Тренинг ағылшын тілінен аударғанда «train»-жаттықтыру, жаттығу деген мағынаны білдіреді



бет1/4
Дата10.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53328
  1   2   3   4
Байланысты:
батппп
00012ed4-fe896672, Педагогика негіздері слайд Жибека, Педагогика негіздері слайд Жибека, Педагогика негіздері слайд Жибека, Педагогика негіздері слайд Жибека, 00013adb-4df445c7, 00013adb-4df445c7, Афазия логопед, Афазия логопед, Афазия логопед, Презентация логопедия, Презентация логопедия, Экономика, Экономика

Тренинг


Тренинг ағылшын тілінен аударғанда «train»-жаттықтыру, жаттығу деген мағынаны білдіреді.

Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым – қатынасқа, коммуникативті және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы. Тренинг – жеке адам не топтың ақпаратты сол кезеңде не болашақта қажеттілігіне жарату мүмкіндігі. Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Адамды күтпеген оқыс жағдайда ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді.


Тренингтің мақсаты:
– өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
– ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;
– ойдың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
– қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;
– өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;
комуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;
– өзі, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
– көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Тренингтің міндеттері:

- өзін – өзі түсіну;


- өзін – өзі реттеу;
- қарым-қатынас жағдайында басқаларды түсіну;
- қарым-қатынастың жаңа дағдыларын өз бойына қалыптастыру;
Тренингтің негізгі заңдары:
1.«00» заңы.

2.Микрофон заңы.

3.Белсенділік заңы.

4.«Мен айтамын» заңы.

5.Барлық топ мүшелеріне ізгі ниет білдіру заңы.

6.Есім заңы.

7.Сыпайылық заңы.

8.«Қазір және осында» заңы.

9.Құпияны сақтау заңы.

10.Өзінің қатысуын ұсыну заңы.


Тренинг тақырыбы: «Кім ақылды?»

Мақсаты:


Танымдық үрдістерге оқушылардың қызығушылықтарын арттыру,

оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту.

Зейінділікке, ойлампаздыққа,тапқырлыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу.

Өткізу барысы:

1. Сәлемдесу.

2. Қабылдау.

3. Ойлау

4. Қиял


5 .Ес

6. Түйсік

7. Қорытынды

1.Сәлемдесу.Әр сыныптан бір оқушы шығып,өз тілектерін айтады, параққа жазып берседе болады. Әр түрлі дөңгелекшеледі пайдаланып,с ыныптар 3 топқа бөлінеді. Әрбір сыныптан 8 оқушы қатысады.

Топтың атын құрады. Оқушыларға тапсырмалар номері белгіленген жетондар таратылады. Әділ-қазылар сайланады. Әрбір дұрыс жауап үшін бір жетоннан топқа беріледі.

Ең көп жетон санын жинаған топ жеңімпаз атанады.

І.Кіріспе.Психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Адамда қабылдау, ес, ойлау, түйсік, қиял секілді танымдық үрдістердің болатындығы барлығымызға белгілі. Сіздердің танымдық үрдістеріңізді байқайық деп, психологиялық марафон ұсынып отырмыз. Қош келдіңіздер!

2 тапсырма. Қабылдау (2 слайд)



Оқушылар суретте жасырылып тұрған бейнелерді тауып алу керек.

3 тапсырма. Ойлау ( 21 слайд)


Тапсырма: Анаграммаларды шешу.

МТЕКІЕТҮНСІ (22 слайд) Жауабы: түсініктеме

НАҚТАҒА (23 слайд) Жауабы: қанағат

КЕЛУРИСАПБ (24 слайд) Жауабы: республика

ІРКЕКӨК (25 слайд) Жауабы: көкірек

АҰТЖМЫМАРДЫ (26 слайд) Жауабы: тұжырымдама

ЛҰЫҚСЫР (27 слайд) Жауабы: құрылыс

Өгеркшін (28 слайд) көгершін

Қарғайлаба ( 29 слайд) балқарағай

Дылатқроғна (30 слайд) талдықорған

4 тапсырма. Қиял (31 слайд)

Шеңберді аяқтап, бейнеге айналдыру.



5 тапсырма. Ес (32 слайд)

Оқушылар суреттерді есте сақтайды. Кейін қайта жаңғыртады.1 мин беріледі.



6 тапсырма. Түйсік (33 слайд)

Тапсырма: Қатысушы оқушылардың көздері матамен байланады. Олар қорапшадағы заттардың не екендігін және неден жасалғандығын тауып айту қажет.


Қорытынды. Ең көп жетон жинаған топ жеңімпаз атанады.

Топтар марапатталады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет