ТҮсініктеме ақпарат



бет5/7
Дата10.04.2017
өлшемі1,4 Mb.
#13659
1   2   3   4   5   6   7

Оқуын тексеру.

Балалардың оқуын тексеру үшін баспа әріптермен берілген арнайы текст пайдаланылады.Оұуын тексеру үшін бұндай құрал мынандай талаптарға жауар беруі керек:

1.Текстің ішінде қарама-қарсы әріптер мен буындар неғұрлым көп болуы керек;

2.Текстің мазмұны баланың біліміне дәлме-дәл сай,оның түсінігіне жеңіл болуы керек;

3.Текстің көлемі көп болмау керек.

4.Балаға таныс текстерді бұл жерде пайдалануға болмайды.


Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):

1.Балалардың жазуы мен оқуының бұзылуын қалай анықтау керек екенін талдау .

1.Дисграфия ,дислекция,аграфия анықтамаларына талдау жасай отырып ,осы ауруларға шалдыққан балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін талқылау.

Студенттердің өздігімен орындайтын жұмысы(СӨЖ):

1. Оқу мен жазуындағы кемістіктерді анықтауға байланысты п педагогикалық басылымдардағы соңғы жылдарда жарық көрген еңбектердің картотекасын жасау.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және оқу іс-әрекеттерінің ерекшеліктері жайында қысқаша конспекті жазу.

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Рихтермая Г.Л Формирование представлений о времени у детей дошкольного возраста.-М.,1978.

2.Усова А.П.Обучение в детском саду.-М.,1981.

3.АстаповВ.М Введение в дефектологию с основами нейро- и патопсихологии.М.,1991




Лекция №19

Жазу мен оқуындағы кемістіктерді түзету

жұмыстарының басты бағыттары.

Лекцияның мақсаты:

Болашақ мамандарға балалардың жазуы мен оқуындағы кемістіктерді түзету жұмыстарының бағыттарын үйрете отырып ,жазуы мен оқуындағы кемістіктерді алдын алуға дағдыландыру.


Лекцияның жоспары:

1.Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттары.

2.Жазуы мен оқуындағы кемістіктерді алдын алу.

3.Фонетико – фонематикасы толық дамымаған балаларға сипаттама.


Лекцияның барысы:

Қазіргі уақытта балалардың ауызекі сөйлеу тілінің толық дамымауы мен оқуындағы және жазуындағы кемістіктердің арасында тығыз байланыс бар екені көпшіліке мәлім. Сондықтан кемістіктерді жою үшін түзету ықпалының біріңғай жүйесі қажет. Дисграфия мен дислекция екеуі бір –бірімен тығыз байланысты ақаулық.

Н.А Никишина,Л.Ф.Спирова, Р.И Шуйфер балалардың жазу патологиясын түзету мәселесіне арналған жұмыстарында ауызекі сөйлеу тілінің және оқуы мен жазуындағы кемістіктерін жұмылдырып жою керек екендігіне ерекше көңіл аударды.Бұндай кемістіктерді жою мақсатында логопед сабақтан бос уақытында аптасына 3 – 4 рет логопедиялық жұмыс жүргізеді.Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттары:

1. Фонематикалық түйсігін жетілдіру. Қарама-қарсы дыбыстарды және буындарды ажырату жұмысын тек айтумен естіртіп қана жүргізіп қоймайды, сондай-ақ оны жазу тілінде бекітіп машықтандырады. Фонематикалық түйсігін қалыптастыруды, сондай – ақ міндетті түрде тілдің қимылдау анализаторының қатысуымен жүргізіледі. Сондықтан фонематикалық есту қабілетін жетілдірумен дыбыстарды айтқызу жұмыстары бір мезгілде жүзеге асырылады.

2. Дыбыстарды айтқызу жұмыстары. Ең алдымен бұрмалану ,алмастыру, түсіріліп қалдыру сияқты дыбыстардың айтылуындағы барлық кемістіктерді жою қажет. Кейде сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы сақталған балаларда кездеседі. Бұндай жағдайда тіл қимылының анализаторларын іске қосу үшін сөйлеу тілі мүшелерінің анығырақ істейтіндей ету керек. Одан басқа фонематикалық есту қабілеті бұзылған кезде ,тіпті сақталған дыбыстардың өздерінің артикуляциясы мүлде анық болиайтынын есте сақтау қажет.

3.Дыбыстарды талдауға және жинақтауға дағдылануын жетілдіру.

Фонематикалық түйсігін жетілдіру жұмысы дыбыстарды талдауға дағдылануын жетілдіру жұмысына өтеді. Соңғы жұмыс әр уақытта балалардың дыбыстарды дұрыс айту құралдарымен жүргізіледі. Бұл жұмыстың негізгі түрлері мынандай болады:

А) сөйлемнен сөзді,сөзді буынды ,буынна дыбыстарды бөлу.Бұндай талдау ұзын сөйлемді ,қысқа сөздерді,ең қысқа буындардан тұратын сөйлем құрастыру беріледі.

Ә) жетпейтін дыбыстарды,буындарды жазып бітіру;

Б) бір бағанаға бір буынды сөздерді,екінші бағанаға екі буынды сөздерді жазып ,буындардың сандық мөлшері бойынша сөздерді іріктеу;

Г) берілген дыбысқа сөздер ойлап табу және оларды жазу,әр сөзге қарама-қарсы дыбыстары бар басқа сөздерді іріктеп алу.

4. Сөздік қорын байыту және оларды іс жүзінде пайдалана білуге жетілдіру.Әдетте бұл кезеңде балаларға жаңа сөздердің әр түрлі жасалу жолдарын таныстырады.Әр түрлі жұрнақтардың көмегімен бірнше жаңа сөздер жасайды.Мысалы: кел – ін, кел – те, кел – сап, бір жұрнақтың көмегімен бірнеше жаңа етістік сөздер жасайды, мысалы:қолтық – тас, пысық – тас.Сөзді құрастыру жұмысының басқа бір түрі біріккен сөздерді іріктеу болып табылады.Мысалы, аққу, белбеу, тасбақа, Боранбай, Әсемгүл. Бұндай жұмыс дұрыс жазу ережесін жақсартып, баланың ой-өрісін кеңейтеді. Өткізілген барлық оқу жұмысында балалардың сөздік қоры молаяды,бекітіліп тұрақталады. Назар аударатын басты мәселе дыбыстарын талдау бойынша әрбір сөздің маңызын анықтау,жазу мен оқуын жаттығумен байланыстыру. Сөздік қорының белсенділігін арттыру үшін үлкен жұмыс жүргізіледі.

5. Грамматикалық дағдыларын жетілдіру. Бұл кезеңнің ең негізгі мақсаты жалғаулықтарды түсіндіру және қолдану, жалғаспалы көп бейнелі суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру,сөйлемдердің көлемін кеңейту және қысқарту болып табылады.

6. Ауызша қалай айтылса жазбаша да солай болатын сөйлеу тілінің байланысын жетілдіру. Жазуы мен оқуындағы кемістіктерді жою жұмысы жыл бойына жүргізілуі қажет. Бұл жұмыстың мақсаты сөйлеу тілі мен жазуын жетілдіру болып саналады. Оқу мен жазуындағы кемістіктерді жою жұмысы үздіксіз жүргізілуі тиіс. Бірақ,ол балаларды шаршатып ,оқу үлгерімін төмендетіп те жіберуі мүмкін. Сондықтан бұндай жұмыстарды жүргізгеннен көрі кемістікті болдырмаудың жолын іздеп, алдын-ала сақтандыру жұмыстарын жүргізу керек.



Фонетико – фонематикасы толық дамымаған балаларға сипаттама.

Орта жастағы балалармен мектепте оқитын ересектердің арасындағы көп тараған кемістіктердің бір түрі дыбыстарды бұзып айту болып табылады.Бұл топқа жататын есту қабілеті дұрыс балалар жеке дыбыстарды бір немесе бірнеше топтағы (мысалы,ызың ,ызың және ысқырық)дыбыстарды дұрыс айта алмайтындығы байқалады.Фонетико-фонематикасының толық дамымауын қалай түсінуге болады?

Фонетико-фонематикасының толық дамымауы дегенімізол қабылдау түйсігі мен дыбыстардың ақаулықтардың салдарынан болған сөйлеу тілінде әртүрлі кемістіктері бар балалардың ана тіліндегі дыбыстардың айтылу жүйесіндегі қалыптасу барысының бұзылуы. Бұл жағдайды сипаттайтын негізгі көріністерді бөліп көрсетуге болады.

1. Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дыбыстарды ажырата алмауы мысалы:Т дыбысыС,Ч,Ш дыбыстарының орнына айтылады.

2. Бір дыбыстарды басқаларымен алмастыру. Баланың сөйлеу тілінде жеңіл айтылатын дыбыстар айтылуы қиын дыбыстармен алмастырылып айтылады.

Бұндай айтылуы жеңіл дыбыстар баланың сөйлеу тілінде ерте жасынан ақ пайда болады да, кез келген қиын дыбыстарды алмастыра береді.Мысалы, Л дыбысы Р дыбысын, Ф дыбысы Ш дыбысын, Т мен Д дыбыстары ызың мен ысқырық дыбыстарын түгелдей алмастырады.

3. Дыбыстарды шатастыру. Бұл көптеген дыбыстардың әр түрлі сөздерге қолдануының тұрақсыздығын сипаттайды. Бала бір дыбысты бір сөзде дұрыс қолданады да,ал оны басқа сөздерде айтылуы жағынан ұқсас дыбыспен қатар келсе алмастырып жібереді. Мысалы, Р, Л немесе С дыбыстарын жеке тұрғанда дұрыс айтылады да, ал сөйлегенде ауыстырып шатастырады. Мысалы, Айдар өзенге қармақ шалды. Дыбыстарды алмастырулары мен шатастыруларынан басқа да кемістіктер кездеседі. Бұл кемістіктер өздерінің ерекшеліктері жағынан алдыңғыларға қарағанда күрделірек. Мысалы, Р дыбысы қырылдап тамақтан айтылады. С дыбысы тістердің арасынан тілі шығып айтылады. Сөйлеу тілі дыбыстарының айтылуындағы бұл сияқты кемістіктер тәрбиешілер мен ата-аналарды ойландыру керек, себебі бұндай кемістіктер фонематикалық есту қабілетінің толық жетілмегендігін дәлелдейді. Бұндай жағдайда оның дәрежесін анықтауға жәрдем беретін жүйелі тәсілдер бар:

- Дыбыстардың дұрыс айтылуы мен бұрыс айтылуының айырмашылығын және өзі мен бөтен адамдардың сөйлеу тіліндегі кемістіктерді анықтау. Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалар бөтен адамдардың сөздерінен айырмашылықты сезіне алмайды. Бұл есту қабілетінің дыбыстарды нашар ажырататындығын білдіреді. Құрамында қарама-қарсы дыбыстары бар және ажыратуы қиын дыбыстары қатар келген буындарды қайталау қиындық туғызады.

- С дыбысының жеке өзін Т,Ц,Ч,Щ,З,С,Ш,Р деген тізбектелген дыбыстардың ішінен бөліп алу;

- Керекті дыбысы бар буында тізбектелген басқа буындардың ішінен бөліп алу (мысалы; са буынын за,ша,са, ча,ша буындарынан);

- Сөздің ішінен керекті дыбысты бөліп алу (мысалы:С дыбысын сағат,астық,қасқыр,мысық,сөздерінің ішінен).

Айтылған тапсырмалар айтылуында ақауы бар дыбыстарды түсіну мүмкіндігін анықтауға мүмкіндігін анықтауға үлкен жәрдемін тигізеді. Көп жағдайларда түсінігінде сақталған, демек сөйлеу тілінде қажетті тәртіппен айтылып төселген дыбыстардың бұзылатаны немесе қажетті дәрежеде жетілмей қалатындығы жиі кездеседі.


Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):

1.Жазуы мен оқуындағы кемістіктерді түзету жұмыстарының әр түрлі бағыттарын талдау.

2.Логопедиялық жұмыстың бағыттары мен ерекшеліктерін талқылау.
Студенттердің өздігімен орындайтын жұмысы(СӨЖ):

Балалардың дисграфия мен дислалияға шалдығуының себептері туралы не білесіңдер? Баланың дисграфиясын қалай анықтауға болады, баланың дислексиясы қалай анықталады, дисграфиялық және дислексиялық қателердің қандай түрлерін білесіңдер деген сұрақтарға жауап іздеп, конспекті жазу.


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Рихтермая Г.Л: Формирование представлений о времени у детей дошкольного возраста. – М., 1978.

  2. Усова А.П. Обучение в детском саду. – М., 1981.

  3. Астапов В.М. Введение в дефектологию с основами нейро и патоппсихологии. М., 1991

« Мектепке дейінгі және бастауыш білім » кафедрасы



« Дефектология және логопедия негіздері » пәні бойынша
ТЕСТ
$1.. Логопедия дегеніміз не?

а) құлағы естімейтін балалардың даму ерекшеліктерін зерттейді;

в) көзі көрмейтін, соқырларды зерттейді;

с) сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын және кемістікті әр түрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейді;

д) ақыл – есі кем балалардың қайта тәрбиелеу.

$2.. Логопедия сөзі нені білдіреді?

а) тәрбиелеймін, үйренемін;

в) жазғызамын;

с) үйретемін;

д) көшіремін.

$3.. Логопедияның зерттеу объектісі:

а) көзі көрмейтін адам;

в) құлағы естімейтін адам;

с) сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам;

д) ақыл – есі кем адам.

$4.. Логопедия ғылымына кірмейтін бөлім:

а) мектеп жасына дейінгі;

в) мектептегі;

с) жеткіншектер мен ересектер;

д) қарттар.

$5.. Логопедияның негізгі мақсаты:

а) сөйлеу тілі бұзылған адамды оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеудің жолдарын зерттеу;

в) тіл кемістігі бар балаларды дұрыс жазуға үйрету;

с) ақыл – есі кем балаларды дұрыс сөйлету;

д) ақыл – есі кем балаларды кеңістікті бағдарлауға үйрету.

$6.. Логопедия міндеттеріне жатпайды:

а) сөйлеу тілі кемістіктеріне жүйелеу;

в) сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу;

с) сөйлеу тілі кемістіктерін алдын – алу, сақтандыру тәсілдерін жетілдіру;

д) сөйлеу тілі кеміс балаларды соқыр балалармен салыстыру арқылы оқыту.

$7.. Логопедияда қолданылатын тәсілдер:

а) бақылау тәсілі;

в) әңгімелесу тәсілі;

с) оқыту тәсілі;

д) тәжірибе жасау тәсілі.

$8.. Тәжірибе жасау тәсіліне жататын тәсіл:

а) ойнату тәсілі,

в) табиғи және лабораториялық тәсіл;

с) әңгімелесу тәсілі;

д) қайта тәрбиелеу.

$9..Логопедия тәжірибесінде дәрігер – мамандардың пайдаланатын тәсілдеріне жатпайды:

а) операция жасау, протездеу;

в) іш – құрылысына операция жасау;

с) жақ сүйегін түзету және тістерін реттеу;

д) дәрі – дәрмекпен және физиотерапиялық, психотерапиялық емдеу.

$10.. Физиотерапиялық емдеуге жатпайды:

а) операция жасау;

в) сумен;

с) жарықпен;

д) тоқпен.

$11.. Психотерапиялық жұмыстың міндетіне жатпайды:

а) түсіндіру;

в) ұйықтау;

с) сендіру;

д) әңгімемен ұйыту.

$12.. Логопедия ғылымы қандай ғылымдармен байланысты?

а) медицина, лингвистика, арнайы психология;

в) астрономия;

с) химия;

д) физика.

$13.. Медицина ғылымының ішіндегі логопедиямен байланыспайтын ғылым:

а) патофизиология, анатомия, физиология;

в) сөйлеу тілі мүшелерінің патологиясы;

с) олигофрения клиникасы, психопатология, педиатрия;

д) жазуға үйрету, дыбыстандыру.

$14.. Логопед сабақ өткізу кезінде есінде болу қажет:

а) баланың жасы, психологиялық ерекшелігі;

в) баланың бойы;

с) баланың түрі;

д) баланың киім киісі.

$15.. Логопедияда педагогикалық қолданылмайтын әдістері:

а) әңгіме, бақылау;

в) көзге жаттығу жасау;

с) жинақтау әдісі;

д) жеке дыбыстардың мүкістігін түзету мен сөйлеу тілін қалпына келтіру.

$16.. Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктеріне жатпайды:

а) дыбыстар;

в) сөздіктер;

с) картиналар;

д) грамматикалық құрылысы.

$17.. Ауыз – екі сөйлеу тіліне не жатады?

а) іштей сөйлеу;

в) ымдау;

с) монологті және диалогті;

д) көзбен көрсету.

$18.. Мектеп жасына дейінгі баланың белсенді сөздігіне жатпайды:

а) екі жастың соңына 500 сөз;

в) екі жастың соңына 300 сөз;

с) үш жаста 1000 сөз;

д) бес – алты жаста 3000 сөз.

$19.. Орталық сөйлеу аппараты қайда орналасқан?

а) адамның ауызында;

в) адамның миында;

с) адамның жақ сүйегінде;

д) адамның ойлау қызметі.

$20.. Брок орталығының атқаратын қызметі:

а) адам жүреді;

в) күледі;

с) дауыс шығарып, сөйлеу үрдістері іске асады;

д) адамның ойлау қызметі.

$21.. Вернике орталығының атқаратын қызметі:

а) дауыс шығару;

в) қимылдайды;

с) ойлау қызметі;

д) басқа адамның сөйлеген сөзін естиді, түсінеді.

$22.. Шеткі сөйлеу аппаратына жатпайтын бөлік:

а) демалу бөлігі;

в) көру бөлігі;

с) дыбыс шығару бөлігі;

д) дыбысты құбылтып - өзгерту бөлігі.

$23.. Демалу бөлігіне жатпайтын бөлік:

а) миы;

в) кеудесі;

с) өкпені;

д) тыныс алу жолдары.

$24.. Дауыс бөлімі неден тұрады?

а) дыбыстан;

в) дауыс қатпары бар көмекейден;

с) әріптерден;

д) тістердің орналасуынан.

$25.. Адамның дауысы қалай шығады?

а) айқайлағанда;

в) қатты сөйлегенде;

с) дауыс сіңірлерінің ашылып – жабылуының әсерінен;

д) тілдің әсерінен.

$26.. Сыбырлап сөйлеген кезде дауыс неге бәсеңкіреп шығады?

а) дауыс сіңірлерінің бір бөлігі ғана қозғалысқа түседі;

в) ауыз жәй ашылады;

с) қысым, ауа қысылып шығуының себебінен;

д) ауру адамда болады.

$27.. Адамның дауысының бөлінуіне жатпайтын бөлік:

а) дауыс күші;

в) жіңішке жуандығы;

с) тембрі;

д) дұрыс сөйлемеуі.

$28.. Дауыстың тембріне байланыспайтын бөлік:

а) көмекейдің формасы;

в) көлемі;

с) құрылысы;

д) түрі.

$29.. Артикуляция дегеніміз не?

а) адамның дене пішіні;

в) дыбыс шығарардағы сөйлеу органдарының орналасу қалпы;

с) ішкі құрылысы;

д) сөйлегенде беттің құбылуы.

$30.. Артикуляция аппаратының құрамына кірмейтін мүше:

а) мұрын;

в) ауыз қуыстары;

с) аяқ – қол;

д) көмекей.

$31.. Артикуляция органдарының бөлінуі:

а) белсенді – енжар;

в) қатты – жұмсақ;

с) көлемді – кішкентай;

д) ұзын – қысқа.

$32.. Белсенді органдарға жатпайтын органдар:

а) тіл;

в) төменгі жақ сүйек;

с) ерін және жұмсақ таңдай;

д) тіс.

$33.. Енжар органдарға жатпайтын органдар:

а) таңдай сүйектері;

в) тіл;

с) жоғарғы жақ сүйектері;

д) тістер.

$34.. Дислалия дегеніміз не?

а) есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің инвервациясы дұрыс сақталғанда кездесетін тіл дыбыстарының бұзылып айтылуы;

в) сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылуы;

с) қатынас құралының қолдану кезінде бұзылуы;

д) жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерін қамтамсыз ете алмауы

$35.. Дизартрия дегеніміз не ?

а) сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылуы;

в) сөйлеу мүшелерніңі инервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тілі дыбыстарының айтылу кемістікітері;

с) есту қабілеті мен кқру мүшелерінің бұзылуы;

д) тілі дыбыстарның айтылуының бұзылуы;



$36.. Тұтықпа дегеніміз не?

а) сөйлеу мүшелерінің анатомиялық – функционалдық кемістіктерінің салдарынан;

в) көру кемістігінің салдарынан;

с) есту мүшесінің бұзылуынан;

д) сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылуы салдарынан;

$37.. Ринолалия дегенімзі не?

а) қатынас құралының бұзылуы;

в) жазбаша тілдің бұзылуы;

с) сөйлеу мүшелерінің анатомиялық – функционалдық кемістіктерінің салдарынан;

д) сөйлеу жылдамдығының бұзылуы;

$38.. Брацилалия дегеніміз не?

а) сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы;

в) дауыс шығару мүшелерінің бұзылуы;

с) қатынас құралының бұзылуы;

д) ойлау қабілетнің бұзылуы;

$39..Дисфония дегеніміз не?

а) ми қабығының зақымдануы;

в) ойлау қабілетнің бұзылуы;

с) дауыс шығару мүшелерінің қалыптан тыс өзгерту себептерінен дыбыс шығару қабілетінің бұзылуы;

д) жалпы сөйлеу тілінің дамымауы;

$40.. Фоностения дегеніміз не?

а) дауыстың ашық шығуы;

в) іштей сөйлеу;

с) дауыстың қырылдап, сырылдап, бәсең шығуы;

д) дауыстың мүлдем шықпауы;

$41.. Алалия дегеніміз не?

а) баланың ми қабығының жастайынан зақымдануының әсерінен сөйлеу тілінің жетілмеуі;

в) қатынас құралының бұзылуы;

с) көру мүшесінің бұзылуы;

д) сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс бұзылуы;

$42..Афазия дегеніміз не?

а) ми қабығының бұзылуы;

в)сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы;

с) дауыстың бұзылуы;

д) көру мүшесінің зақымдануы;

$43.. Жазбаша тілдің бұзылуы қандай топқа бөлінеді?

а) баттаризм;

в) парафазия;

с) дислексия, дистрафия;

д) брадифазия;

$44.. Дислексия дегеніміз не?

а) жазу процесінің жартылай бұзылуы;

в) оқу процесінің жартылай бұзылуы;

с) қатынас құралының бұзылуы;

д) мидағы ісіктің салдары;

$45.. Дисграфия дегеніміз не?

а) оқу процесінің жартылай бұзылуы;

в) жазу процесінің жартылай бұзылуы;

с) тұтықпаның болуы;

д) дыбыстың мүлдем шықпауы;

$46.. Дислалия этиологиялық себептеріне байланысты қандай топқа бөлінеді?

а) табиғи және жасанды;

в) прогнатия, прогения;

с) органикалық, функционалдық;

д) сыртқы және ішкі;

$47.. Тістенудің ауытқуларына жатпайтын түр:

а) кемиек (прогнатия);

в) опырауыз (прогения);

с) тістенудің қабыспауы және азу тістердің қабыспауы;

д) тістердің түсіп қалуы;

$48.. Функционалды дислалия дегеніміз не?

а) дыбыс шығару аппаратында ешқандай кемістік болмаса да сөйлеу тілінің бұзылуы;

в) жақ сүйектерінің бұзылуы;

с) көру мүшесінің бұзылуы;

д) сөйлеу тілінің қалыптан тыс бәсеңдеуі;

$49.. Белгілі бір топтағы дыбыстардың айтылуына қарай дислалияның тобына жатпайтын түр:

а) морфология;

в) ротацизм;

с) сигматизм;

д) ламбдатизм;

$50.. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты жүргізілетін жұмыстың кезеңдеріне жатпайды:

а) дайындық кезеңі, дыбысты қою;

в) дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі;

с) дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі;

д) баланы ерте жастан сөйлету кезеңі;

$51.. Сигматизм дегеніміз не?

а) а, ә, о дыбыстарының дұрыс айтылмауы;

в) ысқырық және ызың дыбыстарының айтылу мүкістіктерін білдіреді;

с) жіңішке дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуы;

д) қатаң дыбыстардың дұрыс айтылуы;

$52.. Дайындық кезеңнің мақсаты қандай?

а) баланы қоршаған ортамен таныстыру;

в) дұрыс жүруге үйрету;

с) уақытты бағдарлай білуге үйрету;

д) тапсырмаларды орындауға, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, дыбысты қабылдау, ажырату;

$53.. Дизартрия қандай мағына береді?

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет