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Ертегі жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде «Қазақтың халық прозасы» атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 ж. Қазақстан ҒА-ның Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық берілді (авторы – Қасқабасов). Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымының үлкен де маңызды бір саласына айналды. 




Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастыруындағы маңызы

Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.


Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық шақтан балаларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен отбасы, балабақша және мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты оятуға бағытталуы керек.
Болмысқа танымдық қатнасты ояту мен тәрбиелеудің бір жолы -өмірді тікелей бақылаудан басқа танымдық әдебеттерде жатыр.
Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырға талаптардың бірі-өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігіқ еңбек сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру болып табылады.
Егер халық ертегілеріне педоагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары.
Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады.
Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады;
Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру. 2.Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкердің қимылдарын көрсету.
З.Суретпен жұмыс. Әр түрлі жәндіктер бейнеленген суреттер немесе
бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету.
Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Сабақта үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті пайдалану әңгімелесу, түсіндіру.
Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тәжрибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер - ана.туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.
Бастауыш мектеп жасында балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тындаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен, өзін қоршаған күнде көріп жүрген оқиғалардан алу керек. Тілі жеңіл, сөзі ойнақы болып келеді.
1) Балалардың психологиясына зерттеу жасағанда,олардың ойлау түсіну қаблеттін суреттеліп,отырған оқиғанның керкем обрыздың нақтылығын дәлдігін өз өмірінің аймаласынан алуды қажет етеді.
2) Әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында мерзімі болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер алу керек. Балаларды өмірдің жақсы болашағына қанағатандырып,шарықтатып отыру қажет.
3) Балалар әдебетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу,әдістерінің динамикасы ерекше болады.
4) Балалар жаратылысының көркем көріністерін, пейзажды шебер суреттеуді ұнатады,оған сүйсіне қарайды.соны айналасынан іздейді.
5) Балалар әдебеті шығармаларының мазмұны идеясы оларды еңбекке, ғылымға әр қилы мамандықтарды игеруіне үлес қосады.
Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский Д.Макаренко, В.Сухамлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог В.Сухамлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз дворчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады.
Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып баспаға шығуы XIX ғасырдың II жартысынана басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Т.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, И.Березин, А.Алекторов және т.б аталуға болады.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Қасқабаев және басқалардың қосқан үлесі елеулі болды

Белгілі қазақ жазушысы академик М.Әуезов қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге былай деп анықтамасын берді: "Ертегі деп бояғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.


Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу әрекеті әсер етеді. Баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде, өнерге баулуда ауыз әдебиеті күшті құрал болған. Айталық,мерген,мал тапқыш, еңбек сүйгіш өнерлі жандар жайында балаға ертегі, әңгіме, өлең-жыр айтып беру арқылы баланы еңбек ардагерлерін қадірлеуге ал оған қарама-қарсы еңбек сүймейтін арамтамақ жатып ішер жалқау деген жиркенішті сезімге тәрбиелеуге болады.
Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға,ата-әжелерге ортақ іс,жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген.
Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі.Өйткені, оныңжаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы жанға жайлы, одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектінің бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор - айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы –ертек 
Ертегі - ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. "Ұшқыр кілем","Адам жеңбек Айыртас батыр"т.б қиял-ғажайып ертегілердің де өзінше мәні үлкен. Ертегілерідің ішіндегі көне түрінің бірі - хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі соныңтыныс-тіршілігі қызықты әрі жұмбақ. 
Мектепте сабақ үстінде кім хайуанаттар, еңбек және өнер жайында ертегілер біледі деген ойын арқылы балаларға тиянақты мағлұмат,тәлім-тәрбие беруге болады.
Ертегінің бір түрі-тұрмыс салт ертегілері.Бұл ертегіде көбінесе елдің бақташылық тұрмыс - тіршіліктері суреттеледі.
Еңбек мәнін биік бағалайтын "Қотыр Торғай","Кім күшті?", "Қуыршақ"

сияқты балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық тартымды. "Кім кім күшті?"ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөпдоқты, қасқыр, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пітесін жеп қоятын тышқақ тышқанның ін қазып,алты баптан ауыруды сүйреген құмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол еңбек сүйгіш "ұйымшыл".


Ал "Мақта қыз бен мысық" және "Қотыр торғай" оқиғалары еңбекпен тікелей байланысты. Балаларды табиғатпен байланыстыратын ертегілердің бірі -"Орманға қар не үшін керек" деген ертегіні алуға болады.Оны оқушыларды рольге бөлу арқылы оындауға болады. Яғни рольге бөлу арқылы олардың жадында жақсы сақтап"алып қалады. Ертегі баланың ой-өрісін дамытуда үлкен үлес қосады. Жамандық пен жақсылықты ажырата алады, табиғат жайлы ертегілер баланың табиғатқа қамқор болуға;оны аялап қорғауға үгіттейді.
Қазақ ертегісінің ең мол түрі - шыншыл ертегілер. Мұндағы ертегі кейіпкерлері қиял- ғажайып ертегілердегі сияқты қиялдан туған емес.күнделікті өмірден еңбек адамдарынан алынған. Мысалы; "Аяз би", "Тазша бала", "Ұр тоқпақ","Атамтай Жомарт"т.б ертегілер жатады.
Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп,оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі табиғатқа болып,оның аясында өмір сүргеннен соң адам баласы өзі туып өскен жеріне деген сүйіпеншілік пайда болады.
Батырлар жыры - ел - жұрттың арманы сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Бұл, әсіресе ерте кездегі жаугершілік замандарда оңай болмаған. Сондай жағдайда халық ел қорғайтын хас батырларды аңсаған. Олардың батырлық қаһармандық істерін мадақтап жырға қосқан. Алғашқыда батырлардың бір ерлігі ғана айтылса, кейін басқа да жорықтар жалғасып, оқиға тізбегі өрбітілген. Сөйтіп, халық шығармаларының көлемді де көрнекті тағы бір түрі батырлар жыры пайда болған. Жырды өзі шығарып, өзі айтушы адамды жырау деп, ал жырды айтушы, таратушы адамды жыршы деп атады. Балаларға ертегілердің түрлері көп. Батырлық - эпостық, хайуанаттар жайында, тазша бала, өтірік өлең. Ал батырлық ертегілер арнайы жанрда қарастырылып жүр. Міне, сол дәстүр негізінде қазақ фольклористері соңғы жылдары батырлық ертзп жанрын бөліп алып, оны қиял-ғажайып ертегімен новеллалық ертегінің сондай-ақ қиял-ғажайып ертегімен қаһармандық эпостың аралығындағы жанр деген пікірге келді.
Қазақтың батырлық ертегілері екі сипатта болады. Бірі - көне заманда туған миф пен хикаялар, нанымдар мен ғажаиып ертегілер негізінде пайда болып дамыған көркем ертегілер.
Мысалы, "Ер төстік", "Керқұла атты Кендебай " сияқты классикалық фольклор үлгілері. Бұл қиял - ғажаиып ертегілерінен кейінгі жанырдың үлгілері. Сол себепті мұндаи архаикалық элементтер көп. Екінші - қаһармандық эпостық ертеп түріне айналған нұсқалары. Олардың ішінен бір жағынан көне түрлері яғни жырға жақындай, бірақ толық ертепге аиналып үлгірмеген шығармалар бар. Ал екінші жағынан классикалық батырлар жырының қара сөзге ауысқан үлгілері кездеседі. Мысалы; "Қабанбай батыр", "Алпамыс алып"," ЕрТарғын шығармаларын атауға болады. Көптеген ертегілер мынадан деп басталады;
Ерте,ерте,ертеде ешкі жүні бөртеде.
Қырғауыл жүзі қызылда, 
Балақ жүні ұзында 
Атақты бір бай бопты
Төрт түлігі сай болыпты
Деп басталатын ертегілердің құлақ күйінде барлық байлық дүн дүниесі сайлық алдамшы көңіл жайлық түптің - түбінде ұрпақ игілігінің қасында түкке тұрғысыз екендіпн бабаларымыз бастан-ақ өсиет етіп ерекше ескерткендей. Бабалар дәстүрін тәуелсіздік алған алғашқы күннен бағдарлы басшылықа алынган іргелі егемен еліміз, мұрагерлер мүдесін үнемі назарда ұстаумен келеді.Әлем балалар әдебетінің 50 томдық асыл қазынасынан қазақ тілінде басып шығаруды жедел қолға алуда соның бір айқын айғағы шытырманы көп мына заманда адалдық, мейрімділік, іскерлікке, отан сүйгіштік, бауырмалдыққа баулитын ертегілер.
Халық ертегілері - халық өмірін бейнелейтін фонтастикалық негізге құралған оқиғалы көркем шығарма. Онда еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжрибесі, оның мәденетімен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібімен түрлері, тілінің шебер ерекшеліктері қамтылған. Табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген неше алуан қызметі айтылады. Үстем тап өкілдерінің зұлымдық қастандық әрекеттері халық ертегілерінің негізгі өзінің тыңдаушысына ақыл -парасаты баяндайды. Адам арманның жарқын болашағына қол сілтейді. Өмір күресіне бастайды. Ол сондықтан "халық жанның айнасы" - деп атаған. Халық ертегісінің ішінде балалардың сүйіп оқитын олардың жас еркшеліктеріне тән мұралар өте көп, халық ертегісі ғасырлар бойы балалардың ықыласын өзіне қызықтыра тартып, жас жанына әсер беріп көңілін шаттық күлкіге бөлеп қуантады. Халық ертегілерінің бай фонтастикалық балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан қияпатын танытады, сана - сезім, ақыл - ой қызметінің ерте дамуына, ерте қалыптасуына жәрдемдеседі.
Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитын барлық ықыласынасы сүйсіне тыңдайтын, оның ғасырлар бойы ұрпақтан -ұрпаққа айтылып, әбден текшелеп халықтың тапқыр ой -пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Халық ертегілерінің балаларды қызықтыратын тағы бір ерекшелігі ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген болады. Кейіпкерлердің ең терең, ең айқын және көркемдігі жағынан әбден жетілген түрлері, типтері фольклорда, еңбекші халықтың ауыз әдебетінде жасалған. Көптеген халықтардың ертегілерін атап айтуға болады. Мәселен; "Тоғыз құйрықты ақ түлкі" Қытай халық ертегісі, "Тылсым Тауыс" Үнді ертегісі,"Ата мұра" Парсы ертегісі. Міне, бұлардың бір-бірінен ерекшеліктері әр халық өз тұрмыс-тіршілігіне қарай ертегілер, аңыз, әңгімелер пайда болады.
Халық ертегілері ішінде балалар арасында кең тарағаны, әсіресе сүйіп тыңдайтын хайуанаттар жайындағы ертегілер. Табиғат жайында ең бай матералдар, кең түсініктер балаларға алғаш осы хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы берілеген "Бармақтай бала","Қотыр торғай", "Мақта қыз бен мысық". Хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер кейіпкерінің өзі қызық. Сол күлкілі, қызық кейіпкерлердің өмір сүру өмірге икемді болуы жолындағы қақтығыстармен қарым -қатнастар олардың айла - тәсілдері жас өспірімдерге өмір жолын танытады. Кішкентай, болымсыз тіршілік иөлерінің өмірге икемділігін, жеңгіштігін көрсету тақырыбы балаларға арналған қазақ ертегілерінің барлығына да ортақ. Бұл ертегілер балалардың ой - санасын оятып, олардың өздерінің күш -жігеріне сене білуге, тапқырлыққа баулиды, мақсат жұртына жетуге үйретеді. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ та балалардың ұғымына сай, түсінуі жеңілде, күлкілі қызық болып айтылады. Хайуанаттар жайындағы ертегілерде балаларды қызықтырарлық және оларға ой саларлық екі түрлі сипат бар, бірінші олардың мінез өзгешеліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды. Есіту арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Екінші, хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы соны мысал ете отырып, адамдар арасында болатын тартыстардың сыр-сипатын байқайды. Үстем тап өкілдерінің қарапайым момын елді қалай алдайтынын, арбайтынын, күш көрсетіп қанайтынын неше алуан зұлымдық әрекеттері жасайтынын біледі. Сондықтан халықтың шығармалары ішіндегі хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер түгел дерлік балалар фолькулорының мұрасы деп қараймыз. Бұған "түлкі мен тауық" деген ертегіні мысал етіп көрейік. Бір түлкі жортып, тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында отырған тауықты көреді де, бұл тауықты алдап, қақпаныма түсірейін деп ойлайды. Түлкі:
-Тауығым, биікте неге отырсың? Тілімді алсаң, жерге түс, дос болайық, осы жерде намаз оқып алайық, ойнап - күлейік -дейді. Тауық:
- Рас айтасың, түлкім, бесін намазының мезгілі болып қалды, анау жерде имам жатыр, оята ғой –дейді. Жердегі тауықты жеймін ғой деп жүгіріп барса,бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра түлкіні қуады. Түлкі қаша жөнелді. Тауық оны намазға шақырады "Байтал түгіл бас қайғы", тазы түлкіні қуып жетіп, алқымынан алады. "Біреуге ор қазба, өз басыңа келер" деген апырмай, тауық қандай түлкі қандай түлкіні тауық па еді алдағандай. Осының өзі балаларға үлгі өнеге боларлық терең ойлар айтылған.





Қазақ халық ертегілері арқылы мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары 
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет