Тұрсеке! Сізді өз басым нағыз алаштанушы ғалым ретінде танимын. Қазіргі кезде екінің бірі алаштануды меншіктегісі келіп, оны сәнге айналдырып алғандай көрінеді. Олар жан-жаққа тарап жүргендей



бет5/15
Дата05.11.2016
өлшемі0,98 Mb.
#568
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15








  • Жауап: Біз қазір тәуелсіз елміз. Ұлттық мемлекетті құру жолындағы күрес, міне, жүріп жатыр. Егер бойкүйездене, ойкүйездене бермей, рухты сілкіп ұстасақ, сөзсіз жетеміз. Әйтпесе, не үшін өмір сүріп жүрміз өзі.

  • Жазушыларды жағымпаз еткен – күн көріс. Баспана. Мұқтаждық. Қызыл қарын баланың қамы. Қазір тым асауси берсең, балаңды тұқыртады. Софы ағамыздың, тағы да басқа қаламгерлердің азамат балаларын қызметтен тегін ысырды дейсің бе?

  • Кім немерсінің тоқ жүргенін жек көреді дейсің.

Сұрақ: Олжастың алжасуына қалай қарайсыз? өз тіліне қарсы, өз ұлтын алдауды ат шығарудың капиталы ететін арсыз элита туралы не айтасыз? Тарихшылар кейде кешеге көп қарап жалтақ болып қалу ауруына ұшырайтынын сезесіз бе? Болашақтың биігіне шыққан ойшылдың көзімен тарихқа қарайтын әулие текті ұлтшыл тарихшылар қашан қалыптасады бізде. Мәлім бір дәуір шындығын біршама қаузағандарды ғана тарихшы деудің қандай қисыны бар? Тарихшы тарихтың қисынымен болашаққа жол сілтер еді ғой? Ондай көрегендік неге там-тұм, сирек? сосын Мен, Мен деген осынау мұрын ұшындағы арсыз мүддешілік ауруынан, атаққұмарлық ауруынан қазақ зиялылары қашан арылады? т.т.





  • Жауап: Мені де осы сұрақтар күніне мың рет мазалайды. Кейде сіз емеуірін етіп отырған адамдардың сұлбасын көргеде сырт айналып кетемін.

  • «Арсыз болмай атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайда?» – деген емес пе Абай атаң.

  • Бір анығы: арсыз адам – қаракөктің қатарына жатпайды. Олардың орыны – тарихтың күлтөбесі мен жемтікте.

Сұрақ: Қазіргі билікке көзқарасыңыз қалай?











  • Жауап: Бұрынғыша басқаруға болмайтынын біледі, дәл бүгін қалай басқарып жатқанын өзі де білмейді, ертеңгі күнді елестеткісі келмейді.

  • Анығы: олар халықтан іргесін ажыратып алды, ғылымды да, білімді де, мәдениетті де бетіне жіберді. Тек «ақша» кіріп шығатын інді ғана аңдып отыр. Ашық мұхитқа бет алған айсберг сияқты жағадан алыстап барады. Оқшантайдағы оқсыз патрондарды ауыстыруды ғана ермекке айналдырған сияқты.

  • «Танымадық,

  • Жарымадық,

  • Жақсыға бір іргелі.

  • Қолына алып,

  • Пәле салып,

  • Аңдығаны өз елі» (Абай).

Сұрақ: Тұрсын аға! Өзіңіз еңбек ететін ЕНУ-дің ректоры Б.Әбдірайымды біз өте жек көреміз, ал сіз ше?

Студент









  • Жауап: Балам! Мен қақпанға түскен аяғын шайнап тастап құтыла–құтыла жіліншігі молтақ біткен тақыс көкшуланмын. Сондықтан бұл қақпанды да айналып өтіп кеткеніме кешір.

Сұрақ: Тұрсын аға, "Он ғасыр жырлайды" антологиялық кітабында Абайдың өлеңдері өзгеріске ұшырады. Ғалымдар өздерін қорғап ақталды. Мәселен, А.Сымақова: "Абайдың қолжазбасында Аллаһ деп жазылған!" деді. Абайтанушы ретінде Сіз бұған не дей аласыз? Сіз де Айгүл секілді: "Бір әріпті қозғағандардың артында үлкен ұйымдар тұр!" деп ойлайсыз ба? Жеке азамат ретінде ойыңызды айтсаңыз. Жалтақтықты жаным сүймейді. Бибүгіл Жексенбай бұл мәселені 7-арнадн көрсетті. Сөз кезегі Сізде!








  • Жауап: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешқашанда жалған болмас!» (Абай).

  • «Алла айтқызбай ішіңді біледі, ойла!» (Абай).

  • «Алла!» деген сөз жеңіл...» (Абай).

  • Осыдан артық қандай тура сөз керек.

Сұрақ: Абай мұрасы кришналардың қағидаттарына айналып шыға келді. Не деріңіз бар аға?





  • Жауап: Бұл тағы не пәле? Ол қайдан шықты? «Ел бұзылса, салады, шайтан өрнек» (Абай) деген осы.

Сұрақ: Сәлеметсіз бе, Тұрсын аға! Сідзің Алаш арыстары туралы зерттеу еңбектеріңізді оқыған сайын өзіме рухани күш аламын. Еңбектеріңізді оқыған сайын алаш ауруымен ауыра бастадым. Алаш қайраткелерінің өмірі, қайраткерліктерін зерттеулердің нәтижесін сараптай келе біздің елдің ұлттық идеололгиясын, осы кісілердің ұстанған жолы, идеясын жалғастырушы болашақ қазақ ұлттық мемлекеттік қайраткерінің болмысын жасау және қалыптастыру үшін мектептегі жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудің негізін қалаудың мезгілі жетті деп ойлаймын. Тек қана ғылыми-зерттеу немесе тек жұртшылыққа таныстыру ғана емес тұтас ұлттық құндылыққа, идеяға айналдырудың механизмдерін жасау керек. Өзіңіз және басқа да ғалымдар, мысалы Мәмбет Қойгелдиев сияқты ғалымдармен бірлесе отырып Алаш арыстары туралы деректі фильм де жасасаңыздар жақсы болар еді. Бізге бұдан басқа дұрыс жол, ұстаным жоқ. Сіз қалай ойлайсыз?

Каталог: repository -> history -> 16%20папка.%20Интевью-сұхбаттар
16%20папка.%20Интевью-сұхбаттар -> Сыр сұхбат «Отырар кітапханасын» қайта тірілту ойда бар
16%20папка.%20Интевью-сұхбаттар -> Аға, биыл қазақ халқын әлемге танытқан «Абай жолы» роман эпопеясының жарыққа шыққанына 70 жыл толады екен. Мұхтар Әуезов бұл романды жазуға қалай келген еді?
16%20папка.%20Интевью-сұхбаттар -> Тұрсын Жұртбай: Қазақ әдебиеті «Абай жолы» романынсыз қалар еді
16%20папка.%20Интевью-сұхбаттар -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл Тұрсын Жұртбай, әуезовтанушы ғалым
16%20папка.%20Интевью-сұхбаттар -> 16 сәуір. Құрметті «Абайдың» оқырмандары!
16%20папка.%20Интевью-сұхбаттар -> Қазақты бөлетін емес, біріктіретін идеяда жұмыс істеу керек Қолымдағы материалдардың жалпы көлемі 2 300 беттен асады
16%20папка.%20Интевью-сұхбаттар -> «ЖАҚсылықҚа шөлдеген жүрек »
16%20папка.%20Интевью-сұхбаттар -> Тұрсын Жұртбай: «Бізде президенттікке мұрагер іздеу қылмыспен пара-пар саналады»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет