Умкд 042-18-35 63/01-20 Редакция №2



бет1/4
Дата31.01.2018
өлшемі0,83 Mb.
#37266
  1   2   3   4

УМКД 042-18-35.1.63/01-20__

Редакция № 2

от 16.06.2014 ж.



стр. из 59




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 дәрежелі

құжаты


ПОӘК

ПОӘК 042 – 18-35.1.63/01-

20__



ПОӘК

Оқу-әдістемелік материалдар

«Зоология»

Баспа № 1 күні _____





ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Зоология»
Мамандық үшін 5В011200 – «Химия»
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014

Мазмұны
1. Глоссарий

2. Лекциялар

3. Зертханалық сабақтар

4. Курс жұмыстарының тақырыптары

5. Білім алушылардың өздік жұмыстары

1. ГЛОССАРИЙ
Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, құрылысын, тіршілік әрекеттерін, экологиясын оқытатын ғылыми пән;

зоогеография – жануарлардың орта жағдайларына байланысты Жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады;

морфология – жануарлар организмдерінің сыртқы және ішкі құрылысының заңдылықтарын оқытатын ғылым;

онтогенезособьтің жеке дамуы, ұрықтанған жұмыртқадан бастап особьтің өлгенге дейінгі кезеңі;

омыртқасыз жануарлар – осьтік мүшелер комплексі жоқ жануарлар;

палеозоология – құрып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын, олардың құрылысын, шығу тегін және қазіргі кезде тіршілік ететін формаларымен туыстық байланыстарды зерттейді;

симметрия - бүтін организмнің құрылымдарының реттілік дәрежесінің көрсеткіші;

таксономия – Жануарларды ғылыми жүйесінің және классификациясының теориясы мен практикасы;

тіршілік циклі – көбеюдің және ядролық циклдардың фазаларының заңдылықты ауысып отыратын түрдің даму циклі;

ұрық жапырақшалары – гаструляция процесінде пайда болатын және әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге бастама беретін, көпклеткалы ұлпалы жануарлардың ұрық денесінің гомологиялық қабаттары;

ұлпа – организмде белгілі бір қызмет атқаратын клеткалардың, клеткаралықзаттардың және т.б. құрылымдардың жиынтығы;

филогенез – тірі материяның, оның систематикалық топтарының, организмдердің, жеке мүшелердің және олардың жүйелерінің тарихи дамуы;

физиология – тірі организмнің функцияларын, зат алмасуын, тіршілік ету ортасына бейімделу механизмдерін оқытатын ғылым;

экология – организмдердің бір-бірімен және олардың бірлестіктерінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытатын ғылым саласы;

протистология немесе протозоология – қарапайым бірклеткалы организмдерді зерттейтін ғылым;

гельминтология – паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым;

карцинология – шаян тәрізділерді зерттейтін ғылым;

арахнология - өрмекші тәрізділерді зерттейтін ғылым;

акарология – кенелерді зерттейтін ғылым;

энтомология – бунақденелілерді зерттейтін ғылым;

малакология – моллюскаларды зерттейтін ғылым;
2. ЛЕКЦИЯЛАРДЫҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ
Лекция №1.

Тақырыбы: Кіріспе. Зоология пәні. Даму тарихы.

Мақсаты: Зоология ғылымының биологиялық пәндер жүйесіндегі орнын көрсетіп, зоологияның даму тарихы туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Пәннің мақсаты және міндеттері.

Жануарлар органикалық әлемнің құрамды бөлігі. Тірі материя формалары. Жануарлардың табиғаттағы маңызы. Жануарлар организмдерін зерттейтін негізгі пәндер.

Зоология тарихынан қысқаша сипаттама. Классификацияның негізгі принциптері. Жануарлар әлемін қорғау.


Зоология – жануарлар туралы ғылым. Ол биологиядан мамандарды дайындау саласында іргелі пәндердің бірі болып саналады. Жануарлар әртүрлі ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті материалы болып келеді, сондықтан зооология көптеген биологиялық ғылымдардың – систематиканың, салыстырмалы анатомияның, жануарлар физиологиясының, цитологияның, гистологияның, экологияның, зоогеографияның, протозоологияның, гидробиологияның, паразитологияның және т.б. ғылымдардың, сол сияқты жануарлардың аулан түрлілігін, дамуын, шығу тегін, органикалық дүниенің эволюциясын, заңдылықтарын зерттейді.

Зоологияның негізгі мақсаты – жануарлардың алуан түрлілігін, құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін, ортаға бейімделушіліктерін, таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және оның табиғаттағы қорын сақтау болып табылады.

Зоологияның міндеттері – жануарлардың негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, филогениясын оқып білу.

Жануарлар әлемінің алуан түрлілігіне және оларды зерттеу әдістерінің ерекшеліктеріне байланысты зоология екі үлкен бөлімге бөлінеді: омыртқалылар зоологиясы – хордалылар типіне жататын жануарларға қатысты деректерді біріктерді және омыртқасыздар зоологиясы – жануарлар дүниесінің қалған 22 типтерін зерттеумен айналысады.

Жануарлардың табиғаттағы және адасм өміріндегі маңызы зор және алуан түрлі. Жануарлар азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп, шикізат өнімдері, ет, май, сүт, тері, бал, балауыз, жібек, мүйіз, бақалшақ және т.б. береді. Олардың көпшілігі ауылшаруашылық дақылдарының тозаңдандырушылары, топырақ түзушілер, басқа жануарларға азық, органикалық заттарды ыдыратушылар болып келеді.

Жануарлар патшалығын қазіргі уақытта өзара тәуелді жүйедегі категориялар – таксондарға бөледі. Негізгі таксон «түр». Түрлерді белгілеу үшін К.Линней жасаған бинарлы номенклатура принципі қолданылады.

Жақын туыстар тұқымдасқа, тұқымдастар – отрядтарға, отрядтар – класқа біріктіірледі. Қазіргі жүйедегі ең жоғары таксон – тип – бірнеше жақын кластарды біріктіреді.



Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №2.

Тақырыбы: Жануарлар патшалығы. Патшалық тармағы – бірклеткалы жануарлар Protozoa. Саркомастигофоралар, Апикомлекстер, Инфузориялар типтері.

Мақсаты: Бірклеткалы организмдердің дене құрылысы, көбеюі туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Қарапайымдылар бір бүтін организм ретінде. Қарапайымдылар клеткалары мен көпклеткалы жануарлардың құрылысындағы ұқсастық. Патшалық тармақтың жалпы сипаттамасы.

Саркомастигофора типі. Саркомастигофорлардың қозғалу органоидтары. Жыныстық процесс.

Саркомастигофорлардың қазіргі классификациясы.

Споровиктер класының жалпы сипаттамасы. Паразиттік тіршілік етуге байланысты құрылыс ерекшеліктері. Клетканың апикалық комплексінің құрылысы. Жыныссыз және жыныстық көбеюдің алмасуы.

Инфузориялардың неғұрлым дамыған және жоғары құрылысты қарапайымдылар ретіндегі жалпы сипаттамасы. Инфузориялардың көбеюі (коньюгация). Инфузориялардың негізгі кластары.


Қарапайымдылар – бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жануарлар. Морфологиялық жағынан бр клеткалы болғанымен, олар дербес өмір сүретін жеке организм, зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму және т.б. қызметтерін атқарады. Клеткасы цитоплазмадан, ядродан және органоидтардан құралған. Органоидтарға: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты т.б. жатады. Органикалық заттар және сұйықтық тамшылар клеткаға фагоцитоз және пиноцитоз жолдарымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі болады.

Қарапайымдыларда қозғалыс органоидтары жақсы жетілген. Олар: жалған аяқтар, талшықтар және кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюде негізгі бөліну тәсілі - митоз. Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс клеткаларының немесе гаметаларының бір-бірімен қосылуы арқылы жүреді. Бұл процесті копуляция деп атайды.

Қарапайымдылардың 70000 аса түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді.

Қазіргі қарапайымдылар 5 типке бөлінеді: Саркомастигофорлар типі, Споралылар немесе Апикомплекстер типі, Микроспоралылар, Миксоспоралылар және Инфузориялар немесе Кірпікшелілер типі.



Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №3.

Тақырыбы: Көпклеткалы организмдер патшалық тармағы Metazoa. Губкалар типі.

Мақсаты: Көпклеткалы организмдердің шығу тегі туралы мәліметтер беру. Төменгі сатыдағы көпклеткалыларға жататын Губкалар типі туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Көпклеткалы организмдердің шығу тегі туралы теориялар.

Губкалар типі. Ізбесті губкалар класы.

Шынылы губкалар класы.

Кәдімгі губкалар класы. Губкалар типінің кластарының негізгі өкілдері.
Көпклеткалы жануарлардың шығу тегі. Көпклеткалылар бірклеткалылардан шыққан. Біршама қарапайымдылардың әр топтарында көпклеткалы құрылысы жасауға бейімділіктері байқалады.

Э.Геккель көпклеткалылардың шығу тегі туралы гастрея теориясын ашты. Геккельдің айтуынша, клеткалардың арғы ата-тегі шар тәрізді қауымды қарапайымдылар болып табылады.

Келесі теорияны И.И.Мечников ұсынған. Төменгі сатыдағы көпклеткалылардың онтогенезін қарастырып, олардың энтодермасы ойыстанып енбей, жеке клеткалардың бластула қуысы – бластоцельге енуі арқылы жасалған, яғни ол жеке клеткалар алдымен борпылдақ, онан кейін тығыз ішкі қабат түзген. Геккель сияқты Мечников та көпклеткалылардың қауымды талшықтылардан дамыған деген. Клеткалардың ішкі қабатын Мечников фагоцитобласт деп, ал филогенетикалық кезеңді «фагоцителла» деп атаған.

Қарапайымдылар қауымының көпклеткалы дараға, яғни бір-бірімен физиологиялық нашар байланысқан талшықтылар клеткаларының бірігіп – қарапайымдыларға қарағанда жоғарырақ деңгейдегі организмдерге айналу заңдылықтарын А.А.Захваткин анықтаған.

Эволюция процесінде жеке қарапайымдылар тұтасымен көпклеткалы жәндітерге ауысқан деген гипотеза бар. Бұл пікірді югославия зоологы Иован Хаджи қолдайды. Оның ойынша көпклеткалылар көп ядролы инфузориялардан шыққан.

Губкалар типі. Губкалар өте төменгі құрылысты көпклеткалы, негізінен теңіз жануарлары, жабысып қозғалмай тіршілік етеді. Денесі мүшелер мен ұлпаларға бөлінбеген. Қазіргі фаунада 5000-ға жуық губкалардың түрлері кездеседі.

Губкалардың пішіні қапшық сияқты, үлкен тесігі жоғары қарайды. Бұл тесіктен губканың қабырғаларындағы ұсақ тесіктер ішкі парагастраль қуысына барып жалғасады. Денесі екі қабат клеткалардан тұрады: сыртқы – эктодерма, ішкі – энтодерма. Олардың арасында ерекше құрылымсыз заттардан тұратын қабат – мезоглея болады. Көпшілік губкалардың мезоглеясы өте қалың, онда қаңқа жасалады. Гастраль қабаты ерекше жағалы клеткалардан құралады.

Губкалардың ең қарапайым құрылысы аскон типті деп атайды. Жеке даму кезіндегі күрделену сикон типті форманың шығуына әкеліп соғады немесе бұл әрі қарай лейконға айналады.

Губкалардың қоректенуі хоаноциттер мен амебоциттер арқылы жүзеге асады. Губкалардың тыныс алуы мен зәр шығаруы диффузды жүреді.

Кейбір губкалардың ғана денесі жұмсақ болады, ал көпшілігін қаңқасы қатты және дене мен өзектер жүйесінің қабырғасына тірек қызметін атқарады. Қаңқасы минералды зат – көмір қышқыл ізбестен немесе кремнеземнан, органикалық зат – қасиеті ұқсас спонгиннен, кремнезем мен спонгиннің қосылысыныан тұруы мүмкін. Қаңқа түзетін клеткаларды склеробластар және спонгиобластар деп атайды.

Губкалар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді.



Ізбесті губкалар. Қаңқасы көмірқышқыл ізбесті төрт, үш немесе бір осьті инелерден тұрады. Тек қана таяз теңіз суларында кездесетін онша үлкен емес губкалар, оладың құрылысы аскон, сикон немесе лейкон типті болуы мүмкін.

Шынылы Губкалар. Терең теңіз суларын мекендейтін губкалар, биіктігі 50 см-дей болады. Денесі түтік, қапшық және бокал тәріздес, сикон типті жеке өмір сүретін губкалар. Қаңқасы әртүрлі, үш осьті кремнийлі инелерден тұрады.

Кәдімгі Губкалар. Қаңқасы – кремнийлі, спонгинді неме екеуінің қосындысынан тұрады. Класс екі отрядқа бөлінеді – Төрт сәулелі губкалар отряды және Кремний мүйізді губкалар отряды.

Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №4.

Тақырыбы: Нағыз көпклеткалылар бөлім үсті. Сәулелілер бөлімі. Ішекқуыстылар типі.

Мақсаты: Нағыз көпклеткалылардың бір типі Ішекқуыстылар типі туарлы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Ішекқуыстыларды губкалармен салыстырғанда жалпы құрылыс деңгейінің көтерілуі.

Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Гидроидтылар класы.

Сцифомедузалар класы. Маржан полиптері класы.


Ішекқуыстылар суда, көбінесе теңізде тіршілік етеді. Бірі еркін жүзсе, екіншілері қозғалмай су түбінде бекініп жатады. Олардың 9000-ға жуық түрі белгілі.

Ішекқуыстыларға тән белгі – радиалды немесе сәулелі симметрияның болуы. Олар қосқабатты жануарлар: онтогенезде тек екі ұрық жапырақшалары - эктодерма және энтодерма түзіледі. Екеуінің арасы мезоглеямен бөлінген.

Типке тән негізгі белгі – атпа клеткаларының болуы, олар бұлшықеттің жиырылуы арқылы қозғалады.

Гидроидтылар класы. Гидра - ең қарапайым құрылысты, көлдер мен бөгеттерде мекендейтін тұщу су полипі. Ауыз конусында 6-12 қармалауыштар қоршалған ауызы орналасқан. Эктодерма қабатында эпителийлі-бұлшықетті клеткалары болады. Гидраның жүйке жүйесі дамудың ең төменгі деңгейінде тұрған шашыранды, диффузды түрде болады.

Атпа клеткалы аралық клеткалардан дамиды және ерекше сопақша келген атпа капсуласы болады. Капсула сұйықтыққа толып тұрады. Гидраның атпа клеткалары шабуыл жасау және қорғаныш қызметін атқарады.

Энтодерма барлық гастраль қуысын ауыздың шетіне дейін астарлап жатады. Энтодерманың құрамына бірнеше түрлі клеткалар енеді. Олар эпителийлі-бұлшықет, ас қорыту және ерекше безді клеткалар. Губкалардағы сияқты ішекқуыстыларда асты клетка ішінде қорытады. Сол сияқты энтодерманың безді клеткалары ас қорыту сөлдерін гастраль қуысына шығарып сонда ас қорытылады.

Гидралар жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүзеге асады.



Сцифомедуазалар класы. 200 түрден тұратын медузалар тек қана теңізде тіршілік етеді. Денесі дөңгелек шатыр тәрізді. Шатырдың астыңғы ойыс жағындағы төрт бұрышты ауызы орналасқан. Ауыздың шеттері созылып 4 ауыз қалақшаларын жасайды. Ауызы шатырдың ортасындағы қарынға барып жалғасады, қарын онша терең емес төрт қалта тәрізді ойықтар құрады. Қарынға шеттен гастраль жіпшелері бар төрт білеу еніп тұрады.

Қарыннан дененің шетіне қарай радиалды өзектер жүйесі тарайды. Өзектер дұрыс кезектесіп орналасады да шатырдың жиегіндегі сақиналы өзекке барып жалғасады. Сөйтіп, бұл өзектер гастроваскулярлы жүйені құрайды.

Негізгі өзектердің шетінде жатқан кейбір қармалауыштар өзгеріп, жиек денешіктеріне немесе ропалияларға айналады. Ішінде көру және тепе-теңдік мүшелері дамиды.

Медузалар дара жынысты. Жыныс бездері қарын қалталарының төменгі жағындағы энтодермадан жасалынады. Пісіп жетілген жыныс клеткалары медузаның аузы арқылы сыртқа шығарылады. Жұмыртқадан дернәсіл планула пайда болады. Ол жүзіп жүріп біраздан кейін бекінеді. Планула кейінірек жеке полип – сцифистомаға айналады. Бұл полип бүршіктену арқылы басқа сцифистомалар жасай алады.

Сцифистомада жүретін негізгі процесс – стробила жасау. Стробила жасау процесінде дисклілер жас медузалар пайда болады. Оларды эфира деп атайды. Эфира одан әрі дамып ересек медузаға айналады.

Сонымен, сцифомедузаларда айқын білінетін метагенез байқалады, яғни жынысты және жыныссыз ұрпақтары ауысып отырады.



Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №5.

Тақырыбы: Екіжақты-симметриялы жануарлар бөлімі. Алғашқыауыздылар қатары. Жалпақ құрттар типі. Трематодтар класы. Таспа құрттар класы.

Мақсаты: Жалпақ құрттар, олардың негізгі кластары, өкілдері туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Екіжақты симметрияның пайда болуы. Турбелляриялардың құрылыс ерекшеліктері.

Эндопаразиттік тіршілік етуге бейімделуіне байланысты трематодтардың турбелляриялардан құрылысының айырмашылықтары. Трематодтар арасындағы адамның және жануарлардың маңызды паразиттері, даму циклдері.

Таспа құрттар класы, құрылысының ерекшеліктері және маңызды өкілдері.


Жалпақ құрттар типінің өкілдері қосжақтаулы симметриялы (билатералды), олардың денесінен бір ғана симметрия кесіндісін өткізуге болады.

Жалпақ құрттар үш қабатты. Онтогенез процесі кезінде үш ұрық жапырақшасы жасалады. Жабын жасайтын эктодерма мен ішек түзетін энтодерманың арасында аралық ұрық жапырақша – мезодерма бар. Көбінесе денесі ұзына бойына созылған және арқа бүйір бағытында қабысқан (жапырақ, тақта, таспа тәрізді).

Жалпақ құрттардың құрылысының негізгі ерекшелігі – тері-бұлшықет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында жатқан бұлшықет талшықтарының күрделі жүйесі. Бұл бірнеше қабаттарға ыдырап, жануардың бүкіл денесін эпителийдің астында тұтас қапшық ретінде жауып тұрады, ал жоғарғы билатералды жануарларда талшықтар жеке ет шоғырларына бөлініп кетеді. Тері-бұлшықет қапшығындағы бұлшықеттердің жиырылуының нәтижесінде құрт тәрізді қозғалыс қамтамасыз етіледі.

Жалпақ құрттарда дене қуысы болмайды, олар қуыссыз немесе паренхималы жануарлар: ішкі мүшелерінің арасындағы кеңістік паренхимадан немесе мезодермалы дәнекер борпылдақ ұлпамен толып тұрады. Паренхиманың ролі әртүрлі. Оның қызметтеріне - тірек, қоректік заттардың қоры жиналатын жер мен зат алмасу процестерінде маңызды орын алады.

Ас қорыту түтітігі қарапайым, тек қана екі бөлімнен тұрады: эктодермалы алдыңғы ішек немесе жұтқыншақ және тұйық бітетін энтодермалық ортаңғы ішек. Артқы ішегі мен аналь тесігі болмайды. Паразит түрлерінде ас қорыту жүйесі мүлде жойылып кеткен.

Жүйке жүйесі жұп ми түйінінен (ганглийден) және одан артқа қарай кететін жүйке бағаналарынан тұрады. Жүйке бағаналары бірімен-бірі сақиналы жүйкелер арқылы қосылған. Екі ұзынабойлық бағаналар өте жақсы дамыған. Жалпақ құрттарда жүйке жүйесінің орталық реттеу аппараты пайда болған.

Қан айналу және тыныс алу жүйелері болмайды.

Зәр шығару жүйесі протонефридий типті. Олар паренхимада бір шоғыр кірпікшелері бар ерекше жұлдызша клеткалармен аяқталатын тармақталған өзектер жүйесінен тұрады. Протонефридийлер сыртқа ортамен арнайы зәр шығару тесіктері арқылы байланысады.

Жалпақ құрттардың жыныс жүйесі гермафродитті, жыныс өнімдерін шығаратын күрделі өзектерден және іштей ұрықтануды қамтамасыз ететін мүшелерден тұрады.

Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №6.

Тақырыбы: Алғашқықуысты құрттар типі. Нематодтар класы.

Мақсаты: Жұмыр құрттар типі, негізгі өкілдері туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Алғашқы қуысты құрттардың жалпақ құрттармен салыстырғанда құрылысының прогрессивті белгілері.

Нематодтардың құрылысының ерекшеліктері.

Гельминттер және биогельминттер туралы түсінік.


Жұмыр құрттар типіне тән негізгі белгілеріге жатады:

Денесі бунақталмаған (сегменттелмеген).

Денеде алғашқы қуыс пайда болады, ол қоршаған ұлпалармен шекараласып жататын ішкі мүшелердің арасындағы саңылаулар.

Жалпақ құрттардан айырмашылығы - көпшілік жұмыр құрттар дара жынысты және жыныс аппараты өте қарапайым құрылысты.

Қан айналу және тыныс алу жүйелері болмайды.

Зәр шығару жүйесі түрі өзгерген тері бездері немесе протонефридий типтес немесе мүлдем болмайды.

Жүйке жүйесі ортогон типтес және жабынымен тығыз байланысты, сезім мүшелері нашар дамыған.

Ас қорыту жүйесінде артқы ішегі мен аналь тесігі болады.



Нематодтар немесе нағыз жұмыр құрттар класы. Жануарлар әлеміндегі ең көп санды кластың бірі, олардың 10000 түрі белгілі. Еркін тіршілік ететін нематодтар бүкіл жер шарында кең таралған, бірі суда кездессе, екіншілері топырақта тіршілік етуге бейімделген. Нематодтардың қатысуынсыз ешқандай шіру процесі жүрмейді. Паразит ретінде жұмыр құрттар жануарлар мен өсімдіктердің барлық мүшелерінде кездеседі. Құстар мене бунақденелілердің паразиттері ретінде олар әуені де меңгерген.

Нематодтардың пішіні цилиндр немесе ұршық тәрізді. Көлденең кесіндісі жұмыр. Денесінің алдыңғы ұшында ауызы, ал артқы ұшының құрсақ жағында аналь тесігі орналасқан. Нематодтардың денесінің сыртын тығыз күрделі құрылысты көп қабатты кутикула қаптаған. Кутикула нематодтардың ерекше сыртқы қаңқасы, ол ішкі қуыстағы сұйық заттардың қысымымен бірге дене бұлшық еттеріне тірек болып тұрады. Кутикула сол сияқты механикалық бүлінуден және улы заттардан қорғау қызметтерін атқарады.

Кутикуланың астында гиподерма жатады. Тері-бұлшықет қапшығының арасында өте үлкен дене қуысы жатады. Бұл алғашқы дене қуысы оны қоршаған мүшелермен шекараласып жатады және өз қабырғасы болмайды. Тірек қызметінен басқа алғашқы қуыс зат алмасуда да негізгі рөл атқарады. Алғашқы дене қуысы қан айналу жүйесі сияқты организмнің ішкі ортасының қызметін атқарады. Схизоцель деп аталады.

Ас қорыту жүйесі ұзынша түтік түрінде алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек болып үш бөлімге бөлінеді. Еркін өмір сүретін нематодтар әртүрлі ұсақ организмдермен, паразиттер жануар-иесінің сөлімен, кейбіреулері иесінің қанымен, ал өсімдік паразиттері олардың ұлпаларымен қоректенеді.

Жүйке жүйесінің орталық бөлімі жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасынан жасалынған. Сақинадан алдыға және артқа қарай жүйке салалары тарайды. Екі негізгі жүйке салалары бір-бірімен жұқа жартылай сақиналар тәрізді көптеген комиссуралармен қосылады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет