Түрі: жаңа білім беру сабағы көрнекілігі: суреттер, слайдтар арқылы демонстрациялау пәнаралық байланысы



Дата05.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#53062
Байланысты:
бүкіләлемдік тартылыс заңы
ампер күші, Заттардың магниттік қасиеттері және оларды қолдану. Аспан денелерінің магнит өрістері, Заттардың магниттік қасиеттері және оларды қолдану. Аспан денелерінің магнит өрістері, бүкіләлемдік тартылыс заңы, magnit, 8 сын БЖБ 4тоқ Физика

Бүкіләлемдік

тартылыс заңы


Сабақтың мақсаты: бүкіләлемдіктартылыс заңының мәнін түсіну. түрі: жаңа білім беру сабағы. көрнекілігі: суреттер, слайдтар арқылы демонстрациялау. пәнаралық байланысы: математика, геометрия, дүниетану, тарих.

Үй тапсырмасы: қайталау сұрақтары

  • Ньютонның бірінші заңының тұжырымдамасы
  • Ньютонның екінші заңының тұжырымдамасы
  • Ньютонның үшінші заңының тұжырымдамасы

Исаак Ньютон – ағылшын физигі және математигі

4.01.1643ж. –31.03.1727ж.

“Табиғат – оған ашық кітаптай, үнемі оқумен болатын”

А. ЭЙНШТЕЙН

БҮКІЛӘЛЕМДІК

ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫ

ҚАЛАЙ АШЫЛДЫ?

Бүкіләлемдік тартылыс заңы

ФАКТ: СОЛ АЛМА АҒАШЫ

Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын қалай ашқаны туралы бір қызық оқиға бар:

бақшада отырған кезінде ол алма ағашынан алмалардың Жерге құлауын бақылай отырып, осы заңды ашқан екен деген болжам бар.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы.

Заңды И. Ньютон 1667 жылы ашты. 1665 жылы 23-жасында Ньютон Айды орбитада ұстап тұратын күш, Жерге алманың құлауына септігін тигізетін күш табиғатына ұқсас екендігін болжап айтты. Оның болжамы бойынша Әлемдегі барлық денелер арасында массалар центрін жалғастыратын түзу бойымен тартылыс (гравитациялық күштер) күштері әсер етеді.

Жер – Ай жүйесі


Айдың центрге тартқыш үдеуі

Екі үдеудің де мәнінің тең болуы заңның дұрыстығын көрсетті:

1678 ж. Ньютон механиканың негізгі заңдары болып табылатын бүкіләлемдік тартылыс заңын жазды:

Екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады,



мұндағы m1 және m2 – өзара әрекеттесуші екі дененің массасы, r – денелердің арақашықтығы, G – гравитациялық тұрақтылық (латынша gravitas – ауырлық деген сөзді білдіреді).


Табиғаттағы көптеген құбылыстар бүкіләлемдік тартылыс заңымен түсіндіріледі

  • Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қозғалысы
  • Жердің жасанды серігінің қозғалыстары
  • Баллистикалық зымырандардың ұшу траекториясы
  • Жерге жақын денелердің қозғалысы
  • Денелердің жерге құлауы
  • Тасу және қайту
  • Сарқырамалар
  • Қол сөмкесінің ауырлығы
  • Жер атмосферасының болуы т.б

1798 ж. гравитациялық тұрақтылық ағылшын физигі Генри Кавендиштің иірілмелі таразысының көмегімен өлшенді.

1798 ж. гравитациялық тұрақтылық ағылшын физигі Генри Кавендиштің иірілмелі таразысының көмегімен өлшенді.

Гравитациалық тұрақтылық


Кавендиш тәжірибесі

Гравитациялық әреттесу

Н – жіңішке жіп

L – екіметрлік өзекше

m – қорғасын шар(диаметрі 5см, массасы 775г)

M – қорғасын шар(диаметрі 20см, массасы 49,5кг)

r – үлкен және кіші шарлардың арақашықтығы

Иірілмелі таразы

Гравитациялық тұрақтылықтың физикалық мағынасы


G – гравитациялық тұрақтылық, оның сандық мәні, массалары белгілі денелердің бір-біріне тартылатын күшін өлшеу жолымен анықталады.

G – гравитациялық тұрақтылықтың мәні:

G=6,67 10 -11 Н м2 /кг 2

Барлық денелер жер бетіне тартылыс әрекетінен, еркін түсу үдеуімен қозғала отырып құлайды

F = gm

Есеп шығаруға мысал:

Массасы 1 кг шар жерге қандай күшпен тартылады:Жердің массасы 61024кг, шардың массасы 1 кг, олардың центрлерінің ара қашықтығы жер радиусына 6,4106м-ге тең. Жер мен оның үстінде жатқан шардың арасындағы тартылыс күшін есептейміз:

Массалары 1000кг екі дене арасы қандай болғанда

әсерлесу күші 6,67*10-9Н-ға тең болады?

Осылайша екі дененің арақашықтығы табылады.

Берілгені: Шешуі:

m1=m2=1000кг.

Ғ=6,67∙10-9Н



G=6,67∙10-11 Нм2/кг2

r-?

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары: 1. Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады? 2. Формуласын көрсет. 3. Гравитациялық тұрақтылықтың сан мәні неге тең?

Үйге тапсырма:

  • Баяндама дайындау «Г. Кавендиштің өмірі мен еңбектері»
  • Бүкіләлемдік тартылыс заңы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет