V. Жаңа білімді игеру: Әртүрлі малдың жүрегі мен қан тамырларының орналасуы



Дата04.06.2020
өлшемі336,14 Kb.
#72322
Байланысты:
Жүрек аймағын қарау, пальпациялау және


Мал жүрегінің жарақатты перикардит, гидроперикард, эндокардит, миокардит, миокардоз, жүрек ақаулары және қан тамырларының артериоклероз, артериофиброз, тромбоз аурулары кездеседі. Бұл аурулардың емі көп жағдайда әсерсіз, өлім-жітімге ұшыратады. Шаруашылықтарда үлкен экономикалық шығынға ұшыратады. Сондықтан, мал жүрегі мен қан тамырларының ауруларын дер кезінде анықтау маңызды.

 

V.Жаңа білімді игеру:



1.Әртүрлі малдың жүрегі мен қан тамырларының орналасуы (топографиясы).

Кестемен жұмыс:

Әртүрлі малдың жүрек топографиясы.





Мал түрі

Жүрек топографиясы

Жүректің негізі

жүрек ұшы

артқы шекарасы

1

Мүйізді ірі қарада

Көкірек қуысының сол жағында 3 – 5 қабырға аралығында анықталады, көкірек клеткасының биіктігінің жартысына дейін

төс  сүйегінен 3 – 5 см жоғары

5 – ші қабырғаға дейін

2

қой мен ешкіде

3

Жылқыда

жүрек 3 — 6 қабырға аралығында, көкірек қуысы биіктігінің жартысынан сәл төмен

төс сүйегінен 2  см жоғары

сол жағында 6-шы, оң жағында 5-ші қабырғаға дейін

4

Есекте

5

Шошқада

жүрек 3 – 6 қабырға аралығында, көкірек қуысы биіктігінің жартысына дейін

төс сүйегінен 2  см жоғары

6 – шы қабырғадан аса


















Жылқының қан тамырларының орналасуы.



2.Жүрек – қан тамырлар жүйесін клиникалық зерттеу жоспары.

Презентация көмегімен түсіндіру:

Жүрек тамыр жүйесін зерттеу төмендегідей реттілікпен жүргізіледі:

1.Анамнез жинау;

2.Малдың жүрегі мен қан тамырларын жалпы клиникалық тексеру:

а) жүрегі мен қан тамырларын қарау және пальпациялау;

б) жүрек облысына перкуссия жасау;

в) жүрегі мен қан тамырларының аускультациясы;

Жүрек облысын қарау кезінде көкірек клеткасының тербелмелі қозғалысын және жүрек тұсындағы жүндердің әлсіз тербелісін анықтауға болады. Қоңды және жүні ұзын малдарда көкірек клеткасы мен жүндерінің тербелісі байқалмауы да мүмкін. Жүрек жиырылуы күшейгенде көкірек клеткасының тербелісі де күшейіп, ал әлсірегенде толық жоғалу мүмкіндігі ескерілгені жөн.

Дені сау малдың тыныштық жағдайында пальпациямен көкірек клеткасының жеңіл тербелісін сезінуге болады. Ал жүрек ауруларында сезімталдықтың жоғарылауын, ауырсынуды, қолға сезілетіндей дірілдеуді анықтайды.

Мүйізді ірі қарада 4-ші, жылқыда, итте 5-ші қабырға аралығында иық буынының сызығынан сәл төмен алақанмен жүрек серпінін анықтауға болады.

Жүрек серпінін зерттегенде оның әлсіреуіне, жоғалуына, күшеюіне, ығысуына және басқа ауытқуларына мән береді.

Жүрек серпінінің әлсіреуі миокардиофистрофияда, өкпе эмфиземасында, экссудативті плевритте, перикардитте, сондай-ақ кейбір дені сау, қоңдылығы жоғары малдарда да кездеседі. Жүрек серпінінің жоғалу себебі коллапс, агония болуы мүмкін.

Жүрек серпінінің күшеюі қызбада, қозуда, сыртқы орта температурасы көтерілгенде, кейбір улануларда, жүрек гипертрофиясында байқалады. Бұның жоғарғы сатысы дүрсілді жүрек серпіні деп аталады және ол жіті миокардитте, жылқының жұқпалы анемиясында кездеседі.





Жылқының жүрек тондарының сол және оң жағынан жақсы естілу орындары: 1-сол жақ атриовентрикулярлық тесік; 2- аорта тесігі; 3-өкпе артериясының тесігі; 4-оң жақ атриовентрикулярлық тесік; а-б-иық буынының сызығы

 

Жүрек облысына перкуссия жасау.

Ірі малда құралды перкуссия, ал ұсақ малда дигитальды (саусақпен) перкуссия қолданылады. Перкуссия тұрып  тұрған малға екі бағытта:


  • анконеустердің артқы тік сызығымен;

  • шынтақ төмпегінен мықынға қарай жасалады.

Ірі малдарда зерттелетін жағының алдыңғы аяғын сәл алға және тысқа қарай жылжытады. Жүректің  көкірек қабырғасына жақын орналасқан тұсы доғал дыбыс береді – ол жүректің абсолютті доғалдық аймағы деп аталса, өкпемен жабылған тұсы көмескі дыбыс береді – ол жүректің салыстырмалы доғалдық аймағы деп аталады.

Мүйізді ірі қарада жүректің доғалдық аймағы әлсіз білінеді, перкуссия жасау қиындықтар туғызады. Жүректің салыстырмалы доғалдығы сол жағында 3 – 4 қабырға аралығынан зерттеліп, жоғарғы шекарасы иық буынының сызығына дейін, ал артқы шекарасы 5 – ші қабырғаға дейін жетеді.

Қой мен ешкіде жүрек дыбысының доғалдығының 3 – шекарасы бар: алдыңғысы  3 – ші қабырға аралығы; артқысы  5 – ші қабырғаға дейін; жоғарғысы — иық буынынан 1 – 2 см төмен.

Жылқы жүрегінің салыстырмалы доғалдық аймағының жоғарғы шекарасы 3 – ші қабырға аралығында иық буынынан 3 – 4 см төмен, ал артқы шекарасы 6 – шы қабырғаға дейін жетеді. Абсолютті доғалдық аймағы үшбұрыш тәріздес, алдыңғы шекарасы анконеустер сызығында, артқы шекарасы – жоғарыдан төмен доға тәрізденіп, 3 – ші қабырға аралығынан 6 – шы қабырғаның төменгі жиегіне дейін келеді, ал төменгі шекарасы төс сүйегі мен оның бұлшық етінің доғалдығына айналады. Абсолютті доғалдық аймағы үш бұрышының биіктігі малдың дене бітіміне қарай 10 – 13 см болады, ал оң жағындағы абсолюттік доғалдық аймағы сол жағына қарағанда анағұлым кіші болады.

Жүректің доғалдық аймақтарындағы өзгерістердің диагностикалық маңызы бар.

Жүректің абсолютті доғалдық аймағының үлкеюі жүрек гипертрофиясында, эксудативті перикардитте, өкпе  ретракциясында байқалады.

Жүректің абсолютті доғалдық аймағының кішіреюі альвеолярлық эмфиземада, пневмотороксте болады.

 

Әртүрлі мал жүрегінің аускультациясы.



Әртүрлі мал жүрегінің аускультациясы.
Жүрек аускультациясы– жүректі зерттеудің негізгі және міндетті әдісі. Ол жүрек жиырылуының ырғақтығын, жүрек дыбыстарының (тондарының) ерекшеліктерін, жүрек шуларының бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік жасайды. Аускультация кезінде тыныштық сақталғаны дұрыс. Жүрек жиырылуының ырғағын анықтау.

Дені сау малдың жүрегі ырғақты жұмыс жасайды — әуелі екі жүрекше, сосын екі қарынша жиырылады, сонан соң азғантай үзіліс болады да, барлығы қайта қайталанады. Жүрек жұмысының ырғақтылығы оның меншікті өткізгіш жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйеге синустық түйін, атриовентрикулярлық түйін, Гис будасы мен Пуркинье талшықтары кіреді. Қозу импульсі синустық түйінде пайда болып, бірдей уақыт аралығында атриовентрикулярлық түйінге, сосын Гис будасы арқылы Пуркинье талшықтарына беріледі. Қозу импульсінің түзілуі немесе оның миокардтан өткізілуі бұзылған кезде аритмиялар, яғни, жүректің ырғақсыз жиырылулары  пайда болады.

Жүрек тұсында тимпаниялық дыбыстың болуы перикардқа көп мөлшерде газ жиналғанда болуы мүмкін.

Жүрек аритмиясына синустық тахикардия, синустық брадикардия, тыныстық аритмия, экстрасистола, жүрек блокадалары және т.б. жатады.

 

3.Малдың жүрегі мен қан тамырларын арнайы аппаратурамен зерттеу:



а) пульсті тексеру;

Жылқының пульсін анықтау.



Жануарлардың жүрек соғысы мен дене қызуы көрсеткіштері.





Үй жануарлары мен

құстың атаулары

Дене температурасы (градус)

Тамыр соғу жиілігі (1мин.)

1

Іріқара мал

37,5-39,0

50-80

2

Қой

38,5-40,0

70-80

3

Түйе

35,0-38,6

32-52

4

Жылқы

37,5-38,5

24-42

5

Есек

35,7-38,5

45-60

6

Шошқа

38,0-40,0

60-90

7

Ит

37,5-39,0

70-100

8

Қоян

38,5-39,5

120-200

9

Тауық

40,5-42,0

150-200

б) жүректі графикалық әдістермен зерттеу

Эхокардиограмма.





Сәйкестендіру:



Толықтыру:

Жүрек тамыр жүйесін зерттеу төмендегідей реттілікпен жүргізіледі:

1.Анамнез жинау;

2.Малдың жүрегі мен қан тамырларын жалпы клиникалық тексеру:

а) жүрегі мен қан тамырларын қарау және пальпациялау;

б) жүрек облысына перкуссия жасау;

в) жүрегі мен қан тамырларының аускультациясы;

3.Малдың жүрегі мен қан тамырларын арнайы аппаратурамен зерттеу:

а) пульсті тексеру;

б) жүректі графикалық әдістермен зерттеу.



 

VII.Қорытындылау, бағалау:

Студенттерді төмендегіндей критерийлер бойынша бағалау:

1.Жаңа сабаққа ынталандыру кезеңіне араласуы (max 1 балл);

2.Жаңа білімді игеруге атсалысу (max 2 балл);

3.Жаңа тақырыпты бекітуге белсене араласуы (max 2 балл).

 

VIІI.Үй тапсырмасы: Жаңа тақырып бойынша қосымша әдебиеттерден, ғаламтор көздерінен мәліметтер жинап конспектіні толықтыру, жаңа сөздерді жаттау.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет