Қуатты өңір – қуатты Қазақстан



Дата31.12.2019
өлшемі24,78 Kb.
#54656
Қуатты өңір – қуатты Қазақстан
Қазақстан Республикасы егемендігін жариялаған күн, әрине, біздің еліміздің тарихындағы даңқты күндердің бірі. 1991 жылдың 16 желтоқсанында "ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" тарихи Конституциялық Заң қабылданды. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан тұңғыш рет әлемдік қауымдастықпен танылған егеменді мемлекеттің заңды түрде рәсімделген мәртебесіне ие болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік құрылыстың сапалы жаңа кезеңіне қадам басты, бұл кезеңге көшу Елбасының ұсынысы мен бес институционалдық реформалар арқылы анықталды. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттер қатарына сәтті енуі үшін Болашағы Біртұтас Ұлт қалыптастыруда негізгі мәні болып табылатын жалпыұлттық патриоттық "Мәңгілік Ел" идеясы Ұлт жоспарының базалық векторы болды. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына енді. Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істей бастады.

Дамудағы 25 жыл ішінде Қазақстан 2030 – Стратегиясын мерзімінен бұрын іске асырып, әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елдер қатарына кірді.

Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық аренада зор бедел иесі, 70 халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады.

Тәуелсіздік – ең алдымен еліміздің экономикалық жағдайы да.

Еліміздің жеткен жетістіктерімен біздің облысымыздың табыстары да тығыз байланысты.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында, облысымыз көптеген бағыттар бойынша белгілі жетістіктерге қол жеткізді.

Мысалы, облыстың жалпы өңірлік өнімі 1994 жылдан бастап 2015 жылға дейін 94 есе өсті – 10,8 миллиард теңгеден 1 триллион теңгеге дейін!

Тәуелсіздік жылдары Амангелді газ кен орны, "Мыңарал Тас Компани" цемент компаниясы іске қосылып, "Қазфосфат" ЖШС-гі сияқты алып химиялық индустрия өз қызметін қайта жандандырды, "Еурохим-Тыңайтқыштар" ЖШС-гі сияқты ірі жобаны іске асыру қолға алынды, сондай-ақ "Тараз Химиялық паркі" арнайы экономикалық аймақ құрылуда.

Сонымен қатар, облыста «Кант» АҚ-ы, Тараз металлургия зауыты, «Талас Инвестмент Компани», «Жамбылгипс» АҚ-мы сияқты және басқа да ірі өнеркәсіп кәсіпорындары сәтті жұмыс істеуде.

Олардың көпшілігі үддемелі индустриялды-инновациялық даму, «Бизнестің жол картасы - 2020» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында өз өндірістерін жаңғыртып, инфрақұрылымдарын кеңейтті.

Соңғы 15 жылда - 2000 жылдан 2015 жылға дейін өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі нақты 2,5 есеге өсті.

Тек соңғы 6 жылда облыста үддемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған 43 өндірістік нысандар пайдалануға берілді.

Өңірдің географиялық орналасуы мен табиғаты, құнарлы топырағымен жайылым жерлері облысты қуатты аграрлық аймақ ретінде танытты.

«Ауыл», ауыл аумақтарын дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, «Агробизнес-2020» сияқты салалық бағдарламалардың арқасында облыстың ауылшаруашылығы саласы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Облыста сойыс салмағындағы ет өндірісі 1997-2015 жылдары 1,4 есеге, сүт – 2,4 есеге, жұмыртқа - 2,7 есеге, жүн - 1,6 есеге өсті. Мемлекет тарапынан алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану, көрсетілген қолдаумен саланы әртараптандыру нәтижесінде 1991 жылмен салыстырғанда аймақта майлы дақылдар, көкөніс және бақша дақылдарын өндіру көлемдері өскен.

2011-2016 жылдары ауыл шаруашылығы секторын қаржыландыру 37,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 30,4 млрд. теңгесі субсидиялар.

Әлеуметтік салана алып қарасақ та, бұл салада да оң динамика байқалады.

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен халық саны 21 есеге төмендеп, бүгінгі күнге 3,4 пайызды құрап отыр.

1998 - 2016 жылдар аралығында 129 білім беру нысандары пайдалануға берілді (82 мектеп, 46 бала бақша және 1 колледж).

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында алты денсаулық сақтау нысандары салынды: облыстық қан орталығы, облыстық және қалалық балалар ауруханалары, сондай-ақ облыс аудандарында емханалар мен басқа да медициналық мекемелер.

«350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана құрылысы» жобасы аясында 26 денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілді.

Облыста республика бойынша алғаш рет 40 орындық мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ашылды, мұнда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өңірде белсенді түрде тұрғын үй құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ширек ғасыр ішінде 4 миллион шаршы метрден астам тұрғын үйлер салынды. Облысымыз бірінші болып Батыс Еуропа- Батыс Қытай транзиттік дәліз құрылысын аяқтады, соның арқасында бүгінгі күні бұл халықаралық трасса арқылы елдер арасындағы жүк тасымалы еселеп өсті.

Облыс жаңғыртылған энергия көздерін енгізуде алдыңғы қатарда. Бүгінде аймақта осындай 9 нысан жұмыс істейді. Жуалы ауданында жалпы Орталық Азиядағы ең ірі күн электр стансасы орналасқан, ал Қордай ауданында мамандар энергияны желдің көмегімен алып отыр.

Таяу болашақта 2017-2020 жылдары жиынтық қуаты 247 МВт болатын бірқатар жаңа жобалар қолға алынуда.

Облыстағы газбен және сумен жабдықтау, сондай-ақ олардың желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күнге, елді мекендердің 51% (312 елді мекеннің 158) «көгілдір» отынды пайдаланады. Тек соңғы 7 жылда 110 елді мекен газбен жабдықталды. Осы жылдары 60 ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтаудың 65 нысаны салынып, қайта құрылды, бұл ауыл халқының сапалы ауыз сумен қамтылуын 1999 жылдың 45% қарсы 75% құруына ықпалын тигізді.

Аймақ пайдалы қазбаларға бай, көпқырлы рухани мұрасымен ерекшелінеді, бай мәдениеті мен ежелгі тарихымен танымал.

Облыста 3365 түрлі ескерткіштер орналасқан. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне бес нысан еңгізілген - Ақыртас бірегей сарай кешені, Ақтөбе Степнинское, Өрнек, Қостөбе және Құлан ескі қала орындары кіреді.

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу құрметіне өңірде белгілі нысандар пайда болды: «Мәнгілік Ел» монументі, «Көне Тараз» тарихи және мәдени орталығы, сонымен қатар «Мыңбұлақ» аллеясы, «Тараз әуендері» кешені, Қарау мұнарасы.

Бүгінде этноорталық және басқа да мәдени нысандардың құрылысы аяқталу сатысында.



Облыс әйгілі спортшыларымен де танымал. ЖақсылықҮшкемпіров, Ермахан Ибраимов, Болат Жұмаділов, Бахтияр Артаев, Акжүрек Таңатаровтар осында туылған. Олардың жеңісті жолын жақында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері дзюдошы Елдос Сметов жалғастырды. Содан кейін Паралимпиададан Қазақстан тарихында бірінші алтынды суда жүзуші Зүлфия Ғабидуллина әкелді. Біздің спортшылар, ересектер арасында 26 әлем чемпионаттарының жеңімпаздары, 38 Азия чемпионаттарының жеңімпаздары.

Ал әзірге Жамбыл облысы ЭКСПО-2017 қонақтарын қабылдауға дайындалуда. Арнайы көрме қатысушылары үшін өңірдің ең көркем жерлерімен жүретін кемінде ондаған туристік маршруттар әзірленді.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет