Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі



Дата02.03.2020
өлшемі16,46 Kb.
#59362
Байланысты:
Педагогикалық үдеріс тұтас құбылыс ретінде
test.-blktlk-arttyru-shn
Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі

 Тұтас педагогикалық процесс ұғымының қалыптасу тарихы

 Қойылған мақсатқа жету үшін тұлға дамуын ұйымдасқан түрде жүргізу қажет. Басқаша айтқанда, белгілі бір нәтижеге жету үшін тәрбиеге мұғалімдер мен оқушылардың өзара әсерлесуі біріктірілген, басқарылатын үдеріс пішінін беру керек. Мұндай үдерісті оқу-тәрбие немесе педагогикалық процесс деп атайды. Бұл үдеріс алдын ала анықталған мақсатқа қол жеткізуге және алдын ала белгіленген өзгерістерге, тәрбиеленуші қасиеттері мен белгілерін түрлендіруге алып келеді. Педагогикалық процесс – тәрбиешілердің әлеуметтік тәжірибесі тәрбиеленуші тұлғасының қасиеттеріне айналатын өзара әсерлесуі.

Педагогикалық процестің ең басты ерекшелігі – оның тұтастығы.

Пайда бола бастаған кезден тәрбие тұтас үдеріс ретінде қалыптасты. Алғашқы кездегі тәрбие формаларының өзінде-ақ – салт, ритуал, ойындар барысында аға ұрпақ білімдері мен іс-әрекет тәжірибелерін беруге ғана емес, мінез-құлықты қалыптастыруға да мән беріп отырған.

Келесі кезеңдерде тәрбие оқытудың құрамды бөлігі ретінде қарастырылды.

Қоғамдағы еңбектің әрі қарай бөлінуі оқыту мен тәрбиелеудің жіктелуіне алып келді. ХІХ ғасырдың өзінде-ақ оқыту мен тәрбиелеу бірлігін дәлелдейтін фактілер пайда бола бастады. Олар И.Ф. Гербарт, К.Д. Ушинский, Н.Ф. Бунаков, В.П. Вахтеров т.б. еңбектерінде талдана бастады. Педагогикалық үдеріс тұтастығын дамытуға Н.К. Крупская, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко, А.П. Пинкевич көп үлес қосты. Бірақ 30-жылдары оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктерін тереңдете зерттеу үшін оларды бөліп қарастыру көзқарасы басым болды.

Тұтас педагогикалық процесс мәселесіне 70-80-ші жылдар аралығында Ю.К. Бабанский, М.А. Данилов, В.С. Ильин, В.В. Краевский, Б.Т. Лихачев  және т.б. көңіл бөле бастады.

Ғалымдар мен педагогтер тұлғаны дамытуға жан-жақты амал жасау тек педагогикалық процесс тұтастығы негізінде жүзеге асырылатындығын баса көрсетті.

Қазақстанда тұтас педагогикалық процесті дамыту мәселесін кеңінен қарастырған ғалым-педагог Н.Д. Хмель және оның шәкірттері болып табылады.

Жоғарыда аталған ғалым-педагогтер еңбектерінде тұтас педагогикалық процестің барлық мүмкіндіктері зерттелді.

 Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдылық компоненттері

 

Қазіргі қайта құру кезеңінде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді.



Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесі деп атайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу – оқу-тәрбие процесінің басты шарты.

Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар коллективі бір жағынан тәрбие обьектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу тәрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың творчестволық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Тәрбиенің субьектілері мен обьектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т.б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді.

Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана оң нәтиже береді.

Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.



Оқушы – педагогикалық процестің субъектісі. Педагогикалық процестің негізгі белгілері.

Педагогикалық процесте педагог – объект және субъект.

Объект ретінде – тәрбиелік әсерлерге түседі және өзін жетілдіріп отырады.

Бұл үшін оған өзінің диалектикалық ойлауын дамыту, өзіне және тәрбиеленушілерге эмоционалдық қатынас жасай білу қабілеттілігі, өз іс-әрекетіне сынай қарай білу қабілеттілігі қалыптасуы керек.

Субъект ретінде – арнайы педагогикалық білім алады, адам тәрбиесіне қатысты жауапкершілікті мойнына ала алады, дүниетанымы, рухани-құлықтық белсенді қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін дамытады.

Оқушы да педагогикалық процесте – объект және субъект.

Объект ретінде – педагогикалық мақсаттарға сәйкес түрленетін дербестігі бар.

Субъект ретінде – табиғи қажеттіліктері, нышандары, өз қажеттіліктерін, қабілеттіліктерін, қызығушылықтарын, ұмтылуларын түрлендіруге, өзгертуге педагогикалық әсерлерді белсенді меңгеруге немесе қарсы тұруға мүмкіндігі бар.

Бұл жерде ескеретін нәрсе, оқу-тәрбие үдерісінің негізі ретінде оқытуда да, тәрбиелеуде де тұлғаның дамуы жүзеге асырылуы қажет.  Демек, педагогикалық  процесс оқыту  тәрбиелеу тұтастығы негізінде тұлғаның  дамуын жүзеге асыру болып табылады.

Педагогикалық процестің құбылыс ретіндегі бірқатар маңызды белгілері бар. Педагогикалық процестің негізгі белгілері:

1)   қос жақты іс-әрекет;

2)   өзара байланысты жүреді;

3)   мақсатты, мазмұнды ұйымдасқан түрде жүреді;

4)   мақсатқа қол жеткізу формалары мен әдістері арқылы сипатталады.

Қосжақтылық белгісі бойынша:

1-  жағы: арнайы дайындалған маман жүргізетін мақсатты педагогикалық іс-әрекет;

2-  жағы: тәрбиеленушінің дамуын, өзгеруін негіздейтін белсенді іс-әрекет, яғни оқу немесе оқу-танымдық іс-әрекет.

 

 



5.3 Педагогикалық процестің қозғаушы күштері

 

Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.



Оқыту мен тәрбие процестерін бір-бірінен ажыратуға болмайды, бірақ бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тәрбие процесі – бұл күрделі диалектикалық процесс. Оған әлеуметтік ортаның, үй жағдайының, түрлі адамдардың ықпалы ерекше әсер етеді. Сондықтан тәрбие процесін, оқыту процесі сияқты тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау өте қиын. Мысалы, оқушылардың мінез-құлқындағы адамгершілік сезім  мен сенімнің және дағдының бірлігін тексеруге бола ма? Әрине, тексеру өте қиын, өйткені мұндай қасиеттер балада жастайынан, бүкіл өмірі бойы қалыптасады.

Тәрбие процесі әр уақытта динамикалы (қозғалысты), жылжымалы болады.  Сондықтан, педагогикалық ықпал бір балаға жағымды, ал екінші балаға теріс әсер етеді. Осыған байланысты тәрбие процесінде баланың көңіл-күйін, психикалық жағдайын, тұрған орнын еске алған жөн. Сонымен қатар әр түрлі сыртқы және ішкі факторлар балаға өте күшті немесе өте әлсіз әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайды да мұғалім оқу-тәрбие процесінде естен шығармауы қажет.

Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.

Сыныптағы оқыту процесіне, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сыртқы факторлар әсер етпейді. Мысалы, металл тотығының гидраты мен қышқыл арасындағы бейтарап реакцияны оқушыларға басқаша дәлелдеп, түсіндіруге болар ма екен? Әрине, басқа анықтама беруге болмайды, өйткені, бұл реакцияның нәтижесінде тек қана тұз бен су пайда болады. Мұндай реакцияны бейтарап реакция деп атайды.



Оқыту мен тәрбие процестері – оқытудың даму функциясын жүзеге асырудың негізі. Бұл екі процесс жеке адамды жан-жақты дамытып, қалыптастырудың үстем функциясы болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет