Xxi ғасыр көшбасшысы Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Білімді мыңды жығар»



Дата20.06.2018
өлшемі153 Kb.
#43663
XXI ғасыр көшбасшысы
Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! « Білімді мыңды жығар »демекші, бүгінгі күні информатика пәнінен ұйымтастырылғалы отырған 7 сынып оқушылары арасындағы « XXI ғасыр көшбасшысы » атты зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Оқушылар білімділігі мен тапқырлығын анықтау мақсатында бәйгеге түспек. Ең жүйрік дарынды талант иесі бүгін анықталмақ. Сайысқа қатысушы оқушылар алғыс хатпен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады. Сайыс үш айналымнан тұрады. БӘЙГЕ! ЖОРҒА! ДОДА! Сайысымызды бастамас бұрын әділ бағасын берер, әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.

2.

3.



4.

Білімін сынауға келген сайыскерлерімізді таныстыра өтейік.



  1. Жұмажанова Рашила (Өзін таныстырады)

  2. Муфтиев Жанболат (Өзін таныстырады)

  3. Абатова Айдана (Өзін таныстырады)

  4. Берік Мереке (Өзін таныстырады)

  5. Набидоллаева Наргиза. (Өзін таныстырады)

  6. Ұлан (Өзін таныстырады)

Жүргізуші:

Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, алғашқы айналымның ойын шартымен таныстырып өтейін. Алғашқы турымызда сайыскерлерімізге екі сұрақтан беріледі. Сайыскерлер сұраққа үш тілде жауап беру қажет. Егер сұраққа бір тілде ғана жауап берсе он ұпай, екі тілде жауап берсе жиырма ұпай, үш тілде жауап берсе отыз ұпай жинайды. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда жүргізушінің нұсқауымен келесі ойыншыға жауап беруіне болады. Тағы бір айта кететін жағдай, бұл айналымнан кейін, ең төмен ұпай жинаған екі ойыншы ойыннан шығады. Ойын шарты түсінікті болса, алғашқы айналымды бастаймыз. Ендеше, алғашқы айналым БӘЙГЕ!

Баршаңызға сәттілік тілейміз, сайыскерлер! Дайын болсаңыздар , бірінші ойыншы сізден бастайық. Сізге қойылатын бірінші сұрақ:

Бірінші сайыскер:

1. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін сөзі.

Жауабы: Ақпарат-Информация-Information 

2. Компьютерге мәтін, текст енгізуге арналған құрылғы.

Жауабы: Пернетақта-клавиатура-Keyboard

Екінші сайыскер:

3. Компьютер пенетақтасында қанша перне бар?

Жауабы: Жүз бір-сто один-One hundred one

4. Мысыққа ойын керек, бірдеңеге өлім керек.

Жауабы: тышқан-мышка-mouse

Үшінші сайыскер:

5. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер бұл әрекеттерді өңдеу керек екенін көрсетеді.

Жауабы: енгізу-ввод-enter

6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.

Жауабы: өшіру-удалить-delete

Төртінші сайыскер:

7. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен   ажырату үшін қолданылады.

Жауабы: Бос орын-пробел-Proble

8. Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ

Жауабы: терезе-окно-windows

Бесінші сайыскер:

9. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады?

Жауабы: Шекара-Граница-Border

10. Өшірілген файлдар қайда сақталады?

Жауабы: себет-корзина-basket

Алтыншы сайыскер.

11. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік   редактор.

Жауабы: кітапша-блакнот-notebook

12. Терезенің жұмыс аймағында маустың нұсқағышы I латын әрпінің түрін, ал жұмыс бетінің сыртында кәдімгі стандартты жебе түрінде болады.

Жауабы: меңзер-курсор-cursor

Жүргізуші:

Осымен бірінші айналым аяқталды. Қорытындысы дайын болғанша

муз үзіліс:

Би:


Ән:
Сайыскерлеріміздің бірінші айналымнан жинаған ұпай саны мынадай:

1

2



3

4

5



6

7
Жоғарыдай айтылған ең төмен ұпай жинаған екі ойыншы ойыннан шығады. Олар:

1.

2.

Сіздерге алдағы өмірлеріңізге сәттілік тілейміз! Ойыннан жеңілсеңіздер де өмірден жеңілмеңіздер!


Ендеше, келесі айналымға көшейік. Бұл айналымның ойын шарты мынадай: алдарыңызда бес ұяшық берілген. Әр ұяшық ішінде он сұрақ бар. Ұяшықты таңдай отырып, сұрақты тез әрі нақты жауап беру сұралады. Жауабын таппаған жағдайда келесі сұраққа көшеміз.Әр дұрыс жауап он ұпаймен есептеледі.Бұл турдан кейін де ең төмен ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады. Ойын шарты түсінікті болса келесі айналым ЖОРҒА. Ал, сайыскерлер дайынсыздар ма? Ендеше

  1. Сайыскер. Қандай кітап оқығанды ұнатасың? (жауап) Жақсы, дайын болсаң, ұяшық нөмірін таңда




  1. Сайыскер. Болашақтағы арманың қандай? (жауап) Ұяшық нөмірін таңдаңыз.




  1. Сайыскер. Ең сүйікті пәніңіз қандай? (жауап) Ұяшық таңдайық




  1. Сайыскер Болашақта қандай маман иесі болғың келеді? Ұяшық таңдаңыз


Бірінші ұяшық сұрақтары

1. Сурет салуға арналған программа (пайнт)

2. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)

3.Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)

4. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)

5. Компьютердің миы (процессор)

6. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)

7. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)

8. Жергілікті желімен жұмыс жасауға арналған қапшық (Желілік орта)

9. Бейне материалдардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)

10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)
Екінші ұяшық сұрағы

1. Қосымша сандық режимді іске қосу пернесі. (NumLock)

2. Курсордың сол жағындағы символдарды өшіру пернесі. (Backspace)

3.Компьютер жанына қойылатын өсімдік. (Кактус)



  1. Вирустардың кері әсерін жоюға арналған программа. (Антивирус)

5. Информацияның өлшем бірлігі. (Бит, байт)

6. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны. (Файл)

7. Файл сөзінің қазақша атау (Қапшық)

8. Мәліметтерді енгізу пернесі. (Enter)

9. Бос орын қалдыру пернесі. (Пробел)

10. Компьютердің ең негізгі құрамына кіретін құрылғылар (процессор, монитор, пернетақта)



Үшінші ұяшық сұрағы

1. Дыбыс жазу құрылғысы. (Микрофон).

2. Пернетақтаның қай батырмасы арқылы орыс қазақ ағылшын тілі альфавтіне көшеді? (шрифт, альт)

3. Дискілерді оқу құрылғысы. (Дискенгізгіш)

4. Жыпылықтап тұратын тік сызықша. (Курсор)

5. Ақпаратты шығару құрылғысы. (Принтер)

6. Ақпаратты енгізу құрылғысы. (Пернетақта)

7. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі. (CapsLock)

8. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (Бит)

9. Операциялық жүйе түрлері (уиндаус, мсдос, юникс

10. Paint қандай редактор (графикалық)
Төртінші ұяшық

1. Құжатты сақтау келесі команда көмегімен жүзеге асады

Дұрыс жауап: Файл –сақтау ( Файл –Сохранить)

2. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды не деп атайды?

Дұрыс жауап: Кодтау

3. Num Lock пернесінің қызметі (сандық пернені қосады)

4.Ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдері зерттейтін ғылым пән...

Дұрыс жауап: информатика;

5.Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі (бит)

6. Байт дегеніміз-

Дұрыс жауап: сегіз биттен тұратын тізбек;

7. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатыныс тәсілін не деп атайды?

Дұрыс жауап: Интерфейс

8. Жұмыс үстелінде бір мезетте неше терезе ашылуы мүмкін? (бірнеше)

9.Адам мен монитор экраны арасының қашықтығы (алпыс жетпіс см)

10.Модем дегеніміз не?

Дұрыс жауап: интернетке қосылуға мүмкіндік беретін құрылғы
Жүргізуші:

Бұл айналымның қорытындысы шыққанша музыкалық үзіліс қабыл алыңыздар: Ән:

Күй:

Жүргізуші:



Екі айналымның қорытынды бағасымен таныс болыңыздар:

1

2



3

4

5


Жоғарыдай айтылған ең төмен ұпай жинаған екі ойыншы ойыннан шығады. Олар:

1.

2.



Сіздерге алдағы өмірлеріңізге сәттілік тілейміз! Ойыннан жеңілсеңіздер де өмірден жеңілмеңіздер!
Ендеше келесі айналымға көшейік. Ойын шарты бойынша, бұл айналымда үш тақырып бойынша үш ұяшық берілген. Тақырып бойынша ұяшық таңдап, жауап бересіздер, жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншыға жауап беруіне мүмкіндік бар. Әр ұяшық санына қарай ұпай қосылады және сұрақтары да күрделене түседі. Ойын шарты түсінікті болса, келесі айналым ДОДА

Ақпарат

10 Ақпарат сөзі қандай ұғымды білдіреді?

Жауап: түсіндіру, баяндау. мәлімет



20 Ақпараттың қандай түрлері бар? Жауап: бейнелі және таңбалы

30 бір байтта қанша бит бар? Жауап: Бир байтта сегіз бит бар

Компьютер

10 Ақпараттық әмбебап есептеуіш машина қалай аталады?

Жауап: компьютер



20 Компьютер сөзі қандай мағынаны береді? Жауап: есептеуіш

30 компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі. Жауап: операциялық жүйе

Интернет

10 Бүкіләлемдік желі қалай аталады? Жауап: интернет

20 Интернет желісі қай жылы пайда болды? Жауап: 1970

30 Интернет жүйесіне қосылу үшін не істеу қажет.

Жауап: Дербес компьютер


Осымен біздің үш айналым да аяқталды. Тапқырлығы мен білімділігі жолында сынға түскен сайыста өз өнерлерін көрсеткен сайыскерлерімізге рахмет айтамыз. Сайыс қорытындысы дайын болғанша, музыкалық үзіліс қабыл алыңыз. Ән: Өз елім. Орындайтындар: Сымбат. Айбол. Балауса


Бүгінгі білім бәйгесі мәресіне жетті. Сайысымызды қорытындылау және марапаттау сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші:

Бүгінгі нағыз жүйріктер сынға түскен сайыста жеңімпаз атанған ___________________________ жеңіске деген талабы мен жігері үшін құттықтай отырып, жеңімпаздарымызға ынталандыру сыйлығын ұсынамыз.



Осымен, ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

Ән: Алға Жігіттер!
Каталог: uploads -> doc -> 110f
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
110f -> Сабақтың тақырыбы: Сөздің тура мағынасы. Мәтінмен жұмыс «Ас- адамның арқауы» Сабақтың мақсаты: а білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет