Тұрақты ток машиналары жұмысын зерттеу Жұмыстың мақсаты



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі51,12 Kb.
#81611
  1   2   3
Байланысты:
Тұрақты ток машиналары жұмысын зерттеу
КМ 09 Сапатама түрлері Лекция №2, Қысқа тұйықталу шарттары

Тұрақты ток машиналары жұмысын зерттеу


Жұмыстың мақсаты: Тұрақты ток машиналарының құрылысын зерттеу жəне жалғау схемасымен, жұмыс жасау принципімен танысу, тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток генераторының параметрлерін анықтау


Жалпы мәліметтер
Тұрақты ток машиналары генераторлық режимде де, қозғалтқыштық режимде де жұмыс істей алады, яғни қайтымдылық қасиеті бар.
Тұрақты ток қозғалтқышының басқа типті қозғалтқыштарда қарағанда мынадай өте маңызды артықшылықтары:
- якорьдың айналу жиілігін кең ауқымда (диапазонда) өзгертуге болады және ол қарапайым техникалық тәсілдер арқылы орындалады;
- аз ток кезінде үлкен жүргізіп жіберу моментін тудыра алады.
Олар электрлік транспортта, шахтылық көтеруші машиналарда, жол құрылысы мен жөндеу – әрлеу машиналарында, прокаттық стан мен кораблдерде, автоматты басқару жүйелерінде қозғалтқыш ретінде қолданылады.
Тұрақты ток генераторлары электролиттік ванналарды қоректендіру үшін, аккуммуляторлық батереяларды зарядтау үшін және жоғары сапалы электрлік пісіру (сварка) қолданылады. Олар автоматты басқару жүйелерінде электромашиналық күшейткіш ретінде, сонымен қатар айналу жиілігін өлшейтін тахогенератор ретінде де қолданылады.
Тұрақты ток машиналарының конструкциясының негізгі кемшілігі - щетка-коллекторлық құрылғының болуында. Мұндай құрылғының болуы мынадай зиянды құбылыстардың пайда болуына себеп болады:
- біріншіден, жұмыс кезінде графиттік щеткалар коллектордың пластиналарына үйкеледі, сол кезде пайда болған графиттік шаң машинаның ішкі бөлігін таралады да, оқшаулағыш материалдар мен детальдарға жинақталып, олардың оқшаулағыш (изоляциялық) қасиетін нашарлатады;
- екіншіден, белгілі бар жайсыз жағдайларда щетканың астында әр түрлі қарқынды ұшқындар пайда болады, олар кейде коллектор бойында шеңбер түріндегі отқа ауысады.
Аталған факторлар машинаның жұмыс істеу сенімділігін нашарлатады, тұрақты түрде бақылауды және күтімді қажет етеді.
Тұрақты ток машиналарының екінші кемшілігі – олардың бағасы қуаты сондай айнымалы ток машиналарының бағасына қарағанда бірнеше есе қымбат.
Тұрақты ток машиналары, басқа электрлік машиналар тәрізді, екі негізгі бөліктен тұрады: қозғалмайтын бөлік - статордан және айналмалы бөлік – якорьден тұрады.
Статор мен якорь бірі бірінен ауалық саңылау арқылы бөлектенген.
Статор уақытқа тәуелді өзгермейтін және кеңістікте қозғалмайтын, тұрақты магнит ағынын тудыруға арналған бас полюстерден, коллектордың ұшқынсыз жұмыс режимін қамтамасыз етуге арналған және бас полюстердің арасына орналасқан қосымша полюстерден және станинадан тұрады.
Якорьде электр энергиясының механикалық энергияға түрлену процесі немесе механикалық энергияның электр энергиясына түрлену процесі жүреді. Ол айналмалы білікке (валға) орналасқан, сыртқы қабырғасында ойықтары бар тісті өзекшеден, сымдары (өткізгіштері) ойықтарға орналасқан орамадан, коллектордан және олармен түйісетін щеткалардан тұрады.
Бас полюс жұқа (0,5…1,0 мм) электротехникалық болат қаңылтырдан жинақталған өзекшеден, оның полюстік ұштығынан (наконечник) және өзекшеге кигізілген каркасқа оралған оқшауландырылған мыс сымдардан тұратын қоздыру орамасынан тұрады.
Қосымша полюстер полюстік ұштығы бар өзекшеден және каркасқа орнатылған орамадан тұрады. Өзекше бүтіндей құйма болаттан жасалады. Қосымша полюстің орамасы қимасының ауданы үлкендеу оқшауландырылған мыс сымдардан жасалады және оның орам саны айтарлықтай көп болмайды. Ол якорь орамасымен бірізді жалғанады және міндетті түрде бас полюстердің аралығының тура ортасына орналасады.
Станина - фундаментке бекітілген қозғалмайтын бөлік. Оған бас және қосымша полюстер, машинаның білігіне (валға) тірек болатын мойынтіректер (подшипниктер) орналасқан қалқандар және щеткаұстағыштар бекітіледі. Ол машинаның қуатына байланысты құйма болаттан немесе шойыннан жасалады.
Якорь өзекшесі екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден, ол машинаның магниттік тізбегінің бір бөлігі ретінде саналады, екіншіден, оның ойықтарына якордың орамасы орналасады.
Өзекше өзара оқшауландырылған, жұқа (0,5 мм) электротехникалық болат қаңылтырлардан жинақталған, сыртқы қабырғасы қатар орналасқан тістер пішінді болып келеді. Машинаны суытуды жақсарту үшін өзекшеде желдеткіш каналдар қарастырылады.
Якорь орамасы оқшауландырылған мыс сымдардан жасалған жеке секциялардан құрастырылады. өзекшенің ойықтарына салынады да бандаждар арқылы бекітіледі, бірақ өзекшеден ойықтық оқшаулағыш арқылы бөлектенеді. Секциялардың ұштары коллектордың мыс пластиналарының ұштарымен пісіріп жалғастырылады.
Коллектор - тек тұрақты ток машинасына тән бөлік. Ол - сына тәріздес (клинообразный), бірі бірінен микиниттік прокладка арқылы оқшауланған жеке мыс пластиналардан құрастырылған цилиндр пішіндес дене. Бекітуге ыңғайлы болу үшін пластиналарды төменгі жағы қарлығаш құйрығы тәріздес етіп жасайды. Оқшауландырылған пластиналарды жинақтап, престейді. Осылайша құрастырылған коллекторды өзекшемен қатар орналастырып, білікке бекітеді.
Щеткалар коллектормен сырғымалы түйіспе (контакт) арқылы электрлік байланыста болады және соның арқасында якорьдың орамасы сыртқы тізбекпен (желімен) жалғасуы қамтамасыз етіледі. Щеткалар көмірграфиттік және металграфиттік болып бөлінеді, тікбұрышты түрде жасалады. Олар арнаулы щеткаұстағыштарға салынып, пружиналар арқылы коллекторлық пластиналарға қарай қысыммен ығыстырылады. Соның нәтижесінде щетканың бір ұшымен коллекторлық пластиналар арасында жақсы сырғымал түйіспе пайда болады. Щетканың екінші ұшына сыртқы желімен байланыстыруға арналған жұмсақ мыс сымдар жалғастырылған.
Орамалардың ұштары станинаға бекітілген сыртқы қорап ішіне кіргізіліп, сол жерде сыртқы электр желісінің сымдарына жалғайды.
Тұрақты ток машинасының магниттік тізбегі ауалық саңылауда магнит өрісін тудыруға және таратуға арналған. Ол қоздыру орамасы бар бас полюстерден, якорь өзекшесінен, ауалық саңылаудан және ярмодан (станинадан) тұрады. Магнит өрісін қоздыру орамасының тогы тудырады, ол полюстердің, якорьдың және ярмоның болаттары арқылы өткен кезде күшейеді. Магниттік полюстердің астындағы ауа саңылауында магнит индукциясының мәні тұрақты дерлік. Бұл полюстердің астындағы якорь орамасының секциясының қабырғаларында мәні тұрақты дерлік э.қ.к. тудыру үшін қажет. Магнит индукциясының осындай болуы полюстық ұштықтардың арнаулы пішіні арқылы қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет