Туристік өнімді сату психологиясы
Туристік өнім және оны өткізу-бул туристік кәсіпорын іс әрекетіндегі ең маңызды мәселе болып табылады. Туристік фирмалардың мақсаты неде? Фирманың негізгі максаттарының бірі оның табысын ұлғайту болып табылады. Пайда алу және оны улғайту бәрінен бурын тұрақты клиенттердің бар екендігін және олардың санының өсетіндігін білдіреді. Клиенттерді тартуға және үстап тұруға болады, егер олар фирманың қызметтерін алуға мүдделі болса, сондай- ак қызмет туристік кәсіпорынның ұсынылатын қызметтерінің сапасына сәйкес болуы тиіс. Туристік қызметтерді сату жене жылжыту, егер, алдымен тұтынушының мақсаттары мен қажеттіліктерi анықталса, содан кейін барып баға бойынша қолжетімді тауар немесе қызмет қалыптастырылып ұсынылса ғана тиімділік әкеледі. Туристік фирмалардын максатқа жетуі сатып алушының талаптарына дәлме-дәл сәйкес өнімді және қызметтерді дамыту болып табылады, сондай-ак туристік өнімді еткізуде үлкен басымдыққа интенсивті сатылымдарға да байланысты . Мәселенің құқықтық мазмұнына келсек , Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы 2001 ж . 13 маусымдағы № 211 || Қазақстан Республикасының Заңының 15-2 - бабының 1 - тармағында : Туристік өнімді қалыптастыру - туроператордың туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен шарттарды жасасу және орындау жөніндегі қызметі – делінген . Қазіргі кезеңде кез - келген туристік кәсіпорынның табысты қызмет етуінде өнімді өткізу маңызды роль атқарады . Өсіп бара жатқан бәсеке өз өнімдерін өткізу барысында кәсіпорынды тұтынушыларға және делдалдарға үлкен жеңілдіктер жасауға мәжбүр етеді .
Туристік өнімді қалыптастыру , өңдеу және өткізу жүйесін , тартымды туристік өнімді қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру . Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет : Туристік өнім түсінігі және ерекшеліктерін қарастыру ; отуристік өнімдер , Кәне жылжыту әдіс - тәсілдерін анықтау.
Тур өнім - туристік саяхат мерзімінде көрсетілетін туристік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті қызметтер және осымен байланысты саяхат мақсатына сай көрсетілетін басқа да ( орналастыру , тасымалдау , тамақтандыру , экскурсиялар , туризм нұсқаушысының , гидтің , гид аударушылардың қызметтері ) қызметтер жиынтығын білдіреді . Туристік өнім құрамы жағынан 3 бөлімге бөлінеді : тур ; қосымша туристік экскурсиялық қызметтер , тауарлар . Тур дегеніміз - тұтынушыға біртұтас таратылатын және туроператорлардың еңбегімен өндірілген , белгілі бір бағытқа және мерзімге арналған бірінші туристік өнімнің бірлігі . Турдың құрамы келесідей болады : 1 ) туристік пакет 2 ) осы бағытта көрсетілетін қызметтер кешені . Туристік пакетті туроператорлар ұсынады және осы бағытта міндетті түрде көрсетілетін қызметтерден тұрады : - туристерді көлікпен демалыс орнына апару және алып келу ; - трансфер ; орналастыру және тамақтандыру. Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы – нақтылы міндетті жағдайы . Төрт базалық элементтен тұратын туристік пакетті сатып алып , турист туроператордан едәуір жеңілдікпен басқада қызметтер арқылы кеңейтуін сұрай алады немесе оны демалыс орнында өзі де жасай алады . Туроператор туризмде маңызды рөл атқарады . Өйткені , әр түрлі қызметтерді ( көлік , туристерді орналастыру , тамақтандыру , көңіл көтеру және т.б. ) бір турпакетке жинап , турөнімді шығарады , оны турагент арқылы таратады . Турагент — туроператорлардың туристік өнімін іске асыратын , туристік нарықта жұмыс істейтін таратушы . Туроператорлардың турагенттен айырмашылығы турагент турдың сапасына жауапты емес .
Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы - туристік пакет туристік өнімнің бір бөлігі . Туристік өнім элементтері бойынша туристің шығынын келесідей бөлуге болады : тур – 50 пайыз ; қосымша туристік экскурсиялық қызметтер - 30 пайыз ; тауарлар - 20 пайыз . Қосымша туристік – экскурсиялық қызметтер дегеніміз - жолдамада көрсетілмеген , бірақ туристерге қажет болса , солардың тілегі бойынша көрсетілетін қызметтер . Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасына кірмейді . Оған жататындар : резервтік орындар , валюта айырбастау , туристік қызмет көрсету , прокат , телефон , қоғамдық көлік , пошта , тауарлар сақтау орны және т.б. Қосымша қызметтерді туристер бөлек өз ақшасына алуы керек .
Тұтынушыға қалай қолайлы психологиялық климат жасауға болады?
•Офистегі клиенттерге қызмет көрсетудің психологиялық сипаттамалары көбіне іскери сұхбаттың психологиялық мәдениетіне негізделген. Іскери сұхбаттың психологиялық мәдениеті - бұл сұхбаттасушылардың ақыл-ой әрекетінің заңдылықтарын бейнелейтін білім бірлігі және осы білімді нақты іскери жағдайларда қолдану мүмкіндігі. Психологиялық мәдениет қолайлы психологиялық климат құрудан басталады. Клиентті эксклюзивтілік пен бірегейлікке, немесе керісінше, ұсынылатын қызметтің кең танымалдылығына қызықтыру өте маңызды.
•Әңгімелесуді клиенттің өзі менеджер одан не тыңдағысы келетінін білдіретін етіп бастаған жөн. Менеджер клиенттің көзқарасын қабылдап, клиенттің басына
кешетін барлық нәрсені сезінуге тырысуы керек
• Әңгіменің басында арнайы сөз тіркестерін қолдана отырып, клиенттің бойында өзінің маңыздылығын сезіне білуді бастауға кеңес беріледі.
•Шын ниет маңызды. Арзан мақтау сөздер айтылмауы керек. Өйткені, адам табиғатына тән ең терең ұмтылыс - бұл маңызды болуға ұмтылу.
•Әр адам бағалануға құмар. Клиенттің бойында өзіндік құндылық сезімін қалыптастырған менеджер қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жолындағы алғашқы маңызды қадамды жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |