Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер



бет1/16
Дата06.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#35220
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


Тұрсынхан Бердалина


Нұр таңы

Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина

Өлеңдер мен әңгімелер

І КІТАП

Өткен күннен бір белгі немесе ұрпаққа қалдырар асыл мұра
Қолыңыздағы кітап - білім беру саласының ардагері Тұрсынхан Бердалинаның өлең-жырларының жинағы. Міне, беттеліп, қатталып қойған осы жинақ жыр кітабы ғана емес, сонымен бірге толық мәнінде өсиет кітабы да. Өйткені бұл шағырмаларды өзі ғана емес, ұрпағының да бір қажетіне жарар деп жазды. Өзінің бастан кешкен өнегелі өмірін ұрпағына ғибрат еткісі келді.
Сырым бар азды-көпті айтарлыққа,
Пайдасы тиер, бәлкім, болашаққа.
Күншуақ, кіл жақсылық тілеп жүрем,
Ата-мекен, жер-ұйық алты Алашқа! - деп өзі айтқандай, бірде үміті басым боп, бірде күдігі боп, кеткен- ге салаут айтып, бүгінге қанағат қылып, ертеңге аманатымды қалдырып кетейін деп ұрпағына мирас етіп қалдырмақ аңсарлы ойы мен ізгі ниеті бар. Сондықтан, «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?» деп ғүлама жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, ұрпағына қалдырар асыл мұрасы да осы кітап болмақ.
Әлгі бір қиссада «Өлмеген құлға жаз келді» деуші еді ғой... Жазың не, ғұмыры таусылмаған жанға жаңа заман келді, тұтас бір ғасыр келді, кекжиегіне кез түгіл кеңіл жетпейтін мыңжылдық келді. Тұрсынхан апай ой үстінде. Осы ой мазалағалы біраз болды. Еліміздің егемендігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігіне тәу етіп, қол жеткенге тәубе етіп, Алла бұйыртқан нәсіпті қанағат тұтқан бүткіл мүһмін қауымымен бірге жаңа ғасыр мен үшінші мыңжылдықты қарсы алды. Соның алдында да, одан бері де бұл ой бір тыным берген емес. Өмірдің көбі кетіп, азы қалғанда әр
пенде баласы осындай ой жегегінде болатын шығар. Ал дәуір мен дәуір алмасар шақта ол тіптен ширыға түсетін сияқты. Кешкен тірлігі мәнді болды ма, артында қалган ізі бар ма? Не бітірді, не тындырды? Ғұмырдың ғибратты болмағы қандай? Өзінің еңбегі ақталып, жұлдызы жанды ма?
Уақыт бірде кербез, бірде кердең,
Өзі бір желмая ғой жерді кезген.
Ғажабын уақыттың түсінбеген,
Шатбүттап ол-пүлыны мыжып, езген, - деп, ұлағатты ұстаз «Уақыт» атты өлеңінде ойша ғұмырнама беттерін ақтарып отыр...
Сұлу қыздай сылаңдап
Сарысу жатыр сал-сері.
Көрсетпейді тереңін Қыз бұрымдай бұлан
Бала жастан білемін
Сарысудың жайдақ жағасын
Жұқпайды құмы аяққа,
Қытықтап бала табанын

Құм астын кеулеп ағдаы,
Тереңде оның табаны.
Бүлдіршін майда шабағы
Жеткізбей бізге қашатын.


Балаң да балдыр, балғын шақ,
Өзіңде өтті жастық шақ.
Өзіңде таңды аттырып,
Өзіңде таптым адал бақ, - деп, енді бірде Байдалы бидей данагөйдің, дәулескер күйші Сайдалы Сары Тоқаның, дауылпаз ақын Сәкеннің, аспандағы аққумен үнін қосқан шәкірті Қайраттай (Байбосынов) әншінің кіндік қаны тамған қастерлі өңір, алтын бесігі - туған жер туралы толғанады («Аңызым, әнім-ауылым» өлеңі).

  • «Сен - терек, сенен өскен бір бұтаңмын» деп, туған өңірі - Жаңаарқа ауданының 80 жылдығына топтама жырларын арнапты. «Сәкен тұған Жанаарқа» атты республикалық жыр мүшарайсына өлеңдері енді. Қашаннан өмірдерегін тәптіштеуге сараң. Әкесі тарақты Жазыбек болыс баласы Жақып - күндей күркіреп өткен кешегі алапат соғыс құрбаны. Сол кісінің артында қалған ізі. Анасы бертінде, сексен бес жасында дүниеден өтті. Осыдан жеті жыл бұрын:

  • Дегендей: заман жүйрік, адам шабан,

  • Азайып бара жатыр жақсы ағалар.

  • Жасындай көк аспаннан жетіп саған,

  • Жұлдыздай Жаңаарқама шашу шашам, - деп жазса, күні кеше «Қош бол, асыл Азамат!» деп ел ардағы Ақсәлеуге эпитафия жазды.

  • «Өлеңді мектеп қабырғасынан жаздық қой, қабырға газетіне, «Кірпіге» дегендей. Ол кезде ойлаппыз ба?! Негізі бұл мәселеде тұқым қуалайтын сияқты. Өз жұртымнан да, анамнан да дарығандай. Біреуге ұқсайын дегендей де ой болған емес, бірақ бар нәрсе лақылдап құйылып та кетеді білем. Шынын айтсам, не өлең жазбасам, не өлең оқымасам ұйқым келмейді. Серік Ақсұңқар, Сәбит Бексейіт, Ғалым Жайлыбай, т.б. ақындардың басылымдардағы өлендерін қиып жинай жүремін. Мен кісісін таңдамаймын, оның өлеңін таңдаймын, өлеңі арқылы сырттай да болса сыйлап жүремін. Мені мейлі білсін, мейлі білмесін, мен сізді білемін деймін, оқығам деймін. Өлең шіркін, ішкі құрылыс-бітімінің айнасы ғой. Айнаға қарап қадірлімді көргендей болам» депті автор маған жазған шағын ғана түсініктеме хатында. Жасы үлкен ағайлар мен апайлардын бәрі осы кісідей болса ғой, шіркін?! «Кісісін емес, өлеңін таңдаймын» дейді. Ал біздің кейбір көкелеріміз бен әпкелеріміз «сүйіктілерін» биографиясына қарап емес, географиясына қарап тандайтынын қайтерсің?!...

  • Жиырмасыншы ғасырдың ақындары,

  • Жүрегіме ізгілік жақындады.

  • Жолбарыстай жымиып Сәбит тұрса,

  • Ақсұңқар арыстандай атылады, - деп, Тұрсынхан апамыз ақын інілеріне деген ізгі ілтипатын алғашқы жыр кітабының айшықты бір бетіне ұсыныпты. Неткен кеңпейілділік, неткен риясыз көңіл десеңізші?!

Ұстаз ақынның осындай Тәңірі дарытқан қабілеті арқасында,ерінбейтін
еңбекшілдігі мен ешкімнің меселін қайтармайтын көпшілдігі арқасында сол
қоғам тарапынан алған мақтау- марапаттары аз емес. Ақын-ана сөзінің
өтімділігіне, үлкен жүректілігіне сенім артқан өз оқырманы баршылық. Ал,
енді еңбек кітапшасындағы алғыстарды тізіп жазса, бүгінгінің баласына
бүтін бір өнеге. Ал, енді Түрсанхан әпкеміздің:
О, Муза!
Сезімге сеніп санамды аялашы,
Нұр сәулеңді жырымнан аямашы.
Әппақ нұрға шомылып еркелейін,
Нұрлантып жер жүзінің сая бағын, - деген жыр жолдары оның
Поэзия музасына адалдығын аңдатса керек. Иә, жыр кәусарымен суарылған
әйел жанының мөлдір тазалығының өлшемі осындай-ақ болар!
Әлі де қолынан қаламы түспей, қазағының салт-дәстүрін
жеткіншектерге дәріптеумен жүріп жатқан жайы бар. Осы жырымен, ақ-
адал еңбегімен үлкенге жәрдемші, кішіге қамқоршы мінезімен ақын-ана
туған, жүрген ортасында зор беделге ие болған. Ақ самайлы ананың бала-
шаға қызығына бөленер, қолын жылы суға малар шағы да келіп жетті.
Бүгінде Тұрсекең - ернінің емеурінімен келін жұмсаған ене, немере баққан
әже.
Адам ғұмырын жыл маусымдарымен, күн мезгілдерімен салыстырып,
белгілеп, айшықтап жатады. Несі бар, өмір мен табиғат болмыстарынан
ұқсастық тауып, теңеп, балап, шендестіріп жатсақ, ол біздің ойымыз бен
қиялымыздың ұшқырлығын білдіреді. Дүние дидарының әсемдігін
түйсініп-сезінуіміз жан құштарлығын танытқандай. Содан да болса керек,
мен білетін бірқатар жасамыс жандардың жүзінен әр тайса да,
қартайғандығы біліне қоймайды. «Сыры кетсе де, сыны кетпеген» дегендей
қүбылыс. Кейбір сондай кісінің өңі нақты жасын кем дегенде он жасқа
кішірейтіп тұрады. Әрине, сондай жанды көрген соң, асқаралы
алпысты талтүс дейсің. Жетпісті, көп болса, екінді дерсің. Таяуда бір
газеттен оқыдым, осы жоталы жасты «жет+піс» депті. Яғни, «жетіп, піскен
жас» деп отырғанын көрмейсіз бе?! Осындайда көпті көрген үлкендерше
қалайша «бәрекелді!» демейсің...
Сондай жасы ұлғайса да, жаны жас, жүзі жарқын бір адам – осы
Тұрсынхан Жақыпқызы. Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып,
немерелерінің бал күлкісін кызықтап отырған ақ әже, әулет анасы
Тұрсынхан апайға; «Өніп-өскен ұрпақтарыңыздың кызығына тоймаңыз!»
деп тілек білдіремін.
Кезінде «Орталық Қазақстан» газетінде (10.09.2009ж.) басылған
Тұрсынхан Бердалинаның мына бір өлеңі сыры кетсе де сыны кетпеген,
жазусыз бір күні де өтпеген, жасамыс ананың саналы ғұмырының
ұранындай көрінеді:
Оралмас, сірә, жас күнім
алыс қалған.
Қарт емеспін, бірақ та,
таяп қалғам.
Қайтып берсең мысқалын
сол жастыктың,
Бар байлықты берер ем,
жиып саған...
Аңсап болмас жас күнді
алыс қалған,
Өтер, кетер дүние
болып жалған.
Әр кезеңнің өзіңдік
самғауы бар,
Бақыт қой мәңгілікте
атың қалған.
Иә, өзіне де, өзгеге де талапшыл жандар қашанда аз тыңдырғандай
болып жүреді. Халқына жырдан шашу шашып келе жатқан ақын-ананы
алға қызықытра жетелейтін де - сол өзіне-өз көңілі тола қоймайтындық, әлі
де еңбегімді еліме арнай түссем, ұрпағым мен Отанының керегіне жарай
түссем деген ізгі тілек екені һақ.
Әрбір тарихи кезеңнің сыры мен сипаты әрқилы болса да, ұрпактар
сабақтастығын жіті сақтай отырып, ғибратты ғұмырнаманың
мәнді-мағыналы сәулелі сәттерін екшеп алып, көркем қамтыған жырлар
жымдасып өрілген жинақ оқырман көңілінен шығатынына кәміл сенемін.
Қорыта келгенде, «Нұр таңы» атты жыр кітабы Отанын, оның бір
бөлшегі - туған өлкесін сүйер, тарихты тануга құштар, төл тарихы мен
мәдениетін білгісі келетін оқырманға керек дүние. Бүгінгі күнде тарихты
білу — тарихи шығармалар жазу үшін емес, бәрінен бұрын өзіңнің адамдық
бейнеңді тану үшін керегірек.
Сәбит Бексейіт,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

БЕРДАЛИНА ТҰРСЫНХАН СЕМБАЙҚЫЗЫНА


Арнау
Б ұрқансам шабыттана айбаттанам,
Е рлеймін, елең жолмен Айға аттанам.
Р иза бол оу, ағайын, өкпені қой,
Д ауылпаз шақта тұрмын, қайраттанам.
А рқаның бір қызысың Тарақтысың,
Л ебізіңде, тегіңде бар ұлылық.
И набатты Жазыбек болыс болған,
Н амысың бар, атаның жолын қуған,
А р да бар артықсың сен талай жаннан.

Т ойлай бер, бақыт дарып тұрған шағың,


Ұ лағатты қасыңда Шалин жарың.
Р еспубликаң, қазағың егеменді,
С ыр сандығын жаппағын, ұшсын жалын
Ы қыласты жырыңды төк, күндей күліп,
Н үрлана түс, тасқындай тасқа шапшы,
X алық жүйрік, бағалар бас, жасыңды.
А алмастай өткір сөзің, айбыныңнан,
Н ышанды өлең тусын сүттей ұйып.
С ембайдың аруағы ырза, төксең жырды,
Е леңдет шабыттана ой мен қырды.
М ағүрлан, қыздарың бар қос жанарың,
Б аян мен Бақытжаның кұндей нұрлы.
А талы алтын ұяң-шаңырағың,
Й мандай пәк көңілмен жаңғырасың
Қ олыңда Нурлан мәңгі тіреу болса,
Ы рза ел, ырза Гулжан, Ғалымжаның.
3 иялы Төребайдан жиендер бар,
Ы рзығын көрер, бақыт байтағың бар
Н ұрсүлтан еліненбіз, қазақ! - деген,
Арайлы Астанадай айбарың бар.
Асқартегі Тайтөлеу Жылқыбайұлы,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Әлемді бөлер нүрына
Шығар күн алды таң болар

Нұр таңы! - деп,


Ат бердім айғағыма.
Жетті ме деп,
Жақсы сөз толғағына.
Жер мен Аспан –
Ертеде, болмай түрып,
Әлбетте, ең алдымен
Нұр жаралган.
Нұр таңымен
Дүние мың құбылып:
Жұлдыз, Ай, Кун,
Жер, Су мен Жел жаралган.
Жетеуі жер мен Көкті
тұтастырып,
Табиғаттың ғажабы
Тамыр тартқан.
Табиғат бірде су боп,
бірде жер боп...
Тіршілік алма - кезек
пайда болған.
Таң нұры түн түндігін
түре туып,
Ақ таңын алмастырған
күн шуаққа.
(Автордан)
I О, туған жер,
сенсің менің тұрағым !

ТУҒАН ЖЕР


Туған жер, сүйем сонша неге сені,


Менімен әр тал шөбің кеңеседі.
Кетсем де білім іздеп шалғай алыс,
Өзіңнен махаббаттың лебі еседі.

Аналық мейірімінді аямадың.


Балаңдай еркелетіп, аяладың.
Бақытқа қонсын депсің қиядағы
Мен келіп білім бағын саяладым.

Сен терек, сенен өскен бір бүтаңмын,


Қалайша ерлеріңді ұмытамын.
Туған жер - алтын бесік мекенімді,
Жырлармын атқан сайын нұрлы таңым.
1963

АУЫЛКЕШІ

Айлы түн, ауыл маңы аясында
Бұйра бел, жасыл сайдың саясында,
Мөп - мөлдір ашық аспан жазығына
Тояттап, шіркін, көңіл тоясың ба?

Сылдырап бұраң бел су ағады да,


Құшақтап ну орманды алады да.
Ән мен жыр, әсем күйлер шалқып асқақ
Күледі ай сұлудың қабағы да.
Бұл өлке қарт та болса, құрдасым да,
Бұл өлке жандай досым, сырласым да,
Бақытым осындай бір кештерде де,
Тұрады қолын бұлғап қыр басында.
1963
СӘЛЕМ САҒАН ЖАҢААРҚА

Сәлем ал Жаңаарқа, Сары-Арқа.


Туған жер, кіндік буған жаным Арқа.
Құмыңның сағындым ғой саумал исін,
Тебіскен құлын-тайдай достың сыйын.
Сәлем де үнсіз аққан Сарсуыма,
Тоймайтын қанша ішсе де қар суына.
Күлімдеп, иығынан шуақ шашқан,
Қарт төбе Қарауылға сәлем жолда.
Ата - бабам аунаған топырағым,
Бір сәтке сағыныштан тоқырадым
Емеспін Сәкен, Естай, әлде, Абай,
Көңіл қошын жазамын әлдеқалай.
Туған жер сенен ыстық жер - ұйық жоқ,
Естілсе амандығың көңілім тоқ.
Бәйшешек гүл жарады мен жыр жазам,
Байғозы, Жәуен, Жазыбек ұрпағы боп.
1987

САҒЫНЫШЫМ


Ұядан ұшқаныма бағындым ғой,


Ата - тек топырағын сағындым ғой.
Бабамның шапқан аты тұяғының
Дүбірін арғымақтың сағындым ғой.
Төбесін Қарауылдың
Сағындым ғой.
Тағдырға бағынамын, бағындым ғой,
Достарды сағынамын, сағындым ғой.
Көк - жасыл шұрайлы өскен құрақ - майса,
Балаусам - бал дәуренді сағындым ғой.
Балдырын Сарсуымның
Сағындым ғой.
Жәннәттай жан саяма табындым ғой,
Жайнаған жаз гүлдерін сағындым ғой.
Салмақты сырғи аққан Сарсу өзен,
Қарағаш нуларынды сағындым ғой,
Атасу мекенімді
Сағындым ғой.
Сағыныш саздарына бағындым ғой,
Мазасыз алтын күзін сағындым ғой.
Жігерлі, жалын отты жастық шақтың,
Ақ сусар - ақ боранын сағындым ғой
Сәндеткен Сарыарқамды
Сағындым ғой.
Тиегін сыр сандықтың ағыттым ғой,
Ақ пейіл адамдарын сағындым ғой.
Айдында күншуаққа құшақ ашқан,
Сұңқылын аққу - қаздың сағындым ғой.
Сырлы энін қос Аққудың
Сағындым ғой.
Бар ма дос онда мені сағынатын,
Қуаныш, қызығымнан бақ құшатын.
Сезімді аялайтын, бағалайтын,
Сөзімнен сәнді алқа тағынатын.
Бар мадос ұғар жүрек Базынасын.
1987

САРЫ - ҚОҢЫР БЕЛІМ БАР


Майда сары Арқаның қоңыр белі,


Таппадым сенен артық саумал желді.
Ойға өлең, тілге жылы, тәттім едің.
Ауруға ем, сауға самал, қуат желің.

Арқада жер жетпейді Жаңаарқама,


Құмы май, шөбі шүйгін жон арқаға
Балауса балғын шақтың куәсі едің,
Айналдым, асыл елім, денің сау ма?

Арқаның жер жәннәті Сарыарқада


Асыл ұл, сұлу қыздар Жаңаарқада
Той-думан қуанышың тарқамайды
Айналып келіп тұрам Жаңаарқама.

Сүйемін Жаңаарқаның құба белін,


Жайлауын, жазық жерін, ауыл, елін,
Еркелеп Ескенеден ескен самал
Толысып Толағайға жеткен лебің.

Ақтаудың шың құздары ұяланған,


Ақсұнқар балапанға ұя салған,
Дариғай, Қызылтаудың қызжелеңі,
Желбіреп жапырағы қол бұлғаған.

Сәкеннің Иманағы иманымдай


Көк жартас қыздардың жүк жиғанындай
Халқының өр, өнеге, еркесіне
Сәкенім берер еді баға қандай.

Дегендей: заман жүйрік, адам шабан,


Азайып бара жатыр жақсы ағалар.
Жасындай көк аспаннан жетіп саған,
Жұлдыздан Жаңаарқама шәшу шашам.
2003

ОРАЛМАС, СІРӘ, ЖАС КҮНІМ АЛЫС ҚАЛҒАН


Оралмас, сірә, жас күнім алыс қалған.


Бәрібір өткен өмір таныс маған.
Кезбеспін енді жалдап Сарсуымды,
Бір асу қалды арман боп, табыспаған.

Оралмас, сірә, жас күнім алыс қалған.


Жастықтың арман - мұңы таныс маған.
Кекілімді күн сүйген сол жастығым,
Бала қиял жырменен табыстырған.

Оралмас, сірә, жас күнім алыс қалған.


Қарт емеспін, бірақта, таяп қалғам.
Қайтып берсең мысқалын сол жастықтың,
Бар байлықты берер ем, жиып саған.

Оралмас, сірә, жас күнім алыс қалған.


Қайта гүлдеу адамнан қалыс қалған.
Қанатымды қомдаймын, қиял өріп,
Аңсап жүрем арманды құшақ жайған.

Аңсап болмас жас күнді алыс қалған.


Өтер, кетер дүние болып жалған
Әр кезеңнің өзіндік самғауы бар,
Бақыт қой мәңгілікте атың қалған.
2003

ЖЕЛҚОБЫЗ ҮНДІ ЕСТИМІН


Естимін даладан желқобыз үнді естимін,


Елтиді неге пәтшағар көңіл елтиді.
Сыбырға түнгі құлақты тосып тұр едім
Көнілімді бөліп көк күзен неге селтиді.
Даланың үнін естимін түнде ап-анық
Балалық шақтан көңліме сыры тым қанық.
Шаршағанда жадыратып жанымды
Санада саулық, көнілдің қошы қанықты.

Сүйемін шексіз даланың саумал самалын,


Даланы жырлап, желиді алтын қаламым.
Тауға да ғашық, гүлге де ғашық бұл басым,
Патша жүректің тыйады қайтіп алаңын.

Ұйқымды ұрлап кірпіктің талшық ұшынан


Жыр жазып түнде қуаныштан тұшынам.
Шексіздіктің мұнарлы сағым жиегін,
Жағалап түнді, серпіп сап мұңды
жалғасам қөңіл ұшынан.

Ақылдың кені - би - болыстың панасы


Тізесін қосқан батыр да, патша, дарасы
Аспан мен жердің арасын қосқан бұл алқап,
Көк түркінің - қазағымның даласы.

Барым да осы - бағымның байтақ даласы


Самалың желпіп, оятты көңіл санасын.
Шұбырған жұлдыз шеруі - керуен шексіз де,
Құс жолы Бақыт жолымды жалғап барады

Өмірден озық Адамның үлкен талабы,


Аманат алып, Айға да барып қонады,
Құдіреті күшті жаратқан һаққа сүйеніп
Тарихтың көші ғылыммен мәңгі толады.
2003

ДҮНИЕ — БЕСІК


Дүние бесік екен тербелмелі,


Мұнартып алыс дала көлеңдеді.
Боз жусан сенен сезем дала исін,
Денеме саф ауаңнан дәрмен келді.

Дүние тербетілген бесік екен,


Қалдырдым балалықты сенде мекен.
Жастық шақ сені аңсап бой түзедім.
Ой сана, саған қарап ой түзедім.

Дариғай, балалық шақ балдай екен.


Аузыңнан кетпей дәмі қалады екен.
Ұлы жол балалықтан басталған соң
Дүние бесігінде тербелген жөн

Зулап күн, аунап айлар өтіп жатыр,


Бой балқып, ойым сәтте шалқып отыр.
Ғұмырды жан нұрымен ұштастырып,
Періште - поэзия қалықтап жүр.

Өмірдің сыйлығы бар, бұйрығы бар.


Артыңда мұрағатың, ізің қалар.
Дүние үлағатын жалғастырсаң,
Аялы болмаса да, баяны бар.

Пендеңмін менде сенің, ғұмыр - ғайып,


Тереңге тамыр тартсам несі айып.
Жазылған пешенеме жұлдызым - ау,
Қолың соз кетсем егер құздан тайып.

Көмкерем көкжиекті қиялыммен,


Өремін өлмес өмір өресін тең
Бабаның жұмақтағы жайлауына,
Ақырын жылжып өмір барады екен.
ЖЫР ПЕГАСЫ

Бостандықта, өстім дала төсінде.


Қыдырушы едім Сарсуды жалдап бесінде.
Күн қайтқан шақта өзеннің суы жып - жылы,
Далада өстім өте бір биік сезімде.

Ауылда өскен балалар неткен дарынды


Мына заман сындырып тұр - ау сағымды
Әйтпес, жүрек жүдемес еді дүрлігіп,
Ауылдан алып, берер ем оған барымды.

Жыр Пегасын ерттеп мініп барайын


Назира - назым, гүлдерден шашу шашайын
Қараулдан Иманаққа көз салып,
Ақбоз атын Сәкен аға бағайын.

Ақын қызға қайрат берші ағайын


Гүлдерден тоқып Пегасқа тоқым жабайын.
Сырмақты сырып, шым - шиге ою ұялап,
Текеметке мың бір жыр өрнек салайын.
2004ж.

САҒЫНЫШТЫ САҒЫНУ


Мен үшін бір асыл сөз - сағыныш!


Өрнегі де өлеңнің - сағынышты сағыну.
Бұл сөзсіз келмейді ажарым,
Сағыныш берген тағдырға бағындым.

Әу бастан - ақ сағыныштан жаралғам,


Қалай ғана сағынбай сәт жүре алам.
Жоқтарымды, барларымды сағынам,
Жалғыз Алла, жалғыз тағдыр - бағынам.

Қыстың күні ақ далама қуанам,


Қуанам да, жаз гүлдерін сағынам
Жаз гүлдерін жинай жүріп, шаттана,
Ақ бүркейдей - ақ боранды сағынам.

Қырау орап кірпігімді,


Май боранда қыдырам.
Май боранның мапасынан
Жылу алып қызынам.

Қызығымның қызуынан


Жыр шумағын ағызам.
Майда, қоныр жазғы кештің
Саумал желін сағынам.

Самал кеште Сарсуды жалдап,


Қауашақ гүл тергенмін,
Тас батырып табаныма,
Жағалауын кезгенмін.

Үркіп менен майшабақтар


Жылт - жылт зытқан жылғамен.
Менен қорқып, қашқанына,
Сылық - сылық күлген ем,

Сарсудың көп сал - салдарын


Балқаймақ деп сүзгенмін,
Құм қайраңды мөлдірінде
Тереңім деп жүзгенмін.

Мал қайырған анам көріп,


Байқа! - дейді, құлыным,
Ат үстінен әкем көріп,
Ақырын! - дейді, ақылдым.
Сол балалық бал дәуренім
Болды бүгін сағыныш.
Өмірлерді жалғап ұшқан
Сағынулар болады екен сағыныш.

Артқа тастап еркелікті,


Қарттарымды сағындым.
Есіме алып балалықты,
Сағынғанға қуандым.

Амалым жоқ, өмір - өзен


Ағынына бағындым.
Бағындым да бақытыма,
Сағынышты сағындым,
Амал бар ма, бағындым.

ТӨРТ ТҮЛІК ҚАСИЕТІ


Жылқы желден жаралып желдей ескен.


Ең жүйрігін жылқының тұлпар дескен
Адамдар бар дәл солай, жылқы мінез
Жылқы жылы туыпты бір алқандоз
Өзіне тән сыпайы, қошәуезді,
Қошаметке қошмасаң, шәріп ізгі
Қадірлейік қошмиық - мырза - терек
Жігіттері қазақтың болса ерек!
Қой пейіштен шығыпты, сиыр судан.
Қойдай жуас қазағым қойды баққан.
Жылқы сорпа сергітіп, жауға шапса,
Қой сорпадан қазақты ұйқы басқан.
Сиыр судан жерісе су сиырдан
Сиыр етін жемеймін бар ма дауам.
Кедей - кепшік қылады сорпа - суан,
Ай жузімді ақ қаймақ, сүтпен жуғам.
Түйе сордан шағыпты сыпа - сидаң,
Бойға сеніп жүреді аңқау - ырбаң.
Кешке дейін көпіртіп, «сағыз шәйнап»,
Мөлдірейді қаракөз ботасы ойнап.
Желмаяғой жүйрігі шөлде шапқан,
Жақсы білер шұбатын дәмін татқан.
Ақ тайлақтың ақ жүні үлфілдеген
Дертке дауа сүйекке орай тартсаң.
Ешкі жардан шығыпты мінез дара,
Ор текесі орғиды орға - жарға.
Жардан-жарға секірер ешкі-шыбыш,
Отырмайды - ау бір жерде лағы тыныш.
Көп қимылдан етіде дэмді, жұмсақ,
Көп «құмалақ» береді ойнап қусаң.
Ал түбіті мәп - майда басқа жылы
Түп түбітін сақтайды ешкі қылы.
Көп жүгірген баланы лаққа теңеп,
Шошақай деп, тағамыз айдар ерек.
Байқасаңыз құйрығын ешкі, лақтың,
Тыншымайды - ау бір сәтке, селтең - ебек.
Төрт түліксіз қазақтың тұрмысы кем,
Атқа мінсе кең тыныс алады дем.
Бал татыған саумалы дертке дауа
Төрт мезгілдің қымызы ауруға ем.
Мал төлдейді сәуірде, мамыр айда
Жаз жайлауын түзеген ауыл қайда?!
Жері байдың елі бай, - деген сөз бар
Малсыз қазақ жарымас, оны да ойла.

1. Алқандоз - сылқым, кербез әйел.


2. Қошәуезді - эдемі дауысты.
3. Қошмасаң - елтіген.
4. Шәріп ізгі - мерейлі, атакты ізгі.
5. Қошмиык - сұлу мұртты.

БІЗДІҢ ЕЛДЕ


Біздің елде төбе көп


Қапқа ұқсас таулар аз.
Сондықтан да арманым –
Тауды көрсем болам мәз.

Біздің жақта бұлак көп


Етекті сайлар бойында
Сондықтан да амалым
Таудың бұзды қамалын.

Біздің жақта ақын көп


Жырлаған туған өлкесін
Бірінен бірі қалаулы,
Сондықтан олар санаулы.

Біздің жақта әнші көп,


Самғаған ұшып биікке
Жүрегі толқып, жыр құшқан
Сезімі - тылсым биіктен.

Біздің Арқа батыр, әнші туғызған,


Кіндік қанын Сарсуына жуғызған
Самал сүйген құдіретті киелім
Қарауылтөбем, ұлылық туын тұрғызған

Жерім - байтақ, түнім - саумал, таң – шапақ,


Сеніменен жарасымды жақсы атақ.
Ұрпағыма ексем сая - бағымды
Керек емес одан артық атақ, бақ.

О, туған жер, сенсің менің тұрағым.


Саумал көлім, самал, салқын бұлағьм
Сенде туып, сенде жеткем бұл күнге
Сондықтан мен қадіріңді ұғамын.
Сондықтан да сенсің менің тұрағым!
2006
АҚЫН ІНІЛЕРГЕ

Қаламы ұшқыр қадалған,


Жүрегі жырдан жаралған.
Ақсұңқар, Сәбит інім бар,
Жырынан жылу таралған.
Көрмесем де білемін,
Танымаймын таныспын.
Түйдек — түйдек жыр оқып,
Көңіл күшімен табыстым.

Көкжиекке көз тігіп,


Төрткүлін дүние қамтиды.
Саңлақ сезім бұлттартпай,
Арғымақтай жерді тарпиды.

Жиырмасыншы ғасырдың ақындары,


Жүрегіме ізгілік жақындады.
Жолбарытсай жымиып Сәбит тұрса,
Ақсұнқар арыстандай атылады.

Атылады ақындар атылады,


Жақсылық жамандықты жапырады.
Махаббатты жоқтаушы, қорғаушы олар
Сондықтан да жып — жылы атырабым.

Жеңілісті жеңіспен жебелейді,


Ақ жауын боп еліме себелейді.
Асыл тасын ақ сөздің көкке түйіп,
Ғасыр үннің бейнесін бедерлейді.
Ақын келді өмірге, ақын келді,
Елегзиді Ел үшін ақын - сері.
Жаралған Көк Нұрынан ақын - адам,
Отаны үшін жаниды күш - жігерді.

АҚЫНҒА
(ҚОЙЛЫБАЙ АСАНОВҚА)


Барлық ақын жырлайды Жер-Анасын,


Жер-Ананың қойнында бел баласың
Ғарыш-Әлем аскақ боп тұрсадағы
Жер-Анадан жаралған алтын басың.

Ақын ұшып кетпейді Ғалам шарға


Жер бетінде тіршілік оған тар ма?!
Ақын жүрек қалайды нөсер, дауыл
Ағайынға, туғанға ақын бауыр.

Ақындарын елімнің бағалаймын


Көсем сөздің көшесін жағалаймын
Ақын аға, ініге ұқсамаққа
Көкбесгінің табанын гағалаймын.
2007
ҚОС ДҮЛДҮЛ
(АРНАУ)
Жаңаарқаның жұлдызы,
Қос арғымақ дүлділі
Айналайын үнінен
Туған елдің бұлбұлы
(автордан)
Арқадан шыққан дүлдүлім
Жаңаарқаның жұлдызы
Үндері тәтті бұлбұлым
Қайрат пенен Бекболат
Қос арғымақ дүлдүлім
Ел сыйлар арда құлынын.
Ұстаздығым ұлағат
Шәкірттер озды, қанағат.
Қалың жұртың - қазағың
Ұйып та бір тыңдайды,
Осынша асқақ дауысты
Сарыарқа самалы құйды ма?!
Әлде, ата-бабалар,
Батасы бойға сыйды ма?!
Әндері асқақ ұлдарым
Әлемді тылсымдайды.
Тылсым күштен тұншығып,
Жан жүрек жыр тыңдайды.
Әлеміне жалғанның тіл біткендей,
Ұлы Дала ұйқысыз...Ән тыңдайды.
Қайрат пенен Бекболат ән шырқайды
Ән емес-ау, даланың Ұлы үнін
Сарырқаның орманы, тау тыңдайды,
Самал желі, алтын бел,
Сарысу өзен, Ел тыңдайды.
Алаулайды жүрегім, аялайды
Ән сұлуын сүйемін даралаймын.
Аспанынан Сарсудың ескен самал
Алатаудың қойнауын аралайды.
Жағасынан Арқаның ескен самал,
Біледі жұрт, Жапонды аралаған.
Әміредей бауырым - алты атадан,
Апай төсті арғымақ дараланған.
Қазақ әні Әлемге таныстырған
Әміре мен Жапонды қауштырған.
Саһараның саңлағы - бұлбұл үнді,
Микрофонсыз Жапонда қалықтаған.
Мың бір әнін қазақтың кім білмейді,
Танымаған қазақты дым білмейді,
Князіңді дос қылып, мұжық-тамыр,
Днепрде аққу-қаз жатқан мамыр.
Ұлытаудан Гималай асқан қазақ,
Хан Тәңірде жылқысын баққан қазақ
Желмаямен желіген жерді сүйіп
Батыр, дана баласы ойын түйіп
Бекболат, Қайрат, Жақсылық - дара туған,
Бабалардың намасын белге буған.
Сарысудан шырқалған асқақ әуен
Алатау,
Алтай,
Қап,
Түрген,
Гималай,
Гобби,
Тибет және
Памирді аралаған.
Жаңаарқаның жарқырап жұлдыздары,
Өнерлі де, талантты дүлдүл бәрі
Айналайын үнінен бауырлардың,
Туған елдің бола бер асылдары.
Алаулайды жүрегім, аялайды
Ән сұлуын сүйемін даралаймын
Жаңаарқаның құмынан ескен самал,
Жазираның тау-тасын аралайды.

ҚОСАРЫМБАР


(А. ТАЙТӨЛЕУ АҒАҒА)

Қосарым бар ағаның жазғанына,


Асық ойнау қазақтың қоз қанында.
Тура көздеп, дәл атар мергендікке,
Үйретеді әр кеней, әрбір сақа.

Табандылық, төзімдік - асық ойнау,


Табысады күштілік, ақыл, айлау.
Бәс тігеді, ұрыссып, таласпайды,
Жеңіп шықсаң талассыз бір сөз-байлау.

Асық ойнап, шынығып өскен бала,


Жалаң аяқ жүгірген құм мен таста,
Ыстықта да, суықта көздеп атып,
Содан шыққан мерген де, батыр, дана.

Әр заманда өзіндік бір құрқылтай,


Қозы бағу балаға қажет болды-ай.
Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар деп,
Шолақ ойдан шығарды бір қу сөзді-ай.

Асық ойнап азбассың


Шебер болып асарсың
Көздегенің дәл тиіп,
Сұрша мерген боларсың.

Доп ойнасаң тозбассың


Тоғысқан айдай толарсың,
Шынығып денең балғындап,
Нағыз палуан боларсың.

Күн жұтып текке қаңғыма,


Тым бостандық бойға жат.
Ойнасаң асық - күш, қуат,
Толады ақыл, парасат.

Тәсілін тауып танысаң,


Асық та - шынығу алаңы
Асыққа үйрет, ағалар,
Қаңғыған тентек баланы.

Қартадан емес, бес сайыс,


Асықтан болса дер едім:
Шеберлік ойды асырған,
Тәрбие, тәлім танытқан.

Дәстүрлі қазақ ойыны


Алдамшы емес «шариктей...»
Әр үйде асық ирілсе,
Ержетер бала, түзеп бой.
ҒАЗЫМҒА АРНАУ МЕН ШАҒЫНУ

Құдай-ау, несін айтайын,


Тапал боп құржиып қалыппыз.
Бір кезде сұп-сұңғақ едік қой,
Недеген бірмойын халықпыз.

Бір кезде билеуші ек вальсті,


Талайлар ере алмай қалысты
Бұл күнде, Ғазым-ау, қарашы,
Жүрек пе? Ентігіп қалыппыз.

Ақ кірсе самайға саналық,


Келіпті бізге де даналық.
Кетпейді естен де, түстен де,
Кешегі балауса балалық.

Қазы жеп майланып қалыппыз,


Жәй басар недеген халықпыз.
Той десе домалап, дүрлігіп,
А, той-лап шабатын халықпыз.

Ардагер ата-әже-анық біз,


Қарлығаш қанатты достармыз.
Табынып тірліктің күшіне,
Ризамыз күштінің ісіне.

Дүрсілдеп соққанда жүрегім,


Бұзады сағыныш мұз тоңын
Ауылымды саялап келемін
Арындап сағыныш тұлпарым.

Жақсы мен жайсаңды өсірген,


Ауылдың аяулы ажары.
Жолдастар төріне көсілгем,
Тарқамай жастықтың базары.

Бір қалып, өзгермей келесің


Қажет пе: қорамсақ, жебесің.
Жымиып, сызылып, сылаңдап,
Достарға нұрыңнан себесің.

Талай таң отырам, жыр жазып,


Жалқаудан келеді маған Бақ қашып.
Жақсысы жерлестің бір бауыр,
Сезесің даланың дарасын.

Жанарда жастықтың оты бар,


Адамға тым қажет ұят, ар.
Нәзік бір сезімге нұр құйған,
Жүректің бір ғажап сыры бар.

Айтатын көп менің сырым бар,


Бауырлар, тәуірлер ұғыңдар.
Сағынсаң балалық сезімді,
Осы бір жырымды қолыңа ал.

Достарға жыр жаздым жалынды,


Тағдырлар ақынға бағынды
Тілекті әлдилеп, тербетіп,
Сыйлаймын сағыныш назымды.
Қара өлең байлық та, қазына,
Айтқаным, әншейін, базына.
Арманның асқарын аңсаймын,
Үкілі үміттің қосылып сазына.

Р.8. Сәлем де Гауһардай жарыңа,


Ризамын лебізі барына.
Ақбүркей жамылған Әже боп,
Қуаныш сыйласын жарына.

СӘКЕНГЕ
(АРНАУ - ТОЛҒАУЫ)


О-у, Сәкен аға!


Ақсұңқар ақын аға!
Дархан талант,
Қастерлі,
Асқар алып,
Асқақ үнді,
Дауылпаз, дарын аға!
Жаны жайсаң,
Өр мінез, өрелі аға!
Отты жүрек,
Намысқой
Мәшһүр аға,
Қуаныш пен қасірет катар кешіп,
Оятам деп қазақты қапы кеттің.

О-у, Сәкен аға!


Асылым, ақжарқыным,
Сұлу тұлға, қара көз, кең маңдайлым.
Қара мұртың қазаққа қасиетті,
Қасиет-нұрдан жаралған сән мен жаның.

Қуаныпсың баладай жақсылыққа,


Қатуландың қасқайып надандыққа.
Сондай асыл бекзатты-баһадүрді,
Көзі қиып атты екен қай антұрған.

Әттең, - деген өкініш ішімді өртеп,


Айырмаған жауыздар шындықты өлшеп.
Бір азамат табылмай арашаға,
Бұлбұл ұшты-ау көзіңнен Аққу-көктем.

Ат басындай арманмен кете барды-ау,


Өкініштен құса боп іші жанды-ау.
Адал жүрек іш-құса болды ғаріп,
Қасіреттің кемесі кетті-ау алып.

Оянды өлкең, қазағың, Сәкен аға,


Келді, міне, аңсаған заманың да.
Үш жүз жылғы бұзылды алып қамал,
Шын биік асқарлықта тұрсың дара.

Періштені қызыл көз көре қалар,


Қызғаныштан қызынып өре салар.
Пенде жүрек жүдетіп, кейде жанды,
Өсек қылып атымды, мін де тағар.

Сені қалай көрмесін Сұңқар аға,


Тарпаң жырың бұлқынған Тұлпар аға.
Ширегіңе келмейтін, мына, менің,
Жояндар жүр басам деп, мысымды, аға.

Жүрегім жоқ бұғынып, жасқанатын,


Өз жолымның жалғаймын асқақ әнін.
Сөз өнерін тұлпардай ерттеп мінем,
Алла жар боп бал тілмен жар саламын.
Адамзаттың ұлысың басың төрде,
Атың айғақ Саһара ақ төсінде.
Ақ бесігің тербелсе Иманақта,
Жыр бесігің тербелді Жер-Әлемде!

Өкінбейін, о-у, тәубе!


Өршіл күш, өктем үнің Әлем-төрде,
Өлең-гүлің өлкемнің көктемінде.
«Ақбоз үйдің сыртынан аттандырып,
Кеше ғана секілді өбкенің де...»

Нұр келбетің тербеледі Күн-Әлемде,


Жүргендеймін қауышып, күнде бірге,
Сар даланың сарбазы, саһабасы,
Ақбоз атпен көріндің шың бетінде.

Сәкен аға Арқаның арда ері,


Гүлге толды аяғы басқан жері.
Сегіз қырлы, бір сырлы перизатқа,
Аққу-көктем толқыды таппай теңді.

Кейде жаным елегізіп елеңдейді,


Ақбоз атпен салт атты көлеңдейді.
Тегі дархан ағаның әндерінен
Парасатын ғасырдың тізбелеймін.

Қасиетін ғасырдың тізбелеймін,


Өмір гүлі жалғассын, үзбе деймін.
Ғасыр үні-тарихы қазағымның,
Көш-көлікті дәстүрлеп түзе деймін!

Бұйрық емес, айтқаным көңіл-күйім,


Жақсылықты көңілге жиып жүргем.
Қазағымның дәстүрін, әдет-ғұрпын,
Жөргегімнің шетіне мықтап түйгем.

1994

АҚЫН ДОСҚА
(Ә.ҚАЛИАСҚАРДЫ ЕСКЕ АЛУ !)

«Жастық-ай


Сені түсіну қиын, білмеймін.
Жырласам ба екен,
Жыласам ба екен білмеймін.
(М.Мұқағали)
Танысып едік
Аға мен қарындас болып,
Табысып едік
Көзғашық, ұғысқан болып,
Жүруші едік
Мұңдасып, кейде сырласып,
Қыдырушы едік
Гүлзәрларға жыр шашып.

Сен, - деспедік,


Сіз, - десіп қана сыйластық,
Балмұздақ жеген
Жас көңіл еді қимастық
Сол мезгіл, сол шақ
Түседі еске әлсін-әл
Қайда, жігіт?! –
Сол ақыннан адастық.

Жалын жырды


Дос жүрегі сағынды
Зор үмітпен
Бойлаушы ек асау ағынды.
Көрінбейді ақын
Мүшәйра, жыр додадан
Ақынды іздеп
Ой желге шомып шарладық...
Жеңгемізбен
Тойлапсың бақыт, бағыңды,
Бала-шаға
Жанұя жанның бағы боп.
Ұмыт та болдың, сәттерде.
Көзден кетсе,
Көңілден ұмыт жасын да.
Дұрысы сөздің: жан өзге ғой, расында!

Артта қалды...Тарихтар... Қалды жастық


Есіңде ме? Есіңе ал! Тәңір - достық,
Ұмытпайық, Ұмытпа досты жастық!
Ойыма алып, ... деп жүрсем
Аттаныпсың о дүниеге,
Жақсыны да, жалмайды сұм дүние.
Қалды ақыннан бір ауыз
«Меңдіқыз», - атты дүние.
2009ж.

ҚОШ БОЛ, АСЫЛ АЗАМАТ!


(эпитафия)

Асылдар ғой — Жаңаарқаның тумасы


Бойшаң бәрі, әрі сұлу тұлғасы.
Ол дүниеге керек бола қалыпты
Ғабдолладай, Ақселеудей — жарықтық.

Бара қалсан, Ауылдан да сән кеткен


Шықпайды алдан тусқан-нан бөліскен.
Денем шошып, шырт ұйкыдан ояндым,
Еститіндей бір хабарды терістен.

Санасыздар сан соқтырып барады,


Саналыны Ғасыр қайдан табады?
Тіршіліктің күйбеңіне ой беріп,
Әлі жүрміз жақсылыққа бой бермей.

Сағынышпен ақ жүректен ағылдым.


Ерте кеткен ағаларды сағындым.
Өлең жазып, ән де айтып, күй шерткен
Ғалым еді-ау, ағаларымтең өскен.

Сегіз қырлы, сәнді сырлы жандар еді


Жаны жайсаң, не нәрсеге бапты еді
Еңбегіңді бас бармақпен бағалар
Талайларға көз жанары қорған ед

Жер жұмсағын, жан жәннатын тілейміз


Ауыс сәтте жақсыларды іздейміз.
Қолдан басқа келері жоқ фәниде
Мәңгілікке аттарың бар тәубе! - дейміз.
Өкініштен не іздейміз.
Қош бол, асыл Азамат!
2009
II Отаным, шалқар жерім бақыттысың!
ОТАН

Әрбір сәт қуанышқа бөленемін


Бақыттың қызығына кенелемін
Сыйлаған соның бәрін Отаныма
Арнаймын жүрегімнен жырдың кенін.

Сарқылмас қуат алып таңдарымнан,


Келемін аттап өтіп бар қиядан.
Жанымның жалынына әмір етсем
Табиғаттың бермесін тартып алам.

Мен жаспын, мен еркемін, мен батылмын


Сүйемін сүйкімдісін мен де атымның.
Отаным жер бетінде болғандықтан,
Қашанда туған елім ең жақыным.
1964
АЛТЫН ЗАҢ

Алтын заңмен шапақ шашты алтын күн,


Бақыты бұл, жақұты бұл халқымның.
Сәлем әкел, сәлемімді бар алып,
Жарқындығын әділдігін салтымның.

Алтын заңға жырдан шәшу шашайын,


Шапағына нұр жүзімді тосайын.
Күншуақта мұңсыз өмір сүруге,
Өз үнімді бейбіт үнге қосайын.
1964
ОТАНЫМ, БАҚЫТТЫСЫҢ!

Отаным, шалқар жерім бақыттысың


Көріп сол бакытыңды бақыттымын,
Әрқашан шаттығынды бөлісейін,
Өшірмей жүрегімнің сағынышын.

Тағдырыңа табынатын кезім бар,


Өр кеудемнен өшіре алмас сезім бар.
Егер сені жан - тәніммен сүймесем,
Өр кеудеде өр дауысым тұншығар.

Өткен өтті, өткенді іздеп сұранба,


Қазақ тілдің баяндығын ұранда!
О, Отаным, бақыттысың,
Бақыттымын сол үшін,
Бақытыңды енді қолдан шығарма!
2003

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАБАНЫН ТІРЕДІ


Өмір жолдар соқтығысты, қағысты,


Кім дұрыс деп, ақыл - айла бағысты.
Ірге ашып, бірде әлсіреп, ыдырап,
Кейде күшті біріктіріп,
Ұлы жолда табысты.
Үлкен жолда Ұлы күштер табысты
Бір жағадан бас шығарып,
Қилы жаумен алысты.
Оу, сар дала, Ұлы дала - мекенім,
Сен үшін, тек, жанды пида етемін.
Аспан күмбез — бір шаңырақ адамға
Оны білмей адам сонша надан ба?!
Жо, жоқ,
Тайталасты тағдыр тауқыметімен,
Тәуелсіздік үшін тіреп табанды,
Көкбайрағын желбіретті қазақтың.
Оңға, солға бажақтама қарағым,
Кердің талай өмір соқпақ азабын.
Жарты дүние — сенің ата мекенің
Арманы жоқ сол Далада өскеннің.
Ақылды ұл - қыз ата жұртын даттамас,
Ала жіпті иесіз деп аттамас.
Қамсыз ұрпақ болма, бірақ, қарақтар,
Алдарыңда үлкен - үлкен талап бар.
2000
ОТАНДЫ СҮЙЕ БІЛ

Отан, тек, оттан емес, өмірден де ыстық,


Отан, тек отбасы емес, өзіңнен де басталады.
Отанға орын іздеме, одан өзің орын ізде.
Отаннын байлығын шашпа,
Оған өзің байлық қос;
Отанға ой қос, айлық қос,
Сосын барып, байлық тос.
Өз ойың Отан ойымен орайлас болсын,
Отаңды Ақ ордам деп біл,
Отанға деген пиғылың, ордаға деген ықыласың.
Отаныңды сүйе біл, Отан үшін күйе біл.
2002

СЕЗІМНІҢ КҮШІ


Сезімнің күшін қайсарлық танып,


Көнілді күлкі, әзілмен тасып,
Тіл үйірер сөз мінезбен жанасса,
Жайдары жан бітімімен жарасып.
Сезімнің күші аспандап,
Дәумін деп таудан, мақтанба.
Аспанды сүйген тауларың
Хан Тәңірі, Гималай, Памирден,
Сірә, асқан ба?!
Алатау - арда ұлы атыраптың
Желді айдап, көкте бұлтты қалжыраттың.
Алатау маңғаз кейпің ұйқы жиып,
Күн сүйіп, ақ жауынды бұрқыраттың.
Алатау оянғанда һас ұйқыдан,
Сілкініп керіледі, түйіліп қас.
Лақылдап тау тасқыны тас лақтырып,
Кенеттен көкке сермеп, көбік шашқан.
Арқырап асау толқын арындайды,
Таулардан сұлу бұлақ сарқырайды
Тастары жөңкіледі мөңкігендей
Доп қуған жас баладай сықылықтайды.
Орғиды ор текедей тасқын таудан
Арманым сол толқыннан бастау алған.
Мұнартып тау сілемі бұйраланып,
Ақ бұлттың ақ сәулесі ойға тұнған.
Па, шіркін, кім сүймейді тау еркені
Құлпырған табиғаттың көркемшесін.
Келеді құлағыма бұлбұл үні,
Шынардай сұлу екен дүние, шіркін.
2003

АЗАТТЫҚ ЖАЛАУЫ КІМДІКІ?


(МАҒЖАН АҒАҒА ЕЛІКТЕУ)
- «Азаттық жалау кімдікі?» -
«Көре алмаса кім теңдік,
Тепкі көрсе, кім кемдік,
Азаттық жалау соныкі,
- Ендіше, қазақ, сенікі!»
Мағжан Жұмабаев
Азаттық жалау — көк байрақ,
Көгімнің төрін желпиді.
Қаншама жылдар «ызғардан»,
Саналы елге жел тиді.
Азаттық жалау желпіген
Ендеше, қазақ, сенікі!
Көк байрағым көгімде
Желбіре желмен желеңдеп
Құлакты түріп әлемге
Азаттық жетті өлең боп
Азаттық жалау, ұраның
Және бар үлкен Құраның!
Азаттық жалау желеңі,
Қазағым алшы белеңді.
Көре алмаса «кімдерің...»
Ұрайыншы «енеңді»
Азаттық жолда бел шешкен
Көк жалау, қазақ, сенікі!
Азаттық жалауы — көк байрақ
Көгімнің төрін жайнатты
Күмбезі көктің азат боп,
Қысылма, қазақ, ой айғақ.
Өз еліңде, жеріңде
Қымтырылмай еркін жүр
Азаттық жалауы — көк байрақ
Сондықтан, қазақ, сенікі.
2008ж.

АЛҚАРА КӨК ТҮНГІ АСПАН


(Ой - толғау)

Сол баяғы алқаракөк түнгі аспан,


Жұлдыздары сау етіп төгілдердей.
Иін тіреп, жымыңдайды жамырап,
Айға қарап, жұлдыз санап тұрдым шақ.

Сол баяғы алқаракөк түнгі аспан,


Дос едік біз балауса кез, бал шақтан.
Қараңғы түн серпіп, мұңнан сергітіп,
Тылсым дала ұйып - мүлгіп, маң жатқан.

Сол баяғы алқаракөк түнгі аспан,


Боз қылаңдар байқалады әр тұстан.
Ай - жұлдызбен қиял кешіп сырлассам,
Сыбырлайды, жымыңдайды түнгі аспан,

Сол баяғы алқаракөк түнгі аспан,


Арман қуып, сырларыңмен ымдасқам.
Содан бері жаным жырлап келеді,
Сабырлы дос - алқаракөк түнгі аспан.

Әлемнің шетсіз - шексіз аясында,


Жан мен тәнге қатысты құпия бар.
Алқаракөк кеңістік һауасында,
Тыныштықтың жан сүйер дауасы бар.

Неге? - деймін, Неге? - деп өз - өзімнен,


Жұлдыз қонады ауысып күймесінен.
Өмірге сәби келгенде жолы жарық,
Жұлдызы жымың қағады жүйесінен.

Жұлдызы жылы жандар бар.


Жып - жылы көзбен қарайтын.
Ал бағзы жайсыз біреудің,
Жұлдызы қарсы біреумен.

Алқаракөк аспанның


Жұлдыздарын ұнатам
Өсек сөз, бәләғат, білмейді,
Бас көтеріп қарамасаң күлмейді

Өз - өзінен жымыңдап


Қыз - жігітке қылмыңдап,
Зу етіп ағып,
Жарқ етіп жанып,
Жүрегіңді емдейді.

Күрсінтіп, ойды толқытып,


Қуатың шалқып үдейді.
Алқаракөк аспанның
Руһы күшті қазына
Құпия ғарыш - Қойнаудың
Шешімі жанньщ байлауы.

Қайталанбас тұрақты тіршілік бар,


Берері ортақ аспанның адамзатқа,
Жынысыңды, ұлтынды таңдамайды,
Қазқалыпта, саспайды, қамықпайды.
Мазаланып, сөйлеп те шағыспайды.

Табиғат - тылсым күш шебер ғой


Жанымды менің демей ғой
Қалт еткен қимыл — ісіңнен
Мазмұнды мәнін сезем ғой.

Сезімім нәркес жаралды


Жерұйық, көктен нәр алды.
Алқаракөк, үндемейсің. Үндеме!
Бәрібір сені түсінем
Пиғылың адал адамға

Сақтануды үйретіп,


Қараңғыға қамайсың.
Мың - сан жұлдыз жамырап,
Ақ таң келсе тарайсың

О, табиғат тамаша


Сүйенішке жарайсың!
2003

ӘЛЕМШАР ТОҚТАМАС


Жүрекке жинады,


Айтуды тыймады,
Отырған отыз балаға,
Жақсылық құйды бағалы.
Ол ұстаз - мұғалім
Ол ақын, ол - жалын
Шыдамға үйретті
Баланы от - жалын.
Оқушы жүрегі
Ұстазын сүйеді
Мақтаса марқайып,
Марапат түйеді.
Бала ғой, балақай,
Кейде тым шалағай
Үзіліс болғанда
Қуанар: «Алақай!»
Есейіп ер жетіп
Бір күні өседі
Бір ауыл, бір елдің
Болады көсемі.
Шәкірттің бәрі де
Жақсы оқып, шыныққан,
Ішінде болады,
Жаралған сиықтан.
Талапты тарылмас,
Талапсыз табыспас.
Талаптың жүрегі,
Тәрізді күншуақ.
Талапсыз - тоғышар
Тәрізді түн - тұрақ.
Өмір бар өрелі,
Тоқырап тоқтамас.
Өмір бар мәңгілік
Өз күйін сақтаған,
Әппақ нұр, ақ таңның
Әлемі баптаған.
Фәріштә, ақыл-жас
Болма, әсте, бақталас
Әлемшар айналып,
Мәңгілік, тоқтамас.

ҚАРАҒАНДЫ ШАҺАРЫМ


Намысты, назды нар өлкем,


Жан жүректің қалауы.
Шын махаббат дастандай -
Жарастықтың жалауы.
Сенде туып, сенде өсіп,
Өмірдің көрдік биігін.
Көміріңнен тау үйіп,
Еңбектің таптық теңеуін.
Теміртаудың отындай,
Бақыттың алау таңдыры.
Гүл сезім - махаббатарға
Ақ желкен - арман боп асықты.
Өлеңім жүрегімнің қалау үні
Көнілдің басылмайды іңкәрлігі.
Сен менің бақытымсың, асығамын,
Жыр болып өміріңе шашыламын.
Ел - жүртың өркендесін, өлкем десін,
Басыңа қауіп келіп, мұң төнбесін
Ежелгі Сақтан қалған сарқыт болып,
Болашақ қанат жайып өркендесін.
Арқаның таңғажайып бір қаласы,
Бас қосқан жер Әлемнің мың баласы
Сомдаған батыр, ғалым, талай түлға,
Кеншінің мәдениет шаһары осы.
Тербеттің жүрегімнің қыл пернесін
Төсіңді алуан - түрлі гүл кернесін.
Шаттығым жыр - өмірдің өлкесіннен
Жайнатам бүгін жырдың кең көшесін.
2004
БІЗ ЕЛМІЗ

Ақша бұлтпын,


Қарамаймын жалтақ пен жағымпазға,
Күле алмаймын арсызға миығымнан
Ақ жүрегім тұрады өр биікте
Кесір жүгін лақтырып иығымнан.

Орден сұрап, жалпаңдап асылмадым


Күншілдерді көргенде жасымадым
Ақ жауындай төгілем, ақша бұлтпын,
Сондықтан ғой, қуатым басылмаған.

Ар - адамның арқауы, асы деймін,


Ар - адамның салмақты тасы деймін.
Ақынның ақындығы арда болу
Жайқалтып жүрек — сезім жасыл бағын.

Асқақ елміз,


Ел руһын көтерер өренім бар
Қолтығымнан демейтін өлеңім бар.
Өнері өрге жүзген қазағымды –
Халқымды жебеп — желер құдіреті бар.

Өнерді қастерлейді менің халқым,


Жер һауамыз кейде ыстық, кейде салқын
Қиянатсыз, қылаусыз досты тауып,
Еңбек етем елімде емен жарқын.

Биік намыс, өр мінез, асқақ елміз,


Арманы - таудай, тілегі - теңіз елміз
Аспанында қыраны қалықтаған,
Қазақ! - деген достыққа берік елміз.
2004
ҚАНАТЫҢ ТАЛМАСЫН ӘЛЕМ

Ойдың планеталық


тұтастануына
тарих анналына
тіркелуге тиіс ойым.
(автордан)
Дүние дидарына қараған бір терезем,
Ордалы тұтас ойға шабыт берер.
Көшелі сөзім қанатты болса,
Уақыт көзі төрелік етер.

Тоғыстырып акылды, ойды салып ортаға,


Тұшытып тілдің табысын,
Тап басып сөздің қиынын
Қиғашын сөздің жасырма.

Әлемге тұтас ақыл керек, сау ақыл,


Білмегенге білгенің де жоққа есеп.
Солай да болса, себебін, мәнін таба алмай,
Біржола жоқ деп, ойлама, сөйле таласпай.

Дәлелдеу қиын санаға тайыз, жетесіз,


Мәңгіге сонда бар болса тәнім не етерсіз.
Күй кешер меңіреу, түсінбей жанның теңізін.
Болмаса ұмтылыс, қандай лаж оған етерсіз,

Тіршілік, - дейді санасын әлем адамның


Өлгеннең соң жан дейді оның бағасын.
Тіршілікте талмасын қаққан қанатың,
Өлтірме мәңгі өмірдің шындық санасын

Тіршілік болар әр нәрсенің негізі


Руһани өркенниет - тіршіліктің егізі.
Дене, руһтың нүр сәулелі - жүйесі
Сана - сезім - жан нұрының дүниесі.
Сөз киыны (Б. Ахметтен) - сөзтіркесі.

ТЫМ ҚЫМБАТ


Кіндік буып,


Құндақтап,
Асыраған аймалап,
Жаным! - деген жадырап
Анам менің - бір қымбат

Жүрегіммен табысып


Жанымменен жанасқан.
Айды аспаннан әперем, -
деген ыстық лебізді
Махаббатым - бір қымбат.

Тыным таппай,


Тіл ашқан
Күнді әпер деп, сұраған
Бал татыған балғыным –
Балаларым - бір қымбат.

Осы өмірде ойнатқан.


Жылдарымды жайнатқан,
Ғасыр - менің дәуірім –
Жүрегіме жыр құйған
Туған Отан тым қымбат.
2009

ҚАЗАҚТА АУЫЛ БОЛҒАН


Қазақта қай заманнан ауыл болған,


Ерлері кең жауырын - дауыл болған.
Қыздары алма мойын, көркем сұлу,
Анасы ақ жаулықты - тәуір болған.

Қазақта киіз үй мен сауын болған,


Жылқының үйірмен көлге қонған.
Көш - қоныс думан - тоймен жалғас тауып,
Бабасы бата беріп, қолын жайған.

Қазақта ауыл болған, қауым болған,


Ақыны, би, болысы ақыл қосқан.
Батыры байтақ жерін қорғап жаудан,
Па, шіркін, мәңгілікте аты қалған.

Қазақ аулы - Ұлы дала болатын,


Ауыл - ауыл іргелесіп қонатын.
Гүлін терген сол даланың жастары,
Бірі батыр, бірі - ақын, бірі - әнші болатын.

Қазақ аулы: сүр, құрт, майын баптаған,


Наурызға деп бүрмесін де сақтаған
Жыл келгенде жаһан жұрты жанданып,
Төлдейді мал, балалар жүр мәз болып.
Ау, қыз - жігіт, туған елде әнге бас,
Елін, тілін мақтан тұтсын әрбір жас.
Жүректерге адамдықты жинасын,
Туған жердің таза һауасы - дәру ас.
2008

ҰЛЫ ДАЛА

Ұлы дала - ұлықтың ұраны,
Ұлар құсы - Ұлытаудың сыр - әні.
Ұлы дала жатыр күтіп жаңалық,
Батырлардың ұрпағынан далалық.

Алаша, Жошы күмбезі дала төсінде,


Күн ойнайды күмбездің ұшар көгінде.
Көк аспанмен тілдеседі айшығы,
Паш еткендей азаттықты айшықты.

Дала десем шетсіз - шексіз ой кешем,


Дала десем айдын - шалқар бел кешем.
Маңғаз дала жатыр түйіп сырларын,
Сезінгендей жаңа ғасыр салмағын.

Жазық дала жазуымдай жолдары,


Салады еске өткен күндер болғанды.
Зәулім таулар заңғары ғой заманның,
Шежіресі адам және қоғамның.

Жазық далам көз жетпейтін атырап,


Тұнған ақыл, дана - нақыл жеті қат.
Баласы батыр, санасы сау, тұлғалы,
Далам жатыр жаңа күнді жарылқап,

Ай қуып Күнді, Күнде Айға жетем деген,


Адамзат Әлемшарды мекендеген.
Аспан - Жер ортасының һақ төрінде,
Халық бар асқақ тұлға, айбары ерен.

Сағым дала, сабыр дала - саһара,


Сансыз өмір куәсі сол - сардала.
Қажырлы еңбек, қайратты күш - жігерің,
Мың қуатты, мың тірлікті маң дала.

Ескенде Сарыарқаның самал желі,


Шипалы саумал - самал жылы лебі.
Кең дала, көсем дала, кемел дала,
Жұмақтың жұпарындай кемеңгерім.

Даланың жалғасуда әдемі әні,


Өмірі мәңгі өнеге әсем сәнді.
Өзіңе деген іңкәр сағынышым,
Төгеді көкрегімнен жырды мәнді.

Күлшелі күмбірлеген заман болсын,


Ұл - қызың, күлімкөзің аман болсын.
Мәңгілік тыныш болсын өмір - шеру,
Сүйіктім, сұлу елім - мекенімсің.

Тәттімбет Саржайлау деп, күй тыңдатқан,


Сәкенім Сарыарқам деп, әнге қосқан.
Болашақ Ұлы өңірден сүрет тапса,
Даламның ұлылығын жырға қосам.

Әжем мен Бабам басын қосқан дала.


Ержетіп атқа қонған талай бала.
Тау - тасы, бұта - бұраң мауқын басып,
Сырласып тобылғыңмен тұрдым дара.

Япыр - ай қия алмаймын түз гүлдерін,


Тәттісі - ай түз еркесі бүлдіргеннің.
Сүйсінем әрбір атқан Ақ таңыңа,
Өмір - дала, жақын доссың жаныма.

Дала жатыр ғасырларды айғақтап,


Арман - ойым Айға барып жайғаспақ.
Тәулсіздік туын тікті аңсаған,
Қазақстан ұлы дала, кең - байтақ.
АҚЫННЫҢ ӘЛЕМІ

Әр ақынның өз әлемі


Қаңтардағы қызыл гүл
Кешегі әуен, бүгүнгі ән
Келешекте гүл дәурен

Әр ақынның өз әлемі,


Ертеңгіге мың әуен.
Әр ақынның айтар сөзі,
Өмірге жүктер мың сәлем

Әр ақынның Әлемі бай


Өмірге Ұлы сыймайды.
Ақынды жырақ қалдырма жалғыз
Әнін ол саған сыйлайды.

Дүние мінсіз, жырлайды


Ақынсыз өмір жылайды
Ақындар мәңгі жырлайды
Өмірге, мына,
Сондықтан олар сыймайды.
ТЕК БІР АУЫЗ СӨЗ ҒАНА
Кеуде керер қуанышты жеткізген,
Сары алтындай сардар сана салмақты.
Табылғандай қуаныштан бір пана,
Шаттандырар, тек бір ауыз сөз ғана.

Шалқытқандай шабытымды шаттықта,


Күн орнатқан бір басыңа бақытты.
Шабытыма шабыт қосып шалқытып,
Қуантады тек бір ауыз ғана.

Бақытымнан аспан бұлты тарқайды


Ашылғандай махаббаттың сарайы.
Тұнығында жанымның бір тетігі,
Жадымда, тек, сол бір ауыз сөз ғана.
1999
АҚ ЖҮРЕГІМ
Ақ жүрегім Алатау асқарындай,
Ақ шуағым Әлемнің аспанындай.
Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбас,
Ақ пейілім табиғат шаттығындай.

Ақ сәулелі таң мезгіл құшағында,


Ақ таң ойнап, тарады гүл бағына
Ақ көңілім - ақ таңым арайланды,
Ак иықтан күн сәуле қарағанда.

Күн батырып, таңды да атырамын,


Жүрегімде толқиды асқақ әнім.
Оңай емес, ой мүжіп көз ілмеген,
Түсін құрбы, ақынның жан азабын.

Жүрек жұтап, іздедім, армандадым,


Төзім, шіркін, тербелді, аңғарғаным.
Көңіл алаң, жүрек - жұт, өмір - азап,
Уақытпен жарысып, зымырадым.

Жүрегімде сағыныш гүлі алау,


Көңілімнен күрсініс тапты бояу.
Жұрт ұйқыда, түн мең - зең, дала жым - жырт,
Сағыныштың құлымын - жалғыз ояу.

Сағынғаннан саламын осынау әнге,


Кейбір жандар түсінбес мұндай мәнге.
Кербез мұңым, сағынған аяулы әнім,
Ақ жүректен құйылсын жүректерге.
1990
*Ж* - ЖҮРЕГІМ

Жүрегің жүрегімді жүдетті де,


Жырласам жүрегіңе жыр жете ме?
Жаңғыртып жасындайын жазайыншы,
Жайқалтып жайлауымның жаз желегін.

Жаралған жолбарыстан жүрегім жоқ,


Жап - жарық жүрегімде жүрерге жол
Желіксе жайлауымның жұпар желі
Желпиді жауған жаңбыр жүрек желін.

Жауабы жүрегімнің жалынында


Жақұт жаным жай жатпас жанабында
Жау жаңбыр жер жүзінің жанын жібіт.
Жылауық жел жас жүрекке жармаспа.

Жас жүректер жаңбырлардан жасқанба


Жаңбыр жауса жаңарар жер жайқала
Жанарынды жуса жаңбыр жауыны
Жүректерге жылу жолда жыр жаз да.
2003

АҚЫН – ҚҰДІРЕТ


Өлең - құдірет


Өлең - қадір, қасиет
Өлеңді өрге
Жеткізу ерге өсиет.
Өсиет - ақын,
Жырға да жақын сол - ақын.
Өмірдің күйкі Бейқам да, мазаң тірлігін
Аямай сынап,
Кеміс - мінін буады,
Сондықтан ақын
Өлеңге жақын туады.
Өлең - қадір, қасиет
Сондықтан, Ақын - құдірет!
2004

ЖҰЛДЫЗ ЖАНҒАН ТҮН ЕДІ


Самаладай жұлдыз жанған түн еді,


Түн құшағын жарық қылған кім өзі?!
Оның әсем жанарынан жаз есіп,
Түн түнекті түре жортқан кезі еді.

Паң тұлғада екі көзі шам - шырақ,


Сол бір ғажап сұлулыққа бағынған.
Бейбіт өмір, тыныш тірлік күлкісі,
Одан асқан нұрды жаны таппаған.

Ақ көңілі асыл ойға шомылған


Сол ақынға кез болыпты мөлдір жан
Қарапайым сұлулықтың құлы боп,
Ақын болып Әлемде жан жаралған.
2004

ЖҰЛДЫЗЫН ТӨКТІ ТҮН


Кеудемнен кетпейді бір - сағыныш - мұң,


Келеді құлағыма бір нәзік үн.
Тектен - тек, ақын, әсте, мұңаймайды,
Жұлдызын төкті үстіме қаранғы түн.

О, тоба, қуаныштан қақты жүрек,


Жұлдызды кұшақ - құшақ алдым күреп.
Тағындым басыма да, кеудеме де.
Жасарып, он сегіздей, қалдым түлеп.

Көрдің бе, ақын бекер туламайды,


Тектен - тек Ай, Жұлдызды жырламайды
Тентіреп сезім, сағыныш мұнданса да,
Ақынжүрек - тәкаббар, жыламайды.

Тек қана,


Ақынжүрек әлсін - әлі күрсінеді жалығып,
Жырлайды күйдің астарын ұғып, жаны ұшып.
Бұл дүнияның күтуде жарық шырағын.
Тосды алдан құрметін Алла - Тәңірдің.
2004

ДҮНИЕ ЖҰМБАҚ, ДҮНИЕ ЖҰМАҚ...


(Ән)

Дүние жұмбақ, дүние жұмақ жетелі,


Береді өлшеп есебі - шөлмек еселі.
Еседі жел де, көшеді ел де көшелі
Дүние жұмақ, дүние жұмбақ өтеді.
Өмірдің назы өткелдің сазы құрғайды
Жас сәби өсіп жетеді, желдей еседі.
Қарақат көзі бал шырын сөзі тамаша
Өмірдің сөзі, бұлақтың көзі сол бала.
Дүние жұмбак дүние жұмақ кезеңді
Арқаның желі, самалы мәңгі еседі
Баламенен жалғасқан өмір еселі,
Сондықтан да ғұмырды мәңгі деседі.
2004

МАХАББАТТЫҢ МҰҢЫ БАР


Білесің бе, құрбылар!


Махаббат, - деген ұғым бар.
Білмесеңдер, жастарым,
Осы сөзді ұғып ал.

Білесің бе, бозбала!


Махаббат дейтін ұғым бар.
Білмегенге сездірер
Махаббатың мұңы бар.

Білесің бе, қыз бала!


Махаббат жайлы сөзім бар.
Білмесеңіз айтайын
Көкрегіңе сызып қал
.
Білесің бе, махаббат қызықтарын
Жүрегіңе түсірме сызық - дағын
Ойнасаң да ойлап айт құрбыларға
Махабатпен ойнама, қарақтарым.

Көбелек боп жағалап отты ұшпа


Махаббатсыз ешкімді сүйіп, құшпа.
Құдіретін махаббат сыйламасаң,
Қала берер қайғысы жүрек тұста.

Махаббатсыз дүние бос екенін


Абай - шындық жаңғыртып діттегенін.
Ұмытпайық, ұмытпа толқын жастар,
Төлеген Қыз - Жібегін іздегенін.

Көңілімнің мөлдірі көкірегімде


Қалай жүрмін мына өмір көлгірінде.
Іздейтінім сезімнің серілері
Тауыспайық тәттіні сезімдегі
.
Махаббаттың мәңгілік егіздері
Суытпайық жалынды сезімдегі
Абайла, махаббаттың киесі бар,
Махаббатсыз дүние мұңға батар!
2004

ОУ, ДОМБЫРА


Жаным жұмсақ, сырлы өмірге ғашықпын,


Әуес боп әңге, құмартып күйге асықтым.
Екі шекті домбыраны шертпелеп,
Қайғы шерді екі шектен ағыттым.
Әнге, күйге арқау болған домбыра,
Қазақ үнін әуелеткен домбыра,
Өзің болдың ақ бесігі тарихтың,
Анық тілмен қарт өмірді таныта.
Мәдениет марапатын көрсетіп,
Ұлт өнерін руһани өрлеттің.
Екі шекті, бір тиекті домбыра,
Жан сезімін, ел сенімін тербеттің.
Ерекше бас аққу мойын келбетің,
Кеуде керіп, шанақтан күй селдеттің,
Құлақ бұрап, түзеп қойып тиегін,
Әсем күйді, сұлу жырды көлдеттің.
Сүйем сені, ұйып тыңдап үніңді,
Қолға ұстадым түймедей шақ күнімде,
Бір қуаныш, жұбаныш бар секілді,
Сенің сұлу сазды, назды үніңде,
оу, домбыра!
2003

ТАҢҒА ҚАРСЫ ЖҮГІРДІМ


Бірде тұрып, таңға қарсы жүгірдім.


Жүгірдім де, сүріндім, жыламадым,
Қайта тұрып жүгірдім.
Маған қарай, желмен желіп
Келеді екен таң шапақ
Мен аңсаған бір бақыт сол,
Ұстай алдым шашадан.
Салдым айғай әлемге:
Міне, міне, - дедім
Міне, менің бақытым,
Қарасам ... Алақанда Ақ Үкім –
Өзі сұлу, өзі ақылды,
Тек, жанары мұңды екен.
Көзім түсіп көзіне
Күлді көзім көктемдей.
Ол да күлді,
Аузын тосып, өбкендей.
Бірге күлдік, кезек қысып көздерді.
... Елең еттік,
Әупілдектің әнін тыңдап.
Ол да, мен де таңдандық.
Көктем екен,
Енді ғана аңғардық,
О, аңғалдық, аңғалдық
Махаббат пен Бақытты,
Жүрек толы жақсылықты
Жанмен ұғып, кеуде кере,
Шын жүректен ән салдық.
Көктем таңы осы екенін
Енді ғана аңғардық.
О, балауса - аңғалдық.

СЕНІ ІЗДЕДІМ


Кей жандардың ақылы теңіз дедім.


Сол теңізден жан құрбы сені іздедім.
Мен іздедім, әлде, сен мені іздедің
Әйтеуір сол іздерді көп іздедім.
Кездестірдім іздерін ізгі жанның
Түсінді ме жай - күйін қыл қаламның
Орайында, ақының аңдағанда
Орны өзгеріп, жойылды із - қадамың.
Қайран құрбы ақылың азайды ма,
Көңіл хошың, қуатың бозайды ма,
Сәулең болса кеудеңде келіп қара
Әлі жүрмін Ақылдың сарайында.
Әлі жүрмін ақыл - ой сарайында
Ақ ниетпен алысқа қараймын да
Бәз - баяғы іздерден сені танып,
Қуанамын Таң - Шолпан арайында.
2005

ӨМІР НЕДЕН ТҰРАДЫ


Өмір бар ғой:
Тоғысу мен торығудан тұрады.
Кімнен? Қашан? Не керек? — деп сұрады
Өмір сенің қуа берер соңыңнан
Есіртеді сені қағып арқаңнан.

Өмір бар ғой:


Айрылу мен табысудан тұрады.
Кімнен? Қашан? Не керек? - деп сұрады
Көнбейді ол сенің ыңғай, ырқыңа,
Еркелетер ақылдыны ынтыға.

Өмір бар ғой:


Кешірім мен ескеруден тұрады
Кімнен? Қашан? Не керек? - деп сұрады
Өмір сенің туа бермес оңыңнан
Баз өмір кеш келсе егер қолыңнан.

Өмір бар ғой:


Әкесі емес ешкімнің
Сылап, силап, сүйе бермес бетіңнен.
Өмір көшін өз қолыңа береді,
Даналарға, ақылдарға сенеді

Өмір - өзен. Ағысы ерен. Тынысы терең.


Түңілмей түсінгенге өмірдің берері мол.
Адамға керегі сол!
КЕЛЕДІ ЖҮЗІП АЛТЫН АЙ

Қапталдай жанап қасымнан


Келеді жүзіп алтын Ай
Жарығын айдың сүйемін
Қараңғы түссе болмас жай.

Қапталдай жүзіп қасымнан,


Келеді қалмай Аусұлу.
Жымыңдап алыс жұлдыздар
Шақпақ қанттай шашылған.

Қапталдай жүзіп сұлу Ай


Келеді күтіп ақ таңын
Шығарып салып сұлуды
Мен едім тосқан Нұр таңын.

Қапталдай жүзіп қасымнан


Күн сұлуды іздеп келеді Ай
Сұлуын Айдан қызғанған,
Сібірлеп атты айшық Таң.
Ай батты жылжып қамыға,
Таң самал саумал жұпары - ай
Ғажабын Әлем қайтерсің,
Күн шықты күліп далаға.

Ай тосып Күнін көре алмай,


Төсінде көктің жүзеді.
Қызарып көзі күннің де
Көре алмай Айын жүдеді.

Ғашықтар солай, қосылмай,


Әлі жүр іздеп бір - бірін.
Ғаламат ғалам осылай
Жүйткиді диірмен тасындай.
БІР КЕЗДЕ БОЛДЫҚ

Бір кезде болдық жалындай


Ауылдың болдық еркесі
Өткен күн кетті сағымдай
Сенбеске бәрі ертегі.

Бір кезде болдық Алтын Ай,


Қыздардың болдық өртеңі.
Сенбесең саған не дейін,
Құрбының болдық көркемі.

Бір кезде болдық жүректі,


Даланаң гауһар гүліндей.
Махаббаттың күші екен,
Бәріне енді түсінем.

Бір кезде болдық Нұрлы Аспан,


Өлеңдер бізден басталған.
Сенбесең қалқам не дейін,
Арналған талай дастандар.

Бір кезде болдық бұлбұлдай,


Суындай зәмзәм бал қосқан.
Сен, мейлің, сенбе қарағым,
Махаббат мәңгі жалғасқан.
2005

ҚАЙРАН ЖАСТЫҚ!


Жасөрім кыз боп, қылығын тердім қызықтың


Қыдырған бұлттай қырқасын астым қырықтың.
Қырық деген қылшылдаған о т е к е н
Қырық тоғыздың мүшелін түйіп толықтым.
Қайран да, қайран жастықтың отты жылдары
Күндерім жылжып, уыста мәңгі т ұ р м а д ы.
Ұяттан қорқып қазақы с а л т т ы,
Дәстүрлі жолды құптадым.
Теректей түзу, қайындай шашты жұптадым.
Текке де өтті — ау талай бір тірлік сағымдай.
Дүние, шіркін, өтіпті - ау қас - қағымдай.
Қыз дәуреннің кызбасымен гүл жиып,
Өткіздім өмір арманға еріп күй талғай.
Бұлт та кетті қырды басып, т а у а с ы п
Күлген күнді қуа түрді т ү н ғашық,
Жұлдыз санап, айға асылып тербелген
Қайран жастық -
Махаббат мастық – у мен тең.
Тірліктің балын ләззәттің нәрін беретін
Хал - қуаттың махаббаттың
Жұмбақ жанын кеш ұқтым.
Салмақты едім серпілдім сәтте селт етіп,
Бұл жалғанға түйілдім сенбей с е р т е т і п.
Қайран отты к ү н д е р і м
Қадіріңді білдім де, кейде, білмедім.
Жастық жігер, оралшы, бір сәт, құстайын
Өлгенімше аялап, алақанда,
Па! Кербезімді ұстайын.

АДАМ ЖАНЫ ҚҰПИЯ


Адам жаны бір қиын сыр,


Дүниенің тіршілігі өлшеусіз.
Денедегі атомдардың әсерін
Он түрінен ұға алмайсың бір түрін.

Адам жаны ми деп босқа ойлама,


Ми жан емес екенін де жобала.
Әр уақыттың дене арасы әртүрлі,
Сезіміңмен байланысын бағала.

Жан маторы жүрек деп те ұқпайық,


Ғалымдардың айтқаны көп,
Жан сезімге тоқтайық.
Жанды жерлік сөкет сөзге соқпайық.

Жан мен дене қосылып сән түзеген


Тіршілігін сырлы дүние үптеген
Еш сипатпен өлшеп - пішіп болмайды,
Тіршіліктің қасиеті жүктелген.

Жан мен дене бір әсердің жалғасы,


Әркімдердің дәлелі, тек, далбасы.
Жан мен дене Нұр сәтінен жаралған,
Алпыс сәтте айналады атомдарың ағзаны.

Қанда темір, мида құрсау шарасы,


Жүрек мидың қан айналу саласы.
Нұр жүрістің Аспан - Жердегі арасы
Мүштәри ғой, адам оның бағасы.
Түп қуаттың түп себебі бар білем,
Бір Алланың ғажабына мән берем.
Білмейсің бе? Білуге асық құмартып,
Жоғынды ізде, барыңды алма жоғалтып.
2005

ҚИЯЛ ТОЛҒАНЫСЫ


Қиял менің серігім,


Қиали ойдан аулақпын
Талпынам қағып қанатты,
Құлшынам көңіл - күйіммен.
Бұл дүния баянсыз,
Таппасаң ойдың амалын,
Тек мәңгілік жасасын
Құс - қауырсын қаламым.
Мынау фәни жалғанға
Ой көзімен қарайық
Ақылды қадір тұтпасаң,
Қасиет күтпе жаманнан.
Алдамшы, «ауру» тағдырды
Ақымақ сатып алғандай
Сене берме әркімге,
Болма ғаріп, ойланбай.
Тылсымын дүние ұқпайсың
Ақылың, күшің толғанша.
Бірі - алдау, арбау, қулықты
Айырып, түстеп болғанша.
Есігін ашып айқара,
Өмірді танып, білген жөн,
Өйтпесең сырлы, сын дүние
Тіршілік болар у мен тең.
Жақсы даңқ қалар дүниеде,
Кір көңіл кетер өмірден.
Жақсы - жаман күн кешу,
Өр кеуде - қасиет, көңілден.
Ақыным жырла желігін,
Жеңісін төзім, сезімнің
Дүние қалар, тән қурар,
Жүйесі қалсын сөзімнің
Ізгілік менің іңкәрім
Өлеңім өршіл тұлпарым.
Оңға да, солға қарайын,
Салдырып жырдың сарайын.
Ақындардың ақ сөзін
Оқымай жүрген пенде көп.
Шайырларымен шаттанып,
Құрмет тұтар ел де көп.
Өлеңнің бар ғой руһы,
Ескермей қалмас еш пенде.
Жеткенше тірлік ғұмыры
Жырлайды жүрек егіле.
Өмірдің өрі аумалы,
Сыр қылдым өмір қатпарын,
Тазалап ардың шауһатын
Сырладым заман жапсарын.
Мынау дозақ дүние
Көнер ме қайта жасауға
Бір күрескер кездессе
Тазарар ма еді «беу кеуде»
Қилы заман қиынын
Қидырдым сап қып қамшыма
Таланыңа байланған
Тар пейілге табынба.
Айнымас көңіл ақылдан
Тәкаббар тұлға - өр шайыр
Өмірдің тағдыр - тұрағын,
Насихат етер сол - шайыр.
Қиал менің серігім,
Қиали ойдан аулақпын.
Қолыма қонды Бақыт құс,
Жібіне жүрек байлансын.
2005

СЫРЛЫ ҮМІТ СӘТІ


(Ой - ТОЛҒАУ)

Сырлы үмітім сенді саған бір құдай,


Жылжыр жылдар бәйгедегі жылқыдай.
Жылыма жыл қоса гөр менің періштем,
Жырмаламай, жұлқыламай, жырытпай.

Үкілі үміттің жұлдызын іздеп келемін,


Ақталар деп үмітім, Аллаһға мен сенемін.
Үлесімнен Аллаһ берген бос қалмай,
Өлең тауға шығамын, әсте, жасқанбай.

Аспан Жердің арасы сәт - сәт өзгерген,


Кереметін, ғажабын дана, көз көрген.
Көрмесін енді Болашақ өмір азабын,
Көрейік біз тамаша өмір ғажабын.

Жер қопарып, бетін жыртып, бөздеген,


Жерді илеп, елді билеп, нені, сонда көздеген
Шын жыласа соқыр көзден жас шағар –
Атам қазақ озбырлыққа төзбеген.

Өтті жылдар, өтті ғасыр ел кезген,


Сана мен салт, талай дәстүр өзгерген.
Өзгермеген, тек, қазақы қасиет,
Ата - баба қалдырды ғой мәңгілікке өсиет.

Ата - ана өсиеті мәңгілік,


Жырға қостым қасиетін ән қылып.
Қазақстан көкбайрағы желбіреп
Бар әлемді біз қараттық таң қылып.

II
Өлең тауға шығып ап жұлдыз санаймын,


Арман - өмірдің орындалғанын қалаймын.
Армандарым ықыласыммен дос болсаң
Асқар таудай асқақ болуға жараймын.
Кейде, осы, шұғылалы нұр шашқандай баламын,
Күн нұрының шұғыласымен толамын
Кейбір сәтте ашардай бір жаналық,
Күнді сүйіп, Айға барып қонамын.

Қайта оралып ойға тағы шомамын,


Құдай білер аяғы не боларын.
Ой толқытқан асыл арман жетелеп,
Сәтті күнгі сәттіліктен толармын.

Санамаймын жылдарымды жылжыған


Кәрі емеспін жоқты - барды мыжыған.
Келсе келсін жетпіс, мейлі тоқсаның,
Әйтеуір мен көштен қалмай жылжығам.

Кейбір сәт желдей есіп желігемін,


Кеудемді күнге тосып керілемін.
Жамандықты дарытпай шауһатыма,
Жақсы ақынның назына берілемін.

III
Кейде ойлаймын. Мен кім осы, кіммін? - деп,


Түрлі ойлардан жүрегіме кірбің кеп.
Жазушы ма, ақын ба, ұстазбын ба?!
Кім болсамда адам боп қаламын да.

Ақынмын деп, өзімді қалай айта алам


Алтын ғасыр кемесінде шайқалам.
Әрбір ноқат, нүкте, сұрақ лебіңе
Өлеңменен жауабымды қайтарам.

Мен ұстазбын бала, шәкірт баптаған,


Түн ұйқымды төрт бөліп,
Ерте тұрып, бірақ ерте жатпағам
Тамақтың да дәмдісін қонағыма сақтағам.

Сырлы үміттер сағынышын сыйлағам,


Мен адаммын, тек, жақсылық жинаған.
Жақсы дәстүр рәсімді сыйлаған
Жүрегімнің қалауы - ақын болып өтпесем
«Ауылыма» қалайша мен қайта алам.
IV Бабалар сөзі-тарихтың көзі.

Тас пенен құм бірігіп,


Құрлық пайда болыпты.
Тікен мен гүл бірігіп,
Тірлік пайда болыпты.
Бара - бара жәй талдан
Бадам пайда болыпты.
Құдіреті күшті бір сырдан...
Адам пайда болыпты.
(Автордан)

БАБАМЖАТҚАН ТҮРКІСТАН


(Түркістандагы Иассауи


кесенесінде дамылдаған бабам
Тарақты Наймантай батырга арнау).

Бисмилла Ирраһман Иррахим –


Деп бастайын сөзімді.
Қасиетті Түркістан,
Қадірлім өзің аңсаған.
Арыстандай айбатты,
Келбетіне таңданам.
Талай қазақ баласы,
Жолбарысша жұлқынып,
Еркіндік жолда күресіп,
Өзіңде қосты-ау бастарын.
Айналайын Түркістан
Исламдай дінді дарытқан.
Иассыдан болып мекені,
Бабалар руһы табысқан.
Ахмет қожа Иассауи,
Білімнің кеніш тәуірі,
Өткеріп бастан дәуірді
Талайдың болды бауыры.
Қасиет-қадір-жерұйық,
Білмегенге ой тұйық...
Тарақты, Арғын-Наймантай
Жай тапты Тұран жерінде,
Бабаның сыйлап ақ тасын,
Тәу етсе, - дейді бір басым.
Фәріштә тілек қабыл боп
Шығартсам құран, тілек көп.
Бас идірген жауына,
Сөз ұқтырған қауымға -
Батыр бабам Байғозы,
Атам болыс Жазыбек,
Қызмет қылған халыққа.
Құдіреті күшті құдайым,
Өзіңе сеніп жырлайын,
Атадан қалған тұяқты,
Қолдап та жүрші Илләһим.
Тектіден тудым, ағайын,
Қалайша тексіз болайын.
Көкірегі ояу, көзі ашык,
Ұстаз да, ақын болайын.
Лұқпан Хакім -
Ұлы ұстаздан ұққанмын,
Әл -Фараби дәрістерін жұтқанмын,
Шын ұстаздың әрбір сөзі киелі,
Негізінде, ұстаздыққа иемін,
Әруақты ата - бабам киелі,
Бата төрі Тарақтыға тиесі.
Көне көздер мені танып сүйеді,
Қанымда бар қасиет, сезім киесі.
Ұлағат сырым мұражайға мұрағат
Әлемде, мына, болмасын деймін жаманат
Әже - баба аманаты - ұлағат.
Болашаққа қалсын менен һусниқат.
2004

БАБАМ БАЙҒОЗЫ БАТЫРҒА АРНАУ ТОЛҒАУЫ.


Батырдың 300 жылдық
ерен тойына арналады

Он екі, он төрттерде батыр болған


Байғозы қасиетті қадірлі атам.
Өмірі Менделеев кестесіндей,
Аталып Жекебатыр жауға ұмтылған.
Қашанда жауын жеңіп, алға озған,
Елдік пен ерлік үшін белін буған
Тарақты ер, батыр баба - Байғозы еді
Еркебұлан жасынан жауды қуған.
Көз тартар келбетіне көзің тоймас,
Байғозы ердің ері, батыр, бекзат
Сұлтаны Тарақтының тастан таймас
Қас - дұшпанды жайратпай көңілі тынбас.
Байғозы талай белден асқан еді
Сыйлаған кәрі жасы, туған елі
Ғұмырға тозбайтындай іс қалдырған
Ғажайып үлкен ғибрат бабам ізі.
Байғозы Орта жүздің арыстаны
Би, батыр атасынан қалыспады.
Елі үшін шүберекке жанын түйіп,
Ізінен ізгіліктің қалыптасты.
Құрық бойын бойлаған бойы ұзын,
От шашқан үлкен көзі мөлдір тұнық.
Қыбырды қараңғыда көзі шалған
Қомданса қара бүркіт бойдан ұшқан.
Байғозы - тарих үні, тарих сыры,
Тұлғасы айтып болмас, ерен ірі.
Сыйынып бір Аллаһға қол бастаған
Байғозы батыр бабам мәңгі тірі.
Тарихта жақсы заты, аты қалды,
Елдік пен еркіндікке қорған салды.
Атыңнан айналайын мәшһүр бабам
Естелік, жинап тердік қолда барды.
Үлгі - өнеге көрсеткен Ұлы бабам,
Ұқсамай мен қалайша жаман болам,
Бабамның қаны ойнайды жүрегімде,
Жақсыдан қалған тұяқ - Тұрсын болам.
От ауыз, орақ тілі ауысқан ба?!
Ғасырдан ғасыр өтіп табысқан да,
Бабамның әруағы жебеп - желеп,
Тегіме тарта туған мәшһүр болсам!
Наймантай - Байғозы - Құлжан - Жәуен –
Жазыбек атам, Жақып әкем
Ойласам сол заманды ойға батам.
Жаксы ел - Тарақты;
Жақсы ер - Барақты деп, бата берген
Алшекең туған кұда, ол да бабам
Алшынбай, Есет батыр - бізге құда.
Нағашым Нұржан, Шолақ - Ұлы тұлға.
Жаралдым қос - қос батыр ұрпағынан,
Аялы арманымды тағдыр қолда.
Бабаны еске алғаным естелігім
Наймантай, Байғозы елі - бес беренім.
Өсірген қызды қақпай еркелетіп,
Тәлімін ата - дәстүр ескеремін.
Ұрпақтан ұрпаққа асып атың жеткен,
Арасын Түркі - Арқа қоныс еткен
Жүректен жарып шыққан жырды арнадым,
Әнімсің, әсте, өшпес көкіректен.
Ақ туын қолға ұстап, дара шыққан,
Алысып ауыздықпен тұлпары ұшқан.
Екпіні тау қопарып, тасты жарар,
Намысын жібермейтін батыр болған.
Таспадай тілгілеген қалмақ - жауды,
Тас үйіп, оба салған «қалмақ қырылған»
Жоңғарды, Қытай - манжүр - жауын жаншып,
Ержүрек батырлармен бірге жортқан.
Хан Тәңір - қасиетке сан өрлеген
Туған ел, халық үшін мың терлеген
Батасы ана - дана қабыл болып,
Әз бабам өз елінде жүзден асқан
Қамшысы айбалта боп атақ алған,
Әкеден Наймантайдан батыр туған.
Әкелі - балалы боп тізе қосып,
Аманат, Жазыбекке елі қалған.
Киесі Байғозының Қара бүркіт,
Көк жүзін қанат қақса дүр сілкінтті
Айбалта, тарақ - найза жарқыраса,
Шаңқылдап Қара бүркіт қаһар төкті.
Ақсерке, Құлжан батыр немересі,
Бәйтелі - Тоқа батыр
Мың қолымен теңеседі.
Немере - қос батырмен қорған құрып,
Соғысып, патша әскерін қырған еді.
Қарағаш Жаңарқаның жерін қорғап,
Алысып ақ патшаға салған ұран
Сағал, Сапақ ауылда Шегір қалып
Мекенге Жиделібайсын көшіп қонған
Тарақты руһы биік ру екен
Ертеде тайпа болып күші біріккен.
Көп сөзге көмілмейтін тарландары,
Күшпенен адал істің көсемі екен.
Ішінде Тарақты, Арғын би, болыс көп,
Тұяқ, Шал шешен сөзі тиеді дөп.
Жазыбек артық туған болыс еді,
Бәйгені шаппай алған, ол - асыл тек.
Тарақты - Ақтанберді азан аты,
Байғозы Орта жүздің арыс басы.
Сүйретпей Жазыбектің немересін
Оянбай батыр бабам неғып жатыр.
Наймантай Иассыны қылған мекен,
Байғозы «Батыр басын» иеленген.
Құлжандай немересін қасына алып
Қарт Байғозы тауыпты тыныш мекен.
Тесеніп туған жердің топырағын
Көрпе ғып көк аспанның атырабын
Үш жүз жыл тілеп қазақ бостандығын,
Әруақ тебіреніп бір аунадың.
Қазағың қажымайды қамықпа ата,
Жата бер тыныштықга беріп бата.
Мың өліп, мың тірілген һас үрпағың
Көш басын түзеп салды, болмас қата.
Айбынды Нұрсүлтандай інің басшы
Бейбіт өмір-жүйрікке қамшы басты.
Атына сай жүзінен нұр төгілген,
Президенттің арманы биік, сөзі жақсы.
Арманға елдің қолын жеткізбекші
Дипломат әрі ақылды, әрі текті.
Бойында Үшқоңырдың туған ерек,
Үш жүздің бірге түбі, ол біледі.
Сондықтан жеті атаны білген де жөн
Қыз бен жігіт тұқымды бүлдірмеген.
Әпкелер: Баян, Шәкі, Нүржан қыздан...
Тараған батыр, болыс, кіл данышпан.
Мақтансам мақтанарлық бабалар бар,
Құр мақтан адамдарды соғар жарға
Өз тілің, ғылым тілін үйрен жатпа
Күш, білек - Білім болар бұл заманда.
Мен жүрмін жазып өлең желдей есе,
Әруақ Болашақты жебеп - желе.
Өткен - кеткен тарихты түйіндедім,
Кем - кетігі толыссын, берсін есе.
Бабалар топырағы торқа болсын,
Алдынан ай, көшесі нұрға толсын.
Ұрпағы батырлардың дуалы боп.
Бейбітшіл қазақ елге Бақыт қонсын!
2005

АНАМА

Сездің бе, анам, сенің ыстық лебің,
Жалын боп жүрегімде құшты менің
Өмірдің нұрын төккен жас жаныма,
Қадірлі анам сенің асыл сөзің.
Жадыра, жабырқама, жайдары жүр
Жүректен арнағаным жырменен гүл.
Қалмапты ержетсем де еркелігім,
Тегінде, саған деген махаббат бұл.
1963
КӨҢІЛДІҢ КҮЙІ

Жасыл жайлаудың жұпарын жұтып,


Бетімнен сүй деп, самалға тостым.
Тылсым бір күшін табиғат достың,
Жасымнан құшып, қуанып өстім.

Ананың сөзін қия алмай өстім,


Тылсым бір сырды ұға алмай өстім.
Алысқа кетпе? - дегенін ұғып,
Жанында жүрдім ұзамай көштің.

Тылсым сырларды жинақтай өстім,


Табиғат әсем, маужырар өскін,
Көк аспан көлбеп мүлгіген кеште.
Көк майса, шалғын тыншиды пәске.

Сілтідей тынып табиғат бір сәт,


Тұңғиық бір батқандай ойға,
Серпіліп көңіл қуанса дәтке,
Бақыттың таңы атады сәтте.
2000

ПАПАМА
(Әке рухына арнау)


Өз басынан өтпеген жан түсінбес
Еске алып, әке жайлы күрсінбес
Тұлға - кейпін сағынамын, аңсаймын,
Көлеңкең де болды енді көзге елес.

Жүрегіңнің жылу күшін дарыттың,


Күншуақтай көкірегің жарықтын.
Сүйе білген ұлы жүрек - Пайғамбар,
Жүрексіздер оны қайдан түсінсін.

Еркелеуші ем, өкпелеуші ем бұртиып,


Сағынышты өcіреді жыл жиып,
Сенің әппақ пейіліңнен нәр жиып,
Алғандаймын өміріме мол сыйлық.

Бөгде істің көрсетпедің бір күйін,


Содан болар мен отырмын жыр түйіп,
Бір өзіңнен көрген едім адал бақ,
Өзің жоқсың, қалды еркелік тыйылып.

Алакөз, - деп еркелетіп атымды,


Асыл тастай көруші едің затымды.
Әр ісімді таразылап, бағалап,
Отырушы ең мәдақалап атымды.

Сен жатырсың Қарауылдың өрінде,


Өткен — кеткен қолын жайсын дедің де.
Қабіріңнің басына кеп жұбанам
Әке көріп өскеніме қуанам.

Әке де жоқ, шеше де жоқ менде енді


Сендерді аңсап көңілімді қайғы емді.
Жырымды естіп түстің бе әке бір аунап,
Атыңды атап жырға қосар кез келді.
2006

ТАҒЫДА, ТАҒЫ ЖАЗАМЫН АНАМ ЖАЙЛЫ


(БЕЙІТ БАСЫНДА)

Ақжаулық, асқар - анашым,


Келіп тұр, міне, балашың.
Бар - жоғымды білдірмей,
Қорғаныш болған панашым.
Айдан да әппақ анашым,
Сүйдің бар туыс баласын.
Тіл көзден аман болсын деп,
Тілеген жалғыз қарғасын.
Ақжаулық, арда - анашым
Жүректе мәңгі қаласың
Сағыныш сазын маздатып,
Көзімнің жасын бұладым.
Ақжаулық арман анашым,
Ыстық еді маған қарасың.
Жылуын қолың сағындым,
Сипаған қоңыр баласын.
Ақжаулығың елестеп,
Көңілден еш кетпейсің.
Көз алдымда көркің тұр
Санамнан сәтке өшпейтін.
Өміріңе жалғасып,
Өмір боп мен де келемін
Байлығым да, бағым боп,
Анажан есте жүресің.
Тағдырдың ақ қар, көк мұз жалтыры бар,
Санамда өзің айтқан ақылдар бар.
Сүрінсем, жабырқасам, жыласам да,
Қаламнан өзіңе сыр ақтарылар.
Ақ жаулықты анашым ақ қайыңдай.
Көрінеді көзіме жас қайың боп,
Бейітіңе келсем жабыркау, жадауланып,
Жұбатшы жапырақты жас қайың боп.
Ақ қайыңның сыры бар сипатындай,
Жүрегім жас ақ кайың қуатындай.
Ақ бесікті өзіңе ұқсатайын,
Тербет мені ақ қайың анашымдай.
Тағыда, тағы жазамын анам жайлы
Сағынышы жүректің басылмайды.
Сағыну мен сүюден өмір тұрса,
Асау көңіл жол берме уайымға.
2001

БІР ҚЫЗДЫҢ СИПАТЫ


Бұл дүниенің бағында.


Арманын қуып жетіпті.
Йланып өмір заңына,
Қазақтың қызы өсіпті.
Отанын сүйіп от болып,
Заманнан тұнық нәр алып,
Ырық пен қайрат, тілекке
Табиғат - талант жолықты.
Ұлылық руһ ой қуып,
Руһани ойы жаңғырып,
Саналы салттың сәніне
Ыразы ғұмыры мәңгілік.
Намысты бермей жауына
Жарысса шықты тауына
Аңсатып адал достарды,
Қимасың болып қалады.
Ырымдап баба дәстүрін,
Парасат егіп барады.
КӨП ІШІНЕН ІЗДЕЙМІН ҺАС БАТЫРДЫ

һас батырды іздеймін көп ішінен,


Көрсем деймін мінезін нұр түсінен
Жарқ - жұрқ еткен көзінің отын жұтып,
Рахат тапсам өнерлі бәр ісінен.

Батырға ғашық болу шартым емес,


Жаны жайсаң жігітке кім сүйсінбес.
Әнге салса елтисің бейне мастай.
Жан жүрегі елегзіп, кім күрсінбес.

Көп жігіттер көрінер көзге қораш,


Бойы мыртық, мінезі мүлдем оғаш.
Сөйлер сөзін есітіп, көңілім азып,
Құлазимын қу сөзден жүрек сазып.

Көңіл дел - сал көргенде осындайды,


Сөзі сөзге жарасып қосылмайды.
Жүрегімнен сеземін бір сығыныш,
Үкілі үміт толастап басылмайды.

Илан сөзге ғашықтар, үміт құмар,


Бар азапты уақыт ұмыттырар.
Өз жүрегің өзіңе етпес қастық,
Құмар қиял - қимас боп есте қалар.

Ойлап көрші, кім бақыт тілегенін,


Періштем! - деп жүрекке түнегенін.
Жүрегіңнің байқалса дір еткені,
Ол дірілді Сол деп біл жүректегі.
2003

ДОМБЫРА

(ДОМБЫРАШЫЛАРҒА АРНАЙМЫН)

Әуенімен аққу – қазды


Айдынына қондырған.
Салшы сұлу тоты әніне
Аққумойын домбырам.
Аспанымда қалықтайды
Сазды әні тырнаның
Қарашы, күй көбік шашып
Шалқып, толқып жатқанын.
Тәттімбет боп, сылқылда күй,
Аққу болып сұңқылда,
Қорқыт күйін күңірентіп,
Нұрғиса боп қалықта.
Күй тыңдасаң жазылады
Мандайдағы әжімдер.
Жарастықпен тамсанысып,
Қарттар қартпен әзілдер.
Қос Аққуды қондырасың
Айдын көлді жағаға,
Санамызға сыр құясың
Сөйле, Сөйле тағы, домбыра!
2003

АНА! –ДЕЙМІЗ


Ана!
Біз жерді де ана, - дейміз,


Егін пісіп, гүл өскенде.
Көкорай шалғынды төсек қып,
Гүлдерді өбкенде.
Жер - Ана киелі,
Басымды мың мәрте иемін
Туған ел, өскен жер, байтаққа
Ұрпағым! Мәңгі сен иесің.
Жер - Ана дүние иесі
Ұрпақты ұрмасын киесі
Көкпеңкөк, жап - жасыл жер ием.
Биіктен қарасам
Ғажаптан жасалған күймесің.
Жер - Ана - аналар иесі.
Байлығы анаға тиесі
Сары ма, қара ма, қоңыр ма?!
Талғамай Ананы сүйеді.
Аналар, аяулы асылдар,
Гүл - бақыт өмірге шашындар,
Асылды түйіңдер, сәбиді сүйіңдер,
Үміттер тұрсын санада.
Ұлы сөз - өмір данасы
Сәбилер көздің қарасы;
Ана, ана, аналар –
Өмірдің бойыпты панасы.
2003
ҚАЗАҚ СӨЗІ - СҰЛУ СӨЗ

Сұлу сөздер самалындай даламның,


Асқақ сөзбен қазақ алған қамал мың.
Қазақ сөзі - дәруіші даламның
Қазақ сөзі - балбұл тілі баламның.

Сұлу сөзден тайсалады талайлар,


Сұлу сөзден нәр алады арай таң.
Қазақ сөзі нұры нұрлы әлемнің
Қазақ сөзден жаралған тау, далалар.

Сұлу сөзден жаралапты даналар,


Ақылымен Әлем шолған бабалар.
Қазақ сөзі жыры ата - бабамның,
Қазақ тілі - бесік жыры анамның.

Сұлу сөзден түйін түйген Абай мың,


Сұлу сөзден айығады қайғы, мұң.
Қазақ тілі қонды барып Айға да,
Қазақ тілін сіңір балам бойыңа.

Сұлу сөзді өртесең де өлмейді,


Өсек, өтірік, мақтаныңа көнбейді.
Заман - дауыл, әлем - әлек болса да,
Қазақ тілі көнбес, әсте, жауына.

Қазақ тілі кұламайды дауылға


Шайылмайды топан суға, жауынға
Қазақ тілі мың ғасырлық маң терек.
Тамыр жайған жеті қатқа тым ерек.

Сұлу сөзден өрнек түйген қазағым,


Көрді талай өмір-өткел азабын.
Қазақ тілі мың өліп, мың тірілген.
Қаймыкпаймын, тарихын өріп жазамын.
2004
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ОСЫНДАЙ
Мен қазақпын қолаң шашты, қоңыр көз,
Көмейінен төгілген жыр, мақпал сөз.
Менің қасым - жалаңаяқ - жалған сөз,
Досым менің - шындық және анық сөз.

Мен қазақпын ұзын бұрым тілерсектен төгілген,


Шәйі көйлек қыпша белден қатарланып бүрілген.
Жарқ - жұрк еткен меруерт тісі кіршіксіз
Сылаң жүріс, сылқым күлкі, сүйгеніне сөгілген.

Мен қазақпын үй - жай күйін бұзбаған,


Ата - ана ақыл сөзін қайталаптай құптаған.

Жары үшін жаны пида, көңілі жаз,


Қуанышы, жұбанышы жар сөзінен озбаған.
Қазақ қызы осы болар, қыз дәстүрі осындай
Сүйгеніңмен қол ұстассаң туады күн, оңнан ай
Қазақ қызы - қыр жүлдызы, сыры сары даланың
Қазақ қызы - ақылға бай, мінез - көркі әнге сай
Міне, халқым!
Қазақ елі, қазақ қызы осындай.
ҚАЗАҚ (ТОЛГАУ)

Қазақ - қайсар, ақылы саф, дұшпанына өте сақ,


Болыпты ғой батыры - бақ, махаббаты тым ғажап.
Қайда, менің сол қазағым - ғажабым!?
Болды ма, әлде, мына ғасыр
Қазағымның мазағы, әлде азабы?
Қазақ - қазақ болған, ерте, соколот - скиф заманнан,
Қазақ - степняк дала кезген таңқаларлық сыр жинап.
Қазақ сол ғой славян - половцы достығын,
Сар далада самғай ұшып, шашу етіп таратқан.
Қазақ сол ғой жазған, сызған, өрнек салған, өр асқан.
Қазағым сол Мекке, Афин, Америка,
Жапон жерін тең басқан.
Қазағың сол, қасық қаны қалғанынша бар күшпен,
Жаудан жерін, тал бесігін, ана, жарын қорғаған.
Қазақ осы талай гасыр мың өліп, мың тірліген.
Қазақ осы шындықты айтса жығылған да, егілген.
Қазақ осы аңқаулықпен аһ ұрып та, қабырғасы сөгілген.
Қазақ осы намысы үшін кегін қуып, езілгеннен жетілген.
Қазақ осы дос - тамырға сары майдай еріген,
Қазақ осы желі тартқан, желмаялы, жері кең.
Қазақ осы шартарпты, шалқар таулы, шабытты.
Қазақ осы шаршағанға, шалдыққанға жерін бөліп, біріккен.
Қазақ осы талайларға болған пана даласы,
Қазақ осы талай ару, арыстардың анасы да, ағасы.
Қазақ осы Сары-Арқадай кеңдікпенен теңдікте.
Даламның бел баласы, кімнің, сірә, осыған бар таласы.
Босқа, текке мақтамаймын қазақты,
Күні азат, қазағымның таңы атты.
Енді, әсте, бодан болма ешкімге,
Ақ жүрекпен Ақ ниеттер жазсын тарих - парақты.

ӨТТІ ҒАСЫР


Өтті XX ғасырың, міне, бітті,


Шаршады ма күтуден жақсылықты.
Тауыса алмай ішумен арағыңды,
Жеңе алмады жемқорды, надандарды.
Алаңдатқан ол ғасыр аяқталды,
Ауыл алданып, итаяқ жалап қалды.
Қалса қалсын жамандық сол ғасырда.
Жамандықты қалдырып,
Ғасырға өттік...
Адам руһы, арманы аман болсын,
Адал адам жаңа үлгі жасап шықты.
Ол ғасырда жүргенде жан жылады,
Күн батса да, кейбірде таң атпады.
Кісі өлтіру, парақор, зинақорлық,
Шолтаң қағып жақсыны сүйреп шалды.
Бос ой-сана, жат сезім, жадау қылық,
Жас буынға жабысты тажал сұмдық.
Жас-кәріні айырып танымады,
Бірі-доңыз, бірі-түлкі, бірі-мысық.
Зарлы заман жан-тәнді жаралады,
Ажарына, атына қарамады.
Жақсы дәстүр, өсиет, қасиеттер,
Таралмады-ау бұрқырап, тілім талды.
Осы-осындай көп былық болмасыншы,
Жаңа ғасыр төріне қонбасыншы.
Ақылы тар алауыз аттамасын,
Табылдырық табаны жолға сыншы.
Келді жетіп XXI - Ұлы ғасыр,
Қазағымның тарихы асып-тасыр,
Дала мінез, қыз көрік-Қазақстан,
Баба даңқын Қазақтың Әлемғе асыр!
Әкем де сен, Отаным, анам да сен,
Қайратына халқыңның шүбәсіз сен.
Өлеңіммен ізгілік ала келдім,
Ерлік, Бақыт, Бірлікке сәлем бердім!

КЕЛЕМІЗ АРАЛАП БАҚ


(ЖАН-ҒА)
Келеміз аралап бақ, аралап бақ,
Ақ гүлді омырауыма қолыңмен тақ
Өзім алып бір гүлді иіскедім,
Сен маған сыйлауға оны тиісті едің.
Білмеймін, әлде, есіңе келемеді ме?
Сұлу ой жүрегіңді тербеді ме?
Бұрқырап әтір-самал гүл-бақшадан
Көзіңе мен гүл болып көріндім бе?
Болған еді мұның бәрі жастық шақта,
Кешкісін қыдырушы ек саумал бақта.
Ойыма балғын кездер оралады,
Қалды ғой сол жастық шақ арман бақта!

ЛИРИКАЛЫҚ КҮРСІНІСТЕР


Тегіс жерде жүре алмай жүргендер бар,


Ақылсыздау кейбірі өрге құмар.
Өр өрлігін жасайды, жаралайды,
Еркін сермей алмасаң өрде нең бар.

Ақылсыздау кей адам төрге құмар,


Кейбір жылпос жалаңдап шенге қүмар.
Құлақ түріп, әркімнің сөзін аңдып,
Аттап өтіп жоғары, белге шығар.
Кезегінде кеменің аялдаймын,
¥ятымды, арымды жоя алмаймын.
Менсінбеймін мансапқор, надандықты,
Шындығымды ешқашан қоя алмаймын.
1990

БАҚЫТ НЕ?


Бақыт деген есеппен тапкан ақша емес,


Бақыт деген қызғаныш көзге сақшы емес.
Жоғын жоқтап адамның, тұрады Бақыт, әрдайым,
Ақылын көрсе адамның қол созуға ол дайын.

Бақыт деген салғырттыққа дос емес,


Бақыт деген жамандыққа бас емес,
Жомарттықты паш етіп, тұрады Бақыт, әрқайда
Пәктіктің көрсе талабын,
пайғамбар жүрек - ол дайын!

Бақыт деген бағбан да емес, бау емес,


Бақыт деген бағыт, бағдар, бап та емес,
Бақыт өзі келіп-кетіп жүреді,
Оны ұстарлық керек ақыл көп те емес.

Бақыт өзі судан сауал сұрайды,


Бақыт өзі жерден жырау жинайды,
Бақыт ұшып: көкке жерге конады,
Бақыттылар бақытынан қуат алып, толады.

Бақыттылар іздеп оны тоймайды


Бақытсыздар жолын іздеп тулайды.
Таудай талап, бергеніңше басыма,
О, жаратқан!
Бармақтай бақ бере гөр, - деп,
Ақыл одан сұрайды.

Адал жанды жебеп, желеп көрейін


Сұрағаны бармақтай Бақ,
Берейін! -
Деп Жаратқан эркімге Бақ сыйлаған,
Бақыт жолын іздеме деп, тыймаған.
Дүниеге келген сәби, түлекке,
Алла әзі таратады үлесті...
Құшақ-құшақ, бақыт ұстап, уыстап,
Жас нәресте әлсін-әлсін күледі.
Сәби жүрек бақыт құшып түлейді,
Күн кірпікті, періште үнді, тілейді!
Аналардың Бақытымен жалғасар,
Сәбилерге, мен де, бақыт тілеймін!

ӨМІРДІҢ ӨТКЕЛІ КӨП


Белес-белес өмірдің өткелі көп,


Елес-елес сағымы, өкпегі көп.
Сабырсыздау санасыз, дауасызға,
Ақ жауыны, нөсері, төкпегі көп.

Жасампазға өмірдің екпегі көп,


Жанарына жақсылық сеппегі көп.
Жалқау болсаң, тоң мойын өкпелеме,
Дүниенің тас-талқан соқпағы көп
.
Тар жолы көп, өмірдің тайғағы көп,
Мұны талай азамат байқады тек.
Бәрін айтып, несіне нали берем
Қу арақтың бұл күнде тоқтамы жоқ.
Түзде ұяң, үйінде асау келер,
Ақымақтау жігіттер масаң келер.
Ары жоқтың үйінде бәрі де жоқ,
Берекесіз бірлігі шашау келер.

Жақсы жарым ниеттер таптырмайды,


Өзі жаман сені өрге бастырмайды.
Жақсы жарың-жан жүрек, жан ашырың,
Көп ішінде ұялтып састырмайды.

Жақы азамат - жан жолдас таптырмайды,


Жаман адам жақсыны жақтырмайды.
Жарың үшін шыбын жан пида болсын,
Адал жарың сені итке қаптырмайды.

Өзі жаман жақсыны күлдірмейді,


Тәрбиелі тентекті бүлдірмейді.
Бала-шаға, ар-ұят ойламаған,
Жер бастырып ұяттан жүргізбейді.

Болашақты, өмірді ойлау керек,


Жақсы іс болса жөнімен тойлау керек.
Өз бойың мен ойыңа бойлап қарап,
Есіре соққан жүректі байлау керек.

Жанға медеу жақсы сөз оймен жаңа,


Паң табиғат аясы болсын пана.
Жабырқама, жадыра, жырла жүрек,
Адамзатқа бір Алла берсін сана!
ЖАСЫЛ ЖАПЫРАҚ

Әйнек алды әшекей, гүл толы жапырақ,


Сүмірейіп, бүрісіп, қысылып қыстан жабырқап.
Тұрушы еді әлсеріп, әлсіз жылтырап,
Күншуақ түсіп бүгінде ажарың келді жапырақ.

Жадыраттың көңілді, жайқалып жасыл жапырақ.


Жабырқаған жаныма жәрдем болдың жапырақ.
Саған қарап жайланды күнім, жапырақ.
Жан-санамды аяла, жақұт талшық жапырақ,

Әр адамның өмірі жайқалған жасыл жапырақ


Жаралайды ызғарлы сөзді, байғұс, апырақ.
Көзіне оның түскендей шөп, топырақ
Көңілді кірлеп, от жағып үрлеп, аптығад.

Әркімнің жаны нәзіктей жасыл жапырақ,


Ызбарлы суық, ызалы сөзге қалады өспей, тоқырап.
Бір нәзік сәуле жылт етсе жадау жаныңа,
Гүлденер көңіл, гүл жайнар әлем, атырап.

Гүлденші, гүлден, айналдым жасыл жапырақ,


Сиқырлы үнің жүрегіме тым жақын-ақ.
Содан да болар, үніңді естіп үн қаттым.
Жүзіңе қарап, бүгін мен саған жыр тарттым.
1992

СЕНДЕРДЕЙ ЖАС БОЛҒАНМЫН


Менде, кеше, сендердей жас болғанмын,


Гүл десте мен жастыққа мас болғанмын.
Армандарды арманға жалғыстырып
Құрбылардың алдыңда, бас болғанмын.
Меңде, кеше, сеңдердей жас болғанмын,
Талай жақсы жастармен дос болғанмын.
Арманыммен ақ Таңнан шуақ шашып,
Болды ақылдан адаспау басты арманым.

Менде, кеше, сендердей жас болғанмын,


Дандайсыған жаманға қас болғанмын.
Арманымның ұшырып Аққу - назын,
Бақытталар көшіне бас болғанмын
Меңде кеше, дәл сендей, жас болғанмын!
МӘҢГІЛІККЕ ЖАЗЫЛҒАН БІР ЖҮЛДЫЗ БАР

Бір жұлдызда жазулы менің атым,


Оқып едім түсімде Тәңір хатын.
Көзім оқып жазуды, сииат танып,
Ұрпағыма тапсырам, аманатым.

Арманым сол, аңсарым - қалам ұштау,


Тіршіліктің тылсымын қаттап ұстау.
Жасқандырма, жасытпа тылсым күштер,
Ылайықсыз анаға бақыт құшпау.

Өткенім бар, бүгінім, ертеңім бар,


Бақытына болашақ сенімім бар.
Еріккеннің ермегі болма Адам,
Әр заманның ылайық көмбесі бар.

Әр жылдарда өзіндік бір өре бар,


Шөлейті бар, қысы мен көктемі бар.
Жүз жасасаң кетпейсің мәңгілікке,
Мәңгілікке жазылған бір жұлдыз бар.
КӨЗДЕР-АЙ!

Көздер, көздер, көздер-ай!


Бірің кімге, қайсың маған қарайсың.
Ойылы көзбен қарасан,
Сыр тындауға жарайсың!

Көздер, көздер, көздер-ай!


Шымбайыңа батады жат көздер-ай.
Ал дана көз, сырлы кез,
Ақ сәуле боп атыратпа жатады-ай!

Талай көзді көріп, бір сәт, таң қалам,


Кейде суық, мұңлы көзді аңғарам.
Ұқсас оның адамдармен тағдыры,
Солар үшін бар ғұмырын арнаған.

Тескен көзді көріп, кейде, тайсалам,


Жақсы көздің жылуымен ән салам.
Ару қыздың, абзал ұлдың көзімен,
Өміріме қуат алам, назданам.

Сүзілген көз, түңілген кез, көздер-ай,


Жаралайды жанарыңды, ездер-ай
Ойнақы көз өршіл өйды өрімдеп,
Түр байқалып, бағалаган кездері-ай.

Көз - адамның сөйлер сөзі, айнасы.


Көз - адамның жүрегінің айғағы.
Бүл шараға барма адам айласы,
Көздер, көздер, көздер-ай!

1993

ТЫНЫШТЫҚ КЕРЕК
Адамға кейде тыныштық керек,
Тынысын құрақ тыңдауы үшін.
Өзеннің аққан баялау үнін,
Тірлігін емір білуі үшін.

Қараңғы түннің өлеңін ұғып,


Тірліктің тірлік бірлігін қуып.
Сезіну үшін тылсым бір күшті,
Адамға кейде тыныштық керек.

Сүйікті жүрек дүрсілін қаққан,


Аспандағы жұлдызды аққан,
Естуі үшін жаһанның жанын,
Адамға кейде тыныштық керек.

Адамға кейде тыныштық керек


Өмірді мына көруі үшін.
Тәтті бір ұйықтап, сананы сезіп,
Ақылды бойға жиюы үшін.
1994
ПОЭЗИЯ

Поэзия - Азамат, асыл арман,


Қалай мен шабысыңа қосыла алам.
Жаһан жырын жазар ем жауырынға,
Үшталса қолымдағы алтын қалам.

Поэзия - қыз, қырмызы қызғалдақ,


Айдын көлдің ажары - Аққуы әппақ.
Алтын нұрға шомылып айналасың,
Айға қонып, Жұлдыздан бақыт таппақ.

Поэзия - арулар, асыл жандар


Ғасырлардан ғасырға қосылғандар
Көк аспанда ғашықтар Жұлдыз болып,
Айға сәлем беруге асыққандар.

Поэзия - бес берен, бес арысым,


Естігендей құлағым ат шабасын.
Тұлпар озып тұлпардан келе берсін,
Дүбірінен тұлпарлар қанат қақтым.

Поэзия - шұғыла, шуақ дала,


Поэзия - күн, көгал, сай мен сала.
Поэзия - бау-бақша, Атамекен,
Тарих жаттап тамұқта жатады екен.

Поэзия - күз, көктем, қыс пен жазым,


Саған көп айтатұғын сыр мен назым.
Бұлақ көзін ашайын әр күн сайын,
Қонсын көлге айналып аққу - қазым.

Поэзия - сырқатым, дертім менің


Сеніменен сырлассам серпілемін.
Өлеңімде сағыныш сазы өрілсе,
Бір өзіңе артамын үлкен сенім.

Поэзия - арманым, айтар әнім,


Әруақты тіліңнен тайсаламын,
Көк дөннен шіркін-ай көңіл жүйрік
Сүйем сені, сүйем, - деп, айта аламын.
1996

ҚАРА ӨЛЕҢ


Қара өлең қасиетіңнен айналайын


Дарияның шалқарында қалықтайын
Өмірдің інжу-маржан, кенін теріп,
Өзіңнен рахат тауып, дамылдайын.

Қара өлең сөзің жеміс шырынындай


Тау тіліп, тасты жарар шының қандай
Ақиқат, ізет сөзден жаным жылып,
Көңілден шыққан сөзде тірлік бардай.

Жанымды Ұлар сезім ұштағандай


Жүрегім тордан ұшқан тоты құстай.
Жақсы сөзге құлақтан жан семірігі,
Түпсіз терең сөзді ұғам тауыса алмай.

Асыл сөз тіл үйірер шекер-балдай,


Ақындық - сұңғылалық өнер қандай
Күш, күйді, фәріштәм-ау, сенен алып,
Дене, ағзам арам қаннан тазарғандай.

Қара өлең Сарыарқаның самалындай,


Дүниенің қапасынан құтқарғандай.
Аллаһдан Зеректікті мен тілеймін
Ұлылардың сөз парқын айырардай.

Жүрегім сөз асылын жиып термек,


Өтірік, жамандыққа сөзім кермек.
Көңілге құт, сананы Аллһам берді,
Сондықтан қара өлеңді қылдым ермек.
2003
О, МУЗА!
О, Муза!
Аялашы, ананы аялашы!
Сенімі сергек сананы саялашы.
Тыныштанып тыңдасын мына,
Ғалам
Ойлы көзбен қарасын байтақ
Далам!
Көк жұлдызың болайын көтер көкке
Жатайын аспан-көкті төсек етіп
Қолыма қалам алып, сәл отырсам,
Жыр төгем ақ жаңбырдай нөсерлетіп.
Сырыңды аш, көк жүлдызы, шалқар далам,
Құмартқан тылсым үнге мен бір балаң.
Бір сұлулық сыры бар Жер мен Көктің,
Ғалам сырын өруге көңілім алаң.
О, Муза!
Сенімге сеніп санамды аялашы,
Нұр сәуленді жырымнан аямашы.
Әппақ нұрға шомылып еркелейін
Нұрлантып жер жүзіннің сая бағын.
2003
КЕРЕМЕТІ-АЙ МЫНА ЖАРЫҚ СӘУЛЕНІҢ!

Кереметті-ай, мына, жарық сәуленің,


Нұр құяды жұрегіме дәуренім.
Күннен шуақ, сенен пана тілеймін.
Диананы іздеп, кейде, әуремін.

Сұлулық пен махаббаттың құдайы,


Жүрегімді паналайды ұдайы.
Арионды іздеп кетсем, қорғай гөр
Өз қанымның - қазағымның құдайы.

Сөзімнен біл менің ата-тегімді,


Атқа мінсем Аманзонка секілді.
Арман кешем Парнас тауға шықсам деп,
Кеше ғана сәби едім кекілді,

Келе-келе, есейдім мен, ер жеттім


Жалт қаратты талайларды келбетім,
Ғашық жырын айтты олар асық боп,
Қолын созды бір жұлдызым - Бақыт боп.

Бақытымды жат көздерден сақтадым,


Анам айтқан өсиетін ақтадым.
Шаңырақтың шаттығына сыйынып,
Ақ батаны аттамадым, баптадым.

Грек әлеміндегі мифологиадан:


1. Диана — сұлулық пен махаббат құдайы.
2. Арион — қарақшыдан қоркып, теңізге кеткен ақын, мұны су құдайы қорғаған.
3. Амазонка - ескі грек жырында атқа мінген әйел.
4. Парнас - Грециядағы тау аты, аңыз бойынша поэзияға құт болған жер.

О, ДАРИҒАЙ!


Өткен өмір бал татисың тәттіақсың,
Еске аламын өмір жолын қатап мың.
О, дариғай, балалықпен байқамай,
Алға үмытылып, ой-қырыңнан аттаппын.

Бал татыған балауса өмір бар едің,


Жігіт біткен тілдесүге зар едің.
О, дариғай, өтті-ау жылдар ұстатпай,
Махаббаттан мұңсыз өмір бал едің.

Махаббат пен ғашықтықтың арасы –


Мәңгі толмас ғашық жүрек панасыз
О, дариғай, мұңсыз болып өтер ем,
Ғашық болса пайғамбардың баласы.

Махаббаттың тұнық суын шайқадым,


Жаз бен күздің ауысқанын байқадым.
О, дариғай, ғашық болып көрмеген,
Ғашық-жырдың дариясына бойласын.

Ата-анаға, дос, туысқа, бауырға,


Махаббаттың ақ жүрегін жолдадым.
О, дариғай, жапырақтай сарғайса,
Махаббаттың жүрек сырын қолдадым.

Кір жұқтырма ғашық оты-тілекке,


Ғашық оты мәңгі қалар жүректе.
Жас баладай қуанамын, дариғай,
Күлімдеген көздеріңді көргенде.

Ғашық жүрек түсірмейді еңсеңді


Арманыңа қондырады көктемді.
О, дариғай, көктем гүлден нәр жиған
Бақытымның биік болсын өлшемі.
2005

АЛТЫН ҰЯ - МЕКТЕП


(ВАЛЬСКЕ)

Талай дәурен - балалық өзіңде өткен,


Білім қуып, бал татып, кызық кешкен.
Алтын ұя - мектепте тербетіліп,
Жастық оттың жалынды күйін шерткем.

Аяулы мектебім, мектебім


Сенде өтті талай қыс, көктемім.

Әліппені жаттаған жалықпастан,


Ізгілік тіл үйреніп калыптасқан.
Кеше бала, бүгінгі өрен жастар.
Парасатын ұстаздың байыптаған

Аяулы мектебім, мектебім,


Басталған өзіңнен гүл өмір - көктемім.
Балалықтың бал нұрлы - сырын еккен,
Мектепте өткен өмірің қызықты екен.
Білім жинап, есейіп, ой түйгенде,
Ұлы жолға шығарып салдың мектеп.

Аяулы мектебім, мектебім,


Сағыныш өрмегін көктедім.

Аяулы мектебім, мектебім


Өзіңнен басталған махаббат көктемім.
СЕН- ӨМІРСІҢ, АЛ, МЕН...

-Бұл кім?


-Өмір!
-Ә, сен бе, менің тереземді қаққан?
Сен терезе қақтың
Мен өмірге келдім,
іңгәләдім,
тәйтәйладым,
жүгірдім,
сықылықтап күлдім,
ұштым, қондым.
-Бұл кім?
-Өмір. Тағы мен.
Мен ғой тағы да.
-Ә, сен бе, өмір.
Қарсы алам сені күнде мен.
Келсең кел, келе ғой тағы
Сен өмір - күнде басқа,
Мен де басқа.
Атымды, мейлің,
жаз тасқа, жаз тауға, Айға...
Өйткені сен өмірсің,
Мен үшін сен көңілсің,
көгімсің, өрімсің,
Атымды мәңгі қайтала.
Қарыз боп саған өтейін
Ұшырсаң Айға жетейін
Айналып сені өтейін
Қондырсаң теңіз бетіне
Толқының боп кетейін
Орнатсаң Тәңір тауына
Мүсін боп, қатып қалайын.
Өмір сенің еркің сол
Байлығың, Бақытың, бәрі-мол
Далаңнын табаны толған жол
Жер асты қойның толған кен.
Қуатың, өмір, асқақ мол.
Сен өмірсің мәңгі!
Ал мен Адаммын таңғы.
Әрине, Таң -мәңгі.
2005
ҚАЙДА СОЛ БІР ҒАЖАЙЫП МАХАББАТТАР

Қайда сол бір ғажайьш махаббаттар,


Жазылған сүйемін деп талай хаттар.
Енді, міне, сақтамай татулықты,
Махаббаттар шашылды қатулықта.

Айықпастай «ауру» болса махаббат,


Мұң шалмайды жүректерді ешқашан.
Ұмытылмас ескерткіш боп, өтесің
Құрыметке бөлер сені марһабат.

Тіршілікте жыламасын арулар,


Махаббатты сақтаңыздар, бауырлар!
Өмір, - деген өлшеуі жоқ жалған ғой
Махаббатсыз өмір өрі ауылар.
1997

МАХАББАТЖАЙЛЫ БІР ТОЛҒАУ


Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты


(Кеңес Жұмабековтың сценарийі ізімен —
«Әйел махаббаты» Мұхтар Мағауиннен)
Сүйіспеншілік, ғашықтық дастандары –
Өмір жетпес көңілдің аспандары.
Жастықта, махаббатқа мастық кезде
Ынтығу мен іңкәрлік болғаны һақ:
Екі ғашық қол ұстасып, қыдырып,
Айтушы еді, тындаушы еді
Аңыздарды қызығып.
Сыр ақтарып,
¥зақ-ұзақ қыдыратын
Ғашық отқа өртеніп,
Ойлады ма, не боларын,
Ойлады ма ертеңін?!
Ғашықтыққа қастандық көп,
Махаббатқа су себетін суытып,
Екі жастың арасына
Түсе қалып бір пысық
Қызғаныштан бір суынар, бір ысып
Көлгірлікпен бас бұзарлық
Ұрып жықты жігітті,
Ауыр жара қалжыратты, үгітті.
Күдер үзді... Бәрін тастап, елге қайтты.
Махаббатпен сырттай ғана қоштасып...
Бас ауруы меңдей түсті,
Қам көңілді еселеп.
Жылдар жылжып өтіп жатыр
Бір кайрылмай төтелеп.
...Міне, тағы аурухана төсегі...
Махаббаты, арманы жоқ кешегі
Тілім-тілім, мына тірлік,
Ойы онға бөлінген.
Оқу қалды. Сүйгенінен айрылды,
Әке-ана жоқ, құлыным дер, кайрымды.
Паналаған ата-әжесі қартайды.
Айда аты, құмда ізі қалмады.
Жындыхана төсегіне байланды...
О, тамаша!
Келді сол қыз-дәрігер
Ауруларды көруге,
Көңілдерін сауықтырып,
Емдеп, дәрмендәрі беруге.
Көрген бетте, жігіт те,
Өз ғашығын таныды,
Көзден жасы қан аралас ағылды.
Төс қалтадан
Ғашығының суретін алып, қарады.
Қарады да, міне, деді көрсетіп:
«Мұңды әндерім жүрегіңе
Қалай ғана жетпеді...?», -
Соңғы сөзін айтып жігіт көз жұмды.
Жылап, боздап, ғашық ару зарлады.
Махаббатын арулады, жерледі.
Бар өмірі көз алдына көлбеді.
Арамзаға енді мүлде ермеді.
Махаббатсыз мәнсіз өмір сүргенше,
Болған артық махаббаттың құрбаны.
Тек, Махаббат - тірегі екен тірліктің,
Тек, махаббат - білегі екен бірліктің.
Махаббатсыз өмір кешкен - айуан, -
деп түйді қыз.
Барлық ойды тілекті:
Арнаймын, тек, сүйгеніме, білемін.
Жетім бала үйіне мен барайын,
Бір сәбиді таңдап, көріп алайын.
Орындалмай артта қалған арманды,
Махаббатты. қалғанды
Арнаймын сол сәбиге,
Ғашығыма ескерткішке өсірем,
Оның атын сол сәбиге көшірем.
Бұл өмірде атаусыз ол қалмасын,
Махаббаттың ақ қанаты талмасын.
Махаббаты әйелдің –
Жарық дүние тірлігі,
Жалғаушысы жүректің.
Махаббаты ананың –
Махаббаты баланьң.
Тірлікті осы қолга алам.
Лаулатып жалын жігер, ақ ниетті
Атыңды, махаббатым, әнге қосам.
Өшпейді сен сыйлаған ғашық оты
Мәңгі бірге өзіммен қасиетің.
Орындап Ана, Даналар өсиетін
Солдырмады жүректен лала гүлдің қасиетін.
2002
ЖАҢА ҒАСЫР
Басталды адамзаттың ұлт тарихы
Ой-сәуле, жат қылықты байдан қушы
Аты озып 2001 - ғасыр Дастан
Бастауын ала берсін өрім жастан.

Адамзат көкірегін кернеген күн.


Үміттің дариясында миллиард үн
Сарқырап құйылсыншы кең арнаға,
Ғасырда - XXI де тоғысқан үн.

XXI Қазақ үшін сыншы ғасыр


Қазақтың шие жібін шешер ғасыр
Фәріштә оң иықтан көзін салып
Ашылсын болашақтың қақпасы алтын.

XXI Қазақ үшін Алтын ғасыр


Теңесіп Білім, Бірлік болсын басым.
Әлемде озық елмен тең түсуге
Құрыштан ғасыр кілтін құйып жатыр.

АБАЙ ДЕСЕМ МҰХТАР КЕЛЕДІ ЕСІМЕ


Абай десем Мұхтар келеді есіме,


Мұхтар десем тұрады Абай түйсікте.
Бір парасат Ұлылықты дәлмелеп,
Ұлы болды Ұлылықтың лебімен.

Парасаттың Гимайлы - ¥лы Абай


Білді ме екен ұлы барьн Мұхтардай.
Дархан сөздің ¥лылығын ұқтырған
Бар ма? Айтшы, кім? Озған Мұхтар ағадан.

Тыңда жұртым: Абай, Мұхтар дәстүрін,


Асыл сөздің патшалары, мәшһүрін
Тиеп ойға, тұлабойға дарынын,
Ақылға бой сап, іске асыр аға дәрісін.

Өлді, - деуге сом ақылды қимаймын


«Абай жолын» оқуымды тыймаймын.
Мұхтар салған Абай жолда аялдап,
Сөз патшасын сағынамын, сыйлаймын.
1997
ҰЛЫ ҒАЛЫМ АҒА - Қ. ЖҰБАНОВҚА

¥лы адамдар өлмейді ғой, өлмейді!


Ақыл, көркі, парасаты,
Күннен-күнге төрлейді.
Сізге ұқсап ғалым болсам деп, аға,
Аспиранттар талай-талай терлейді.

Тәліміңді оқып мәрте жұбанам,


Өзіндей бір Құдірет барға қуанам.
Тілді түйіп, сөзден сәуле тараттың,
Еңбігіңді оқып, талдап тұр Ғалам.

Білім, үрдіс, үлгің қалды көлемді,


Тіл маржанын шашу еттің әлемге!
Синтаксистің қай бір дәру дәндерін,
Терем бе деп, мен же жүрмін елеңдеп.

Орны бөлек ағаға не теңгерем,


Хан Тәңірін бір өзіңе тең көрем.
Болмасаң да ұқсап бақ,-дер қазағым,
Ондай болмақ қайда?! - деуді жен көрем.

Халқың тыныш, білім қуған балаң көп,


Жүз жасыңа отан берсін сый-құрмет?!
Актың отын ақымақ үріп өшірмес,
Жайлы жатып, ел аманын тілек ет!
1999

МҰҚАҒАЛИ РУХЫНА АРНАУ


Кең дүние есігін айқара ашып,


Сәл кешігіп Мұқаңнан мен де келдім.
Бұйрат-бұйрат сезімді жазсам деп ем,
Бәрін жазып қойыпсың, енді, қайттім?

Кең дүние, керемет байтақ еді


Оңды-солды ақынды шайқап еді.
Алынбаған ақысын алу үшін
Мұқағали теңізін шайқады енді.

Дөңгеленген дүние құлпырады


Көк теңізде көк толқын жұлқынады
Дүниенің төрткүлін күрмелеген
Бура бұлты Мұқаңның бұлқынады.

Мұқағали-бура бұлт буырқанған,


Шаршамаған шалдығып, шамырқанған
Кең дүние төрінде орның анық
¥лы жүрек биікте дамылдаған.

Рухыңа ақындық тағзым етем!


Туған өлке ақынға болған мекен,
Сондықтан ол жырлайды өз Отанын,
Өз атасын, бабасын, өз анасын
Нағыз ақын - мәңгіге ғұламасың!
2004
АХМЕТ - АЛЫП БӘЙТЕРЕК

Шіркін, сол қайда алаштың ғұламасы?! –


деп, жоқтаған аға атын жырым қалсын.
Терең білім, ғылымға әдіс нұсқап,
«Ғылымның шам — шырағы құламашы,» -
деп жанын шүберекке түйген, асыл,
Жаныңның тазалығын ұқты халқың.
Басқада дәл өзіңдей ағалар жоқ,
Орны бар оңалар деп, көңілім тоқ.
Артыңда білім қуған балаларың,
Сөндірмес өзің жаққан шам - шырағын
Мұңыңды әнге қосып жырлайды олар,
Тұңғиық тереңінен алған тәлім.
Ағамыз аңсап өтті бостандықты,
Көз көрген, құлақ естігі қастаңдықты.
Болашағың бақытың қазақ - балаң,
Тәуелсіздік, - деп, атап, көпір салды.
Көпір емес, жәй ғана, алтын көпір,
Әліппеңнен үйренді білім нөпір
Жалғасады көпірлер Ұлы елдермен.
Жан нұрыңды сезінем туған елден.
Өр намасың қазақтың отын жаққан,
Талай шәкірт үлгі алып, орден таққан.
Әңгелекті білетін біздің қазақ,
Білім қумай, жәй жатып, малын баққан.
Бодан болу қазаққа жараспайды,
«Ұйқыңды аш!» - деп ағамыз қайталайды.
Ұлы көші қазақтың жол үстінде,
Алтын көпір орнықты, тосып жүлде.
Ақ арманды арқалап, кете бардың
Кейін тудым, көмекке жете алмадым.
Сол аңсаған арманың орындалып,
Болашақтың есінде мәңгі қалдың.
Құтты болсын ағажан мерей тойың,
Ұмыт болсын сол кезгі қам көңілің.
Руһыңды енді мұң-зар баспасын,
Қайғы, қасірет қазағымды таппасын.
Арнадым тоғыз ауыз томыртқадай,
Қазағым тұтас болсын омыртқадай.
Алаштың ғұламасы - ерке, дара!
Ұлассын тойың тойға, Ахмет аға!
2003

АЙТТЫ ҒОЙ АБАЙ


Қанша айтса да Абай,


Қонбайды-ау миларғы талай,
Қазағым, ойланбайсың қалай?!
Сұм дүние -
Тонап жатыр бәрін, төгіп жатыр зәрін.
Алдамшы өмір, алапес көңіл, қу тақыр өңір,
Өкініш екті-ау, жалаңаш көңіл.
Қазақтың қайсырлығын танығандай,
Бұл өмір әлсен-әлі қырына алды,
Күтумен бір жақсылық «Кеңесінен»,
Қараудан көз, күтуден көңіл талды.
Көп нәрсені Кеңестен үлгіге алды...
Қазақ бауыр - біразы ырғып келеді,
Біразы ықтасынмен жылжып келеді.
Ал, біздей зиялы қауым ұстаздардың,
Табысы аз, өмірі өлең, көңілі терең,
Күтеді өмірден бір Бақыт ерен.
Келері қашан екен ерен Бақыт,
Қашанғы отырасың күтіп Ақ Үт.
Өкімет салған завод, шахталарды,
Артып ап кетіп жатыр бөтен халық.
Біресе орыс тілін дәріптедік,
Енді кеп, ағылшынша әріп тердік.
Төрінде бөтен тілдің отырғанша,
Күзетші өз тіліңнің босағасын.
Бөтенге таңдай қағып таңданбаңыз,
Қазағым басқа ұлтқа алданбаңыз.
Соңынан ақ құлақтың ере бермей,
Өзіңді жат қып, өренді тасқа ұрмаңыз.
Қазақтың қасиетін ардақтайық,
Табанға таптаттырмай, арланайық.
Халқыма пайдасыз көз, бөтен сөзге,
Жем болып, доллар үшін алданбайық.

«ҚАЙНАЙДЫ ҚАНЫМ, АШИДЫ ЖАНЫМ»


Қайнайды қызыл қан,


Ашиды шыбын жан
Тағдырын тілімнің көргенде.
Қамығып қараймын
Жабығып жанарым
Телеарна тәртібін көргенде.
Жүдейді қазағым,
Көңілде азабың,
Ұсқынын секстің көргенде.
Күдерді үземін,
Тағатсыз жүремін
Қазақша сөйлейді радио
Мен жұмыста жүргенде.
Жүрегім жүдейді
Көңілім күйеді
Төпелей түскенде жаттанды әуенін.
Соқырдай сасамын,
Ақсақтай басамын
Түскі аста Бауыржан-шоудан шашалдым.
Көрдім мен қазағым,
Сөйлеудің азабын,
Дикторлар көрстті-ау сөйлеудің мазағын.
Жүрегім сыздап,
Бас шайқап,
Амалым құрып қараймын.
Алмасып ойлар,
Жылжып жыл
Тіл сөзі жәй боп, қалып жүр.
Өзен де, көл де
Тартылып
Өсек пен өтірік ағып жүр.
Ел бастайтын
Азамат
Депутат болып, лағып жүр.
«Қайнайды қаным,
Ашиды жаным»
Тіл дағдырын ойласам.
Орнына келген
Бір іс жоқ, әлі,
Бостандықка бойласам.
Әлі жас, - деп,
Жасытады
Кәрі Қазақстанымды.
Тәй-тәй, - дейді
Жетелеп.
Он үш жыл бойы қалтақтап.
«Он үште
Отау тіктіріп»
Қояды-ау тағы бұқтырып,
Қашан өсіп,
Ер жетіп
Болашағымды өрлетем?!
Тізгіндемей
Тентекті —
Зинақор бүгін ержетті
Жігіт-қыз
Азып арақтан,
Еркектерден бел кетті,
Қатындарда
Қылық жоқ
Сүйкімсіз қыздың ажары.
Имиджін
Өзгерткен
Танымай қалам қыздарды.
Еріні қара,
Көзі төрт,
Келін болса, салады өрт
Жаманы қазақ
Орыс боп,
Үйренді «дура», «сволоч» деп
Компартия - Қорқау жоқ
Орекең өтірік бұғып жүр
Қазақ тілін
Қақпайлап,
Бүйірден бізін сұғып жүр.
Сөзіңді сөйлеп,
Тыңдайтын
Сауатты құлақ әлі жоқ.
Мемлекет демей
ҚыРы, - деп
Қамқор боп Русь әлі жүр.
Құтыла алмай
Блаттан
Бар шаруа далбаса,
Үзіліп үміт,
Шағылып тау
Сөз төркінін саптадым,
Кімге барып,
Кімге айтам
Таусылды-ау, тәңір, тағатым
Күресерге
Дәрмен жоқ
Алпыстан асып барамын,
Айналайын, қарақтар,
Оңға да, солға қарағын.
Әттең-ай, әттең, әттең-ай.
Алпыстан асып барамын
2004

ҚҰТТЫ БІЛІККЕ ҰҚСАУ.


Ақыл керек білім тандап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Барлық істе зерек болсаң парықта,
Ала білгін керегіңді анықтап.
Сонда толық болар ісің-пішінің,
Білімменен ақылы толады кісінің,
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?!
Олай болса, уысыңнан шығарма.

Ұл мен қызды шолжыңдатса бетімен,


Тартар күйік ет кескендей етінен.
Қатты тәлім көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.

Білімді аз, білімсіздер қаптаған,


Ақылсыз көп, ақылдыны таптаған.
Білімсіздер білімдіге жау болды,
Надандардың аңдығаны дау болды.

Бұл сөздерді білімдіге арнадым,


Білімсіздің тілін ұға алмадым.
2002
КӨНЕ ӨСИЕТ
(ҚАЙСЫН КҮЛИЕВТЕН ҮЛГІ)

Сенен кіші жоқ, - десе,


Ашуланба сен оған.
Сенен Ұлы жоқ, десе
Ғажаптанба сен оған.
Тұрақты бол,
Қара тастай үндемес.
Ақ жауында, боранда
Адамдарға пана болған,
Көлеңкелі, тым жомарт,
Ұлы ағаштай мырза бол.
Алға ұмтыл аққан селдей
Өз жолыңды саларда.
Буырқанса таудың қары,
Иә, бұрқылдап туласа,
Сен тулама,
Таза, ашық, бол тура!
Жамандықтың аузын буып,
Таста селге тулаған.
Жақсылыққа асық, мырза,
Тез өтеді өмір - өзен тулаған.
2003

ӘЛ-ҺАЯТ- ӨМІР


Жүрек - Адам тәнінің патшасы


Ми - ақылдың патшайымы
Жүрекпен ойнауға болмайды
Ал миды «тонауға» болмайды.

Ақ таңның баяулап атқанындай


Жүректі жүрісінен жаңылдырмай
Тіл, шіркін, өмірдің қызығын сайрайды,
Ал миың бар ағзаның амандығын ойлайды.
Ең аяулы жұдырықтай жүрегің
Тоқтамасын лүфіп соққан тірегің,
Алпыс екі тамырыңды ширатып,
Соққан алпыс ырғағынан тынбасын.
2006
Әл - һаят (араб сөзі) - өмір деген сөз

ҮНДІ АҚЫНЫ


СУППИРАМАНИЯ БАРАДИГЕ ҰҚСАУ

Бір жанұя, бір нәсілденбіз - бәріміз,


Бар баласы өмірдің-бір Отанбыз.
Мақтан тұтып өсеміз өлкемізді,
Бұл ғаламға ие болсақ екен Біз!

Иә, солай, Біз иеміз ғаламға


Жәйна ғалам, жәйнай түсші әмәндә,
Аспан, жер, су-болсын бәрі аман да,
Мына бейбіт, мынау әсем заманда.

БІРЕУЛЕР БІРЕУЛЕРГЕ


(МАҒАЖАНҒА ҰҚСАУ)

Әй, біреулер-ай!


Біреулерге бұйрық болып жазылдың,
Біреулерге «құйрық» болып тағылдың.
Біреулердің белбеуіндей бел буып,
Біреулерге біреудей-ақ жалыңдың.

Бірейлердің қолын көкке жалғадың,


Біреулерден шел көзіңді алмадың.
Біреулерді біреулердей ұғынып,
Біреулерді мақтаудан бір талмадың.
Біреулердің біреусіз бір үні жоқ,
Біреулердің біреулерсіз күні жоқ.
Біреулерге біреулерше табынып,
Біреулерге біреулерше жабылдың.

Біреулерді іздеп талай сабылдың,


Біреулердің құлы болып табылдың.
Сол біреулер сілкіп бүгін тастады,
Біреулерше «жаңа әнін» бастады,

Сен біреусің.


Шындыққа мен тіреумін.
Тұрағың жоқ, сен бүгінде жүдеусің.
Ал мен жүрмін еңбек-майдан төрінде,
«Еңбектің ардагері» жарқырайды төсімде.

СЫНШЫ КЕРЕК


Сыншы керек сынайтын,
Сынықшыдай сылайтын.
Ірі де, білгір, терең ой,
Әділін терең талдайтын.
Мұзы мен сызын тоғытпай,
Кір-кірбің көңіл қопсытпай.
Жарамсақ, жалтаң көзі жоқ,
Ақылы адал сынға сай.

Сыны жоқ, сұйық сөзінің,


Пайдасы, сірә, болар ма?
Толағай сынды міндеттің
Толығар сәті туар ма?!

Түзулігін түзудің,


Мәндісін мәннің айтпаса,
Шеберліктің тереңі,
Шындығына қонар ма?!

Сынның да асыл міндеті,


Анықты анық қаныту
Жақсылығын жаксыньң
Жұрт алдына таныту.

Дәстүрлі сын тым қажет,


Мұқатпайтын жүректі.
Жазбалар да бар толғамды,
Сыншыны сынап талғайтын.

Ойыңды он толғантып,


Айтарыңды өлшеп бер.
Білгір де, шешен, талапкер
Сыншыға, Алла, талант бер.
2005
ДАҢҚ
Даңқ.
Ол не? Өлшем бе? Уақыт па?
Әлде сана, парасат,
Жазған хат па?
Білгің келсе...
Көбінесе жүреді мықтылармен,
Қорқақ жүрек өзінен ықты ма, әлде,
Даңқ, сен өрсің
Адамдарға бас имейсің, зорсың.
Зордан туған күншілмен Қол ұстасып,
Алалайсың адамзатты,
Осы жері жаныма қатты батты.
Даңқ, сен түлғасың,
Тұғырында тарихтың түрасың.
Жалғыз келме адамға,
Молдық көрсет.
Топты жарып талайы
Шығар көктеп.
Ізде. Тап, жолдасты өмірден
Өмірі сұлу көңілден.
Өмірлер бар тең келер саған.
Көңілдер бар дем берер саған.
Бірде сені түсініп, түсінбеймін,
Іздеп сені ешқашан күрсінбеймін.
Ұятым бар тым асқақ,
Арымды алдыңа түсірмеймін.
Келсең кел өзің, мені іздеп.
Сонда мен шығып алдыңнан
Достарыммен қолдасып,
Қарсы алам сені жолдас қып.
Сен! Осыған Даңқ.
Айтқан сөзім - шындық-ақ.
2005
ХИКАЯ

Жүрегім махабаттың патшалығы,


Агапэ' - дей тәнімнің тазалығы.
Бейне бір гүл қауызы ашылғандай,
Сенімді сендірер күші - ғажаптығы.
Махаббат патшалығы үстем болса,
Ой толып, жас сезімге нүр құйылар.
Агапэ - пәк сезімнің қорғаушысы,
Өлтірмейді махаббатты қолдаушысы.
Агапэ бағынбашы сезімге Эрос,
Махаббат деп, ақыл оны сезінбес,
Бірақ оның алдамшы сыр бейнесі,
Шыққан тегі - Афродита мен Арес.
Махаббат пен соғыс құдайы жарасты...
Арыстанның сүтін емген бұл перзент -
-Эрос болды, мейрімсіз бала тым,
Сондықтан да махаббат пен өлім қатар таласты.
Махаббаты жауыз, әрі қатыгез
Он алты мен он сегіздер арасы.
Қорқынышты жарқ етті бір құбылыс,
Көз жасы қанмен бір теңдес.
Жүрегіңді Эрос оты жауласа,
Итермелеп сені апарар қылмысқа.
Тұла бойда Эрос қаны қайнаса,
Ақыл, ождан қалар естен алыста.
Эрос - құмар ынтықтыққа, жараспа,
Бәлсінсе де, бұлданса да бой салма.
Людус - атты ойыны бар бұл сезім,
Тек ойнаумен қалар текке өмірің.
Ойнай озып, бір сұмдыққа жеткенде,
Жан тұршігіп, көз жүтірте бастайсың.
Ақыл тыңдап, пәк сөзіңе көнетін,
Прагманың махаббаты жеткенде.
Көнбіс, сенгіш махаббаттың бұл түрі,
Сақтық назар аударарлық
Рахатын сезімдердің пайымдап,
Қос көңілдер жәй табады дамылдап.
Неге болса көндігетін бар сезім,
Арбалады, алданады гүл сезім
Мания деп, аталыпты бұл төзім,
Махаббатсыз, құмар ауру-құл сезім.
Құл сезімге арыңды аттап арбалма,
Бірақ қана ғашықтық бар жалғанда.
Ақ жүрегің болсын соның патшасы
Құмарлыққа құрбан болып алданба.
1.Агапэ - пәк сезімнің қорғаушысы.
2.Афродита - Венера сынды махаббат құдайы.
3.Арес (Марс) - әйел, соғыс құдайы.
4.Эрос - Афродита мен Арес баласы, Арыстанның сүтімен өскен, қатыгез, жауыз, кұл сезім иессі.
5.Мания - желіге әуестенушілік (сезім тұршіктірердей ауру хал).

ТОҚСАН ТОЛГАУ


Құлағың сал ағайын,


Өмірге үлгі болайық.
Өрімдей қысқа өмірден,
Жүрекке азық табайық.
Басыңа бақыт қонды де,
Мінез-құлақ бай болса.
Тілеуің алда толды де,
Ырыс, - пейіл мол болса.
Ойлы сөз көпке ұтымды,
Ойсыздық басты жұтады.
Құдайдың Ұлы құлымыз
Кеудені тәубә ұтады
Кішіпейіл жан нәсіп,
Атадан келеді жалғасып.
Адам күні адаммен
Жалғасып келеді алғыспен
Жақсы күннің жалғасы
Жақсылығы жақсымен
Дүние бақты кезсең де
Бар шарапат естіден.
һақ тағала өз ісің,
Жомарттықтың көзісің
Менде саған ұқсасам.
Ашу дұшпан, лағынет
Сабырлық қадірі алтындай,
Семсерден өткір сөз тауып,
Ашуды жаншы тарыдай.
Өмірдің, арқау өзегі
Тірліктің толы талабы.
Шыңдалып ақыл-айласы,
Шымырлап тұрса талабы.
Шыншыл болсаң шынарсың,
Биікте мәңгі тұрасың
Адал болса ақиқат
Ізгілік іске құмарсың.
Зердеңмен ұғып тылсымды
Өмірде өріс аларсың
Білімің бастап ерлікке
Талаппен тапқыр боларсың.
Бірінші байлық - денсаулық,
Екінші байлық - еңбегің.
Үшінші байлық - ақжаулық,
Ақылы болшы төріңнің.
Төртінші байлық - дос, туыс,
Бесінші байлық - балапан
Осылар болса өмірден
Алынбас сен - дүр қамал.
Өмірдің жоқ қой байлауы
Ұғарсың оны сыналсаң
Тағдырға налып не етеміз,
Өзіміз ғой құшақ ашатын.
Ақ сезім болса арайлы,
Ай-Күнім маған қарайды
Тілекке тілек қосылса,
Басыңды бағың орайды
Сезімім - Ай, ой - Жұлдыз,
Күнім - шуақ, көңілім - жаз.
Қамығып, кейде, қуанам,
Тоқсаусыз өмір - жұмбақ саз.
Жасаған ием жарылқа
Нұрыңды құйшы санама.
Тоқтамай өмір зырлайды,
Асықпай, сірә, бола ма?!
Тәтті ұйқы қүтем тәңірден,
Япыр-ау, жақын таң қалай!
Ұйқымды ұрлап жұлдыздар,
Сыйлайды маған сыр-арман.
Жыл ішінде бір-ақ жаз,
Ағаш, шөп бірақ гүлдеген
Адамның да жастығы
Екі айналып келмеген.
Өмірдің жазы-шу жастық
Көңілде мәңгі қалады.
Армандай артқа үңілсең,
Жүрегің назға толады.
Бәрібір өмір тамаша
Биікке шығып қарасаң
Өлмесін жүрек өшпесін
Ғасырдың жүгі жаңаша.
Өмірден алдың тағыңды
Өлімге бой сап бағынба?!
Алғанын өлім қайтармас,
Шығардай мүйіз басына. Тірі өледі...
Жер қойыны-жатағы
Із қалар артта танымал
Болса жақсы атағы.
Өмірдің адам-айнасы,
Тізгіні оның-ақылы.
Өкпелетсе сол айнаң,
Жүрекке осы батады.
Адамның адам тізгіні,
Жаманнан жаным іркілді.
Жақсыны көрсем-жан шуақ,
Қуат ап көңіл серпілді.
Атадан бала туар да,
Бабаның жолын қуар да.
Оңынан келген ой озық,
Ақылы биік толар да.
Жүрекке жүрек сыр айтар
Тізгіндеп ойдың нақылын.
Бұрынғы тірлік, бар тірлік
Келешек күнгі жақының.
Гүлден гүлдің түрі өзге,
Қуанған көңіл бой салар.
Гүлден гүлдің исі өзге,
Көңілге түрлі ой салар.
Өкінбе, әсте, қарағым,
Өмірден озсын талабың.
Өкінгеннен не пайда
Өткізіп мезгіл алмағын.
Бір жалған, мың талғам,
Өтеді адамның басынан.
Қараған тоқтап жанары,
Ақылы, сөзі бағалы !
СӨЗ ҚАДІРІ

Кей сөзді қасиет тұтып қадірлейік


Жайдағын сөз жақсысын жүгендейік.
Асылын арғымақтай ерттеп мініп,
Қадірін, қасиетін түгелдейік.

Қараңыз: ӘЙ, ЕЛ! -деген асыл сөз бар,


Ананы қорлағанға қара жер тар
Еліне елдік беріп, ерлік түйген,
Әйелге Әлем ғашық, жігітің жар.

Екінші артық туған НАН, - деген сөз,


Шындыққа нан, өтірікке нанба бір кез,
Қазақта қасиетті қара нан* бар,
Аяққа баспа нанды, анты ұрар.
Үшінші КӨЗ, - деген сөз болар өзге,
Көз көрген арашалар бөтен сөзден.
Азайып бара жатыр көз көргендер
Көзін аш бұлак көрсең сусын елге.

Төртінші асыл — СӨЗ түйіні


Былшыл сөз құлақ жеген ой күйігі
Сөз-сардар, сөз-ғанибет, әдебиет,
Адамдар сүйіп сөзді, ойды тербет.

Бесінші бір ғанибет ҚАДІР сөзі


Қадірлі қарттық тілер төзім көзі
Адамдар бір-біріңді аялап бақ.
Қазақы, қасиетті, қадірлес сөз.

Алтыншы ҰЯТ - атты ұлағат сөз.


Арсыздан сақтанады ұятты көз
«Байлығым ар ұяттың садағасы», -
Деп айтқан атам қазақ ғибрат сөз.

Жетінші АЛЛАҺ деген аяулы сөз,


Мұсылман межесінде қалаулы сөз.
Жақсыны жарылқаған һақ тағала
Жалғызға жанашыры, болады көз.
Сегізінші ЕР, КЕК сөзі тағатым
Ерлігі көп, еңбегі ерен болатын.
Иэ, раббым, қолда ерді «шұлғытпай»,
Әкелер ғой, ертең баба болатын.

«Ер» сөзіне ерлік сияр, - деп едім


Шындық айттым, егес сөзге ермедім
Ер сыйлаған, ерді жауға қимаған
Аналарым неткен ғажап демекпін.

Қыз бағалап, ер сыйлаған қазақпыз,


Еркек! - деген әке, аға, бел екен.
Елін қорғап, жауға жерін бермеген.
Кек қайтарып, жанын түйіп терлеген.

Тоғызыншы - БАҚ сөзіне бағынам,


Адамзатқа бақыт бер деп, табынам.
Бақыттымын, болса Әлем Бақытты,
Әнге қосып Әлем гүлін тағынам.

Ел аралап жақсы сөзді түйемін


Жаман сөзге жүрек жылап күйемін.
Қасиет тұтам қадір сөзін бабамның
Сақта Аллаһ үмітімді - тілегім.

Сардар сөз қасиетіңнен айналайын,


Қазақ сөздің кемелдігін сақтаймын.
Нұрға бөлеп қазақ тілдің тарихын,
Көркем сөздің бағбанымын баптайтын.
VII Өлеңіммен ізгілік ала келдім
Еңбек сүйер екі қолым,
Қырағы қос қоңыр көзім.
Қайратты ақ тілегім
Жігерге толы жүрегім.
Адал да, ашық мінезім,
Анамнан үлгі ілемін,
Төрт құлыным тірегім,
Бар байлығым, тек, осы,
Мұңы Бақыт - деп білемін.
(Автордан)
1.Кіріспем:
Сығалап тұрмын есіктен,
Шыққан ем кеше бесіктен.
Сығалап тұрдым есіктен
Ұрсама деп, кешіксем.

Босағадан аттадым,


Үйіне кіріп жастықтың.
Көп екен жастар көңілді,
Орнығып жүрек, бастықтым.

Дәуренін кешіп жастықтың,


Жиырма беске асықтым.
Аялап жас махаббатымды,
Кездесу кештеріне асықтым.

2.Бастауым:


Көп жүрдім ұзын бір жолмен,
Табысып өзім өзіңмен.
Көрейін дедім жолдардың
Аралап кедір, бұдырын.

Жол соғып талай шаршадым,


Сонда да кейін қашпадым.
Қиялдың шештім ноқтасын,
Биіктеп барады аспаным.

3.Қостауым:


Айқара аштым қақпасын
Қырықтың, елу, алпыстың
Арманның алтын қақпасын
Ашайын, Аллһам жақтасын.

Келдім мен бүгін, сіздерге.


Жүрегімде алып бұлқынған!
Талай да, талай келермін,
Өлеңімді алып сыр тұнған.

Қиялдың кесіп ноқтасын


Арманмен ұштым қалықтап.
Алдымнан шығып Бақытым
Айналды мені аялап.

4.Қосқаным:


Келдім мен бүгін сіздерге,
Арманның мініп атына.
Өткенге коңіл қанағат,
Өртенсем қиял отына.

Арманның аштым қақпасын


Аптыққан жүрек тоқтасын.
Жайнасын жүзім гүлге ұқсап,
Өмірім болсын күнге ұқсас.

5.Жүрегімнің шәшбауы:


Келемін күнде сіздерге,
Сезімнің мөлдір күшімен.
Сүйініш болар өмірді
Тағдырым өзі тербеткен.

Тағдырдың шешіп жұмбағын


Төзімге төксін Күн нұрын.
Асыл жырымды аялап,
Жасықтау жырымды сөкпесін

Адалдықтан аттамау


Жүрегімнің бастауы.
Болашақпен жүздесу
Ойдың нәзік шәшбауы.
Арманым сонда асқақтап,
«Айға да барып қонармын».
Нұрланған жүрек бұлықсып
Бақытым мәңгі толарсың.

УАҚЫТ

Уақыт бірде кербез, бірде кердең,
Өзі бір желмая ғой жерді кезген.
Ғажабын уақыттың түсінбеген
Шатбұттап ол-пұлыны мыжып, езген.

Сырғытып уақыттың даурықпасын,


Діттеймін суреткердей дауыл тасын.
Өлшемін уақыттың бұзып-жарып,
Татамын таңсәрнің адал асын.

Сырым бар азды-көпті айтарлыққа,


Пайдасы тиер, бәлкім, болашаққа
Күншуақ, кіл жақсылық тілеп жүрем,
Ата-мекен, жер-ұйық, алты Алашқа.

Уақыт ұрламашы сағатымды,


Онсыз да зымырайды қыс пен жазы.
Кетсем де өзім өзге дүниеге,
Өмірге жыр мен сырдан із қалады.
2003

ҮШ ҮЛЫ СӨЗ


Үш Ұлы сөз дүниеде бар екен;
Айналайын!
Рахмет!
Құлыным!
Естігенмін бұл сөздерді,
Желбіреп шәш, тұлымым.
Айналғаны құлынымдап баласын
Махаббаты екен Ұлы Ананың.
Рахмет! - деп жер ұйыққа
Бала, нәсіп бергенге,
Тереңіне бойламаппын,
Балалақта ұқпаппын.
Ақыл толып асыл сөзді жұптадым,
Енді, міне, өзім ана болған соң,
Ұлы сөздің ұлылығын құптаймын.
Ұлар құстар Ұлытауға қонсыншы,
Арайланып үкілі үміт толсыншы.
Ұлы сөздер тілеулес боп өмірде,
Елге бақыт, Жерге намыс,
Мирас болып қонсыншы,
Үш Ұлы сөз мәңгі есте болсыншы.

ҚАЙРАН МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ


Қайран менің жүрегім жалындашы,


Жауығып жамандарға жалынбашы.
Ғашық жүрек онсыз да жаралы ғой,
Аш қасқырдай таласа жабылмашы.

Қайран менің жүрегім сағынбашы,


Нөсеріне өмірдің бағынбашы.
Сенсіз көңіл кезбелі, өмір жадау,
Қара көзден ақ маржан ағылмашы.

Қайран менің жүрегім жаймашуақ,


Ғашық жүрек береді бойға қуат.
Ұмытсам деп қаншама ой қуамын
Қайран жүрек ұлы үмітке бер қуат.

Ғашық жүрек жөнсізіңе көнбейді


Ұлар үміт жүректі жанып емдейді
Лүфіл қаққан пәк бейнеңнен айналдым,
Ғашық жүрек ақ сезімді тербейді.
2004
БАЛАЛАРЫМА
Жетелі болып ұлың,
Желкілдеп өсіп ңызһің,
Ананың сүтін ақтасын
Ақылды күйеу, саналы келін, Ата-ене сыйлап, мақтансын.
(Автордан)
Балаларды бақытым деп сыйлаймын,
Құлындарды жаман деуге қимаймын.
Орынды сөз, ойлы пікір ұсынса,
Жасы кіші болса да оны тыңдаймын.

Ардақты ұлың - үй-күйіңнің панасы,


Ақылды қыз - анасының данасы
Күн-күн сайын жақын тартып тұратын
Жақсы күйеу-жаныңның бір саясы.

Секілді жақсы келін-сырлас қызың,


Жақсы болса үйіңде болмас ызың,
Ене-келін сыйласса жарасады,
Тәтті сөйлеп, шәй ішіп, тарасады.

НАН ДАСТАРХАННЫҢ ДОСЫ


Ұқыпсыз, қарабайыр, жаны саяз


Білер ме үзім нанның өмір жайын
Өмірге сән мен ажар, қуат берген
Үзім нан, қасиетіңнен айналайын.

Нан, - деген адал астың басы болар


Тісі жоқ кәрі қарттың асы болар.
Сондықтан нанда үлкен қасиет бар
Қиқымын жиып жеген байлық болар.
...Бір күні ет артынан шәй демдедік
Нан қоймай дастарханға, тек, шәй дедік.
Отырған оң жағымда Ғалымжаным,
Тіл қатып: «Дәйә!» - деді, мен қарадым,
«Қояйық дастарханға ақ нанды да,
Досы ғой дастарханның нан да, май да», -
Сөзіне баламыздың күліп алдық,
Жегісі келген бе деп, нан алдырдық,
Дегенмен, бала тілі бал болғанмен»,
Ойына баламыздың қайран қалдық.
О,тоба!
Бұл бір шындық, тәбәрік сөз,
Қалмасын ұмыт болып бұл асыл сөз.
Досы ғой дастарханның Нан падишаһ!
Сөз қалар талай жақсы балғын шақтан.
Бала сөзге ой қостық, бүл бір дастан.
Нан! - деген дастарханның сыр-мәзірі
Адамзат, бүл сезімді бағалаңдар!
2004

АЙДАНАМА

Үмітпен ат қояды қазақ халқың.
Халықтың Данасы бол, балапаным.
Мөп - мөлдір көзқарасың
Кіршіксіз бір баласың
Пәк жүрек, сәби сезім
Айданамсың.
Айкажан тұған күнің құтты болсын.
Тәңірім үлкен бақыт, өмір берсін.
Мөп - мөлдір көзқарасың
Кіршіксіз бір баласың
Пәк - жүрек сәби сезім
Айданамсың.
Түсінік, түйсігің мол, құлынымсың,
Немерелер алдысың, қызығымсың
Қызғалдақ - қырмызымсың
Кішкентай қызықтысың
Аңқыған жүпар исті
Қылықтымсың.
Тәлімді, тәрбиелі Айдана атың,
Айы бол ата-ана, аймағыңның
Қызғалдақ - қырмызымсың
Кішкентай қызықтысың
Аңқыған жүпар исті
Қызықтымсың.

БАЛАПАНДАРЫМА


Немере қыз, немере ұл-шалқыған


Самал желдей, саумал исі аңқыған.
Балбұл түрін, тәтті тілін көргенде,
Ана жүйем қуаныштан балқыған.

Бөлек бәрі, өз алдына ордасы


Аптасына бір көрмесем сағынам.
Заман сыры - тағдыры ғой қазақтың
Амалсыздан осы «заңға» бағынам.
Немере алды Айданадай ақ қызым,
Адина, Айзере, Айкерімім бақ қызым
Осылардың ортасында томпиған
Әлібек, Шаһ, - қошақаным, тоқ қозым.

Өсіп, жетіл әке-ана бағына


Ата-Әжеге Алла берген сыйлықтар.
Бақытты боп, бір-біріңмен сыйласып,
Желбіреген гүлім боңдар бағымда.

СӘБИ
(АЙЗЕРЕ ШАЛИНАҒА)


Бір сәби келді өмірге,


Бір өлең келді көңілге.
Айдай бір әппақ немере,
Бақыт боп кірсін төріме.

Әппағым менің - ақботам,


Айзере! - деп, ат қоям.
Өмірің болсын зерделі
Жұпарын жұтып мен тоям.

Өмірге-өзек, зерек бол,


Бақыттың көшіне ере гөр.
Әженің нақылын еске ұстар,
Қызыма биік сана бер
1999
БАЛАМ, СӘЛЕМ ДӘЙАҢ

Қырықтың да


Қырқасына шығарсың
Құлыным сонда,
Ақылды кімнен сұрарсың.
Жобамен біліп,
Кейіпін танып,
Серік боп сезім
Ақылға мойын бұрарсың.

Онбес пен жиырма


Ақылдың кені тәрізді
Байқамай жүріп,
Өтесің басып әр ізді
Ескермей кейде,
Ерсілеу кетіп өз-өзің
Ақылмен айтқан
Ұқпайсың ана пір сөзін.

Қайда да қашан,


Ананы тыңдау парызың
Атаның сөзі
Тұнығы болар батаның
Сонда да өзің
Ақылға қосып ақылды
Алыстатпа ағайын,
Туған - жақынды.

Баламсың кенже


Ботамсың емген анаңды
Ақылың толсын
Кемердің шалқып көмбесі
Өмірің алда,
Еліктеп жұртқа қарама
Алды-артыңды
Ақылмен шолып, сарала.

Адаспас аяқ,


Жаңылмас жақ та болмайды
Жақсылық тіле-кұдайым өзі қолдайды
Ақзер әлем
Ырзығыңды жолдайды.
Ақылмен жүріп,
Аңдап бір бассаң аяқты.
Бақытынды балашағың қорғайды.

Әдеттен жаман


Арылтып бойды, таза ұста,
Өтірік айтпа,
Үлкенмен әсте ұрыспа
Көгерер ердің әр сәті
Алған батадан
Тиеді дейді
Қарғыс та кейде қатадан

Қарғыстан сені сақтасын


Алла, Тәнірім
Назадан сені
Қорғасын баба руһың
Бақытың өсіп
Өмірде толсын көңілің
Болашағың биік боп
Гүлденсін бүкіл өмірің.
2001
БАЛАМА (ТӨРЕБАЙҒА)
Тілейтінім үш отыз бес жасыңа,
Алла тәңір бақыт берсін басыңа!
Ак Фәріштә аяласын әрдайым,
Жора-жолдас толық болсын қасында.

Тілейтінім Бақыт, Бірлік, Береке!


Қалаулы бол, елеулі бол еліңе.
Жүрегіңде пәктік сезім толысып,
Сәттілік пен Мереке берсін ісіңе.

Бәрі аялап, құрмет тұтып сыйласын,


Өз басың да өзгелерден сый алсын.
Ұлғайғанда Бақыт тауып баладан,
Қарт жүрегің мәпеленсін сыйлансын.

Жан рахатын бұл жалғаннан көріп өт.


Қамқорлықты ағайынға беріп өт.
Тәңір сені жарылқасын жалықпай,
Қуаныштан көңілің ұшсын қалықтай.

Жанұяңда жаһұт оты жағылсын,


Әке сыйлап балаларың бағынсын.
Дәйәлаған бал тіліңнен айналдым,
Құдай берген сен де менің бағымсың.
2003

БІР СЕЗІМ ІҢКӘР МАҒАН


(Тұңғышым БАЯНҒА АРНАУ)

Ризамын! Бір сезім іңкәр маған,


Кездерің жок күйініп, табалаған.
Сол бір іңкэр сезімнің қуатымен,
Көкрегімде бір күй бар бұрқыраған.

Содан болар жыр жазам асқақтаған,


Жүрегіңнің сәулесі шуақ маған.
Нұр сәулеңді аяма жан - күйімнен,
Айналайын жып — жылы жүрегіңнен.

Алғысымды айтамын, аямаймын,


Сатысында өмірдің аялдаймын.
Біраз қызық өзіңмен бөлісейін,
Шаттығымсың, пәк мінез, айналайын!

Сені көрсем қуанам, мақтанамын


Жүрегімде шаттықтан бапталады.
Қуаныштан бар қайғым сейіледі,
Мені сендей бір балам сүйгені үшін.

Толқын атар кеудемнен алау күшім,


Шыбын жаным бір пида бала үшін.
Ыразамын Аллаға шаттық беріп,
Мені сендей бір балам сүйгені үшін.
2004
ӨТІРІК АЙТПА, ҚҰЛЫНЫМ

Өтірікшіден шайлығады жүрегім,


Өтіріктен қаймығады тілегім.
Өтіріктен өтірікті туғызған,
Жезде, әлде, қайын бике, балдызың.

Өтіріктің өрге баспас өресі


Өтірікші көрер өмір «көкесін».
Шындыққа оны бергісіз деп жүргенде,
Құлатады биік жардан «көкешің».

Өтірікшінің қасында


Қосылмай сөзге, тек тұршы.
Өтірік айтпа құлыным,
Онсыз да «өмір» жексұрын.
2004
БАҚЫТЖАНҒА
(Қызымды ҰЗАТУ тойына ШАҚЫРУ)

Батырлық, байлық


кімде жоқ,
Махаббат жөні бір басқа.
Күйеу келтір қыз ұзат
Үкілі үміт бағында!

Бақытжаным базарым,


Сұлу сымбат, ажарың.
Айналады өзіңнен
Анаң - Дәйәң, қарағым.

Жүрегің жұмсақ жібектей,


Жүресің жақсы тілекте.
Мол бақыт құшсын жүрегің,
Қабыл боп әмсе тілегім.
2009
БӨПЕМ
(ШАҺҚА)

Әй-әй бөпем, доп қуған


Жүрген жерің кіл думан.
Гүл тересің күлімдеп
Қуанды анаң күнім! - деп
Ай мен Күндей ажарың
Күтемін сені қарағым
Балбұл тілің былдырлап,
Жаныма жылу қалдырған.
Әй-әй бөпем, Ай, бөпем,
Әдемі бөпем көкешім
Қызыл гүлдей жайнашы
Жүгір, келші қасыма
Жүрегі әжен жайлансын.
1999

ҰЛЫМА
(ҚАЛДЫБАЙҒА)


Сағынамын! Сағынамын мен сені


Әңгімеңмен көтеруші едің еңсемді
Енді, міне, хабарласпай жатасың
Үнсіздігің маған сонша батады.
Сағынамын! Сағым құйын ақ таңда
Сағынамын қызарып күн батқанда
Сағыныштан өмір оттың тұратынын білемін
Хабарласып тұрса екен, - деп тілеймін.
Сағынамын! Сағынышым сабырлы
Өз ортаңда бола берші қадірлі
Мен алпыста, егде тартып барамын
Алдандырар өмір-өзен сағымы.
Сағынамын! Сағынышым мына өмірге бағынды
Бағынбасаң жұлып алар тағыңды.
Қарымды бол, ақылыңмен Таққа отыр
Қайрымды боп, жоғалтпашы бағынды!
Сағынамын, сағынамын өзіңді
Тілеймін, тек, үлкен Бақыт, ғұмырды.
Бала-бақыт, Ана-байлық уанам...
...Аналарды сыйласаңдар қуанам
Сағынамын, сағыныштан сарғаям
Ұл-қызымның өмірімен марқаям!
Білетінім, мына өмірден көшкенде,
Сендерді ойлап, атыңды айтып, жантаям.
2004

ӨЗГЕРМЕЙДІ АНАНЫҢ МАХАББАТЫ


(Нәнәға)

Бала деген адамның бауыр еті, -


Деп айтады үлкендер біліп, тегі.
Бала деген көз нұры екен, жаным,
Өзіме айтқан анашым мүның бәрін.

Ақ сүт беріп, ардақтап балапанды,


Асырайсың аялап алақанда.
Шәр балапан жетілді жігіт болып,
Тілеймін амандығын жаратқаннан.

Жамандықтан аулақ жүр, жаным ботам,


Күзетшідей ұйқысыз мен отырам.
Сен болмасаң не мән бар бұл өмірде,
Баласыз үй-қу мазар, - деген, балам.

Жүрегіне ананын салма жара,


Құдірет күші анасыз барма, сірә,
Тілейтіні өмірден, бала бағы,
Өзгермейді ананың махаббаты.

Бала деген жүректің жүйесі екен,


Бала сую анаға тиесі екен.
Ғажап екен табиғат, мына өмір,
Махаббаттың байлығы анада екен.

Қадірліні қадірле тіршілікте,


Не істесең ақылмен біліп істе.
Анасынан мезгілсіз айрылғандар,
Қалар мәңгі өшпестей өкініште.
2004
VIII Жыл мезгілдері.
Табиғатым — тағдырым
Білемін оның мағлұмын.
Табиғат - өлкем, көркем,
Тағдырым, еңсем
Сырыңнан
Сырға тақтым еркем.
(Автордан)
ТҮН
(ЕСЕНИННЕН)

Өзен мүлгіп қалғиды,


Қара шілік тым - тырыс.
Сайрамайды бұлбұл да,
Тынды айғайы тартардың.

Түн. Айнала тылсым күш,


Сылдырлайды арықтар.
Ай сәулесі күмістен
Арайланды маң қырлар.

Өзендерде күмістей,


Арықтар да күмістей.
Көгал шөп те күмістей,
Күміс жымың бар дала.

Айнала түн. Тыныштық.


Табиғат сұлу ұйқыда.
Ақ сәуленің арайы
Кұміс тақты маңайға.
2003
Д. ФЕТТЕН
Ғажап түн. Таза ауа.
Мүлгиді күміс жапырақ,
Ұйқыда сұлу атырап.
Шіліктен түскен көлеңке,
Жағасын өзен кезеді.
Ұйқыда кербез шығанақ,
Толқынды түн күрсінбе?!
Кеудесі толған тыныштық,
Жылт етті солғын бір сәуле,
Жоғалар көшкен бұлтпенен.
Шырынды көк шөп иісі
Бейбітшіл мінез керсетер,
Санаға ақыл бергендей.
Жүрекке жайлы хош иістен,
Қалайды көңіл тынымды.
1990
САРЫ КҮЗ КЕЛДЩ БЕ?!

Сары күз сабылып келдің бе?!


Жайқалған жасыл-көк
Демалсын дедің бе?
Жер-көкке бұрқырап, сабалап,
Жапырақ жауынын төктің бе?

Сары күз санамды жаңғыртты,


Бір суып, бір жылып,
Мың жылап, бір күліп
Сарғая сағынған сағымдай,
Жер төсін маужырат, қалғытшы!
Сары күз жасылды жапырдың,
Саумалдай жапырақ сапырдың.
Ағаштар әлсізін жұлқылап,
Даулың, дабылың бұрқырап,
Шірігін, жаманын қатырдың.

Табиғат жасығын жапырдың,


Бізге де тісіңді батырдың
Қаймығып қара сұр бұлтыңнан,
Егін-шөп жинауды еселеп,
Айланы сенен біз асырдық.

Ойланам дәп сені көргенде,


Табиғат тапсырыс берген бе, -
Әлемде әрнәрсе жұлқынар,
Көрініп, көрінбей бұлқынар,
Сен-Адам, бейқам боп жеңілме!
2004

БІР КҮНІ, СӘТТЕ


Бір күні, сәтте,
-Қалайсың? - деп сұрады
Қарапайым тілменен
Қарағай мен Қараағаш,
Тамыры тартып тереңге
Көк жасыл боп желкілдеп
Желбіретіп желегін.
-Дәл солай. Мен де өзіңдей
Өніп, өсіп жатырмын.
Тауда жұрсем батырмын,
Тойда жүрсем ақынмын
Жер мамықты төсеніп,
Жұлдыз санап жатырмын.
Ойда жоқта, ойқастап
Ұшып келіп касыма,
Қоңды сол бір жапырақ.
Сәл бір, сәтке ойландым,
Ойландым да...
Толғандым, ойпырым-ай,
Қарағай мен қараағаш
Қалар ма екен жалаңаш.
Сары күз кеп, сарғайтып
Солар болды-ау бұтағы, -
Деп, қамығып қарадым,
Биік мұнар басына
Ағаштардың жасына.
Айтты қартаң бір ағаш
-Жоқ, жо, жоқ,
Тамырымыз тоқ.
Алла жазып келер жыл,
Көктем қайтып келеді,
Күннің көзі өз нәрін
Сеуіп, сәлем береді.
Қайта гүлдеп, жанданып,
Жапырақ жайып жасаймыз.
Күн көзінен нәрленіп,
Желмен сыбырласамыз,
Ешгеңе емес, сарғайсак
Ұшып қонып, аралап
Тілдесеміз әркіммен:
Елмен, жермен, танысып,
Сезімменен табысып
Алтын күзді қарсы алып,
Өлең, тақпақ жаттатып,
Қыздарымыз күз тойын.
Деді жапырақ, жымиып.
2003

БОРАН
(АБАЙ ӘНІМЕН)


Қарлы боран, әппақ аспан,


Көктем жерге жол салған.
Қыс бораны даурығып,
Терек, шырша сырласқан.

Қысқы боран - қарлы құйын


Орманды әнмен тербеткен.
Қарағайлар қалғып әннен,
Ақ қайыңдар селт еткен.

Ақбұрқақтан аспан мүлгіп


Кейде өрши ұлиды
Іздегендей төркіндерін,
Кәрі бұлттар жөңкиді.

Ақ боранды әппақ қарда


Балалақпен жарысқам
Ақ жүзімді аяз қарып,
Жастығыммен табысқам.
2003

ҚЫС КӨРІНІСІ


Айнала әппәқ


Мүлгіп тұр терек, қайын,
Жамылады ақ көрпе дала дәйім.
Мұңға толды жүрегім, жазым кетіп,
Сырласуға өзіңмен тұрмын дайын.

Толқыды
Жүрек-жалын, дүрсіл қақты,


Ақ боран үйіп-салды бау мен бақты.
Ақшаһарлы ақпанның ақ таңында
Жүректен ақ бораным жыр боп ақты.

Сағыныш,
Ақша қардан сені іздеймін


Тербеген жан-жүйемді гүлді іздеймін.
Сағына берем Алланың ақ таңын да,
Келер күн, тосам сені бақ - бағыма

Қайта айналып келеді қыс, келер жаз.


Жас баладай қуанамын, болам мәз,
Таусылмасын сағыныштың саздары
Қартаймасын ақ жүректің жаздары.
2000

ҚҰТТЫ БОЛСЫН, НАУРЫЗЫМ


Аспан әппәқ, таулар асқақ


Қар жамылып мүлгіді.
Күн күлімдеп, көктем келді.
Айнала дүр сілкінді
Күн күлдіріп Наурыз келді
Келді бақыт далама
Шаттық бойда, ырыс тойға
Біз қуанбай бола ма?!
Қане, жастар, еңбек баста
Отанды ойлап, түс алға,
Бірлік қосып, қол ұстасып
Ақылыңды қамытта.
Құтты болсын! Құтты болсын!
Тойың торқа жамылсын.
Ақыл, білім, ғылым жинап
Тойға шәшу шашылсын.
Жаңа күнім Жаңа жылым
Құтты болсын - Наурызым!
2000

КӨКТЕМ
(Б. МАЙКОВША)


Жолың болсын, қартаң қыс!


Келді көктем күйемемен.
Екі аяқты күймені
Алтындапты күн-көктем.
Шыңнан шапақ шашылды
Дәрменсіз «қартым» бәстеспе.
Гүл патшасы бұл көктем,
Самал желді желпіген,
Ауасы қуат, желі өктем,
Жауыны жылы, күні шат,
Құстары әсем сайраған,
Даланы дуға толтырған.
Бұл көктемнен оянаған
Кете гөр, «қартым», жарыспа.
Қылшылдаған қылышы -
-Сары аязы, кәрі жоқ,
Ақ киімді - ақырет,
Сай-салаға жүгірді.
Гүл-күлкілі шуақтан
Жаны мүлдем түңілді.
Гүл-гүл жарған өңірде
Хош иісті тұр күлкі.
Гүл көмкерген бал-ара
Жеңістің туын көтерді,
Түрлі-түсті көбелек
Гүл көктемнен құлпырды.
1990

ЖЫЛҒА

Жылғасы өзеннің
Сұп-суық, тап-тастай,
Көк аспан мөлдірін
Құлыптап алғандай.

Еркіндік алады,


Әнге әсем салады.
Бірде ол уілдеп,
Кейде сыр ашады.

Ал кейде күлімдеп,


Сылқылдап қашады.
Сылдырлап зулайды,
Тау-тасты аралап.

Сай-сайда салқындап


Төменде дамылдап
Көз қыса жылтырап,
Сен қайда барасың?

Ойлана қарасам.


Өмірде іздерің...
Аңсаумен өзіңді
Үмітті үзбедім.

Сайларды қыдырып,


Жұлдызды санайсың,
Шалғынды суарып,
Досыңа балайсың

Өрмелеп шықсам, - деп,


Биікті аңсайың
Әнші құс, көбелек
Дәміңнен татты кеп.

Ақбөкен, Ақмарал


Таза су ішеді
Ақ қардай етіңнен
Шөпілдеп сүйеді.
...Көк майса жағаңда
Дем алып жатыр ем
Сыбырлап, сылаңдап,
Жүреке болдың ем.

Дәл сендей зырласам


Мөлдіреп тынбасам.
Көңілді шалқытып,
Әніңді тыңдасам.

Үздіге қараймын


Бал суды қалаймын
Сырмінез сырластай
Досыма балаймын.
2004

ҚҰСТАРЫМ-АЙ


Құстарым менің, аяулы құстарым-ай,


Қимай күзде жеріңді ұшқаның-ай.
Қарадым ұзақ сонар күз соңынан,
Көңілім күз, амалсыз ұшпадым-ай.
Сағындырып келерсің құстарым-ай,
Көз салам көк аспанға құштарым-ай.
Келер деп, тағы айналып сұлу көктем,
Арман мен тілегімді ұштадым-ай.
Күлімдеп, келді көктем, шуағым-ай,
Әнші құс келді қайтып тұрағына-ай
Жүрегім мәз, қуанған көңілім жаз,
Таныдым. Ол да мені танығандай.
2004
КӨКТЕМГЕ
Көктемнің күндері әдемі,
Тәңірдің бұл да бір сәлемі.
Көктемде көгім күледі,
Шаттанып жүрек әлемі.
Құндыздай жайнап жер жүзі,
Алтын күн көкте күледі.
Жақсылық тілеп жүрегім,
Арманым биіктеп түледі.
1990

ФАУСТ ІЗІМЕН


Ең, алғашқы жауқазын,


Қар астынан бой создың,
Күннен шуақ сұрайсың.
Аққұба қыздай талдырмаш,
Қөзімнің жауын алдырмаш,
Иісің жұпар аңқыған,
Көктемнің алғаш кәусәрі.
Саф ауа кеуде кернеді,
Сый болдың сырды байлаған.
Оу, алғашқы көктемім,
Жалындап жастық, көктедім.
1992

БӘЙШЕШЕК ОЯНДЫ


Сәнді сәуір күлімдеп


Ән сап күлді күн көзі
Балалар ойнап, күнестеп,
Аяғын созды күн көші.

Сылдырап аққан жылғалар,


Бәйшешек гүлді оятты.
Ұйқысы қанған гүлзарлар
Елжіреп шұлғып, бұлғаңдар.

Майысып желмен шалқиды


Бәйшешек иісі аңқиды
Оятқан мені сәуірде,
Рахмет, сұлу көктемге.

Алтын күннен нәр алып,


Түрлі түске боялып,
Жер беті жайнап кілемдей,
Қуандық, сыйға гүл алып.

Ақ, көк, көкшіл, сап-сары,


Алқызыл, жасыл, өртеңгүл.
Сұлулық емей немене
Аңқиды жұпар әтіргүл.

Сұлулық сәті бір жұмақ,


Тіл қатты гүлге жүрегім.
Өзен-көл маңы жас құрақ,
Айнала жұмбақ-мың бір түн.
1993

СОНҒЫ ҚОНЫРАУ СЫҢҒЫРЫ


Сонғы қоңырау сыңғыры,


Жастық бір шақтың елесі.
Алау жүрек, албырт шақ,
Күміс қоңырау күндері.

Ақ бантик таққан жас өрім,


Өсіпте қапты-ау, көп-көрім.
Кекілді, үрпек балалар,
Өмір жолын енді саралар.

Белесте-белес балғын шақ,


Бәйшешек қауыз жарған шақ.
Балауса көктем есігін,
Айқара құшақ ашқан шақ.
Елесте болар балғын шақ,
Белеске шығар жастық шақ.
Қарсы алар сізді ақ таңда
Өмірлік қонырау-жарқын бақ.
1989

ТӨРТ МАУСЫМ,


ҮШ ТОҚСАН-ОН ЕКІ АЙ ҒОЙ

Төрт маусым үш тоқсанға бөлінеді,


Қосқанда он екі ай боп керіледі.
Санасу қыспен, күзбен қажет болар,
Төрт маусымнан адамның ақылы озар.

Бір күзді қазақ бөлер көп сатыға


Күздер аты өзіне тым лайық та:
Сарыала күз, қоңыр күз, қара күз деп,
Ескертеді, қазағым, суық күз ызғарын да.

Қара бұлт үйірімен жөңки көшер,


Қара жаңбыр өш алардай төгілер.
Құлазиды қара күзде қу дала,
Асыр салып семіреді құлын да.

Соң ала ақырап, қауыс келеді күз,


Көк майса, гүл жазира, солады түз.
Шыққан күн ерте батып, түн ұзарар,
Аң, жәндік мол ұйқыға енді жатар.

Сондай-ақ қыстың басы қырау болар,


Күз бітіп, қыс қырқасы қылауланар.
Далаға шықса алыс, жылқы қарап,
Сақал-мұрт, кірпігің де шылауланар.

Қаңтарда - қыс қаһары төгер аяз,


Қарт ата қысты болжап айтар мақал
Кемпір-шал таяқ ұстап, үйде отырса
Балалар шана теуіп, болады мәз.

Одан соң ақ қар жауып оппалатар,


Оппалап кәрі, жасың құлап жатар.
Бала мәз, қарт күледі үялғаннан,
Сәбидің шымыр тартып, буыны қатар.

Қыс соңы - мал қоңынан арылған кез,


Күн ұзап, күн шағырмақ себетін кез.
Жаратқан дүниені төртке бөліп,
Бір күштің барлығына жеткендей көз.

Қыс соңы әлде ұзақ, әлде қысқа


Кәрі-жас масайрайды күншуақта.
Қорадан мал шығады күнестеуге
Көргенмін мұның бәрін балаң шақта.

Тақырда асық ойнап, балалар мәз,


Ертең-ақ көктем өтсе, келеді жаз.
Түстікте бүрдің ауызын бәйбіше ашып,
Сүр жеген қыз-жігіттер айтады наз.

Аяңдап «Ұзын сары» барады өтіп,


Сай-сала суға толды, аққала өліп.
Зымыстан зытты, білем, аялдамай,
Қыс жөңкіді артына қарай-қарай.

Даланың бір тыныштық-мейрамы бар,


Бәйшешек қар астынан қауыз ашар.
Аңсапты айдын көлін Сарыала қаз,
Әркімнің туған жері Мысыр шаһар.
Наурыз, Наурызнама назарларда,
Әлем шат Мейрам отау базарыңда.
Жыл басын көргендер көп, көрмеген бар,
Ақ дәстүрлер жалғассын ұлтым барда.

Сәуір тумай тәуірің бола қоймас,


Аймен ай жалғасады - өмір жалғас.
Қанша қарап басқаға қызықсам да,
Туған жер, өскен елдей мекен болмас.

Мамыр - май келді, міне, маң-маң басып,


Бала шат, үлкендер жүр көңілі тасып.
Саһара жасыл кілем тоқып жатыр,
Түр салып, түс текемет басып жатыр.

Маусымның мамыра жай күндерін-ай,


Шыбынсыз саф ауалы түндерін-ай.
Қыздар-ханша, жігіттер-ханзада боп,
Болсыншы ажар, ақыл, көрікке бай.

Қазаққа шалқар кезең-шілде, тамыз,


Құлаштап сапырылар балдай қымыз.
Жаз жайлауда жарасып жақсылыктар,
Алысты жақын қылар бауырласып.

Естисің өзен-көлден күміс күлкі,


Ойқастар «қызыл қамзол» - қыр түлкісі.
Жақсыға жақсы болу жарасады,
Қыз-жігіт ойнап-күліп тарасады.

Өмір дүние-ебелек, әлде, көбелек,


Айналады көк диірмен дөңгелеп.
Жалғаны жоқ бәрін Тәңір жаратқан
Бар тіршілік бір өзіңнен нәр алған.

Түнім жарық - Шолпан, Айым аспанда,


Жаным-жалын топрағыңды басқанға
Алып Дала байлығыңа жер жетпес,
Тәтті дәмің ауызымнан еш кетпес.

О, Дариға, туған жерім - талайым,


Маған ыстық бар тоқсаның, бар айың.
Кезегімен төрт мезгілді сағынам,
Сені аңсатқан жырларыма табынам.
2003

УАҚЫТ ТУРАЛЫ СӨЗ, ТОЛҒАУ


Если поэт хочет и может
Взять тему выше, чем
«В е ч н о с т ъ»
Значит - твореньям его
Выше «Вечности» жить дано!
(Т. Бердалина)
1.Уақыт жоқ деу, сылтауға желеу.
2.Уақыт алда, бұйырғанын көреміз деу- сөз, көкті сауғанмен теңдеу кеу-сөз.
3.Уақытпен санаспау, Бақытқа жетпей жолда қалу кепілі.
4.Уақыттан озу аяқпен орындалмас, ой-көңілмен нәтижелі іске араласу.
5.Үнем - үнемшілдік емес, үнемжанды болу - үлкен өнер.
6.Әр нәрсеге үнемділік, уақытты үнемдеуден басталмақ.
7.Үнем ұлағатыңды темекі шегуге, арақ ішуге, өсек айтуға, бос жүреге,
өтірікке, кезбелікке, төбелеске, жезөкшелікке, кезекте кержиуге, таусылмас
ұйқыға, айықпас «ауруға», жалқау жиынға, көгілдір отқа тесіле қарауға, т.б.
жөнсіздіктерге кетіре көрме.
8.Уақыт өмірінің мағынасыз өткен бір мысқалын бүкіл байлығыңнан, бақ –
дәулетіннен айрылғандай сезін.
9.Уақытты бағалауда да жеті байлық бар деп біл:
Бірінші байлық - денсаулық
Екінші байлық - бақытың
Үшінші байлық - ақылың
Төртінші байлық - тұғырың
Бесінші байлық - бала - балғының
Алтыншы байлық - арың, асылың
Жетінші байлық - алтын уақыт - өмірің.
10.Барлық адамға уақыт - Таңның атысы мен Күннің ба- тысымен бірдей
тең берілген, бірақ біреу-ғалым, біреу - жаның, біреу - арың, біреу – сорың
болып шығады, осыны ескер.
11.Уақытың - байлығың. Уақытың - бақытың.
12.Ақ таңмен таласа алтыда тұр, Күн шыға қажетіңді өтеп, шынығып,
жуынып, жәй-күйіңді реттеп, тамақтанып, сейілдеп, жеті-сегізде жүмыс
жолына шық.
Асықпай, таза ауада аяндап, еңбек баспанасына сегіз елуде кіріп кел.
Түстігіңді түйіп, ағзаңды ширатып, дем алып, күн шуағын сәл-пәл жұта,
еңбек күніңді екіде жалғастыр.
13.Бесін ауа, К.Маркстей, яғни сағаттай тұрақтылықпен жанұяңа жеті
сегізде орал. Өрістегі мал да мезгілінде оралатынын ескерген жөн.
14.Кешкі астан соң үнем уақытыңды ұлағатты іске жұмса.
15.Өміріңді Ұзартам десең - уақыт өлшемін үнемде.
16.Әр жыл, әр тоқсан, әр ай, әр апта, әр күн, әр сағат, әр лездеме, бір сәт,
қас қағым уақытыңды бос жібермей пайдаңа жаратып, тіршілігіңе тыныс
ете білсең, уақыттан озғаның.
17.Бір күнгі тірлік қызығы, жарық дүниенің еңбек қуанышы
-мәңгі өлмейтін Атақ пен Бақыт.
18.Малын, жанын, жер жәннәтін сақтау үшін, жан аямай, бел шешпей
күресіп, күнім өтіп барады деп, жылаған қазақ, қазір, мына күн
ұстатпайды, неткен қысқа еді деп, қайраңданады.
19.Уақыт - тіршілік тынысы,
Уақыт - қуаныш, қызыгың.
Уақыт - ақша, айлығың
Уақыт - бақыт байлығың
Тәуелді саған бар өмір,
Іс - әрекет көрігің.
20.Бірінші адам қымбат
Екінші өмір қымбат
Үшінші ұл-қыз қымбат
Төртінші төркін қымбат
Бесінші бесік қымбат
Алтыншы ауыл қымбат
Жетінші жерім қымбат
Бәрінен де:
Қымбатымды құрметтер,
Дұрысымды суреттер,
Ұлысымды ұлғайтып,
Жақсылыққа жеткізер
Саналы өмір керуені –
Алтын уақыт тым қымбат.
21.Алты айда жымиып,
Жеті айда күл бөбек
Бір жасыңда тіл шығып
Оң - солыңды біл бөбек.
Алты жаста әліп-би,
Жеті жаста жыр біліп,
Өнегелі бол бөбек.
Төрт сыныфты тәмәмдап,
Тоғыз жасқа жетесің
Жетінші сында жетіліп,
Бір мүшелге өтесің.
Он үшіңде топ жарып
Жарық жолға келесің.
Зиялы ұлттың баласы
Білім алып, күйленбей,
Он үшіңде үйленбес?!
Бес жыл тоқып ғылымды,
Өнер тоқы, көкешім,
Он сегіз бен жиырма бір
Көресің өмір көкесін!
Осы жылдар ой тоқып,
Жемісін берсін еңбегің.
Табысқа да уақыт тап,
Арманға да уақыт тап,
Жан дүниенің әуені
Махаббатқа уақыт тап,
Кітап оқып, хат жазып,
Көңілге де уақыт тап,
Достарыңмен сырласар,
Сыйласуға уақыт тап
Өзіңді өзің қамшылап,
Қайыруға да уақыт тап,
Уақыт - өмір өлшемі
Жақсы өмірде жан рахат!
Ірге тасың орнайды,
Тас сарайы ілімнен,
Қатарында жақсының
Көрінерсің бірінен.
Жанүя құрып жадырар
Мезгіл де туар осы тұс
Сыйламай сені тұра алмас,
Қолыңа қонған бақыт құс
Жиырма бестің жемісін
Әр мүшелде көрерсің
Қырық тоғыз төрінен
Кер бестідей керіліп.
Алтынмен атың терілігі.
Немереңе беріліп,
Елу асып елпеңдеп,
Бес белестен өтерсің.
Алпысқа аяңдап жетесің
Мерейтойды ойлана,
Мүшел тойға келесің.
Бастық орынды болса,
Басыңды сенің бағалар.
Жаңа келген «жәй» бастық...
Әлсіз жастарды сағалар,
22.Қадірлі басьщ қамыға,
Қарай да, қарай, қарайлап,
Артыңа бір аландап
Алдыңды шола бағамдап
Жүре берерсің жәйыңа,
Қысқа сапты қамшыдай
Қасқа өмір қынжылтқан
Қиқымы қалар ойыңда.
Жігерің болса жұлқынып,
Бір іс жаса мойыма.
Уақыттың безбені
Қамытын салар мойныңа
Өршелене өрге оз,
Жатып қалма майрылып.
Өткен өмір келмейді,
Есіне алып қайрылып.
Шалжиуға уақыт жоқ,
Еңбегің сіңді, көңілің тоқ.
Дүние - мүлік жинама
Өмір - жалған, дүние - бок, -
Деген ойлар мазалап,
Өзіңді өзің жазалап,
Уайымға берілме.
Жалқауланып, керілме,
Уақыт аз, жұмыс көп.
Тосып тұр тоқсан торқасы
Оқалы шапан, оқ бөрік
Тоқсанға берер ол көрік.
Алпыс бес жылдай отасқан
Бәйбішең болса, сол серік.
Болады ол жұмсақ тәтті өрік
Бәйбішеге Қарт серік.
Тоқсан деген тоқтықта,
Уайым - қайғы жоқтықта.
Асықпа, көке, асықпа,
Алланың өзі жаратты,
Өзінен болсын бір дерек
Берерім менің жыр көмек.

САРАЛАСАҚ ЖАСТЫ


МЫНАЛАР БОЛАР БАСТЫ:

6 жаста - «О» сыныф.


7 жаста - Бірінші
9 жаста - Төртінші
12 жаста - Жетінші. Мүшел жасы күтімді
13 жаста - техникум, училище, колледж
17 жаста - бітіріп
18 жаста ЖООрыны (түседі)
23 жаста ЖОО (бітіру)
25-28 жаста - үйлену. Мүшел арасы
30-49 жаста - қызу еңбек. Мүшел жасы
50 жаста - елпең шақ
61 жас - ардақтыда, аялды. Мүшел жасы
70 жаста - желіп өт
73-те жан-жақын. Мүшел жасы
Алыс емес 85,90,100-іңде
Өткеніңді жолдасаң
Осының бәрі білім ғой
Жас ұланым, білігі қой

Қазір «сынып» деп жүрген сөзіміз


Арабтың «синиф» деген сөзі (Сынып қалды емес), сондықтан ф әріпін қолдандық.
ПӘК КӨҢІЛ, ӘППАҚ СЕЗІМ!
Қарағандының торқалы, мерейге толы тойы - 70 жылдық
Мерекесіне орай ардақты да асқақ анам Нұрыбай,
Нұржан-Шолақ батырлар немересі Нұржанұлы Сыздық
Батырдың қызы Сәлкенге (Сәлима) арнаймын.
Арнау Байғозы, Наймантай,
Меңлібай батырлар ұрпағы, болыс
Жазбекұлы Жақыптың қызы -
Тұрсыннан (тәрбиелеген әкем Тоқа - Тұңғатар Тәжібайұлы Сембай руһынан кешірім өтінемін).
(Автордан).
ДҮНИЕ БІР—ЖАТҚАН ЖҰМБАҚ, ӘРІ ЖҰМАҚ (Б.Т.)
Дүние жұмбағына жас кезіңнен үңіле білген жөн екен. Сонда дүниенің
кейбір жұмбағын шешіп, жұмағы барына сенесің, келе-келе өзің де бір
жұмбақ боп қалардай көресің. Өз пікірің қалыптасып, өмірдің біраз
қырларын танып, өрісің молығып, өмірің тамаша қалыпқа түседі. Өткеннің
қадірін елеп, екшелей түсесің. Жастықпен байыбына бармаған сәттеріңді
пайымдай бастайсың. Мұның өзі өткен қателіктен кешу сұрап, болашаққа
барлау жасау шаралары сияқты. Бірақ бұл кезең азға ерте, көпшілікке кеш
келетін болар. Қай кезеңде де өз соқпағың болғаны абзал. Дегенмен,
баласына жақсы тәлім-тәрбие берер әкесі болса, әкенің жақсы тәлімінен
өнеге алар баласы болса - ілгері басу деген осы болмақ шығар. Әке
айналасындағы үлгі-насихат, ана айналасындағы ақыл-парасатқа да құлақ
түре жүрейік. Осыны бойымызға дарытып, жолымызға шырак етсек.
Қандай ғанибет!
Өмір атты ұлы мұхитты құштарлықпен құлаштай жүзіп өтер мұсылман
баласы болайық!

ЖАҚСЫДАН ЖАҚСЫ ҚАСИЕТ ЖҰҒАРДА...! (Б.Т.)


Әлем жеті қаттан тұрады десек, яғни жеті толқындардан тұратынын
аңғаруға болар. Әр толқын өз «теңізінде» шайқалады.Ал адам бойынан
тоқтаусыз шығатын толқын - аспан мен жер арасын үнемі байланыстырып
тұрады білем. Яғни адам байланыс күші, жер тартылыс күші (притяжение
земли). Ол жеті қат аспан толқынын жерге қабылдап, әрі мерзім сайын сол
толқынды кері шығарып, ауаға тарата аспанға беріп тұрады, бұл сөзсіз және
көзсіз шара. Әр адам өзінің сана сыйы, іс-әрекеті, шарапат-кесапатына
қарай өзіне тән толқын жиілігіне ие. Мұны көз көрмейді, құлақ естімейді,
қол ұстамайды, тек, сезім күші ғана сезінеді.Сезгіштер «қолмен қойғандай»
сезімталдық пен тұспалдайды. Сол себептен де жер бетінде жақсылық,
жақсы қасиет таратушы терең ойлы, ақ пиғылды адамдар неғүрлым көп
болса, бұл - табиғат пен қарым- қатыс өлшемінің негізі - алтын діңгегі
іспеттес таза қалып болар еді. О, құдірет! Жер бетіне, тек, жақсыны сыйла,
жақсыдан жақсы қасиет жұғысты болып, жақсы заман орнаса игі, - деп
тілек қосайық, ағайын. Бұл тілектің орындалуы һақ, егер ұрғашылар
ақылды бола түссе. Олар болашақтың гүлзәрларын егушілер, адамзаттың
адамгершілік ұрпағын таратушылар, яғни ұрпақтың анасы, парасаттың
патшайымы!

ПАРАСАТ ПАТШАЙЫМЫ — АНА (Б.Т.)


Таңғажайып сұлулық пен сымбаттылық тұнып тұрған жарық дүние – түрлі
түсті бояулардан, түрлі мінез адамдардан, саналуан жақсылық пен біраз
жамандықтан, заман ағымының заңдары мен ойлылардың бағамдарынан
тұрады емес пе? Соның, сол ғажап дүниенің ең аяулысы — Ана. Ана —
парасат патшайымы! Бұл дүниежүзі ғаламынан қаншама сайыпқырандар
өткен ғой. Бірақ, әркімнің өз сайыпқыраны жүрек түпкірінде қала береді
екен. Менің сайыпқыраным — құдіретті сөздің иесі!!!

ТЕК, БІР АУЫЗ СӨЗ ҒАНА


Кеуде керер қуанышты жеткізген.


Сары алтындай сардар сана салмақты.
Табылғандай қуаныштан бір пана,
Шаттандырар, тек, бір ауыз сөз ғана.

Шалқытқандай шабытымды шаттықта,


Күн орнатқан бір басыңа бақытты.
Шабытыма шабыт қосып шалқытып,
Қуантады, тек, бір ауыз сөз ғана.

Бақытымнан аспан бұлты тарқайды,


Ашылғандай махаббаттың сарайы.
Табылғандай жанымның бір тетігі,
Жадымда, тек, сол бір ауыз сөз ғана.
І999ж.
ҚҰДІРЕТТІ СӨЗДІ САҒЫНДЫМ!
Бұл сөзді елдің бәрі де біледі. Бірақ оны адамдардың бірі айтады, бірі
айтпайды. Айтқандарының өзі жәй, қалай болса солай, жеңілдеу, әркімге
айта салады. Бала күннен құлағыма сіңген осы құдіретті сұлу сөзді, ес
білгеннен елу асқанша естіген асыл да, құдіретті сөз - айналайын! - еді.
Анам кейде құшып айтатын, кейде қысып айтатын, кейде бетіме ұзақ қарап,
мен қарасам: ай-на-лай-ын, - деп мәнерлеп соза түсетін. Сол сәт мен өзімді
дүниедегі ең сұлу, ең асыл, ең нәзік, тіпті кішкентай жас баладай сезінетін
едім. Әндетіп жүріп аула сыпырып, талай шаруаны тындырып
тастағанымды аңғармайтын едім. Анам риза болғандай, пошымыңнан
айналайын, - дейтін. Осы қуатты да, құдіретті сөзді маған енді ешкім де
айтпайды. Керісінше мен енді немерелеріме айтатын болдым. Е, красоткам,
умныйым, айналайын деймін, түсінсін деп, өмір дөңгелеп, кезегін
келешекке беруін қараңыз. Мұнда да бір ғажап сыр бар-ау. Анамның:
айналайын! - деген сөзінде бір ұлылық ұғым, кіршіксіз махаббат, тау
бұлағындай таза тағылым бар, ананың балаға деген сыры бар деп білемін.
Әркімнің өз баласы өзіне қандай дейсің! - дейді анам. Қайран анам! Шын
сүйген жүрегіңді, құдіретті сөзіңді, асыл айналайыныңды сағындым!
Анам қанша айналып жатса да мен аса ештеңе айта қоймайтынмын,
есейе келе жауап ретіндей болған «Анама» арнау өліңін жаздым.
(«Орталық Қазақтан» 1/1-1965 ж).
Сездің бе, анам, сенің ыстық лебің,
Жалын боп жүрегімді құшты менің.
Өмірдің нұрын төккен жас жаныма,
Қадірлі анам сенің асыл сөзің.

Жадыра, жабырқама, жайдары жүр,


Жүректен арнағаным жыр менен гүл.
Қалмапты ержетсем де еркелігім,
Тегінде, саған деген махаббат бұл.

О, ана, сіздің бүкіл ағайын-туғанды сүйетін Ұлы жүрегіңіздің соқпағанына


да, міне, жетінші жыл. Сізді бұл дүниеде жоқ деуге, сенер сенбес күй
кешемін, бірақ сіздің менің жүрегіме ізгілік еккен руһыңыз мәңгі тірі. Қара
жер қойнында жатсаңыз да, сіздің руһыңыз, сезіміңіз менімен бірге екенін,
әрқайда аңғарамын. Жаныңыз жәннәтта, тәніңіз рахатта болсын!

АНАМНЬІҢ ТЕГІКІМ ЕДІ?!


Үлкен кісілердің тілімен айтсам, жақсыдан жаралған жан еді. Анасы –
Зілжан, Тарақты руының белгілі, атақты жерінің қызы болған. Денесі
Қырғыз мемлекетіндегі Пішпек қаласының орталық зиратына жерленген.
Әкесі — Сыздық, Нұрбай тегінің Нұржан батырдан туған. Әкесінің 20
жасында бәйбішесінен туған тұңғыш қызы екен. Бала кезінде әкесі екеуі:
әкесінен, мұрнынан жіберіп, боқтасып отырады екен, қазак баланы әртүрлі
еркелеткен ғой, соның бірі түрі болса керек. Нағашы әкем Сыздық өкіметке
бағынбаған, ғұмырында үш әйелмен тұрған адам еді. Мен 1958 жылы жазғы
демалысқа Фрунзеға барғанымда: бәйбішесі қайтыс болған, ал тоқалдары
Хадиша, Ұлжан шешелеріміз бар болатын. Үшеуінен: үш қыз, екі ұл бар,
негізі өз кіндігінен жаралған 23 баладан қалғаны осы. Нағашы әкемнің
Қаратауды беттеп, жол- жөнекей қырғыз жерінде қалуына түрлі себептер
болған білем. Ең басты себеп, Қара ноғай - дегеннің қазақтың сұлу қыз-
келіндеріне тыныштық бермей, тарпа бас салып, масқаралауына ешкім
буғау салмағандықтан, іске кірісуге тура келген. Тақау жердегі ауыл- да,
шарапқа тойып, ұйқыда жатқан жерінде үнін шығармай ұстап, алып шығып
сырыққа байлап, күні бұрын ойылған суатқа сүңгітіп жіберген. Отыз тістен
шыққан сөз отыз рулы елге жайылмас үшін, жалғыз өзі жасаған. Бірақ
білген адамдар болған. Елге қайтпауына екінші себеп: соңынан ерген інісі
Төлеубек аудан кооперативінде председатель болып, қызмет жасап,
мойнына (ұмытпасам 32 мың сом) ақша мініп, қашып кетуге мәжбүр болған,
сол інісінің алыста жалғызсырап жапа шекпеуін де ойлаған. Одан кейін
қастарына бүкіл немере, шөбере, аталас туыстары тегіс жиналды. Өздері бір
ауыл болып, қырғыз жерінің Шарғау, Питомник деген жерлерін жайлаган.
Қырғыздың бір қадірлі қарты жаяу кездеседі. Көкем аттан түсіп сәлем
беріп, о, әке, не жаяулап жүрсіз деген. Қарттың аты жоқ екенін білген соң,
қадірлі сіз жаяу жүргенде, сізден жас менің ат мініп жүргенім жарасымсыз
екен деп, қарттың қарсылығына қарамай, астындағы атын сыйға бергенін
қырғыз ауылы көпке дейін аңыз ғып айтып жүрген. Қырғыз ауылдастары
нағашы әкемді Батыр дейтін еді. Хадиша шешеміз, сенің көп мінезің
нағашы көкеңе тартқан деп те отыратын. Осындай жомарт мінезіне қоса
қыңырлыққа қисықтық жасайтын кезі де болған білем. Алсай- Нұрыбай
ағайындас қой. Алсай Әубәкір (көп жылдар Қаражалда тұрды) және екі
жігіт-төртеу болып, қыстың бір қысқа түнінде барымтаға шығады. Төрт нән
атты қолға түсіріп, бір ізбен келе жатады. Ауылға таянғанда біреуі:
«Бұларды қайда қоймақпыз?»
-дейді. Әубәкір: «Төртеуін де біздің қораға байлаймыз» - дейді. Аға сөзі
үкімдей, үн-түнсіз орындайды, төрт ат Әбекең қорасына байланып, үйді-
үйіне тарасады. Сол түні әппақ қарға із түспестен, төрт ат ізсіз жоқ болады.
Сонда Әубәкір: «Сыздық, мұндай шара, тек, сенің ғана күш-қуатыңнан
келеді!» - деп үнсіз тынған екен.
Сол Әубәкір ағайын інісінің кегін, оның қызы Сәлкеннен 1950 жылдары
қайтарғандай болды. Сол жылдары біраз қазақ «Бұлақ ауылы» жерінде
тұратын. Біздің үй ФЗО-дан қайтқан екі келіншекті әрі көмек ретінде, әрі
күтуші ретінде ұстайтын еді. Соның біріне Әбекеңнің көзі түсіп,
айналдырып, тоқалдыққа алды.
Ауыл оны - Қара қатын деуші еді, кейін Қараапа дейтін болдық. Сол
күні жаңа жыл кеші, Ескі Қаражалдағы бір ғана мектеп, соған «Шырша
мерекесіне» кетке мені алып келуге, екі кеште,шешем кетеді, отты жағып,
есікке ағаш іле салады, ол кезде құлып жоқ, (және қазақ есікке құлып
салмаған ғой) ағаш ілу ешкім жоқ деген белгі ғана. Мені алып келсе,
көршідегі Бану тәтеміз келіп, тәте жаңа қайда болдыңыз, үйге келсем, үй
қараңғы, от жанып жатыр, қорада бірдеме тырсылдағандай болды, «тәте,
тәте», - дедім, ешкім үндемеді, қорқып шығып кеттім», - дейді. Мамам
есікті іліп кетіп едім, десе, Бану ешқандай ілгіштің болмағанын айтады.
Анам сезіктеніп, сарайға барса айырып, төңкеріп қойған бір шыны шелек
майы жоқ екен. Аз ауыл «із кесу» оңай ғой, сонымен қара қатынның
жұмысы екендігі белгілі болып, ауыл милициясын алып барады ғой...
Мойындамайды. Далаға шыққан соң милиция айтыпты «майыңызды
қорытқан екен деп, шешем өзі қортылған май десе, милиция, ой, апа-ай,
формасын өзгерту үшін болса да қорытқан деген екен. Сонымен келесі
жолы шешем өзі барып қазақша бітімшілік жасамақ болыпты. Сонда
Әубакір: «Баяғыдағы, шешем білмейтін, жоғарыдағы әнгімені айта келіп,
сол төрт атты сол жолы сенің әкең ғана алды», - депті. Сонда шешем:
«Менің бір шелек майым төрт аттың құнына тұрса, әкемнің де, менің де
арманым жоқ деп, шығып кеткен екен. Сол Қараапамыз 1-2 жылдай болды,
о дүниелік болғанына.

АНА РУХЫМЕН СЫРЛАСУ.


Үлкенді сыйла - қут болар (Б.Т.)

Байламы батыл, қуаты қажырлы, оттан жаралғандай өткір, тіршілік-


тынысы абырой ойлайтын, көп сөзі жоқ, сөйлей қалса кісіні бейжай
қалдырмайтын, еш жанға жамандық ойламайтын, мөлдір бұлақтай таза
жүректі жан, қасиетті алып анам, тірліктегі жүрегімде мэңгі сакталасың.
Анасын мендей сүйетін жан бар ма екен?! Бар да шығар, дүние кең ғой.
Ал біз болсақ, ананың баласына деген махаббатын тіршілігінде біле алдық
па?! Дүниеде анадан асқан алтын да, асыл тас та, қымбат бұйым да жоқ.
Біліп, білмей жасаған ағаттығым болса кешір Ана! Күнде қасымда
сияқтысың, бәлкім тірі руһың болар. Осы бір қуанышы пен қасіреті,
қызығы мен қатері қатар жүріп, ұстараның жүзіндей қылпыған аумалы-
төкпелі дүниеде руһың желеп-жебеп жүрсін деп, табынамын. Сенің
руһыңның бізбен бірге екенін сезінемін, жан дүниеме бойлатып түсінемін.
Менен екі жүз шақырым жерде жатсаң да, бейітің қасынан жылына төрт-
бес рет өтіп, қол жаймаған жылым жоқ. Үлкен, кіші айттарда құран
бағыштап отырамын. Қазіргі қолымнан келер бар жақсылық осы ғой. Әлі
күнге көзім ұйқыға барғанша ойым-да орының бар. Балапаным,
қоңыртайым, деп отырғаның естен, сірә, кетер ме?! Жақсы көріп қараған
көздеріңді, мейірлене айтатын сөздеріңді сағынамын деп, ойлаппын ба?!
Тынымсыз тыпырлап еңбек еттің: бие сауып, күбі пісу, сиыр сауып, сүтін
тәрбиелеу, нан пісіру, үй сылау, кір жуу, кісі күту, көрпе-жастықты
жаңарту, текемет басып (шетіне атымды жазушы еді), оюлап сырмақ сыру,
киіз пісіріп, алаша тоқу, ең итке тамақ құйып, аяқ киімдердің ұлтарағын
жаю да есіңнен шықпайтын. Осының бәрі үлкен өнер де, үлкен білім екінін
енді түсіндім.
Сергек сезімді, табиғатыңнан дипломат едің, анашым. Қазір қарап
отырсам: сен тәрбиелеген бала мен өзім тәрбиелеген баланың айырмасы –
арқан бойындай қашықтықта. Өзіңнің бала ұрғаныңды көрмедім, ал
баласын ұрған қатынды қатты ұнатпаушы едің. Қарағым-ау, қолың батып
қалай ұрасың, қойшы әрі, керемет екенсің, бұдан былай өйтпе, деп өсиет
айтушы едің ғой. Ана пәле, ұялғанынан күлетін. Аңқаулық талай
қызықтарыңа да куәмін. Өткен өміріңді, балалығың мен жастығынды да
сұрауды білмеппін, өзіңнің мысал үшін айтқаныңнан сәл-пәл үзінділер ғана
есімде.
Біздің балалық кезгі тұрмыста кедір-бұдырлы болды ғой. Соғыстан
кейінгі бүлінгенді қалпына келтіру,балалығымызға тұспа-тұс келіп, «маған
анау керекті» айтпақ түгілі білген емеспіз. Заман түзелген кезде «байдан
қалған сарқыншақ» деген жат сөзді естімеу үшін күміс-алтын тақпадық,
әлем- жәлем киінбедік, үй жиһазы деген болған жоқ. Бірақ ел бірлігі,
қуанышты емірі, осындай соғыссыз өмірге жетері жоқ, Алла елге
тыныштық берсің деген сөздермен тап-таза көз жанарлармен сөз тұнығын
естіп өстік, бұл да бір балалықтың бақытты бал дәурені екен ғой. Одан
кейінгі ойымыз оқу болды. Оқы, оқы, оқысаң, білімді болсаң далада
қалмайсың, оқығанға он бауырсақ бар деген деп, насихаттадыңыздар.
Содан 13 жаста студент атанып, арғымақтай орғып, оқып жаттық, ауылға
қонаққа ғана келеміз. Көрші-қолаңмен қосылып, төредей күтіп алушы
едіңіздер. Одан кейнгі өмір партияға қызмет жасау, бала бағу, жанүя күту
сияқты тірліктерге жалғасып, жүре беріппіз. Сіздер біздің сол бақытымызға
марқайып, мәз болдыңыздар. Ақылы асқаны ғана үзіп-жұлып жақсылық
жасағандай болдық. Қолымнан да, ойымнан да бар келгені: басыңдағы
байламыңды тоздырмай, кір шалдырмай жаңартып, үнді шәйінен, кемшілік
көрсетпедім (ол кезде мұның бәрі бос тұрмаушы еді ғой). Біздің мұнмызды
ат мінгізіп, Алатауға шығарғандай көруші едіңіздер.
Иә, Әруақты түсінбеген тентірер,
Тәңірді түсінбеген тезек терер;
Тәңірді сыйлап, әруақты құрметтесең,
Алла қуат сыйлап, Тәңір шапағатын берер, - дей келе өгей деп
ананы, өзге деп әкені сыйламаған талайлар тентіреді, әлде бірі - «тезек
теріп жүр». Сонысын да қанағат тұтып, «қарным тоқ» деп, тоқмейілсиді.

ӨМІРДІҢ ӨТКЕЛДЕРІ



Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет