В011300-Биология бб курс Пән «Биологияны оқытуда қазіргі оқыту технологиялары»



Дата05.09.2020
өлшемі18,4 Kb.
#77207
Байланысты:
Биолог оқыт қаз оқыту технологиялары
Багалау жайлы материалдар, топыр саныраукулактары, 1-апта лекция

5В011300-Биология ББ 4 курс

Пән «Биологияны оқытуда қазіргі оқыту технологиялары»

Дисциплина «Современные образовательные технологии в преподавании биологии»

Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден (бұл да маңызды аспект) – жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сын тұрғысынан ойлауға үйретуді қамтиды. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің түйінді идеяларын ұғынуға көмектесетін, оның мақсаттарымен, міндеттерімен, инновациялық әдіс-тәсілдерімен, күтілетін нәтижелерімен таныстыратын, сондай-ақ студенттердің оларды игерудегі жетістіктерін бағалаудың тиімді жүйесін ұсынуды қарастырады. Бүгінгі таңда алға қойылған мақсаттарды іске асыруда басты рөлді мұғалімнің атқаратындығы туралы. Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері оқыту және оқу үдерістерінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатыны жайлы мағлұматтар талқыланап қарастырылады.

Мақсаты: Болашақ педагогтердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға, «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнін оқу барысында меңгерген машықтары мен икемділіктерін жаңартылған мазмұн бағдарламасында биологияны оқытуда тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

• Әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсету.

• Биологияны жаңартылған мазмұн бағдарламасымен оқытудың қазіргі педагогикалық технологияларын педагогикалық іс–тәжірибесінде қолдануға машықтандырып, икемдеу.

• Жеті модуль мәнмәтінінде пән бағдарламасының теориялық негіздерінің тұжырымдамалық түсінігін қалыптастыру.

• Оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру мақсатында тыңдаушыларды мектеп көшбасшылығы тұжырымдамасымен және мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін дамыту қағидаттарымен таныстыру.

• Болашақ мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайындау.

• Болашақ мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға; түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз етуге жағдай жасау.



Компетенция: Осы пәнді оқытып меңгерту кәсіптік құзіреттілігін, сонымен қатар педагогикалық іс әрекетінде меңгеру кәсіби ынтымақтастық пен өзара білім алудың үнемі жұмыс істеп тұратын режімін құруға мүмкіндік беретін, болашақ қазақстандық мұғалімдерді оқыту үдерісінде үздік мұғалімдердің практикалық тәжірибелерін пайдалануда теориялық негіздерін отандық оқыту тәжірибесіне ойдағыдай бейімдеп, педагогикалық технологияларды қолдану жолдарын анықтап, зерттеушілік, комуникативтік құзіреттілігін ізденіс жұмыстарын жүргізуге, қазіргі дамыған білім саласындағы нақты жағдайларды және жаңартылған мазмұн бағдарламасындағы биологияны оқыту мәселелерін шешуге теориялық білімін практикада қолдануды дамытуға, бағытталған.

Аталған пән курсы бойынша қазіргі педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдануға, материалдарды интернет желісінен іздестіріп, жүктеуге, өз жұмысында икемді қолдануға дағдыланады.



Оқыту нәтижелері. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қабілетті болады:

• Пән бағдарламасының негізін құрайтын жеті модуль мәнмәтінінде тыңдаушыларда тұжырымдамалық түсіну негіздерінің және тәжірибелік дағдылардың қалыптасуына;

• жаңартылған мазмұндағы бағдарламамен биологиядан сабақ беруде қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану жолдарын анықтап, талдау жасау арқылы өз іс тәжірибесінде жүзеге асыруға;

• болашақ мұғалімде өз тәжірибесі туралы сын тұрғысынан ойлану (рефлексия) дағдыларының, өзін-өзі жетілдіру қабілетінің болуына;

• болашақ мұғалімнің оқушыларды білім алуға тарту үдерісін жандандыру әдістемесін меңгеруге;

• оқушылар мен мұғалім және өзара қарым-қатынасы жайлы мәліметтерді талдауға және салыстыруға;

• биология сабақтарында алған білімдерінің жақсы дамуына мүмкіндік туғызатын экологиялық-практикалық міндеттерді шешуде пайдалануға;

• игерген білімдерін практикалық сабақтарда және эксперименталды жұмыста, жаңартылған мазмұндағы биологияны оқытуда пайдалануға;

• зерттеу материалдары бойынша нақтылы, бағалы қорытындылар мен түйіндер алып оларды іс жүзінде пайдалануға;

• болашақ мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайын болуға.

•электрондық ресурстарды құрастыруға және оны сандық технологияда қолдануда білімі мен оны биология сабақтарында қолдану құзіреттілігін көрсетуге;

• қазіргі білім беру жүйесіндегі жағдайлар жайлы өз көзқарасын алған білімдері негізінде нақтылап дәлелдеуге және қорғауға;



• «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру» идеяларын қоғамда және кәсіптік іс әрекетінде қолдауға және толеранттылық көрсетуге қабілетті.

Жаңартылған мазмұн бойынша биология сабақтарында қоршаған ортаны қорғау мен сақтауда тәрбие жұмыстарында игерген білімдеріне талдау жасап қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет