Түсінік хат «Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай



Дата25.11.2019
өлшемі24,97 Kb.
#52417
Байланысты:
1492063756406


Түсінік хат

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

Дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.

Дарындылықты анықтаудың мынадай параметрлері бар.

Оқушының танымдық /білім/ іс-эрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы

Психологиялық жоғары дамуы

Дені сау ,жан-жақты толық дамуы

Ойлау қабілетінің озық болуы

Айналадағы құбылыстарды  не басқа процесстерді етеңе жақын түсінуі

Туа бітті шығармашылық қабілетті

Дарындылықты анықтау критерийлері

Теориялық материалды толық игеруі

Мартериалды игеруде табандылық көрсетуі/бастап кетпеуі/

Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту

Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану

Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы

Өзіне-өзі талап қоя білуі

Тапсылылған жұмысты сапалы орындауы



Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Оқушының тарау бойынша өз бетімен тест құра білдіруі

Тақырып бойынша модель құруға үйрету

Алынған білімдерді әр сабақ сайын дамыту.

Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы

Өзіне – өзі талап қоя білуі

Тапсырылған жұмысты сапалы орындалуы.

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МІНДЕТТЕРІ:

1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен

ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;

2. Жан-жақты ақпараттандыру;

3. Коммуникативті бейімдеу;

4. Білімнің бағасын арттыру,

5. Пәндер бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін деткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу,



6. Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру

7. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет