Тұрақты токтағы сызықты. Электр тізбектері. Электр тізбегінің элементтері. Тізбекті түрлендіру. Ом заңы



бет1/5
Дата13.12.2021
өлшемі43,23 Kb.
#100201
  1   2   3   4   5
Байланысты:
қосымша
14-Антропогенные изменения, Поурочный план 27, Карточка куб, 18лабка Амантай Исламбек

Тұрақты токтағы сызықты. Электр тізбектері. Электр тізбегінің элементтері. Тізбекті түрлендіру. Ом заңы.
Қарапайым электр тізбегі (1-сурет) электр энергиясының көзінен Е, энергия тұтынушыдан Т және энергия көзі мен тұтынушыны байланыстыратын екі өткізгіш жалғастырушы сымдардан С1және С2 тұрады. Жалғастырушы өткізгіш сымдар электр энергиясының көзіне оң (+) және теріс (-)полюстер деп аталынатын екі қыс-қыштар арқылы қосылады.

Электр энергиясының көзі механикалық, химиялық, жылулық тағы басқа энергия түрлерін электр энергиясына түрлендіреді. Тұтынушыда электр энергиясы басқа энергия түрлеріне — механикалык, жылулық, химиялық, жарық т. б. айналады. Электр энергиясының көзіне генераторлар қандай да болмасын механикалық қозғалтқыштармен қозғалысқа келетін электр машиналары, аккумуляторлар және гальваникалык элементтер жатады. Электр тұтынушылары ретінде жарықтандырғыш шамдар, электр қозғалтқыштары, электрқыздырғыш аспаптар т. б. пайдаланылады.

Гальваникалық элементтерде, аккумуляторларда бірінші жағдайда гальваникалык элементтер батареяларын, екінші жағдайда аккумулятор батареяларын күру үшін бір-бірімен жалғастырылады. Электр энергиясының көзі оған өткізгіш сымдар арқылы қосылған энергия тұтынушымен бірге тұйықталған электр тізбегін қүрады. Тұйықталған электр тізбегінде үздіксіз зарядтар қозғалысы пайда болады, оны злектр тогы деп атайды.

Металл өткізгіштеріндегі тұрақты ток еркін электрондардың тұйық тізбек арқылы қалыптасып бағытталған қозғалысы болып табылады. Сұлбаларда ток пен кернеудің оң бағыттарын плюстен минуске қарап бағдарланған нұсқамалар арқылы шартты түрде белгілеу қабылданған.

Бір-бірінен белгілі қашықтықта орналасқан екі өткізгіштердегі ток осы өткізгіштерге әсер ететін механикалық күш туғызады. Ток өлшемінің бірлігі ампер (А) болады. Халықаралық бірліктер жұйесінде (СИ) ампер — өзгермейтін ток, ол ұзындығы шексіз, өте болмгшы дөңғелек қималы қатар түзу сызық бойымен вакуумде бір-бірмен 1 м қашықтықта орналасқан екі өткізгіштерден өткен қезде, осы өткізгіштер арасында әрбір метр үзындығына шакканда 2*10-7Н(Ньютон) күш тудырады.

Халыкаралық бірліктер жүйесінде күш бірлігі-ныотон (Н) бо-
лады.

Элеткр тогы өткізгіштің кесе-көлденең щимасы арқылы белгілі уақыт бірлігінде өткен (кулонмен өлшенетін) электр мөлшерін анықтайды.

Егер өткізгіштен 1 А ток өтсе, онда осы өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 с ішінде 1 Кл электр мөлшері өтеді.

1 Сурет – Қарапайым электр тізбегі


Жалғастырғыш өткізгіш сымдар мен энергия тұтынушы сыртқы электр тізбегін кұрады. Бұл тізбекте ток энергия көзінін, қысқыштары арасындағы потенциалдар айырымының әсерінен пайда бо­лады және ол потенциалы жоғарырақ нүктеден (оң қысқыш) по­тенциалы төмендеу нүктеге (теріс қысқыш) қарай бағытталған. Потенциалдар айырымы сиякты потенциал да вольтпен (В) көрсетіледі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет