Түсті металдар әлемі



Дата20.06.2018
өлшемі29,5 Kb.
#43940
Тақырыбы:“Түсті металдар әлемі.”

Мақсаты: Оқушылардың химиядан алған білімдеріне сәйкес шығармашылық қабілеттерін, пәнге қызығушылығын арттырып, дүниетанымдық көзқарастарын дамыту;

Мамандықтарына сәйкес химияның медицинадағы маңызын ұғындыру;

Сайыс сабақтың барысы: I. Таныстыру

II. Көрініс

III. Қызықты тәжірибе

IV. Викторина

Химия және денсаулық”



V. Зертханалық жұмыс

VI. Қорытынды

I. Таныстыру

ТЕМІР – Fe

Жер әлемге кең тараған темірмін

Өндірістің тұлғасы боп көріндім

Қара металл патшасы боп танылдым

Иесімін өте үлкен сенімнің.

Карапайым уйдегі тұрмыстарда,

Дамып жаткан ең алып құрылыстарда,

Мені білмес адам баласы жоқ,

Мен қатыспас техника саласы жоқ.

Тарихымның тарихы терең жатыр,

Египет пен Индиядан келе жатыр.

Шойын, болат, прокат құймаларым

Замананың дамуын демеп жатыр

Никель – Ni

Несіне темір батыр мақтанасың?

Шыдамай коррозияға таттанасың?

Болсаңда қанша мықты кең тараған

Тотықсаң шіріп сен де жоқ боласың

Кәдімгі мен боламын никель деген

Адамдар қажетіне икемдеген

Өзіндік әр металда қасиет бар

Соларды, тындаушым, білсең деп ем

Қажетті зат бекер жерде жатпайды

Меніменде метал бетін қатпайды

Тотықпайтын қасиетім арқылы

Темірді де коррозиядан сақтайды

Күміс – Ag

Мен күміспін, асылмын бара бармын

Ақша болып қоғамда дараландым

Бұйым жасап зергерлік мына менен

Ерекше боп мәртебем бағаланды.

Менің емдік қасиетім тағы бар

Мүмкін болса күміс қасық тауып ал,

Сол қасықпен иондарым бөлінген

Ішкі ағзаңа шипагер боп табылар.

Әрбір айтқан сөзімді ақтай алам,

Бұзылудан суыңды сақтай алам.

тұрмыста да, өмірде де мен өзімді,

Қай жағынан алсаң да мақтай алам

Мырыш – Zn

Күмісжан, жараспайды безілдеуің,

Ерекше мақтандың ғой өзіңді-өзің

Басқада бар қасиет менде де бар,

Келді енді сөйлей тұғын менің кезім.

Жарайды, өзіңді-өзің мақтап-ақ қой

Мақтау сірә, сізге жаққан-ақ қой

Цинктің латыншасы цинум дейді

Қазақша мағынасы “ақ қабат” қой

Металл көп жөнді-жөнсіз мақтанатын.

Көбінде бар кемшілік тоттанатын.

Соларды тоттанудан сақтап жүр ғой



Сыртынан мына менің “ақ қабатым
Каталог: papk -> resurs -> zhospar
zhospar -> Сабақтың типі- жаңа білім беру сабағы. Сабақтың түрі- зерттеу сабағы
zhospar -> Сабақтың мақсаты: Фашистік режимді талқандағаннан кейінгі Германияның бөліну себептерін нақтылау. Отарланған аймақтарда
zhospar -> Тақырыбы: «Қосу формулалары»
zhospar -> Тақырыбы Теория. Дебат дегеніміз не? Кіріспе Практикалық бөлім. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны
zhospar -> Сабақтың тақырыбы: "Германия Федеративтік Республикасы"
zhospar -> Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ Пәнаралық байланыс: тарих, еңбек, орыс әдебиеті
zhospar -> Шығарма «Ы. Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы» Қазақ әдебиеті
zhospar -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа білім қалыптастыру
zhospar -> Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
zhospar -> Сабақ тақырыбы: "Жыр алыбы-Жамбыл"


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет