Варшава шарты ұйымы және нато одағы варшава Шарты ұйымы



Дата15.09.2017
өлшемі58,1 Kb.
#33054
ВАРШАВА ШАРТЫ ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ НАТО ОДАҒЫ

Варшава Шарты ұйымы 1955 жылы 14 сәуірде дүниеге келді. 955 жылы достық, әріптестік және өзара кәмек жөнінде Албания, Болгария, Венгрия, ГДР,Польша, Румыния, Чехословакия және КСРО арасында Варшава келісімі негізінде құрылған әскери-саяси одақ. 1955 жылы 14 мамырда Варшавада Келісімге қол қойылды, 1955 жылдың 5 маусымында күшіне енді, қызмет ету мерзімі - 20 жыл, 1975 жылы 10 жылға жалғастырылды, 1985 жылы 20 жылға созылды. Ұйым 1955 жылы 9 майда ГФР НАТО-ның құрамына кіргеннен кейін, оған қарама-қарсы сес ретінде "қырғи-қабақ соғыс" жағдайында құрылды. Жоғарғы саяси басқару органы - ОВД, үкіметтердің өкілдерінен құралған кеңесші комитет. 1976 жылы көмекші органдар - Бірлескен секретариат пен сыртқы істер министрлерінің комитеті құрылды. Әскери басшылық бірлескен қарулы күштерді басқарды, резиденциялары Мәскеу қаласында орналасқан. 1969 жылдан Әскери кеңес пен Қорғаныс министрлер комитеті құрылған. 1987 жылы қорғаныстық әскери доктрина қабылданды. 1989-1990 жылдардағы Орталық, Оңтүстік-шығыс Еуропадағы саяси өзгерістерден кейін 1990 жылдың ақпанында әскери органдар таратылды. 1991 жылдың 1 шілдесінде Прагада Болгария,Венгрия, Польша, Румыния, КСРО және Чехословакия өкілдері ВК-ның жүмысын тоқтату жөніндегі хаттамаға қол қойды. Бұл әскери құрылымның негізгі шарты ұйымға кіретін елдер арасындағы достық қарым-қатынас, қажет кезінде бір-біріне көмек беру болып табылды. Варшава шартына Албания, Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО және Чехославакия енді. Бұл социалистік жүйеге енетін елдердің біріккен қорғаныс жүйесі еді. Әрине, бұл ұйым НАТО-ға қарсы құрылғаны анық. 1969 жылы ұйымға мүше елдердің қорғаныс министрлерінің комитеті, ал 1976 жылы сыртқы істер министрлігі комитеті және біріккен хатшылығы құрылды. Негізгі орталығы әрине, Мәскеу, Кремль еді. Бұл қаһарлы одақ 1991 жылға дейін өмір сүрді. Бір айта кететін жайт, Варшава шарты ұйымының әскери бюджеті НАТО-ға қарағанда әлдеқайда аз, алайда әскери құрылымдары Атланттық альянстан ешқандай кем болмады. Соңғы үлгідегі қару-жарақпен қамтамасыз етіліп отырылды деуге болады. Варшава шартының құрдымға кетуі неде дегенге келетін болсақ, ол біріншіден 1989 жылы Берлин қабырғасының құлауы, жаңа леп – революцияның бүкіл шығыс Еуропаны шарпуы, коммунистердің биліктен шеттетілуі және КСРО-ның күйреуі. 

North Atlantic Treaty Organisation (NATO)'
Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы

Штаб-пәтері

Брюссель, Белгия

Мүшелері

28 мемлекет

Ресми тілдері

Ағылшын, Француз тілдері

Бас хатшы

Андерс Фог Рамуссен

Құрылған күні

4 сәуір 1949 жыл

НА́ТО (ағыл. - North Atlantic Treaty Organization, NATO) - әскери-саяси одақ.

1949 жылы 4 сәурде 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Белгия, Нидерланды, Люксембург, Канада, Италия, Португалия,Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек НАТО-ға басқа да еуропалық мемлекеттер кірді. Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүше болуда. 1954 жылы Кеңес Одағы мүше болып кіруге сұранады, НАТО оған бас тартады.

НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мем­лекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негі­зінде тәуелсіздікті, егемендікті жә­не демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екен­дігі 1949 жылғы Вашингтон шартында жазылған, бұл ұстаным 1990 жылғы Лондон деклара­ция­сында қуатталған. Альянстың ір­гелі мақсаттарының қатарында со­ғыстың алдын алу мен тиімді қор­­ғанысты қамтамасыз етуге жеткілікті әскери мүмкіндіктерді ны­ғайту, шарт мүшелерінің қауіп­сіздігіне ықпал ететін дағдарыс­тарды еңсеру, басқа елдермен сая­си үнқатысуды жолға қою және еуропалық қауіпсіздік саласын­дағы ынтымақтастық жолдарын іздестіру аталады.

НАТО-ның жоғарғы саяси органын Солтүстік Атланталық Кеңес (НАТО Кеңесі) атқарады. Кеңес барлық мүше елдердің өкілдерінен (елші лауазымдары ретінде) құрылып, бас хатшының басқаруымен 2 жылда бір өз мәжілісін өткізеді. НАТО сыртқы істер министрлері және мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде де отырыстарын өткізіп тұрады, әйтсе де бұл отырыстары сыртқы істер министрлері отырысындағыдай ғана дәрежесі бар. Кеңес шешімдерді бірдауыстан қабылдайды. Сессиялар арасындағы уақытта Кеңес функцияларын блоктың барлық мүшелері елші ретінде жіберген өкілдерінен тұратыен НАТО Тұрақты кеңесі атқарады. Жоғарғы әскери-саяси органы қызметін 1966 жылдан бері жылына екі рет қорғаныс министрлер деңгейінде бас қосатын, бірақ тұрақты өкілдерінен тұратын Әскери жоспарлау Комитеті атқарады. Сессия-аралық уақытта бұл комитет қызметін барлық мүше елдер елші дәрежесіндегі өкілдерінен тұратын Тұрақты әскери жоспарлау комитеті атқарады. НАТО-ның жоғарғы әскери органы - Әскери комитет. Жылына кем дегенде екі дүркін жиналып тұратын бұл Комитет мүше елдер бас штаб басшылары мен қарулы күштері жоқ Исландияның азаматтық өкілінен тұрады. Әскери комитет өзіне бағынышты екі аймақты қамтиды: Еуропа мен Атлантика. Еуропадағы жоғарғы басшылықты жоғарғы қолбасшы (әрқашан – американдық генерал) басқарады. Оның қол астына үш ұрыс алаңы басшылығы кіреді: Солтүстікеуропалық, Орталықеуропалық және Оңтүстікеуропалық. Сессияаралық уақыттта бұл комитет қызметін Тұрақты әскери комитет атқарады.

НАТО негізгі органдарына әдетте жылына екі рет қорғаныс министрлері деңгейінде көбінше НАТО Кеңесі мәжілісі болар алдында жиналатын Ядролық жоспарлау тобы да кіреді,Исландияның өкілі болып бұл топта азаматтық байқаушы қатысады.

НАТО ресми тілдері ретінде ағылшын мен француз тілдері пайдаланылады.



Ұйымның штаб-пәтері Брюсселде (Белгия) орналасқан.

Пайдаланылған әдебиет:

  1. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік, Е. Арын

  2. ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. 

Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет