«Visit Aktobe» облыстық туристік видео-байқауының өткізілу ережесі жалпы ереже Осы ереже «Visit Aktobe»



Дата08.06.2018
өлшемі31,72 Kb.
#41405
«Visit Aktobe» облыстық туристік видео-байқауының өткізілу

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ереже

1.1. Осы ереже «Visit Aktobe» облыстық туристік видео-байқауының шартын, мерзімін және өткізілу тәртібін белгілейді.

1.2. Байқау ұйымдастырушысы «Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар

және туризм басқармасы» ММ (бұдан әрі - Ұйымдастырушы), байқаудың операторы «QAZAQTOURISM» ЖШС (бұдан әрі-Оператор) болып табылады.

1.3. Байқау операторы:

- Байқаудың өткізілу мерзімі мен ережесін белгілейді;

- Байқаудың Сараптамалық кеңесін және Сараптамалық кеңес ережесін бекітеді.


  1. Байқау мақсаты мен шарттары

2.1.Туристік индустрия объектілерінің туристік имиджін көтеруге

жәрдемдесетін және ішкі туризмнің дамуына ықпал ететін бастамаларды қолдау.

2.2. Қызықты, креативті жаңа жобалар, туристік маршруттар, әр түрлі

туристік бағыттағы объектілер мен орындарды анықтау, насихаттау және оларды жылжыту.

2.3. Облыс және қала қонақтарына Ақтөбе облысының табиғаты мен мәдени-тарихи байлығын жан жақты таныстыру.

2.4.Туристік әлеуетті насихаттау және дамыту барысында ат салысқан белсенді азаматтарды ынталандыру.

Байқауға ұсынылған материалдар негізінде туристік маршруттар,

объектілер және әрі қарай жылжыту мақсатындағы орындар анықталады және туристік саланы дамыту тенденцияларына талдау жүргізіледі.

Байқау Ұйымдастырушысы өзінің алдына облыстағы туризм жайында

жарқын, қызықты және ерекше бейнероликтерді таңдау мақсатын қояды.


ІІІ. Байқауға қатысту шарттары мен талаптары
3.1. Байқау 4(төрт) кезеңнен тұрады:

1- кезең - 2018 жылдың 10 мамыр мен 10 тамыз аралығында өтінім беру (мысал бойынша) және бейнероликтер ұсынуы (өтінім мысалы-қосымшада);

2 - кезең –2018 жылдың 11 және 31 тамыз аралығында Сараптамалық кеңес үздік бейнероликтерді дауыс беру кезеңіне қатысу үшін анықтайды.

3 - кезең – 2018 жылдың 1 және 15 қыркүйек аралығында visitaktobe.kz сайтында ең үздік бейнероликтерге дауыс беру кезеңі.

Дауыс беру кезеңінен кейін Сараптамалық кеңес 2018 жылдың 16 және 26 қыркүйек аралығында жеңімпаздарды анықтайды.

4- кезең – Байқау финалы, жүлделер мен дипломдар табыстау рәсімі 2018 жылдың 27 қыркүйегінде болады.


3.2. Жүлделі I, II, III алған жеңіпаздарды ақшалай марапаттау: I орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге, ІІ орын – 100 000 (жүз мың) теңге, ІІІ орын – 50 000 (елу мың) теңге. Дауыс беру кезеңінен өтіп, жүлделі орын иеленбеген қатысушылар дипломмен марапатталады.

3.3. Байқауға кәмелет жасқа толған барлық ниет білдірушілер қатыса алады (жеке және заңды тұлғалар).

3.4. Байқауға Сараптамалық кеңес мүшелері қатысуға тыйым салынады.

3.5. Байқауға байқау тақырыбына сай келетін өтінімдер қабылданады. Байқауға ұсынылған бейнероликтер үш тілдің біреуінде (қазақша, орысша, ағылшынша) дыбысталып және рәсімделуі қажет.



3.6. Бейнероликте облысымыздың негізгі көрікті орындары, облысты сипаттайтын объектілері және ойын-сауық кешендері мен демалыс орындары көрсетілуі тиіс. Бейнеролик креативті көзқарасты, жарық және тартымды болуы тиіс.

3.7. Бейнероликтер ұзақтығы 3-7 минут.

3.8. Бейнероликтың минималды рұқсаты – 720x480 (16:9 см).

3.9. Байқауға қатысушылар 2018 жылдың 10 тамызына дейін Байқау операторының visitaktobe@gmail.com электронды мекен жайына «Visit Aktobe» облыстық туристік видео-байқауы» белгісімен жібереді. Материалдарды орналастыру кезінде үлкен көлемді болған жағдайда, бейнероликттер берілген үш сілтеменің біреуіне (Yandex, Google, Mail) орналастырылады, басқа алмасуфайлы арқылы қабылданбайды.

3.10. Бейнероликтер MP4, MPEG, AVI және т.б. видеохостингті қолдайтын форматтарда қабылданады.

3.11. Қатысушы ақпараттың дұрыстығына және авторлық құқық туралы заңның сақталуына жауапты.

3.12. Байқауға берілген бейнероликтер қайтарылмайды.

3.13. Егер де қатысушы байқау материалдарын уақытында тапсырмаса және Байқау шарттарына сәйкес келмейтін жалған ақпараттар ұсынған жағдайда Байқауға қатысуға рұқсат берілмейді

3.14. Байқаудың өткізілу туралы жұртшылықты хабардар ету мақсатында Ұйымдастырушы мен Оператор байқауға жіберілген бейнематериалдарды өзінің ресми сайтында және байқаудың ақпараттық серіктестерінде бейнематериалдың атауы мен авторын көрсетіп, жариялауына құқылы.


  1. Сараптамалық кеңес. Бейнероликтерді бағалау. «Visit Aktobe»

облыстық туристік видео-байқаудың жеңімпаздарын анқытау және марапаттау
4.1. Сараптамалық кеңесті Байқаудың Операторы бекітеді. Сараптамалық кеңестің құрамына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының сарапшылары, маркетинг, PR мен сабақтас салалар өкілдері, сондай-ақ байқаудың кәсіби, объективті және тәуелсіз бағалауын қамтамасыз ету мақсатында қоғам белсенділері қатысады.

4.2. Оператор іріктеу тәртібі мен шарттарын анықтайтын Сараптамалық кеңестің ережесін әзірлейді.

4.3. Байқауға жіберілген жұмыстардың бағасы 2-ші және 3-ші кезеңдерде жүргізіледі.

4.4. 2-ші кезеңде Сараптамалық кеңеспен бейнероликтерді қарау барысында «Дауыс беру кезеңіне қатысу үшін байқаудың үздік жобаларын іріктеу» жүргізіледі. Ұсынылған бейнематериалдарды іріктеу және таңдау барысында байқаудың қатысушылары анықталады, олар байқаудың 3-ші кезеңіне жіберіледі.

4.5. 3-ші кезеңде «visitaktobe.kz сайтындағы үздік бейнероликтерге дауыс беру» және «дауыс беру кезеңінен кейін Сараптамалық кеңестің іріктеуі» Сараптамалық кеңес дауыс беру кезеңіндегі нәтижелерді ескере отырып бағалайды. Байқауда жарқын, шығармашылық көзқараспен, ақпараттық, тақырыпты толық қамтыған, мазмұнды бейнероликтерге басымдық беріледі.

4.6. Сараптамалық кеңестің әрбір мүшесі 0-ден 10–ға дейінгі ұпаймен бағалайды. Ұпайлар төменде көрсетілген талаптар бойынша бағаланады.






ЖҰМЫСТАРДЫ ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ

ҰПАЙЛАР



Бейнероликтің креативтілігі (жаңашылдығы, өзіндік ерекшелігі, ойлау икемділігі)






Қабылдануы және есте сақталынуы






Аймақтық ерекшеліктерді көрсету (туробъектілер, бос уақыт, мәдениет, дәстүр, өнеркәсіп, туризм, құндылықтар)






Өзгеше техникалық және шығармашылық материалдарды пайдалану






Тартымдылық және ақпараттылық






Ішкі, сонымен қатар халықаралық аудиторияға бағытталуы






Функционалдылығы






Бейнетүсірілім сапасы






Туристік объектілерді қамту (мәдени, тарихи, табиғи, сәулет, рекреациялық және т.б.)



4.7. Сараптамалық кеңес үздік туристік бейнероликтің нәтижесін бағалау парақтарына сәйкес ұпай жинау арқылы анықтайды.





  1. Зияткерлік меншік құқығы

5.1. Байқауға қатысу арқылы қатысушы кепілдік береді:



  • байқауға ұсынылған материалдардың авторы екендігін және оларға айрықша құқығы бар;

  • Ұйымдастырушы/Операторға ақпаратты қолдану мәселесі бойынша

үшінші тараптан шағым түскен жағдайда, барлық даулы мәселелерді өз бетінше және өз есебінен барлық даулы сұрақтарды шағым түсірушілермен өзара келіседі;

  • егер де үшінші тараптан Ұйымдастырушы/Опертордың ақпаратты пайдалану құқығына сот немесе өзге де тәртіпке тарту шағым жасаса, онда Қатысушы Ұйымдастырушы/Оператордың тарапынан жүргізілетін іс-шараларға қатысуға және Ұйымдастырушы\Оператордың ақпараттың заңдылығын дәлелдеуге міндетті;

  • егер, қатысушы ақпараттың қолданылуына заңдылығын алмаса және Ұйымдастырушы/Оператор заңдық жауапкершілікке тартылса, Қатысушы Ұйымдастырушы/Операторға сот немесе дауды қарайтын өзге де органның шешімі күшіне енген күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Ұйымдастырушы/Оператордан үшінші тараптың пайдасына өтелетін соманы және сот процесіне байланысты басқа шығыстарды Қатысушы өз күшімен өтейді;

5.2. Ұйымдастырушы/Операторға авторлық құқық және/немесе сабақтас құқық иемденушілері шағым түсірген жағдайда, олардың уәкілетті өкілдеріне немесе үшінші тарапқа ақпаратты пайдалану туралы талаптарды ұсынған жағдайда, Қатысушы барлық даулы мәселелерді үшінші тұлғамен шешу барысындағы барлық шығындарды өз қалтасынан төлейді.

5.3. Байқауға қатысу арқылы автор автоматты түрде Ұйымдастырушылар/Операторға ұсынылған материалды (Интернетте орналастыру, телебағдарламалар, шығармашылық жобаларға қатысу, әрі қарай репликациялау және т.б.), көбейтуге, көшіруге, жариялауға, көрмеге (қоғамдық) скринингтерге және сондай-ақ, жұртшылыққа кез-келген тәсілмен, оның ішінде әуе және кабель арқылы, Интернет желісіне орналастыру (жұртшылыққа жеткізу), оның ішінде әлеуметтік желілерде байқауға ұсынылған материалдарды қолдануға мүмкіндік береді.

Қатысушы Ұйымдастырушы/Оператордың ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынбаған қандай да болмасын тәсілмен, оның ішінде: Байқау барысында көрсету, ақпараттық және жарнамалық материалдарында жариялау, баспа және электронды БАҚ-да жариялау, Байқауды Ұйымдастырушыларының сайттарына (оны жұртшылыққа жеткізу), ақпаратты жарнамаға және туризмді насихаттауға пайдалану.

5.4. Қажет болған жағдайда байқаудың Ұйымдастырушылары/Операторы автордан бейнероликтің түпнұсқасын сұрай алады.

5.5. Байқаудың Ұйымдастырушысы Байқау жеңімпаздарының бейнематериалдарының авторлық құқықтарына ие болады.



  1. Қорытынды

Конкурсқа қатысу (өтінім мен бейнематериалдарды жіберу) мынаны білдіреді:

  • Оператор белгілеген және байқауға қатысуға талаптарымен келісілген шарттары мен ережелерін қатысушы толық және шартсыз қабылдайды;

  • қатысушы Оператор белгілеген байқау шарттары мен ережелерін сақтау міндеттемесін қабылдайды;

  • Оператордың байқауға қатысу жайындағы кез келген талабын қатысушы тарапынан бұзуы оны қатыстырмауға негіз болып табылады;

  • Сараптамалық кеңестің шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды;

  • Байқаудың Операторы Сараптамалық кеңес шешімдері мен себептерін талқыламайды.

Байқаудың ресми ақпараттық сайты - www.visitaktobe.kz, сондай-ақ tourism.aktobe және qazaqtourism болып табылады. Сайтта жаңалықтар, қатысушылардың материалдары және байқау туралы басқа да жаңалықтар жарияланатын болады.
Ұйымдастырушылар:

Тлеугали Аскербек - +77022595433

Арызгулов Ауэз - +7 701 453-38-80

Қамарова Жұлдыз - +7 702 197-11-51

+7 (7132) 56-46-90

E-mail: visitaktobe@gmail.com

№1 ЕРЕЖЕ

Байқауға қатысуға өтінім


«VISIT AKTOBE» облыстық туристік бейне жарысына қатысу үшін

ӨТІНІМ
Байқау қатысушысы:

А.Т.Ә.:


Туылған күні.:

Байланыс нөмірлері.

Телефон:__________________________________________________________
E-mail:____________________________________________________________

Ұйымның атауы.:_________________________________________________

Байқауға қатысу үшін өтінімде берілген барлық ақпаратқа кепілдік беремін сондай-ақ Байқаудың талаптарымен келісемін.

Байқаудың барлық талаптарымен таныстым және олармен келісемін.


__________________________ /А.Т.Ә./қолы

М.О.
«____» __________________ 2018 жыл
Каталог: assets -> images
images -> Өскемен 2015 Әож 811. 512. 122: 37. 09
images -> Учебная программа курса по развитию функциональной грамотности 15-летних школьников, потенциальных участников pisa-2015
images -> «Бүгінгі жасөспірімдерді теріс әрекеттерден, әлеуметтік желілерден сақтандыру жолдары»
images -> Ұбт-ға даярлаудағы тиімді әдістері өскемен 2015
images -> Бюллетень проект «Образовательные стратегии выпусников школ вко»
images -> О работе с сайтами суицидальной направленностью
images -> Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
images -> «Бекітемін» ШҚО білім басқармасының басшысы А. Садыкова
images -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет