Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2015 ж. «Теологиялық ілімдер негізі» пәні бойынша



Дата02.07.2018
өлшемі46,5 Kb.
#45479
Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Қ.C.Әбдиев



2015 ж. «____»____________
«Теологиялық ілімдер негізі» пәні бойынша

5В021100-Теология мамандығына арналған

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Құрастыру мақсаты.

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті.

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары.

Тест типтік оқу жоспарына сәйкес келесі тақырыптар бойынша оқу материалдарын құрайды:






Тақырыптың мазмұны


Тест тапсырмалар

саны

1

Теологиялық ілімдер пәні. Теологиялық ілімдердің қалыптасуы мен дамуы

Теология ілімі: анықтамасы, зерттеу тақырыбы, мәселелері, мақсаты, теологиялық атаулардың шығу себептері. Құдайлық ілім және теологиялық ілімнің қалыптасу және даму тарихы. Теологиялық ілімнің кезеңдері. Діни-практикалық үкімдері және түрлері: сенімдік, құқықтық-практикалық, интуициялық және моральдық үкімдер. Діни құқықтық-практикалық үкімдерінің қайнарлары: Қасиетті жазбалар (құдай сөзі және дін құрушылар түсініктемелері), Кейінгі дәуір ғалымдарының тұжырымдары мен келісімдері. Діни және саналық дәлелдер. Ілім: мәлімет алу жолдары, сезім мүшелері, ақыл және аян. Ілімнің дәрежелері. Ілім жолдары: құқықтық, діни және философиялық. теологиялық ілімдердің әдістері. Дін және ақыл. Теологиялық ілімдердің қалыптасу және даму ерекшеліктері: бастапқы және негізгі кезеңдері. Теологиялық ілімдер пайда болуының алғышаттары және қалыптасуына әсер еткен факторлар. Теологиялық (сенімдік) ағымдардың қалыптасуы және ерекшеліктері. теологияда сенімдік мектептер: бастапқы дәуір және кейінгі дәуір мектептері. Діни жазбалар желісінде қалыптасқан мектептер және діни жазбалар мен әлеуметтік-мәдени, философиялық және саяси талаптар негізінде қалыптасқан мектептер.



4

2

Діндердің негізгі сенімдері

Сенімнің мәні: жалпы және жалқы сенім, еліктеушілік және ақиқат сенімдері (таңдаулылардың және көпшіліктің сенімі). Сенім сипаттамалары мен анықтамалары. Діни мектептерде сенімнің әрекетпен байланысы туралы көзқарастары. Сенімнің артуы және кемуі мәселесі. Үлкен күнә мәселесі және мектептердің дәлелдері. Үлкен күнәға алып баратын және одан арылу жолдара. Құдайға сенім: Құдайдың бар екендігіне дәлелдер: табиғат, саналық және моральдық дәлелдер. Теологтар, философтар. Кәпір, жолдан адасқан (еретик), екіжүзді, діннен шығу.



4

3

Құдайға сенім

Құдайлық субстанция және сипаттамалары. Құдайдың сипаттары. Құдайдың бірлігі. Діни мектептерде құдайлық сипаттар мен мәні туралы айырмашылықтар мен ұқсастықтар. Құдайлық болмыстың бар екендігіне космологиялық, телеологиялық, онтологиялық, моральдық дәлелдер. Теологиялық таным мәселесі. Құдайдың жаратқандары: періштелер, жындар және шайтандар. Періштелердің жаратылыстары. Періштелер түрлері.



5

4

Құдайдың елшілері және қасиетті жазбалар

Пайғамбарларға тән сипаттамалар. Пайғамбарлар және олардың ізін басушалар. Пайғамбарлық ерекшеліктері. Пайғамбарға сену – құдайға сену. Наби және Расул. Хазіреті Мұхаммед – ең соңғы пайғамбар. Пайғамбарлық туралы теологиялық мектептер ұстанымдары. Әйелдерден де пайғамбар болған ба? құдайлық қасиетті жазбалар дегеніміз не? құдайлық кітаптар неге жіберілген? Құдайлық қасиетті кітаптардың түрлері және атаулары. Қасиетті кітаптардың барлығына иман келтіру – теологиялық сенім негіздерінің бірі. Аянның мәні. Аян дегеніміз не? Аяннің түрлері. Қасиетті жазбалар – құдайдың сөзі. Қасиетті жазбалар жаратылған ба?



4

5

Теологиялық ілімдерде эсхатологиялық мәселелер

Адам өлімсіздігінің мәні. О дүние дегеніміз не? Қабір өмірі. Сұраулар. Үлкен күнә мәселесі. Қияметтің белгілері: үлкен және кіші белгілері. О дүниенің моральдық маңызы. Құдайдың алдында есеп беру. Қыл көпір. Жұмақ және тозақ. Кәпірлердің және діндарлардың жағдайы. Күнәхар діндарлар. О дүниеде құдай көріне ме?



4

6

Теологиялық ілімдерде адам және оның тағдыры мен қабілеттері мәселесі

Діни ілімдерде адамның мәні мен маңызы. Теологиялық ілімдерде адамның орны және мәні. Адам мәселесінің басқа ілімдермен байланысы. Адам – құдайдың жаратылысы. Құдайды ақылмен тану мәселесі. Адамның артықшылығы – ақыл. Тағдыр, адам әрекеттері, адам қалауы және қалау еркіндігі, әділет, жақсылық пен жамандық мәселелері. Теологиялық мектептерде адам және адам қалауы мен еркіндігі және тағдыр мәселесі. Адам өміріндегі ақыл мен қасиетті жазбалардың рөлі.



4

Барлығы

25



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы.

Тапсырмалардың мазмұны осы пән бойынша типтік оқу жоспарында көрсетілген тақырыпқа сәйкес келеді.



5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты.

Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты - 1,5 минут.



6. Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны.

Тестінің бір нұсқасында –25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:


  • жеңіл (1 деңгейі) – 8 тапсырма (32%);

  • орташа (2 деңгейі) – 11 тапсырма (44%);

  • күрделі (3 деңгейі) – 6 тапсырма (24%);

7. Тапсырма формасы.

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет