Украин музыкасы туралы не білесіз?



бет1/3
Дата25.05.2022
өлшемі21,12 Kb.
#145001
  1   2   3
Байланысты:
Украина музыка
ААААА

Украин музыкасы туралы не білесіз?
Bugin.kz порталы оқырманды Украин мәдениетімен таныстыруды жалғастырады. Кез келген елдің мәдениетінің ажырамас бөлігі музыкасы болып табылады. Ол арқылы халықтың көңіл-күйін, ішкі сезімдерін, тіпті қоғамдағы өзекті мәселелерден хабар алуға болады.
Украин музыкасының тарихы Киев Русін мекен еткен шығыс славян халықтарынан бастау алады. XI ғасырдың алғашқы жартысында салынған София шіркеуінің сырты әртүрлі музыкалық аспаптардың суретімен безендірілген. Ал музыканың кәсіби түрде дамуы фольклормен тікелей байланысты. Оның ішінде украин думаларын ерекше атап өтуге болады.
Дума – XVI-XVIIІ ғасырдағы казактардың өмірі туралы баяндалатын украин ауыз әдебиетінің лирикалық-эпикалық шығармасы. Шығарманың басы ән айтумен басталып, кейін оқиға айтылып, қорытындымен біткен. Көбінесе батырлардың ерліктері, соғыс пен тұрмыстық мәселелер жайлы ән салған. Думаны айту музыкалық шеберлікті талап етеді. Сол себепті тек кәсіби музыканттар ғана бұл композицияны орындайтын болған.
Николай Лысенко Украин ұлттық музыкасының негізін қалаушы болып саналады. Ол – композитор, пианист және хор дирижері. Лысенко Украинаның рухани әнұранына айналған «Боже, великий, единый» хорына музыка жазды. Халық әндерін өңдеп, 10 опера жазды. Оның ішінде «Рождественская ночь», «Утопленница», «Наталка Полтавка», «Тарас Бульба», «Энеида» және жүздеген басқа музыкалық шығармалар бар. Николай Лысенконы украин музыкасының атасы деп есептейді.

Украинаның музыкалық аспаптары


Аспаптарды жасау барысында ағаш, жануарлардың терісі сияқты қолжетімді заттарды қолданған. Кейінірек металдан жасала бастады. Украинада кобза, бандура, лира, скрипка, басоля, сопилка, трембита, цимбалы, барабан, бубен сияқты ұлттық музыкалық аспаптардың түрлері көп.
Бандура – шертпелі ішекті аспап. Украинаның ең танымал музыкалық аспабы және әлі күнге дейін қолданысқа ие. Бірінші бандурада небәрі 12-20 ішек болған. Бірақ уақыт өте келе олар күрделене бастап, саны 53-70 аралығына жетті. Бұл құрал Польшадан әкелініп, Украинада кей детальдары өзгеріске ұшырады. Бандурада ертегі мен балладалар орындалды. Бандура дыбыстың толықтығымен және жарқын тембрімен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет