В. С. Даулетова Туған жерге мың алғыс



Дата06.07.2018
өлшемі18,85 Kb.
#47940
«№236 орта мектебі»КММ,

В.С.Даулетова

Туған жерге мың алғыс

Болдым ғашық,туған дала,мен саған, Жақын жүрсем,мен-төрінде жаннаттың,

Алтын діңгек – өзім туған босағам!

Қ.Аманжолов

Менің Отаным Қазақстан! Қазақстан! Неткен керемет, шуақты ұғым. Осы бір сөз жаңына жүрегіңнен де жақын, ыстық.

Сенің әрбір тасың, әрбір гүлің, өзен-көлің, тауың мен үшін қымбат. Перзентінің саған деген махаббаты тіл жеткісіз! Міне, менің анам бесігіне тербеп, аялап өсірер - Отаным. Осындай сұлу да көркем, ерекше табиғаты бар кең өлкеде дүниеге келгеніме қуаныштымын!

Барша ұлтты бауырына басқан Отаным, мен сенің ізгілігіңнен, ұлылығыңнан нәр алып, дархандығыңнан үйреніп, бойжетіп келемін.

Иә, менің ұлтым-өзбек, өзбек болсам да болмысым қазақ, кіндік тамған жерім киелі дархан далам, кең далам! Әкем бірнеше жыл бұрын өзбек елінен Қазақстанға қоныс аударып, шаңырағын көтерді. Қазақстанда үш баласы дүниеге келді. Анам қазақ, әкем екеуі осында танысып, үйленіп, еңбек етіп жатыр. Отанымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосып жүр. Ал мен өзімді нағыз қазақтай сезінемін. Қазақ тілі маған ана тілімдей, менің барлық ойым да қазақша. Қазақ халқының тарихын, мәдениетін тануға, салт-дастүрлерін сақтауға тырысамын.

Отан - менің мақтанышым. Ол өзінің ұлан-байтақ жерімен, халқымен, ынтымағымен бүкіл әлемді таң қалдырды. Ал табиғаты қандай тамаша! Жасыл жайлау, төбесі көкке жететін таулар, толқыған теңіздер, бұлақтай тұнық көгілдір көлдер, жер асты толған байлық - бұның бәрі тек мен үшін, халқым үшін жаратылған.

Мен қатерге қарсы шықтым сен үшін,

Көкірегімнен қан төгілді сен үшін.

Соған жетер қасиет бар ма жаһанда?

Сен ұлысың, адам сенің жемісің, -

деді Әбу Сәрсенбаев өз өлеңінде. Шынында да, мен өз елімнің жемісімін. Отанымыз бізді, жастарды, өсіріп жеткізді және алдымызға таудай талаптар қойды. Біз Отанымыз үшін қандай жақсылық жасаймыз? Халқымыздың сенімін қалай ақтаймыз? Бұл сұраққа жастардың көпшілігі жауап іздеді деп ойлаймын.

Нашарлаған экология, су қоймаларына төгілген радиоктивті заттар, нашақорлық - бұл көкейкесті мәселелерді шешу біздің қолымызда. Менің ойымша, Отанды сүю – оны қорғай білу. «Отанға опасыздық еткенің – өз түбіне жеткенің» - деп халық бекер айтпаған. Жаңа ғасырда өз елін , тілін, Отанын сүйетін, оның болашағына жүрегі сыздап ауыратын жастардың саны көбейеді деп үміттенемін.

Өзім де Қазақстанның өркендеуіне үлесімді қосамын.

Мен он төрт жыл бойы қазақ тілін меңгеруге күш салдым. Өйткені өмір бойы Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің қазақшаға талпынбайтыны, оның ішінде қалада тұратын кейбір қазақтардың өз тілін білмеуі мүлдем ұят. Европада мемлекеттік тілді білмеймін дейтін адамды кездестіре алмайсыз. Ал Қазақстандағы ресми дерекке сүйенсек, қазақтардың жиырма пайызы ғана жатық сөйлей алады екен. «Ұлт өз тілін білмегені – сорлағаны» - деген қазақ мақалымен мен де келісемін. Сондықтан мемлекеттік тілді жетік білуге тырысамын. Онымен де Отанымның болашағына өз үлесімді қосып отырмын деп ойлаймын. Қазақ тілін жетілдіру біздің қолымызда. Нұрсұлтан Әбішұлы әрқашан жасөспірімге: «Еліміздің ертеңі сендерсіңдер, сондықтан қазақтың тарихын біліңдер, математика, физика , химия пәндерін жақсы оқыңдар. Өз тілдеріңде, яғни қазақша таза әрі сауатты сөйлеңдер»,- деген өсиет айтып жүр. Осы жерде менің есіме атақты батыр Бауыржан Момышұлы атамыздың бір ұлағатты сөзі еріксіз түседі:

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабаларымызды ұмыту».

Қазақ халқы – әлемдегі ұлы халықтардың бірі. Қазақтың ұлылығы – бауырмаушылығында, бейбіт өмір сүйгіштігінде, сабырлылығында және даналығында.

Қазақ – сөзге тоқтаған халық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен, ел бастаған көсемдері мен шешендері ақыл айтса , ақылына ұйыған халық. Оның бір белесін Нұр ағаны әркез халқы олдағанда, халқына түйінді сөз айтса, елі тыңдап, ақылына ұйығандығынан байқаймын.

Мен осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге келгеніме мақтанамын, мен қазақ екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында ұстап тұрған Елбасы Нұр ағама ерекше ілтипатпен қараймын. Осындай жігерлі ,қайратты, дана Елбасымен мақтағанның өзі – бақыт. Нұр ағама деген ықыласымды енді өлең жолдарымен өргім келеді:

Биіктей бер,Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма

Халық сіздей ағасын?

Нұр ағаның нұр жолы,

Біз сонымен жүреміз.

Мақтан етіп біз оны,

Ардақты ұл деп білеміз.

Қазақ елін әлем тануда, оның демократиялық даму жолындағы жетістіктерін дүние жүзі қауымдастығы мойындап, игі істеріне қолдау көрсетуде.



Менің болашақтағы мақсатым- жоғары білімді маман болып,еліміздің өркендеуіне үлес қосу.

Отанымыз гүлденіп, жеріміз көріктене берсін!
Каталог: uploads -> doc -> 059d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
059d -> Сабақтың тақырыбы: Туған ел. Сәкен Сейфуллин
059d -> Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет