Вирусты гепатит С,Анадан балаға



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі29,49 Kb.
#122967
  1   2   3
Байланысты:
инф.болезнь
ст 121.1, АсылбекқызыМ(Фармакагнозия4)

Пән «Инфекциялық аурулар» бойынша «Жалпы медицина» факультеті
4 курс студенттеріне арналған аралық бақылау сұрақтары

  1. Сальмонеллез кезінде //




  1. Қоздырғыштың вертикальды механизммен таралуы болады // Вирусты гепатит С ,Анадан балаға



  1. ВГЕ кезіндегі инфекцияның берілу механизмі / Фекальды- оральды




  1. Сальмонеллезге тән ауырсыну / эпигастрийда, кіндік айналасында және оң жақ мықын аймағында (илеоцекальды)

  2. Қоздырғыштың вертикальды механизммен таралуы болады // Вирусты гепатит С ,Анадан балаға


  1. Науқас Б., 22 жаста, қалтырау, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, іштің өтуіне шағымданады. Қарағанда: дене температурасы 390С, көп реттік құсу, сулы көп мөлшерде сасық иісті, «батпақты балшық» тәріздес нәжіс. 4 сағат бұрын ет қосылған салат жеген. Алғашқы диагноз? Негізгі синдромдар: // Сальмонеллез




  1. Науқас, 43 жаста, ауыр жағдайда қабылдау бөлімшесіне келіп түсті. Қасындағы адамдардың айтуы бойынша маринадталған қырыққабат салатын жегеннен 10 сағаттан кейін жедел ауырған. Құсу, 2 реттітк сұйық нәжіс пайда болған, кейін көздің алдында тор тұруы, заттардың қосарлануы, жұтынудың ауырлауы пайда болған. Об-ті: дауысы мыңқылдап шығады, дизартрия, екі жақты птоз, мидриаз, жарыққа фото реакцияның төмендеуі. Көз алмаларының қозғалысы барлық жаққа да шектелген. Тахипноэ 36/мин. ЖСЖ -100/ минутына. АҚҚ 90/60 мм. с.б. Диагноз? Емі .// Ботулизм



  1. Науқас В, 50 жаста, аурудың 1-ші күні іштің ауырсынуы, жүрек айну, құсу шағымдарымен келіп түсті. Об-ті: дене температурасы 380С. бет әлпеті бозғылт, тілі ақ жабындымен жабылғын, ішті қарағанда эпигастрий және іш аймағындағы ауырсыну сезімі бар. Эпиданамнезінде: әртүрлі тағам жеген, соның ішінде торт жеуімен байланыстырады. Алдын алу диагноз: «Тағам токсикоинфекция» қандай аурумен екшеу қажет? // тти сальмонеллез ауруымен ажырату диагностикасы жасалады. Бұл екі аурудың да этиологиясы бір тағамдық азық түлік. Айырмашылығы:Сальмонеллез қалтыраудан, лоқсу, құсудан басталады; эпигастральды және умбиликальды аймақтарда ауру сезімі пайда болады, кешірек көп мөлшерде сулы қара - қоңыр немесе жағымсыз иісті жасыл түсті нәжіс қосылады.

  2. Ауруханаға 18 жастағы науқас келесі шағымдарымен келіп түсті: қайталамалы құсу, іш аймағындағы ұстамалы ауырсыну. Үйінде 3 рет іші өткен, нәжіс кілегей аралас болған. Қарағанда дене қызуы 38,00С, тілі құрғақ, тахикардия, оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну, Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Сыныпта дизентериямен ауырған балалар бар. Диагноз? Қай аурумен екшеу диагностикасын жүргізу қажет? // Сальмонеллоз



  1. Науқас М., 20 жаста,7 күн бойы ЖРА (жедел респираторлық ауру) бойынша дәрігерге қаралып емделген, соңғы 2 күнде температура қалыпты, дегенмен жағдайы нашарлаған: тәбеті жойылған, жүрек айну пайда болған, әлсіздік күшейген, несептің қоңырлануын байқаған. Алғашқы диагноз? Жетекші синдром: // Вирусты гепатит


  1. Науқас З., 46 жаста,. жедел ауырған, қалтырау, бас ауыруы, жүрек айнуы пайда болған. 6 сағаттан соң 5 реттік құсу, кіндік айналасындағы ауырсыну, дене температурасының 38,80С дейін жоғарылауы қосылған. Келесі күні іштің ауырсынуы сол жақ мықын аймағында байқалған, нәжісі сұйық, аз мөлшерлі, кілегейлі 15 рет дейін. Сигма тәрізді ішегі түйілген.Алғашқы диагноз? Ағымының варианты: // Дизентерия орташа ауырлықтағы колиттік вариант


  1. Науқас И, 38 жаста, Өзбекістаннан келген. 3 күннен кейін көп мөлшердегі нәжіспен дефекацияға шақыру, құсу пайда болған. Кейін құсу, нәжіс «күріш суы» сипат алды, аяқ-қолдардың құрысуы пайда болған. Температура бастапқыда субфебрилді, диарея дамуына қарай 350С дейін төмендеді. Қандай ауру туралы ойлауға болады?Жұғу механизмі: // Тырысқақ


  1. 30 жастағы науқас инфекциялық ауруханаға дене температурасы 39ºС жоғарылағанына, тершеңдік, әлсіздік, тәбетінің жоғалуына шағымданып түсті. Науқас 7 ай бойы ауырған, дене салмағы 10кг төмендеуін байқаған. Тұмау, жедел бронхит бойынша амбулаторлы ем алған, нәтижесі болмаған, 6 ай бұрын беттің тілмелі қабынуымен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт. Ауыздың кілегей қабығында ақшыл ұсақ жаралар пайда болған, ақ жабындымен жабылған, гингивит көріністері бар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, қанағаттанарлық. Тілі қою, ақ жамылғымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры 1 см. дейін ұлғайған, ауырсынбайды. Нәжісі сұйық, патологиялық қоспасыз, тәулігіне 3 ретке дейін. Несеп шығаруы еркін. Эпиданамнезінде: 10 ай бұрын жамбас жарақатымен операция жасалған, бірнеше рет қан құйылған. Алғашқы диагноз? Ерте пайда болатын симптом: // ЖИТС


  1. 40 жастағы науқас аурудың 1-ші күні келіп түсті, шағымдары: жүрек айну, құсу, іштің ауырсынуы, сулы нәжіс. Қарағанда: температурасы 380С, бет әлпеті бозғылт, тілі ақ жабындымен жабылған, эпигастрий және кіндік аймағындағы ауырсыну сезімі бар. Ауруды базардан сатып алған бәліш жеуімен байланыстырады. Диагноз? Сәйкес синдром :// Тағамдық токсикоинфекция


  1. 22 жастағы науқас аурудың 1-ші күні келіп түсті, шағымдары: қалтырау, маңдай аймағындағы қатты бастың ауруы, жоғары қызба, арқа бұлшық еттеріндегі ауырсыну, тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі, жарықтан қорқу.Диагноз?Негізгі синдром :// Тұмау


  1. 24 жастағы науқас аурудың 3-ші күні келіп түсті, шағымдары: аурудың біртіндеп басталуы, бастың жәй ауруы, жеңіл қалтырау, субфебрилді температура, тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел дөрекі «үрмеліге» ауысады, мұрынның бітелуі, дауыстың қырылдауы. Диагноз?Жетекші синдром: // Парагрипп


  1. Науқас 2-ші күні инфекиялық бөлімшеге іштің сол жақ мықын аймағының толғақ тәрізді ауырсынуымен, әлсіздік, тенезмдер, дене қызуының көтерілуі, нәжісінің 15 рет дейін болуы, нәжісі аз мөлшемде шағымдарымен түсті. Объективті: температура 38,30С. АҚҚ 120/70 мм. с.б Пульс 88 соққы 1 мин ырғақты,. Сигма тәрізді ішегі түйілген. Нәжісі аз молшенген, кілегейлі, қан сызығы аралас. Диагноз? Ағымының варианты? // Дизентерия


  1. Науқас 22 сағатта ауруханаға түсті, сол күні ертеңгісін ауырған: көз алдындағы «тұман», әлсіздік. Күндіз заттар қосарлап көрінген, 18 сағатқа таман дауысы мыңғырлап шығуы байқалған, жұту қиындаған. Ауырар алдында үйде дайындаған консерві ретінде саңырауқұлақ жеген. Объективті: дауысы мыңғырлап шығады, дизартрия. Екі жағындағы птоз, медриаз. Көз алмаларының қозғалысы барлық жақтарға шектелген. Тахипноэ 32/мин, пульс 120/мин АҚҚ 110/70мм. с.б. Диагноз? Ағымының варианты? // Ботулизм


  1. Науқас 17 жаста, аурудың 2-ші күні инфекциялық бөлімшесіне іштің толғақ тәрізді ауырсынуымен, 20-25 рет/тәу. жиі сулы нәжіс шағымдарымен келіп түсті . Объективті: дене қызуы 39,6 оС дейін. тері жамылғысы ылғалды, қалыпты түсті, тері серпімділігі төмендемеген. АҚҚ 110/70 мм.с.б. Пульс 96 рет/ мин. Тілі сұр жамылғымен жабылған. Сол мықын аймағы ауырсынады, сигма тәрізді ішек түйілген, нәжісі қан талшықтары мен кілегей аралас. Диагноз? Ағымы ://Жедел дизентерия


  1. Науқас осыдан 1 ай бұрын Үндістаннан келген. 2 аптадан кейін іш өту болған, күніне 4-5 рет, температурасы субфебрилді, нәжісі қою кілегейлі, қан аралас. Объективті: Сигма тәрізді ішегі түйілген, ауырсынады, гепатомегалия, температура 37,50С, нәжісі «таңқұрай» тәрізді. Диагноз? Қоздырғыш? // Амебиоз


  1. Науқас іштің ауырсынуы, жүрек айну, құсу, жиі сұйық нәжіс болуымен түсті. Ауру қонақта болғаннан кейін жедел, 3 сағаттан кейін басталған. Қарағанда: дене қызуы 38ºС, тері қабаты боз, көзі үңірейіп кеткен, тілі ақ жамылғымен жабылған, құрғақ. пальпация кезінде эпигастральды аймағында ауырсыну пайда болады. Іші кебуі жоқ. Несебі кедергіссіз шығады. Нәжісі көп мөлшемде, сулы, қорытылмаған тағам аралас. Диагноз?Емі? // Тағамдық токсикоинфекция , асқазан жуу, сұйықтық ішу, Симптоматикалық және диетатерапия




  1. Науқас ауырғаннан 3-ші күні бастың маңдай бөлігі ауруы, қалтырау, мұрын бітелу, құрғақ жөтел шағымдарымен түсті. Жедел ауырған, температуасы 39,9ºС, жөтелу кезінде кеудеде ауырсыну сезім байқалады. Объективті: температуасы 39,2ºС, беті қызарған, склерит, конъюнктивит, ауыз жұтқыншақтың кілегей қабаты қызарған, цианоз, бірнеше нүктелі қан құюлулар көрінеді. Диагноз? Аденовирусты инфекция




  1. 30 жастағы науқас келесі шағымдарымен инфекциялық ауруханаға келіп түсті: дене қызуы жоғары, әлсіздік, тамаққа тәбеті жоқ, жүрек айну, склерасының сарғаюы, несебінің қоңырлауы. Эпиданамнезде: жиі балық аулаумен айнылысады, шала тұздалған және кептірілген балық жеген. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, склералары сарғайған, тері қабаты қалыпты. Бауыры 1 см қабырға доғасынан шығып тұр, ауырсынады. Жалпы қан анализінде: Л -12000, п-5%, э-40%, с-40%, Л-4%, м-11% СОЭ -24 мм/сағ.Жалпы билирубин-25 мк/моль, тікелей -10 мк/моль. Диагноз? Перефериялық қан анализінің көрсеткіші? // Описторхоз




  1. 25 жастағы науқас желтоқсан айында ауруханаға келесі шағымдарымен келіп түсті. Іштің өтуі, тамаққа тәбетінің төмендеуі. Жазда шілде айында ауылшаруашылық жұмысында болған, арықтан су ішкен. Сұйық нәжіс 4-10 ретке дейін, оң жақ мықын аймағында ауырсыну, бисептол деген дәрімен емделгенен кейін іш өту қойған. Бірақ майлы, ащы тамақтан кейін іші өтеді. Температурасы 37,2ºС, тері қабаты боз, дене салмағы түскен. Іші оң жақ мықын аймағында ауырсынады, нәжісі ботқа тәрізді, «әйнек» тәрізді кілегейлі, қан аралас. Диагноз?Диагностика? // Амебиоз




  1. Науқас ауырғаннан кейін 2-ші күні келіп түсті, жуылмаған алма жеген. Жағдайы орташа ауырлықта. температурасы 38,6ºС. Сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауырсыну, сигма тәрізді ішек түйілген. Пальпация кезінде ауырсыну. Нәжісі тәулігіне 10-12 рет. Диагноз?Ағымы? //Тағамдық токсикоинфекция




  1. Науқас консервіленген саңырауқұлақпен тағамданғаннан 14 сағаттан кейін ауырған. Эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі пайда болған, жұтынудың ауырлауы, бұлшық еттерінің әлсіздігі. Кешкісін көздің алдында заттардың көбеюі, афония, афагия пайда болған, температурасы 36,6ºС, екі жақты птоз, мидриаз, анизокория, жұмсақ таңдайының парезі. Диагноз? Ауруға тән синдром? // Ботулизм




  1. Науқас Пакистанда (Карачи) бір апта болып келген. Келгеннен кейін 2 күні жедел қайталамалы құсық және жиі сұйық дәрет мазалаған. Дене қызуы барлық күндері қалыпты. Даусы қарлыққан, аяқ бұлшық еттерінің құрысуы орын алған. Бет пішіні үшкірленген. Тері жамылғысы құрғақ, тері серпінділігі төмен, еркін қатпарланып жиналады. АД – 100/60 сын. бағ. Диагноз? Аурудың қоздырғышы? // Холера тырысқақ ауыр формасы




  1. Наусқас ауру басталғаннан бастап 2 күні ауруханаға мұрнының бітіп, басының, тамағының ауырғандығына, құрғақ жөтелге және көзінің қышуына шағымдарына келіп түсті. Дене қызуы 380 С, аран кілегей қабаты қызарған, артқы қабырғасында үлкейген фолликулар, бадамша бездері ұлғайған. Конъюнктива және склера қан тамырларының инъекциясы байқалады, қабағы ісіңкі. Диагноз? Ауруға тән симптом? // Аденовирусты инфекция




  1. Науқас В, 33 жастағы науқас жедел ауырған, қалтырау, әлсіздік, бастың аурсынуы, қызбамен келіп түсті, сол жақ мықын аймағындағы ауырсыну, аз мөлшерде сұйық нәжіс, кілегей аралас, кейін қан жолағы аралас пайда болған. Диагноз? Емі? // Дизентерия колиттік түрі




  1. Науқас Ю, 33 жастағы науқас эпигастрии аймағындағы ауырсынуға, жүрек айну, қайталамалы құсу, сасық иісті, сұйық, қоңыр -жасыл түсті, көп мөлшерлі нәжіс шағымдарымен келіп түсті. Тауық етінен кауап жегенге байланыстырады. Диагноз? Аурудың түрі? // Тағамдық токсикоинфекция гастриттік синдром


  1. Оба қоздырғышы:// Иерсиния




  1. Оба тасымалдаушысы:// Бүргелер




  1. Псевдотуберкулезге тән тіл өзгерісі:// Құлпынай тәрізді




  1. Псевдотуберкулезде инфекция көзі://Кеміргіштер




  1. Иерсиниоздың түрі:// Аппендикулярлы




  1. Аденовирусты инфекцияның емі:// Дезинтоксикациялық ем




  1. Аденовирусты инфекция – бұл:// Жоғары тыныс жолдарының, көз кілегей қабаттарының және лимфоидьты тканьдердің , ішектің зақымдалуымен және айқын интоксикация симптомдарымен сипатталатын жедел респираторлы ауру.




  1. Парагрипптің асқынуы:// Жалған круп




  1. Тұмау кезінде арандағы өзгерістер:// Аран гиперемиялынған, цианоз, Гиперемия жайылмалы көріністе беріледі, Гиперемия доға аймағында өте айқын, жұмсақ таңдай және жұтқыншақтың артқы қабырғасына таралған, жұмсақ таңдайдың бүдырлауы.




  1. Тұмау патогенезіне сәйкес емес фактор:// Сқорыту жолдарының токсикалық зақымдануы




  1. Тұмаудағы дұрыс тұжырым:// Антибиотикотерапия тек асқынған жағдайда қолданылады




  1. Тұмауда дене қызуы максимум деңгейіне жетеді:// Алғашқы 1-2 күндері




  1. Тұмауда катаралды синдромның белгісі:// Жөтел, төс артындағы ауырсынумен




  1. ВГА сарғаю алды кезеңінің ұзақтығы:// 4-7 күн




  1. Жедел бауырлық энцефалопатияның емі:// Глюкокортикостероидтар




  1. ВГА лабораториялық көріністері:// Жалпы билирубин 176.0ммоль, тіке



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет