Түркі әлемі ойшылдарының қоғамдық-саяси көзқарастары Әбу Насыр әл-Фараби және оның мұрасы



бет1/3
Дата13.01.2022
өлшемі16,19 Kb.
#129305
  1   2   3
Байланысты:
Түркі әлемі ойшылдарының қоғамдық-саяси көзқарастары
еңбекті қорғау, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Қанайналым жүйесі, Нурметова Сарвиназ, Нурметова Сарвиназ, Ақпан 19, Ақпан 19, слайд розак, loglog 1431414032 129234, тест, физика 2019 нов 152сағ. 6-11-топ (1), ҚР 2050 стратегия, Білім коды мен бейіні, Қаз құқық 1

Түркі әлемі ойшылдарының қоғамдық-саяси көзқарастары
Әбу Насыр әл-Фараби және оның мұрасы. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби – Шығыстың ұлы ойшылы. Оның еңбектері Шығыс пен Батыстың ғылыми ойының дамуына ықпал етті. Әл-Фараби грек ойшылдары Платон мен Аристотельдің саяси және этикалық көзқарастарына сүйенді және ежелгі Шығыстың әлеуметтік идеяларын одан әрі жетілдіріп, қоғам туралы құнды қағидасын ұсынды.

Ойшылдың пікірінше, қайырымды қала билеушісінің даналық, азаматтық қасиеті мен ойлау қабілеті жоғары тұруы керек. Әл-Фараби мемлекет басшысы ақылды, әділ, рухани жағынан жетілген, күнделікті өмірде өзін қарапайым ұстағаны дұрыс дейді. Адамгершілік қасиетін сақтап, өсек-аяңға, заңсыз жолмен байлық жинауға қарсы тұруы, өз басының мүддесін қоғам мүдделеріне бағындыруы туралы айтады. Әрбір ел басшысы осы қасиеттерге лайықты болса, халық бақытты да бай өмір сүреді. Мұндай қоғамда азаматтар әрдайым мемлекеттің қамқорлығында болады. Әрбір азамат мемлекеттің байлығынан өз үлесін алуы тиіс. Әл-Фарабидің пікірінше, «азаматтар өзара көмегі мен бірлігі арқылы бақытты, ізгі өмірге қол жеткізеді».

Зорлықсыз, бақытты қоғам орнату сол елдің мемлекет басшысының ақылы-білімі мен адамгершілігіне байланысты. Ізгі қала тұрғындары тату-тәтті өмір сүріп, ғылым мен білімді дамытып, бір-біріне көмектесіп тұрады. Ғұлама қайырымды қалалармен бірге надан, бұзылған, қайырымсыз қалалардың да болатынын ескертеді. Әл-Фарабидің саясат туралы айтқан құнды ойлары Еуропа және араб Шығысы мен Орта Азия елдерінде саяси-құқықтық ілімнің дамуына ықпалын тигізді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет