Web құжатты қарау үшін арнайы программалық жабдықтама керек



Дата14.05.2020
өлшемі13,42 Kb.
#68109
түріСабақ
Байланысты:
Пошта


Жаңа сабақ
World Wide Web – Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. WWW мәні ол ақпаратты түрлі компьютерлерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және т. б. файлдар түрінде ұсынудан тұрады. Бұл файлдар бір – бірімен гипербайланыстар арқылы біріктірілген. Файлдардың (немесе объектілердің) мұндай жиынтығы Web - құжат (Web – сайт. Web - site ) ретінде түсінеміз. Web – құжат бөлшек Web - құжат бөлшек Web – тұрады. Web - серверде бірнеше Web - құжаттар орналасқан.
Web – құжаттарды іздестіру және оған қатынас жасау арқылы нұсқағыш (идентификатор) – URL (Uniform Resource Locator) бойынша орындалады. Стандартты URL ақпарат берудің хаттамасын, ақпарат орналасқан компьютердің атын және оған қатынасу жолын белгілейтін 3 бөлімнен тұрады. Мысалы, ойыншық сатумен айналысатын Vermont Teddy Bearsкомпаниясының URL құрылымының көрінісі мынадай:
URL көрсетіп, пайдаланушы қажетті файлды нақты белгіледі.
Web - құжатты қарау үшін арнайы программалық жабдықтама керек.
Жоғарыда айтылғандай, WWW – ге арналған қолданба Web – браузер деп аталаджы. Internet Explorer (Microsoft фирмасы жасаған) және Netscape Netscape (Netscape Communications Corp. фирмасының) браузері е ң танымал. Web - браузерлер WWW – дан басқа Интернеттің басқа ресурстарында да (USENET телеконференциялары, FTR файлдық архивтері және т. б. ) қатынасуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Интернет ресурстарымен жұмыс істеп, операциялық жүйенің міндеттерін атқаруға мүмкіндік беретін Web – браузерлер жасау жоспарлануда. Мысалы, Netscape Communications Corp. компаниясы Netscape
Netscape браузеріне ОЖ – ға тән мүмкіндіктерге қосса, Microsoft өзінің Internet Explorer өнімін Windows ОЖ - ға біріктірді. Мұндай біріктірудің нәтижесі пайдаланушыларға таныс Windows интерфейсін сақтап, Жұмыс үстелін Web - беті түрінде бейнелеуге мүмкіндік жасады. Пайдаланушы тікелей жұмыс орнында Web - адрестерді пернетақтадан енгізу, Жұмыс үстелінде Web - беттердің таңбашасын орнату мүмкіндігін алды. Сонымен, қажетті бетте өзгеріс болған жағдайда, Internet Explorer хабарламаны автоматты түрде құрады. Бұл – биржа мәліметтерін, валюта курстарын және басқа оперативті ақпараттың Web - беттерін қараудың ыңғайлы құралы. Windows – тың осы версиясында Жұмыс орны Active Desktop (Активті жұмыс үстелі) деп аталады және онда жаңа Outlook диспетчері болады, ол Web - элементтер мен дәстүрлі ақпараттың тиімді бірігуін қамтамасыз етеді.
Іздеу каталогтарын құрастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет